Кө зүң кө рмәсә арзу қа лмас кө ңүл,
Кө зүң кө рсә кө ңлүң қа лур әй оғул.
Кө зүңни кү дәзгил кө ңүл қа лмағай,
Кө ңүл қа лмаса өз булун болмағай.
Бұл өлеңде кө, қа дыбыс үндестігі бар, олар да заңды түрде ырғақтық жағдайда пайдаланылған. Сонымен, аллитерацион жүйенің белгілі дәрежеде әсері болуы ықтимал. Бірақ «Диуани луғат ит түрк» өлеңдерінде аруз мен аллитерацион жүйесінің әсері күшті емес. Соған қарағанда біз Махмұт Қашқари өмір сүрген дәуірде аруздың дәстүрлері366 әлі терең тамыр жаймағанын байқаймыз. Аллитерацион өлең жүйесінің әсері уақыт өткен сайын әлсіреп бара жатқанынан дерек береді. Сол себепті өлең мәтіндерінде ол айтарлықтай қолданбаған.
Жалпы алғанда, М. Қашқаридың «Диуани луғат ит түрктегі» өлеңдердің құрылысында және олардың ырғақтық үндестік жүйесінде аллитериациондық принципке негізделген өлеңдердің бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Бірақ олар өте аз. Көптеген өлеңдер тармақ жүйесінің заңдылықтары негізінде жазылған. Енді Махмұт Қашқаридың шығармасындағы аллитерациондық шумақтарда будда ұйғыр поэзиясының әсері болуы да мүмкін. Мысалы, будда ақыны Ки-Кидің шығармасын қарастырып көрейік:
Бу әрдинилиг идигләр
Бу лут тәг тозуда йатили
Бу лун йинақта тап ийин,
Бу рқанлар инин инлейи
Ұйғыр будда поэзиясында ұйқастың қызметі аллитерациондық қайталаулардан артық емес. Ол кейде сезілмей де қалады. Немесе аллитерациялық дыбыстардың өлең тармақтарында біркелкі қайталануымен бірге олардың ырғағының күшеюі арқылы ұйқасқан сөздердің үндестігін азайтқан. Мысалы:
Тү нериг т үнчилә басар т ийур,
Тү нүмлүг т егир т ийур.
Тө з өзе олуруп т үлтүрүр т ийур.
Тә нмиш үзүтләр т ашиқар т ийур.
Келтірілген шумақтағы Тү- тө-ти тә-та буындарының он екі рет көлденең қайталануы арқылы ұйқасқан сөздердің /«басар- тегир» және «түлтүрүр- ташиқар»/ декламациялық қызметі төмендеп кеткен. Бұл жерде тіпті тармақтардың соңында қайталанып жатқан «тийүр» сөзі де өлең жолдарының басындағы сөздерге үйлесіп келген. Аруз өлең жүйесінің теориясы бойынша, бұл сөз – «рәдип» қызметін атқаруы қажет болатын367. Бірақ «рәдип», біріншіден, аруз поэзиясының қажетті поэтикалық элементі. Екіншіден, аллитерациондық өлең жүйесінде кейбір сөздер рәдип сияқты қайталану қасиетіне ие болса да, бірақ олардағы тұрақты қайталану принципі аруз өлең жүйесі секілді дәстүрлік принципінде қалыптаспаған.
Жалпы алғанда, ұйғыр поэзиясында аллитерацияның келіп шығу / генезисі/ және оның стильдік көркем тәсілге айналуы тікелей санскрит әдебиетінің дәстүрінен келіп шығады. Ежелгі Индия ғұламалары Дандин368 және Раджашекхара369 санскрит поэзиясына тән трактаттарды жазып, аллитерацияның классификациясын ұсынған. Аллитерацияның санскритша аталуы – анупраса. Енді орыс әдебиеттанушы ғалымдары В.В. Иванов370 және В.Брагинский371, ұлы француз тілтанушы ғалым Ф. Де Сосюрдің372 теориясына негізделіп, көптеген үнді-еуропалық халықтардың373 поэзиясы анаграмма /анупраса/ тәсілі және біркелкі стильдік принциппен жазылғандығын айтып өткен. Біз ежелгі ұйғырлардың ұзақ уақыт будда дініне сыйынуы, санскрит тілінен көптеген шығармалардың ұйғыр және басқа тілдерге аударылуына және мәдени байланыстардың күшеюін есепке алып, ежелгі ұйғыр жазба поэзиясының аллитерациондық ерекшеліктерін жан-жақты түсіндіріп беруге ұмтылдық. Сонымен, аллитерация өлең жүйесінің келіп шығу тарихы және оның дамуы тіл және көркемдік пен мәдени дәстүрлерге келіп тіреледі.
Қорытындылай келгенде, орта ғасыр түркі әлемінің ғұлама ғалымы Махмұт Қашқаридың «Диуани луғат ит түрк» атты шығармасындағы мәтіндердің барлығын өлең жүйесі жағынан терең үйрену және оларды классификациялау маңызды мәселелер құрамына енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |