Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет46/49
Дата16.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#4223
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49

                                                      және этномәдени негіздер
Әрқашан да уақыттың тастаған шақыртуларына мәдениет жауап тауып, 
дамып  отырған.  Оның  үстіне,  дәл  осы  отандық  тарихтың  осы  бір  қиын 
сәттерінде  ұлы  идеялар  мен  туындылар  пайда  болып,  жаңа  дәстүрлер 
мен құндылықтық бағдарлар қалыптасып, даму өзінің жаңа арнасын та-
батын еді. Қазақстандағы бұл «аласапыранның» ерекшелігі жаңа қоғамға 
өту барысындағы бүкіл әлемді қамтыған ғаламдық дағдарыспен, екі жүйе 
қақтығыстары  барысындағы  бүкіл  тәуелсіз  достастық  елдерді  қамтыған 
дағдарыспен  сай  келіп,  ішкі  мәдени  әртектілікпен  қосылып,  аса  қиын 
жағдайлар туындатып отыр.
Екі ғасырдың айрығында бүкіл әлем батыстық өркениеттің негізінде 
бірнеше  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  мәдени  типтің  ауысу  кезеңіне  тап 
келіп тұр. Сондықтан да 1917 жылға дейінгі, немесе отаршылдыққа дейінгі 
мәдениетке қайтып келу деген сияқты тезистер өзін-өзі ақтамайды. Әлем-
дік мәдениет әртүрлі халықтар мен елдердің өркениеттерінен құрала оты-
рып,  аймақтық  (локальдық)  ерекшеліктеріне  орай  әркелкі  дамып  келді. 
Бұл тұрғыдан алғанда дәстүрлі қазақ мәдениеті де, кейінгі қазақтың жазба 
мәдениеті де әлемдік өркениеттің асыл қазынасына өзіндік үлесін құйып 
келді.  Қазақтардың  арғы  тектері  көшпенділердің  бүкіләлемдік-тарихи 
миссиясының, ұлы көк түріктердің рухани жетістіктерінің дүниежүзілік 
тарихтағы рөлін ешкім теріске шығара алмайды.
Мәдениетті қайта түлету қоғамды жаңартудың маңызды алғышарты 
болып табылады. Мәдениет саласында көптеген мәселелер шешімін таппай 
келді. Соңғы онжылдықтарда рухани мәдениеттің жаңа қабаттары ашыл-
ды.  Осы  уақытқа  дейін  тыйым  салынып  келген  көркем  шығармашылық 
пен  философиялық  жанрлар,  өнер  туындылары  оқырман  қолына  тиді. 
Жас ұрпақ ата-бабадан қалған рухани мұраларымен, саяси қуғын-сүргін 
құрбандары болған төл мәдениеттің ұлы тұлғаларының өнегелі, өсиетті ру-
хани қазынасымен қайта қауышты. Көп нәрселерге жаңа тың көзқараспен 
қарау мүмкін болды.
Қазіргі  отандық  мәдениетте  бір-бірінен  мүлдем  алшақ  құндылықтар 
мен  бағдарлар  қиюласып  отыр:  ұжымшылдық  (группизм)  мен  индиви-
дуализм, өзімшілдік мен қамқорлық, саяси белсенділік пен толық немқұ-
райлылық, мемлекеттілік пен бассыздық және т. б. Бір-бірімен байланыссыз, 
тіпті бірін-бірі теріске шығаратын құбылыстар да бүгінде қатар орын алып 
отыр. Мысалы, батыстық бағдар, рухани төл мұраны қайта қарау, оралман-
дармен қоса оралған дәстүр, ресми кеңестік мәдениетті қайта бағалау және 
т.  б.  Әлемде  өткен  ғасырдың  соңына  қарай  кеңінен  таралған  постмодер-
низмге тән мәдени өмірдің жалпы картинасы да қалыптасып үлгірді. Бұл 
барлық калыптар мен дәстүрлерден бас тартып, белгілі бір қондырғылар 
орнатуды  мойындамайтын,  барлық  мәдени  көріністердің  тендігіне  және 
тоқтамсыз либерализмге негізделген дүниетанымның ерекше типі.
Постмодернизм белгілі бір идеяларды алға тартпағандықтан ешқан-
дай түйінді мәселені шешпейді, тек мәдени-тарихи шығармашылық үшін 
материал ретінде контрастарды алмастырумен ғана айналысады.

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        347
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
Қазіргі  социомәдени  ахуалдың  пайда  болуының  алғышарттары  бұ-
дан ондаған жылдар бұрын қалыптасты. Ғылым мен техника жетістікте-
рін өндіріс пен тұрмыс салаларына кеңінен енгізу мәдениеттің қызмет ету 
формасын күрделі өзгерістерге ұшыратты. Тұрмыстық радиотехниканың 
кеңінен  таралуы  рухани  құндылықтарды  өндіру,  тарату  мен  тұтынуда 
өзіндік  ерекшеліктер  алып  келді.  «Кассеталық  мәдениет»  цензурадан 
шықты,  себебі  таңдау,  көбейту  немесе  тұтыну  адамның  өз  еркі  арқылы 
жүзеге асты, «үй мәдениетінің» ерекше типі қалыптасты, оның құрамдас 
элементтері  қатарына  кітаптан  өзге  видеокассеталар,  видеомагнитофон, 
радио,  телевизор,  жеке  компьютерлер  құрады.  Бұл  арсенал  «пәтердің 
жадында»  жинақталған  «әлемдік  мәдениеттің  банкісін»  елестетеді.  Жал-
пы әлеуметтендіру жүйесі түбірлі өзгеріп, тұлғааралық қатынастар сала-
сының аумағы тарыла түсті.
Жаңа ғасырдың басында Қазақстан сара жолды анықтау үстінде. Бүгін 
мәдениет, қоғамның өзге де салалары сияқты әртүрлі перспективалар ту-
ындататын өліара кезеңіне түсті.
Мәдениеттің  материалдық  базасы  терең  дағдарыс  жадайында  қира-
ған және өртенген кітапханалар, жөндеуден өтпеген театралдық және кон-
церттік залдар, классикалық көне халықтық мәдениетті қамтамасыз етуге 
және  таратуға  бағытталған  қаржы  көздерінің  жоқтығы  өзге  де  көптеген 
елдерді қамтып отырған мәдени құндылықтарға деген қызығушылықтың 
артуымен  қабат  орындалып  отыр.  Әркімді  де  ойландыратын  күрделі 
мәселе бұл – мәдениет пен нарықтың өзара әрекеті. Мәдениетті коммер-
цияландыру жүріп жатыр, ал көркем мәдениеттің «коммерциялық емес» 
туындылары  белгісіз  күйде  қалып,  классикалық  мұраны  игеру  қиын-
шылықтарға душар болды. Алдыңғы ұрпақтардың жинақтаған орасан зор 
мәдени потенциалы болғанымен халықтың рухани азғындалуы іске асуда. 
Бұқаралық мәдениетсіздік – экономикадағы дағдарыстар мен экологиялық 
апаттардың  ең  басты  себептерінің  бірі.  Рухани  азғындықтың  негізінде 
қылмыс пен зорлық өсіп, мораль құлдырауға айналды. Елдің бүгіні мен 
ертеңіне ғылым мен білім берудегі келеңсіз жағдай үлкен қауіп туғызады.
Қазақстанның  нарықтық  қатынастарға  өтуі  рухани  мәдениет  үшін 
аса  ауыр  салдарларға  әкелді.  Жаңа  жағдайларға  бейімделе  алмаған  ескі 
мәдениеттің  өкілдері  қиыншылықтарға  тап  келді.  Сөз  еркіндігінің  бекі-
тілуінің  нәтижесінде  әдебиет  пен  кейбір  өнер  түрлеріндеті  жетістік 
–  шындықты  айту  барысында  цензураны  айналып  өтіп  «эзоп  тілінің» 
маңызын  жойды.  Қызығушылықтың  барынша  төмендеуі  нәтижесінде 
әсіресе,  отандық  мәдениет  жүйесінде  жетекші  орынды  иеленіп  келген 
әдебиет  аса  қиын  жағдайда  қалды.  Оның  үстіне  қоғамдық  өзгерістердің 
жылдамдығы, ешнәрсені де пайымдауға үлгертпеді.
Егер  мәдениет  туындысын  шығаруға  бизнес  түрінде,  пайда  әкелетін 
кәдуілгі  тауар  ретінде  қарайтын  болса,  онда  жоғарғы  рухани  идеалдар 
мен  жасампаздыққа  ұмтылудан  гөрі,  аз  шығын  жұмсап  көп  пайда  табу 
мүддесі  басты  мақсатқа  айналады.  Мәдениеттің  коммерциалдандырылуы 

348                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
рухани  адамға  емес,  жануарлық  төменгі  деңгейге  тән  құмарлықтар  мен 
талғамдардағы экономикалық адамға бағытталады. XX ғасырдың ірі фило-
софтарының бірі Э. Фромм «нарықтық тұлға» типін сипаттай келе былай 
деп жазады: «адамды не өз өмірі, не өзінің бақыты да қызықтырмайды, ол 
тек өзінің сатылу қабілетін жоғалтпау жөнінде ғана уайым жейді» [9, 345 б.]. 
Елдің мұнан әрі мәдени даму жолын анықтау қоғамдағы өткір пікір-
таластардың өзегіне айналды, өйткені мемлекет бұрынғыдай мәдениетке 
өз талаптарын жүктей алмайды, бұрынғы орталықтанған басқару жүйесі 
мен біртұтас мәдени саясат жоғалды. Пікірталастағы бір көзқарас бойын-
ша мемлекет мәдениет істеріне араласпауы керек, өйткені оның мәдениет-
ке үстемдігі орнайды, ал мәдениет өз дамуына қаржы-құралды өзі табады 
деген қорытындыға келеді. Бұған қарағанда толығырақ негізделген екінші 
көзқарас  мәдениетке  еркіндік  бере  отырып  және  мәдени  төлтумалық 
құқығын  сақтай  отырып,  мемлекет  мәдени  құрылыстың  стратегиялық 
мақсаттарын  дайындауды  және  мәдени-тарихи  ұлттық  мұраны  сақтау 
міндеті  мен  мәдени  құндылықтарды  қаржылай  қамтамасыз  етуді  өз 
қолына  алуы  тиіс  деп  санайды.  Мемлекет  мәдениетті  бизнестің  қолына 
беріп қоймай, керісінше оны барлық жағынан, оның ішінде білім беру мен 
ғылымды кеңінен қолдауы керек. Бұл ұлттың адамгершілік, психикалық 
денсаулығын  ұстап  тұруға  үлкен  ықпалын  тигізеді.  Руханилықтың  дағ-
дарысы көптеген адамдардың арасында психикалық дискомфорт тудыра-
ды, себебі бірегейлік механизмі ауыр ақауларға ұшыраған. Бұл механизм-
сіз ешқандай мәдениет өмір сүре алмайды. Отандық мәдениеттің барлық 
қайшылықтық сипатына қарамастан қоғам мәдени жетістіктерден бас тарт-
пауы тиіс. Олай болған жағдайда оның ақыры қиын салдарларға әкеледі. 
Құлдырап  бара  жатқан  мәдениет  түбірлі  өзгерістерге  бейімделе  алмай-
ды,  өйткені  өзгерістерге  сай  жасампаздық  мәдени  категориялар  болып 
табылатын  құндылықтардан  туындайды.  Тек  бірегей  және  берік  ұлттық 
мәдениет қана жаңа мақсаттарды өзінің құндылықтарына салыстырмалы 
түрде тез икемдей алады, жүріс-тұрыс қалыптарының жаңа образдарын 
игере алады. Мәдениетті сіңіріп алу бір қарағанда қарапайым көрінгенмен 
күрделі  процесс.  Кейбір  формалар  сіңіруші  мәдениет  контекстіне  оңай 
кірігіп кеткенімен, басқалары олай емес. Мәдениетте әлемдік стандартқа 
еліктеудің  қажеті  шамалы.  Әрбір  қоғам  құндылықтардың  уникалды 
–  ерекше  конфигурациясын  қалыптастырады.  Белгілі  ғалым  К.  Леви-
Стросс бұл туралы былай деп жазады: «Әрбір мәдениеттің қайталанбас 
ерекшелігі, ең алдымен олардың мәселелерді шешудегі өзіндік тәсілінде, 
барлық  адамдарға  тән  құндылықтарды  болашаққа  сай  дұрыс  орналас-
тыруында.  Бірақ  олардың  мәнділігі  әртүрлі  мәдениеттерде  ешқашан 
да  бірдей  болмайды  және  сондықтан  да  қазіргі  этнология  осы  жұмбақ 
таңдаудың  бастау  көздерін  түсінуге  барған  сайын  ұмтылуда»  [10,  19  б.]. 
Өкінішке  орай,  қазіргі  Қазақстан  өткеннің  көптеген  жетістіктерінен  бас 
тарта отырып, қиратушылық үрдісі басым радикалды өзгерістер жолына 
түсіп отыр. Мұның бәрі барлық нәрсені өз орнына қоюға ықпал етеді деген 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        349
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
ұғыммен нарықтық экономиканы тезірек өмірге енгізу мақсатында жаса-
лып отыр. Өзге елдердің, оның ішінде «нағыз нарықтық» елдердің тари-
хына үңілсек бұл жаңа құндылықтар мен жүріс-тұрыс қалыптарын нарық 
қалыптастырмаған, бұл елдердің ұлттық мәдениеттері бұл құндылықтар-
ды моралдық жағынан ақтай отырып және сонымен бірге мәдени тыйым-
дармен шектей отырып нарықты игеруге негізделген.
Қазіргі  отандық  мәдениеттің  жағдайын  талдау  қоғамдық  жүйелерді 
қалпына  келтіріп  отыратын  тұрақты  мәдени  формалардың  жоқтығын, 
уақыт пен кеңістіктегі мәдениет элементтерін сенімді түрде байланысты-
ратын формалардың әлсіздігін анықтайды.
Қазақстандық мәдениет уақыт талабына дұрыс жауап таба білуі тиіс. 
Бұл үшін «аралығы жоқ» толассыз талас-тартыс, екіжақты конфронтация 
механизмдерін тудыратын әдеттен бас тартып, өзіндік сананың өзге фор-
маларына көшу қажет. Міндетті түрде, барлығын қысқа уақыттың ішінде 
радикалды  түрде  өзгертіп,  қайта  құрамыз  деуге  саятын  максимализмге 
негізделген ойлау типінен алшақтау қажет.
Мұндай радикализмнен әртүрлі әлеуметтік, этникалық және конфес-
сионалдық  қауымдастықтарды  қамти  отырып  аралық  мәдениетті  қалып-
тастыру мен қоғамдық өзін-өзі басқарудың тұрақты жүйесін бекіту жолда-
ры арқылы құтылуға болады. Қоғамның қалыпты өмір сүруі үшін әр алуан 
өзіндік ұйымдасқан мәдени орта қажет. Бұл ортаға мәдени құндылықтар-
ды  қалыптастырып  таратумен  байланысты  әлеуметтік-мәдени  объектілер 
кіреді,  мысалы,  ғылыми  және  оқу  мекемелері,  өнер  ұйымдары  және  т.  т. 
Бірақ,  ең  маңыздысы  –  адамдардың  арақатынасы,  олардың  күнделікті 
өмірінің  алғышарттары,  рухани-адамгершілік  атмосферасы.  Мәдени  ор-
таны  қалыптастыру  процесі  –  мәдени  жаңарудың  негізі,  мұндай  орта-
сыз қоғамды жікке бөлетін әлеуметтік және психологиялық механизмдер 
әрекетінің алдын-алу мүмкін емес. Академик Д.С. Лихачев мәдени ортаны 
сақтау қоршаған ортаны сақтаудан бір де кем түспейтін маңызды мақсат 
деп санайды. Табиғаттың адамның биологиялық өмірі үшін қандай қажеті 
болса,  мәдени  орта  да  адамның  рухани,  адамгершілік  өмірі  үшін  сондай 
қажет [11, 5 б.].
Мәдениет  –  тұтас  және  органикалық  құбылыс.  Біз  оның  жасанды 
жолмен  құрылымдық  қайта  құруларды  көтермейтінін  ұғынуымыз  ке-
рек,  мұндай  эксперименттер  оның  күйреуіне  әкеледі.  Жалпы  әлемдік 
өркениеттік  процеске  өзінше  қосылатын  әрбір  мәдениеттің  негізінде 
прогрессивті  немесе  реакциялық  деп  бөлуге  келмейтін  терең  рухани 
адамгершілік  архетиптер  жатады.  Бұл  әртүрлі  мәдениеттер  дамуының 
өзіндік ерекшеліктері мен әр алуандығы туралы идея адамдар санасын-
да енді ғана беки бастады. Белгілі ресейлік философ Ю.М. Бородай бы-
лай  деп  жазады,  «адамдардың  бірқалыпты  өмір-тіршіліктері  ақылдың 
айласы  мен  ойша  есептеулердің  негізінде  емес,  әрбір  халықтардың  өз 
ерекшеліктеріне сай адамгершілік императивтері мен қалыптасқан сана-
сына сәйкестеледі... осы нәрсе оларды қайталанбас тұлға және қоғамдық 

350                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
индивид ете алады. Адамзат әлемінің әр алуандылығы мен қызықшылығы 
осы ешқандай да логикалық негіздеуге жатпайтын және өзге мәдениеттің 
тіліне  адекватты  түрде  аударылмайтын  әрбір  халықтың  мәдениетінің 
түбірін  құрайтын  өздерінің  культтық  сипаттағы  қадір-қасиеттерімен 
тікелей байланысты» [12, 380-381 бб.].
Бірақ бұл дегеніміз өзгенің бәрін теріске шығарып, табалдырықтан ат-
татпау емес, өзгенің тәжірибесін үйренуге болады және ол қажет те, бірақ 
оның өзгелердің тәжірибесі екендігін естен шығармаған жөн.
Қазіргі қалыптасқан мәдени жағдайда ұлттық төлтумалылықты сақтай 
отырып және оны қазіргі заманғы нарық зандылықтарына бейімдей оты-
рып, болашаққа қарай бағдар ұстану қажет. Жаңа қоғамға өту барысында 
жүріп жаткан ғаламдық процестерден тыс қалуға болмайды.
Қазақстанның тұрақты дамуы үшін қазіргі әлемдегі мәдени тәуелсіз-
дік  құқығын  сақтап  қалу  барысындағы  бәсекелестікте  социо-мәдени 
коммуникацияның тиімді жүйесін қалыптастыру қажет. Қоғамның өмір 
сүруі  мен  дамуы  оның  әрбір  кезеңі  әлеуметтік  байланыстың  белгілі  бір 
құралдары  мен  технологияларын  (коммуникация)  қамтамасыз  етудің 
біріктіруші реттеуші функциясы (өзектілік аспекті) мен мәдени мұралану 
процесіндегі (тарихи аспект) кызметтерімен тығыз байланысты.
Жиырмасыншы  ғасырдың  екінші  жартысынан  басталған  ғаламдық 
ақпараттық  қоғам  бүкіл  планета  мен  планета  маңайындағы  кеңістікті 
қамтыды. Коммуникация желілері литосфераны, геосфераны, атмосфера-
ны қамтыды: авто және темір жолдар, мұнай және газ құбырлары, электр 
желілері,  әуе  және  теңіз  жолдары,  сонымен  қатар  теле  және  радиобай-
ланыс,  оптикалық  талшық  каналдары,  компьютерлік  жүйе,  спутниктік 
жүйелер адам баласының жаңа өлшемдері болып табылады.
Коммуникацияның  жаңа  құралдарының  жасалуы  социомәдени 
жүйенің коммуникативтілік деңгейін де жоғарылатты. Ғаламдық ақпарат-
тық  қоғам  өзіне  бірігуші  әртүрлі  деңгейлердегі  социомәдени  субъекті-
лерге  –  этностарға,  әлеуметтік  топтарға,  мемлекетке  өмір  сүрудің  жаңа 
талаптарын қояды. Кез келген деңгейдегі субъекттің бірігу процесі бұл – 
ақпаратты социумның уақыт пен кеңістікте қабылдаудың құралдары мен 
тәсілдері, оның трансформациясы, көбейтуі, трансляциясы т. т. жиынты-
ғынан құралатын социомәдени коммуникацияның жүйелері мен комму-
никативтік кешенді қалыптастыру арқылы жаңа ақпараттық қоғамға ену 
болып табылады.
Қазақстанның  ақпараттық-коммуникативті тұрақты  және  қарқынды 
аксиологиялық креативті деңгейге енуі төмендегі мәселелер кешендерімен 
байланысты:
әлеуметтік-экономикалық  жүйелердің  құрылымының  әлсіздігі  (қо-
ғамдық  және  экономикалық  қатынастарды  институционалдандырудың 
төменгі деңгейі);
ақпараттық-коммуникативтік атмосфера (коммуникациялық инфра-
құрылымы әлсіз кең және халық аз қоныстанған территория).

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        351
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
Бұған  қоса,  біздің  қоғам  қатаң  рухани  анемия  жағдайында  немесе 
аксиологиялық  өлшем  бағытындағы  функциялардың  әлсіреуінен  көрі-
нетін  ақпараттық-коммуникативтік  дағдарысты  бастан  кешіруде.  Басқа-
рудың  бұзылуының  осы  ішкі  имманенттік  интенциясына  қосымша 
Қазақстанның  социомодени  коммуникация  жүйесі  неғұрлым  күшті 
донорлық  жүйелердің  тарапынан  жүргізілген  ақпарат  экспортының 
нәтижесінде ыдырауға ұшырап отыр. Мұны ресейлік ғалымдар В.В. Ильин 
мен А.С. Панариннің тілімен түсіндіргенде: «донор-мәдениет («гегемон») 
мақсатты өзіне де өзге мәдениеттерге де жасайды. Реципиент-мәдениет, 
жалпы  мақсаттар  құру  қабілетінен  айрылғандықтан  шығармашылық 
потенциалы  неғұрлым  жоғары  әлеуметтік  топтарды  біріктіре  алмайды, 
бұқара жалпы бағдардан айырылады» [13, 91 бб.].
Реципиент жүйесі біздің жағдайдағы қазақстандық қоғам қалыптары 
мен құндылықтарды, менталдық құрылымдар мен идентификациялық код-
тарды өндірудің тәсілдерін игере алмағандықтан алынған, экспортталған 
ақпаратты аудара да, түсіндіре де алмайды. Нақты социомәдени техноло-
гия жұмыс істемейді: ескі білім өзінің мәнін жоғалтса, ал жаңасы (мысалы, 
демократия, ашық қоғам, плюрализм (әр алуандық) және т. б.) шындықтан 
алыс  абстрактылық  жадайда.  Елдің  ақпараттық  коммуникативтік  кеңіс-
тігіндегі  мозаикалық,  дискреттілік  тек  өзекті  социоөлшемде  (қазір  және 
осы жерде) ғана емес, тарихи өлшемге де тән. Социореттеудің функция-
лары  әлсіреген:  біріктіруші  идея  біреудің  нәтижесіздігі,  ұлттық  өзіндік 
бірегейлік  пен  әлеуметтік  процестерді  институционалдандыру  сала-
ларындағы қиыншылықтар болып табылады.
Үстіміздегі  ғасырда  өз  даму  жолынан  үміті  бар  кез  келген  ел  мәде-
ниеттің  ғаламдандыру,  біріктіру,  конвергенцияландыру  сияқты  жойқын 
үрдістерінен  тыс  қала  алмайды.  Бұл  ғаламдық  ақпараттық  қоғамның 
өмір сүруінің объективті алғышарты және сонымен бірге мәдениеті мен 
төлтумалылығы  қалыптаса  қоймаған  қоғамдық  жүйелер  үшін  үлкен 
қауіптің көзі. «Үшінші әлемдік» ақпараттық соғыстың ең маңызды шайқас-
тары,  дербес  даму  құқығы  үшін  болатын  шайқастардың  алдыңғы  шебі 
құрғақта да, теңізде де, әуеде де емес тылсымдық ақпараттық кеңістікке 
ауысады. Егер біз ел, халық ретінде үлгеріп, тірі қалуымыз үшін ғаламдық 
ақпараттық  қоғам  жағдайында  өзіміздің  социомәдени  коммуникативтік 
жүйеміздің тиімділігін арттырып, ақпараттық-коммуникативтік кеңістікте 
өзектіліктің өзіндік технологияларын дайындауымыз қажет.
Қазіргі қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарда әлемдік даму үр-
дістері  деңгейінде  талданатын  осы  болып  жатқан  өзгерістерді  пайым-
дауға  арналған  тәсілдердің  бірі  әрі  бірегейі  жаhандану  теориясы  болып 
табылады. Бұл теория бойынша, әлемдік қауымдастықтың дамуы жекеле-
ген қоғамдар мен мемлекеттердің бүкіл әлемді қамти бастаған ғаламдық 
үдерістер мен қатынастарға тартылуы бағытында жүріп келеді. Әлемдік 
қауымдастық дамуының негізгі үрдістерінің бірі бола отырып, жаhандану 
экономикалық  және  саяси  үдерістерге  де,  мәдени-өркениеттік  саладағы 

352                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
өзара қатынастарға да ықпалын тигізеді. Ол мемлекеттердің, мәдениеттер 
мен  өркениеттердің  алдына  өздерінің  дәстүрлі  ерекше  құндылықтық 
бағдарларын сақтай отырып, ғаламдық сипатқа ие болған қазіргі заманғы 
үдерістерге сіңу міндетін қойып отыр. 
Соңғы  кездері  жаhандану  және  жаhанданушылық  үдерістер  барған 
сайын  зерттеушілердің  жіті  назарына  ілігіп,  зерттеу  нысанына  айна-
лып  кетті.  Жаhандану  теориясы  олардың  шеңберінде  әлемдік  жүйе  не-
мес  әлемдік  қауым  тұжырымдамасы  белсенді  түрде  қалыптастырылған 
әлеуметтанымдық  жүйелік  теория  мен  халықаралық  қатынастардың 
саясаттанымдық  теориясының  тоғысқан  тұсында  пайда  болды.  «Жаhан-
дандық»  (кейде  «ғаламдық»  сөзі  де  қолданылады)  термині  ХХ  ғасырдың 
60-жылдарында В. Мурдың («жаhандық әлеуметтану» терминін айналымға 
енгізген)  және  М.  Маклюэннің  («жаhандық  деревня»  терминнін  тұңғыш 
рет  қолданған)  жұмыстарында,  осыған  дейін  «әлемдік»,  «халықаралық», 
«интернационалдық»  ұғымдарының  төңірегінде  қалыптасқан  қоғамдық 
өзгерістер дискурсында қолданыла басталды. 
1980-жылдардың  орта  тұсында  «жаhандану»  ұғымын  қалыптастыра 
және  жұртшылыққа  танымал  ете  бастаған  Р.  Робертсон  болды  және 
1980-жылдардың  аяғында  жаhандану  теориясының  төңірегіне  әлемдік 
трансформациялану  теориясы  саласындағы  зерттеулердің  көпшілігі  шо-
ғырланды.  1990  жылы  «Жаhандану  мәдениеті»  деп  аталатын  бағдарла-
малық  мақалалар  жинағы  жарық  көрді  де,  онда  жаhанданудың  негізгі 
теоретиктерінің жұмыстары: И. Валлерстайннің, М. Арчердің, Р. Робертсон-
ның,  М.  Фезерстоунның,  А.  Аппадураидің,  Б.  Тернердің  және  өзгелерінің 
еңбектері жарияланды. Сол сәттен бері жаhандану туралы іргелі моногра-
фиялар бірінен соң бірі жарық көре бастады. Әсіресе Иммануил Валлер-
стайн мен Жак Атталидің еңбектерінің мейлінше танымал екендігі белгілі. 
Біздің  пікірімізше,  әлемнің  тұтастануы  туралы  тұжырымның  пай-
дасына,  біріншіден,  бүгінгі  күні  жаhандық  деп  сипаттау  қабылданған 
құбылыстардың  өздерінің  қандай  да  бір  формада  Жаңа  және  Қазіргі 
замандар  кезеңіндегі  әлем  дамуының  магистралды  бағыттарына  тән 
екендігі  айғақ  ретінде  шешіледі.  Екіншіден,  жаhанданудың  индустри-
алдандыру,  интернационалдандыру  және  модерндеу  сияқты  жалпы 
таралған үдерістердің нәтижесі екендігі күмәнсіз. Оның үстіне жаhандану 
үдерістерінің жеделдеуі осы үдерістердің интенсификациялануының сал-
дары  болып  шықты.  Енді  осы  модерндеу  немесе  жаңарту  құбылысына 
қысқаша тоқтала кетсек.
Әлемде,  ең  бергісін  айтқанда,  соңғы  төрт  ғасыр  бойы  жүзеге  асып 
жатқан  әлеуметтік,  экономикалық  және  мәдени  үдерістердің  барлық 
алуан  түрлілігін  дәстүрден  қазіргі  заманға  (модернге)  қарай  азды-көпті 
деңгейде  біртұтас  үдемелі  қозғалыс  аясында  қарастыруға  болады  деген 
идея Жаңа замандағы бүкіл еуропалық әлеуметтік оймен тығыз байланы-
сты. Бұл қозғалысты сипаттау мен талдап шығудың кезекті ұмтылысы ХХ 
ғасырдың  50-жылдарының  аяғында  орын  алды  және  модерндеу  теория-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет