Литература
1. Полевые материалы автора. Актюбинская область. Байганинский, Мугалжарский, Темирский районы,
2011-2012 гг.
2. Полевые материалы автора. Западно-Казахстанская область. Бокейординский, Казталовский районы, 2012 г.
3. Орлов Г.П. Свободное время: Условия развития человека и мера общественного богатства. – Свердловск,
1989. – 148 с.
4. Ахметжанов А. Коммуникационная обстановка в Казахстане // Вестник КазНУ. - Серия журналистики.
–2001. – №11. – С.95-98.
5. Исабек Р. Қазақстан телевизиясындағы ақпараттық хабарлардың проблемалары // ҚазҰУ Хабаршысы.
Журналистика сериясы. – 2001. – №11. – 91-95 бб.
152
СМАГУЛОВА С.О.
Ш.Ш. Уəлиханов атындағы Тарих
жəне этнология институты директорының орынбасары, т.ғ.д.
1921-1922 ЖЖ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ЖƏНЕ
ШЕТЕЛДІК КӨМЕК ҰЙЫМДАРЫ
Қазақ жері кеңестік жүйе тұсында үш бірдей ашаршылық нəубетіне ілікті. Соңғы жылдары
ашаршылық мəселесі жиі көтеріліп, баспасөз беттерінде мақалалар жариялануда.
ХХ ғасырдың 20-30-жылдарда ашаршылық Қазақстанмен қоса бұрынғы Кеңестер Одағының
құрамында болған Повольже, Орал, Сібір, Дон, Солтүстік Кавказ, Қазақстан, Украинаның территори-
ясын жайлаған. «Большая советская энциклопедияға» жарияланған С. Мстиславскийдің мақаласында
ХХ ғ. 20-30 жылдары «90 млн. халқы бар 35 губернияда 40 млн.-ға жуық адам ашықты» деген мəлімет
келітіріледі [1, с.463].
Қазақстанды жайлаған ашаршылықтың шығуына Бірінші дүниежүзілік жəне азамат соғысының
салдарынан «əскери коммунизм» жылдарында туындаған астықтың шықпай қалуы, қуаңшылық, оның
үстіне салықты салғыртпен алмастыру нəтижесінде шаруалардың қолындағы барлық астығымен қоса,
қорда сақталып отырған тұқымдары да күшпен тартып алынуы тікелей əсер етті.
Елімізде ашаршылық Батыс өңірдегі губернияларды жайлап, жүз мыңдаған халық аштық құрбанына
айналды, көршілес елдерге босып кетті. Бұл трагедия халық қасіретіне айналды.
Қазақстандағы аштыққа көмек ең соңынан келді. 1922 жылдың 12 қарашасында Орталықта жарық
көрген «Завод и пашня» газетіне қазақ жеріндегі аштықты көрген журналистің хабарламасы басылып:
«Повольжеде болған аштық жайында көп айтылады, ал Қазақ республикасын жайлаған аштық жайлы
естілмейді де, Самара мен Симирскіде ашыққандарды көрдім, бірақ бұл жердегідей көп ашыққан бала-
ларды бұрын-соңды көрмеппін», – деп келтірді [2, 443-444-бб.].
Ашаршылықты ауыздықтауға ішкі жəне шетелдік ұйымдар тартылды. Ашыққандарға АРА, Нансен
комитеті, Халықаралық Қызыл Крест, түрлі діни миссиялар, Джойнт жəне тағы басқа ұйымдар көмекке
келді. Шетелдік көмек ұйымдары арнайы келісішарт негізінде əрекет еткен. Бұл ұйымдардың арасында
АРА (American Relief Administration) ұйымының қызметі ерекшеленді. Соңғы кездерде 20-жылдардың
басындағы бұл ұйымның қызметі жайында отандық жəне шетелдік тарихнамаларда жазылып жүр.
Дегенмен де əлі де болса бұл ұйымның нендей мақсатты көздегендігі, ашаршылықты жоюда қаншалықты
іс-шараларды жүзеге асырғандығы жөнінде түрлі пікірлер қалыптасып, түрлі тұжырымдар айтылуда.
АРА-ның ұйым ретінде тіркелуі 1918 жылдың қазанында басталып, 1919 жылдың басында аяқталды.
Осы жылдың 4 қаңтарында АҚШ-тың президенті Вудро Вильсон Конгреске Еуропа елдеріне азық-
түліктей көмек көрсету үшін 100 млн. доллар бөлуді ұсынып, оны АҚШ-тағы азық-түлік министрі,
кейінрек Американың президенті болған Герберт Гувер қолдады. Ұзақ талқылаудан кейін 27 қаңтарда
Конгресс кейбір түзетулер енгізе отырып, В. Вильсонның жобасын мақұлдады. 24 ақпанда прези-
дент АРА ұйымын құру жөнін Жарлыққа қол қойып, АРА-ның Бас директоры болып Герберт Гувер
тағайындалды.
АРА ұйымы АҚШ үкіметінің бөлімшесі болып, оның басты кеңсесі Париж қаласында орналасты.
Сонымен қатар Нью-Йорк қаласында ұйымның қосымша кеңсесі құрылды, оны Гувердің көмекшілері
Эдгар Рикард пен Теодор Уитмарш басқарып отырды [3, 201-202-бб.].
Бұл ұйым 1914-1918 жылдардағы Бірінші дүниежүзілік соғыстан жапа шеккен Еуропа елдеріне
көмек көрсетуді мақсат тұтты. Ашаршылық жылдарында Кеңес үкіметі ұйым көмегіне жүгініп, АРА
1919-1923 жж. аралығында Ресей құрамындағы елдерде қызметі етті. Ұйым ашыққан аудандарды азық-
түлік, дəрі-дəрмек, киім-кешекпен қамтамасыз етіп отырды. Дегенмен кеңес үкіметі бұл ұйымның
қызметіне үлкен күдікпен қарап, АҚШ-ты Ресейдегі ішкі контрреволюциялық күштерді өздерінің
тыңшылық зиянкестік қызметтеріне, революция қозғалысына қарсы күреске жəне еуропалық елдерде
американ империализмін нығайтуға қолдануға тырысты деген тұжырымда болды [4, с.608.].
АРА-ның Бас директоры Г. Гувер кеңестік жүйеге, большевиктік билікке қарсы екендігін
жасырмаған. Əйтсе де Ресейге əскери басып кіруге қарсы болды. АРА қызметін зерттеген тарихшы
Н.И. Богомазовтың жазуынша, ол кеңес өкіметін мойындаудың қажеттігі жоқтығын айта келе, оған
қарсы шығудың екі түрін ұсынған. Оның біріншісі, ауыр жағдайды пайдалана отырып Ресейге ба-
сып кіру, екіншісі, арнайы комиссия құру арқылы азық-түліктей көмек беру арқылы əрекет ету. Ол
бірінші түрі бұл елдегі жағдайға байланысты ойдағыдай нəтиже бермей, керісінше «шексіз залал»
əкелетіндігін, сондықтан екінші түрі елдегі аштыққа көмек бере отырып, идеологиялық жағынан
153
большевизмді жеңуге болады деген пікірді қолдады. Сөйтіп, большевиктерге қарсы əскери күштер
орналасқан аудандарға көмек көрсету арқылы ішкі күрес жүргізуге болады деген сенімде болды. Осы
мақсатпен Г.Гувер 1919 жылдың наурызында Парижде орыстың ақгвардияшыларының өкілдерімен
кездесті. 16 шілдеде Омды үкіметімен адмирал А.В. Колчакпен Солтүстік-Батыс əскерге жəне олардың
басып алған территориясында тұратын халыққа азық-түліктей көмек көрсету жөнінде келісімшарт жа-
састы.
АРА ұйымы осы кездерден бастап қанша көмек бергені жайында өздерінің «Бюллетеньдерінде»
жариялап отырды, бірақ журналдағы бұл мəліметтер тек ұйымның мүшелері арасында ғана белгілі
бол5ан [3, 202-203-бб.].
20-жылдардың басында Кеңестер Одағына аштық жайлаған кезде АРА ұйымы тағы да қол ұшын
созды. Кеңес үкіметі олардың негізгі мақсатын білсе де, халықты аштық азабынан құтқаруда еріксіз
олардың жəрдемін қабылдауға мəжбүр болды. Сөйтіп, АРА ұйымы мен РКФСР үкіметі арасындағы
келісімге Ригада 1921 жылы 20 тамызда қол қойылды. АРА-ның өкілдері көп болған жоқ. Олар жер-
гілікті əкімшіліктің өкілдерімен бірлесе қызмет етті. Келісім бойынша АРА ашыққан аймақтарда
тамақтандыратын пункттер немесе асханалар, ауруханалар мен дəрігерлік бөлімдер ашты, шалғай жер-
лердегі тұрғындарға азық-түлік, дəрі-дəрмектер жеткізді. Киім-кешекпен, тұрмысқа қажетті заттармен
қамтамасыз етті.
Нансен комитеті мен басқа кейбір миссиялар кеңес үкіметіне азық-түлікті жеткізіп беру болса, ал
АРА ұйымының бір ерекшелігі үкіметтен əкелген азық-түлікті таратушы көмек аппаратын құруды
талап етіп, ұзақ келіссөздерден кейін большевиктер олардың талаптарын қабылдауға мəжбүр бол-
ды. Бастапқы кезде АРА ұйымы азық-түлік таратумен қатар ашыққан балалар мен ауруханаларда
жатқандарға ғана қосымша ыстық тамақ ұйымдастыруды көздеген еді, бірақ ел ішін аралау барысын-
да ашыққандар жеуге келмейтіндермен қоректенуі, қылмыстың етек алуы, адам етін жеу (канниба-
лизм) сияқты сұмдық көріністерге куə болуы жоспарларын өзгертіп, 1922 жылдың наурызынан жаппай
тамақтандыруды қолға алды [5, с. 66, 68.].
22 ай қызмет еткен уақытында АРА ұйымы Кеңестік Ресейге 66 млн. доллардан жоғары 33 млн. пұт
азық-түлік, дəрі-дəрмек пен алғашқы көмек көрсетуге қажетті заттар əкелген. Дегенмен кеңес үкіметі
ұйым жұмысына сенімсіздікпен, сақтықпен қарады. Кеңес шенеуніктері олардың жұмысына кедер-
гі жасап бақты. Отандық жəне батыстық əдебиеттерде АРА мен большевиктік үкіметтің арасында
мақсат-мүдделердің қарама-қарсылығы жайында жиі жазылды. Оның себебі идеологиялық мазмұнды
яғни капитализм мен коммунизмнің қарама-қарсы келуінен деп те түсіндірілді.
АРА ұйымының ашыққандар арасындағы кейбір кеңес үкіметіне қарсы жүргізген əрекеттері де тір-
келіп жатты. Сондықтан қазіргі кезде 1921-1922 жылдардағы ашаршылықты ауыздықтаудағы АРА-
ның қызметі пікірталасты мəселе болып тұр. Оның қызметі жайында зерттеушілер екі түрлі пікір ай-
тады. Оның біріншісі, ұйым Кеңестік жүйенің ішкі қиындықпен күресуде дəрменсіз, əлсіз екендігін
көрсетіп, ел арасында арандатушылыққа жол берді десе, екіншісі, ұйымның көрсеткен көмегінің
арқасында мыңдаған адамдар аштық қырғынынан аман қалды деген пікір. Осы пікірлердің екеуі де
шындыққа сай.
АРА ұйымынан жіберілген еріктілер Кеңестер Одағына ішкерілей енген сайын халықтың əл-
ауқатының қиын екендігін, күннен күнге өлім-жітімнің көбейіп келе жатқаны, қандай азық-түлік, киім-
кешек жіберу қажеттігі жайлы орталықтарына хат арқылы хабарлаған.
Кеңес үкіметі тарапынан да ұйымның əрбір іс-əрекеті құпия түрде жоғарғы орындарға хабарланып
отырылды. Ұйымның Кеңестік Ресейдің экономикасы жайында статистикалық мəліметтер жинастыруға
күш жұмсап отырғандығы, əкелінген заттарына түбіртек, чек, қолхат жаздырып алуы түбінде күмəн
туғызбай қоймады. Оның үстіне ұйымның жалдап алған орыс қызметкерлері олардың тапсырмала-
рын орындамады, бөлінген азық-түлікті уақытында асханаларға, тамақтандыру пункттеріне бермеуге,
осы арқылы халық арасында шетелдіктерді «қайырымсыз» ретінде көрсетуге тырысты. Жиындарда
кеңестік жүйенің жауы «империалистік елдермен» күресуге шақырды.
Алғашқыда ашыққан халық өздеріне көмек қолын созған американдықтарды құтқарушы ретінде
қабылдаса, уақыт өте кеңестік идеологияның күшті насихатының нəтижесінде оларға күдіктене қарай
бастады.
АРА ұйымы Орынбордағы қызметін 1921 жылдың қарашасынан бастаған. Оның алғашқы өкілі Ф.
Лайннің 9 қарашада қалаға келгендігі жөнінде жергілікті газетте хабарлама басылып, американдықтар
күнделікті 12 мыңдай ашыққан балаларды тамақтандыратындығы айтылды.
АРА-ның Орынбордағы ең алғашқы асханасы 17 қарашада ашылып, бірінші күні 500-дей ыстық
тамақ ішсе, 19 қарашада 490 орындық екіншісі ашылып, ашыққандарды тамақтандыра бастады. Айдын
154
соңына дейін 9 аралық асханалар жұмыс істеп, 6 412 бала ыстық тамақпен ауқаттанса, ал желтоқсанның
басында бұл асханалардан 7004 аш балалар ас ішті [6, 445-447-бб.].
Қазақстанның өзге өңірінде АРА-ның қызметі 1922 жылдың басында өрістеді. Бұл жылы ұйым 1
миллиондай ашыққан баланы тамақтандыруды жоспарлаған [7]. Осы жылдың 25 қаңтарынан 66 380
баланың азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырса, 15 ақпаннан 150 000 бала күнделікті тамақтандыра
бастаған. Ақпаннан бастап 350 000 ересек адамдарды тамақтандыруды жоспарлады. Сонымен қатар
медициналық көмек көрсетіп, 13 вагон дəрі-дəрмек пен киім Орынбор мен Ақтөбе губернияларының
ауруханаларына бөлінді [8].
Қостанай губерниясында АРА-ның жұмысы 1922 жылдың 8 маусымында басталып, Қостанай,
Федоровский жəне т.б аудандарда балаларға арналған 30 асхана ашып, онда 13640 бала тамақтандырыл-
ды. 10 шілдеге дейін ауданның 35040 баласы мен 36600 ересектері құрғақ тамақпен қамтамасыз етіл-
ген [9, 23- б.].
Ұйымның қызметі барысында ыстық тамақпен қоса, ашыққандарға құрақтай азық-түлік те
үлестірілді. Сонымен қатар ауруханалар мен балалар үйін медициналық құралдар, дəрі-дəрмек, киім-
дермен қамтамасыз етті [10].
АРА-ның жұмысы 1923 жылдың ортасына дейін жалғасты. 1923 жылдың басында Орынбордағы
ұйым арнайы түрде келісімшартты ұзарту мəселесін көтерді. Алайда АРА жұмысын жоюды мақсат
тұтқан аштық зардабымен күресу Орталық комссиясы олармен одан əрі жұмыс жүргізуді қажетсіз деп
тапты. Бірнеше рет өткізілген кеңес барысында АРА-мен келісімшартты ұзартпау мəселесі қаралып,
ақыры 31 мамырда ұйымды жою, оның орнына қор құрып, аштықты ауыздықтау ісін соларға жүктеу
туралы шешім қабылданды. Дегенмен қор құрылғанша АРА-дан жаздың соңына дейін ашыққан ба-
лаларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге өтініш етті. Қор құруда тез арада жойылатын ұйымның
жұмысы турасында есеп беру, ашыққан балаларды тамақтандыруда ұйымның жəне компанияның жеке
«Бала апталығынан» түскен қаражатын алу, қорды құру жəне оны жұмысын жандандыруда насихатты
күшейту, қосымша қор жинауда концерт, түрлі іс-шаралар ұйымдастыру, лотерея билетін ойнату қолға
алды. АРА-ның барлық мануфактурасы губерниялық балалар комиссиясына көшетін болды [11].
Гувер мен ұйымының басқа басшыларының аштықты ауыздықтаудағы еңбектері кеңес үкіметі та-
рапынан арнайы түрде алғысқа ие болды. Əйтсе де бірнеше жыл өткен соң саяси жағдайға байланысты
көрсеткен көмегі АРА-ның толықтай ұмытылды.
Джойнт (ағылшынша: American Jewish Joint Distribution Committee, қысқ. JDC, «Американский ев-
рейский объединённый распределительный комитет») 1914 жылы құрылған еуропалық қайрымдылық
ұйымының штабы Нью-Йорк қаласында орналасты. Бұл ұйым негізінен еврейлерге көмек ретінде
құрылған «Соғыстан қасірет шеккен еврейлерге көмек көрсету Орталық комитеті» «Центральный ко-
митет помощи евреям, пострадавшим от войны» (ағыл. Central Committee for the Relief of Jews Suffering
through the War) мен «Американдық еврей көмек комитетінің» (Американский еврейский комитет по-
мощи) 1914 жылдың 27 қарашасында қосылуы нəтижесінде құрылды. Осының нəтижесінде «Джойнт»
(біріккен) атау пайда болды. Бұл комитетке 1915 жылдың тамызында еврей жұмысшылар ұйымы
құрған «Халықтық көмек комитетті» (Народный комитет помощи) қосылды. «Джойнт» ұйымы белгілі
қаржыгер, неміс Феликс Варбург басқарған.
Бірінші жəне Азамат соғысы жылдарында бұл ұйым АҚШ-тан басқа елдеріндегі соғыстан зардап
шеккен еврейлерге қаржылай қол ұшын беріп отырды. Ресейде ашаршылық басталған жылдары
«Джойнт» АРА-ның құрамында Повольже мен Шығыс Украинада ашыққандарға көмек көрсетті.
Ашаршылық ауыздықталғаннан кейінгі жылдары да «Джойнт» ұйымы кеңес үкіметінің аграрлық
саласына көмек көрсетіп, қажетті техникамен (трактормен), сапасы жоғары тұқыммен, тұқымдық мал-
мен қамтамасыз еткен. «Джойнттың» Кеңестер Одағындағы қызметі 1938 жылы қуғын-сүргін бары-
сында тоқтатылып, оның басшылары шпондық пиғылдығы үшін атылды [12].
Қазақстанда «Джойнт» ұйымының кеңсесі арнайы түрде 1923 жылдың 15 қаңтарында ашылғанмен
де өз жұмысын ақпанның бастап, алғашқы күндерде 135 000 руб. ақша, 9 наурызда 112 500 руб. ақша
бөлген. Алынған 247 500 руб. ақшаның 167 347 руб. 22 тиыны асхана, аурухана, балалар үйіне беріл-
ген. Мəселен, осы ақшаның 52 043 руб. 25 тиыны Орынбордағы ашыққан, қаңғып кеткен балалар үшін
ашылған балалар үйін жөндеуге, 855 руб. соларға ыдыс-аяқ сатып алуға жұмсалған. Ұйым Ақтөбе
қаласындағы балалар үйінің жөндеуіне 10 000 руб. ақша бөлді [13].
Ашаршылық қарқын алып тұрған кезде 1921 жылдың тамызында Женевада Халықаралық Қызыл
Крест комитеті пен Қызыл Крест Лигиялық қоғамының бірлескен комиссиясы шақырған конфе-
ренция өтіп, ашыққан Кеңестік Ресейге көмек көрсету жөнінде шешім қабылданып, көмек көрсету
комиссиясының төрағалығына белгілі поляр зерттеушісі, 1919 жылдан аштықпен күрес ұйымын
155
басқарып келген Фритьоф Нансен тағайындалды. Кеңестер Одағында Француздардың Қызыл Кресті
өз жұмысын 1922 ж. тамыз айынан бастап, олардың əкелген азық-түліктерін Орыс Қызыл Кресінің
дəргерлік-тамақтандыру отрядтары үлестіріп отырды. Нансеннің командасы 1,5 млн. кеңес азаматта-
рын аштық ажалынан құтқарып қалған.
Оның басшылығымен Ресейдегі Халықаралық Көмек комитеті 1921 ж. қыркүйегінен 1922 ж.
қыркүйегіне дейінгі аралықта Ресейге 90,7 мың тонна азық-түлік жеткізген [14].
Қызыл Крестің бөлімшелері аштық жайлаған Орынбор губерниясында да ашылып, бұл жерге 35000
пұт астық жеткізіліп, ашыққандарға арналған асханалар азық-түлікпен қамтамасыз етілген. 1922 ж.
қыркүйегінде Орынбор губерниясында Қызыл Крестің Ресей бөлімшесінде 12 тамақтандыру пункті
жұмыс істеп, аш балаларды тамақтандырылды. Қазақ балалары да Қызыл Крест бөлішлерінен құрғақ
тамақ алып отырды [15, с. 80].
ҚОАК төрағасы С. Мендешев ҚОАК-нің 2-сессиясында сөйлеген сөзінде Қызыл Крест бөлімшелері
1922 ж. шілдеге дейін Қазақстандағы ашыққан 14 000 балалар мен ересектерді күнделікті тамақтандырып
отырғандығын атап өткен [16].
1923 жылдың 21 наурызынан бастап Қызыл Крестің Ресей бөлімшесінің Қазақ Республикасының
өкілі болып дəрігер И.М. Шомбалов тағайындалды [17]. Ол ұйымның күнделікті, ашыққандарға ыстық
тамақ беру, киім-кешек үлестіру жұмысын қадағалап отырды.
1922 жылдың желтоқсанында Орынбор губерниясының үкіметі Рим-католиктік миссиямен келісім
шартқа отырды. Бұл миссия губернияның 20000 баласын азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етуге
тиіс болды. Алайда қамтамасыз етуші балалардың қатары бұдан да көбейе түсті [18].
Қазақстандағы аштықты ауыздықтауға квакерлер де көмек берді. XVII ғасырда Англияда пай-
да бұл діни қоғам Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында Повольждегі ашыққандарға көмек көрсетіп,
тамақтандыру пункттерін, ауруханалар, балалар үйін, мектеп, қолөнерлік шеберханалар ашты.
Аштық басталған 1921 жылы Москвада кеңсе ашып, аштықты ауыздықтауда азық-түліктей көмек
беріп отырған. 1931 жылы ең соңғы шетелдік діни орган ретінде жабылды [19].
Квакерлер Қостанай губерниясының аштық қатты жайлаған үш ауданына 60 вагондай азық-түлік
жеткізген [20].
Қазақстандағы барлық шетелдік ұйымдардың жұмысы 1923 жылдың маусымында тоқтатылып, оның
таратып үлгермеген азық-түлік, киім-кешектері əр губернияның аштықты ауыздықтау комитетінің
қорына берілген. Мəселен, Ақтөбе губерниясындағы католиктік миссия жұмысы 15 маусымда аяқталып,
оның қорындағы барлық азық-түліктер ме киім-кешектерін губерниялық ашкомдар қорларына алған
[21].
ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы ашаршылық сызаты ұзақ уақыт бойы халық санасында қалып
қойды. Шетелдік қоғамдық ұйымдардың көмегінің нəтижесінде КСРО құрамындағы ашыққан
губерниялардағы мыңдаған халық аштық ажалынан аман қалды. Сондықтан олардың ашаршылыққа
қатысты қызметін терең түрде ғылыми зерттеуге алу аса маңызды.
Əдебиеттер
1 Мстиславский С. Голод // Большая советская энциклопедия (далее БСЭ). - Т.17. - М., 1930.
2 Падение империи революция и гражданская война в России. - Москва: Издательство «Социально-полити-
ческая Мысль», 2010.
3 Богомазов Н.И. «Продовольственный барьер против большевизма»: поставки Американской администра-
ции помощи (ARA) в страны Прибалтики в марте-июле 1919 г. // Новейщая история России. - 2011. - №2.
4 БСЭ. - М.: Издательство «Советская энциклопедия», 1969. - Т. 1.
5 ХмелевскаяЮ. Ю. Миссия выполнима? Американская филантропия против первого советского голода (к
90-летию начала деятельности Американской администрации помощи на Урале, 1921-1923 годы) // Вестник
Пермского университета. - 2011. - Выпуск 3 (17).
6 Падение империи революция и гражданская война в России. - Москва: Издательство «Социально-полити-
ческая Мысль», 2010.
7 ҚР ОММ. 1215-қ., 1-т. 9-іс. 12 арт.-п.
8 ҚР ПМ. 139-қ.,1-т., 247-іс. 96,99-пп.
9 Итоги борьбы с голодом (Отчет Кустанайской Губернской Комиссии Помощи Голодающим о положении
губернии и деятельности с начала голодной кампании по июль 1922 года). - Кустанай, 1922.
10 ҚР ПМ. 139-қ.,1-т., 336-іс. 24 арт.-п.
11 ҚР ОММ. 1215-қ., 1-т. 4-іс. 36, 59 арт.-пп.
12 http://esod.spb.ru/history.html
13 ҚР ОММ. 1215-қ., 1-т. 33-іс. 147,148-пп.
156
14http://query.nytimes.com/gst/abstract.html
15 Космачёва Т. С. Деятельность Европейских общественных организаций на южном Урале во время голода 1921–
1922 годов // Вестник Челябинского государственного университета. - 2009. - № 12 (150). - История. Вып. 31.
16 ҚР ПМ. 139-қ.,1-т., 336-іс. 24 арт.-п.
17ҚР ОММ. 1215-қ., 1-т. 33-іс. 144-п.
18 ГАОО. Ф. Р-1. Оп. 1. Д. 276. Л. 35, 36.
19 http://ru.wikipedia.org/wiki/Квакеры
20 ҚР ПМ. 139-қ.,1-т., 336-іс. 24 арт.-п.
21 ҚР ОММ. 1215-қ., 1-т. 33-іс. 388-п.
ТӨЛЕБАЕВ Т.Ə.
т.ғ.д., проф., əл-Фараби ат. ҚазҰУ
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ КӨНЕ ЗАМАННАН БҮГІНГЕ ДЕЙІН» КӨПТОМДЫҒЫНЫҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ
2012 жылғы 3-санында «Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін» көптомдығының құрылымы
жарияланыпты. Ол бойынша «Қазақстан тарихы» 10 томнан тұратын 20 кітап ретінде жобаланған.
Осының өзі ауқымды, кешенді түрде қазақ тарихын баяндауды мақсат еткендікті байқатады. Бұл
жобаның басты айырмашылығы. Соншама ауқымды бұрын соңды болмаған тұрғыда жазу əрине
көптеген жаңалықтар мен қатар қиындықтарды да тудыруы заңды. Осыны ойлағандықтан Ш.Ш.
Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институты ұжымы құрылымды талқыға салып отыр екен.
Соған байланысты Біз де өзіміздің ұсыныстар мен пікірлерді білдіруді жөн көрдік.
Алдымен жобаның ұтымды жақтарына, бұған дейінгі академиялық көптомдықтардан артықшы-
лықтарына тоқталайық.
1. Көптомдық негізінен хронологиялық даму кезеңдеріне қарай жүйеленген. Бұл сөз жоқ қазақ
тарихының даму кезеңдерін ерекшелеуге, жүйелі түрде сипаттауға мүмкіндік береді.
2. 2, 3, 4, 5, 6 жəне 9 томдар тарихнама, деректер жөніндегі мəселелермен басталады. Бұл сөз
жоқ əрбір кезең тарихының ғылыми негізін айқындай түседі, нақтылық, шынайылық жəне ғылыми
құндылығын арттырып отырады.
3. Қазақ халқының антропологиясы мəселелері ауқымды түрде, сегіз тараудан тұратын жеке кітап
көлемінде жазылатын болады.
4. Қазақ халқының этнографиясы мəселелері де жеке бір кітап ретінде арнайы жазу жоспарланған.
5. Қазақстан тарихын зерттеу методологиясы мен тарихнамасына жеке кітап арналатын болады.
6. Қазақстан тарихының деректері де жеке кітап түрінде кезеңдер бойынша жазылады.
Бұл аталған құрылымдық жүйе көптомдықтың қазақ тарихын кешенді түрде, жан-жақты қамти оты-
рып ғылыми тұрғыда сипаттауға толық мүмкіндік береді. Сондықтан да қазақ тархын зерттеушілер
ғана емес, кез келген адам қажетті негізгі мəліметтерді ала алады, басты ғылыми тұжырымдармен
танысу мүмкіндігіне ие болады. Көптомдықтың бұл жобасы тарих ғылымының қазіргі даму сатысы
деңгейінде, құптауға тұрарлық жоба.
Дегенмен, бұл жобаны жетілдіре түсу мақсатында төмендегідей пікірлерімізді ортаға салуды жөн
көрдік.
15, 16 жəне 18 - кітаптардың мазмұны, қарастыратын басты мəселелері көрсетілмеген. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |