және этномәдени негіздер
6. Бурбаев Т. Жаһандану және қазақ менталитеті.//Астана хабары. 22.11.2005
ж. №170.
7. Молдабеков Ж. Төлтуманың рухани бастаулары//Проблема духовности в со-
временном мире.: сб. материалов международной научно-теоретической конфе-
ренций, посвященной 70-летию К.Ш. Шулембаева. 16-17 марта 2007 года. КазНПУ
им. Абая, ИФиП МОН РК, АСНК, Алматы: СаГа, – 2007. – 560 с.
8. Ғабитов Т.Ғ. Рухани мұраны зерттеудің әдіснамалық мәселелері // Қазіргі
заманғы руханилық мәселесі. – Алматы: СаГа, 2007. – 560 с.
9. Сариева К.Н. От образов и символов к слову // Әдіскер-Методист. №1(39)
2011.
10. Қараманұлы Қ. Тәңір тағлымы // Жас алаш, 14 мамыр, 1993 ж.
11. Гумилев Л. Көне түріктер. – Алматы: Білім, 1994. – 480 б.
12. Жақсылықов А. Шаманизм мен фольклор// Әлемдік мәдениеттану ой-
санасы. 10-том. Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениеттану парадигмалары. –
Алматы: Жазушы, 2006. – 496 б.
13. Адамбаев Б. Казахское народное ораторское искусство. – Алматы: Ана тілі,
1994. – 208 с.
14. Қайрат Еділ. Қазақтың классикалық батырлар жыры мен әдет-ғұрпындағы
түркі астральді мифінің бастаулары//Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. 10-том.
Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениеттану парадигмалары. – Алматы: Жазушы,
2006. – 496 б.
15. Рысқалиев Т.Х. Руханилық және түсінік // Қазіргі заманғы руханилық
мәселесі. – Алматы: СаГа, 2007. – 560 с.
16. Нұрмұратов С. Түркілік дүниені түсінудегі руханилық мәселесі// Қазіргі
заманғы руханилық мәселесі. – Алматы: СаГа, 2007. – 560 с.
17. Қожамберлиев Б. Қазақтың рухани болмысындағы ұлттық діл мен
ұлтжандылықтың ара қатынасы // Қазақстан жоғары мектебі. 2003 ж., №4.
3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі – қазақ 217
руханиятының түптамыры
3. АБАЙ МЕН ШӘКӘРІМНІҢ ЭТИКАЛЫҚ ІЛІМІ – ҚАЗАҚ
РУХАНИЯТЫНЫҢ ТҮПТАМЫРЫ
3.1. Абай – қазақ рухының жаршысы
Қазіргі уақытта қазақ халқының рухани мұрасын, оның өткені мен
бүгінін ой елегінен қайта өткізу, көп жылдар тұтқыны болған қасаң
қағиданы бұзу – қазақ руханилығы мәселесін, оған жаңаша көзқарасты
зерттеуді қажетті де өзекті ете түседі. Қазақ халқының руханилығын зерт-
теу қазіргі мәдениет бастауына қайта келуімізге көмектеседі және қазіргі
кездегі біз қол жеткізе алмайтын әлемді тек қасымыздан, айналамыздан
ғана көрмей, белгісіз биіктерден де көру мүмкіндігіне жетелейді.
«Қазақтың ұлттық философиясының нақ ортасы – адам мәселесі,
оның онтологиялық, түпкі мәндік, танымдық күштері, – деп атап өтеді
М.С.Орынбеков – Бұл оның руханилығын, болмыстық және мәдени мүм-
кіндігі мен болашағын жақын арада қарастыратын адам мәселесін, оның
түпкі мәнін шұғыл талқылауды қажет етеді» [1, 3 б.] деп тұжырымдайды.
Шындығында, руханилық жеке тұлғаның шығар шыңы, мәдени биікке
жетуі ретінде әрбір тарихи уақытта адам алдында қайта ашылып, жаңаша
шешіліп отырады.
Адамның рухани кеңістігі – биік мақсаттар мен арсыздықты, жер мен
Көкті, жақсы мен жаманды бірге алып жүретін түзу сызық секілді. Руха-
ни даму біртіндеп өрлеу мен жоғары құндылықтарды ұғынуды көрсетеді.
Рухани даму процесі сонымен бірге өз ісіңнің адамгершіліктік және эсте-
тикалық өлшемінің арақатынасы процесі, өз болмысыңмен ойлау мен
әсерлену және адамдар мен заттардың әлеммен өзара қатынасының про-
цесі. Руханилық адам болмысының белгілі бір сапасы ретінде, адамның
өз әлемін меңгеруінің жоғары деңгейі мен табиғатқа, қоғамға және өзіне
қатынасы ретінде, біздің көзқарасымызша сөзсіз, жалпыға бірдей адамгер-
шілік принципіне негізделген.
Қазіргі философияда руханилықтың түпкі мәнін анықтайтын түрлі
әдістер бар. Руханилық-танымдық, адамгершіліктік, этикалық, эстетика-
лық және шығармашылық мәніне байланысты зерттеледі. Бұл құбылысты
зерттеуде көптеген әдістер қолданылса да, зерттеушілердің көпшілігі
руханилық адамның өзінің болмыстық түпкі мәнін сезіну деңгейінің және
өз өмірінің шегіне жетуі мен адамзат тәжірибесіне айналуының нәтижесі
екендігін мойындайды.
Қазіргі уақыттағы, біздің қоғамдағы руханилық мәселесіне қызығу-
шылықтың оянуы – кезекті өзгеріп отыратын сән үлгісі емес, шындығында
өздерінің үйреншікті әдетін тастап, жаңа қатынастар мен басқа құндылық-
тар әлеміне жол салған, осы әлемдегі өз орнын біліп, өз жолын табуға
тырысқан біздің замандастарымыздың аласұрған жанының қажеттілігі
екенін ерекше атап өткім келеді. Руханилық мәселесіне ықыластың оянуы
218 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
және этномәдени негіздер
– бұл саналы немесе әлі толық сезінбеген, тек сыншылдықты, дағдарысты,
тіпті өзінің бұрынғы өмір сүру тәсілінің мүмкін еместігін сезіну мен әлем-
дегі басқа да өмір сүру тәсілін, онымен өзара қатынас формасын іздеу.
Руханилық болмысы – бұл құндылықтарды асыра бағалау және мәнге ие
болу жолы, ал жеке адам үшін – бұл ең жоғарғы мақсаттарды және өз
өміріндегі ақиқат мәнді табу мәселесі.
Руханилық түсінігі өз болмысымыздың терең мәнін талқылауға ба-
ғытталған ерекше (тіпті әмбебап) түсіну принципіне айнала бастады, ал
руханилықтың өзі адамның өзінің шынайылығын анықтаудың өзіндік өл-
шемі, жеке болмыстың саналылығының, өзіндік құрылуы мен өзіндік қа-
лыптасу тәсілінің, яғни әлемдегі адам өмірінің мәні мен мақсатының көр-
сеткіші болып табылады. Руханилықты жеке адам бірден игермейтіні, адам-
ның өз қабілетін өзі жетілдіру арқылы қол жеткізетін, өзін еркін сезініп,
өзгеру үшін ұзақ әрі көп еңбек ету қажеттігі түсінікті. Біздің пікірімізше,
руханилықты қалыптастыру жолы – адамның әлем мен біртұтастығы мен
тазаруы арқасында, сезімдік қабылдауы мен ішкі нұрлануына қол жеткізуді
мақсат еткен адамның ұдайы өзін дамытып отыруы болып табылады.
Қазақ философиясының ерекшелігі адам экзистенциясы мәселесі-
не, адам болмысының өмірмәндік негіздерінің рухани ізденісіне бағытта-
луында. Қазақтардың ұлттық философиялық санасының рухани бейім-
делуі оның ұзақ ғасырлық даму кезеңінде, ең алдымен, Абай мен Шәкәрім
сияқты қазақ этикалық ойының белгілі тұлғаларының шығармашылық
мұраларында сақталған.
Біздің ойымызша, руханилық Абай философиясының негізгі мәсе-
лесі болып табылады. Руханилықты олар адамның адам болу негізі және
қоғамдық дамуға адамгершіліктік бағыт беретін жағдайы ретінде анық-
тайды. Абай философиясындағы руханилық категориясы адам болудың
әмбебап өлшемі және жеке адам мәдениеті ретінде негізделеді, оның жал-
пы адамдық мәніне жалпылық сипат береді. Қазақ философы руханилық
адам сенімін өзіне қайтара алады, ол әлеуметтік енжарлық пен қауымның
тығырыққа тірелуін жоя алады, рухани күштер жеке және қоғамдық сана-
ны адамгершіліктік құндылықтарға, ал жеке адамды жасампаз әрекет пен
қоғамдық игілікке қызмет етуге бұра алады деген ой айтқан.
Абайдың түрлі ілімдер мен дүниетанымды тануға, ақиқатты іздеу жо-
лындағы ғылымның, философияның және діннің бірігуіне, адамгершілік
пен руханилықты адам болмысының жоғарғы заңы ретінде дәлелдеуге
ұмтылуынан сөзсіз философиялық сананың ерекше стилі көрінеді. Ой-
шыл философиясына адам мен болмыс мәселесін біртұтас қарастыру тән.
Абайдың руханилыққа негізделген философиялық ойы адам болмысының
гуманистік сұлбасы мен оның дүние туралы түсінігінің аксиологиялық
өлшемін көрсетуге тырысатын қазіргі философиялық парадигмамен
үндес екенін ерекше атап өту керек.
Рухтың адамның адамгершілік сезімін жандандырып, санасын оятып,
әлемге, басқа адамға деген қатынасты қастерлеуді ұғындыратыны белгілі.
3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі – қазақ 219
руханиятының түптамыры
Рух, біздің көзқарасымызша, адамзатты байланыстыратын, оның сана-
сын, еркін адамшылыққа бағыттайтын бастау. Сондықтан рухани адам ол
біртұтас адам, өйткені ойшылдыққа, заттық-практикалық қызметке, сезімге,
шындықты көркем қабылдау мен дінге, өзін адам ретінде сезінуге бағыт-
талған үйлесімді бірлік болып табылады. Жеке рухани дамуда рух жанның
қасында алғашқы болып табылады, өйткені оның құлшынысы адамның рух
арқылы, оның рухани дамуының негізінде бастау алуымен белгілі.
Біз қазақ эпосынан басқа ешбір деректен қазақ рухын, халықтың о
бастан кім болғанын, қазақ тарихы мен принципін таба алмайтынымыз-
ды білдік. Халық рухы, оның тарихы мен поэтикалық формадағы фило-
софиялық ойын Абай қазақ эпосынан алған. Көптеген бай халық ауыз
әдебиеті ескерткіштерінің арасынан эпостың алатын орны ерекше. Белгісіз
дарындардың сансыз ұрпақтары өңдеген көне көркем шеберлік, эпика-
лық шығармаларда көрініс тапқан халықтың ғасырлар бойғы өмірлік
тәжірибесі, ондағы тарихи нақтылық пайымдау – эпосты халықтың, яғни
оның рухының мәнін сипаттайтын, поэтикалық қалыпта айтылатын ауыз-
ша тараған тарих деп айтуға мүмкіндік береді.
Абайдың идеялық ізденістері қиын да қайшылықты әлем мен оның
терең үлгісін тануға бағытталған. Ойшыл дәуірдің ішкі мәнін, оның рухани
және қоғамдық бағытын түсінуге тырысады. Өзінің этикалық толғамында
Абай өз уақытындағы қоғамның философиялық ізденістерінің басты үр-
дісін білдіріп, адамның рухани әлемінің барлық байлығын, оның діни на-
нымдарын, үміті мен қасіретін ашып көрсеткен. Біздің көзқарасымызша,
оның маңызды ұстанымы, көзқарасы, сенімі мен қылығы құнды, сонымен
бірге бүгінде, адамдардың дүниетанымдық бағыты мен рухани дамуға қол
жеткізу жағдайында да бұл маңызды. Дәл осы Абай сияқты ойшылдар
жайлы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Ғасырлар
тоғысында» кітабында: «Мәндік және көркем екі әлемнің шығармашылық
тұлғасы ретінде олар біздің жаңа қазақ тарихына терең мазмұн әкеледі.
Олар тарихтың, уақыт ағынындағы біздің мәдениетіміздің ерекше тұлға-
лары» [2, 177 б.] деп атап өткен.
Абайдың көбінесе этножасаушы тұлға екенін көрсеткіміз келеді. Оның
ұлттың рухани бірлігін қалыптастырудағы рөлі ерекше. Сондықтан, біздің
көзқарасымыз бойынша, Абай өз туындысын кемеліне жеткізе орындайты-
нына таң қалмаймыз. Оның мұрасының құндылығы да, қай кезде болмасын
әрқашан қажеттілігі де осында. Абайдың философиялық идеяларының мә-
нін І.Е. Ерғалив, Т.Х. Рысқалиев сынды белгілі зерттеушілер «Абай ойшыл
ретінде» деген мақаласында: «Абайды оқи отырып, онымен рухани кеңесе
отырып, біз өзімізді: кім болғанымызды және қандай болуымыз керек екенін
танимыз. Абай бізді ойлануға, күмәндануға, өкінуге мәжбүрлейді... Абай ты-
нығуға мүмкіндік бермейді. Оның ойшыл ретіндегі ұлылығы осында» [3, 37 б.]
деп дұрыс бағалаған. Ақиқатында Абай – барлық уақытқа тән адам.
Ерте кезден бастап-ақ қазақтардың этикалық ойында «жақсы деген
немене, жаман деген немене» деген мәңгілік тақырыпта пікірталас болған,
220 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
және этномәдени негіздер
әрбір ойшылдың өз пікірінде, өз түсінігінде тұруына құқы болды. Бірақ
бұл қарсыласуда қайшылық жоқ, өйткені бір жағдайда өз пікірін айту
құқығы жайында болса, екіншісінде – қарсы жақтың сыны жайлы бола-
тын. Қарсы жақты жою мен кемсітуге жол бермейтін екі жақтың пікіріне
төзімділіктің маңыздылығы осы арада көрінеді.
Абай басқа мәдениетті шынайы, терең түсініп, Ресей мен Батыстың мә-
дениетіне ізгі ниетпен қызығушылық танытқан, сонымен бірге елдің шығыс
пен батыстың тоғысында орналасуының маңыздылығын мойындаған адам.
Абайдың этикалық ілімі қазақ философиялық ойының өзегі болып табыла-
ды, оның шығармашылық мұрасының қазақ ойлау дәстүріндегі шындықты
философиялық көрсету деңгейі жоғары, халықтың тарихында алғашқы бо-
лып Шығыс пен Батыс идеясын жүзеге асырған, қазақтардың сырлы пікірін,
ойы мен шабытын ашып көрсеткен ойшыл. Төзімділік рухы енген оның бар-
лық туындысында мәдениетаралық сұхбат идеясына баса назар аударылады.
Шыңғыс Айтматов Абайды өзі өмір сүрген орыс билігі дәуірінен
кейінгі 3-ші дәуірді, Октябрь революциясы мен кеңес тоталитаризм кезеңі
үшін де уайымдайды деп өте орынды айтқан [4, 105 б.].
Абай қазір де демократиялық қайта құрулар жолындағы тәуелсіздікке
қол жеткізген кезде бізбен бірге. Осы дәуірлердің әрбірінде Абай мұра-
сының құдіреті жаңа мағынада, жаңа өлшемде ашылуда.
Абай қазақ мәдениеті мен қазақ тілінің қорғаушысы, қамалы, тілдік
ассимиляция (текөзгеруі) мен біржақты мәдениеттендіру процесі кезін-
дегі ұлттық өзіндік ерекшелікті сақтау құралы болған кез де болды. Сол
кездің өзінде ешкім Абайға тиісе алмады және сол жағдай қазақ сөзі мен
ұлттық ерекшелікті сақтап қалуға қызмет етті.
Қазіргі жағдайда өзіне орыс ағартушыларының ұлы идеяларын сіңір-
ген, әлемдік маңыздылығы бар орыс мәдениетін шығармашылықпен өз-
герткен Абай бізге басқа қырымен қызмет етуде. Абай бізді ұлттық оқ-
шауланудан, ұлттық өзімшілдіктен қорғайды.
Ойшыл өзіңді өзгертпей өмірді өзгертуге болмайтынына сенімді
болған. Әркім жеке өз басына қол жеткізбей, Отанға да қолы жетпейді.
Барлығы секілді өмір сүріп, басқалар білгенді бәрі де білуі тиіс. Басқа
халықтың тілін білу керек, олардың өнерін үйрену керек – бұдан ешкім
кем болмайды, қайта оны жоғары көтеріп, олармен тең қылады. Мұндай
идеялар Абайдың барлық шығармашылық мұрасынан көрініп, оның
философиялық еңбектерінің өзекті тақырыбы болып табылады.
Қазақтың жазушы-философы Әбіш Кекілбаевтың мына пікірі өте дұ-
рыс айтылған деп ойлаймыз: «Қоғамдық үйлесімділіктің маңызын Абай
әркімнің таза еңбегінен іздейді. Өз руластарын әркім өз еңбегімен өздерін
қамтамасыз етпесе халық та нағыз теңдік пен еркіндікті білмейді деп сен-
діреді. Тек сонда ғана адам баласы өзі сияқты басқа адамға дос бола алады.
Тек сонда ғана ол өзі сияқты адамға қысым көрсетуші және қанішер, неме-
се еріншек, көре алмаушы және арамтамақ ретінде қарамайды. Әйтпесе
адамға адамнан басқа, ал қазаққа қазақтан басқа жау жоқ болады» [5, 112 б.].
3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі – қазақ 221
руханиятының түптамыры
Егер А.С. Пушкин төзімділіктің жоғарғы көрінісі ретінде «азғынға
мейірімділік көрсету» туралы жазса, Абай азғындар мен әлсіздерге мейі-
рімділік көрсету аз, оларды өзін-өзі жетілдіруге жұмылдыру қажет деген.
Міне, Абайдың дүниені түсінуінің гуманистік мәні қайда жатыр!
Абайдан ұлттық рухтың терең құпияларына қарай жол тартылуда
және одан әлемді жаһандық қабылдауға қарай жол ашылады. Бұл біздің
кезімізде мәдениеттердің, түрлі сенімдердің, діндердің, экономикалық,
әлеуметтік және саяси құрылымның, сонымен бірге үйлесім мен өзара
әсердегі өмірдің барлық тәсілдерінің әртүрлілігін көрсетеді. Бұл кең та-
ралған әртүрлілік адамдарды не мәдениеттерді оқшаулауға жатпайды,
ол тек адамдарды халықаралық, мәдениетаралық байланысқа, сұхбатқа
шақырады. Кең таралған әртүрлілік теңсіздікті сақтауды білдірмейді,
себебі теңдік – барлық халықтың, барлық мәдениеттердің құндылықтары
мен мәртебесінің біркелкілігінде емес, оны мойындауда. Бұл ойлар табиғи
бейнеде Абай әлемімен үн қосады.
Абай – еуроазиялық көлемдегі тұлға екені сөзсіз, оның дарыны мен
дүниетанымының табиғаты осы, Абай ойшыл және ақын ретінде қалып-
тасқан тұлға екені жайлы деректер осындай. Еуропа мен Азия көптеген
ғасырлар тоғысында орыс және түркітілдес халықтар мәдениетінің тари-
хын бір арнаға қосатын негіз болды. Абайда бұл жағдай өз кемеліне жет-
кен, және бұл тек мәдениет пен шығармашылық түрлену саласында ғана
емес, ең алдымен – геостратегиялық басымдылық пен жаңа еуроазиялық
аймақтың шегінде өзекті.
Еуроазиялық тұжырым төңірегінде соңғы кездері көптеген пікірлер
айтылуда. Бұл жерде еуроазиялық кеңістік – тек қана географиялық
түсінік емес. Ең алдымен – бұл «көп еңбекпен келген, ертеде өзара көп
қан төгілген, басып алушылық, қарғыс атқан және сонымен бірге киелі,
ағыл-тегіл және сараң, ұлы ашылымдар мен ғарыштық көлемдегі техно-
логиялық өзара әрекеттер болған біздің ортақ тағдырымыз. Бұл ғасырлық
еуроазиялық өркениеттің жиынтығынан туған, ескермеуге болмайтын,
ешқандай саяси бет-бұрыстардан бас тартуға болмайтын біздің жалпы
жетістігіміз»[4, 106 б.].
Шындығында, алауыздық, кереғарлық, жекеленген, мәжбүрлеген
тарихи жағдайлар болуы мүмкін. Бірақ онда бірге құрылған өркениет
барлық жағынан осы мәдениет пен өркениет тарихын құрайтын дамудың
басқа айналымында өзгеріссіз қалады.
Абай Шығыс пен Батыстың бастауы мен тәжірибесін байланысты-
ра отырып, әлемдік тәртіп пен ұлттық құбылысы ретінде еуроазиялық
мәдениеттің жолайрығында тұр.
Абайдың Шығыс пен Батыстың рухани құндылықтарын игеруін тал-
дай отырып, бұл тек қазақ мәдениеті жағдайына поэтикалық және фило-
софиялық деректердің бейімделуі ғана емес екенін көруге болады, олар-
дың көбісі бірінші рет қазақ тілінде «сөйлеген», бірақ бұл жағдай қазақ
философиялық мәдениетінің жалпы әлемдік мәнмәтінмен сұхбаттасатын
222 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
және этномәдени негіздер
мәдениет ретіндегі қалыптасуы. Оның шығармашылығындағы басқа мәде-
ниеттің рухани кеңістігін қабылдауы – бұл қазақтар үшін Шығыс пен Ба-
тыс әлемін ашу мен әлемнің қазақ руханилығын тану көзқарасы жағынан
да өзекті жағдай. Абай әлемдік мәдениетті көшпенді-қазақтардың көзімен
өзекті етіп көрсетеді, және сонымен бірге ашық, ерекше, терең ойшыл,
ұлттық реңкімен, сонымен бірге өз идеясының маңыздылығымен басқа
мәдениет оқырмандарының қызығушылығын тудырады.
Адамның жанын, халықтың өзінің рухын қалыптастыратын жазушы-
лар, философтар, ақындар болады және оларсыз өмір сүрудің өзі қиын.
Абай солардың қатарына жатады. Оның шығармашылығының адамгер-
шілік деңгейі өте жоғары. Қазақтың бұл ойшыл-ақыны өз халқының руха-
ни өмірімен, өзінің өмір сүрген дәуірімен берік әрі етене байланысты, ал өз
заманымен біте қайнасқан адамның аты өшпейтіні, мәңгілікке қалатыны
белгілі. Дегенмен, неге Абайға біз жаңашылдық іздеп қайта-қайта орала-
мыз? Мүмкін, оны адамның әрқашан құпия екендігімен түсіндіруге бола-
тын шығар. Өйткені, Абайдың өзі туралы «мен бір жұмбақ адаммын» деп
жазуы кездейсоқ емес.
Абайдың шығармашылық мұрасы терең философиялық ой-аңсарға
толы: ол өзі үшін (дәлірек айтсақ, жалпы Шығыста) философияның негізгі
мәселесі – адам проблемасын байыптылықпен өткір түрде алға тартып,
адамның өнегелі қасиеттері туралы ілімді дамытады, адам баласының
имандылық (нравственность) тұрғысынан жетілуінің адами қағидаларын
қозғайды, адамның таным қабілеттері мәселелерін қарастырады.
Абай қазақтың қоғамдық ой-санасыңда шындықты философиялық тұр-
ғыдан ұғынуды жаңа сапалық деңгейге көтерді. Абайдан бұрынғы қазақ тұр-
мысының айнасы болған ой санамыздың ірі өкілдері, Абайдың ізашарлары:
Бұхар жырау, Дулат, Шортанбай, одан ілгеріректе өткен Қазтуған, Шалгез,
Жиембеттер, уақыт рухын, халықтың ой-арманын өз өлеңдерімен бейнеле-
ген, жарқын да қайталанбас сөз суреткерлері, ерекше де терең ойшылдар
болғанымен, олар негізінен өткенге қарайлаумен болды, дүниені тек шығыс
мәдениеті тұрғысында қарастырды, ал өмірді көбіне статистикалық тұрғыдан
бейнеледі. Ойшыл ретінде тек Шығыс мәдениетінің бесігінде қалыптасып
қана қоймаған, дүниетанымында Батыс пен Шығысты ұластыра білген Абай-
дың көзқарастары мүлде соны. Ол қазақтың қоғамды қойында алғаш рет
дүниеге даму мен өзгеру, диалектика тұрғысынан зер салуға ұмтылыс жасады.
Ескеретін бір жай: қандай да болмасын ойшылдың философиялық
көзқарастарын бағалағанда, оны біржақты және үзілді-кесілді қалыптас-
қан қандай да бір философиялық қағидаға, жатқызу шындыққа келмейді,
бұны жасау соншалықты қиын, өйткені «таза» материализм немесе «таза»
идеализм болмайды, ал кез келген анықтама қарастырып отырған заттың
қажеттілікке орай бір немесе бірнеше жақтарын айқындайды, сонда зат-
та олардың саны шексіз болып шығады. Сонымен қатар, біздің қоғамы-
мызда материализм мен идеализмнің күресі философиялық тұрғыдан
ойлау тарихыңда біршама үстірт қаралғанын, бұрмаланғанын айтуы-
3. Абай мен Шәкәрімнің ілімі – қазақ 223
руханиятының түптамыры
мыз керек, ал сол кезде белгілі болғандай, кейінгі Маркс – марксист, әрі
ертеректегі – гегельшіл, ертеректегі Беркли – субъективтік идеалист әрі
кейінгі – классикалық неоплатоншыл және т. б. Біздің көзқарасымызша,
Абай Құнанбаевтың адами ой-аңсарға, адам баласының имандылық
тұрғысынан жетілуіне деген терең сенімге толы философиялық көзқарас
иесі, оның көтерген таным проблемаларына дәл осы тұрғыдан қарау ке-
рек. Соңғы жылдардың рухани таным жағдайы Абай өміріне және оның
туыстарына, оның дүниетанымы мол шығармашылығына нәр берген
бұлақтарға қатысты тарихи шындықты қайта бағамдауға және қалпына
келтіруге мүмкіндік жасады. Ш. Құдайбердиевтің, Ә. Бөкейхановтың,
А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың,
есімдері мен мұраларының қайта оралуы, Абайдан кейінгі қазақтың қоғам-
дық ой-санасы картасындағы «ақ таңдақтарды» толтырған, шәкірттері мен
ізін жалғастырушылары болғандығы, ойшыл ақынның мұрасының дүние-
танымдық аспектілеріне жаңаша қарауға мүмкіндік береді. Біз ойшыл-
ақынның дүниетанымы туралы әдебиетті алғаш рет ғылыми арнаға қос-
қан, олардың шәкірттерінің Абай шығармашылығына арналған еңбектері,
бүгінгі күні соны әрі бұған дейін абайтанудағы қалыптасқан еліктеулерден
және таптық тұрғыдағы тайталастық қысымнан арылған деп есептейміз.
Абай Құнанбаевтың дүниетанымының генезисі, оның өзекті мәселесі
толық қарастырылған болып көрінгенмен, алайда өзіне бүгінгі заман
тұрғысынан қарауды талап ететін кейбір аспектілер, бұрын әртүрлі қасі-
ретті тарихи жағдайларға байланысты жеткілікті дәрежеде ашылмады,
ілгеріректе белгісіз болып келді.
Абайдың ең алғашқы әрі сүйікті шәкірті, үлкен ағасы Құдайбердінің
ұлы, көрнекті қазақ ақыны, философ, діндар ғалым Шәкәрім Құдайберді-
ұлы «Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі» деген 1911 жылы
алғаш рет Орынборда жарияланған еңбегінде, өзінің дүниетанымының
қайнарларын көрсетеді, өзінің ұстаздарын атайды [6, 59 б.].
Мұхтар Әуезов өз зерттеулерінде бұл ойларды шығармашылықпен
дамытты және оларды Абай Құнанбаевтың өзекті мәселесінің жайымен
байланыстырып оны теориялық жағынан жетілдірді. Абайдың шығар-
машылығы мен дүниетанымына нәр берген үш бұлақ туралы концепция
30-жылдарда М. Әуезов күшімен дамытылған болатын. «Солардың бірі, –
деп жазады Әуезов, – халықтың өзі жасаған, өткен дәуірдің ауызша және
жазба ескерткіштерінде сақталып қалған, ертедегі қазақ мәдениеті... Ке-
лесі бұлақ – бұл шығыс мәдениетінің таңдаулы үлгілері: тәжік, әзірбайжан,
өзбек классикалық поэзиясы... Үшінші көз – бұл орыс мәдениеті, ал сол
арқылы әлемдік мәдениет» [7, 23 б.].
Қазіргі кезеңде бұл концепцияны көпшілік мойындаған болып табы-
лады. Бұдан басқа көптеген зерттеушілер жоғарыда аталған қайнаркөз-
дерді жалпы қазақ ағарту ісіне әділдікпен қосып жүр.
М. Әуезовтің бұрын жарияланбаған, осыдан аз уақыт бұрын ғана жа-
рық көрген еңбектері көрсеткендей, зерттеуші өз атына айтылған әртүрлі
224 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
Достарыңызбен бөлісу: |