Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті м. О.ӘУезов атындағЫ Әдебиет жәНЕ



бет20/26
Дата18.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124343
түріМонография
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Байланысты:
treatise175829

Т үнлә бирлә көчәлим
Й амар с ув ин кәчәлим.
Т әңрук с ув ин ичәлим,
Й /ув/ ға й ағи ув улсун.

Аталмыш жырдың ырғағы Н-М-Л-Ң дыбыстарының қайталануы және олардың үйлесімдігі әсерінен күшейген деп түсіндіріледі.


Біз бұл әр екі теориялық жанасуға қосыла алмаймыз. Біріншіден, бұл түрдегі методологиялық талдау арқылы бір шығармадан көп өлең жүйесінің «үлгісін» табу поэзия дәстүріне қайшы келеді. Екіншіден, бұл принциппен жүретін болсақ, басқа халықтардың поэзиясынан да бұл түрдегі ерекшеліктерді табуға болады. Мысалы, ол арқылы орыс силлаботоник поэзиясында аруз жүйесіне тән бәһір-өлшемдерді табуға болады. Шынында да, ежелгі түрік халықтарының ауыз әдебиетінде аруз жүйесі негізінде жазылған өлең тармақтары жоқтың қасы. Себебі, аруз бәһрлеріне және оның көптеген рукндерін ауыз әдебиетіндегі өлеңдермен салыстырғанда есте ұстау қиын. Сонымен қатар аруз өлең жүйесі363 жазба әдебиеттің жемісі екенін естен шығармауымыз қажет. Түрік яғни ұйғыр классик поэзиясында аруздың көптеген бәһірлері жоқ екенін айтып өткеніміз жөн. Себебі араб-парсы тілінің лингвистикалық, фонетикалық, грамматикалық құрамына негізделген аруз өлең жүйесі түркі тіліне, әсіресе, оның флективтік заңдылықтарына сәйкес келе бермейді. Сол үшін түркі тілдес халықтарының поэзиясында аруздың тек қана жеңіл ырғақтық рукндері ғана пайдаланылған.
Үшіншіден, аталмыш талдау жасалынып жатқан өлең аллитерацион жүйенің де жемісі емес. Онда дыбыстар қайталаулары және олардың аһаңдашлиғи табиғи және тәсәддипидур. Біз ежелгі будда маңайында пайда болған ұйғыр жазба поэзиясында байқалған аллитерациондық өлең формасына қарап, «Диуани луғатт ит түрктегі» көптеген өлеңдерді аллитерациондық құрылыммен жазылған деп айтуға болмайды. Аллитерациондық өлеңдердің ең маңызды қасиеті – біркелкі басталу заңдылығына негізделгені мәлім364. Бірақ М. Қашқаридың «Дивани луғат ит түрктегі» басқа өлеңдердің формалық құрылысында аллитерациондық тәртіптердің орын алғандығын жоққа шығаруға болмайды. Мысалы:

Қа қриб атиғ / кәмсалим,


Қа лқан сунун / чөмчәлим.
Қа йнаб йәнә / йүмсәлим,
Қа тғи йағи / йувулсун

Бұл өлең шумағы бас тармақтық екпінге байланысты. В. Жирмунский мұндай құбылысты (жағдайды) «этимологиялық фигура» деп атаған365. Бұл түрдегі форма Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасында да кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет