Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет48/49
Дата16.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#4223
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49

                                                      және этномәдени негіздер
Атауының  өзі  «бейбітшілік»  пен  «мойынұсынуды»  білдіретін  ислам 
діні әртүрлі саяси мүдделердің «жау бейнесін» қалыптастыруы әсерінен 
«ислам лаңкестігі», «ислам фундаментализмі» деген жалған айыптаулар-
мен  (діннің  рухани  тазалығын  бұрмалайтын  экстремистік  бағыттар  мен 
секталардың бар екенін жоққа шығаруға да болмайды) жазғырылып келді.
Адамзат  тарихындағы  ең  қасіретті  жиырмасыншы  ғасыр  бізге  оңай 
мұра  қалдырған  жоқ:  діни  экстремизм  мен  лаңкестік,  ұлтаралық  соғыс-
тар мен қақтығыстар, рухани азғындық, экологиялық және антропология-
лық апаттар. Бірақ, үміттің сәулесі, адамдардың санасы мен ізгілікті еркіне 
деген сенім бізге өмір сүруге және болашаққа қатысты жоспарлар құруға 
көмек  береді.  Бейбітшілікті,  тұрақтылықты,  қауіпсіздікті  қамтамасыз 
ету  әлемдегі  адамзаттық  болмыстың  рухани  негіздерін  сақтап  қалатын 
өзара  сұхбат  арқылы  іске  асатыны  даусыз.  Осыған  дейінгі  қарым-қаты-
наста  орын  алып  келген  келіспеушіліктер  мен  қақтығыстарды  күшпен 
және  әскери  үстемдікпен  реттеудің  тарихи  қалыптасқан  практикасы 
көнеріп, жаңа әлемдік тәртіпке сай, қатар өмір сүріп араласудың балама-
лы құрылымдарына деген қажеттілік туындады. Қақтығыстардың жаhан-
дануына сұхбатқа негізделген өзара келісімді жаhандандыруды қарсы қою 
керектігі сезілді, адамзаттың мұнан басқа таңдауы да болмай тұр. 
Сұхбат сөзінің араб лексиконынан (схб – түбірінен шығады) енгенін 
айта кету керек және бұл қазіргі қолданылып жүрген халықаралық тер-
мин  –  диалогтың  полисемантикалық  мағынасының  тағы  бір  қырын  ай-
қындайды.  Сахаба  сөзінің  өзі  Мұхаммед  пайғамбар  заманындағы  кеңес 
құрудың  қаншалықты  маңызды  болғанын  көрсетеді.  Әрбір  жауапты 
шешім  қабылдардың  алдында  пайғамбарымыз  өзінің  жанындағы  серік-
терімен ақылдасып отырған. Қазақ халқының «кеңесіп пішкен тон келте 
болмас»  деген  мақалы  да,  дана  Абайдың  «жолдастық,  сұхбаттастық  бір 
үлкен іс, оның қадірін жетесіз адам білмес» дегені де сұхбаттың осы бір 
мағынасына көңіл бұрып тұрған тәрізді.
Жер бетіндегі барлық діндер өздерінің түпкі негіздерінде бейбітшілік-
ке, қауіпсіздік пен ғаламдық үйлесімділікке үндейді. Олардың бір мақсаты 
рухани  бірлік  пен  келісімді  жүзеге  асыру  болып  табылады.  Дін  иманға, 
жүрекке  негізделгендіктен  («тірі  адамның  жүректен  аяулы  жері  бола 
ма?»,  Абай),  ол  сенімнің  барлық  түрлерін  қамтиды.  «Имансыз  адамның 
аяғының асты тайғанақ», «Дінсіз қоғам – компасы жоқ кеме» деген қанатты 
сөздер де бар. Иманды адам әртүрлі  жамандықтардан, тәкәппарлық пен 
өзімшілдіктен,  өшпенділік  пен  кекшілдіктен,  өтірік-өсек  айтып,  ғайбат 
сөйлеуден, қатігездік пен ызақорлықтан, ашу мен күйгелектіктен, арамдық 
пен әділетсіздіктен тыйылып, барлық жақсылықтарға, сүйіспеншілік пен 
бауырмалдыққа,  қайырымдылық  пен  мейірімділікке,  шыншылдық  пен 
ақиқатқа, бейбітшілік пен кешірімге, қанағат пен сабырлылыққа, адалдық 
пен  әділетке  ұмтылады.  Кез  келген  адамның  жүрегіне  жамандық  пен 
зұлымдықтан гөрі, жақсылық пен ізгілік жақын. Міне, діннің адамдарды 
ортақтастырып, өзара сұхбатқа шақыратын тұсы да осы. Кезінде Абайдың 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        361
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
заманындағы  «өтірік,  өсек,  мақтаншақ,  еріншек,  бекер  мал  шашпақ» 
сияқты  әрі  дарақылық,  әрі  анайылық  жаман  әдеттер,  сондай-ақ  өзгеге 
құлақ  түрмей,  өзімшілдікке  салынып,  өркөкіректену  бүгінгі  қоғамды  да 
жайлап отырғаны құпия емес. Ал мұның астарында діннен, иманнан теріс 
айналудың жатқанын аңғару соншалықты қиын да емес. 
Адамдар  арасындағы  сұхбатқа  жетелейтін  жолды  ислам  дінінің 
негіздерінен де табуға болады. Бұл дін бойынша, Мейірімділік Аллаhтың 
негізгі  сипаттарының  бірі  және  оның  шуағы  адам  баласының  бейкүнә 
жаратылған  сәтінен  де,  тіпті  мал  екеш  малдың  төліне  деген  аналық  ма-
хаббатынан да, тамылжыған табиғаттан да көрініс беріп тұр. Мейірім мен 
сүйіспеншілік  сезімі  кез  келген  күшті  тойтарып,  оны  жеңе  алатын  ұлы 
қуат әрі толассыз нұр. 
Біздің елімізде жүргізіліп отырған дінаралық келісім мен төзімділік 
саясаты әр алуан секталардың көбеюіне, ынтымақтың бұзылуына ықпал 
етпей ме деген мазасыз ой да қоғамда көп айтылып жүр. Әрқилы діндер 
мен  мәдениеттерді  ұстанатын  әртүрлі    ұлт  өкілдері  мекен  ететін  біздің 
унитарлы  мемлекетіміздің  ішкі  және  сыртқы  саясаты  да  дінаралық, 
ұлтаралық,  мәдениетаралық  сұхбат  пен  келісімді  қолдайды.  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  бастамасымен 
Әлемдік  және  дәстүрлі  діни  конфессиялардың  Бүкіләлемдік  съездерінің 
Астанада өткізілуі де осының куәсі. Иә, елімізде әртүрлі  діни секталардың 
жаңбырдан  кейінгі  саңырауқұлақтай  көбейгені  рас.  Олардың  көпшілігі-
нің  теріс  пиғылы  мен  бетперделері  де  ашылып  жатыр,  бірқатарының 
әрекетіне  экстремистік  деген  айып  тағылып,  заңмен  тыйым  салынды. 
«Бәріне  де  уақыт  сыншы»  демекші,  қарапайым  халықтың  өзі  кімнің  кім 
екенін білетіндей деңгейге жетіп қалды. Сондықтан да дұрыс саясат пен 
әділ жаза жүргізілген жерде іріткі мен бүліншілікке жол берілмейді.
Қазіргі ақпараттық қоғамда исламның шынайы құндылықтары көп-
шілікке  белгілі  болып  отыр.  «Әрбір  ақылды  адамға  иман  парыз,  әрбір 
имандыға  ғибадат  парыз»  (Абай)  екендігі  де  санаға  сіңіп  келеді.  Соңғы 
кездері  қоғамымыздың  рухани-психикалық  өмірінде  орын  алып  жатқан 
оң өзгерістер, жаппай дінге бет бұрумен қатар дін мен ғылымның өзара 
жақындасу  үрдісі  болашаққа  үмітпен  қарауға  үндейді.  Тарихи  сана  мен 
қазіргі  сананың  диалектикасында  дін  мен  ғылым,  жалпы  қоғамдық  сана 
мен  бүгінгі  постклассикалық  емес  ғылымда  діни  сана  мен  ғылыми  сана 
жақындасып отыр. Бұл тұрғыдан алғанда, біздің елімізде «интеллектуалдық 
ұмтылыстың» осы арнада жүзеге асуы әбден мүмкін. 
Қазіргі тарихи санаға тән белгілердің бірі біртұтас әлеуметтік тіннің, 
біртұтас  тарихтың  сөгілуі  болып  табылады.  Әлеуметтік  жады  жағдай-
лардың  үнемі  өзгеріп  отыруына  қарамастан,  дамудың  үздіксіздігін  сақ-
таудағы  қоғамның  қажеттілігін  өтейтін  құрал  және,  демек,  қоғамның 
қалыпты  қызметінің  шарты  болып  табылады.  Алдыңғы  дамумен  сабақ-
тастық жойылған жағдайда, сабақтастықтың жаңа жағдайларға бейімделе 
алмаған  тұстарында  тарихи  байланыс  үзіліп,  тарихи  ұмыту  тетігі  іске 

362                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
қосылады.  Бұл  ұмыту  анағұрлым  әлеуметтік  маңызды  ақпаратқа  орын 
беруі  тиіс.  Алайда  ұмытушылық  идеологиялық  догмалар  мен  саяси 
күштердің  араласуынсыз,  табиғи  түрде  жүзеге  асуы  керек.  Олай  бол-
маған  жағдайда  әлеуметтік  жады  зорлықпен  «тазартылып»,  жасанды, 
саясиланған, формалданған тарихи сана бекітіледі. 
Әлеуметтік  жады  ретіндегі  тарихи  сана  қоғамның  шоғырлануында 
орасан зор рөл ойнайды. Сондықтан тарихқа деген немқұрайлы қатынас, 
оны уақытша саяси құмарлықтардың пайдасына шешу қоғамның рухани-
интеллектуалдық өміріне нұқсан келтіреді. Сондай-ақ «өткен үшін тала-
сып-тартысып, оны меншіктеп алумен» сипатталатын да шектен шыққан 
тарих  та  бүгінгі  күні  орын  алып  отыр.  Қазіргі  заманда  жүзеге  асқан 
түбегейлі  экономикалық,  саяси  және  әлеуметтік  өзгерістердің  тарихи 
санаға,  оның  қызметіне  әсерін  тигізгені  даусыз.  Тарихи  сана  сол  бұрын-
ғысынша адамның рухани әрекетінің нәтижелерінің жиынтығын – тарихи 
білімдер мен бағалауларды білдіргенімен, оның сапалық деңгейі, соңғы екі 
компонентінің мазмұны адам танымастай өзгерді. Қазіргі тарихи санада 
тұрақсыз  белгісі  басым  бола  бастады,  «теориялықтан»  психологиялық» 
үстем түсе бастады, тарихтың өткен және қазіргі құндылықтарын «инициа-
тивті түрде қарама қарсы қою», біржақты ақтау мен күйе жағып қаралау 
әдетке айнала бастады. 
Тарих  пен  рухани  өткен  шақ  объективті,  қадірлі  қатынасты  күтеді. 
Өткеннің  сенімін  арқалаушы  ғалым-тарихшы  ешкімге  де,  оның  ішінде, 
тіпті  билікке  де  (мүмкін,  оған  мүлдем)  өткенді  айыптаудың,  ақтаудың 
адвокаттық,  кінәлаушылық,  прокурорлық,  соттық  функциясы  берілмеуі 
керектігін жариялап айтуы керек. Тарихтың өзі құнды. Қамаумен, асып-
атумен танымның мәселелерін ешқашан шеше алмайсың. 
Осы орайда, қазақ ойшылы Ағын Қасымжановтың ұтымды ойлары-
на құлақ түруге тура келіп тұр: «Ақиқат пен шыншылдықтың қарапайым 
дауысын жаңғыртатын кез келді, тек сол ғана өткеннің нобайын анықтап, 
ақырында  сенімді  түрде  өмірді  жаңартуға  мүмкіндік  береді,  өйткені  оң 
мен солды, жақсылық пен жамандықты айырып алмай, оны жүзеге асы-
ру мүмкін емес. Бұл туралы қазақ халқының өткенін жалған патриоттық 
жарнамалаудың тұтастай толқынын туғызған демагогия мен спекулятивті 
эйфориядан бойды барынша аулақ ұстап, үлкен жауапкершілікпен айту 
керек. Даңқы жер жарған тарихымыздың бар екеніне қарамастан, біздің 
шынайы ұлттық өзіндік санада соншалықты құлдырағанымызға таң қалуға 
тура  келеді,  біз  әлі  бұрынғыша  «интеграцияның»  жоғары  мүдделері  де-
ген  желеумен  өзіміздің  көз  алдымыздағы  экономикалық  мүдделерімізді 
құрбан  ете  саламыз  және  құлау  стихиясынан  тысқа  шығуға  шамамыз 
жетпейді. Төменгі әлеуметтік топтардан бастап, зиялы қауым мен билік 
басындағы элитаға дейінгі тұтас қоғам өзінің жеке ар-ұяты мен тарихтың 
соты алдында шыншылдық пен әділеттіліктің құтқарушы сезімін бойына 
сіңірмей, өзімшілдік пен қорлық қатар жүре береді және олардан арыла 
алмаймыз». 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        363
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
Қазақ халқының рухани дамуының уақыты мен кеңістігін айқындау-
дың  осы  маңызды  мәселелерін  өткір  алға  тарта  отырып,  бұл  автор 
тарихтың жанды тарих екендігін де ескертеді: «Қазіргі тірі жүргендер үшін 
берік әрі құнарлы іргетас ретінде (шынайы) тарихқа сүйену үлкен игілік 
болар  еді,  одан  сусындаған  біз  бабаларымыздың  жеңген  және  жіберген 
қателіктерін қайталамас едік, жаңадан «жаңалықтар» ашпас едік – өйткені 
тарих шеңберді айнала қозғалу емес, бір ғана құбылыстардың жай қайта-
лануы ғана емес, оның әрбір кесіндісі бұл – алға қарай бағытталған түзу. 
Бір мезеттік қызықтар үшін бабалардың аттарымен, тарихпен ойнаудан 
асқан арсыздық жоқ. Мұндай іске барған адамдарға «әруақ ұрсын!» деу-
ге болады... Тарихтың тұлғасыз үдеріс емес екені белгілі, ол – белгілі бір 
тарихи  мұраны  бойына  сіңірген  әртүрлі  қондырғыдағы,  өмірлік  құнды-
лықтардағы, менталитеттегі әр алуан адамдардың іске асырған және асы-
рып жатқан адами жанды тарих» [18, 11 б.]. 
Қазіргі тарихи сананың өзгерісінде тарих ғылымы үлкен рөл ойнауы 
тиіс. Тарихи таным мен тарихи сананың диалектикалық арақатынасында 
тарихи  сананың  мазмұнын  нақты  толтыратын  тарихи  таным  алдыңғы 
орында болады. Тарих ғылымын бүгінгі әдіснамалық хаостан шығару үшін 
әлемдік тарих ғылымын, ондағы танымдық құралдар мен тәсілдерді терең 
әрі жүйелі талдап зерттеу қажет. Ғылымды жаңарту қоғамды жаңартудан 
бір де кем түспейтін ұзақ та күрделі үдеріс. 
Қоғамның  тарихи  санасын  жаңарту  тарих  ғылымын  дамытуға  қоса, 
әлеуметтік-тарихи  қауымның  бұқаралық  субъектінің  де  тарихи  санасын 
өзгертуді  білдіреді.  Қазіргі  адамның  санасы  тарихи  болғаны  маңызды, 
өйткені  тарихтың  өзі  бүгінгі  күні  алдыңғы  қатардағы  функцияны 
атқарып  отыр.  Тарихты  оқып-үйрену  адамның  өзін-өзі  тануына,  тамыр-
дан  ажырамай  өсуіне  септігін  тигізеді,  алайда  мұның  барысында  тарих 
мифологияланбаған, шынайы, ақиқат болғаны абзал. 
Айтылғандарды  түйіндей  келе,  жаңарту  мен  жаhандану  дәуіріндегі 
тарихи  сана  мен  ұлттық  өзіндік  тарихи  сана  тағдыры  туралы  айтқанда, 
әлеуметтік-мәдени  уақыт  пен  кеңістіктегі  әртүрлі    халықтардың  барлық 
дерлік жетістіктерінің ұлттық-рухани дәстүрлерге негізделетінін ұмытпау 
қажет.  Ұлттық  мәдениет  оны  тасымалдаушылар  үшін  ерекше  психоло-
гиялық тартымдылыққа ие болады, ұлттық айырмашылықтар мен ұлттық 
мәдениеттерді  сақтау,  тарихи  өзіндік  сананы  жаңғырту  ұлт  өкілінің 
терең  эмоционалдық-психологиялық  және  рухани  қажеттіліктеріне  жа-
уап береді. Егер адамзатты күрделі әлеуметтік жүйе ретінде қарастырар 
болсақ, онда айрықша көзге түсетін ерекшеліктері бар ұлттар мен ұлттық 
мәдениеттердің болуы эволюция үдерісінде табиғи өміршеңдіктің негіз-
құраушы тетіктерінің бірі болып табылатын алуан түрлілікті қамтамасыз 
етеді.
Жаhандану біртұтас өзара келісілген және өзара байланысты әлемді 
қалыптастыра  отырып,  бүкіләлемдік  тарихтың  жаңа  дәуірін  ашады  де-
ген сенім мол. Бұл тұтастықтың шеңберінде ұлттық өзіндік тарихи сана 

364                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
және  ұлттық  мәдениеттердің  айырмашылықтары  мен  қайталанбас 
тәжірибесі  ескерілуі  тиіс.  Жаhандану  алдындағы  қорқыныш  тұтастық 
айырмашылықты  сіңіріп  жұтып  қоятындай  жалпылық  пен  жалқылық 
арақатынасының  көнерген  ескі  үлгісінен  туындайды.  Мұндай  ахуалда 
қазіргі заманның ең маңызды мәселесі Батыс мәдениеті мен дамушы ел-
дердің дәстүрлі мәдениеттері арасындағы сұхбатты құру болып шығады. 
Рухани тәуелсіздік пен дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, өркениеттік 
мұраттарға  жету  үшін  бізге  ұлтты  ұйыстыратындай  идея  керек  және 
бұл  «демократиялық  және  күшті  Мемлекетпен,  әділ  әрі  гүлденуші 
Қоғаммен,  сондай-ақ  еркін  әрі  құрметтелетін  Тұлғамен  сипатталады» 
[19, 70 б.]. «Бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына ену», 
«зияткерлік  ұлт  қалыптастыру»,  «индустриалдық-инновациялық  даму» 
тәрізді ұрандар осындай идеяны іздестіруден шығып отыр. Ал бұл идея-
лар  біржақты  технологиялық  мақсатта  болмай,  жаһандану  мен  жаңару 
жағдайында оның терең рухани мазмұны да болуы қажет. 
Бүгінгі  жағдайда,  желігу  мен  еліктеудің  салдарынан  батыстану  мен 
жаhандануды бастан өткізгеннен кейін, қазіргі қаржылық-экономикалық 
дағдарыстың бір түбірі атлантизмнің рухани тоқырауында жатқанын еске-
ре отырып, бойымызға табиғи тән ұлттық жаратылысымызға, дәстүрлі та-
рихи-рухани тамырымызға оралуымыз қажет. Басқаның жетістігін ретімен 
пайдалану үшін өзіңнің басқалардан айырмашылығыңды білдіретін өздік 
ұлттық  «МЕНіңе»  ден  қою  керек,  яғни  қазіргі  жағдайда  алдымен  қазақ 
болуың  керек.  Бұл  зияткерлік  ұлт  қалыптастырудың,  бәсекеге  қабілетті 
қауым  тәрбиелеудің,  алдыңғы  қатарлы  елу  елдің  қатарына  қосылудың, 
ең  бастысы  жаhанданудың  жойқын  ықпалынан  аман  қалып,  мәдени 
төлтумалық пен рухани дербестікті сақтап қалудың кепілі. 
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы. Атамұра, 1999. – 296 б.
2. Печчеи А. Человеческие качества. – М.: Прогресс, 1985. – 312 с.
3. Тоффлер О. На пороге будущего // Американская модель: с будущим в кон-
фликте. – М.: Прогресс, 1984. – 115 с.; Футурошок. – СПб.: Лань, 1997. – 464 с.
4. Садыков Т.У. Информационная экономика: содержание, проблемы и пер-
спективы развития. – Алматы: Наука, 1996. – 276 с.
5. Красильщиков В. Ориентиры грядущего: Постиндустриальное общество и пара-
доксы истории // Общественные науки и современность. – 1993. №3. – 170 с.
6. Моль А. Социодинамика куьтуры. – М.: Прогресс, 1973, – 406 с.
7.  Касымжанов  А.Х.  Стеллы  Кошо-Цайдама.  –  Алматы:  ТОО  «Компания 
Priting systems», 1998. – 113 с.
8.  Қазақ  мәдениетінің  типологиясы:  Мәдениеттану  оқу  құралы.  –  Алматы: 
Қазақ. Ун-ті, 1998. – 203 б. 
9. Фромм Э. Человек для себя. Иметь или быть? Минск: Коллегиум, 1997. – 645 с.

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        365
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
10. Қараңыз: Знание – сила. 1992, №1, 19 с.
11.  Лихачев  Д.С.  Декларация  прав  культуры  //  Культурология.  Научно-
обозревательный вестник, 1996. №1, 5 с.
12. Бородай Ю.М. Эротика – смерть – табу: трагедия человеческого сознания. 
– М.: 1996. – 432 с.
13. Ильин В.В., Панарин А.С. Философия политики. – М.: МГУ, 1994.
14.  Зильберман  Д.Б.  Традиция  как  коммуникация:  трансляция  ценностей, 
письменность // Вопросы философии. – 1996. – № 3. – 97-108 с.
15.  Темирбеков  С.Т.  Культурологические  аспекты  национального  характера 
казахов // Культура Казахстана: традиции, реальности, поиски: Ғыл. мақ. Жинағы 
/ Жалпы ред. Е.Б. Имамбек. – Алматы. РНЦПК, 1998. – 79-85 с. 
16. Косиченко А.Г. Қазақстандық қоғамның рухани негіздеріне, құндылықтары 
мен мұраттарына жаhанданудың әсері // «Бағзы замандардан бүгінгі күнге дейінгі 
қазақ халқының философиялық мұрасы». Жиырма томдық. Астана: «Аударма», 
2008. – Т. 20. «Тәуелсіз Қазақстан философиясы». – 436-452 бб.
17. Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. – Алматы. Қазақ энц. бас редакция-
сы, 1998. – 272 б. 
18. Касымжанов А.Х. Пространство и время великих традиций. Алматы: Қазақ 
университеті, 2001. – 197 с. 
19.  Общенациональная  идея  Казахстана:  опыт  философско-политологиче-
ского анализа. – Алматы: КИЦ ИФиП МОН РК, 2006. – 412 с.

366                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
ҚОРЫТЫНДЫ
Адамзат  тарихындағы  философиялық  ойлау  жүйелері  белгілі  бір 
деңгейде ұлттық немесе этностық құрылымдардың қалыптасуы және да-
муымен астасып жатады. Қоғам өзін ұзақ уақыт бойы тұтқынында ұстаған 
таптаурындар  мен  қасаңдықтарды  бұзуға,  халықтың  рухани  мұрасын, 
оның  өткені  мен  бүгінін  ұлттық  санада  қайта  пайымдаудан  өткізуге 
мүдделі. Қазіргі заман қазақ халқының өзіндік философиясын тереңірек 
зерттеп,  осы  күрделі  де  қызық  тақырыпқа  қатысты  заманға  лайықты 
ғылыми ұстанымдарды іздестірудің көкейтестілігін алға тартады.
Кеңестік тарихымызда көптеген жылдар бойы барлық гуманитарлық 
және  қоғамдық  ғылымдарда  қазақ  халқының  рухани  тарихындағы 
үрдістерге үстірт көзқарас қалыптасып келгені белгілі. Аталмыш еңбекте 
қазақ  халқы  тарихының  рационалдық  біртұтас  картинасын  қалпына 
келтіруге жағдай жасайды және қазіргі қалыптасқан заманауилық ахуал-
да  қоғамның  рухани  даму  жолын  дербес  таңдауға,  ұлттық  мәдениетті 
қайта түлетуге көмектеседі, сонымен қатар қазақтардың тарихтағы өткенін 
руханилық тұрғысынан кеңінен пайымдауға талпыныс жасалады.
Қазіргі  тарихи  кезеңдегі  Қазақстанның  тәуелсіздік  алуы  қазақтың 
философиясының  қалыптасуы  мен  дамуына  жаңаша  қарауға  мүмкіндік 
береді, бұл процестің барысында тәуелді дамудың ұзақ жылдары бойында 
әлеуметтік психологияда, жекелеген түсініктерде орнығып қалған әртүрлі 
кедергілерді жеңуге тура келеді. Қазақ халқының рухани қайта өркендеуі 
өзінің шынайы тарихын пайымдау арқылы, төлтума мәдениет пен ұлттық 
философияны қайта түлету арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі  тәуелсіз  Қазақстанның  орнықты  дамуының  негізі  ретінде 
руханилықтың  дамуы  алынады  және  оның  қалыптасуына  да,  өрбуіне  де 
дүниетанымдық септігін тигізетін факторлар пайымдаулардан өткізіл-ді. 
Сондай-ақ,  қазіргі  жағдайда  осындай  ізденістер  әлемдік  қауымдастыққа 
ене  отырып,  қоғамның  рухани  дамуының  сара  жолын  дербес  таңдау 
мақсатында  ұлттық  мәдениетті  жаңғырту  үшін  тарихтың  тағылымдары 
мен сабақтарын ой елегінен жаңа деңгейде өткізуге жағдай туғызады.
Қазіргі кезеңде Қазақстандық қоғамда әлемді кеңінен жайлап келе жат-
қан  нигилистік  негіздегі  бұқаралық  мәдениет  орнығуда.  Ол  өз  кезегінде 
әлеуметтік  қауымдастықтар арасында жік түсіре бастайды. Сондықтан осы 
мәселенің теориялық негіздерін анықтау, оған терең философиялық мағы-
нада пайымдаулар жасау еліміздің рухани қауіпсіздігін нығайта түсері анық. 
Бұл мәселе қазіргі Жаһандану дәуірінде аса маңызды деген ойдамыз. Сөйтіп, 
жоба жастар арасында бойкүйездік психологияның өрбімеуіне, ұлтаралық 
қатынастардың  шиеленіспеуіне  теориялық,  құндылықтық  бағдар  ретінде 
қызмет  етеді.  Осыған  орай  мемлекеттің  іргетасын  одан  әрі  нығайта  түсу 
үшін  бұл  ғылыми-зерттеу  жобасының  «Ғылыми  қазына»  бағдарламасы 
ауқымында орындалу қажеттілігі туралы айтуға болады.

                                                       Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы                                                           367
Ғылыми  зерттеудің  теориялық  және  қолданбалы  ғылыми  нәтиже-
лерін  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігінің 
барлық  мекемелері  кеңінен  қолдана  алады.  Студенттер,  аспиранттар, 
магистранттар  және  ғылыми  қызметкерлер  өз  еңбектерінде  пайдалана 
алады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының 
қауіпсіздік  Кеңесіне,  Ұлттық-мәдени  орталықтарға,  әкімшіліктерге, 
Үкіметке, басқару органдарына пайдасын тигізеді деген үміттеміз.
1.  Түркілік  кезең  мен  қазақ  философиялық  ойы  эволюциясына 
тарихи-философиялық,  герменевтикалық  талдау  жасау  арқылы  тари-
хи  процестегі  руханият  құбылысының  мәндік  негіздері  мен  қоғамдық 
маңызы айқындалды. Сонымен қатар, қазақтың тарихи болмысына сәйкес 
келетін  дүниетанымдық  әмбебаптар  ауқымындағы  діни  және  азаматтық 
руханилықтың түпкі астарлары ашып көрсетілді. 
2.  Қазақстанның  этноәлеуметтік  кеңістігіндегі  философиялық  ойдың 
қалыптасуы  мен  дамуының  негізгі  тарихи  кезеңдері  анықталды  және 
олардың өзіндік ішкі қайшылықтары зерделеуден өткізілді. Әрбір тарихи 
өтпелі кезеңдердің өзіндік келбетін көрсетіліп, рухани жетілуді қамтамасыз 
ететін  тұлғааралық,  әлеуметаралық,  мәдени  байланыстардың  құндылық-
тық маңыздылықтары философиялық пайымдаулардан өткізілді. 
3. Тарихи сананың, қазақи этникалық менталитеттің терең иірімдерін 
айшықтайтын  халықтық  түсініктердің,  идеялардың,  мұраттардың  және 
құндылықтардың  рухани  сабақтастығының  іске  асырылуын  жіктеуден 
өткізу арқылы ұлттың рухани дүниесіндегі сан түрлі бағыттағы үрдістері-
нің сипатын анықталады және олар ғылыми дәйектелді. 
4.  Қазіргі  Қазақстан  жағдайындағы  руханилықтың  келбетін  айшық-
тау, оны қазақ ұлттық философиялық ойымен байланыстыра, тамырлас-
тыра зерделеді, сонымен қатар және жалпыұлттық идеяның негізін бекітуге 
ықпал  ететін  қазақ  философиялық  ойындағы  рухани  қайнар  көздер 
айқындалып,  жаһандану  процестерінің  қайшылықты  дүниетанымдық 
қырларын көрсетілді.
5. Тарихи қалыптасқан ұлттың өзіндік мінез-құлқының, құндылықтық 
бағдарларының көріністерін заманауи талаптарға сәйкес сыни талдаудан 
өткізіледі. Сабырлылық, төзімділік, шыдамдылық және ізгіліктілік сияқты 
руханилықтың шынайы көріністері тұлғалық жетілудің тетігі ретінде және 
қоғамның  болашаққа  ұмтылудың  этномәдени  жолдары  мен  қырлары 
іспетінде пайымдалды. 
6.  Қазақтың  этикалық  философиясын,  этномәдени  құндылықтарын 
айқындай  түсу  үшін  осы  уақытқа  дейінгі  қазақ  философиялық  ойының 
даму  тарихында  айқындаушы  принциптер  анықталды.  Мәселен,  Ор-
хон-Енисей жазбаларынан басталған және ол Қорқыттың, әл-Фарабидің, 
Қ.А.Ясауидің,  Ахмет  Иүгінекидің,  Жүсіп  Баласағұнидің,  Махмұд 
Қашқаридің және т. б. түркілік даналардың ізгілік пен қайырымдылықты 
өзектендірілуімен жалғасады, содан кейін қазақ хандығы дәуірінде орын 
алған Бұқар жыраудың, би-шешендердің, Абай мен Шәкәрімнің, Мәшһүр 

368                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет