және этномәдени негіздер
отыру салты (баланы бес жасынан бастап атқа мінгізу қуанышы), «ас жеу
–сорпа ішу – қымыз ішу» тізбегінің өзіндік жүйесінің орнығуы т. б. сала-
уатты өмірді толықтай қамтамасыз ете алатындығы қазіргі таңда әлемнің
көптеген өркениетті елдерінің назарында болып келеді.
11. Тәрбиелік-өнегелілік. Бүгінгі күнгі «Тал бесіктен жер бесікке
дейінгі» деп аталып жүрген адамның жетілуіне ғана қатысты салттар
мен ғұрыптардың барлығы, атап айтқанда; «жүкті келін, нәресте, бала,
жасөспірім, бозбала, жас, ересек, ел ағасы т. б.» әлеуметтік хронологиялық
жастағы адамды әр кездегі физиологиялық қабілеті мен табиғи физикалық
қажеттілігіне байланысты жан-жақты тәрбиелеудің формуласы іспетті.
Мәселен, жүктілік кезінде әйелге түнде далаға шықпау, шашын жаймау
сияқты сан алуан тыйымдар беріледі, бұның бәрі болашақ дүниеге келе
жатқан ұрпақ үшін жасалынатын тәрбие мен денсаулықтың шарттары,
тіпті себептері болуы да мүмкін.
Сонымен қатар салт-дәстүр мен әдет-ғұрып мазмұны бойынша да
өзіндік салаларға жинақтап көрсетуге болатындай құрылымдық жүйе
екендігі белгілі. Бұл бастаманы қолға алған А. Айтқазин қазақтардың
мұраттарын зерделей келе, оның саяси, құқықтық тәрізді өзіндік бағыт-
тарын сараптайды [4, 17-42 бб.]. Ендеше, бұл жалпы ұғымның мазмұндық
құрылымын жеке-жеке былайша жетілдіре түсуімізге болады:
Философиялық: ас үстінде мүше бөлу, адамы жоқ болса да үйге сәлем
беріп кіру, болашақты болжау салттары т. б.
Мәдени: өнер түрлері (қолөнер, фольклор т. б.), бесік жыры, ұлттық
ойындар т. б.
Әлеуметтанулық: Қонақжайлылық, ас беру, сүйінші сұрау, байғазы
беру, некелесу рәсімдері, рулық қауымдасу салттары.
Психологиялық (ниеттік): тасаттық жасау, бата беру, жоқтау әрекеттері,
«топырақты үйме» сияқты тыйымдар т. б.
Саяси-құқықтық: дат айту, «ата-баба аруағын қорлады» деп жазалау,
әлеуметтік құрылым (хан, би, батыр т. б.)
Этикалық-өнегелілік: үлкенді сыйлау, «қызға қырық үйден, ұлға отыз
үйден тыю» дәстүрі т. б.
Эстетикалық: ұзатылатын қыздың жасауын жасау, ұлттық киімдер,
ұлттық мерекелер кезіндегі салттар, қара жамылу т. б.
Этикеттік: «сөзді бөлмеу» дәстүрі, «қолыңды төбеңе қойма» тыйы-
мы, үйге оң аяғымен кіру үрдісі, аузыңды ашып есінеме табуы т. б.
Физиологиялық-медициналық: асау үйрету, әскери өнер жаттығулары,
нәрестені күту салттары, емдеу дәстүрлері т. б.
Гигиеналық: көне жұртты баспау, лас жерлермен жүрмеу, отпен алас-
тау, күлді баспа тыйымы т. б.
Аксиологиялық: жеті ата феномені, киелі заттарды құрмет тұту салтта-
ры, Қызыр Атаны құрметтеу, ата-баба аруағын сыйлау т. б.
Экологиялық: «суға түкірме», «көкті жұлма» сияқты тыйымдар, «бұлақ
көрсең көзін аш» өсиеті, аққуды қастерлеу т. б.
2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы 203
қазақи руханилықтың айшықталуы
Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың қазақ руханиятын қалыптастыруда-
ғы рөлі мен маңызын көрсету оның құрылымдық мазмұнынан туындайды
және ол құрылымдар руханияттың негізгі діңгектері болғандықтан, бұны
қалыптастырудағы ықпалын негіздеудің теориялық алғышарттары ашы-
лады. Қазақ руханиятының тарихи тамырының тереңде жатырғандығын
байыптаған Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты ту-
ындысында оның эволюциясының хронологиясын жасап, түпбастауын
бұдан 6000 жылдық уақыт аренасынан туындатып, бүгінгі күнге дейінгі
қалыптасқан он екі кезеңді ажыратып көрсетеді [5, 267-284 бб.].
Ендеше ұлттық руханият 15 ғасырлардағы Қазақ хандығының құрылу
дәуірінде немесе бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның кезеңінде бірден туа
салған құрылым, саяси-идеологиялық қондырма емес, биогенетикалық
ұрпақтар сабақтастығы арқылы ұлт рухының тарихи-мәдени түп тамыр-
ларынан жалғасын тауып келе жатырған байырғы ата тектерімізден та-
сымалданып, бүгінгі күнгі Қазақ Елінің руханиялық дәрежесі мен өмір
сүруінің витальдік күшінің кіріктірілген құндылығын айғақтап отыр.
Ұлттық Руханият белгілі бір этностың тұтас рухани мәдениет болмы-
сымен, тіршілік ету салттарымен, өмірлік құндылықтар жүйесімен,
оның ішкі дүниесімен астасып жатқан мызғымас, барынша тұрақты
ұстанымдардың, ұстындардың, қағидалардың, даналық бастаулардың
жүйеленген, объективтендірілген жиынтығынан құралатын болғандық-
тан, оның тасымалдану жолдары да көптүрлі.
Біріншіден, биогенетикалық тұрғыдан, ұрпақтар сабақтастығы ар-
қылы. Бұнда, тұтас этностың өміршеңдігін сақтайтын ұлттың қандық-
туыстық белгілер бойынша жалғасуы негізгі детерминант болып табыла-
ды. Демек, ұлттың руханиятын сақтайтын, алып жүретін тек саналылық
қана емес, биологиялық болмыс та, генетикалық ақпараттар да маңызды
рөл атқарады. Екіншіден, мәдени-әлеуметтік тәсіл айшықты орын алады.
Бұнда саналы, әдейі ұйымдасқан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын өнеге,
тәлім-тәрбие, білім, дүниетаным өзіндік тасымалдану бағдарын қамта-
масыз етеді. Үшіншіден, ұлттың рухы тұтаса келе, саяси, тарихи, рухани
тұрғыдан руханияттың сабақтаса түсуінің жалпы тұғырларына айналады.
Әдет-ғұрып пен салт-дәстүр руханияттың ішкі құрамдас бөлігі бол-
ғандықтан, оның тұтасқан бейнесінде өзіндік айшықты орын алады және
оның белгілі бір деңгейде жүйелі қалыптасуына, толығуына, өміршеңдігі мен
объективтендірілуіне ықпалын тигізетін маңызды фактор екендігі даусыз.
«Бұл қасиеттер негізінде қалыптасқан көшпенділік мәдениет, дүниетаным,
моральдық-этикалық нормалар мен тарихи салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар
жүйесі жатыр. Басқаша айтқанда, бұл қасиеттер – қазақ менталитетінің
негізгі көрсеткіштері, оның рухани болмысының өзегі. Сондықтан бұл
қасиеттердің кешегі қазақ бойынан, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқынан,
тұрмыс-салтынан, дүниеге қатынасынан, дүниені ұлттық тұрғыдан бейне-
леуінен, ойлау жүйесінен, сөйлеу мәнерінен, тілдік болмысынан көрініс
табуы таңғаларлық дүние болмаған» [6, 3 б.] деп тұжырымдаған ой-пікір
204 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
және этномәдени негіздер
де жалпы тұтастандырылған руханиятты қалыптастырудағы ата-баба
дәстүрінің маңызды рөлін атап көрсеткендей. Ендеше, жоғарыдағы сарап-
таулар мен жіктеулерімізді негізге ала отырып, дәстүріміздің ұлт рухания-
тын қалыптастырудағы келбетін былайша таразылаймыз.
1. Эстетикалық. Көркемдік дүниетаным әлемді бейнелейтін, субъек-
тивтендіретін құралдар – өнер мен эстетикалық сана-сезім арқылы бай-
ыпталады. Халқымыздың әсемдік пен сұлулық, қайғылылық пен асқақтық
призмасы бойынша дүниені қабылдауы және оның нәтижелерінің жиын-
тығы белгілі бір деңгейде тұтас көркемдік танымды қалыптастырып, қазақ
руханиятының терең тарихи тамырларынан көрнекті орын алып, бүгін-
гі заманға дейін сабақтасқандығын пайымдауға болады. Себебі, тарихи
көркемдік таным қазақ руханиятының субстраттық негіздерін құрайтын
және халықтың руханилық биік мәртебесін танытатын, асқақтататын, рух-
тандыратын, әлемді өздігінше түйсіндіруге, байыптауға, сезінуге жете-
лейтін ұлттық болмыстың тұтас эстетикалық келбеті. Сондықтан бұл
мәселені нақтылай түсу үшін, яғни, руханиятты қалыптастырудағы әдет-
ғұрып пен салт-дәстүрдің рөлін айқындау үшін, өзара ықпалдастығы мен
детерминанттарын таразылау мақсатында оны былайша жіктеп саралап
көрсете аламыз:
Эстетикалық – философиялық – руханияттық. Бұл орайда көркемдік
дүниетанымның элементтері мен ұстанымдары халқымыздың өмірмән-
ділік рухани ғұмыр кешуінің көріністерін айшықтап, дүниені қабылдау-
дың шебер ойластырылған тәсілдері мен оның сұлулығын терең фило-
софиялық тұрғыдан байыптай алуы маңызды жайт.
Халқымыз адам мен әлем қатынасында антропоорталықтық тұрғы-
дан пайымдауды емес, оның әрбір сәті мен құбылысына сүйсіне отырып,
туған жердің сұлулығына тамсанып, тұтас өзіндік «Дала Философиясын»
қалыптастырды. Ұлттық дүниетанымды зерделеуші Ж. Молдабеков қазақ
халқындағы өмірге құштарлық кредосының тұтастанған көрінісін аша оты-
рып, оны туған табиғатымен бірлікте болумен, оған деген сүйіспеншілік
қатынасты сақтау қағидаларымен дәйектейді: «Қазаққа туған жердің мал-
жанымен қатар торғайы да сүйкімді көрінеді. Оған құндылықтың бәрі
де бірдей. Оның ыңғайға деген құмарттығы оңды жағдайда артты, сол
жағдайға бейімделуінде өсті» [7, 59 б.].
Бұндай көркемдік танымның кеңдігі, табиғатты тұтасымен әсемдік приз-
масынан көре білуі руханияттың тамыры тереңдегі маңызды түйткілдері
болып саналады. Мәселен, халқымызда жиі қолданылатын және өздігінше
қастерлі саналатын – ала арқан (ақ пен қара тіннің кезектесіп өрілген түрі)
әлемдегі күн мен түн, жақсылық пен жамандық, әйел мен ер, аспан мен
жер сияқты барлық жұптарды бейнелеп, қарама-қарсылықтардың бірлігі
мен күресі заңын ниеттейтіндігін философ ғалымдарымыз атап көрсетіп
жүр. Себебі, ақ пен қара тін бір-бірінен ажырап кетпейді, кезектесіп
келіп отырады, бірін-бірі толықтырады және бір-бірі арқылы құрасады.
Бірақ бұны түпкілікті бітіспес қарама-қарсылық ретінде түсінбеу керек,
2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы 205
қазақи руханилықтың айшықталуы
себебі, тәңіршілдік сенімінде әлем бірлікте, тұтастықтан ғана құралады.
Бұл рәміздік бейне тұсау кесу дәстүрінде кездеседі, «біреудің ала жібін
аттамау» деген әділеттілік қағидасында қамтылады. Ала арқанның шығу
төркінін былайша пайымдауға болады. Адамзатқа алғаш рет жақсылық
пен жамандықты үйреткен [8, 74 б.] оның мәні мен институционалдық
жүйесін жасаған Зороастризм сеніміндегі жақсылық Рухы – Ахура Маз-
да мен зұлымдық Рухы – Анхра Майньюдың мәңгілік күресінің ишара-
сын көркемдік-тұрмыстық тұрғыда бейнелеп, оларды «ақ» пен «қара» деп
ажыратауға мүмкіндік берді. Бұндай түсінік бүгінгі күнге дейін сақталған:
«ақ ниетті», «аққа құдай жақ», «қара ниетті» т. б.
Сондай-ақ киіз үйдің құрылысын талдап көрсетуші ойшылдарымыз-
дың оның әлемнің шағын үлгісі болып табылатындығын байыптауы да
эстетикалық-философиялық-руханияттық тұрғыға орайласады. Мәселен,
«түндіктің»; әлемнің төрт бұрышын бейнелеуі – эстетикалық көрініс ретін-
де, оның төрт құбылаға қарай ашылуы, көшпелінің дүниедегі еркіндігі
мен кеңістікті шарлауының мүмкіндігін білдіруі – философиялық таным
ретінде ұлттың руханилық деңгейінің тылсымдығын паш етеді.
Эстетикалық-психологиялық-руханияттық деңгейде дүниенің әсемді-
гін өнерге психологиялық көшіру тәсілі арқылы анығырақ байқалады.
Нақтырақ айтқанда, сананың шығармашылық деңгейі заттар мен құбылыс-
тарға тұрмыстық-шаруашылық бұйымдарды ұқсату арқылы бейнелейді.
Мәселен, құмыра – әйел бейнесіне, торсық – ер бейнесіне, қамшы – малдың
құйрығына, қос ожау – әйелдің анарына т. б. сәйкестендіріп жасалғандығы
қазір көпшілікке танымал болып отыр.
Түркілік жазудың графикалық тұрғыдан шығу тегін зерттеушілер
жалпы адамзат өркениетінің табиғат құбылыстарына еліктеуден туатын-
дығын тұжырымдайды, шөпқоректілерге еліктеп, вегетарианшы, шөп-
пен емдеушілер туды, тотемге еліктеушілерден ет жеушілер қалыптасты,
қоңыз – тоқу қағидасын, аралар – ұялы құрылысты, құмырсқалар бір-
лескен еңбекті бергендігін атап көрсетеді [9, 7 б.]. Бұл – қазақ руха-
ниятының тамыры тереңде жатырғандығын, оның әсемдікті түйсіну
ерекшеліктерімен толықтырылып отырғандығын, табиғат пен даладан
көшірілген тұрмыстық-шаруашылықтық көріністердің ілкі замандардан
жалғасқандығын білдіреді.
Эстетикалық-акустикалық-руханияттық деңгейде дүниенің сұлулығы
мен әсемдігін байыптау тек формалық көрсеткіштер арқылы ғана емес,
акустикалық кеңістікті де қамтыды. Мәселен, аттың шабысы мен әлемдегі
ырғақтарды бойына жинақтаған – домбыра; қуаныш пен жігерлі ша-
бытты, түйенің боздауы мен аққудың саңқылын кескіндеген – қобыз;
қайғы мен мұңды, желдің гуілін бейнелеген – сыбызғы – ойлылық пен
парасаттылықты паш етіп, адамның үш түрлі көңіл-күйін ашып берді.
Яғни, эстетикалық-акустикалық бейне, біріншіден, сыртқы дүниені терең
байыптағандықты, екіншіден, оны өнерге айнытпай көшіре алғандықты,
үшіншіден, адамның психологиялық сәттерін түйіндегендікті білдіретін
206 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
және этномәдени негіздер
қазақ руханиятының байырғы заманнан бүгінгі күнге дейін қалыптасып
келе жатқан айшықты тұғырларының бірі. Мәселен, қазіргі халық ділінде
сақталып келе жатырған «Нағыз қазақ – домбыра» деген түйінді сөз бар.
Осыдан-ақ біздің халқымыздың руханиятындағы өнердің орны, «қазақ-
домбыра» біріккен ұғымындағы ұлтымыздың рухани келбеті мен ішкі
рухының тылсым көрінісі сипатталады.
Эстетикалық-гедонистік-руханияттық деңгейде көркемдік талғам
мен эстетикалық сезім басты рөл атқарады. Бұл әсіресе, ұлттық ойындар-
дан, ұлттық мерекелерден т. б. анық байқалады. Ұлттық ойын: икемді
қимыл мен қозғалыс, шабытты өміршеңдік пен белсенділік, оптимизм
мен қуаныш күйлерін тұтастай паш ететін жарқын өмірдің гедонистік
айнасы. Бұл руханияттың парасаттылық деңгейіне нұқсан келтірмейді,
керісінше, жалпы алғанда, тіршілік ету салтының мағыналылығын, өмір-
сүйгіштік эвдемонизмін, ғұмыр кешудегі әрбір сәттің бағалылығының
көрсеткіші болатын ұлттық болмыстың ішкі рухани-мәдени мәні болып
табылады. Мәселен, «қыз қуу» ойыны потенциалды отбасылық жұптарды
айқындаудың тәжірибесі, олардың бірін-бірі тани түсуінің сынағы, қыз
абыройы мен жігіт намысын тексерудің тұрмыстық-гедонистік нұсқа-
ларының бірі. Бұл – отбасы құрылуының шарты болып табылатын екі
субъектінің кездесу, табысу, танысу алаңы, әлеуметтік бағдар көрінісі. Де-
мек, бұл құбылыста адамзаттың даму тарихы мен ұрпақтар сабақтастығы
тізбегінің жалпы шарттары, халқымызда ойын түріне көшірілген, сәттілік
пен қуаныш арқылы өмірмәнділік әлеуметтік мәселе қойылған. Бұдан
қазақ руханиятының элементтерінің қалай құрылғандығын, мәдени-тұр-
мыстық түйткілдердің қалай жүзеге асуы тиіс болғандығын, оның моделін
көркемдік-экзальтациялық тұрғыдан қалай әспеттегендігін бағамдауы-
мызға болады.
Бұл, сайып келгенде, эстетикалық-әлеуметтік-руханияттық деңгейдің
бір көрінісіне, атап айтқанда, некелесу салттарына келіп тоғысады. Се-
бебі, ұлттық ойындардың түпмәні қашанда өмірмәнділік талаптарды
қанағаттандыруға қарай бағдарланып отырған. Мәселен, көкпар, теңге
ату сияқты ойын түрлері түптеп келгенде, жаугершілік заман талабы-
на сай әскери өнерге жаттығуға келіп тоғысса, ат жарыс, жорға жарыс
тәрізді түрлері шаруашылық салттарын меңгеруге бағдарланса, қыз
қуу отбасылық өмірге беталысты білдіреді де, түптеп келгенде, ұлттық
болмыстың рухани және материалдық негіздерін қалыптастаратын
элементтердің біріне айналады. Некелесу үдерісі, тұтастай алғанда,
қуаныш пен шаттық, үміт пен сенім аймағындағы эстетикалық идеал-
дың шындыққа айналуымен келіп тоғысады. Белгілі бір тәртіпке, жүйе-
лілік пен үйлесімділікке, сыйластық пен жарасымдылыққа бағдарлан-
ған әлеуметтік ұстанымдардың іске асу сәттерінде қыздың жасауы,
киімі, тойдың көркемделуі т. б. халқымыздың сан ғасырлар бойғы
жинақтаған көркемдік талғамы арқылы құрылады. Бұның бәрі отба-
сының тұрақтылығына, махаббаттарының мәңгілігін қамтамасыз ету
2. Дәстүрлі қоғамдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы 207
қазақи руханилықтың айшықталуы
үшін жасақталған терең рухани-адамгершілік канондарды тудырады да,
витальдік құндылықтар жүйесін айшықтайды.
2. Руханияттың қалыптасуының негізгі субстраттарының бірі – дін.
Жоғарыда атап өткеніміздей, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың теологиялық
қызметі руханияттың діни тармағымен келіп үндеседі. Бұл түйткілді
нақтылай түсу үшін байырғы діни сенім элементтеріндегі ата-баба дәстүр-
лерінің, ырымдары мен тыйымдарының исламмен кіріктірілген нұсқа-
ларын басшылыққа ала отырып, олардың қазақ руханиятын қалыптас-
тырудағы рөлін ашып көрсетуіміз қажет.
Тарихи-эволюциялық тұрғыдан, әуелі, Зороастризмдік-исламдық-
руханияттық деңгейді таразылап алуымыз қажет. Жалпыадамзат руха-
ниятының түп тамыры мифтерден бастау алатындығын ескерсек, әсіресе
көне ертегілердің (қиял ғажайып ертегілері) мазмұнына үңілсек, ізгілік пен
зұлымдықтың күресінің тек жақсылықтың жеңісімен аяқталатындығына
көз жеткізе аламыз. Осындай барлық ертегілерге тән фабула, біздің пай-
ымдауымызша, адамзаттың рухани сілкінісі, төңкерісі болып табылатын
жақсылық пен жамандықты ажырату тумастан бұрын, ол қалыптаса бас-
таған кезде де байырғы зороастризм сеніміндегі Ахура Мазда мен Анхра
Майньюдың күресі және ізгілік рухының жеңіске жетуі картинасының
моделінен көшірілген. Кейіннен бұл жақсылық пен жамандықтың ди-
хотомиясы ұмытылып қалмай, оны адамзат тарихи жадысында сақтауы
үшін және осы кредоны мәңгі ұстану үшін ертегілердің дәуірі адамзаттық
руханияттың мәңгілік діңгегіне айналды.
Байырғы қазақ даласындағы тайпалық бірлестіктер ұстанған зороа-
стризм кейіннен түркі халықтарының наным-сенімдерінде кең етек алып,
бүгінгі күнге дейін сарқыншақтары әдет-ғұрып пен салт-дәстүр құрамында
сақталып, халқымыздың руханиятының діни бағдарларын толықтыруға
септігін тигізіп отыр. Мәселен, отпен аластау салтының мазмұны тек
сакральді, имманентті «өзіндік зат» ғана емес, белгілі бір уақыттарда тиімді,
пайдалы үдеріс екендігі ғылыми тұрғыдан дәйектелуі мүмкін. Мәселен, от
зиянды микроорганизмдерді, вирустарды, тіпті жағымсыз психологиялық
аураны жойып жіберудің гигиеналық тәсілі екендігі белгілі. Қазіргі таңда
сол зороастризм дәуірінен сақталған НАУРЫЗ мерекесі берісі түркі-
мұсылман, әрісі Еуразия халықтарын біріктіретін өзара үндестік арқылы
түпруханиятты паш етіп отыр. Бұл – еліміз ұстанып отырған бейбіт қатар
өмір сүруді, Еуразиялық Одақ идеясын көркейте түсуді, мұсылмандар
қауымы бірлестігін нығайтуды, ынтымақтастық пен достықты қамтамасыз
етудің шынайы рухани шарттарының бірі деп айта аламыз. Себебі, аталған
мерекенің тұтастай көрінісі – адамдар арасындағы әлеуметтік теңдікті,
қайырымдылық пен қонақжайлылықты, бауырмалдық пен кешірімшіл-
дікті, молшылық пен өмірге құлшынысты бойына сіңірген.
Тәңіршілдік-исламдық-Руханияттық деңгей де байырғы тәңір идея-
сына ұйыған елдің бүгінгі таңда да сол дәстүрлерді сақтай отыра өмір
сүруімен байланысып жатыр. Шынтуайтқа келгенде, иудаизм, христиан,
208 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
және этномәдени негіздер
ислам сияқты діндердің қалыптасуына идеялық жағынан ықпал еткен
тәңіршілдік ұстанымы бүгінгі күнге дейін өзіндік сарқыншақтарын қазақ
даласында әдет-ғұрып пен салт-дәстүр кейпінде сақтаған. Ендеше, байырғы
түркі руханиятының негізін құрауға, жауынгерлік рухын көтермелеуге
септігін тигізген бұл сенімнің қазіргі ата-баба дәстүрлері түрінде сақталған
элементтері де қазақ руханиятының сол байырғы субстраттарын бүгінгі
күнге дейін тасымалдап отыр. Мәселен, тәңірдің (бұл жерде әлі Алла емес)
жаратушылық қызметі, ол туралы әфсаналардың түпкі фабуласы, негізгі
композициясы бүгінгі Авраамдық діндердің креационизм қағидасымен
үндесе келе, мәңгілік идеяға айналған.
Бұдан руханияттық тамырлардың, субстраттардың әлдеқандай
бір абсолютті тұғырлары да бар екендігі байқалады. Еркіндік пен Рухқа
негізделген бұл сенім өзінің осындай келбеті арқылы тарихта бірнеше
рет үлкен империя құрған, бірлік пен татулықты ұстана отырып, елдік
пен ерлікті мақтан тұтқан, өзінің түркілік Рухын әлемге әйгілеген, озық
мәдениеті мен өркениетін дүниежүзінің көптеген елдеріне таратқан, сөйтіп
руханилық бастаулар арқылы руханияттың келбетін көркемдеген, түркі
даласында жазба мәдениет бола тұра, ауызша тарайтын өркениеттің де
арналастығының тамаша үлгісін орнатқан. Бұл сайып келгенде, халықтың
жадысын жаттықтырудың, ақыл-ой мен есті дамытудың өзіндік парадиг-
масын тудыруға алып келді және ол өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Тәңіршілдік фанатизмнен тыс, нақты өмір сүрудің, рухтанудың, шабыт-
танудың, адамгершілікті сақтаудың т. б. нақты ишараттары мен салттары-
нан құралатындығын [10, 3 б.] негіздеген ойшылдарымыздың пікірлерін
басшылыққа алсақ, онда сан мыңдаған жылдар бойғы түркі халқының биік
жауынгерлік Рухын, өркениеттік үдерісті қолдағандығын, адамгершілік
қағидаттарын құндылықтар ретінде бағамдағандығының куәсі боламыз.
Демек, бұл да өз кезегінде халқымыздың руханиятының маңызды іргетасы
қызметін атқарған. Бүгінгі заманға дейін сақталған оның сарқыншақтары,
демек, қазіргі әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлердің біраз бөлігі сол дәуірлер
тынысынан жалғасқан қазақ руханиятын да әйгілеп отырған субстраттар
болып табылады. Ендеше, осы кезеңге дейін исламмен үйлесімді кіріктіріл-
ген бұл сенім исламдық-діни Руханияттың түп бастауларын құрап отыр
деп айта аламыз. Мәселен, «Тіпті «Аспан Рухына» табынудың өзі, біраз құ-
былып өзгеріп кетсе де, ХХ ғасыр басына дейін сақталған. Көк Рухы құдай
деген парсы атын алып» деп байыптаған түркілердің әділ тарихын жазу-
шы Л.Гумилевтің пікірі [11, 77 б.] Ислам мен Тәңіршілдіктің кіріктірілген
нұсқасын меңзеп отырғандығы шындық.
Шамандық-исламдық-Руханияттық деңгей. Шамандық сенім көптеген
әлем халықтарына ортақ, олардың руханиятының алғашқы іргелі және
еркіндіксүйгіш дүниетанымы ретінде өмір сүрген күрделі түбірлестік
сенім. Атап айтқанда, ол: миф пен ритуал, сенім мен дін, реалдылық пен
шынайылық, қасиетті феномен, эзотериялық ілім, халықтық медицина,
футурологиялық-прогностикалық жүйе, мистификациялық дүниетаным,
|