Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


 Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы



Pdf көрінісі
бет38/49
Дата16.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#4223
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        285
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
социализмнің идеологияландырылған көзқарасынан басқаның барлығын 
тәрк  етуі  болды.  Сөз  жүзіндегі  жарлықтары  «теңдік»,  «туысқандық», 
«ынтымақтастық», «жолдастық» – деген ізгілікті ұғымдармен көмкерілген 
идеялардың астарында отаршыл, жымысқы пиғылдар жасырынып жатты. 
Қоғамдағы таптар бөлінісін, солардың күресі арқылы революциялық 
төңкерістер жасап пролетариат диктатурасын орнату еді. Коммунизм мен 
социализм  ілімінен  алынған  идеяларды  қазақ  қоғамына  күштеп  таңды. 
Қазақ сахарасы сияқты пролетариаты жоқ елді «бай» мен «кедей» тапта-
рына  жіктеуге  тырысты.  Тұрмыс  тіршілігі,  рухани  әлемі  өзгеше  жұртқа 
мүлдем  жат  идеологияны  күштеп  таңып,  социализм  құруды  бастап 
жібергені отаршыл, зорлықшыл Империяның өктемдікке негізделген іс-
әрекетінің салдары еді. Көшпенділер өркениетінде тарихи жадты сақтау-
шы да оны ұрпақтан ұрпаққа беруші рухани кұрылымдар еді. Ешқандай 
экономикалық және саяси құрылғылар бұл рөлді атқара алмайтын. Кез 
келген рухани мәдениет өзінің мазмұнымен айқындалады [18].
«Түрі  ұлттық,  мазмұны  социалистік»  деп  аталған  формулаға  сәйкес 
келмеген әдебиет, тарих, тіптен өнер туындыларына шейін қатал партия-
лық  сынақтан  өтуі  нәтижесінде  руханилық  шығынға  ұшырады.  Бұл  ре-
волюция  біздің  халқымыздың  тарихи-табиғи  дамуындағы  прогресті  бір 
ғасырға шегерді. Қазақтар осы тіл мәселесінің төңірегінде бір ғасырға жуық 
мерзім бойы әртүрлі шаралар, қаулылар қабылдаумен келеді. Бүгінгі күнгі 
жаһандану заманында да өзінің өзектілігімен маңызды болып отыр.
Ұлтымыздың тілін, дінін, бүкіл рухани болмысын қорғап, жетілдіру 
жолында  күрескен  алаш  азаматы  А.  Байтұрсыновтың  күрделі  ғұмыр 
кешкендігі  жайлы  С.  Сейфуллиннің  пікіріне  назар  аударсақ  онда:  «Ах-
мет  коммунист  партиясында  да  көп  бола  алмады.  Көп  бола  алмай-
тыны  белгілі  еді.  Ахаң  байлардың  құлдығында  шіріген  жарлылардың 
айқайшысы  емес,  олардың  қолшоқпары  емес,  бірақ  байын,  кедейін  ай-
ырмай,  қазақты  ғана  сүйетін  ұлтжанды  еді».  Ахмет  Байтұрсынұлының 
ұстанған жолы мен көзқарасы туралы осы айтылған ойларынан, Сәкеннің 
өзінің  дүниетанымын  аңғару  қиын  емес.  Халықтың  тұтастығы,  дербес 
ұлттық автономия туралы идея, ұлтымыздың әлеуметтік-мәдени және ру-
хани  өркендеуі  туралы  көзқарастары  оның  түпкі  мақсат  мүддесі  болды. 
Көздеген түпкі мақсат мүддеге беріктік, табандылық, төзімділік сияқты ізгі 
қасиеттерінің арқасында ұстанған идеясы жолында қасқая қарсы тұрды. 
Патшалық Ресейдің одан кейін Кеңестік Қызыл Империяның түрмелері-
не  қамалу  оның  мықты  рухын  жасыта  алмады.  Халқымыздың  басына 
түскен  бозтопалаң  жылдар  кеңестік  кезеңде  де  жалғасып  жатты.  Абай, 
Шоқан, Ыбырайлардың көксеген арманын жалғастырушы қазақ зиялыла-
ры қуғын-сүргін мен күреске тола ғұмыр кешті. 
Қазақ руханиятын өрлетудің жолында тыныс-тіршілік тоқтаған жоқ. 
Өйткені  халық  тұрғанда  ол  желі  үзілмек  емес.  Олардың  барлық  көзде-
ген  өмірлік  мәні  ұлтын  басқа  жұрттармен  тең  ету,  олардың  қатарына 
қосу. Халқыңа қызмет ет. Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келген ғұмыр 

286                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
жеткенінше  істеп  кетелік.  Малша  оттап,  асап  ішіп,  халық  үшін  қам 
қылмай,  қарын  тойғанына  мәз  болып,  мал  өлімінде  өлмейік!  [19].  Осы 
қағиданы олар өз іс-әрекеттерінің, мақсаттарының, жан-дүниесінің үнемі 
бағыттаушы күші ретінде ұстанды. 
Ресейдегі ұлы революция осылайша Кеңестер Одағын үрейге толты-
ра, қанға бояй отырып өзінің жеңісіне жетті. Социализм құру идеясынан 
басқа ой, сезім, пиғылдардың бәрін ығыстырды. Қоғамда темірдей бір ғана 
тәртіп,  алда  бір  ғана  мақсат,  бір  ғана  пиғыл  болуға  тиіс.  Тоталитарлық 
жүйедегі  негізгі  идея  жалғыз  және  абсолюттік  ақиқат  болды.  Кеңестік 
идеологияның  қаһарына  әуелі  қазақ  зиялылары  ұшырады.  Олар  жан-
жақты білімдарлығына парасаттылығы сай, халықты аузына қарата алды 
және  соңынан  жұрты  ерді  де.  Елде  қалыптасқан  саяси  ахуалды  ақиқат 
тұрғысынан бағалай білді. Сол кездегі қалыптасқан жағдайды ескере оты-
рып  ғылым,  біліммен  қаруланып  халқының  рухын  оятып,  сол  арқылы 
тәуелсіз ел қатарына қосуды мақсат етті. Кеңестік билік тұсында алашорда-
шыл қазақ зиялыларына сенімсіздікпен қарап, оларды кеңестік қызметке 
қолданғанмен  үнемі  бақылауда  ұстады.  Бірақта,  Ә.  Бөкейхан  болсын, 
А.  Байтұрсын  болсын  өздерінің  шығармашылық  қызметін  тоқтатпады. 
1927-1932  жылдар  аралығында  Мәскеуде  КСРО  халықтарының  орталық 
баспасында әдеби қызметкер болып жүріп көптеген кітаптар, аудармалар, 
мақалалар жазып ұлтының рухани қазынасын толықтырды. А. Байтұрсын 
1923  жылы  Мәскеуде  қазақтың  эпостық  жырын  «Ер  Сайынды»,  1926  ж. 
«Әдебиет танытқыш» атты қазақ әдебиетінің теориясы мен тарихы жай-
ында кітаптар шығарды. 
1920-30  жылдары  қазақ  мектептері  мен  педагогикалық  оқу  орында-
рында пайдаланып жүрген оқулықтар мен оқу құралдарының барлығын 
дерлік  қазақ  зиялылары  жазды.  Алаш  қозғалысына  белсене  араласқан 
кезеңнің зиялылар тобы оқу ағарту комиссариатын, ғылым, өнер, баспа, 
ұлттық баспасөзді ұстап тұрды. Ал, партия болса Қазақстанда оқу ағарту 
ісіне ұйымдық кадрлық тұрғыдан бақылау қойып, араласып қана қоймай, 
сол қолданылып отырған математика, химия, биология, тіл пәндерінің өзі 
де бұрынғы буржуазиялық идеологияның ықпал құралындай көрді. 
Ұлт  зиялылары,  ұлттық  саяси  элита  тарихын  зерттеуші  тарихшы 
ғалым М. Қойгелдиевтің кеңестік кезеңдегі большевиктік идеологтардың 
күресін жан-жақты талдаған еңбегінде: «Большевиктер мен олардың көсем-
дері Кеңестік биліктің алғашқы күндерінен-ақ Қазақстан мен Түркістанда 
таптық-партиялық  мақсаттарды  емес  ұлт-азаттық  мүдделерді  көздеген 
элитаны жолықтырды. Сондай-ақ бұл элитаның халық арасында ықпалы 
зор еді. Халық пен оның саяси элитасы арасында қытай қорғанын орнат-
ты» – деп жазды. Қазақ халқының басына түскен трагедиясының салдары 
жайлы былай деп қорытындылайды: «Алаш зиялыларының соңында келе 
жатқан  жас  ұрпақ  мәскеулік  биліктің  азаттық  қоғалыстың  басшыларын 
қалайша  тұқыртып  жойғанын,  сондай-ақ  олардың  сіңірген  еңбегі  мен 
күрес тәжірибесін көпе-көрнеу жоққа шығарғанын көзімен көрді. Ендігі 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        287
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
уақытта орталық биліктің айтқанына көнбеген күнде, алашордалықтардың 
кебін  киетіндіктерін  айқын  түсінді»  [20].  Қазақ  философиясының  тари-
хын зерделеуде тың әдістемелер мен өзіндік көзқарастар қалыптастырған 
философ-ғалым І. Ерғали, адамның еркіндіксіз, өз басының бостандығына 
өзі  ие  болмайынша,  оның  бойында  рухани  жетілуі  болмайтындығын 
айта  келе,  егер  жағдай  жасалынбаса,  әлеуметтік-орта  мүмкіндікке  жол 
бермесе, адамның рухтық дамуы да тежелетіндігін атап көрсеткен бола-
тын  [21].  Қазақстанда  сонымен  Қазан  Революциясы  жеңіске  жеткеннен 
кейінгі  екінші  дүниежүзілік  соғысқа  дейінгі  аралықта,  адам  еркіндігіне, 
шығармашылық еркіндікке жол берілмеді. Рух жасыды. Бірақ ұлттық рух, 
қазақтың рухани әлемі алынбас қамалдай берік еді.
Қазақ халқының руханиятының даму барысының кеңестік кезеңі жай-
лы ой өрбітер болсақ, Сәкен Сейфуллинің қызметі мен шығармашылығына 
тоқтамай  өту  мүмкін  емес.  Шығармашылығының  негізгі  өзегі  –  әділдік, 
теңдік,  егемендік  сияқты  әрқашан  прогресшіл  ойшылдыққа  тән  ұғымдар 
болды. Сәкен Қазақстан үкіметін басқарған кезде ұлтының болашағы үшін 
көптеген шаралардың жүзеге асуына атсалысты. 1923 жылы «Қазақты қазақ 
дейік,  қатені  түзетейік»  деген  айбатты  мақала  жазып,  орыс  тарихында, 
тілінде «қырғыз», «Киргизия» болып келген «елдің 1925 жылы Қазақстан» 
аталғаны  рас  болса,  онда  Сәкен  ұлтжандығының  үлесі  жоқ  деп  кім  айта 
алады?  «Біздің  қазақ  коммунистерінің  кейбіреуі  қазақ  тілі  туралы  қатты 
кірісуге біреу «ұлтшыл» деп айтады деп бой тартады. Бірақ ол – қулық, бұл 
коммунистік  қылық  емес,  ол  жарамсақтық,  жағымпаздық.  Кейбір  сасық, 
жалмауыз, демагог өзін «жақсы коммунист екен» деп айтсын деп қазақ тілін 
кеңсеге  кіргіземін  деп  жүрген  белсенді  адамдарды  анау  ұлтшыл,  мынау 
ұлтшыл дер, одан сескенбеу керек» дегенді Сәкеннен басқа кім айтыпты, кім 
жазыпты? Сәкен ой-пікірінің, жанды екені осыдан-ақ көрінеді [22]. 
Қызыл  коммунист,  кеңестік  әдебиеттің  классигі  бола  тұрып, 
ұлттық  идеяларды  жүзеге  асыруды  өзінің  асыл  мұраты  тұтты.  Автор 
С.Сейфуллиннің Қазан төңкерісі арқылы қазағын теңдікке жеткіземін деп 
сенгенін, сол жолда турашыл, әділ болғанын баса айшықтайды. Ол ойын: 
«Сонымен  Сәкен  –  өзінің  көзқарасы,  іс-әрекеті  үшін  әрқашан  да  тарих 
алдында толық жауап бере алатын ұлы Тұлға, социалистік деп аталатын 
заманның ардагер азаматы. Осы қасиеттер оның қоғамдық, мемлекеттік, 
өнерпаздық  қайраткерлігінен  жарқырап  көрінеді,  еңбекші  елдің  рухани 
көсемі, жаңа заманның жыршысы, жаршысы ретінде халық құрметіне бө-
ленеді. Сәкеннің Тұлғалық даралығын баса көрсеткен бұл мақаладан, ру-
хани жетілген адамға тән ізгі қасиеттерді табамыз. Өзінің «Тар жол, тайғақ 
кешу» атты шығармасын сол кезеңнің шындығына арнап, кеңес үкіметінің 
орнауын  құптап,  қазағының  қараңғылықтан,  құлдықтан  құтқарылатына 
сенді. Сол жолда аянбай еңбек етті. С. Нұрмұратовтың «...адамның нағыз 
адамдық  бейнесі  руханилығы  тұлғааралық  қатынаста  қалыптасады»  [23] 
деген тұжырымы Сәкен мәрттігіне бағытталып айтылғандай. 1923 жылы 
28 қаңтарда Орынборда өткен А.Байтұрсыновтың 50 жылдық мерейтой-

288                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
ын  жоққа  шығару  туралы  қаулыға  қарамастан,  сол  жиынға  қатысып, 
оны өзі басқарды. Осы іс-әрекетінен Сәкен Сейфуллинді  нағыз ержүрек, 
жолдастыққа адал тамаша адамгершілік иесі екендігін танимыз. Ол өзінің 
көзқарасын, пікірін ашық айта алатын бірбеткей турашылдығынан әрқа-
шан таймады. Кеңес үкіметінде қызмет ете отырып ұлттық идеялардың 
жүзеге асуына тікелей атсалысты.
С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы тарихи-деректер-
ге сүйене отырып жазылғандығымен қоса шығарма кезеңнің шындығын 
ашып көрсетуімен құнды. Н.Ақыш: «Сәкеннің Кеңес дәуірінде қозғалмау-
ға  тиісті  ұлт  араздық  мәселесін  бүркемелей  алмай,  ашық  айтқандығын 
бүгінгі таңда да батылдық ретінде жоғары бағалағаны абзал» деп қазақ со-
вет әдебиетінің классигі, шығармалары таптық көзқараста жазылған деген 
сыңаржақты талдаудың заманы өткендігін атап көрсетеді [24]. Тарихи ме-
муарда «Қазақ арасы жаман», «Астыртын жауласу әсіресе алыс жердегі, көп 
жерлерде шеткі орыс поселкалары мен қазақ арасында жаман көрінеді» 
[25]. Бұл Сәкен көзімен көрген шындық. Өз ұлтының жанашары оны бүгіп 
қала  алмады.  «Қазақ  совет  әдебиеті»  Лениндік  ұлт  саясатының  жемісі  – 
нәтижесі – деп жазды қазақ философы Ғ. Есім. ...Мұхтар Әуезов пен Сәбит 
Мұқановтың ұстанған дүниетанымдық бағыт-бағдарлары «қазақ әдебиеті» 
мен «қазақ совет әдебиетінің» арасындағы қайшылықтарды біршама ашып 
бере алады. Біршама дейтініміз Мұхтар Әуезовтің де кеңес өкіметіне сеніп 
берілмесе де, ізет еткен тұстары баршылық,  Сәбит Мұқанов жөргегімде 
табым  деп  жылап  жаттым  десе  де,  халықтың  тарихы,  мәдениеті  деген-
де  өзінің  «қызыл»  екенін  ұмытып,  ақсақалдыққа  салынып,  өрелі  ойлар 
тастаған тұстары көпшілікке белгілі [26]. 
«Қазақ  совет  әдебиеті»  классиктерін  бүгінгі  ғылыми  тұрғыдан  әділ-
дігін  айтып,  зерделей  отырып  қорғайды.  Олар  кеңестік  идеологиялық 
құрсаулардан  рухани  мұраларымызды  арашалай  отырып,  әсіресе 
қоғамдық  ғылымдар  мен  білім  жүйесінде  мемлекеттік  монополия, 
қасаң  идеологияшылдық,  әсіресе  мәдени-рухани  құндылықтарымызды 
парықтауда  еуропашыл  көзқарастар  басым  болып  тұрған  кездің  өзінде 
ұлыларымыз  бен  мәдени-мұраларымызды  заманға  сай  жаңғырта  алды. 
Егер,  ұлы  Абай  өз  кезінде  өлең  жазудағы  көздегені:  «мен  жазбаймын 
өлеңді ермек үшін, жоқ барды, ертегіні термек үшін» дегенде, поэзияға 
философиялық ойларды өрнектеу құралы деп қарады. Өлең арқылы, қара 
сөз  арқылы  адамның  жан-жүйесіне  әсер  етуді  мақсат  етті.  Сөзді  тәрбие 
құралы ретінде пайдаланды. Ауызша мәдениеті дамыған жұрт үшін по-
эзия түріндегі туындылардың әсер ету үрдісін айтып отыр. Өлеңдерінде 
қазағының мінін көрсетіп, сыни-әжуәні қолданып, сөздің тәлімдік-тәрбие-
лік құдіреті арқылы санаға әсер етуді, алдымен адамның ішкі ойын түзету-
ді талап етті. Ұлттың сана-сезімін ояту, ел ішінің алауыздығын жою, адам 
мінез-құлқын түзеуді мұрат тұтты. Сол Абай тұлғасын кескіндеу кезеңнің 
рухани дамуымызға дер кезінде қосылған зор үлесі болды. «Абай жолы» 
эпопеясы М.Әуезовтің азаматтық терең-тебіреніс толғаныстарынан кейін 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        289
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
жазылған  дүние.  Бұл  жайында  сыншы  С.  Әшімбаев  былай  деп  жазған 
болатын:  «Әуезов  өткен  дүниені  қайта  жаңғыртқанда,  сол  өткеннің 
өзінде  халықтың  бар  қадір,  қасиеті,  жақсылығы  мен  жаманшылығы  да 
құс жолындай сайрап жатқанын көре білді. Олардың ішінен басқаларды 
сүйсінетіндей жақсы жақтарын, күйіндіретіндей жаман мінездерін де реа-
листікпен ашып көрсетті. Сондықтан бұл эпопея тек Абайдың ақындығын 
ғана емес, Абайды туғызған халықтың ақындығын, жан дүниесі сұлулығын, 
адамгершілік  парасатын  өміршең  тіршілік  мұраттарын,  сондай-ақ  тра-
гедиялық  мінездерін  айқара  ашып  бергендігімен  құнды...  Кейде  әде-
биетте  әлдекімдердің  атақ  алып,  даңқын  шығарып  кетуіне  реакциялық 
саясат араласып кеткені бар. Ал, Әуезовтің ғасырлар бойы жасалып келе 
жатқан  терең  тамырлы әдебиеті, өркендеген  мәдениеті бар Батыс оқыр-
мандарының  жүрегін  жаулап  алуына  ешқандай  саясаттың  қатысы  жоқ. 
Таза өнер құдіретінің ақберен күші... Әуезов Абайды жазбауға ешбір мүм-
кіндігі болмаған шақта ғана қолына қалам алғандығына таласып жатудың 
қажеттігі шамалы болар. Олай дейтініміз Әуезовтің бүкіл халық тағдыры 
жайлы  айтар  философиялық  толғамды  ойының,  суреткерлік  концеп-
циясының ішіне кептеліп, сыртқа шықпай қалуы мүмкін емес еді» [27]. 
«Абай  жолы»  эпопеясы  арқылы  халқымыздың  бүкіл  әлеуметтік-
рухани болмысы ашылып-айшықталған. Адамдардың әр саладағы тама-
ша  туындылары  –  адамзаттың  жаратымпаздық  қуатының  шарықтау 
шектері,  белгілі  бір  қайталанбас  жаратушы  тұлғаның  өзіндік  дамуының 
көріністері.  Олар  –  адамзатқа  әрбір  жаратымпаз  тұлғаның  ұсынатын 
өзіндік  жолы  да  [28].  Коммунистік  иедологияны  өз  көзқарастарының 
қаруы  етіп  ұстанған  ғалымдар  тобы  М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  эпопея-
сында қазақтың көпшелі өмір-салтын әспеттеді, идеялизациялады, ауыл 
өмірі маркстік тұрғыдан ашылмаған сияқты айыптар тағып әшкереледі. 
Кейбір  Дулат  пен  Шортанбай  сынды  ақындарды  насихаттады.  Өйткені 
олардың шығармаларында дәстүрлі қазақ қоғамының өз ырғағында даму-
ын жақтаған көзқарастар, соны көксеу болды. «Зар заман» ақындарында 
болашақта  Ресей  Империясынан  келер  қауіпті  дәл  де,  дұрыс  болжап 
сақтандыру  идеялары  болды.  Қазақ  әдебиеті  тарихымен  айналыса  оты-
рып советтік Қазақстанның революциялық өміріне кері әсер ететін эпос-
тар мен ақындар шығармашылығын үгіттеуші ретінде айыптар тағылды. 
Тіптен кейінгі 1953 жылдардың өзінде жазушыға «Едіге батыр» жырының 
бай-феодалдық  нұсқасын  (феодал  ақын  Марабай  жырлаған)  халық 
шығармасына  жатқызды.  Осыдан-ақ  Әуезовті  қазіргі  күнге  шейін  қазақ 
әдебиетін тануға өзінің буржуазиялық-ұлтшыл тұжырымдарын тықпалап 
жүргендігі жайлы мақала жазды [29].
Сонда халқымыздың жыр-дастандары да, оны жырлаушы да таптық 
көзқарастарға сәйкес келмесе, қазақтардың шат-шадыман шақтарын еске 
түсірсе,  ол  бай  феодалдық  кезеңді  аңсаушылық  болып  табылды.  Олар 
шығарманың  мәнділігіне  назар  аудармайды.  Мәнділіктің  тарихи  алу-
ан  түрлі  типтері  мен  формаларын  рухани  өмірде  айқындап,  негіздеп, 

290                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
дамытып  жасайтын,  туғызатын  философиялық  бағыттар  мен  ағымдар. 
Қазақ  рухани  мұралары  осылайша  маркстік-лениндік  философиялық 
көзқарастар  тұрғысынан  бағаланды.  Ол  жалғыз  ақиқат.  Коммунистік 
идеяның қаншалықты игілікті болса да, өзінен басқаның бәрін жалған деп 
тәрк етуі оның догматтығының айғағы.
Әсіресе  «ХХ  ғасырдың  20-40  жылдарындағы  Қазақстан»  (1947)  тари-
хының  Кенесары  Қасымовтың  көтерілісі  жайындағы  тарауын  жазған 
Е.Бекмахановқа «буржуазияшыл-ұлтшылдық көзқараста», «ғылыми негіз-
делмеген», «тұжырымдамасы саяси жағынан қате» деген айдар тағылды. 
Бұл  іргелі  зерттеудің  негізгі  идеясы:  «Қазақстанда  он  жылға  созылған 
ХІХ  ғасырдағы  ең  ірі  көтерілістің  қозғаушы  күші  көпшілік  халық  бол-
ды. Бірақ нақты тарихи жағдайларды есепке алмай барлық қазақ ханда-
рын реакцияшыл тонаушы деуге болмайды. Қазақ халқының тарихында 
кейбір кезеңдерінде прогресшіл рөл атқарған кейбір хандар болды». Жұ-
мыс  ғылымның  ақиқаттан  басқаны  мойындамайтын  қатал  заңдылығын 
ұстанған,  ұлтының  рухани  сұраныстарын  қанағаттандыруды  басты  мақ-
сат  ету  тұрғысында  жазылған  болатын.  Қазақтың  соңғы  ханы  Кенесары 
Қасымұлының халқын біріктіріп бір орталыққа бағынатын ұлттық мемле-
кет құру идеясын болғандығын көрсету, және Кенесары ханның Тұлғалық 
ерекшеліктерінің  шынайы  болмысын  жасау  басты  нысана  етіп  алынды. 
Зерттеу  жұмысы  Е.  Бекмаханұлының  ғылыми  әдіснамасының  тек  қана 
ақиқатқа  жүгінуге  негізделіп  орындаған.  Ол  өзіне  дейінгі  жарық  көрген 
Кенесары хан туралы тарихшылар еңбектеріндегі кемшіліктерге тоқтала 
отырып, оларды сынға алғанды. 
Жан-жақты білімдар, тарих ғылымдары бойынша алғаш ғылым док-
торы  атағын  алған  Бекмаханұлының  жетістіктеріне  айналасындағылар 
іштарлық көрсете бастады. Олар өздерінің лас ойларына толы «Правда» 
газетінде «За марксистско-ленинское освещение вопросов истории Казах-
стана»  деген  атпен  мақала  жариялады.  Мақала  авторлары  Х.  Айдарова, 
Т. Шойынбаев, А. Якуниндер Кенесары көтерілісін: «қазақ халқын артқа 
тартқан реакциялық қозғалыс» – ретінде сипаттайды. Керісінше, сол қоз-
ғалысқа нағыз ғылыми тұжырым жасап, ақиқатын көрсетіп берген ғалым 
«тарихты  бұрмалаушы»  болды.  Хас  талант  пен  нағыз  ғалым,  халқына 
бергенінен  берері  көп  ойшылды  надандар  аяғынан  шалып  түрмеге  қа-
матты. Олар өз іс-әрекеттерін саяси билікпен ауыз жаласу арқылы өрбіте 
алды.  Бекмахановты  1952  жылы  25  жылға  бас  бостандығынан  айырды. 
1956 жылы академик, көрнекті қоғам қайраткері А. Панкратованың ара-
ласуымен ақталып қайтадан ҚазМУ-ға кафедра меңгерушілігіне жұмысқа 
тұрады.  Ғылыми  ізденудің  аса  бір  құнды  жағы  мен  ерекшелігі  жайын-
да  Т.Омарбеков:  «Бекмаханов  өз  жұмысында  Кенесары  мен  Наурызбай 
жайлы халық арасында кеңінен тараған үлгілерді аса орынды пайдалана 
білді»  –  дейді.  Бекмаханұлы  ауыз  әдебиетін  бұрмалау  атаулыға  төзбей, 
шындық  бетіне  тура  қарап,  өзінің  пікірін  бүкпесіз  айта  алды.  Ол  моно-
графиясында Мәскеуде 1924 жылы басылып шыққан Жүсіпбек Басығарин 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        291
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
жинағындағы Нысанбай жыраудың «Кенсары-Наурызбай» дастанындағы 
Кенесарыны «ұрылар», «қарақшылар», «қанішерлер», «қаңғыбастар» кө-
семі ретінде суреттейтін тұстары жолдан қосылғанын ашық айтады [30]. 
Біздің  ұлттық  мақтанышымыз,  көшбасшымыз  болған  Кенесары  сияқты 
Тұлғаларымызды шын бейнесін жасауға қарсы болды.
Партиялық  бақылаудың  келесі  кезегі  әдебиетші  ғалымдарымыз 
Қ.  Мұхамедханов,  М.  Әуезов,  С.  Мұқанов,  Қ.  Жұмалиев,  Қ.  Ысмаилов, 
А.  Жиреншиндерге  түсті.  Идеология  майданының  сыншыларының  әдісі 
бойынша  кезекті  сын  мақаланы  дайындатып,  партияның  органы  болып 
табылатын  «Казахстанская  правда»  немесе  орталықтағы  «Правда»  газет-
теріне жариялайды. Партияның басты органы болып табылатын газеттің 
бетінде  сынға  ілігудің  артын  түрме  күтіп  тұрар  еді.  «Қазақ  батырлық 
эпосын  зерттеудегі  қателіктерге  қарсы»  деген  мақалада,  «таптық  күрес» 
тұрғысынан зерттеудің болмауын сынға алды. Ақын Қадыр Мырзалы сол 
сүреңсіз, тарихы тақырға, халқы пақырға айналған кезеңді: 
Көз алдымызда, Апырм-ай,
Тарихым болды тақырдай.
Сүлмиіп қалды фольклор,
Сүзектен түрған батырдай... [30]
Осылайша,  эпостарымыздан  «Қамбар»  мен  «Ер  Тарғынды»  қазаққа 
әзер  қияды.  Келесі  сынның  құрығы  Республика  Ғылым  Академиясының 
президенті Қ.И. Сәтбаевқа түсті. Алашордашыл, буржуазияшыл-ұлтшыл 
деген айдар тағылып, жұмыстан кетіреді. 1951 жылы 16-17 қазанда КК(б)
П ОК VIII пленумында Ж.Шаяхметов жасаған баяндама «ұлтшылдықты» 
қатты сынға алған сипатта болып, Республикамыздың ірі ғалымдарының 
үстінен іс қозғалумен аяқталды. Ақиқат бұрмаланды. Суреткердің ішкі ру-
хани болмысының танып-түсінген заман шындығы сол өмір сүріп отырған 
қоғам идеологиясының шылауына түсті. Жасандылық, жалтаңдық, жағым-
паздық сияқты келеңсіз қылықтар туды.
Партияның сара жолы ғалымдар мен биліктегілер арасында домалақ 
арыз  жазумен  былғанды.  «Қорыққанға  қос  көрінер»  дегендей,  бүкіл  ру-
хани дүниеден буржуазияшыл-ұлтшыл идеялар іздеу 1954 жылға шейін 
қызу  науқанға  ұласты.  Қазақ  қауымы  жаман  әдеттерге,  ең  бастысы, 
алауыздық,  жалақорлық,  партияны  марапаттау  арқылы  жарамсақтыққа 
үйір болды. Ұлт санасы төмендеді. Көздеген мүддеге жету тек үкімет пен 
партиялық талап тұрғысына сай келу керек болды.  Ғылымды, ақиқатты 
бұрмалау түкке тұрмады. Соның нәтижесінде халқымыздың шынайы та-
рихы бұрмаланды. Нағыз ғалымның таным-түсінігі, ішкі жетілген рухани 
болмысы тұрғысынан жасалған тұжырымдары баяндалған шығармалары 
жойылып отырылды. Бағынғыш, бейімделгіш, партияның қол шоқпарына 
айналған  арзанқол  дүниелер  қаптап  кетті.  Ұлттық  мүдде  дегенді  ұмыт-
тырып, «интернационалдық» мүдделер үшін ондаған жылдарға жасалған 

292                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет