Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет44/49
Дата16.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#4223
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49

                                                      және этномәдени негіздер
үшін «әлемдік стандарт» деп аталатын жүйеге бағдар ұстау өмір талапта-
ры мен білім беру арасындағы айырмашылықтарға әсер етуі әбден мүмкін» 
[15, 54-55 бб.]. Қазіргі нарық жағдайындағы әлеуметтік және гуманитарлық 
ғылымдардың жай-күйі мен оны дамытудың болашақ мүмкіндіктері ту-
ралы  Ә.Нысанбаевтың  еңбегінде  сөз  болады.  Қоғамдық  ғылымдарға  де-
ген мұрнын шүйіре менсінбеушілік салдарынан республиканың жоғары 
оқу орындарында гуманитарлық пәндердің үлес салмағының барған сай-
ын кеміп келе жатқандығын  айта келе, белгілі ғалым отандық ғылымды 
неғұрлым тезірек реформалау мен жоғары дәрежелі маман кадрлар даяр-
лауды қамтамасыз ету үшін төмендегідей ұсыныстар айтады:
әлеуметтік-гуманитарлық  зерттеулер  республикада  барлық  қаржы 
кадр және материалдық-техникалық мәселелерге қатысты бірінші кезекте 
мәселе  болды,  оларға  деген  көзқарас,  олардың  әдіснамасы  мен  техноло-
гиясы,  зерттеу  бағдарламаларын  қалыптастыру  мен  қаржыландырудың 
стратегиясы түбегейлі өзгеретін болуы тиіс;
әлеуметтік-гуманитарлық саладағы мемлекеттік емес (мысалы, жұмы-
сымен жақсы көзге түсіп отырған Қазақстанның даму институты сияқты) 
сектор  құруға  жан-жақты  қолдау  көрсетіп,  оларды  қажетті  тағы  басқа 
мемлекеттік  тапсырыспен,  үй-жаймен,  техникалық  құралдармен  қамта-
масыз ету арқылы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы бәсе-
келестік пен кәсіпкерлікті дамытып отыру керек;
әлеуметтік-гуманитарлық  пәндер  бойынша  қазақ  және  орыс  тілде-
рінде жаңа оқу бағдарламаларын, оқу құралдары мен оқулықтар шығару 
қажет.  Өйткені  мұның  өзі  бүгінгі  таңда  жоғары  оқу  орындары  үшін  де, 
республиканың  озық  ойлы  алдыңғы  қатарлы  ұлттық  элитасын  қалып-
тастыру үшін де өте-мөте керек [31, 110 б.].
Жастардың  егеменді  еліміздің  ертеңі,  болашағы  екендігі  белгілі. 
Санаға сызат түсірмей, тәлімді ұрпақ өсіру әркімнің де басты мақсат па-
рызына,  әсіресе  білім  беру  саласында  ең  басты  міндетіне  айналуы  тиіс. 
Осы  жолда,  яғни  буыны  бекіп,  қата  қоймаған  тәуелсіз  мемлекетіміздің 
жас азаматтарының  бойында отансүйгіштік қасиеттерді егу мен ойында 
тарихи сананы қалыптастыру барысында оқулықтар мен оқу құралдары 
көбірек жазылуы керек. Өткеннен қалған әлеуметтік-адамгершілік үлгідегі 
өсиеттер мен рухани мұраны терең насихаттап, қалың көпшіліктің игілігі-
не жарату қажет. Бұл жас ұрпақты ізгілікке, жүрек пен жанның тазалығы-
на, білімділікке, имандылыққа, адамгершілікке, парасаттылыққа, әсемдік 
пен  әдептілікке  тәрбиелеп,  тұлғалық  қасиеттер  қалыптастыруға  өзіндік 
үлесін қосады, қоғамды зиялылыққа үндейді.
 
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы. Атамұра, 1999. – 296 б. 
2. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. – М.: Наука, 1983. – 412 с.
3. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. М.: ДИ-ДИКД994. – 637 с.

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        331
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
4. Темирбеков С.Т. Культурологические аспекты национального характера ка-
захов // Культура Казахстана: традиции, реальности, поиски: Ғыл. мақ. жинағы / 
Жалпы ред. Е.Б.Имамбек – Алматы. РНЦПК, 1998. – 164 б.
5. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. Оқу құралы. – Алматы. 
Санат, 1997. – 464 б.
6. Нуржанов Б.Г. Культурология. Курс лекций. – Алматы: Ун-т «Кайнар», 1994. 
– 128 с. 
7. Тойнби А. Дж. Постижение истории. – М.: Прогресс. Культура, 1991. –  606 с.
8. Ясперс К. Смысл и назначение истории. – М.: Политиздат, 1991. – С. 572. 
9. Юдин В.П. Орды: белая, синяя, серая, золотая...// Утемиш-хаджи. Чингиз-
наме.  /  Факсимиле,  перевод,  транскрипция,  текстологические  примечания. 
Исследование В.П. Юдина. Комментарии и указатели М.Х. Абусеитовой. – Алма-
Ата. Ғылым, 1992. – 296 с. 
10. Ауэзов М. Энкидиада: К проблеме единства миров кочевья и оседлости // 
Кочевники  и  эстетика:  Познание  мира  традиционным  казахским  искусством.  – 
Алматы. Ғылым, 1993. – 264 с.
11. Мағауин Е. Едіге жырының тарихи негіздері //Жұлдыз. – 1995. № 2. 
12. Кодар А. Очерки по истории казахской литературы (с древнейших времен 
до раннего творчества М.О.Ауэзова). – Алматы. Золотой век, 1999. – 152 с. 
13. Абай. Қара сөз. Поэмалары. – Алматы. Ел. 1993. – 272 б. 
14. Ақатай С. Қазақтың ұлттық менталитеті // Культура – сущность нации: 
Ғыл. мат. жин./ Жалпы ред. Д.Исабеков, Е.Б.Имамбек. – Алматы. КазНИИКИ, 1998. 
– 212 б. 
15. Касымжанов А.Х. Стеллы Кошо-Цайдама. – Алматы. ТОО «Компания Priting 
systems», 1998. – 113 с. 
16. Балтабаев М.Х. Современная художественная культура Казахстана: гносе-
ология, ментальность, преемственность, перспективы. – Алматы. РНЦПК, 1997. – 
156 с.
17. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. – Алматы. Ғылым. 1999. 
– 200 б.
18. Бахтин М.М. Творчество Франсуа Рабле и народная культура средневеко-
вья и Ренессанса. – М.: Худ. лит., 1965. – 527 с.
19. Гердер И.Г. Идеи к философии истории человечества. – М.: Наука, 1977. – 703 с. 
20. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің типологиясы: Мәдениеттану оқу құралы. 
– Алматы: Қазақ. Ун-ті, 1998. – 203 б.
21.  Вебер  М.  Протестантская  этика  и  дух  капитализма  //Избр.  произ.  М.: 
Юрист, 1994. – 704 с.
22. Фромм Э. Иметь или быть? – М.: Прогресс, 1990. – 330 с.
23. Огурцов А.П. «Отчуждение» // Филос. энцикл.словарь. – М.: Сов. энцикл., 
1983. – 839 с. 
24. Кафка Ф. Приговор. Роман. Новеллы. – Новосибирск: Кн. изд-во, 1991. – 
461; Замок: Роман. – М.: Наука, 1990. – 221; Америка. Роман; Процесс. Роман. – М.: 
Политиздат, 1991. – 604 с.
25. Камю А. Миф о Сизифе// Сумерки богов. – М.: Политиздат, 1990. – 306 с.

332                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
26. Разлогов К. Феномен массовой культуры // Культура, традиция, образова-
ние. – М.: АН СССР. НИИ культуры, 1990. – Вып.1, 261 (134).
27. Маркузе Г. Человек в индустриальном мире. – М.: Прогресс, 1993. – 320 с.
28. Фромм Э. Бегство от свободы. – М.: Прогресс, 1990. – 269 с.
29.  Ортега-и  Гассет.  Восстание  масс  //  Вопросы  философии.  –  1989,  №3-4; 
Дегуманизация искусства. – М.: Прогресс, 1991. – 430 с.
30. Абай. 2 томдық шығ. жинағы, Алматы. 1986, 1 т. – 96 б.
31. Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. – Алматы. Қазақ энц. Бас редакция-
сы, 1998. – 272 б.
4.3. Жаһандану жағдайындағы руханилыққа зәрулік – 
тарихи сананың даму факторы
Қоғамдық  дамудың  құндылықтық  негіздерін  іздеу  және  оның  сал-
дарынан  құндылықтардың  белгілі  бір  жүйесін  таңдау  –  бұл  күрделі 
әрі  қайшылықты,  бірақ  табиғи  үдеріс.  Жүйесі  әлеуметтік  реттелімнің 
анағұрлым  жоғары  деңгейі  ретінде  көрінетін  құндылықтардың  саты-
сы мен арнаулы жиынтығынсыз ешқандай қоғам да өмір сүре алмайды. 
Өйткені  құндылықтар  жүйесінде  соның  негізінде  нормативтік  бақылау-
дың мейлінше нақты және ерекшелендірілген жүйелері, сәйкес қоғамдық 
институттар және түбінде қоғамда белгілі бір тәртіп пен әртүрлі  қоғамдық 
субъектілердің  өзіндік  «құндылықтық  ынтымақтастығын»  қамтамасыз 
етуді мақсат тұтатын адамдардың әрі индивидуалды, әрі ұжымдық мақсат-
ты істерінің өзі жүзеге асатын әлеуметтің (қоғамның, топтың, индивидтің) 
мойындаған  өлшемдері  белгіленеді.  Құндылықтардың  осындай  түсінігі 
адамдарды бір-бірінен бөлектендірмейді, ыдыратпайды, керісінше, «адам-
заттық тұтастыққа» біріктіреді.
Қазіргі  Қазақстан  жағдайында  мұндай  құндылықтық  ынтымақтас-
тыққа негіздер қалыптастыру қоғамның жаңа жағдайға өтуіне орай ту-
ындайтын  объективті  және  нақты  өмір  сүретін  қайшылықтарды,  негіз-
сіз  кеудемсоқтық,  тамырлап  алған  келте  ойлауды,  әртүрлі  идеология-
лық конструкцияларды игерумен байланысты болып отыр. Алайда бұл 
үдерістің маңыздылығын қайта бағалау өте қиын, өйткені жаңа құнды-
лықтық өлшемдер мен бағдарларды анықтау тікелей оның тұрақты және 
жүйелі  дамуын  сипаттайтын  қоғамның  біріктіруші  күшін  айқындауды 
аңғартады. 
«...Ұлттық сана, – дейді Н.Ә. Назарбаев, – бүгінгі таңда, кейбір ымы-
рашыл (либералдық) идеяларды үстірттеу игерген қалпында социалистік 
және дәстүрлі көзқарастардың қойыртпағы болып отырған кезде айрықша 
мән-мағынаға ие. Қарапайым ақиқатты түсінетін мезгіл жетті, жаңғырған 
(модернделген,  жаңартылған  Б.С.)  сана  әсте  ұлттық  аңсарға  қайшы  кел-
мек  емес.  Керісінше,  ұлттымыздың  «МЕН»  дегізерлік  қасиетін  сақтауға 
жаңғырған сана ғана кепіл бола алады». [1, 53-54 бб.]. Н.Ә. Назарбаевтың 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        333
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
бұл қағидасы қазақтардың ұлттық санасын модернизациялау қажеттілігі-
не қатысты айтылған еді. Бұл қазіргі жаhандану және жаңарту үдерістері-
нің тарихи санаға әсері туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді. 
Әлемдік даму соңғы онжылдықтарда әр алуан мәдениеттер мен әлеу-
меттік  институттардың  күшейе  түскен  өзара  ықпалымен,  бұрын-соңды 
болмаған  динамикасымен  сипатталатын  белсенді  трансформациялар  ке-
зеңін бастан кешіріп отыр. Жүзеге асып жатқан үдерістердің нәтижесінде 
жекелеген  елдердің,  аймақтардың  және  тұтастай  алғанда  әлемнің  бет-
бейнесі өзгеріске түсті. Бүгінгі күні бұл айғақты ешкім теріске шығармайды, 
бірақ,  сонымен  бір  мезгілде,  трансформация  үдерістері  мен  оның  соңғы 
нәтижелерінің мәніне қатысты пікірлер мен бағалардың мейлінше шашы-
раңқылығы аңғарылады.
XX ғасырда адамзат баласы өркениет тағдырымен шектесіп жататын 
проблемалармен бетпе-бет келді. Бұл жаһандық немесе глобальды (globus 
– латын тілінен аударғанда жер шары) көкейкесті мәселелер ең алдымен 
төмендегі міндеттерді шешуді талап етеді:
экологиялық  дағдарыстың  алдын-алу  (қоршаған  ортаның  ластануы, 
атмосферадағы озон қабатының азаюы және т. б.);
жаппай  қырып-жоюшы  соғысты  (термоядролық,  химиялық,  биоло-
гиялық) болдырмау;
аштықты, қайыршылықты, сауатсыздықты, бай Солтүстік пен кедей 
Оңтүстіктің арасындағы айырмашылықты жою;
экономиканың  онан  әрі  дамуын  қамтамасыз  ету  барысында  жаңа 
шикізат көздерін табу, ғылыми-техникалық процестің зиянды салдарла-
рының алдын-алу.
Мұнай  ғаламдық  мәселелердің  пайда  болуының  мынадай  себептері 
болды.  Біріншіден,  терең  саяси  және  экономикалық  байланыстармен 
қамтамасыз етілетін әлемдік тұтастықтың бұзылуы. Бұл әлемдік соғыстар 
Германия,  Польша  шекараларынан  басталып  Африканы,  Таяу  және 
Қиыр Шығысты, Тынық мұхит бассейні, Қырым мен Кавказды қамтыды. 
Барлығы біртұтас тарихи драманың куәгерлері болды.
Екіншіден, әлемдік өркениеттің дағдарысы табиғатты қанау барысын-
да адамзаттың экономикалық қуатының барған сайын өсуінің салдарынан 
болды. Соңғы жүз жылдықта планетаның өнеркәсіп өндірісі елу есе өсті, 
бұл өсімнің бестен төрті 1950 жылдан кейінгі уақыттың үлесінде.
Үшіншіден, ғаламдық мәселе қалыптасуының тағы бір себебі мәдениет 
пен  елдер  дамуының  әртүрлі  деңгейлігінен.  Теледидардың,  спутниктік 
байланыстың, компьютерлік жүйенің барынша дамыған тұсында Тропи-
калық  Африка  мен  Амазонка  бассейіндегі  ру-тайпалық  бірлестіктер 
алғашқы қауымдық қатынастарда өмір сүруде. Оның үстіне әрбір жеке-
леген адамның санасында әртүрлі мәдени қабаттар әдеттен тыс қиюласып 
отыр.
Адамзат  дамуы  мен  планетарлық  мәдениеттің  алдында  туындаған 
осындай ғаламдық мәселелерді шешуге бола ма? Осы төңіректегі зертте-

334                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
умен айналысқан ойшылдар мен ғалымдардың әрекетімен 1960–70-жыл-
дары калыптасқан ғылым орталықтарының әрекеті нәтижесінде футуро-
логия ғылымы пайда болды. Футурология (лат. futurum – болашақ, logos – 
ілім) – адамзат пен жердің болашағын зерттейтін, болжайтын ғылыми бі-
лімдердің жиынтығы, жалпы концепциясы. Бұл терминді болашақ фило-
софиясын белгілеу максатында алғаш рет 1943 жылы ғалым О.Флехтхейм 
қолданған болатын.
1968 жылы футурологиялық зерттеулерімен танымал болған әлемнің 
отыз шақты елінің ғұлама ғалымдарын біріктірген беделді халықаралық 
орган  Рим  клубы  құрылды.  Бұл  ұйымның  негізгі  бағдарламасы  адам-
зат өмірінің әр қырлы аспектілерін – әлеуметтік, саяси, рухани, мәдени, 
экономикалық  жақтарын  өзара  байланыстықта  ала  отырып  ғаламдық 
үлгілеумен (модельдеумен) сипатталады.
Рим клубының зерттеулері екі бағытта жүрді: экономикалық өсудің 
бағыттары  мен  шектерін  зерттеу  және  адамзат  қатынастары  мен  өзара 
әрекеттері  саласындағы  зерттеулер.  1972  жылы  Дж.  Форрестер  мен 
Д.Медоузаның «Өсудің шектері» деп аталатын белгілі баяндамасында эко-
номиканы және экологияны тұрақтандыру мен «жаһандық тепе-теңдікке» 
қол жеткізу үшін кезек күттірмейтін шараларды қабылдау мақсаты алға 
қойылды.  Баяндама  тұрғылықты  халықтың  санының  өсуіне,  өнеркәсіп-
тік өнім мен азық-түлік өндірісінің өсуіне, ресурстардың түгесілуіне жә-
не  қоршаған  ортаның  ластануына  байланысты  туындайтын  мәселелерді 
айқындайды.  Қорытындылар  алаңдаушылық  туғызатындай  еді:  егер 
жоғарыда  келтірілген  өмір  қамының  қырларындағы  осы  бұрынғы  үрдіс 
өзгермесе,  әлемде  оның  салдары  өнеркәсіптің,  халық  санының,  өмір 
деңгейінің  өсуі  тоқтап  қана  қоймай  оның  төмендеуіне,  тіпті  ғаламдық 
апатқа да әкелуі мүмкін.
Алайда, кейінірек Рим клубы төңірегіндегі оқымыстылардың көзқа-
растары  едәуір  өзгерістерге  ұшырады.  Алғашқы  баяндамада  өнеркәсіп 
пен халық санының «нөлдік өсуін» қамтамасыз ететін әлемдік мәселелерді 
ғьлыми-техникалық  шаралармен  шешуге  ұмтылатын  дәстүрлі  техно-
кратизм байқалады. Ал мұнан кейінгі М.Месарович пен П. Пестель 1974 
жылы дайындаған «Адамзат бұрылыс бекетінде» деп аталатын баяндама 
әлеуметтік-этикалық мәселелерге баса көңіл аударады. 
Ал шын мәніндегі бет бұрыс жаһандық мәселелерді шешудегі негізгі 
тіректі технократиялық бағдар емес, социомәдени ықпалдар ретінде қарас-
тырған Рим клубының кейінгі баяндамаларында іске асты. Ғаламдық өнді-
ріс  жүйесінде  түбірлі  өзгерістер  қажеттілігін  мойындай  отырып,  бұл  ав-
торлар  адам  әрекеті  мен  жүріс-тұрысының  үйлесімділігін  қамтамасыз 
ететін, осы әрекетті ғаламдық заңдылықтар мен экологиялық талаптармен 
келісімге келтіретіндей білім берудің жаңа жүйелерін жан-жақты жетілдіру 
және моральдың қазіргі әмбебаптық жүйелерін кеңінен таратуды насихат-
тайды. Бұл клубтың соңғы жұмыстарында басқарудың көп ықпалды жүйесі 
арқылы  ғаламдық  процестердің  бағдарлы  дамуының  кең  масштабты  бағ-

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        335
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
дарламасы  алға  тартылады.  Мұндай  басқарудың  маңызды  алғышарты  – 
нақты әлемдегі қатынастарды үйлестірудің көкейтесті мәселелерін шешуге 
бағытталған, адамның шығармашылық қабілетін арттыруға жағдай жасай-
тын білім беру мен мәдениетті дамыту арқылы адамның өзін сапалы түрде 
түбегейлі өзгерту. Бұл адам қатынастарының барлық жүйелеріндегі түбір- 
лі өзгерісті білдіреді. Сондықтан Рим клубының жаңа жобасы «Оқытуда шек 
жоқ» (1981) деп аталса, ал жаңа қоғамдағы адамзат бастауы дамуының негізгі 
маңызды  принциптері  Рим  клубының  ұйымдастырушысы  А.Печеидің 
«Адамзат қасиеттері» кітабында мазмұндалады [2].
Бұл жаңа мәдениеттің мәні классикалық индустриалдық қоғамға тән 
жеке тұлға өмірінің сыртқы детерминациялық жүйелерінің бұзылуымен 
сипатталады. Адам енді технологиялық, экономикалық және саяси жүйе-
лердің элементі бола алмайды. Тұлғалық мәдениеттің қасиеттеріне қатыс-
ты қатаң сыртқы ықпалдармен айқындалатын бұл детерминациялық схе-
ма әлсіреп, оның орнына түбірлі жаңа ахуал қалыптаса бастайды. Ендігі 
жерде әлеуметтік-экономикалык даму тұлғаның рухани әлеміне, оның да-
муы мен социомәдени ұмтылысына бағынышты болады.
Мұндай ахуал адамзат өміріне төнген  ғаламдық қауіптен ғана  емес, 
«адам-өндіріс» қатынастарының жүйесіндегі түпкілікті өзгеріспен де бай-
ланысты. Қазіргі экономика жаңашылдық сипат алып отыр. Бұл өндіріс-
тің  материалдық  және  заттай  ықпалдардың  енді  негізгі  құндылықтар 
қатарына  жатпайтындығын  білдіреді,  өйткені  олар  әрбір  3-4  жылда 
өзгеріп  отырады.  Өндірісті  жаңарту  мен  пайда  алудың  негізгі  факторы 
адам,  оның  интеллектуалдық  және  шығармашылық  мүмкіндіктері  бо-
лып табылады. Тұлғалық қасиеттерді дамыту, шығармашылық қабілеттер 
мен мүмкіндіктерді арттыру, жоғары деңгейдегі жұмыс күшін тәрбиелеу 
пайдалы  капиталдық  салым  болып  қалыптасады.  Нәтижеде  қоғамдық 
субъекттің  базиске  тәуелсіздігі  күшейіп,  оның  еркіндігі  арта  түседі. 
Дэниэль Беллдің көрсеткеніндей, қазіргі ақпараттық қоғамда адамзаттық 
таңдау әлеуметтік-тарихи дамудың шешуші детерминантына айналады.
Постиндустриалды  қоғам  туралы  түсінік  АҚШ-да  1950-жылдардың 
соңынан қалыптаса бастады, кейінірек өзге дамыған елдерге тарала баста-
ды. Себебі бұл кездегі американ капитализмінің индустриалдық капита-
лизмнен айырмашылығы аңғарыла бастады. Бастапқыда бұл қоғам жұмыс 
сағаты қысқарғанымен бос уақыттың ұлғайып, әл-ауқаттың өсуіне әкелетін 
еңбектің онан әрі техникаландырылуы, экономикалық өсу және линиялық 
прогресс деп түсіндіріледі.
Алайда  1960-жылдар  мен  70-жылдардың  басында  батыстың  белгілі 
ойшылдары  –  Д.  Белл,  Д.  Рисмен,  Р.  Арон,  З.  Бжезинский,  Г.  Маркузе, 
Дж. Гэлбрейт, О. Тоффлер және т. б. өздерінің фундаменталды еңбектерінде 
бұл  кезеңде  қалыптаса  бастаған  қоғамның  мүлдем  жаңа  мазмұнын 
айқындады. Бұл қоғам «супериндустриалды өркениет», «ғылыми», «гумани-
тарлық», «технотрондық», «экологиялық», «ақпараттық» немесе «телеком-
муникациялық»  қоғам  деген  сияқты  әртүрлі  атаулармен  айтылады.  Бұл 

336                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
қоғамның осы негізгі қасиеттері тек Батыстың ғана емес, жалпы адамзат-
тың жаңа сапалы сатысы ретінде қарастырыла бастады. Сонымен қатар, 
бұл  процестер  тек  технологиямен  ғана  шектеліп  қоймай  бүкіл  қоғамды 
түрлендіруге әкеледі.
Әсіресе, постиндустриалды қоғамды кешенді түрде қарастырған аме-
рикан футурологі және публицист О. Тоффлердің «супериндустриалдық 
өркениет»  концепциясы  кеңінен  таралды  [3].  Оның  1970  жылы  жарық 
көрген  «Футурошок»  деген  еңбегі  «индустриалдық  қоғамның  келмеске 
кеткенін» жариялады, оған тән өндіріс типінің күйрегенін, этникалық топ-
тар  мен  таптар  арасындағы  бұрынғы  әлеуметтік  қатынастардың,  отбасы 
мен  жыныстар  арасындағы  қатынастардың  жойылатынын,  бір  кездері 
тұрақты  саналған  бұрынғы  құндылықтар  мен  менталитеттің  моралдық 
тұрғыда ескіргенін хабарлайды.
Келесі  «Үшінші  толқын»  деп  аталатын  екінші  кітабында  бастапқы 
толқындардың  орнына,  яғни  аграрлық  өркениет  пен  индустриалды 
өркениеттің  орнына  адамзат  үшінші  жаңа  технологиялық  революцияға 
көшетінін  дәлделдеп  жазады.  Технологиялық,  әлеуметтік  және  мәдени 
өзгерістердің  жеделдеуі  мен  соған  сәйкес  жаңадан  қалыптасатын  құры-
лымдар мен принциптерді және басқару мәселелерін талдайтын үшінші 
«Биліктің  ығысуы»  (1990)  деп  аталатын  зерттеуі  алдыңғы  еңбектердің 
заңды жалғасы ретінде ғылыми әдебиетте кеңінен таралған жалпы социо-
логиялық трилогияға айналды.
Қазіргі  батыстық  футурологияның  классигі  Олвин  Тоффлер  XX 
ғасырдағы  адамзат  қауымдастығы  дамуын  қорытындылай  келе  және 
жаңа ғасырға өнердегі түбегейлі өзгерістерді пайымдай отырып білімнің 
қазіргі  қоғамда  нагыз  байлыққа  айналатынын  және  билікті  қозғайтын 
күшке  айналатынын  дәлелдеп  жазды.  Бүкіл  қоғамдық  организм  терең 
трансформацияға  ұшырайды,  әлемнің  бұрынғыдай  коммунистік  және 
капиталистік,  Солтүстік  және  Оңтүстік  деп  бөлінуі  келмеске  кетеді. 
Олардың орнына экономиканың жылдам және баяу жүйелері келеді. Егер 
оның  алғашқысы  жаңашылдық  пен  жаңартуға,  қайталанбастық  идеясы-
на  негізделсе,  екіншілері  дәстүрлі  тұрақты  және  өз  дамуында  инерция-
лы.  Жаңа  экономикалық  әлем  адамның  білімі  мен  қабілетіне,  еркіндік 
дүниетанымы мен өзіндік шығармашылық идеясына негізделеді.
Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  елу  жылда  бүкіл  әлемнің  екі 
орасан зор жүйенің ықпал ету аймағына бөлінгені белгілі. Соның екіншісі 
социалистік жүйенің дағдарысы саясат пен халықаралық қатынастар ара-
сында қызу дискуссия тудырды. Бұл пікірталас 1989 жылы жарық көрген 
американдық философ Фрэнсис Фукуяманың «Тарихтың ақыры» деп ата-
латын мақаласынан туындады. Автор өзінің бұл мақаласында коммунис-
тік  жүйенің  ыдырауымен  либерализмнің  идеология  ретіндегі  жеңісі 
тарихтың аяқталуына әкеледі деген көзқарасты ұсынады.
Осы  мақалаға  жауап  ретінде  1993  жылы  американдық  профессор 
Самюэль Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысы» еңбегі жарияланды. 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        337
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
Оның  ойынша  жаңа  әлемдегі  халықаралық  кикілжіңдердің  негізгі  көзі 
экономикада да, идеологияда да емес, өркениеттер арасындағы айырма-
шылықта.  Бұрынғы  әлемді  дәстүрлі  түрде  Оңтүстік  жоне  Солтүстік, 
капиталистік,  социалистік  және  дамушы,  озық  және  артта  қалушы,  бай 
және кедей, постиндустриалды және индустриалды емес деп бөлудің ор-
нына  ол  әлемді  тұрақты  өркениеттік  тарихына  қарай  бөледі:  батыстық, 
исламдық,  конфуциандық,  үнділік,  православтық-славяндық,  жапондық, 
латынамерикандық  және  африкалық  өркениеттер.  Келешек  қоғамға 
қатысты бұл пікірлердің астында саяси астарлар да жоқ емес. 
Қазіргі заманғы өзгерістерді концептуалды түрде пайымдаудың негіз-
гі  әдістемелік  құралдарының  бірі  жапон  социологы  Е.Масуданың  тео-
риясы болып табылады. Ол 1945 жылы сол кездері қиял болып көрінген 
ақпараттық қоғам идеясын ұсынды. Бұл біртұтас ақпараттық желіге бірік-
кен қоғамда адамдарға бір жалпы мақсатты таңдап алуға, шығармашылық 
мүмкіншіліктерін көрсетуге мүмкіндік туады. Ақпараттық технологияның 
және ең алдымен компьютерлік техника мен телекоммуникациялық бай-
ланыстар  жүйесінің  өмірге  толық  енуі  ақпараттық  қоғам  концепциясы-
ның ешқандай да утопиялық емес екендігін дәлелдеп берді.
Жаңа  ақпараттық  мәдениет,  ақпарат  алудың  жаңа  тәсілдері,  өнді-
рістік және ғылыми кызметтің жаңа түрлері пайда болады. Білімге, ақпа-
раттық желілерге еркін кіру қоғамның стратификациялауы (жіктелуі) мен 
бөлінуінің негізі болады. Білім жүйелеріне автоматтандырылған түрде ену-
дің нәтижесінде әрбір индивид немесе адамдар тобы өзіндік немесе кәсіби 
міндетін өтеудегі қажеттілігі шешімін табады. Өндіріс пен басқаруда авто-
маттандыру мен роботтандыру процесі басталады. Апараттық қызмет сала-
сында еңбекке қабілетті халықтың 50% астамы жұмыс істейтін болады. «Ақ-
параттық  қоғам»  концепциясы  XX  ғасырдын  соңындағы  мәдениеттің  ма-
териалдық  денесін  қалыптастыру  жолдарын  айқындады.  Экономиканың 
бүгінгі қоғам барысындағы ақпарат ағымының көлемі қазақстандық зерт-
теуші Т.У. Садықовтың монографиясында да дәйекті түрде келтірілген [4].
Компьютерлер  мен  ақпараттық  терминалдардың  шапшаңдықпен 
өсуімен қатар компьютерлік операциялар мен ақпараттық жинақтаудың 
құнының төмендеуі орын алады. Экономикалық және әлеуметтік саясатта 
коғамда ақпарат таратудың әртүрлі құралдары мен жолдарын бір жүйеге 
біріктіру  мәселесі  негізгі  ақпаратқа  айналады.  Бұл  процестің  салдары-
нан  ақпаратты  тарату,  сақтау  және  өңдеу  бойынша  ғаламдық  интернет 
негізіндегі орасан зор инфрақұрылым қалыптасады.
Постиндустриялық қоғамда гуманитарлық қызмет көрсетудің (меди-
циналық қызмет, білім беру және әлеуметтік көмек салаларында), кәсіби 
және техникалық қызмет көрсетудің (ғылыми зерттеулер, компьютерлік 
қызмет және т. б.) жаңа типтері пайда болады.
Постиндустриалдық  қоғамның  теоретигі,  жапон  профессоры 
Такомитсу  Сава  қызметкердің  жалпы  мәдени  даму  деңгейі  мен  оның 
жоғарғы технологиялық тауарлар өндіру мүмкіндігінің арасындағы ажы-

338                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет