Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті м. О.ӘУезов атындағЫ Әдебиет жәНЕ



бет16/26
Дата18.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124343
түріМонография
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
treatise175829

Көне дәуірдегі түркілік жазба өлеңдер ал­литерациялық өлеңдер ретінде көрініс тапты, кейде силлабикалық құрылымның просодия элементтері де байқалады, біртіндеп соңғы силлабикалық құрылымға қарай бейімделе бастады. Аллитерациялық өлең Түркі қағанаты кезеңінен бастап өркендеді, әсіресе, орта ғасырдағы Идикут ұйғыр мемлекеттігі кезінде (850-1250) қарқынды дамыды. Аллитерация көне ұйғыр поэзиясындағы белсенді поэтикалық тәсілдердің бірі болды, мұнда өлеңдер анаграмма әдісі бойынша құрылды. Мұндай өлеңдер түркі қоғамына будда дінінің ағартушылық ілімдерінің жан-жақты әсерінен кең өріс ала бастады.
Екінші кезең түркі поэзиясындағы жазба өлеңнің дамуы өлшемдік жағынан дұрыс құрылған өлеңдердің жазылуымен байланысты, сонымен қатар бұл кезеңдегі өлең жазу үрдісінде араб-парсы дәстүріне еліктеушілік басым болды. Х ғасырдан бастап түркі қоғамының басым бөлігі исламның көркем-эстетикалық құндылықтарына қызыға бастады. Бұл кезеңдегі өлең құрау жүйесі – аруз түркі деген жалпылама атпен белгілі болды, табиғи жолмен просодикалық және дыбыстық дәстүрді ығыстырып, ритм құраушы маңызды принцип ретінде бірінші орынға ашық және жабық буындар қолданыла бастады, (түркі арузында формальді түрде ұзақ және қысқа) өлең бойында тігінен және көлденең бағытта да кезектесіп отыратын өлшемдер қалыптасты. Сондай-ақ аталмыш жүйенің ішкі құрылымында ұқсас буынды сөздерді силлабикалық принцип бойынша топтастыру үрдісі байқалады. Исламдық ағымдағы түркі поэзиясында аллитерациялық форма кездесетіні маңызды болып саналады, онда аруздық емес фольклорлық өлең-жырлардың ритмикалық заңдары қолданылады.
Келесі кезеңдегі түркі жазба өлеңі тарихында өлең силлабикалық принцип бойынша құрылымдық өлшеммен жазылғандығын байқаймыз. Аталмыш жүйені құру барысында, фольклорлық поэзияның маңызды рөл атқаратындығы сөзсіз. Олардың арасындағы терең байланысты көптеген әдебиеттанушы-түркологтар атап өткен. Олар өлеңдердің жалпы және жеке ерекшеліктерін айқындай отырып, оларда түрлі ритмикалық құрылымдардың кездесетін атап көрсеткен. Мысалы, фольклорлық өлең екі бөлікті қарапайым құрылымнан тұрады, мұнда бунақтық топтарды құрау позициялық тұрғыдан шектеледі, ал силлабикалық жазба өлеңдерінде мәтініндегі өлең жолдары бірліктерін ұзарту үдерісі арқылы үш, төрт бөлікті ритм құрушы топ пайдаланыла береді.
Түркі жазба өлеңінің соңғы кезеңі түркі халықтарының еуропалық әдеби нормаларды меңгеруіне байланысты заманауи модернизм ағымының дамуы кезеңіне сай келді. Түркі тілдес халықтардың поэзиясында бұл ағым түрліше атауға ие болды, түркі тілінде – «озгюр кошук», ұйғыр тілінде – «чачма», «тутук», қазақ, қырғыз тілдерінде – еркін.
Сөйтіп, көне түркі жазба өлеңдерінің формасы аллитерациялық форма болып табылады, ол аллитерациялық ритм принципіне негізделеді – буын бірліктері тұрақсыз – аллитерациялық элементтермен анафора мен эпифоралық байланыста болады. Аталмыш жүйенің негізгі ерекшелігі оның поэзияның халықтық формаларымен тығыз әрі тұрақты байланыста болуында, яғни оның тамыры көне түркі халықтарының ән-жыр шығармашылығынан бастау алады. Аллитерациялық өлең-жырлар манихей және будда поэзиясының мәдени қайнар көздерінің әсерінен дамыды, бұл ғалымдарымыздың «тілдік факторлар сияқты тарихи жағдайлар мен мәдени дәстүрлер де өлең құрау жүйесіне айтарлықтай әсер етеді» деген пікірлерінің дұрыстығын дәлелдейді.
Көне түркі халықтарының өлең құрау жүйесінің типологиясы мен табиғатын анықтауға қатысты маңызды мәселелерді шешуге көне түркі өлеңдерінің генезисі мен оның негізгі принциптерін анықтамайынша қол жеткізу мүмкін емес.
«Көне түркілік өлең құрылымы» ұғымының басын ашып алмайынша көне түркілік поэтикалық тілдің генезисі мен эволюциясы, сондай-ақ оның құрылымдық және жүйелілік сипаттарын анықтау мүмкін емес. Бұл термин онша нақты емес, ұзақ уақыт бойы қолданылып келген, сондықтан өлең құрылымының ерекшелігін нақты талдауға және терминнің мәнін жан-жақты анықтауға мүмкіндік бермейді. Ол біріншіден, «ұлттық өлең» (Ша­повалов В.И.) терминімен ұқсас, екіншіден, өлеңнің ішкі құрылымының анықтамасы белгісіз болғандықтан, салыстырмалы түрде қолданылады. Сонымен қатар, көне түркі поэзиясында басқа поэтикалық стильдер мен мектептердің заңдылықтарына бағынған дербес бірнеше жүйелердің қатар қолданылғандығы байқалады.
«Ұлттық өлең құрылымы» өзінің терең табиғатына байланысты қарама-қайшылықтарға толы. Біздің ойымызша, кейбір зерттеушілер сияқты оны бір ғана өлең түріне телу мүмкін емес. Көне түркі халықтары поэзиясының гетероморфтылығы, күрделілігі оның жеке және әр түрлі құрылымдық компоненттерінің арасындағы терең байланыстың болатындығына байланысты, сонымен қатар өлең құрылымын қалыптастырушы факторларды түсіну және оны тілмен және дәстүрмен, басқа да өлең формаларымен сәйкестендіру одан да күрделірек. Соған қарамастан, «көне түркілік өлең құрылымы» термині түркологияда қалыптасып қалуда. Бәлкім бұл түркі әдебиеттануындағы түркі әдебиетін жалпыға ортақ кезеңдерге бөлу үрдісімен байланысты болар және ол кезеңдер автоматты түрде көне түркі өлеңдеріне қатысты да қолданыла бастаған шығар.
Жоғарыда аталған мәселелерге байланысты, біздіңше, «көне түркілік өлең құрылымы» ұғымы күңгірт және бұлыңғыр түсінік, ол тек поэзияның уақытша даму барысы туралы ғана түсінік қалыпастыратын сияқты. Ол өз алдына жеке жүйе құрайтын әр түрлі өлең формаларын, олардың поэтикалық стилін, жазбаша не ауызша фольклорға байланысты өлең жанрларын ескермейді. Қалай болғанда да, бұл пікірлердің кемшіліктеріне қарамастан, көне түркі өлеңдерін зерттеу барысында оның құрылымдық тұрғыдан жіктеуге келесі бағыттарды зерделеп көрсетуге болады, олар өз кезегінде түркологияда бірнеше мектептердің қалыптасуына негіз болды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет