Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет30/49
Дата16.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#4223
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49

                                                      және этномәдени негіздер
айыптауларға байланысты Абай дүниетанымының өзекті бұлақтары тура-
лы айтылуға тиістінің бәрін жарыққа шығара алмағанын байқаймыз. 
Қырық жасқа дейін Абай шығармашылығы екі бұлақтан нәр алды деп 
айта аламыз: қазақтың халық ауыз әдебиеті және шығыс ойшылдары мен 
ақындарының  шығармалары.  Абай  ізашарлары  мен  замандастарының 
қолы  жеткен  табыстарының  барлығын  өз  бойына  қуатты  күшпен  сіңіре 
білді,  игерді,  қайта  жаңғырта  өңдеді  және  оларды  жинақтап  қорытты. 
Гете өзі туралы былай деп жазған еді: «Мен туындыларым үшін тек жеке 
басымның ақылдылығына емес, маған солар үшін материал берген мың-
даған адамдар мен менен тыс жай-жағдайларға қарыздармын» [8, 24 б.].
Абай  да  ұлы  неміс  ақынының  бұл  пікірінің  өзіне  қатысты  екеніне 
келісер  еді  деп  ойлаймыз...  Әртүрлі  дәуірлер  мен  халықтардың  әртүрлі 
философиялық ілімдерімен таныса отырып, Абай ең алдымен өзінің дүние-
танымына,  өзінің  рухани  дүниесіне  жақынын  таңдап  алды,  бұлардың 
бәрін  өз  бойына  сіңіріп,  өзінің  мәнеріне  салып,  қуатты  шығармашылық 
рухының жалынында ұстап шынықтырды. Абайдың айрықша осы қаси-
етін М. Әуезов мына сөздермен атап көрсеткісі келгендей: «Абайдың ер-
екше  өзіндік  талғамы,  зор  таланты  аталған  үш  қайнар-бұлақ  көздерге 
қарап-ақ көрінеді, ол өз талантын не жалғандықпен, не еліктеушілікпен 
бұрмалаған жоқ. Абай кең тынысты суреткерге тән қасиетпен жаңа мәде-
ниетті табиғилықпен өз бойына сіңірді дей тұрса да, ол бұл жерде өзінің 
суреткерлік және ойшылдық жарқын даралығын толық сақтады» [9, 85 б.].
Абай мұрасы – бұл халық даналығының, шығыс мәдениетінің, орыс 
әдебиетінің, қоғамдық-саяси ойдың және өз бастауларын антика дәуірінен 
алатын  батыс  мәдениетінің  синтезі  /өзара  ұласымы/.  Замандар  бойы 
қалыптасқан  ұрпақтар  даналығына  негізделген  халықтық  дүниетаным  – 
А.Құнанбаев дүниетанымының сөзсіз маңызды қайнар көздерінің бірі.
«Абай әке жағынан Тобықты руының әйгілі  билеушілері мен билері 
тұқымынан шыққан. Ақынның бабасы – Ырғызбай, Тобықтының белді биі 
әрі батыры... Абайдың өз атасы Өскенбай туған даласыңда тура бидің даң-
қын шығарған оған өз дауларына шешім іздеген алыстағы рулардың қыр-
ғыздары  /қазақтары.  –  Автор/  болып  келетін.  Абайдың  әкесі  Құнанбайдың 
өзге  рулардың  қырғыздарына  /қазақтарына,  –  Автор/  зор  ықпалы  болды, 
бұл билік текті сұлтандар қолына жинақталғанда, Құнанбайдың Қарқаралы 
округіне  аға  сұлтан  болып  сайлануынан  айқын  көрінді.  Абайдың  анасы 
Ұлжан  Бошан  руындағы  атақты  Бертіс  би  тұқымынан  шыққан.  Қырғыз  /
Қазақ. – Автор/ даласындағы Қоңтай мен Тоңтай секілді ағайынды сықақ-
шылар Абайдың анасы Ұлжанның туған ағалары болатын» [10, 1 б.] – деп 
жазады Бөкейханов – өз заманының көрнекті қайраткері, терең білімді эко-
номист,  тарихшы-ғалым,  әдебиеттанушы,  жалынды  публицист,  орыстың 
ғылыми  жұртшылығын  ұлы  қазақ  ақынымен  таныстырған  талантты  ау-
дармашы  [11,  203  б.].  М.  Дулатов  өзінің  «Абай»  деген  мақаласында  [12] 
жазғандай 1909 жылы Петербургтен шықкан қазақ ақынының өлеңдерінің 
бірінші жинағын шығаруда үлкен рөл атқарған – Ә. Бөкейханов. 

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       225
руханиятының түптамыры                                   
Көріп отырғанымыздай, әкесі жағынан да, анасы жағынан да Абайдың 
ата-бабалары халық таныған, әйгілі билер, әдет-ғұрып пен халық дәстүрі-
нің, қазақтың қалыптасқан хұқықтарының, халық даналығының білгірлері 
болған. Осыған байланысты ұлының рухани бейнесі мен қалыптасуындағы 
Абайдың әкесінің рөліне тоқталған орынды. Сөз өнері, қазақтың дағдылы 
/қалыптасқан/  құқықтары  және  Ресей  заңдары  туралы  бастапқы  білікте-
рін  Абай  осы  бір  жарқын  тұлғаның  аузынан  естіді,  сондықтан  да  оның 
бейнесін  қалыптасып  қалған  көшірмелерге  салмай  жасаған  жоқ. 
А.Янушкевич – жер аударылған поляк, Қазақстан тарихыңда ізгі белгі қал-
дырған  Адам  Мицкевичтің  досы,  Құнанбай  туралы  –  алғыр  ақыл,  үлкен 
ұйымдастырушылық қабілет иесі ретінде ашық сүйіспеншілікпен бағалап, 
оны пайғамбар даңқына лайық «сатып ала алмайтын адалдықтың төрешісі 
және үлгілі мұсылман» деп атаған, одан кеңес алу үшін алыс ауылдардан 
жастар мен үлкендер, кедейлер мен ауқаттылар келіп жататын, ол «басқа 
байлар /ауқаттылар/ Құнанбайдың кебісін әперуге жарамайтын» деп ашық 
айтады [13, 62-63 бб.]. Сөз соңында, Абайдың қадірсіз әкенің ұлын ұлы адам 
етіп тәрбиелеуі бұл өмірде болмаған жағдай деген сөзін еске аламыз.
Халық  рухын,  халық  тарихын  поэзия  тілінде  философиялық  ой-
тұжырыммен  бере  білген  Абай  –  өмір  мен  өлім  туралы  ойларға,  қазақ 
халқының  бірлігі  мен  топтасуы  жөнінде  ойларға  толы,  жеке  адамның 
еркіндігі,  адам  құқы,  махаббаты  үшін  күрес  идеяларын  қазақ  эпосынан 
алды. Абай Құнанбаевтың дүниетанымы көптеген тұстарда қазақ эпосы-
ның дүниетанымымен үңдес.
Абай үшін ой қайнары болған шығыс мәдениетінің де орны ерекше. Ол 
барлық араб-парсы эпосын, шығыс классик ақындарының шығармаларын 
түпнұсқасынан оқыды, Табари, Рабғузи, Рашид-аддин, Бабыр, Абылғазы-
Баһадур хан және басқалардың тарихи еңбектерін білді, Шығыстың діншіл 
ғалымдарының  түсіндіруіндегі  логика  негізі  мен  мұсылман  хұқы  негізін 
білді. «Жаңа кезең, – деп жазады Ә. Бөкейханов, – исламның табыстары-
мен және қазақ даласында нығаюымен суреттеледі, бұл Абайдың назарын 
араб, парсы және түрік тілдерінде жазылған кітаптардағы білімге аударды. 
Қабілеті мен бос уақытын жұмсай отырып, ол өз бетінше араб және парсы 
тілдерін игерді, ол тілдерде еркін оқи алатын және қасиетті кітаптардың 
білгірі деген атқа ие болды» [10, 2 б.]. 
Шығыстың Абайға әсері жөнінде әртүрлі  пікірлер бар: ол ойшылдың 
дүниетанымы қалыптасуындағы шығыстың шешуші рөлін мойындаудан 
бастап, оның әсері болуының өзін түтелдей жоққа шығару.
Қазіргі уақытта бұл мәселені тереңдей зерттеп-білуге ұмтылыс бай-
қалуда. М. Мырзахметовтың еңбегі үлкен қызығушылық туғызды. Зерттеу-
ші  көбінесе,  Абайдың  философиялық  көзқарастарының  қайнар  көздері 
Шығысқа  көбірек  саятынын  атап  көрсетеді,  өйткені  Шығыс  ойшылдары 
мен  ақындарының  идеяларын  игеру  Абайдың  көзқарасының  гу манистік 
аспектілерінің қалыптасуына әсер етті [14, 232 б.]. «Әл-Фараби және Абай» 
проблемасының қойылуы маңызды әрі қажетті болып табылады.

226                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Араб мәдениеті, арабтық-мұсылмандық Шығыс – бұл әл-Фараби мен 
Абай  үшін  бірдей  рухани  бастау,  олардың  арасын  жалғастырар  арқау, 
үндестік, олардың кейбір идеяларының бір-біріне тіл қатып тұрғандығы, 
байланыстылығы болып табылады. «Әл-Фарабидің этикалық ойларының 
дамуының  басталуы  болып  табылатын  негізгі  проблема,  –  дейді 
А.Х.Қасымжанов, – бұл сұлулық пен бақытқа адамның жетуі...» [15, 152 б.] 
Атап айтсақ, Абайдың және барлық қазақ Ағарту ісінің этика-әлеуметтік 
концепциясы бастауын адамды бағалау, оның бақыты мен адамдық бол-
мыстың  мәнін  қарастырудан  алды.  Абай  мұрасы  «ұлы  ақынның  шығар-
машылығының өзегінде жатқан әсемдікке ұмтылумен бейнеленеді», – деп 
академик Ә.Х. Марғұлан әділ бағалаған болатын [16, 68 б.]. 
Әл-Фараби  мен  Абайдың  жердің  жаратылуы  туралы  ойлары  және 
космогониялық және космологиялық түсініктері үндес. Әл-Фараби өзінің 
математикалық трактаттарында «8» санына баса назар аударған, ал Абай 
«Сегіз  аяқты»  жазған.  ...  Әл-Фараби  былай  деп  жазған:  «Әрбір  адамның 
әлемде (дүниеде) өз орны бар, Абай оны жаңғыртады: «Сен де бір кірпіш 
дүниеге» [17]. Идеялардың мұндай өзектестігін жалғастыра беруге болар 
еді.  «Әл-Фараби  және  Абай»  проблемасын  зерттеумен  шұғылданушы  – 
А.Машанов, екі ойшылдың арасын жалғастырушы арқау – өз еңбектерінде 
Әл-Фарабидің  философия,  музыка,  жаратылыстану  ғылымдары  туралы 
трактаттарына кеңірек тоқталған, мұсылман-діни ғұламасы Шахабутдин 
Маржани есімімен байланыстырады. Ш. Маржанидің шәкірттері Абайға 
медреседе  оқыған  жылдарында  дәріс  берген.  Абайдың  Маржаниды  көп 
оқығандығы жөнінде мәліметтер бар [17].
Шындығында,  ортағасырлық  араб-парсы  тілді  философияның,  араб 
мәдениетінің, араб-мұсылмандық Шығыстың Абай Құнанбаев дүниетаны-
мының  өрістеуіне,  қалыптасуына  әсері,  абайтануда  қалыптасқан  пікір-
лерден  әлдеқайда  жоғары.  Арабтық  Шығыс  пен  Орта  Азия  елдері, 
Қазақстан  арасындағы  байланыстар,  бүгінде  жалпыға  бірдей  танылған 
араб  және  батыс  еуропа  мәдениетінің  байланыстары,  өзара  әсерінен 
әлдеқайда тығыз екені даусыз. 
Шығыстың ұлы ақындары: Фирдоуси, Низами, Хафиз, Жәми, Сағди, 
Науаи,  Сайхали  және  басқа  тұлғалар  Абайдың  өмір  бойына  жадында 
қалды, ол солардың поэзиясымен тәрбиеленді, олардың рухымен тыныста-
ды, олардың поэзиясына тән поэтикалық шапағатқа, әлемді таңдандыру-
шылыққа, жоғары рухқа, үндестікке табынды. Олардың туындыларымен 
көптеген ұқсастықтарды Абай шығармашылығынан кездестіреміз, деген-
мен шығыс ойшылдары мен ақыңдарының ойларымен әсіресе, Абайдың 
Адамды  түсінуі,  оның  адамға  деген  махаббаты,  адамның  рухани  күшіне 
сенімі  неғұрлым  үндестік  тауып  жатады.  Шығыстың  ұлы  ойшылдары 
секілді Абай өзінің адамдарға арнаған: «Адам бол!» деген атақты қағидасын 
шығармашылығының негізгі желісіне айналдырды. Ақын қоғамның гүлде-
нуіне адамның имандылығының жетілуі жолымен қол жеткізуге болады 
деп сенді.

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       227
руханиятының түптамыры                                   
Қазақ  ойшылының  гуманистік  көзқарастарының  қалыптауына  үлкен 
әсерін тигізген Шығыстың рухани мәдениеті және қазақ фольклорында бей-
неленетін  халықтық  дүниетаным  Абайдың  шығармашылық  күш-қуатына 
ұзақ уақыт бойына /40 жасқа дейін/ нәр берген негізгі бастаулар болды.
Ұлы қазақ ойшылының дүниетанымына орыс әдебиетінің, қоғамдық-
саяси  ойының,  жалпы  орыс  мәдениетінің  әсері  туралы  қарастыратын 
болсақ,  оның  бірнеше  жолдармен  жүргені  туралы  айтуға  тиістіміз:  /әкесі 
жағынан/ інісі Халиолла Өскенбаев арқылы /Абай мен Халиолланың әртүр-
лі фамилияда болуы: Халиолланың өзіне фамилия етіп атасы Өскенбайдың 
атын алуы, ал Абайдың – әкесі Кұнанбайдың атын алуымен түсіндіріледі/, 
Семейдегі саяси жер аударылғандармен қарым-қатынас арқылы және орыс 
әдебиетінің  туындылары  мен  қоғамдық-философиялық  ойды  өз  бетінше 
оқып-танысуы  барысында  болды.  Осы  уақытқа  дейін  абайтануда  –  інісі 
Халиолланың  Абайдың  қалыптасуына  тигізген  әсері  жөнінде  белгісіз  се-
бептермен толық, өз дәрежесінде айтылмай келді. Осылай болып келсе де, 
бұл ықпалдың әсері үлкен болды, Абайдың Лермонтов, Тургенев, Толстой, 
басқа да орыс жазушыларының шығармаларымен бастапқы танысуы Хали-
олламен байланысты. Г.Н. Потанин ол туралы «Қырғыздың соңғы ханзада-
сы отауында» деген очеркінде қызықты мәліметтер келтіреді: «Маған Омбы 
кадет корпусын бітірген, одан кейін өз Отаны Семей маңында өмір сүрген 
бір қырғыз /қазақ – Автор/ сұлтаны /о дүниелік болған Өскенбаев/ туралы 
әңгімелеп берген еді: ол кешкі уақытта өз ауылдастарына орыс повестері мен 
романдарының мазмұнын әңгімелейтін және қырғыздар /қазақтар. – Автор/ 
оны ықыласпен тыңдайтын, оған өз әңгімелерін жазуды өтінетін, осылай-
ша қырғызша /қазақша – Автор/ жазылған Лермонтов, Тургенев, Толстой 
және басқалардың туындыларының еркін аудармасы жасалған дәптерлер 
пайда болды. Кей кезде, осындай әдеби кештердің кезінде қырғыздардың 
/қазақтардың. – Автор/ киіз үйінде пікірлер тиегі ағытылғанда, өз көзімен 
көрген адамның айтуына қарағанда, Өскенбаевтың орыс беделдерін пайда-
ланғанын естуге болатын: «Тыңдаңдар, бұл туралы белгілі орыс сыншысы 
Белинский былай деген!» немесе «бұл туралы орыс сыншысы Добролюбов 
мынадай пікірде болған!» [18, 331 б.].
Сібір кадет корпусында тамаша білім алған, орыс армиясының офи-
цері  –  Халиолла  оқыған  қазақтардың  арасында  да  өзінің  даралығымен 
көзге  түсетін.  Өз  халқының  шынайы  ұлы  болған  Халиолла  оған  барлық 
күш-жігерімен  қызмет етуге ұмтылды. «Ол өз руластарын, олардың тар 
«қайсақ»  дүниесінен  басқа,  өзгеше  әлемнің:  жарық  пен  білімнің,  ғылым 
мен  жоғарғы  сатыға  жетуге  мәңгілік  ұмтылудың  әлемі  бар  екендігіне 
үйретті».  ...Халиолла  кемеңгер  ақын  Абайға  үлкен  әсерін  тигізді»  деп 
Ә.Қ. Марғұлан М.О. Әуезовтің мерейтой кешінде жасаған баяндамасыңда 
атап көрсетті. Осы баяндамада Ә.Х. Марғұлан Халиолла Кавказдағы әскер 
құрамында  /1877  ж./  Тифлисте  болғанда,  Абайдың  бірнеше  өлеңдерін 
орыс тілінде жариялағанын айтқан [16, 66 б.]. Бұл өзіне зерттеушілер наза-
рын аударатын, өте қызықты факт деп ойлаймыз.

228                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Абайдың Семейдегі жер аударылушылармен достығы, олардың әсері 
туралы, аз еңбек жазылған жоқ, бірақ Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсынов-
тың осы мәселеге байланысты еңбектері, біздің ойымызша, әлі айтылмаған 
аспектілерді  көз  алдымызға  тартады.  Олардың  атап  көрсеткеніндей, 
Е.П.  Михаэлистің,  С.С.  Гросстың  Абайға  қатысты  басты  сіңірген  қызме-
тінің,  ең  бастысы,  оның  жер  аударылушы  достарымен  қарым-қатынас-
тан  алғаны  –  Абай  солардың  арқасында  өзінің  поэтикалық  және  фило-
софиялық шығармашылығына көзқарастарында төңкерісті бастан кешір-
ді. Ол енді өркениетті халықтарда поэтикалық және философиялық шы-
ғармашылықтың  құрметті  кәсіптердің  бірі  екенін  түсінді.  Егер  халықта 
поэтикалық шығармашылық беделге ие болмаса, онда кінәлі өнер емес, 
өз  өнерін  қайыршылық,  қол  жаю  кәсібіне  айналдырған  акындар  кінәлі. 
«Орыс  ақындарымен  танысып,  өлең  орны  қайда  екенін  білгеннен  кейін 
Абай өлеңге басқа көзбен қарап, басқа құрмет ықыласпен күтіп алып, төр 
түгіл, тақтан орын берген» деп жазады Абай шығармашылығына арналған 
мақаласыңда А. Байтұрсынов [19].
Сонымен,  ақынның  жер  аударылушы  достарының  басты  еңбегі  –
Абайдың өлең, ән, музыка шығаруы – сұраншақ /қайыршы/ ақындардың 
үлесіне тиген, сол арқылы нан тауып жейтін кәсіп деген түсініктерін /бұл 
сол кездегі қазақтардың қоғамдық санасында үстемдік еткен ұғым бола-
тын/ қиратуы болды.
Абайға қатысты Е.П. Михаэлистің, С.С. Гросстың, Н.И. Долгополовтың 
басты жетістігі – енді ол дала аристократиясы жек көретін ақын атағынан 
өзін төмендетеді деп қорынбайтын болды. Абай шайырлық шығармашы-
лық  жолына  түсе  отырып,  қазақ  ақындарын  өнерді  ауқаттылардан  ақша, 
мал алу құралына айналдырғаны, «әннің алтын сөзін мысқа айналдырғаны» 
үшін айыптады.
Абай орыс тілін өте жақсы білді, оны сезінді, тілдің нәзік тұстары мен 
реңктерін түсіне білді. Ол қазақ «тіліне Пушкиннің «Евгений Онегинін», 
Крыловтың мысалдарын, басқа да ақындардың өлеңдерін аударды, оның 
аударуындағы  «Дума»,  «Қанжар»,  «Желкен»,  «Дұға»  секілді  Лермонтов 
туындылары аударма өнерінің күні бүгінге дейінгі маңдайалды үлгілері 
болып  табылады.  Академик  Ә.Х.  Марғұлан  Ленинград  университетінің 
тарих-әдебиет  факультетінің  студенті  болып  жүргенде,  профессор 
В.В. Сипковскийге Абайдың 1909 ж. Петербургте жарық көрген өлеңдері 
кітабына кірген «Евгений Онегиннен» аудармасын көрсеткенін еске ала-
ды, профессор жылы жүзбен таң қалып: «Бұл өте қызықты. Басқа шығыс 
әдебиетінде  біз  мұндай  жайды  кездестірген  емеспіз.  Мен  Абайды  уни-
верситет лекцияларына енгізіп, бұл циклды «Абай сағаттары» деп атай-
мын,  өйткені  студенттер  онымен  таныс  болуы  керек»  деген  [20,  176  б.]. 
Абайдың аудармашылық өнеріне бұл саладағы білікті адамның жоғары 
баға беруі, оның ақындық келбетіне шығыс әдебиетіндегі бірегей тұлға 
ретінде құрметтеуі – бұл есте сақталатын, назар аударуды керек ететін 
факт.

                                     3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі  қазақ                                       229
руханиятының түптамыры                                   
Орыс  әдебиеті  мен  мәдениеті  Абайға  дәл  осындай  ықпалын  тигізді, 
ол  қазақ  халқының  соған  араласуына  қызу  тілекте  болды:  «Орысша  оқу 
керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр... Орыстың 
ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі» [21, 
161-162 бб.].
Орыстың  қоғамдық-философиялық  ой-санасы  Абай  Құнанбаевтың 
эстетикалық, кейбір этикалық талғамдарына едәуір әсерін тигтзді. Абай 
үшін  дүниетанымның  өрістеуі  барысында  мирасқорлық  жеке,  өзіндік 
бағыты  –  өз  бастауларын  антикалық  /ежелгі/  дәуірден  алатын  батыс 
Еуропалық  мәдениеті  болды.  Қазақ  ойшылы  Сократтың,  Платонның, 
Аристотельдің  философиясын  білген,  оған  ол  жөнінде  шығармалары 
куәгер.  Ол  Спенсердің  «Тәжірибелерін»,  Льюистің  «Позитивтік  филосо-
фиясын»,  Дрепердің  «Еуропаның  ақыл-ойының  дамуын»,  Милль  Бокль-
дің  және  басқа  көптеген  авторлардың  еңбектерін  оқыды  деп  жазады 
Ә. Бөкейханов және Д. Кеннан [10]. Оның қазақ тіліне аударған өлеңдері 
арасында Байрон, Гете, Шиллер, Мицкевичтің өлеңдері кездеседі. 
Абай Гетенің «Жолаушының түнгі әнін» лермонтовтық «таулы шың-
дар» арқылы «Қараңғы түнде тау қалғып» деген керемет аударма жасады. 
«Гете және Абай» атты өте қызықты эссе-еңбек жазған Г.К. Бельгер Абай 
поэзиясының  терең  философиялығын  ерекше  атайды  және  Абай  осы 
өзгешелігімен  Гетеге  керемет  жақын  деп  есептейді.  «Гете  және  Шығыс», 
«Абай  және  Батыс»  –  осы  жолдардың  түйіскен  жерінде  зерттеушілерді 
жаңалықтар күтіп тұр деп әділ бағасын береді Г. Бельгер [8, 45 б.]. 
Батыс, батыс өркениеті – өзінің философиясымен, қоғамдық ойдың та-
рихымен, ғылымымен өз дүниетанымында Батыс пен Шығыстың синтезін 
/ұласуын/  жүзеге  асырған  қазақ  ойшылының  рухани  өсуі  барысында 
маңызды рөл атқарды.
Біз,  Абай  Құнанбаевтың  рухани  өрістеуі  барысындағы  сабақтастық 
қалайша жүзеге асқанын, оның дүниетанымы мен шығармашылығы қан-
дай  қайнар  көздерден  нәр  алғанын,  мұндай  топтастыруларда  кездеспей 
қоймайтын кейбір схематизмдерге /еліктеушілікке бой ұру/ есеп бере оты-
рып,  көрсетуге  тырыстық.  Ойшылдың  бұл  әртүрлі  мәдениетті  игерудегі 
күрделілік,  жинақтылық,  өзара  өрімдестік  және  өзара  байланыстылық 
жайлары ешбір күдік келтірмейді.
Абай философия бойынша іргелі еңбек жазбаған, алайда оның қала-
мынан  терең  философиялық  поэзиясынан  басқа  философиялық  тол-
ғаныстардан,  төлтума  философиялық  идеялардан  тұратын  «Ғақлия»  не-
месе  «Қара  сөздер»  атты  еңбек  туды.  1918  жылы  жарық  көрген  «Абай» 
журналында Ж.Аймауытұлы «Журнал туралы» деген мақаласында Абай-
дың  философиялық  дарынына  алғашқылардың  бірі  болып  баға  бере 
келіп, былай деп дәл атап көрсетті: «Ақыл, білім, сезім, терең ойлылығына 
қарағанда Абай қазақтан шыққан философ /данышпан/» [22]. 
Абай жөнінде, бұл – «адам» дейтін орталық нүктеге қарап, тепе-теңдік 
ұстайтын  тұтас  әлем,  Абай  ғарышы  деу  жөн.  Адамшылық  мәні,  оның 

230                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
этикалық һәм эстетикалық келбеті, өмірінің мәні мен мағынасы, зерде мен 
сезім дүниесі ойшылды тебіренте толғантқан. «Абайға келгенде, ... адам 
мен адамгершілік, ұждан, мораль, философиясына тікелей қатысы бар» 
толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әр сапалы, терең ойлы пікірлері 
бар екені даусыз. Біздің білуімізше, Абайдағы философиялық көзқарастың 
көбі адамгершілік, мәселесіне тіреледі» деп жазады М.О. Әуезов [23, 171 б.].
Бұл пікірді мақұлдамау қиын, өйткені адам проблемасы және оның 
қоршаған дүниеге қатынасы, өмірінің мәні философияның жалпы өзегін 
құрайтыны,  оның  басты  эерттеу  нысанасы  болып  табылатыны  ежел-
ден белгілі жәйт. Абай үшін негізгі мәселе – адам проблемасы, ол және 
де  кең  ұғымда  алынған.  Дәлірек  айтсақ,  философиялық  мәселенің  бір-
бірімен  тығыз  байланысты,  сабақтас  этикалық,  эстетикалық,  әлеуметтік, 
гносеологиялық және басқа қырлары болғандықтан адам проблемалары, 
проблематика, адам проблемалары жиынтығы тұрғысынан келеді.
Сонымен, біз адамды Абайша түсінудің тұжырымдарына белгілі бір 
анықтама беруге ұмтыла отырып, бұны жасау қиынның қиыны екендігіне 
көзіміз жетті, шынын айтқанда, «осы ұғымды анықтауды», – жалпы қажет 
емес пе деп ойладық, өйткені: бұл оны тарылтып, төмендетіп жіберетіндей. 
Тіпті кез келген анықтаманың өзі – қажеттілікке орай қолға алынған заттың 
тек бір ғана немесе бірнеше қырларын көрсете алады. Ал барлық затта –
қырларының саны шексіз. Бұл, бірақ анықтаманың қажеті жоқ деген емес. 
Алайда ол барлық анықтаманың шартты әрі заттың мәнін түгелдей бере 
алмайтындығын  білдіреді»  [24].  Біз  А.Ф.  Лосевтің  осы  бір  нақты  әрі  өте 
нәзіктікпен түсіндірген түйінімен келісе отырып, бүл қазақ ойшылының 
философиялық  тұрғысын  анықтауда  біз  кездестірген  қиындықтарды  то-
лық бейнелеп береді деп ойлаймыз. Абайдың адамды түсінуі оның эти-
калық  көзқарастарынан  ажыратып  алғысыз  дей  тұрсақ  та,  ойшыл  адам 
проблемасының  этикалық  қырына  өзінің  негізгі  назарын  аударды  деп 
айта аламыз, оның бүкіл шығармашылығының өн бойы «толық адам» – 
өз мәніндегі, иманды, үндестікке толы адам туралы терең ой-толғамдарға 
толыал оның басты мақсаты – Адам болу үшін неге жақын, неден қашық 
жүру  керек  екендігін  үйрету,  жақсылық  пен  жамандықтың  ақиқаттық 
болмысын  ашып  беру  еді.  Абай  өз  рулас  ағайындарына,  қазаққа  арнап, 
былай деген: «Екі сөздің басын қосарлық не ақылы, не ғылымы жоқ бола 
тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр «өй, тәңір-ай!» деп таласа бергеннің 
несі сөз? Оның несі адам?» [21, 179 б.].
Абайдың өз шығармаларындағы негізгі ұстанған этикалық қағидасы – 
бұл «Адам бол!» деген үндеуі – ол ойшыл-ақынның шығармашылығының 
өзегіне  айналды.  Абай  үңдеуінің  этикалық  мәні  –  адамның  өмірдегі  мін-
деті  мен  рөлін  жоғары  бағалау.  Адам  –  ақын  көзқарасында  ақыл-ойдың, 
адамшылықтың,  еңбексүйгіштіктің  және  білімділіктің,  достық  пен  махаб-
баттың түгелдей көрініс табуы, жинақталуы. Ай мен күн – аспан әлемінің 
әшекейі, орман мен жемістер – таудың әшекейі, ал жердің сәні – адам. Абай 
үлкен мақтанышпен: «Адам деген даңқым бар!» деп жар салады [25, 86 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет