Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


 Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет21/49
Дата16.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#4223
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49

         2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы               151
қазақи руханилықтың айшықталуы                                       
парадигматикалық мәнге ие. Оның үстіне еріктің, яғни өз еркіңнің экстен-
сивті  көрінісі  мен  хаостық,  кенеттен,  мәдениеттен  тыс  бекітілуі  –  жанды 
рационалдық-ерікті  түрде  ұйымдастыратын,  мәдениеттің  құндылықтары 
мен нормаларына бағытталған, қарқынды еркін еріктің еуропалық түсіні-
гінің модусынан ерекшеленеді.
Жоғарыда айтылып өткендей, қазіргі заманғы философия мен мәде-
ниеттану отырықшы және көшпенді өркениеттерді типологиялық тұрғыда 
сипаттайтын кеңістіктік-уақыттық көзқарастардың ерекшеліктерін пайым-
дауға аз күш-жігер жұмсаған жоқ. Әрине, компаративистік зерттеулерде 
біржақты қарама қарсы қоюшылықтар мен қатаң оппозициялар орынды 
бола қоймас. 
Мысалы, А. Тойнбидің көшпелі мәдениет отырықшы мәдениеттермен 
салыстырғанда,  шаруашылық  әрекеті  типінің  өзі  жылдық  вегетативті 
және  климаттық  циклдарға  қатаң  бағынғандықтан  тарихи  емес  деген 
тұжырымы  үлкен  күмән  туғызады.  Егіншіліктің  де  жылдық  климаттық 
және вегетативтік циклдерге жайылымдық және маусымдық мал шаруа-
шылығынан бір кем түспейтін тәуелділігі айдан анық емес пе?!
Әрине, номадалық кеңістікті сакралды орталық пен профанды при-
ферияның  құндылықтық-онтологиялық  қарама  қарсы  қою  архетипі 
бойынша  құрылымдалған  отырықшы  мәдениеттердің  кеңістігінен  ажы-
ратудың мейлінше жеткілікті негіздері де бар шығар. Алайда бұл негіз-
демелер мен себептер қалай болғанда да, басқа сипатта, постмодернистік 
номадологияның  тұжырымдамасындағыдан  басқа  дүниетанымдық  және 
теориялық-әдіснамалық  болашақта  болғаны  дұрыс  секілді.  Тоталды 
дискурстың  билігінен  босататын  және  босанған  орталықсызданған  көп-
шілік  пен  орталықтық  құрылымдарды  қарама  қарсы  қою  дәл  осы  оты-
рықшы мәдениет үшін типологиялық тұрғыда маңызды. 
Сондықтан  көшпелі  мәдениеттің  дүниетанымдық  түсініктері  мен 
рәміздерін пайымдау үшін тұтастай алғандағы бұл оппозицияның өзі де, 
оның ешбір тараптары да жарамсыз болып табылады. Тұлғасыз, даралыққа 
дейінгі, «тегіс», артықшылық нүктелері жоқ номадалық кеңістіктің пост-
модернистік  рәміздері  сапалы  түрде  рухани  рәміздермен  және  мәдени 
мағыналармен  дифференциялы  толтырылған  «территориялардың  гори-
зонталды қиылысу» кеңістігімен сипатталатын көшпелі мәдениет түсіні-
гіне  тікелей  қайшы  келіп  отыр.  Өйткені  ата-баба  рухтары  –  әруақтар 
мекендейтін  бұл  кеңістікте  ландшафттың  әрбір  элементі  өз  бойына  та-
рихи аңыздар мен мәдени мағыналарды сақтайды, бұл кеңістікте «әулие 
жерлер» түріндегі сакралды сингулярлық нүктелер орналасқан. 
Өркениеттілік пен варварлық ретінде отырықшы-егіншілік және көш-
пелі мәдениеттерді бағалаудың дәстүрлі (еуропацентристік) парадигмасы 
бүгінгі күні салмақты мәдениеттанулық зерттеулердің аясыда болмай отыр. 
Дегенмен  көшпелі  өркениет  ерекшеліктерін,  отырықшы  халықтардың 
мәдениеті  мен  өркениеті  ауқымында  дамыған  өнерден  көшпенділер  өне-
рінің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, жалпы номадизм феноменін түсі-

152                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
нудің дүниетанымдық және тұжырымдамалық-әдіснамалық негіздемелері 
әлі күнге дейін қандай да бір тұжырымды түйіндерден алыс тұр. 
Бірақ көшпелі мал шаруашылығының өзіндік және төлтума мәдениет-
терді қалыптастыру мен дамытуға да, халықтың шаруашылық үрдісінің, 
өнері  мен  рухани  өмірінің  мазмұнды  формаларының  үздіксіздігі  мен 
сабақтастығын  қамтамасыз  ету  үшін  біртұтас  мәдени  дәстүрлерді  ұзақ 
тарихи  уақытқа  сақтауға  да  қолайлы  жағдайлар  қалыптастыратыны  еш 
күмән туғызбайды.
Г.В.  Федотов  этномәдени  дәстүрлердің  дамуы  мен  трансформация-
сы  мәселесін  қарастыра  отырып,  бұл  дамуды  «маржан  аралдарының 
прогресімен»  салыстырды.  Мұндай  аналогиямен  келісе  қою  қиын. 
Мәдени-тарихи дәстүрлер өз-өзінің қозғалыссыз теңдігінде қатып қалған 
мәңгі берілген шамалар емес. Өзінің бастаулары мен негіздерінде дәстүр 
инновациялық,  шығармашылық  әлеуетке,  өзіндік  өзгеріс  пен  өзіндік 
дамуға деген импульсқа ие. 
Бұл  тұрғыдан  алғанда,  дәл  осы  дәстүрлі  көшпелі  мәдениетті  ерек-
ше атап өтуге болады, онда оның ұрпақаралық таратушыларының меха-
низмінің өзі – халық ауыз әдебиеті мен шығармашылығы, әркімге де және 
бәріне де белгілі батырлық-эпостық сюжеттерге деген еркін және шабыт-
ты суырып салу – мәденитектің саналы императиві ретіндегі дәстүрлерді 
үздіксіз жаңғырту мен онтологиялық негіздерге қайта оралу үрдістерінің 
ажырамас тұтастығын білдіреді.
2.1.2. Жыраулар поэзиясындағы адам мен әлеуметтің 
өмірмәнділік бағдарларының құндылықтық бағыттары
Вернер  Гейзенберг  гуманистік  дүниетанымның  негізгі  қағидаларын 
аша отырып, кез келген адам өзінің рухани қуатын тек қоғамдық біртұтас-
тықты  адамгершілік  қарым-қатынасқа  негіздеп,  парасаттылық  көзқарас 
тұрғысында құратын қауымдастықта ғана дамыта алатынын көрсетті: «Тек 
осындай рухани қалыптың ішінде ғана, сол қауымдастықта қабылданған 
«ілімге»  ден  қойып,  адам  мінез-құлқын  бағамдауға  мүмкіндік  беретін 
көзқарасты иеленеді... тек осы жағдайда ғана құндылықтар жайлы мәселе 
қойылып, шешімін табады» [30, 333 б.]. 
Осындай әлеуметтік-рухани қалыптың көкжиегінде ғана, қайырымды-
лық,  ақиқат  пен  сұлулық  арасындағы  тығыз  онтологиялық  байланыс  аң-
ғарылады.  Бұл  жерде  әңгіме  ақылақтың  (моральдің)  императивтері  мен 
ұстанымдары  жайлы,  рационалдандырылған  моральдік  кодекс  жайлы 
ғана  емес,  адамгершілік  өзін-өзі  анықтаудың  темірқазық  ұстанымдарын 
сөз  етеді.  «Сондықтан  рухани  құрылым  үшін  көркем  бейнелер  мен  мең-
зеулердің  өзара  ғажайып  қарым-қатынасын  белгілей  отырып,  бұл  жерде 
сөз  поэтикалық,  бүкіл  адамзат  үшін  ашық  құндылықтарға  бай,  өмірлік 
рәміздерге тола ... тілде жүретінін алдын-ала түсіндіру жөн болады» [31, 338 б.].

         2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы               153
қазақи руханилықтың айшықталуы                                       
В. Гейзенбергтің сөз етіп отырған «Адамгершілік өзін-өзі анықтаудың 
темірқазық  ұстанымдары»  тұғырнамасы  біздің  ойымызша  жырау-
лар  поэзиясының  адамгершілік  мазмұнының  ерекшеліктері  мен  мәнін 
философиялық-мәдениеттанушылық  тұрғыдан  зерттеудегі  неғұрлым 
тиімді әдіс болып табылады. Шын мәнінде, жыраулар дүниетанымының 
рухани-адамгершілік  мазмұны  олардың  тарапынан  теориялық-дискур-
сивтік мәтіндерде баяндалмаса да, поэтикалық шығармаларда толғанған, 
философиялық-этикалық  категориялар  жүйесінде  емес,  бірақ,  рәміздік 
жалпылау деңгейіне дейін көтерілген көркемдік бейнелер аясында пайым-
далған.  Рәміздер  тілін  теориялық  концептілер  тіліне  аудару  рәміздік 
бейнеліліктің  қасаңдануына,  ақырында  рухани  мәнінің  жойылуына  апа-
рып соғады. 
О.О.  Сүлейменов  атап  көрсеткендей,  халықтық  мәдениеттің  өзіндік 
айырмашылығы тұрмыстық заттардың эстетикалық формалары қолданы-
лу мақсатына ажырамастай байланысты болуымен айқындалады, сондық-
тан да, эстетикалық табиғи түрде этикалыққа қарай ұлғайып, әлеуметтік 
жобалаудың  тірегіне  айналады.  «Қазақ  эпосы,  басқа  халықтардың  эпосы 
сияқты  рухани  құндылықтардың  қордалануының  ғажайып  мысалдарын 
береді. Батырлық жырлар кемел адам келбетін жырлап қана қоймайды, со-
нымен қатар бір мезетте еске түсіру болып табылатын арман. 
Өткен мен болашақты жалғастыра отырып, батырлық эпос бүгінгінің 
құрылуына белсенді қатынасты, халық арасында белгілі бір ерлер мен әйел-
дердің  типін,  олардың  өзара  қарым-қатынасын  қалыптастыра,  тәрбие-
лейді» [32]. Батырлық эпос өмірдің адамгершілік қалыптастырушы мәніне 
айналу  себебі  ол  тұлғаның  айқындалған  озық  үлгісін,  өмір  сүру  және 
мінез-құлықтың біртұтас еліктеуге лайықты қалпын ұсынады. 
Тұлғалық  үлгілер  қалпынды  ұсынылатын  «Адамгершілік  өзін-өзі 
анықтаудың  темірқазық  ұстанымдарын»  талдаудың  әдіснамасы  көрнекті 
поляк  философы  Мария  Оссовскаяның  этостың  тарихи  типтерін  зерт-
теулерінде  қалыптастырып,  қолданылған.  Оның  «Рыцарлық  этос  және 
оның  түрлері»,  «Буржуазия  ақылағы»  атты  жұмыстарында  серілердің 
(рыцарлардың), сарай қызметкерлерінің, байлардың (мещаниннің)  тұлға-
лық үлгілерінің зерттеуі жүргізілген. 
Олар тарихи қалыптасқан тұлғалық және топтық бірегейліктің рухани-
адамгершілік тірегі, идеалды-типтік, құндылықтық-нормативтік кешені ре-
тінде танылады. Сонымен қатар, тұлғалық үлгілер ұлттық ділді айқындай-
тын факторлардың бірі. «Әрбір этникалық мәдениет тұлға ретіндегі адамның 
ерекшеленген бейнесін қалыптастырады» [33, 145 б.] деп жазады И.С. Кон.
Біздің тақырыбымыздың аясында тұлғалық бейнелердің, оның ішін-
де  рыцарлық  тұлғалық  бейнелердің  М.  Оссовская  жетілдірген  талдау 
әдіснамасына  жүгінуіміздің  себебі  –  көшпенді  өмір  салтына  сай  өзіндік 
ерекшелікке ие бола тұра және дәстүрлі қазақ мәдениетінің рухани-адам-
гершілік әлемінің маңызды құрамдас бөлігін құраушы рыцарлық этос – 
қаһарман батырдың өмірі жыраулар поэзиясында да жырланды. 

154                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Әралуан елдердегі, халықтардағы дәуірлердегі рыцарлық этос немесе 
қаһарман батырдың үлгілеріне салыстырмалы талдау жасау бұл мәдениет-
тердің рухани әлеміне ену әдістерінің бірі болып табылады: «халық санасы-
ның түпкірінен орын алған Илья Муромец, Алпамыс, Ланцелот пен Геракл, 
Тристан мен Витяз образдары жалпы қаһармандық эпосқа жатқанмен, әр-
қайсысының айырықша ұлттық ерекшелігі бар. Олар өз бойына этностың 
негізгі құндылықтары мен құндылықтық жүйелерін жинақтайды. 
Мәдени үлгіге еліктеу арқылы, осыны ұстану ұлттық бірегейленудің 
өзіндік әдісін құрайды, сонымен қатар, адамгершілік тұрғыдан бағамдау 
мен өзін-өзі бағалаудың халықтық мазмұнын айқындайды» [34, 93 б.]. Со-
нымен бірге «қаһармандық идеясының еліктіруші ықпалына берілген» [35, 
70 б.] тұлғалық үлгі өз бойына поэтикалық шығарма үшін айырықша маңыз-
ды этикалық және көркемдік-эстетикалық құрылымдарды жинақтайды.
Дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі жыраулар поэзиясында көрініс тапқан 
рухани мазмұнды зерттеуде батырдың тұлғалық бейнесін талдаудың өзек-
тілігінің бірқатар себептері бар, олардың ішіндегі бастылары мыналар:
Біріншіден,  басқа  мәдениеттермен  салыстырғанда  көшпенді  мәде-
ниетте бұл тұлғалық бейнеге сай келерлік ешкім жоқ еді. Мысалы, антика-
лық грек мәдениетінде батырлықтың тұлғалық бейнесі Гомер эпосының 
кейіпкерлері  ретінде  Гесиодтың  «Еңбек  пен  күндер»  эпосында  сомдаған 
мещандық ізгіліктермен (бақташылық және егіншілік) қатар өмір сүрді. 
Көшпенділер мәдениеті жоғарыда айтылғандай отырықшы өмір салтын 
сипаттайтын кез-келген құндылықтар мен ұстанымдарды жоққа шығарды. 
Дәстүрлі қазақ мәдениетінде эпикалық кейіпкерлердің (архаикалық кезең-
нің ерлері, кейінгі ортағасырлардың аңызға айналған тарихи тұлғалары) 
тұлғасы мен ерліктері дәстүрлі ру-тайпалық құндылықтар жүйесінің үлгі-
сі мен өзегі болып табылады. Осыған сай біртұтас қауымдық ұжымның да 
және оның әрбір мүшесінің де өмір тіршілігі құрылады. 
Екіншіден, отырықшы-егіншілік қоғамдарда батырлық этос құл иеле-
нуші және феодалдық қоғамның бекзаттық тобының жеке құндылықтарын 
қорғап, өзінің қара халықтың өмір салтына қарама-қайшылығын көрсетті. 
Дәстүрлі қазақ мәдениетінде батырлар хан сарайына, ықпалды сұлтандар-
ға жақын жоғары дәрежедегі топқа жатты. Сөйте тұра, батыр деген құрметті 
ат мұрагерлікпен ұрпақтарына берілмеді. Бұл атақты көшпенді қоғамның 
әрбір мүшесі, қатардағы жауынгері тегіне қарамастан өзінің жауынгерлік 
ерлігі  мен  қаһармандығына  сай  ала  алатын  еді.  Батырлардың  айырықша 
беделділігі  соғыс  және  руаралық  қақтығыстардың  күшейген  кезінде  арта 
түсті.  Ең  алдымен  батыр  –  маңайындағыларға  белгілі  және  ықпалды,  өз 
руластарының  басты  қорғаушысы,  ержүрек,  тәжірибелі  жауынгер.  Оның 
соңынан жігіттер еруге дайын, ол билік иелерімен санаса бермейді, дербес 
әрекетке де барады» (С. Рычков).
Табиғатқа  етене  жақындық,  табиғат  пен  көшпендінің  рухани  және 
эмоциялық  бірлігі  әлеуметтік  әрекеттестіктің  ерекшеліктерін,  олардың 
құндылықтық-нормативтік  кешендерін  анықтайды.  Қазақтардың  шаруа-

         2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы               155
қазақи руханилықтың айшықталуы                                       
шылық-мәдени  тұтастығы,  олардың  ерекше  өмір  салты,  дәстүрлі  мәде-
ниеттің рухани әмбебаптығы тарихи тұрғыдан оның көшпенді шаруашы-
лық пен өмірге сәйкестігі негізінде бірегейленді. Көшпенділердің өмір сал-
ты мен шаруашылық әрекеті адамшылық қасиеттерге және тұлғаның құн-
дылықтық,  әлеуметтік  психологиялық  ұстанымдарына  байланысты  айы-
рықша талап қойды. Адам ерекше зеректік, адамгершілік, сабырлылық, тө-
зімділік қасиеттерінсіз қатаң далалық өмір жағдайында өмір сүре алмас еді. 
Бұлжымас рухани құндылықтар мен дәстүрлі дүниеге қатынас үлгіле-
ріне жүгіну қазақ көшпенді қоғамының, оның әрбір мүшесінің қарапайым 
адамнан ақсүйекке дейінгісінің күнделікті өмірін анықтады; жеке тұлғалар 
мен  әлеуметтік  топтардың  идеологиялық,  адамгершілік  және  құқықтық 
реттеуші қызметін атқарды; жастарды тәрбиелеу мен білім берудің, өскелең 
ұрпақтың әлеуметтену үдерісінің негізі болды. Көшпенділік шаруашылық-
экономикалық  әрекет  түрі  ретінде  келмеске  кеткенімен  оның  түпкілікті 
мәдени құндылықтары белгілі бір өзгерістерімен, жаңғыруымен бүгінгі за-
манда да қазақ халқы ділінің көптеген өзіндік сипаттарын анықтайды.
Үшіншіден, жыраулар поэзиясындағы батырдың тұлғалық бейнесінің 
қайталанбас ерекшелігі осындай бейне ретінде өзін ұсынуы болып табы-
лады. Қазтуған өзінің мадақ өлеңінде батыр-жыраудың тұлғалық бейнесін 
былайша сипаттап ұсынады:
Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шайы жібек оққа кірісті,
Айдаса қойдың көсемі,
Сөйлесе қызыл тілдің шешені,
Ұстаса қашағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты орданың сырығы [36]
Тұлғалық бейнелер адамгершілік-құндылықтық ұстанымның сарала-
нуы ретінде халық ділінің ажырамас бөлігі болуы үшін қоғамдық сананың 
ақылақтық  толғанысының  имманентті  қалпына  айналуы  керек.  Сонда 
олар халықтың  мәдени-тарихи дәстүрімен үйлесімге жетеді. Жыраудың 
«Мен-концепциясы» өзін-өзі ашықтан ашық мадақтауы, ұлықтауы басқа 
тарихи-мәдени  рыцарлық этос үлгісі аясында мүмкін емес болатын. Ба-
тыс  немесе  ислам  мәдениетінде  мұндай  тұлғаны  асқақтату  оспадарлық 
ретінде қабылданар еді. 
Аэдтердің,  скальдтердің,  менестрельдердің,  трубадурлердің,  минне-
зингерлердің  поэзиясындағы  рыцарлық  тақырыбы  батырлыққа  басқа 
қырынан  қарайды.  Король  Артур  да,  оның  «дөңгелек  үстелінің»  басқа 
мүшелерінің біреуі де мемуар жазған жоқ, және өз ерліктерін мадақтаған 
жоқ.  Жыраулар  шығармашылығы  болса  сол  эпостың  кейіпкерлерінің  өзі 
айтып отырған батырлық эпос. 

156                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Сондықтан жыраудың жеке тұлғасы оның өзі үшін тұлғалық бейне, 
сол  үшін  өмір  сүріп,  жан  қиюға  болатын  құндылық  ретінде  қабылдан-
бауы мүмкін емес еді. Далада өз ісімен ерлігін дәлелдеген адам ғана елді 
аузына қарата алар еді.
Жақсыларға айтпаған
Асыл шырын сөз ғаріп,
Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі бел ғаріп
Ата жұрты бұқара
Өз қолында болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп.                Асан қайғы
                                           
Қазақтың  көшпенді  қауымдастығының  дәстүрлі  ұғымына  сай  әрбір 
адам  рухани  тәуелсіздік  пен  еркіндікті  иеленуі  керек.  Сонымен  қатар, 
әлеуметтік өзара көмек, көпке ортақ әдет-ғұрып қағидаларына бағынып, 
өзінің руымен рухани бірлігінің ерікті қабылданған императивіне жүгінуі 
тиісті. Бұл құндылықтық-дәстүрлік кешен жыраулар поэзиясының рәміз-
дері мен образдарында әмбебап мәнді пайымдау, сақтау, реттеу, жеткізу 
қалыптары ретінде бекіді. 
Сондай-ақ,  әлеуметтік-мәдени  тәжірибені  ұрпақтан  ұрпаққа  жеткі-
зуші, уақыт сынына төтеп берген, көшпенді қоғам өмірін  ретеуші жүйе 
түрінде тиімділігін көрсеткен өзіндік құрылым  болып қалыптасты. 
О.О. Сүлейменов «Жырау – халық жыршысы ғана емес, ол дана иде-
олог. Бұл адамдарды ұлы тұлғалардың соңынан еруге үндей алатын жау-
ынгер жыршы» [37] деген болатын. Сөйте тұра, жырау тыңдармандар мен 
көрермендердің көз алдында өзі жайлы өз тайпасының батыры бейнесіне 
лайықты  ұлықтанылатын  бейнеге  толығымен  сәйкес  адам  деген  аңыз 
қалыптастырады.  Қазақ  мәдени  дәстүрінде  рефлексивті  бастау  төтенше 
дамыған. Дәстүрлі құндылықтарға көзсіз ермейді, оның жан-жақты реф-
лексивті пайымдалуы, парықталуы негізінде қолданады. 
Бақсы,  күйші,  жырау,  жыршылардың  шығармашылығы  «далалық 
ілімнің» (Ә. Қодар) ажырамас бөлігі бола тұрып, жоғары дәрежелі герме-
невтика.  Сондықтан,  дәстүрлі  құндылықтар  олардың  өмір  шындығына, 
экзистенционалды өмірмәнді ізденістеріне сай келісілуінің, өзара байла-
нысылуының үздіксіз үдерісінде орын алады.
Жырау  шығармашылығы  жауынгер-жыраудан  тек  моральдік  наси-
хат немесе діни-философиялық толғанысты күтіп қана қоймай, қоғамды 
сол сәтте толғандырып отырған, нақтылы әлеуметтік, саяси, адамгершілік 
мәселелерінің шешілу жолдарының беделді билігін, әділетті кесімін қауым 
алдында суырып салып айтатын көкейкесті сөз еді. 
Сондықтан жыраулар поэзиясы өзіне тән ерекшелігі қауымға тікелей ба-
ғытталған  субъективті-тұлғалық,  рефлексивті  табиғатымен,  неғұрлым  өтім-

         2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы               157
қазақи руханилықтың айшықталуы                                       
ді  әсерге  жетуді  көздеуімен  айқындалады.  Қ.Ш.  Нұрланова  ауызша  халық 
шығармашылығын этномәдени дәстүрлерді сақтап, жеткізудің өзіндік әдісі 
ретіндегі ерекшеліктерін қарастыра отырып оның мынадай қасиеттеріне на-
зар аударады: «Ауызша мәдениеттің әңгіме, айтыс, жырау мен жыршының 
толғауы сияқты қандай түрі болсын көпшілікті ұйытуымен мән-мағынаға ие 
болса, халық оны үнемі көтермелеп, нұрландырып, байыта түседі» [38, 29 б.].
Қазақтың  ауызша  мифопоэтикалық  мәдениетінің  қайнарларында, 
мақал-мәтелдерінде,  аңыздары  мен  жырларында  рефлексивтік-дүние-
танымдық бастаулар тамыр тартқан. Бұл оның еркін, дүниеге және басқа 
мәдениеттерге    ашық  сипатын,  сонымен  қатар,  өз  тұңғиығына  үңілетін 
терең сырлы табиғатын анықтайды. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, 
рухани-адамгершілік, зияткерлік дамуы және ұлттық төлсаналығы қалып-
тасуының  осындай  ерекшелігі  Ұлы  даланың  санғасырлық  мәдени  тари-
хының  барысында,  халық  ауыз  әдебиетінде  де,  қазақ  ойшылдарының 
философиялық ой-толғаныстарында да айқын көрініс береді.
Ортағасырлық қазақ жыраулар поэзиясы жанрлық жағынан рыцар-
лық  этостың  құндылығын  жырлайтын,  өмірде  болған,  сондай-ақ  аты 
аңызға айналған қаһармандардың ерлік істері мен кісілік келбетін мадақ-
тайтын батырлық-эпикалық поэзияның әлемдік дәстүрінің ажырамас бір 
бөлігі болып табылады. Рыцарлық мәдениет бұл ең алдымен бәсекелестік 
мәдениеті,  соның  аясында  ғана  жеке  тұлға  өзінің  әлеуметтік  дәрежесін 
анықтай  алады.  Рыцарлық  этостың  басты  сипаты  ар-намысты  жоғары 
қойып, даңқ пен батырлыққа ұмтылу. 
Сондықтан  да,  «бұл  дүниедегі  әлеуметтік  қарым-қатынасты  қалып-
тастыру  қанаттылар  әлемінде  «шоқушының  тәртібі»  орнығуына  ұқсас. 
«Шоқушының  тәртібін»  [39,  42  б.]  орнықтыруға  бейімділік  яғни,  иерар-
хияны  орнықтыруға,  жеңіп  алуға  талас  мәдениеттің  әртүрлі  типтеріне 
тән. Бернар Мендевильдің айтуынша қарны тоқ, нәпсінің қажеттіліктерін 
қанағаттандыруды көксейтін еркектердің бастары қосыла қалса олардың 
арасында  біріншілікке  тайталас  басталады.  Еуропалық  рыцарлық  этос 
толығымен  жеке  бастың  тайталасы  мәдениетіне  жатады  (шиеленіс  не-
месе ымырасыздықтан гөрі жарыс ретінде түсінілетін), өйткені бұл жер-
де өзіндік артықшылықты көтеруге жалпыға ортақ мүдде алдында жеке 
мақсатты жоғары бағалауға басымдық беріледі. 
Еуропалық рыцарлық идеалдан гөрі жыраулар поэзиясына өзек бол-
ған батыр-жауынгер немесе жігіт этосында бәсекелестік пен ынтымақтас-
тық  мәдениеттерінің  үйлесімі  мен  тепе-теңдігіне  қол  жеткізілген,  жеке 
басымдыққа  менмендіксіз  ұмтылған  (еуропалық  рыцарлық  идеалға 
байланысты Й. Хейзинг: «белгілі бір сұлулық деңгейіне жеткізгенмен де 
рыцорлық  идеалдың  өзегі  менмендік  болып  қала  береді»  [40,  70  б.]  деп 
атап көрсетті). Көпке ортақ мақсаттарға жету үшін еркін ұжымшылдыққа 
мүмкіндік туады (тысқы ықпалдың емес, ішкі адамшылық парыз әсерімен 
ұжымдасу). «Ар-ұят пен өзін-өзі жақсы көрудің құпия қоспасы» (Я. Бурк-
харт), дегдарлық ар-ождан мен өзін-өзі бағалай білуге ұласады.

158                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Жыраулар  қауымдық  ақылақтың  көрінісі  ретінде  тұлғалық,  тарихи 
және эпикалық сананы үйлестіре білді. Жыраулар шығармашылығында 
өзекті ой қазақ руларын біріктіру, көшпенді елдің тұтастығы үшін күрес, 
руаралық тартыстар мен қақтығыстарды тыю, әділетті және дана хандар-
дың  қолына  күшті  билікті  бекіту  идеясы  болды.  Отан  тарихында  алғаш 
рет жыраулар шығармашылығында бірінші орынға рулық тайпалық мүд-
делер емес, жалпыұлттық мемлекеттік идеялар шығарылды.
Дәстүрлі  қоғамдарда  тұлғалық  үлгілер  салттар  мен  ғұрыптарда 
қатаң сақталатын мазмұнға ие еді. Әрбір әлеуметтік топтар үшін ұстануы 
міндетті  ал  одан  аттаған  жағдайда  табуды  бұзғандай,  кісіні  қауымнан 
аластауға соқтыратын айырықша дәстүрлері болған. Ж.О. Ламетри «Әрбір 
таптың  өзінің  қастерлі  салттары  бар»  [41,  283  б.]  деп  көрсетті.  Алайда, 
отырықшы мәдениеттерде мәселен, көне Грек елінде тұлғалық үлгілердің 
құндылықтық  дәстүрлік  және  өмірмәндік  қондырғыларының  барлық 
қырлары  бойынша  біріне  бірі  қарама-қайшы  екі  типі  плейбойлық-
мещандық  (Гесиод,  Эзоп)  және  аристократтық-рыцарлық,  батырлық 
(Гомер)  этостарға  айқын  ажыратылады.  Көшпенді  мәдениетте  тұлғалық 
үлгілер батырлық эпостар негізінде ұлықтанады. 
А.И. Левшин атап айтқандай, Тауке ханның жеті жарғысы бойынша 
қазақтардың салтында құрылтайда қарусыз ер-азаматтың дауыс беру құ-
қысы жоқ және жасы кішілер де оған орын беруге міндетті емес. Барлық 
бас көтерер көшпенділердің жауынгерлік міндеттілігі болды. Қару-жарақ 
асыну әрбір ер-азаматтың заңды құқысы ғана емес міндеті де еді. Даланың 
ер-азаматтары  кез  келген  уақытта  қаруын  қолдана  алатын  соғысқа  сай-
ланған басқыншылық мақсаттағы қарулы күш еді (Ж. Делез және Ф. Гват-
тари «соғыс машинасы» деп атаған). Бұл тұрғыда жыраулардың қаһарман 
ақын, ерлік пен намыстың жыршысы болуы анықталады. 
Гректердің басым көпшілігі Гомер эпосының кейіпкерлері сомдаған 
қоғамның бекзадалық шонжарларына жатпаса да «Иллиада» мен «Одис-
сейдегі»  тұлғалық  үлгілер  мен  бекзадалық  құндылықтар  антикалық  дү-
ниедегі  көпшілік  тарапынан  ардақталғанын  айтпасқа  болмайды.  Кері-
сінше,  Гесиодтың  жырмен  сипаттаған  жерөңдеушілер  мен  малшылар, 
қолөнершілер мен саудагерлердің күнделікті, дәстүрлі өмір салтына тіке-
лей  сәйкес  келетін  құндылықтық  бағдарлар  мен  ұстанымдар  «тұлғалық 
үлгі»  деңгейіне  көтеріле  алмады.  Мұның  басты  себебі,  біріншіден,  ме-
щандық  этос  өмірінің  қарабайырлығы,  тоғышарлығы,  екіншіден  өмір 
салтының сәйкессіздігі мен құпиялығы.
Ортағасырлық  түрік  эпосында:  «Қолына  қобыз  алып  жыршы  елден 
елге жол тартты, кімнің ер кімнің ез екенін жыршы білер» дейді. Жырау-
лардың дуалы аузымен батырлардың ерлік істері даланың әр қиырына та-
рап мәшһүр болды. Батырлардың тұлғасы мен ерлік істерін сипаттау жы-
раулар шығармашылығында эпикалық кеңдікке ие болды [42]. Жыраулар 
поэзиясы көне эпикалық дәстүрдің жалғасы екендігі күмансыз, бірақ, дәл, 
толық мағынасында эпос деуге болмайды. Жоғарыда айтылғандай жырау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет