2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы 177
қазақи руханилықтың айшықталуы
50. См.: Турсунов Е.Д. Древнетюркский фольклор: истоки и становление. – 172 с.
51. Сонда.
52. Цит. по: Кассирер Э. Понятийная форма в мифическом мышлении. Ис-
следования библиотеки Варбурга // Кассирер Э. Избранное. Опыт о человеке. – М.:
Гардарика, 1988. – 462 с.
53. Турсунов Е.Д. Древнетюркский фольклор: истоки и становление. – 172 с.
54. Сонда.
55. Цит. по: Хазанов А.М. Кочевники и внешний мир. Изд. 3-е, доп. – 248 с.
56. Танирбергенова Г.Т. Нравственные начала национального самосоз-нания.
Автореферат дисс… канд. филос. Наук. – Алматы, 1996. – 98 с.
57. Турсунов Е.Д. Древнетюркский фольклор: истоки и становление. – 49 с.
58. Сонда. – 172 с.
59. Флоренский П.А. У водоразделов мысли // Флоренский П.А. Имена: Сочи-нения.
– М.: ЗАО Изд-во ЭКСМО-Пресс; Харьков: Изд-во Фолио, 1998. – 310 с.
60. Поэты пяти веков. Казахская поэзия XV – начала XX веков. – Алматы: Жа-
зушы, 1993. – 362 с.
61. Маргулан А.Х. О носителях древней поэтической культуры казахского на-
рода // М.О. Ауэзову. Сборник статей к его шестидесятилетию. – Алма-Ата: Наука,
1959. – 321 с.
2.2. Қазақ жыраулық дәстүріндегі рухани сабақтастықтың
этномәдени негіздері
Руханилық – тек адамға тән маңызды қасиеттердің бірі. Руханилық
бастауы әр адам бойында азды-көпті бар, бірақ ақылдың көмегімен,
білім алу арқылы руханилыққа жетемін деуге болмайды. Өз бойында
адами қасиеттерді дамытып, өз білімін адамгершілікпен ұштастырғанда
ғана шын руханилыққа жетеді. Адамгершілікке адам ең жоғарғы құнды-
лықтарға ұмтылу арқылы жетеді. Ар-ұят, адалдық, еңбек махаббат, бақыт,
достық, шығармашылық, әділдік тағы да басқа көптеген құндылықтар
арқылы адам өз өміріне мән беріп, руханилыққа жетуге ұмтылады. «Руха-
нилықтың арқасында адам мәдениет әлеміне енеді, оның өзіндік ерек-
шелігін көрсетеді, – дейді М.С. Орынбеков – сонымен бірге, руханилық
дамыған адамды заттың, табиғаттың себептерінен ерекшелеп тұратын
қыры болып табылады» [1, 196 б.].
Адамның рухани жаңаруы, оның адамгершілігінің күшеюі қазақ ой-
шылдарының шығармаларында кеңінен өріс алды. Қазақ ойшылдары
адамның рухани жаңаруын адамның санасында, дүниетанымында қалып-
тасқан адамгершілік сезімінің қалыптасуы арқылы қарастырады. Адам-
ның екі жағы – рухани жане материалдық болмыстары бар. Рухани бол-
мыс жан мен рухтан құралады, ал материалдық болмыс – психикадан,
яғни нәзік денеден және тәннен құралады. Әлемде өзін бақытты сезіну
үшін адам рухани жане материалды жағын тең ұстауы қажет.
178 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
және этномәдени негіздер
Руханилық – адам танымы мен дүниеге көзқарасының адамаралық
қарым-қатынастағы биік адамгершілік қағидасы. Руханилық мәдениеттің
құнарлана түсуіне, оның іргетасының бекуіне ықпал ететіндіктен, рухани-
лықтан алшақ мәдениеттер мен өркениеттер іштей құрылымдық ыды-
рауға ұшырайды. Руханилық жеке адамға да, үлкен әлеуметтік топтар-
ға да, дінге де аса қажет. Ол – қоғамымыздың әлеуметтік дамуы, рухани
жетілуі үшін нәр алатын асыл құндылықтар. Қазақ танымында үш түрлі
білім қоры жинақталған. Олар – табиғат туралы, қоғам туралы және осы
екеуінің қабысуында туындаған адам туралы ұғым. Бүгінгі ғылым дамыған
дәуірде табиғат пен қоғам туралы ғылым-білімдердің шарықтап, сан-
сапалы арнаған түскені баршамызға белгілі. Ал адам өрісі табиғат бөлшегі
ретінде қарастырылады.
Қазақтың рухани жан дүниесін, ішкі құбылысын, рухын тануда зерт-
телетін мәселелер көп. Егер де рух туралы айтар болсақ, ол туралы нақ-
ты анықтама беру қиынға соғады. Мысалы, «Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде» рух дегеніміз табиғи, материалдық бастамалардан өзгеше,
затсыз, идеалды бастаманы, қуатты, батылдықты білдіретін ұғым ретінде
қарастырылады. Рух әлемі көзге көрініп, қолмен ұстайтын нәрсе емес.
А.Х. Қасымжанов тарихта халықтың рухани негізі түрлі қиындықтарға
кездеседі, алайда, рух бар жерде халық та болатындығын айта келіп: «Руха-
ни байлық дегеніміз – саналы да, санадан тыс, сезім мен ақыл біріктіретін
халық тұрмысының әдептілік тетігі» [2, 4 б.] – деп өз ойын жалғастырады.
Философиялық мәнінде рух абстракция, ол айқындалған шындық,
немістің классикалық философиясында рух туралы көптеген құнды
пікірлер бар. Сократтың шәкірті Платонға адам тек рух пен дененің
бірлігі ғана емес, сол рух дегеніміздің өзі адамды адам ететін субстанция
деген идея жатады. Адамның жалпы сипаты рухтың сапасына байланыс-
ты. Оның пікірі бойынша бірінші орында философтың рухы, соңында
рақымсыз, жауыздың рухы жүретін «рухтардың бағыныштылығы» бар.
Себебі, философтың рухы даналыққа жақын, білімге құштар болып
келеді, бұл адамның жануардан басты айырмашылығы. Аристотельдің
адамды философиялық түсінуінің маңызды жетістігі оның әлеуметтік
сипатын негіздеуімен байланысты. Ойшылдың «Адам мемлекетте өмір
сүруге арналған тірі жаратылыс иесі» деген сөзі сақталған. Ол өз ақылын
жақсылыққа да, жамандыққа да бағыттауға қабілетті, ол қоғамда өмір
сүріп, заңдарды меңгереді.
Ұлы ойшыл Гегель «Рух феноменологиясы» деген еңбегінде рухтың
көріну формаларын айта келіп, өзіндік санаға ерекше тоқталады. Расында,
өзіндік сана мен адамның еркіндігі, бостандығы бір-бірімен байланысып
жатқан диалектикалық құбылыс. Адам дүниеге келген уақыттан бастап
еркіндік пен бостандық туралы идея да өмір сүреді. Гегельдің пайымдау-
ына «Еркіндік өлім мен өмірдің арасындағы процесс», «Ақыл-ой дегеніміз
– рух» деген пікірлер жатады. Әрине, рухты жалғыз ақыл-оймен жеткізу,
сипаттау жеткіліксіз.
2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы 179
қазақи руханилықтың айшықталуы
Гегель еркіндік ұғымын «рухтан» шығарады, бұл логика, табиғат фи-
лософиясы және рух философиясынан тұратын гегельдік жүйенің үшінші
сатысы. Мұнда абсолюттік идея табиғаттан бөлініп, жанданады және өзінің
мәнін абсолюттік рухтан табады. Адам табиғаттың бір бөлігі. Бірақ адам
рухы – табиғаттың жемісі емес, абсолюттік рухтың жемісі. Табиғаттың өзі
де рухтан өсіп-өнген. Рухтың өзіндік дамуы үш сатыдан тұрады. Біріншісі
– «субъектілі рух» – үш түрге бөлінетін жеке адамдық сана; екінші сатысы
– «объективті рух» – адам қоғамы және оның басты үш формасы: құқық,
адамгершілік, мемлекет; үшіншісі – «абсолютті рух» – өнер, дін және фи-
лософиядан тұрады. Рух төменнен жоғарыға өтудің даму жағдайында бо-
латын бүтін және тұтас нәрсе. Гегель рух дамуының қозғаушы күшін субъ-
ект мен объектінің диалектикалық қайшылығы деп есептеді. «Рух субстан-
циясы дегеніміз еркіндік, яғни, басқадан тәуелсіз болу, өзіңе деген қарым-
қатынасың» [3, 207 б.], шындығында еркіндік қажеттілікті жок қылудан
емес, нағыз мінезі бар оның санасындағы мазмұнын ашудан тұрады. Адам-
зат тарихы еркіндік санасындағы, яғни рухтың, ойдың алға дамуы болып
табылады.
Руханилық өз мағынасында адам мен қоғам арасындағы қатынастың
дәнекері болатындығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Өйткені, адам олар-
ды қоғамға тән барлық құндылықтар арқылы бойына сіңіріп отырады.
Сол сияқты руханилықтың ата-текке де байланысты қасиеттерін де жоққа
шығаруға болмайды. Осы жерде Бұқар жыраудың: «Жақсыдан жаман
туса да, жаманнан жақсы туса да тартпай қоймас негізге» деген жырын
мысалға келтіруге болады. Біздің пікірімізше, адам рухы табиғаттан
тыс құндылықтар ретінде сипатталуы қажет, яғни рух адамның дүниені
түсіну нәтижесінде қалыптасатын, өз өмірі үшін адамның болуын қажет
ететін ұғым ретінде қарастырылады. Адам рухы шектілікті заңдарға,
қажеттілікке бағынбайтын өзіндік мәні бар болмыстың маңызды бөлігі
және өзіндік ерекшелігі. Адамның қоршаған ортамен байланысы арқылы
туындаған руханилық тіршіліктегі, мәдениеттегі, білімдегі ұдайылықты,
тұрақтылықты қамтамасыз етіп отырады. Осы рухани тектіліктер арқылы
қоғамдағы мағыналы құндылықтар мен қазыналар ұдайы өмір сүреді,
олар салт-сана, әдеби, ғылыми, өнер шығармашылығы арқылы ұрпақтан
ұрпаққа жетіп отырады. Сондықтан да адамның руханилығы шексіз.
Адам бірегей және әмбебап, қабілетті, ешкімге тең келмес табиғат
жаратылысы. Адам – ішкі және сыртқы арақатынаста болады. Адамның
рухани әлемі – оның ішкі өмірі, бірақ ол іс-әрекеттің түрлі формаларында,
еңбекте, ойында, көркем шығармашылықта көрінеді. Адам қоғам мүшесі.
Ол тұтас, бірақ бір текті, бірыңғай емес. Адам биологиялық, әрекет етуші,
саналы, сезімді, рационалды, этикалық тұлға болып табылады. Адам өз
рухани әлемін, ғылыми құндылықтар, өнер, мораль әлемін өзі жасайды.
Адам тарихи тұлға, ол қиын да қауіпті жағдайлар күтіп тұрған болашақтан
үміттеніп, ішіне енеді, оған жеке өзінің де, баса адамдардың алдында да
жауапкершіліктен қашып кете алмайды. Мұндай кезде оған дамыған
180 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
және этномәдени негіздер
философиялық қор қажет. Көптеген адамдар табиғатына, тағдырына
ренжиді, олар ойланады, пайымдайды, бағдарламалар жасайды, бірақ
қордаланып тұрған философиялық байлықты көрмей өтіп кетеді. Фило-
софиясыз адам туралы көзқарас әрекетсіз, жұтаң болып көрінеді. Бұл ақиқат.
Адам мәні оның іс-әрекетінің негізгі нысандары – танымы, ой-санасы мен
еңбегі арқылы көрінеді. Адамның маңызды қажеттілігі оның әлеуметтік
өмірін жан-жақты дамытып, сақтау болып табылады.
Адамның даму процесі қажеттілік пен еркіндіктің бірлігінен туаты-
ны айқын көрінеді. Бір жағынан ол табиғатпен тығыз байланысты, соған
бағынышты, екінші жағынан ақыл-ойы, зердесі, парасаты бар. И.Канттың
ойынша, адамның түпкі мәнінің өзі еркіндікке жатады, оны айқындап көрсе-
тетін – оның парасаты мен адамгершілігі. Адамгершілік адамның бақыт-
қа ұмтылуымен тығыз байланысты, ал адамгершілік үшін форма қажет.
Канттың ойынша ол категориалды форма – парыз. Егер адам істеген ісін
парыз деп түсінсе, онда адамгершілігі бар, парасатты адам болғаны. Адам
өзіне мақсат қоюы керек, өз іс-әрекетіңде басқаға құрал емес, мақсат ретінде
қарауы керек. Канттың ойынша ең жоғарғы және қасиетті – ол адам, яғни
адам өмірдегі ең жоғарғы мақсат. Кант философия тарихында алғашқы-
лардың бірі болып адамгершілік рухтағы этиканың негізін қалаған [4, 155 с.].
Адамның руханилығынан туындаған жеке тұлғалық болмысының то-
лыққандылығы адамгершіліктің, тәрбиеліктің көзі, іске асырушысы бо-
лып табылады. Осындай жағдайда кешегі замандағы тоталитаризм жүйесі
кезеңінде адамның жеке қасиеті мен шығармашылық қасиеттері арасында-
ғы байланыстың үзіліп, адамның жеке тұлға ретіндегі кісілік қасиеттері
қарастырылмай кеткендігін атап өтуіміз қажет. Себебі, адам, шамасы кел-
генше, өткен кезеңдер тәжірибесін жинақтап, сұрыптап, оның рухын өз
бойына сіңіруге тырысады. Сол себептен де адам бойында, оның кісілік
болмысында, сана сезімінде қазіргі рухани мәдениетіміздің кейбір фор-
малары мен өткен кезең мәдениетінің көріністері, бейнелері ұшырасады.
Кей жағдайларда олардың арасында қайшылықтар болып қалуы мүмкін,
мұндай кездерде ол кедергілерді адамның дүниетанымдық мүмкіндігіне,
мұраттарына, кісілік қасиеттеріне байланысты жеңуге болады. Өткен кезең
мәдениетінің тұңғиығына бойлап, оның ішкі мазмұнын түсінуге тырысу
адамды рухани байытады. Өткен кезең мәдениетінің інжу-маржанын өз
бойына сіңіре алмаған, одан рухани нәр ала алмаған адам бүгінгі заман
ағымына ілесіп, өзіне сай ерекшелік дәрежесіне еркін жете алмайды.
Қазақ халқында «жеті атасын білмеген жетесіз» деген дүниетанымдық
мағынада айтылған керемет философиялық көзқарас бар. Бұл ұғымның
мәні өте тереңде жатыр. Ата-баба аруағын сыйлау, кішірейтпеу – әрбір
қазақ азаматы үшін қасиетті борыш саналады. Адамның рухани дүние
болмысы томаға-тұйық бітім емес, ол шексіз. Сондықтан, оның даму және
жетілу үдерістерінің мүмкіндігі жоғары дәрежеде болады. Адамның кісілік,
тұлғалық рухтық көрсеткіштерінің бірі деп адамдардың бір-біріне деген
сыйластығын, өмірдегі сынақтарды сабырмен қабылдап алуын айтамыз.
2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы 181
қазақи руханилықтың айшықталуы
Дүниетаным шексіз, шекарасы жоқ рухани әлем. Адам бар жерде
дүниені тану, қабылдау, сезіну бар. Ал, ұлт бар жерде дүниені тану мен
қатар игеру, яғни дүниетанымдық құндылықтардың өмір сүрері анық. Осы
тұрғыдан қарайтын болсақ, қазақ жыраулары ұлт болмысының тағдырына
сын көзбен қарауда оның ұлттық рух пен үндескен тарихи-әлеуметтік
кеңістігін өздерінің рухани кітапханаларында сақтап қалған. Сонымен
қатар жырауларымыздың философиясының мазмұнын зерделеген сайын,
сол дәуірде ел, жеке адам, жер тағдыры үшін қоғам шындығы тұрғысында
ойланған зиялы адам бейнесі де көз алдымызға келіп отырады.
Жыраулықтың мәдени дәстүрі, рухани адамның ақындығы мен сауат-
тылығында, сезімталдығы мен зерделілігінде, терең пайымдаушылығы
мен нақты кісілік шешім қабылдауға дайын келетін табандылығында жә-
не ел болмысының мән жайын терең ұғынып, рухани тәжірибесін ұлттық
рухтың интеллектуалдық қуатына айналдырып отыруында. Яғни жырау
әр бір ұлт мүшесі жеке адамның ұлттық табиғатын, ұлттық көзқарасын
қалыптастырып, ұлттық ойлауының өрісін кеңейтетін ана тілдің, ұлттық
ділдің, ата баба дінінің, ата баба дәстүрінің қамқоршысы.
Жыраудың ханға айтқан тура сөзі кім-кімге де зиялы кеңес. Қай елдің
философиясы болмасын, олардың ұлттық идеялық негізде қалыптасуы-
на себеп болған ұлттық поэзия. Даналықтың өзі рухтан туған ой. Жекеле-
ген адамдардың ұлттық өнерінің бойында бар идеялар, халықтың ішінен
зиялылардың ел алдына шығуына, елге кәсіби білім бағытында қызмет
етуіне жетекші болғандығы көпшілікке аян. Сол сияқты «жыр рухына»
кездейсоқ қарау мүмкін емес, әсіресе қазақ елі үшін жыр – ұлттық идея-
ның терең арнасы. Ел мүддесіне, ұрпақ игілігіне ауадай қажет барлық
құндылықтарды сақтап, реттеп, оны тұтастай ұлттық рухтың қуатына
айналдырып отырған осы жыраулар дүниесі. Жыр бейнелі ой, білімді
сөз, зерделі түсінік, саналы өмір, кісілік қасиеттердің өрісі, тұлғалық
көзқарас, сезімталдық, ұлы мақсат, ұлттық мұрат. Осы құндылықтардың
танымдық негіздері, құндылықтық бағдары жыраулар даналығының
негізгі тақырыбы.
Қазақ жырауларының ұғымында әр адам өзінің кісілік рухына адал
болса, өз ісінің зиялысы. Тұлғалық адамнан талап етілетін қасиет. Сол
себептен зиялылық адам санасында не істеу керек деген сауалдан емес,
бірлікке ұмтылыстан, елдікті ұғынудан, құрметтеуден туындайтын
қасиет.
Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа [5, 28 б.].
Кейінгі ұрпаққа айтып кеткен Асан қайғы даналығының мазмұны
осындай. Ұрпақ ұлттық рухпен неғұрлым жақын тәрбиеленген сайын
ол өзінің адамдық бейнесін ішкі рухпен қаруландырмақ. Ұлттың негізгі
182 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
және этномәдени негіздер
құндылығы ұрпақ болғандықтан, ұлттық идея – ұрпақ рухына қызмет ету-
ден алшақ кетпейді. Жырауларымыздың «Ел-Жұрт» идеясының мақсаты
ұрпақ санасында қазақтың әлеуметтік өмір этикасы мен эстетикасының
болмысын сақтап отыру. Осы бағытта қазақ жырауларының тағы бір
бағыттағы ой толғамдары ұлттық мүддеге бағытталды:
Алаң да алаң, алаң жұрт
Ақала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір қоңымды жуған жұрт,
Қарағайдан садақ будырып,
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт [5, 32 б].
Ел дегеніміз ұлттың тамыры қалыптасып, халықтың бірлікте, еркіндік-
те өмір сүріп жатқан ортасы. Елдің бейнесі бейбіт, тынысы ұлттық кәсіп,
рухани өмірі бірлік, елдік қарым-қатынасы. Ел сонымен қатар ердің ұясы,
негізі, тірек ететін негізгі қуаты. Жұрт деген ұғымға келетін болсақ, қазақ
халқы өзінің ата мекенін айналып көшіп жүре бермеген, қазақ отырықшы
да халық. Оның себебін «жұрт» түсінігінен байқауға болады. Адамның өрісі
ел дейтін болсақ, оның дүниеге келіп, өсіп өнген шағы, аяқтанған кезі бұның
барлығы елдің рухымен де тығыз байланысты. Ата мекен жердің аумағы
тарылып, ел азайған шақта ұлттың жойылмауына оң ықпалын тигізетін
нәрсе бұл әрине туған жерге теген түсінік. Қазтуған жыраудың «ел-жұрт»
толғауының экзистенциалдық идеяға айналып отырған себебі осында. Яғни
«жұрт» елдің, ердің тарихи ізі, санада сақталатын бейне, адамды елдікке бас-
тайтын білім.
Қазақ ұлты жердің қадірін оның құнарымен бағалаған, жердің құ-
нарының адамға берер қуатын философиялық деңгейде пайымдаған.
Жыраулар философиясындағы жердің құнары туралы ой толғамдар
ұлттық рухты көтерудің мәселесіне де айналған. Жырау қазынасы ұлттық
құндылық. Оның жан дүниесіне жақын ұлттық рухтың үнін жеткізетін жы-
рау идеясы елдің тұлғалануы үшін жаратылған күш. Адам баласының ру-
хани қалыптасуының, әлеуметтенілуінің қозғаушы күші – бұл қажеттілік.
Сол қажеттіліктерді жүзеге асыру бағытында адам өзінің тәжірибесін
қалыптастырады. Сол сияқты жырау ел ішінен қоғам алдына кездейсоқ
келетін адам емес, жырауды халыққа ұстаз қылатын оның рухы. Жы-
рау заманалық білімнің иесі. Олардың идеясы ғасырлар бойы халыққа
білімнің рухын, ғылымның қызметін түсіндіріп келуде. Сапалы білімге,
2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы 183
қазақи руханилықтың айшықталуы
нағыз ғалымдыққа қол жеткізу үшін адам пайымдауды үйренуі қажет.
Әрбір жыраудың поэзиясы арқылы ұрпақтың ел тарихын, сол тарихи
кеңістіктегі ұлттық зиялы қауым өкілдерінің рухани қызметінің бағытын
білуі алдымен оның өзін құндылықтарға бағыттайтын нәрсе.
Асан қайғы дүниетанымында адамгершiлiк мәселесi негiзгi орын ала-
ды. Асан қайғы адамның өзiн-өзi танып бiлуiн, ашылып түсiнуiн, өмiрдегi
орны мен деңгейiн дұрыс бағалайтын, әрекет-қимылдарын сын тұрғысынан
саралай алатын қабiлетiн адамгершiлiктiң түпнұсқасына балайды. Оның
өмiрге деген парасатты көзқарасы, елiне деген бекем сүйiспеншiлiгi,
адамдықты құрметтей бiлген қабiлетi қазақ халқының сана-сезiмiн жаңа
сатыға көтеруге зор ықпал еттi.
Күнiнде өзiм болдым деп,
Кең пейiлге таласпа.
Артық үшін айтысып,
Достарыңмен санаспа.
Ғылымым жұрттан асты деп,
Кеңессiз сөз бастама,
Жеңемiн деп бiреудi
Өтiрiк сөзбен қостама [5, 28 б.].
Асан қайғы азаматтық мiндеттiң жүгiне, күнделiктi нақты түрiне көң-
iл бөледi. Кiсiлiк қасиеттер – адамгершiлiк пен бiрлiктiң құт-берекесi. Асан
қайғының ұғымында, жұртты бай, кедей деп немесе үлкен-кiшi деп жiктеу,
бөлу жарамсыз. Ел-жұрт үшiн бәрiнiң де мiнез-құлқының жақсы болуы
қажеттi, өзара оңды қарым-қатынас жасауы орынды. Оның пайымдағаны:
«Таза мiнсiз асыл тас,
Су түбiнде жатады,
Таза мiнсiз асыл сөз,
Ой түбiнде жатады» [5,25 б.].
Асан қайғы сөздiң нарқы мен парқын бiлiп, қадiрiн түсiнген шешен.
Ол кiмнен болса да қасиеттiң рухын күттi. Өмiр сүрудiң негiзгi мәнi тура-
лы айта келiп, Асан қайғы жақсылардан үлгi алып, жамандардан бойды
аулақ салудың қажеттiлiгiн, жас ұрпақтың ата-анасын, үлкендердi сыйлап
қастерлеуiн, олардың ақылын тыңдап үнемi басшылыққа алуын, iзгi ниеттi
жайсаң жан болып өсу қажеттiгiн еске салады. Осыған орай жыраудың:
«Арғымаққа мiндiм деп, артқы топтан адаспа, артық үшiн айтысып, доста-
рыңмен сынаспа» немесе «Қарындасыңды жамандап, өзiңе туған табыл-
мас» деген сөздерiнiң тәлiм-тәрбиелiк мәнi зор. Оның толғауларында адам-
ға деген мейiрiмдiлiк, қайырымдылық, сүйiспеншiлiк қай жағынан болса
да, бiрiн-бiрi толықтырып жатады, туған-туыстармен тiл тигiзiп қырқыспай-
тын, бет жыртысып көңiл қалдырмайтын татулық сезiмi айқын бiлiнедi.
184 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
және этномәдени негіздер
Мiнезi жаман адамға,
Ендi қайтiп жуыспа.
Тәуiр көрер кiсiңмен,
Жалған айтып суыспа, – деген өсиеттi ұстайды. Жырау
бiрде: «Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессiз сөз бастама» дейдi. Сөз аста-
рында өзiм болдымдыққа салынып тоқмейiлсiме, жеңiл мiнездiлiкке ерме
деген уағыз сарыны аңғарылады.
«Есенiңде, тiрiңде, бiр болыңыз бәрiңiз» деп халықты бiрлiкке шақы-
рады. Онсыз «Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар»
деп ертеңгi күнге бұлыңғырлық төнiп қалар деген болжамын еске сала-
ды. Адамдық ұстаным – борышты мiндеттердiң жауапты саласы. Оны
бұзушылық – ойшыл үшiн жат құбылыс. Жырау әдептiлiк сұранысын бы-
лай түйiндейдi:
Естi көрсең кем деме,
Бәрi тұйғын табылмас;
Болатын адам, өсетiн ел тәуiр көретiнмен жалған айтып суыспайды,
болмайтын нәрсеге кiжiнесiп, желке құрыстырып ұрыспайды. Әдептiлiктiң
әр қыры мен сыры – бақыт көрiнiсiне лайық. Дегенмен бақыт – адамға деген
ерекше сыйласу мен махаббат сезiмнiң үйлесiмi мен иiрiмi. Бақытты жан-
дар ғана өзара түсiнiсе де, жақындаса да, бiрiге де алады. Бақытқа кедергi –
ағайын мен ел арасындары бiтiмсiздiк, сөйлесу қағидасының бұзылуы. Сөй-
лесуде өзара түсiнiк жетiспесе, онда үйлесiмдiлiктiң, ынтымақтың болмауы.
Бұл заманда не ғарiп?
Ақ қалалы боз ғарiп,
Жақсыларға айтпаған
Асыл, шырын сөз ғарiп...
Ата жұрты бұқара
Өз қолыңда болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғарiп [5, 27 б.]
Адамның iшкi дертi азғындаған уақытта, замандағы ғарiптiң түрi де,
зардабы да көбеймек. Ғарiптiк – заман ағысы адамзат тiршiлiгiне ыңғай-
сыз жағдайда дерт болып асқындамақ. Бiрақ ақын заманды құрастырушы
мен билеушiлердiң мiнез-құлқын, iс-әрекетiн сынап мiнедi. Адамын тану
арқылы ақын заманды тануға, заманның ағымын пайымдауға талпынды.
Мұраты биiк адам мен ұрпақ қана заманды өз талаптарына сай дұрыстауға
ықылас-ынта бiлдiредi..
Жорықтың алдыңғы шебiнде, айтыс-тартыстың басы-қасында, елдiң
бел ортасында жүрген Шалкиiз елдiк пен ерлiк, жақсылық пен жамандық,
|