Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті м. О.ӘУезов атындағЫ Әдебиет және өнер институты



бет33/50
Дата01.04.2023
өлшемі1,97 Mb.
#78283
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
Байланысты:
treatise41326

ӘДЕБИЕТТАНУШЫ БЕКЕН ЫБЫРАЙЫМ

Бекен Ыбырайымның «Сырлы әлем» (1997 ж.) атты жарық көрген ғылыми еңбегінде балалар шығармашылығының зерттелу ерекшеліктері қарастырылған. Аталған еңбекте қазақ әдебиетіндегі балалар прозасының даму жолдары, қыры мен сыры бүгінгі әдебиеттанулық тұрғыдан сараланған. Автор бұл еңбектің ішкі құрылымын III бөлімге бөлген.


I бөлімде қазақ прозасындағы балалар әңгімелеріне байланысты талдаулар мен пайымдаулар, эстетикалық ой-тұжырымдар жасайды. Бұл бөлімді II тараушаға топтастырған. 1. Көркемдік байыптау; 2. Көркемдік ой­­-рухани өрлеу өрнегі.
II бөлімде автор қазақ балалар повесінің ішкі иірімдеріне көңіл бөлген. Бұл бөлімде зерттеуші Б.Ыбырайым балалар повесінің көркемдік тәсілдерін, бағыт-бағдарын сөз ете келе «Образ және көркемдік шындық» және «Адамгершілік мұраттың эстетикалық тұрғыдан бейнеленуі» деген тараушаларда көркем әдебиеттегі адамзаттық құндылықтардың балалар өміріне қалай әсер еткені ғылыми зерттеулермен байыптаған.
Зеттеуші III бөлімде «Заман», «Қоғам», «Бала» мәселелеріне баса назар аударып, тараушаларды «Ғылыми-техникалық өрлеу және көркемдік қабылдау» және «Ұлттық әдебиет және әлемдік рухани даму» деп бөлген.
«Сырлы әлем» (1997 ж.) кітабында балалар прозасының көркемдік ерекшеліктері, оған қойылатын қазіргі талаптармен қатар ұлттық дәстүрге, имандылыққа шақыру сөз болған. Зерттеуші балалар әдебиеті мен ересектер әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін мынадай ойлармен парықтайды: «Өмір шындығын көркем кестелеу немесе көркемдік шындыққа айналдыру ересектер әдебиетінде түрлі тұрғыдан жүзеге асатыны мәлім. Ал балалар әдебиетінде бұл принцип, біздіңше, бөлекше болуға тиіс. Өйткені бала қаншама сезімтал, әсерленгіш, қаншама зерделі болғанымен, өмірлік тәжірибенің аздығы, білім-білік деңгейінің төмендігіне байланысты сыни қабылдау, таразылау қабілеті ересектерден кем соғатыны, соның салдарынан көркем шығарманың эстетикалық әлемін түйсінгенімен идеялық сыр-сипатын, концептуалдық әлемін толық байыптай алмайтыны түсінікті. Сол себепті көркемдік шындықты «мызғымас», ақиқат әлем ретінде қабылдауға бейім. Әдебиеттің, әсіресе, балалар үшін тәлім-тәрбиелік маңызы айрықшалығы, қуаттылығы балалардың көркемдік қабылдауындағы осындай ерекшеліктерге байланысты. Сондықтан өмір шындығы балалар әдебиетінде қай тұрғыдан суреттелуге тиіс және суреттелуде деген мәселенің практикалық мәні үлкен»9.
Б.Ыбырайым балалар әдебиетін алғаш әдебиеттануда қарастырған, оның құндылықтары мен маңыздылығын айқындаған ғалымдардың бірі.
Б.Ыбырайым «Отызыншы жылдардағы қазақ поэзиясы» (2001) атты оқу құралында қазақ ақындарының рухани биіктігін, адамдық тектілігін, өлең өріміндегі шынайылығын айқындайды. Совет кезінде айтылмаған шындықтардың беті ашылады.
Әдебиетші Б.Ыбырайым «Қазақ әдебиеті» (2007 ж.) атты 11-сынып оқушыларына арналған оқулықтың құрастырушысы. Аталған оқу құралында ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы жинақталған. Бұл оқулық қазіргі қазақ оқушылары үшін таптырмас мұра.
Қазақ поэзия шыңында ізгілікті із қалдырған ақындардың бірі Қ.Аманжоловтың өлеңдері қазіргі қазақ әдебиеттануында ерекше орын алады. Ақын шығармаларын зерттеуге әдебиетші Б.Ыбырайым да ат салысты. Автордың «Қасым Аманжолов» (2007) атты оқу құралы Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ әдебиеттануына қосқан зор үлес. Зерттеуші аталған еңбегінде Қ.Аманжоловтың поэзиясындағы дәстүршілдік, ұлттық ерекшеліктерді айқындай келе Абай өлеңдерімен сабақтастығын көрсетеді. Қ.Аманжоловтың өлеңдері Абай өлеңдерінен нәр алғанын зерттеуші былай тұжырымдайды: «Бала кезінен халықтың ән-жырынан, бай фольклоры мен ауыз әдебиеті шығармаларынан сусындап өскен Қасым Аманжоловтың хат танығаннан кейін поэзия алыптарының шығармаларын мұқият зер сала оқығаны, олардың творчествасынан нәр алғаны анық. Бұл ретте алдында өткен айтулы ақындар поэзиясының ықпалы, әсіресе, айқын байқалады. Мәселен, ««Сұлудың сымбатынан» (Орал, 1935) Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңінің ізі көрінеді. «Қара көз, қиылған қас, жазық маңдай, Алма бет, ақша жүзі нұр тамғандай. Қыр мұрын,оймақ ерін, меруерт тіс, Бейне мақпал қызыл тіл шекер балдай. Төгілер иығына қара шашы, Жібектей жүз құлпырған дамыл алмай» (Қасым Аманжолов. Шығармаларының толық жинағы. Үштомдық. Алматы, 1955. 1-том. 167-бет)» немесе «Шықтым өмір шыңына» (аяғы жоқ) өлеңін оқығанда, Абайдың әйгілі «Сегіз аяқ» үлгісі алдан шығады. «Қырандай өрлеп, Құлаштай сермеп, Шықтым өмір шыңына! Қиырды болжап, Тереңнен толғап, Қандым өмір сырына! Көпті көрдім, көп білдім, Жүзінен өттім өткірдің...».
Немесе «Біз кім?» деген әзіл өлеңіндегі: «Осымыз да япырмау дұрыс боп па? Көңіл тежер уақытымыз жеткен жоқ па? Желігуден жалықты жаным менің, Сап-сап көңілім, лепірме, тоқта-тоқта!» – деген шумақта Абайдың «Сап, сап көңілімдегі» сабырға шақыру, өзіне өзі сын көзбен қарау талабына еліктеу сезіледі»10.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет