2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы 159
қазақи руханилықтың айшықталуы
жыр жолдарында ең алдымен өз руының жақсылығын, өзін жырға қосады.
Сондықтан автор кейіпкердің тасасында қалмайды, өзі кейіпкерге айнала-
ды және тұлғалық үлгісін әйгілейді. Жырау сөз өнерін де шебер меңгеріп,
садағы мен жебесіндей дәл де өткір қолдана білуі керек.
Атаның ұлы ер жігітке
Арту-арту бел келер,
Оқтан қатты сөз келер,
Алға сап жауап бермеңіз,
Арғы түбін ойламай!
Шалкиіз
Батырлық эпоста шайқаста жеңілмеуге тиісті батыр болғандықтан
ақын да сөз сайысында жеңілуге қақысы жоқ.
Жапанға біткен терекпін,
Еңсемнен жел соқса да теңселмен,
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын
Балталасаң да айрылман,
Сыртым құрыш, жүзім болат,
Тасқа да салсаң майрылман!
Ақтамберді
Батысеуропалық дәстүрде рыцарлық мұраты дананың мұратымен
ұштас болды, бірақ рыцар сері мен дананың тұлғалық үлгілері аралас-
тырылмады. М. Оссовская: «Рыцарлық идеал зияткерлік болмағандығы
күман туғызбайды, алайда бай эмоционалды өмірді қамтыды» [43, 97 б.].
Еуропалық рыцарлықтан айырмашылығы батырдың мұраты терең ақыл,
өмірлік даналыққа бай болды (Аристотельдік фронезис).
Ортағасырлық қазақ поэзиясының басты кейіпкері – далалық жауынгер
мұраты, оның жеке басының ерлігі мен әскери істегі ұтымды басшылығы ба-
тыр атағы берілуімен ардақталған. «Бұл дүниенің қызығын көріп өмір сүру,
шайқаста ерлікпен жан тапсыру, біздің ортағасырлық аталарымыз көшпен-
ді қоғам мүшелерінің өмірлік мұраты осы болғанға ұқсайды, олардың за-
мандас ақындары осылайша сипаттайды» [44, 41 б.]. Қаһарман майданда
алғы шепте болған адам. Жыраулар поэзиясы – «ер қаруы сай ақындар»
(А.Қодар) – бұл жоғарыда айтылғандай, жауынгерлік ерліктің поэзиясы,
өзінің мадақтау мен аруағын асыру жыры. Әрбір жырау батырдың тұлғалық
үлгісі жайлы нақты түсінігі болуымен қатар, өзін осы үлгіге саймын деп
білген. Бұл жайлы жыраулар жалған сыпайылықсыз, ашығын айтады:
Тәңірі жанын алмаса,
Тау аралап жол салмай,
Тас аралап құс салмай,
Арқаның бауырын қыдырмай,
160 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
және этномәдени негіздер
Арғымақ ару аттар арытпай,
Жат жерлерге бармай өзін танытпай
Өзден болмай би болмай,
Атаның батыр туған ұлына
Ойда жатпақ ұқсар ма!
Шалкиіз
Шалкиіздің тағы бір жыр жолдарында ерлік пен өрлікті сипаттайды:
Алаштан байтақ озбаса,
Арабыдан атты сайлап мінбен-ді!
Күлікке тастай болып тимесе,
Үстіме көбе сайлап кимен-ді!
Күмістен екі қолтық жоқ болса,
Сыпайшылық сүрмен-ді!
Алғаным ару болмаса,
Алдыма алып сүймен-ді!
Дулығамның төбесі
Туған айдай болмаса,
Батыршылық сүрмен-ді!!
Доспамбеттің шайқастан соң қансырап жатып, ажал алдында айтқан
жырында өткен өмірінің нәтижесін жырға қосады.
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен,
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен,
Тобыршығы биік жай салып
Дұспан аттым, өкінбен,
Тоғынды сарты нар жегіп
Көш түзедім, өкінбен,
Ту құйрығы бір тұтам
Тұлпар міндім, өкінбен,
Туған айдай нұрланып
Дулыға кидім, өкінбен,
Зерлі орындық үстінде,
Ал шымылдық ішінде
Тұлымшағын төгілтіп,
Ару сүйдім, өкінбен,
Бүгін, соңды өкінбей,
Өкінбестей болғанмын,
Ер Мамайдың алдында
Шаһид кештім, өкінбен!.. [45, 38 б.]
2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы 161
қазақи руханилықтың айшықталуы
Доспамбеттің бұл жырында далалық рыцарлықтың дәстүрлі тұлғалық
үлгісіне жататын ардақты далалық жауынгер батырдың өмірлік мақсатта-
ры мен мұраттарын анықтайтын құндылықтарды тізіп шығады. Қайратты,
тәуелсіз, тұлғаның мұратын жыраулар түркі халқының көне батырлық
эпосынан мұралап алса, осы мұрат қазақ дүниетанымында берік орнығып,
ортағасырлық жыраулар поэзиясын көктей өтеді. Алайда, уақыт өте келе
батырдың бұл тұлғалық үлгісі жаңа құндылықтармен, өлшемдермен толы-
ғып қана қоймайды, адамгершіліктену, руханилану бағытында сапалық
тұрғыда жаңғыра түседі.
Жыраулар поэзиясында жырланатын далалық рыцарлықтың мұраты
қатарына ерлік, жауынгерлік тәжірибе, қолбасшылық дарын, жанкешті
күрес пен жеңіске құштарлық қана кірмейді, сондай-ақ, бейбіт еңбек, білім,
қайырымдылық, әділеттілік ерліктің ажырамас бөлігі ретінде талап етіледі.
Жыраулар поэзиясының дамуы мысалында дәстүрлі қазақ дүние-
танымындағы жауынгер-батыр тұлғалық үлгісінің сапалық өзгерісін
бақылауға болады. Әрбір дәстүрлі мәдениетте ата-баба культі бар, бірақ
олар өзгеріске, эволюцияға ұшырайды. Этнографтардың еңбектерінде
дәстүрлі түрік дүниетанымында бұл эволюция өзіндік тотемдік мифо-
логияны әйгілеу арқылы жүзеге асқанын көрсетеді: ұжымдық рулық то-
темдер культі – жеке тотемдер культі (нагулизм) – атақты тарихи баба-
лар культі (аруақтар). Тотемдік рулық бастау анонимдік ұжымдық болу-
дан қалады. Еліктеудің үлгісі және өткен мен бүгінгіні байланыстырушы
түйіндер мифтік кейіпкерлер мен нақтылы тарихи тұлғалар бола баста-
ды. Қаһарман жауынгер бұ дүниеден өткесін аруаққа айналып, өз руының
жебеуші аруағы болды. Бұрынғы өткен батырлардың ерлік істерін жырға
қосу халық ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы еді.
Бұл жырлар тарихи тұлғалар мен олардың ерліктерін эпикалық
тұрғыда ұлықтау арқылы жастардың әлеуметтену үдерісіне ықпал ету
бағытында дәстүрлі мәдениетті ұрпақтар арасында таратуда басты рөл ат-
қарды. Тұлғалық үлгілерде рудың тектік генеалогиялық бірлігі ғана пай-
ымдалып қоймай, рухани тұтастығы негізделді. Ортағасырлық қазақ по-
эзиясында өзекті ой – ардақты адам асыл текті ата-бабадан тарайды деген
сенім. Қазтуған Сүйінішұлы: «тексізден қатын алмаңыз» деп ескертеді.
Түркі халықтарының көне батырлық эпосынан мұралаған және «әске-
ри демократия» дәуірінің өн бойында мызғымаған күшті тұлғаны ұлық-
тау мұраты ортағасырлық жырау поэзиясын көктей өтеді. Жыраулардың
барлығы дерлік көрнекті батырлар болғандығын атап өткен жөн. Алай-
да, көшпенді қоғамның жіктелуі, оның тұтастығы мен бірлігін жоғалтуы
нағыз жігіт бейнесін пайымдауда жаңа өлшемдері туындауына, батырлық
үлгіге гуманистік, эгалитарлік бастаулардың қосылуына әкеледі.
Енді кескілескен майданда дара шыққан батыр болу жеткіліксіз,
руластарының қамын жеп, бауырмалдық көрсету керек. XVI – ХІХ ғғ. қазақ
ақындарының бейнелеуінде қаһарман ерлік, қажырлылық, батылдық,
күрес пен жеңіске құштарлық қана емес, бейбіт жасампаз еңбек, білім,
162 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
және этномәдени негіздер
мейірімділік, парасаттылық тұлғалық үлгілердің ажырамас бөлшегіне ай-
нала бастайды.
Моңғол билеушілерінің арасында алғашқы болып исламды қабыл-
даған Берке хан дәуірінен бастап, Мұхаммед пайғамбардың діні далаға
дендеп енуімен, жылдар өткен сайын қандық-туысқандық байланыс идео-
логиясына зардабын тигізе бастады. «Жыраулар поэзиясы қазақылық
феноменімен бірге, исламның жаппай билігіне қарсылықтың көрінісі
болды. Яғни, еркін көшпенді өмірді құрсаудағы қалалық өмірге (немесе
империялық-исламдық өмірге деп оқу керек) сай көрмеу» [46, 309 б.].
Көшпенді ортада астыртын әлеуметтік-мәртебелік рөлдер емес, жеке
тұлғалық қатынастар мен қоғамдық пікір анықтаушы рөл атқарғандықтан,
адамдардың бәрі бірін бірі танып білгендіктен бұқпалап, тыныш өмір сүру
құпталмайтын. Адам өзінің абыройы мен атағын ардақтауы қажет. Бұл
рыцарлық этостың барлық түрлеріне ортақ мәдени императив – абырой
атағын ардақтау (vertus b honneur – деп Э.Депрюэль атағандай) белгілі бір
дәрежедегі конфессианалдық индифферентизмге ықпал етті.
М. Оссовская «...рыцарлықтың христиандық қаптамасы барынша жұ-
қа. Мойынсұнудың орнына тәкаппарлық, кешірімнің орнына кекшілдік,
басқаның өмірін құрметтемеу» [47, 95 б.] деп жазды. Далалық рыцарлықтың
«исламдық қаптамасымен» байланысты да осыған ұқсастықты көруге бо-
лады. «Алла деген ар емес» деген Бұқар жырау адам бойындағы ар-намыс
пен ождан болмаса жалаң сенім оның орнын толтыра алмайды дейді.
Ерлік сана ұзақ уақыт бойы исламдық құндылықтардың тасқынына
төтеп беріп, оған ерлік пен өнерге деген құрметті қарсы қойды. Қазтуғанның
таныстыру жырындағы жырау тұлғасының дүниетанымдық тәуелсіздігін
ұлықтауы таңқалдырады:
Мұсылман мен кәуірдің
Арасын өтіп бұзып, дінді ашқан
Сүйінішұлы Қазтуған!!!
Толғау жанрының өзі ғұрыптық емес, көркем фольклор арнасында
қалыптасқанын, о бастан зайырлы сипатқа ие екенін атап айту керек. XVIІІ ғ.
дейін жыраулар мұсылманданғанымен, ескі салт, жоралғыларды да сақтап
қалады. Алайда, олардың мұсылмандығы исламның шариғатынан гөрі
мұсылман мәдениетінің рухани құндылықтарын талғампаздықпен қабыл-
дауымен байланысты. Е.Д. Тұрсынов: «Далаға исламның ену үдерісін есеп-
ке алғанның өзінде бұл (шаманистік дүниені қабылдау – авт.) көнетүріктік
кезеңнен кейінгі көшпенді түріктердің әлемді модельдеу жүйесінде басты
орынға ие болып, өзінің мәнділігін XVIІІ – ХІХ ғғ. дейін сақтайды» [48, 31 б.].
Жыраулардың ислам фундаментализмін қабылдамағандығының дау-
сыз дәлелінің бірі Шалкиіздің Темір би Тіленшіұлына қазақ хандығы дамуы-
ның шиеленіскен, жауапты кезеңінде қажылыққа бармақшы болғандығына
байланысты айтқан толғауы. Жырау билеушінің шешімін сыртқы және
2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы 163
қазақи руханилықтың айшықталуы
ішкі қайшылықтар шиеленіскен кезеңді ескергенде мезгілсіз, жөнсіз, соқыр
сенімге сүйенген ой деп бағалайды. Шалкиіз «өткірлігімен, бейнелілігімен
елең еткізетін, дәлелдерімен бұлтартпайтын сөздер тауып айтады» (Ә. Қодар)
Ай, хан ием, сұраймын:
Тәңірінің үйі кебені
Ибраһим Халил алла жасапты,
Ғазырейіл – жан алмаға қасап-ты,
Жығылғанды тұрғызсаң,
Жылағанды уатсаң,
Қисайғанды түзетсең,
Тәңірінің үйі бәйтолла,
Сұлтан ием, қарсы алдында жасапты!
Осылайша, Шалкиіз оның ойға алған Меккеге қажылығы сыртқы
ғибадат қана, бұл ішкі рухани адамгершілік мазмұнмен байығанда ғана
құндылығы артатынын түсіндіреді. Шын мәніндегі діни ғибадат нақтылы
адамдарға бағытталған қайырлы істер мен риясыз қызмет деп біледі.
Ақтамбердінің толғауында қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарын
исламның ғұрыптық құндылықтарына қарама-қарсы қояды.
Мекені іздеп нетесің,
Мекеге қашан жетесің,
Әзір Меке алдыңда,
Пейіліңмен сыйласаң,
Атаң менен анаңды! [49, 129 б.]
Қазақ жыраулары Ұлы даланың қайталанбас болмыс кітабын жаз-
ды. Бұл кітапта поэзия мен шешендік сөз, тарих пен шежіре, ақылақ пен
құқық, мәдениет пен діни сенім тұтаса өрілді. Тұтастығы сонда көшпенді
жауынгер өмірінің біртұтас жүйесін құрады.
Далалық этостың поэзиялық артикуляциясы ретінде құралған жы-
раулар поэзиясы жеке тұлғаның әлеуметтік жауапкершілігінің және тұл-
ғалық еркіндігінің ауқымды кеңістігін айқындап, оның азаматтық, сая-
си, ұлттық төлсаналылығының көкжиегін кеңейтеді, дүниетанымдық
пайымының мәндік негіздерін сапалы түрде жаңғыртады.
2.1.3. Жыраулар шығармашылығындағы әлемнің, адам мен
қоғамның этикалық-онтологиялық тұжырымдамасының
ерекшеліктері
Мәдениет тарихшыларының зерттеуі көрсеткендей, дәстүрлі қазақ
мәдениетінің көне түріне тән көркем бейненің кеңістік-уақыттық сипаты-
164 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
және этномәдени негіздер
ның ерекшелігі уақыттың үш модальдылығының бәрі (өткен, болашақ,
қазіргі кезең) және кеңістіктің барлық түрінің (табиғи-физикалық жә-не
әлеуметтік, сакральды-мифологиялық және профандық) біртұтас толық
бірігу ретіндегі түсінігі болып табылады. Мысалы, шаман-бақсы жорал-
ғысын жасар кезде руластарының ата-бабаларын, мифологиялық кейіп-
керлерді, тарихи тұлғаларды, тәңірі мен тотемдерді өз ісіне көмектесуге
шақырады:
Үзеңгісі үзбе алтын,
Үзіле шапқан Жайсаң қыз
Құйысқаны құйма алтын,
Құйыла шапқан Жайсаң қыз!
Хан Шыңғыста әулие,
Қызыл таудың басында
Қыз әулие,
Баянауыл басында
Қоңыр әулие,
Өгіз таудың басында
Өгіз әулие,
Өлі десем өлі емес,
Тірі десем тірі емес
Ата Қорқыт әулие,
Қаракерей Қабанбай,
Қаздауысты Қазыбек,
Шақшақ ұлы Жәнібек,
Таздың арғы атасы
Шойынқара!
Е.Тұрсынов айтқандай, бұл салт-жоралғыға шаман-бақсылармен
бірге: Жайсаң қыз, көне түркілік ұлы Шыңғыс, оғыздардың аты аңызға
айналған бабасы Оғыз-Хан, аңыздық бақсы Қорқыт-Ата, Көне тотем түрік
Шойынқара, ХҮІІІ ғасырдағы Қабанбай батыр мен Жәнібек батыр және
Қазыбек би сияқты тарихи тұлғалар қатысады [50, 13-14 бб.]. Біртұтас
салттық-сиқырлы кеңістік-уақытта табиғат құбылысы мен табиғаттан тыс
күштер, атақты ата-бабалар қосылып, бірге әрекет етеді.
Кеңістік пен уақыт жайлы дүниеге қатынастың көне түрінің өзгеруі
мен соған барабар космогониялық-генеалогиялық түсінік заңды түрде
авторлық поэзияның жаңа түрінің қалыптасуына алып келді. Номадтық
мәдениеттің тарихын зерттеу барысында б.э. І-ғасырының ортасында ру-
хани өндірістің көне формаларының көпшілігінің өзінің мифтік-салттық
негізін жоғалтып, фольклорлық жанрға ауыса бастағанын дәлелдейді.
Жоғары құдірет пен ру-басылық табынушылықтың мифологиялық бейне-
сі төмендетіліп, олардың рефлекстік арақашықтығы мен поэтикалық-
2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы 165
қазақи руханилықтың айшықталуы
символикалық қайта ойлау мүмкіндігін анықтайтын халық бейнесіндегі
кейіпкерлерге айналады.
Дүниеге қатынас пен дүниені қабылдаудың салттық-мифологиялық
формаларының көркем-эстетикалық формалармен орын ауыстыруы,
соған сай дүниетанымдық рефлексия субъектісінің жаңа түрінің – ком-
позитор, әнші, актер-эксцентрик, ақын-жыршы: ақын, жыраулардың
қалыптасуы айтыстың шығуына байланысты, жыраулар репертуарына
кірген, лирикалық суырып салма, көркем-поэтикалық жанр толғау пайда
болғаннан кейін көріне бастады.
Көшпенді мәдениетте тотемдік «біз – бөтенбіз» кестесі түрлі салттық
тартыстар, жарыстар негізінде шешілді. Қазақ халқының дәстүрінде тотем-
дік топтардың салттық-ойындармен өзара қарым-қатынасының көне фор-
малары сақталған: «жүгіру, күрес және басқа жарыстар, сонымен бірге
әрқайсысы рубасылардың бақталастығын көрсететін кезеңдегі салттық сөз
тартысы» [51, 51 б.]. Осы өз руын мақтап, басқаны күлкі қылудан тұратын
«мазақтама дәстүрінен» халық ауыз әдебиетінің айтыс – жанры дамыды.
Айтыста қасиетті қарсыласу этикалық қырына ауысқан, бірақ қасиетті
арпалыс құрылымы сақталып, мазмұны сапасы жағынан өзгереді. Екі
рудың ақындары поэтикалық тартыста сөз жарыстыра отырып (айтыс тек
әртүрлі ру өкілдері арасында ғана өтеді), бір-бірін әшкерелейді, бұл тар-
тыста қарсылас рудың барлық мүшелерінің кемшіліктерін түгелдей әш-
керелейді, ал өз ата-бабасының қадір-қасиетін жоғарыға көтереді.
VІІІ–ІХ ғ.ғ. (Көнетүркі қағанатының өрлеуі мен соңынан тарау кезеңі)
археологтар мен мәдениет тарихшыларының куәландыруы бойынша,
көнетүркі поэзиясы дамудың жоғары деңгейіне көтерілді, ол өлең құры-
лысының шебер техникасынан, өлеңнің метрикалық қалпын, ұйқасы мен
аллитерацияны пайдалануынан, поэтикалық бейнені (әдеби ереже) және
т. б. құрудан көрінді. Болмыстың қасиетті және қорланған аймақтары-
ның ажырамас бірлігі мен өзара әрекетінің көптүрлілігі жайлы бұрынғы
түсінікті сақтай отырып, рухани тәжірибе негізгі түйіні адамдар әлемі бо-
латын жаңа құрылымды қабылдайды.
Бірақ руханилық тәжірибесін оның көркем-эстетикалық формасын-
дағы демифологияландыру, десакралдандыру, деритуалдау процестерін
осы тәжірибенің рефлекстік-сыни рационализация сызбасы бойынша
М. Вебер үлгісінің рухында әлемді «дұғаны қайтару» немесе «сыйқыр-
дан қайтару» барысында білдіруге болмайды. Номадтардың дәстүрлі
әлемге қатынасының негізі көне мифологиялық жүйені жіктегеннен
кейін ата-бабалар рухына – әруаққа табынуға алып келеді. Осымен бірге
дүниетанымның жалпы суреті (сызба, парадигмалық үлгі) күрделі логико-
семантикалық өзгеріске ұшырайды.
Болмыстың әрбір кішкене бөліктеріндегі көне ойлау бүтіннің көлем-
ді формасын табады, бірақ оның өзгешелігін жойып, даралығын көру
қабілетін жоғалтады, сонымен бірге, Гете айтқандай, «өмір тек жекелен-
генде ғана болатын жалпыға ортақтықты қиратады» [52, 220 б.]. Әлемнің
166 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
және этномәдени негіздер
мифологиялық бейнесіндегі заттардың, адамдардың, жағдайлар мен әре-
кеттердің өзіндік, өзіне тән ішкі құндылықтары жоқ.
Көне әлемді қабылдауда тұтас болмыс, өзіндік тепе-теңдік барлық
жерде өзіне тән сапасына сай келетін дербес аймақтарға бөлінбеген. Бұл
ойлау түрі үшін әлем кристаллға ұқсайды; егер оны сындырсаң әрбір бө-
лігі бастапқы құрылымын сақтайды. Сондықтан өзіндігі жоқ мифтік катего-
риялар мен бейнелер жеке болмыстың мәндік құрылымын бөліп береді.
Уақыт өте келе бұл діни, адамдық, және табиғи синкреттілік үш әлем-
нің тіршілігі: Жоғарғы – мейірімді құдайлар мен қорғаушы рухтар мекені;
Төменгі – адамға қас табиғаттан тыс тіршілік иелері; Орталық – шын мә-
ніндегі адам әлемі ретіндегі әлем бірлігі жайлы түсінік қайта жаңартылды.
Түркі магиялық-мифологиялық дәстүрінде үш әлемнің өзара әрекеттестігі
мен өзара тәуелділігі жайлы түсінік неолит дәуірінің аяғында құрылып, ша-
манизм түрін қабылдаған. Шаман дегеніміз осы үш әлемнің жүзеге асқан
бірлігі, сондықтан олардың салттық бітістірушісі ретінде көрінеді.
Жоғарғы әлем – Төменгі әлем – Орталық әлем желісі үш бөліктен тұрады.
Адам әлемі екі әлемнің жалғастырушысы ретінде жүреді, бірақ олардың
өзі адамның әрқайсысына қатынасын жанама түрде көрсетеді. Мысалы,
әруақтар – ата-баба рухы – орта әлемде өмір сүретін ұрпақтарға көмекте-
се отырып, жоғарғы әлемде тіршілік етеді. Төменгі әлемде өмірлерінде
қылмыс жасап, діни сенімді бұзған, салтқа сай жерленбеген адамдардың
рухы тіршілік етеді.
Сонымен бірге өлгендердің, тірілер мен әлі тумағандардың жаны,
адамдар мен жануарлардың жаны реинкарнация процесі ретінде туу мен
өлім цикліне қатысады. Басқаша айтқанда, үш әлемнің онтологиялық
өзара қатынасы олардың иерархиялық қатар бағынуы жайлы түсінікке
қарағанда қатар әлемдер тұжырымдамасымен үйлес. Сонымен бірге
Е.Д.Тұрсынов көрсеткендей, «мекендеуі адамға қолайлы болатын адам
әлемі мен жоғарғы әлем адамға және жоғарғы әлем басшыларына қас
төменгі әлемге қарсы» [53, 53 б.].
Осыған байланысты, космогониялық-онтологиялық үштік бөліну
принципіне негізделген әлем бірлігі этикалық-аксиологиялық бинарлы
оппозиция жатқан болмыс бірлігіне қарама-қарсы келеді. Бірақ бинарлы
оппозиция қарама-қарсы жақтары: адам жаны мен тәні (орталық әлем)
– рухтар әлемі (жоғарғы және төменгі әлем) болып келетін сол космо-
гониялық-онтологиялық арақатынасының қатыстылығында белгіленуі
мүмкін. Басқаша айтқанда, рух – жан – тән біруақытта екі формада болжай-
ды: 1. (рух – жан) – тән; 2. рух – (жан – тән).
Әлемнің мифологиялық бейнесінің дамуы нәтижесінде адамдар
әлемінің автономдығы идеясы қарама-қарсы келді. Рудың диахрондық-
синхрондық бірлігіне сәйкес әлемнің тұтастай этикалық-онтологиялық
үйлесімдікті ұғыну үлгісіне айналады. Ата-бабалар әрекеті ұрпақтарына
олардың ісінің теңқұқылы субъектісі ретіндегі кінәсі немесе сіңірген еңбегі
болып есептеледі. Адам өмірі рудың өмірімен үзілмес бірлікте болады,
2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы 167
қазақи руханилықтың айшықталуы
тіпті индивид өлімнен кейін де рулық қауымның бірігуінен шыға алмай-
ды. «У ішсең – руыңмен» деген қазақ мақалы бар.
Дәстүрлі қоғамның тіршілігіне сәйкес ортағасырдағы қазақ поэзия-
сының – «аталы», «атақты бабалары бар» мұраттары үлгілі-қағидалы мәнге
ие болды. «Кімнің атақты бабалары көп болса, солар «ең жақсы» адамдар,
ондай бабалары жоқтар «нашарлар» [54, 40 б.]. Адам қылықтары дәстүрлі,
алдын ала белгіленген қағида бойынша қайта жаңғырылуы керек.
Рашид-ад-Дин де айтып кеткен: көшпенділерде «өз балаларын басқа
адамдар сияқты дұрыс жолға түсіретін не діни қауым [милат], не сенім
[дин] жоқ болса, онда әрбір туылған балаға әкесі мен шешесі туу жайлы
аңыз [кабила] және шыққан тегі [насаб] жайлы түсіндіреді» [55, 248 б.]. Со-
нымен бірге мифопоэтикалық «оқиға логикасына» сәйкес кімде қасиетті
рулық мән нақты көрінсе, сол мықты тұлғаға, батырға айналады.
Эпикалық батыр Алпамыс жалпытүркілік көк (сұр) қасқырға – көк
бөріге айналады. Сондықтан оның мінезінің ерекшелігі, жасаған қылық-
тары, жеке бейнесі қалыптасуына қажетті өзіндік құндылық жеке-тұлғалық
емес, рулық бастаулар екендігі көрсетіледі.
Сонымен бірге рулық қауымның тұтастығын бұзудың шарасыз,
белгілі жағдайлары рухани бейнеге айналу логикасында көрініс тапты,
мифологиялық уақыт тарих уақытынан ығысып, көркем шығармашы-
лықтың жаңа сапасының қалыптасуына алып барды.
Әмбебап тарихи уақыт пен замандастарға арналған адамгершілік
үлгісі ретіндегі ата-бабалар әрекеті жайлы пайымдау жеке-тұлғалық,
поэтикалық шығармашылықтың авторлық бастауы жайлы және оның
әмбебап рухани-адамгершілік міндеті жайлы пайымдаумен заңды түрде
байланыста. Ақтамберді даңқты ата-бабаң болғанша құрметке сай, жақсы
адам болуды қалайды:
Білімді туған жақсылар
Аз да болса көппен тең.
Бұхар жырау таза руханилықтың онтологиялық артықшылығы та-
биғат құбылыстарында деп тұжырымдайды, өмір өткінші, рухани болмыс
мәңгі дейді.
Асқар таудың өлгені –
Басын мұнар шалғаны.
Көктегі бұлттың өлгені –
Аса алмай таудан қалғаны.
Ай мен күннің өлгені –
Еңкейіп барып батқаны.
Айдын шалқар өлгені –
Мұз болып тастай қатқаны.
Қара жердің өлгені –
168 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
Достарыңызбен бөлісу: |