Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғылым комитеті ш. Ш. УƏлиханов атындағы тарих жəне этнология институты



Pdf көрінісі
бет20/61
Дата03.03.2017
өлшемі4,5 Mb.
#5474
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61

Литература

1.  Материалы  по  киргизскому  землепользованию,  собранные  и  разработанные  статистической  партией 

Тургайско-Уральского  переселенческого  района.  Тургайский  уезд. – Оренбург:  Изд.  переселен.  организации, 

1911. – 127 с.

2.  Материалы  по  киргизскому  землепользованию,  собранные  и  разработанные  статистической  партией 

Тургайско-Уральского переселенческого района. Актюбинский уезд. – Оренбург: Изд. переселен. организации, 

1912. – 420 с.

3.  Материалы  по  киргизскому  землепользованию,  собранные  и  разработанные  статистической  партией 

Тургайско-Уральского  переселенческого  района.  Иргизский  уезд. – Оренбург:  Изд.  переселен.  организации, 

1913. – 317 с.

4. Представление генерал-майора Т. Тевкелева и коллежского советника П. Рычкова Коллегии иностранных 

дел о положении в Малом Среднем жузах. 1759 г. января 22 // КРО. – 1961. – С. 571–591.

5.  Кадомцев  А.В.  Извлечение  из  отчетов  гг.  ветеринаров,  командированных  ветеринарным  комитетом 

Министерства внутренних дел в киргизские степи и для сопровождения гуртов с целью исследования условий и 

причин развития и распространения скотских падежей – СПб., 1877. – 107 с.

6. Балакин Ю.В. Географическая среда, обмен, искусство // Особенности естественно-географической среды 

и исторические процессы в Западной Сибири. − Томск, 1979. – С. 89–91.

7. Панков А.В. К истории торговли Средней Азии с Россией XVI–XVII // В.В. Бартольду туркестанские дру-

зья, ученики и почитатели. − Ташкент, 1927. – С. 20–47.

8. Путешествие из Оренбурга в Хиву самарского купца Рукавкина, в 1753 году, с приобщением разных извес-

тии о Хиве с отдаленных времен доныне // Журнал МВД. − СПб., 1839. – № 12, ч. XXXIV (34). – С. 351–401.

9. Тетеревников А.Н. Очерк внутренней торговли Киргизской степи. – СПб.: Типограф. Майкова, 1867. – 72 с.

10.  Из  описания  Казахской  степи  Оренбургского  ведомства,  составленного  штабс-капитаном  Фомаковым. 

1844 г. // КРО. – 1964. – С. 296–304.

11. Берг Л.С. Рыбы пресных вод СССР и сопредельных стран. − М.–Л., 1949. – Ч. 3. – С. 930–1382.

12. Выписка из отчета областного правления Оренбургскими киргизами о торговле России и Средней Азии, 

экономическом и политическом состоянии Хивы, Бухары и Коканда // ГАОО. Ф. 6. – Оп. 10. – Д. 7617. – 8 л.

13. http://zerrspiegel.orientphil.uni-halle.de/i386.html от 12.10.2009.

14. http://zerrspiegel.orientphil.uni-halle.de/i5.html от 11.10.2009.

15. http://zerrspiegel.orientphil.uni-halle.de/i380.html от 12.10.2009.



127

16. Поездка А.П. Хорохшина по Кызылкумам (с «Комиссией для организации управления киргизами») 1872 

г. // Обзор Русских путешествий и экспедиции в Среднюю Азию (1869–1880) / сост. О.В. Маслова. − Ташкент, 

1962. – Ч. III, – С. 34–36.

17. Средняя Азия и водворение в ней русской гражданственности / сост. Л. Костенко. − СПб., 1871. – 358 с.

18. Пантусов Н.Н. Торговые и караванные пути в Туркестанском крае и стоимость провоза // Материалы для 

статистики Туркестанского края. Ежегодник / под ред. Н.А. Маева. − СПб., 1876 – Вып. IV. – С. 123–138.

19. Небольсин П.И. Очерки торговли России и Средней Азии // ЗИРГО. Книжка Х. / издана под ред. Н.П. 

Арапетова. − СПб., 1855. – 335 с.

20. Описание Бухарского Ханства, составленное Н. Ханыковым. – СПб.: Тип-я Имп. АН, 1843. – 280 с.



ҚАРАСАЕВ Ғ.М. 

т.ғ.д., проф., Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ



АЛТАЙ АЙМАҒЫ КӨНЕ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ТАРИХЫ ЗЕРТТЕУШІЛЕР ЕҢБЕГІНДЕ

Орталық Азия, соның ішінде Алтай өңірінің ерте жəне орта ғасырлық тарихын сол мерзімдерде-

гі  материалдық  мəдениет  түрлері,  соның  ішінде  жартастарға  жазылған  көне  жазулар,  қалдықтары 

соңғы уақыттарға дейін жеткен қорғандар, құрылыс орындарынан білуге болады. Осы арқылы аталған 

аймақтың ерте заманнан орта ғасырларға дейінгі біздің арғы ата-бабаларымыз - түркі тектес халықтардың 

тығыз мекен еткен орталықтары болғандығы, онда шаруашылықтың өркендеп, құрылыстың кеңінен 

дамығандығы  айқындалады.  Осылармен  қатар  Алтай  өңірі  байырғы  дəуір  тұрғындарында  жазу 

мəдениеті де дамыған. Оның барлығына əр мерзімдерде жүргізілген қазба жұмыстары деректері, көне 

ескерткіштер қалдықтары куə болады. 

Осы тұрғыдан алғанда аталған аймақтардағы ерте мерзімдердегі құрылыс орындарын айқындауда бел-

гілі зерттеуші Д. Клеменцтің 1891 жылғы Орта Монғолияға жасаған сапары кезіндегі «Археологический 

дневник поездки в Среднюю Монголию в 1891 году» [1] деген күнделік жазбалары, А. Козыревтың ХХ 

ғасыр  басындағы  «Раскопки  кургана  в  урочище  Кара-Агаш  Акмолинского  уезда» [2] атты  зерттеу-

лері, ХІХ ғасыр басында шығып келген «Сибирский Вестник» журналындағы Алтайдың көне ескерткі-

штеріне арналған деректер [3], осылармен бірге швед жихангері С. Гединнің ХІХ ғасырдың соңындағы 

Монғолияға жасаған сапарындағы жазбалар үлкен маңызға ие [4] болды. 

Осы зерттеулердегі баяндалған анықтамалар Қазақстанның солтүстік, шығыс аймағы, Алтай өңірі, 

орта ғасырларда түркілік мемлекеттерінің иелігінде болған Орта Монғолиядағы ескерткіштерге сипат-

тама жасайды. Олардың мерзімдерін анықтап, осы үлкен аймақтағы бір жүйелі, мазмұнды мəдениеттің, 

соның ішінде негізінен алғанда монғол билігіне дейінгі дəуірдегі түркілік мəдениеттің болғандығын 

дəлелдейді. 

Осы тұрғыдағы жоғарыдағы аталғанындай, 1891 жылғы Орта Монғолияға жасалған Орхон экспеди-

циясына қатысушы Д. Клеменцтің жазбаларында көрсетілген аймақтағы орта ғасырлық ескерткіштер-

ге  барынша  баяндама  жасалған.  Соның  ішінде  ол  осы  археологиялық  күнделігінде  Цаган-Байшинь, 

Тютень-Толағай, Хара-Балгасунь, Ханым голдегі Балгасун, Тери-нор өңіріндегі көне құрылыстар мен 

ескерткіштердің ерекшелігіне тоқтаған. Атап айтқанда, зерттеушінің жазуынша: Цагань-Байшиндағы 

«... Қалдықтар орналасқан өңір екі шақырым бойымен шығысқа қарай созылып жатыр. Солтүстігі, ба-

тысы жəне оңтүстігі биік емес, ешқандай орманы жоқ таулармен көмкерілсе, шығысында оңтүстіктен 

солтүстікке қарай ағатын Толы өзенімен қоршалған. 

Жазықтықтың  оңтүстік  жағында  алға  ұмтыла  орналасқан  Очир  жотасы  көрініп  тұр,  өңір 

көшпенділердің  тұрмыстарына  қолайлы:  Толы  өзені  жақын  жəне  оның  оң  жағалауы  шалғынды 

жайылымдық. Сол жағалауы тік жəне тақыр, алайда шөпсіз емес; тауға қарай оңтүстікке қараған тар 

ойпат,  оның  желден  қорғау  мүмкіндігі  осы  жазықтықты  малшы  үшін  таптырмайтын  қысқы  қыстау 

етеді» [1.4,5].

Зерттеушінің одан ары сипаттауынша: «... Құрылыстың қалдығы Толы өзенінен бір шақырым алыс-

та,  жазықтықтың  солтүстік  аймағында.  Құрылыс  аңғардың  оңтүстік–шығыстан  солтүстік-батысқа 

қарай ауысатын жерінде орналасқан. 

Əсіресе көзге құрылыстың оңтүстік-батысындағы кірпіштен қаланған екі биік қабырға түседі. 

... Анықтап қарағанда оның жартаста тұрмағандығы белгілі болады, сырты жабайы таспен қапталған 

қолдан  жасалған  биіктікте  тұрғандығы  айқындалады.  Оның  үстінен  биіктігі  метрге  жуық  кірпіш 

қабырға  қаланған.  Алдымен  бүкіл  құрылысты  Толы  өзенінің  жазықтығына  қараған  оңтүстік-батыс 

жағынан айналып өтесіз» [1.5].



128

«...Экспедиция  бастығы, - деп  жазады  Д.  Клеменц  одан  ары  өз  жазбаларында, - Мэн-гу-ю-му-

цзыдан  алынған  мəліметтер  бойынша ... Толайы-Цаган-Балгасунның  қазіргі  қалдықтарының  орнын-

да  Толыдағы  ханның  сарайы  болған  жəне  қазіргі  қалдықтар  неғұрлым  ерте  құрылыс  орындарының 

мүмкіндігінше бізге жеткен соңғы түрі деп көрсетеді. 

... Цаган–Баишинның (Толайы-Цагань-Балгасунь) қалдықтарынан ары біз оңтүстік-батысқа қарай 

жылжып, тағыда ... Урга-уляс атай жолындағы Шын Толағай қарауылы жанындағы Бо ронгин өзеніне 

шықтық.  Осы  кішкентай  өзен  жағалауындағы  далада  оқшау,  биік  Чинь-толочони–оба  атты  тастан 

үйілген оба тұр. 

... Тасты обаның аумағыүш жүз қадам, биіктігі 3 метрден кем емес. Төбесі жалпақ. Аталған ескерт-

кішті неғұрлым анық көруге уақыт болмады, ...» [1.25,26].

Орта  Монғолиядағы  сапарын  одан  ары  жалғастырған  зерттеуші: “Таиджинь-чило  аңғарындағы 

Өгей-нор көлінің солтүстік жағалауындағы Оронбо-Геген монастрына көтерілсе,-дей келе, - алыстан 

биік жерде тұрған қорған көрінеді. Оның батыс бөлігі шығыстағысынан биік жəне онда үйілген тастар 

айқындалады. 

... Тайджин чило жан-жағы қоршалған қамалды еске салады. Бұрғұлтай мен Орхон аралығындағы 

батпақты  өңір  шындығында  қорғану  үшін  аса  қолайлы.Қоршаудың  сүйір  сыртқы  қорғаны  мен  тік 

ішкі жағы таяп келіп қалған жауды атқылауға тиімді. Көне дəуірдегі қорғаныстағы негізгі орын алған 

құрылыстардыңбірі – сыртқы ордың болмауы ғана таңдандырады, алайдажергілікті жағдайға байла-

нысты мұндай құрылыстың болуы міндетті емес сияқты. Бұрғұлтайдағы өзеннің суын жасанды жол-

мен көтере отыра барлық маңайды батпаққа айналдыруға болатын еді. 

... Аталған құрылыстың уақыты туралы менде ешқандай да мəліметтер жоқ. Жонылған тастардан 

қаланған  тік  тіреулерінің  орны  (колонна,-Д.К.)  құрылыстың  (бекініс  орны,-Ғ.Қ.)  солтүстікке  қытай 

мəдениеті енген кезде қолданылғандығын дəлелдейді, алайда бұл ұйғарым Тайджин-чило құрылысының 

көне кезеңге жататындығын жоққа шығара алмайды. 

Құрылыс жоғарыда баяндалғанындай, бір халықтан екіншісіне мұра ретінде өтуі мүмкін, себебі екі 

өзен арасындағы бай жайылымдықтың тиімділігі де ертеден-ақ бағаланған болар» [1.45- 46], - деген 

сипаттама береді.

Д. Клеменц одан арғы сапарында Тойтень-Толотой өңіріндегі орта ғасырлық құрылыс орындарына 

талдау жаса ған. Оның баяндауынша: «Угей қорадан 40 шақырым жердегі даладағы Цаган-Нор өзенінің 

оңтүстік-батыс  жағалауы  маңайында ... ханшаның  сарайы  деп  аталатын  Тойтень-Тологой  үйіндісі 

бар. 


...  Қазір  бұл  оба  ғана,  ал  оның  бұрын  қандай  қызмет  атқарғандығын  білу  оңай  емес.  Үлкен 

жотаның басына орналасқан обаның төменгі негізі (фундамент) көрініп тұр. Қабырғаның биіктігі екі 

аршын,қабырғаның үстінде шашылған кірпіш қалдықтары (плиталар), ... 

Плиталар ешқандай да өңдеуден өтпеген. Олардың ішінде бірнеше гранит плиталар ..., Маңайдан 

кірпіштің  сынықтарын  кездестірдік,  солардың  ішінде  жасыл-көгілдір, ... сары  түске  боялған  кірпіш 

сынықтары бар. ... Шатыр немесе безендіру қалдықтары ма, түсіну қиын» [1.46, 47].

Саяхатшы  бұдан  ары  Хара  Балгасун  аңғарындағы  көне  құрылыс  орындарына  сипаттама  беріп, 

олардың орта ғасырлық Монғолия, Алтай аймағы түркілік тарихындағы алған орнын саралаған. Оның 

жазуынша: “Тойтень–Толоғайдың  оңтүстігіне  қарай  жер  жағдайы  өзгереді. ... Тойтень-Толоғайдан 

шығатын  жол  бойында 15 шақырым  қашықтықтан  Хара-Балгасунның  қара  қабырғалары  көрінеді. 

Кукшин-Орхонның  оңтүстік  жағалауындағыбиіктен  оны 40 шақырым  қашықтықтан  кейін  байқауға 

болады. Бұл қалдықтар Джирмантай жəне Орхон өзендері аралығында орналасқан. 

Хара-Балгасун даласы батыс жəне оңтүстік батысқа дейін мүлдем құрғақ, ... солтүстікке, шығысқа 

жəне  оңтүстік-шығысқа  оны  кең  ауқыммен  батпақты  шалғын  қоршаған,  ол  арқылы  оңтүстүктегі 

таудан  шығатын  əртүрлі  кіші  өзендер  ағып  өтеді.  Жаңбырлы  жазда  осы  батпақты  жер  арқылы  өту 

мүмкін  емес.  Орхонға  барар  жолдың  барлығы  батпаққа  айналады.  Аталған  кең  шалғынды  аймақ 

ерте кезден көшпенділерді қызықтырып келді, сондықтан да біз осы жерден үлкен қоныстың орнын 

көреміз. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа дейінгі ұзын бойында Хара-балгасунның қалдығын 5,5 

шақырым,  шығыс,  оң түстік-шығыстан  батыс,  солтүстік-батысқа  дейін 2,5 шақырым  бойы  байқауға 

болады. Кейбіреулер көлеміне байланысты оны Мүңке ханның орталығы – Қарақорым болуы мүмкін 

деп есептейді. 

Бұрынғы құрылыстар қиыршық тас, кірпіш қалдықтары, кей жерлерде тас тақтайшалар, кірпіш неме-

се төбе шатырларының сынықтары ғана сақталған. Құрылыстың биік, балшықтан жасалған қабырғасы 

ғана Қара-Балғасунның белгісі. 



129

... Ауланың ішіндегі құрылысты экспедиция бастығы Мүңке-хан 1256 жылы салдырған 5 қатарлы 

сиыну үйінің (пагоданың) қалдығы деп есептейді. 

...  Мұнараның  барлығы  қытай  кірпішімен  қапталған:  Мұны  оның  барлық  маңайында  шашырап 

жатқан кірпіш сынығының қалдықтары дəлелдейді. Кірпіштер қоңыр түсті жəне нашар күйдірілген. 

Оңтүстік қабырға бойы ... шағын балшықтан салынған құрылыстар көрінеді. Осылардың ішіндегі 

жақсырақ сақталғандары балшықтан салынған төрт бұрышты субургандар, олардың биіктігі екі адымға 

жуық. Аталған қалдықтар оның ... Будда монастры екендігін дəлелдейді. 

Субургандардың осындай қалдығын құрылымның солтүстік қоршауынан да көреміз. Осы қалдықтар 

бізге Хара-балгасундағы негізгі құрылыс буддизмнің солтүстікке енгеннен кейінгі кезеңге, сонымен 

бірге көне монғол дəуіріне жататындығын айқындайды. Хара-балгасун маңайындағы ... ескерткіштер-

де ешқандай монғол жазуы жоқ. ... Қазіргі Монғолияның қасиетті тибет жазуы да мүлдем кездеспейді. 

Егер де Хара-балгасундағы құрылыс буддалық, анығынан айтқанда көне буддалық, Құбылайға дейінгі 

кезеңге жататын болса, оның Монғолияға Тибет арқылы келгендігін жорамалдауға болады. 

... жердің көшпенді, жартылай көшпенді халыққа деген тартымдылығы сондай, мұнда əр мерзімде 

Қытайға жорық жасаған əртүрлі халықтардың жартылай отырықшы тұрғындары орналасқан болар, ...

Академик Радлов -үлкен үйінді көне Холин қалдықтары негізінде монғолдар салған сарайдың орны 

деген  жорамал  айтады.  Оның  қалдықтары  дəлелдей  түсетініндей,  субургандардың  бізге  жеткендері 

өзінің негізі қаланғаннан кейін бұл сарай монастрға айналдырылған. Одан кейінгі қаланың қорғандарын 

бұзу маған ол ең аз болғанда екі рет қайтадан жаңартылған деген тұжырымға əкеледі. Нəтижесінде, 

менің  түсінігімше,  бізүш  кезеңнің  ескерткіші:  көне  ұйғыр  жəне  неғұрлым  жаңамонғолдық  жазба 

арқылы қатынаста əзірге ұйғыр əліппесін пайдаланған соңғы монғол жəне одан кейінгі субургандар 

мен будда монастрлары салына бастаған мерзімдегі монғол ескерткішіне тап болдық. 

... Орхоннан жоғары қарай Хара-балгасуннан 15 шақырым қашықтықтағы оған кіші өзенше құятын 

өзеннің  сол  жағалауындағы  жатқан  тас,  ойылған  дөңгелек  тас  жəне  жерге  көмілген  жоғары  жағы 

сүйірленген тасты кездестірдім. Оларда үлкен жəне анық қытай жазуы бар. ... Маған Ядринцев мырза 

өзінің бірінші экспедициясында аталған жазудың көшірмесін алғандығын жеткізді» [1.51,52,58,59].

Одан ары Балгасун на Ханын голь аймағына сапарын жалғастырған Д. Клеменц бұл өңірдегі көне 

ескерткіштерге де талдау жасаған. Оның жазуынша: «... 1891 жылы мен анықтаған молалық ескерткі-

штер мен жазулардан белгілі болатынындай, бұл жерде тас бейнелер мен түріктік жерлеу орындары 

(екінші Ихе-Ханынь-Нор көлінің солтүстігінің аяқ жағы мен Дзунь-Модо-дын-две өзені аңғары) кез-

деседі. 


Хара-Балгасунь  сияқты  Ханын-голдың  үйіндісі  бұрынғы  едəуір  көлемді  қоныстар,  қалалар 

болғандығын (дəлелдейді,-Ғ.Қ.).

... Ханын–голдағы тұрақтардың көлемі шағын болғанымен, ондағы құрылыстар күрделі, негізді.

... Аталған қалдықтар жанындағы əртүрлі жазулар мен тас белгілері бар молалар бізді олардың көне 

орхондықпен бірдей екендігіне тұжырым жасауға мəжбүр етеді» [1.66,68].

Тери-нордағы қалдықтар туралы сипаттама бере келе ғалым:«Теринор, одан Хакем ағып шығатын 

Енисейдің солтүстік шыңы жағындағы альпілік көл.

Тери-нордың оңтүстік батысында жатқан күреннің шығыс, солтүстік-шығысына 3 шақырым жерде 

толығымен ... қамыс өскен жазық арал бар. ... Осы аралда жергілікті тұрғындар Хунь-Тайджидің са-

райы деп атайтын құрылыс қалдығы кездеседі. 

Қалдықтар  биік  балшықтан  жасалынып,  қорғандар  қоршаған  құрылыс  орындарынан  тұрады. 

Қабырғалары  оңтүстік-батыстан  солтүстік-батысқа  созылған  төрт  бұрыштан  салынған.  Олардың 

ұзындығы 139, қысқасы 89 адымды құрайды. 

... Хара-балгасундағы биік мұнара экспедиция басшысының тұжырымынша Мүңке хан 1256 жылы 

салдырған пагоданың қалдығы. 

...Урунхай  жеріндегі  бізге  белгілі  құрылыс  ескерткіштері  тайгадағы  ашық  жерлерге  орналасқан, 

оны монғолдар, қытайлықтар, тіпті қидандар мен джурджендер де емес, көне Қарақорымды негіздеу-

шілер немесе сол аталған, мүмкін оған туыстас халықтар салды деген тұжырым жасауға болады.

Айта  кететін  мəселе,  бұл  қалдықтар  орыстарға  ертеден  белгілі  болған:  олар  Ремезовтың  бел-

гілі  атласында  аталып  өтеді,  онда  жазылғанындай,  Тери-нор  көлінде  екі  қабырғасы  барқаланың 

қалдығы  кездеседі» [1.69,70,71,72]. Яғни  Д.  Клеменцтің  келесі  шығармасында  баяндалатынындай: 

« ... Орыстардың Сібірдің адамдары мен оған жақын аудандартуралы мəліметтерінің молдығына бояр 

баласы  Ремезовтың  атласы  куə.  Біз  одан  Енисейдің  шыңдарының  бірі  Ха-кеннің  бастаулары,  соны-

мен  қатар  оның  аралығындағы  таңқаларлық  құрылыс  қалдықтары  сақталған  Тери-нор  көлін  көре-

міз ...» [2]. 


130

«... Егер де Орхон мен Ханын-гол аңғары табиғаты əсем болғанымен, олардың жері Кемшік пен 

Улукем (Монғолиядағы өзендер,-Ғ.Қ.) жерінің өнімділігіне, көлеміне теңесе алмайды. 

Аталған өзендердің жағалауында ұзындығы 500 шақырымғадейінгі аса құнарлы жайылымдық пен 

егіншілікке қолайлы жер бар. Даладан оңтүстігінде биік таулар арқылы бөлінген бұл аймақ қолайлы 

жағдайларда дербес мəдениеттің орталығы болар еді. Олар нақтылығында (болашақта,-Ғ.Қ.) Минусинск 

округі жəне Алтаймен бірге осындай мəдениетті негіздей алды. 

... Минусинск округі мен Урянхай жері қазіргі мерзімге дейінгі мəліметтердің ең молын (руникалық 

жазбалар,-Ғ.Қ.) берді.

Кемшіктің  сол  сағасы  Аксук  өзені  жағалауында  төрт  қырлы  балшықтан  жасалған  қабырға  бар, 

қабырғаларының биіктігі 2,5 адымнан.

«Солтүстік-батыс Монғолия очерктерінде»Потанин мырза Хакемнің сағасы Брень өзенінде жазулы 

тас бар деген мəлімет береді. 

... Урянхай жерінің оңтүстік-батыс бөлігі аз зерттелген, онда кездесетін тас бейнелерге, олардағы 

руникалық жазуларға орай Кемшік өзенінің жоғары ағысы, оның салалары, сонымен қатар Сайлюгем 

жəне Танну жоталары, осылармен бірге Кемшік пен Таннудың қос жоталары зерттеуді қажет етеді ...» 

– [1.73,74],деген тұжырымдама жасайды.

Тау инженері А.Козыревтың “Раскопка кургана в урочище Кара Агаш Акмолинского уезда» [3] де-

ген ғылыми-шолу жазбасында Қазақстанның солтүстік-шығыс өңіріндегі ерте заманнан орта ғасырлар 

мерзіміне  дейінгі  көне  құрылыс  орындарына  сипаттама  берілген.  Атап  айтқанда  оның  жазуынша: 

«Ақмола  облысына  гидрологиялық  зерттеулер  жүргізу  кезінде  маған  облыстың  оңтүстік-шығыс 

жағына орналасқан Ақмола уезінде бірнеше рет болуыма тура келді. Өзімнің көптеген сапарларымда 

уездің барлық аймақтарына шашырап орналасқан көне қорғандардың молдығына таң қалдым. Əсіресе 

олар Ишим (Есіл,-Ғ.Қ.) өзенінің сол жағалауынан басталатын оңтүстік өңірінде бай. Мұнда жеке жəне 

топтасқан қорғандар кездеседі. Жоталардың басым көпшілігі осы қорғандармен аяқталады. Қорғандар 

сүйір бұрышты, немесе төрт бұрышты, кейде көпбұрышты пирамида ретінде кездеседі. Олардың басым 

бөлігі таспен қапталған, кей жерлерде топырақ болып үйілген қорғандар да бар. Қорғандардың биіктігі 

1,5 метрден ... . Қорғандардың белгілі бөлігінің төменгі жағы шығыс жағынан басталатын орлармен 

қоршалған. Кейбір қорғандар тас мүсіндермен безендірілген, алайда соңғылары өте сирек кездеседі. 

Бұл қорғандардың көпшілігінде бағалы ескерткіштердің бар екендігі белгілі. 

... Көптеген қорғандар ашылып, тоналған. Осы жерлердегі қорғандарды тонау көне дəуірден бастау 

алады» [3. 28].

«Аталған  байлықты  мүмкіндігінше  сақтап  қалу,  одан  ары,-  жəне  императорлық  археологиялық 

комиссияға ұсыну үшін,- деп көрсетеді Козырев,-мен жергілікті əкімшілікті хабардар ете отыра ... өз 

көмекшім Н.М.Петровскиймен бірге Қара ағаш аңғарында бірнеше қорғанды қазуға шешім қабылдадым. 

...  Гидрогеологиялық  іздестіру  жұмыстары  аяқталғаннан  кейін 1904 жылдың  қыркүйегінің  ортасы-

нан біз қазба жұмыстарына кірістік. Алайда өкінішке орай аяздың жылдам түсуі жəне қырғыздардың 

оңтүстікке, Сарысу, Шу өзендеріне көшуі біздің жұмыстарымызды тоқтатып қойды. Бір ғана қорғанды 

қазуға мəжбүр болдық, ал осы қорғаннан табылғандар біздің пікіріміз бойынша үлкен маңызға ие. 

Киевск  қонысының  жанында  көптеген  ескі  қырғыз  молалары,  ал  Жуан  төбе  биіктігінде  көне 

қорғандар бар. 

... Ивановск кентінен осы жердегі көлдер маңайында жаз бойы қырғыз ауылдары арқылы өтуге тура 

келеді. Ивановскіден 1,5 шақырым жердегі ... өткел арқылы жол Нұра өзенін кесіп өтеді, Нұраның оң 

жағалауындағы осы өткелдің маңайында жекелеген биіктіктерінде шым басқан қорғандар айқындалатын 

шағын Кертенті тау жоталары көрінеді.

...Таныке тауының ең биік жотасы Қара обада биіктігі 5,5 қадамға жететін қорған бар. Уақыт өте 

келе оны шым басқан. Таныке мен Қара ағаш аралығындағы жерлерде көлемі 2 ден 15 қадамға,биіктігі1 

қадамнан 4,5 қадамға дейін жететін көптеген үлкен, кіші қорғандар кездеседі. Орнын шашылған тастар 

ғана білдіретін жермен теңескен қорғандар да орын алған» [3.28,29].

Зерттеуші көрсетілген шығармасында аталған өлкедегі ерте заманғы тұрғындардың еңбек құрал-

жабдықтарының  табылғандығына  да  тоқтайды.  Оның  осы  тұрғыдағы  көрсетуінше: «Ақмола  уезі 

территориясындағы  алғашқы  қауым  адамдарының  тас  еңбек  заттары  жəне  металлдан  жасалған 

қарапайым  еңбек  құралдарының  ескерткіштері  осы  уақытқа  дейін  табылған  жоқ.  Алайда ... көрші 

аймақтарда,  атап  айтқанда  Ертіс  өзені  аңғары  жəне  солтүстікте,  Көкшетау  уезінде  дамудың  мəдени 

салтына енді түскен халыққа тиесілі тас балғалар, садақтың ұштары табылды. 

Көкшетау уезіндегі Азанбай өңіріндегі Қотыркөл станицасы жанынан алтын іздеу барысында тұтас 



131

кварцтан тұратын алтын алуға арналған ... еңбек заттары табылды. Бұл заттар мəдени дамуы жағынан 

неғұрлым жоғары болған тайпаларға жатады. Бұл халықты қазіргі тұрғындар «чуд» деп атайды. 

Ақмола уезінің осы өңірінде аталған халық тас мүсіндермен безендіріген көптеген қорғандар жəне 

де кейін өлкеде тау-кен өндірісі қалыптасқан «Чуд кен орындары» деп аталатын көптеген ескерткіштер 

қалдырды., Əсіресе осындай кен орында ры көрші Қарқаралы уезіндегі Қарағаш маңайынан 200-250 

шақырым жерде молынан кездеседі» [3.30].

А.  Козырев  аталған  зерттеуінде  нақты  деректерге  сүйене  отыра  Қазақстанның  солтүстік-шығыс 

аймағын  мекен  еткен  халықтардың  тарихына  талдау  береді.  Оның  жазуынша: «... Қаралып  отырған 

облыс (Ақмола облысы,-Ғ.Қ.) асуы қиын үлкен тау етектерінде өздерінің барлық отарларымен көшіп 

жүрген  көшпенділер  өтетін  Арал-Каспий  жазығына  қосыла  отыра  Еуропаға  аттанатын  үлкен  үш 

қақпаға таяу орналасқан аймақ. 

Осындай қақпалардың бірі Жетісу Алтайы мен Тарбағатай аралығындағы Алакөл көлін қоршаған 

...Есіл даласына жол ашты.Христос дүниеге келген І ғасырда мұнда б.з.д. ІІ ғасырдың соңында ғұндарға 

орын берген үйсін халқы ме кен етті. Одан кейінгі Ү-ҮІІІ ғасырларда мұнда əр түрлі түркі тайпала-

ры:  кейін  (ІХ-ХІІ  ғғ.)  дулат,  керей,  алшын,  қыпшақ,  найман,  арғын,  т.б.  мекендеді,  Шыңғысханның 

жорығынан  соң  аталған  түркі  тайпалары  монғолдарға  қосылып,  екі  тайпа-наймандар  мен  арғындар 

Шыңғысханның екінші ұлы Шағатайдың ұлысының құрамына енді. 

ХІV ғасырда олардың жайылымдықтары Сарысу жəне Нұра өзендеріне дейін жетті. Аталған ұлыс 

тарағаннан кейін ХV ғасырда тарих сахнасына кейін қырғыздардың Орта жүзінің құрамына енген түркі 

тайпалары шығып, олардың(мекен еткен қоныстарының қалдығы, - Ғ.Қ.) бұл жерлерде қазіргі күнге 

дейін бар» [3.30].

“Бірнеше батыс монғол тайпалары одағының өкілдері: (жоңғарлар, торға уыттар, хошоуттар жəне 

дербеттер)  қалмақтар 1618 жылы  Хо-урлюктің  басшылығымен, - деп  жазады  одан  ары  А.Козырев,- 

Шығыс  Монғолияда  орын  алған  бақталастық  пен  күрес  нəтижесінде  Жоңғарияны  тастап,  солтүстік 

батысқа  кетті.  Олар  Іле  өзені  аңғарымен  жүре  отыра  Балхаш  көлін  солтүстік-батысынан  айналып 

өтіп,  Сарысу,  Нұра,  Ишим  (Есіл,-Ғ.Қ.),  даласы  арқылы  Тоболскіге  дейін  жетуі  мүмкін.  Осындағы 

бөлшектенген  қалмақ  ордаларын  жинай  отыра,  олар 1630 жылы  Еділ  жағалауында  пайда  болады. 

...  Яғни, 33000 үйден  тұратын  үлкен  қалмақ  Ордасы (160 мың  адам) 1771 жылы  Еділден  қайтадан 

Жоңғарияға  жылжыды.  Олар  Орал,  Торғай  облысы  жəне  Ақмола  облысының  Атбасар  уезі  арқылы 

өтті.  Мұнда  қалмақтар  қырғыздардың  Орта  жүзінен  қатты  қарсылық  кездестіріп,  Балхаш  көлінің 

оңтүстігіндегі құмды бос далаға жылжып, осында олардың көпшілігі аштық пен шөлден қырылды, тек 

70000 Қытай иелігіне жетті» [3.30-31].

Яғни  осы  арқылы  автор  ХVІІІ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақ-жоңғар  қатынасының  та-

рихына тоқтаған.«... 1730 жылы Кіші жүздің сұлтаны Əбілхайыр орыс иелігіне өтті. Осы мерзімнен 

ХІХ ғасырдың үшінші ширегіне дейін Қытай жеріне кеткен наймандар мен керейлерден басқа барлық 

қырғыз  ру лары  біртіндеп  орыс  иелігін  мойындады» [3.31], - деген  мəліметтері  арқылы  қазақ-орыс 

қатынастарын да көтереді.

А.  Козырев  келесі  сипаттамасында: «... 2,8 метрлік  қорғанның  ортасының  қабырға  бөліктерінен 

айырмашылығы  бар.  Ол  тастан  қаланып,  қара  құм  төселген. ... Қазу  кезінде 0,90 метрден  құммен 

араласқан  қайыңның  көмірі  табылды.  Осы  қабаттың  астында  батыстан  шығысқа  қарай  орналасқан 

биіктігі 0,71 метр тас балбал кездесті. Одан ары қарай 1,70 метр тереңдікте оның ішінде шіріген ағаш 

бар ұзындығы 1 метр тас жəшікті кездестірдік. ... Осы жəшіктің ішінен барлық белгілеріне орай əйел 

адамның  сүйегі  табылды. ... адамның  сүйегімен  қатар  толық  емес  жылқының  сүйегі  де  бар.  Мыс 

араластырылған алтын əшекей кигізілген. Безендірудің мыс бөлігіне мыс доғалар мен жұқа алтыннан 

жасалған əшекей заттар орналастырылған. Салпыншақтар саны - 15.

Бас сүйек жанынан төмендегідей безендірулер табылды:

1. Екі жағы қайырылған доға іспеттес ұзын таяқша, ұзындығы 0,88 м, көлденеңі 4Х14 мм, таяқшаның 

өн бойы алтын қаңылтырмен қапталған, арасындағы ұяларына тастар орналастырылған.

2. Екі алтын сырға, ұзындығы 33 мм, көлденеңі 26 мм. Сырғаның негізі жоғарыдан төмен қарай 

алтын қаңылтырмен қапталған. Бір жағы тегіс, келесі жағы дөңес. ...

3. Алтын жалатылған қаңылтыр, жоғары жалпақ жағында екі, үш қатармен ұяға бекітілген алтын 

тастар. ... Осы заттардың барлығы шеберлікпен, əдемілікпен жасалған.

5. Сүйектің белдеуінде əр көлемдегі 16 янтардан жасалған көлемі əр түрлі 12-ден 20 мм-ге дейін 

жəне қалыңдығы 5-тен 8 мм-ге дейін белбеу бар,белбеудің ортасы тесіп жасалған. ... 

6. Шыныдан жасалған тостаған, биіктігі 0,16 м, төменгі жағы тарылған. 

... Бұл қорған, қай тайпадан немесе халықтан қалған?


132

... Қорған осындай ескерткіш қалдырғандықтан да көне халыққа тиесілі болуы мүмкін. Бұған қорған 

құрылысының неғұрлым жаңа бөлігі дəлел бола алады. Оны кейін мола ретінде пайдаланылған. Жерлеу 

салтының заттары оның мөлшермен Христос туғаннан кейінгі ІХ ғасыр немесе одан да кейінгі кезең 

екендігін дəлелдейді. Қайтыс болған əйел түркі тайпаларына жатуы мүмкін” [3.31,32,33,34,35,36], - де-

ген талдау жасайды.

Батыс  Сібір,  Алтай  өңіріндегі  көне  жазбалар  мен  ескерткіштер  туралы  деректерді  Г.Спасский 

шығарып келген «Сибирский Вестник” журналының 1818 жылғы санының бірінші бөліміндегі [4.1-

19]  мəліметтерден  алуға  болады.  Онда: “Халықтар  жоғалып,  олардың  өткені  тарихқа  айналады. 

Халықтардың  өмір  сүргендігін  осы  күнге  дейін  сақталып  келе  жатқан  ескерткіштер  арқылы  білуге 

болады. Олар (ескерткіштер,-Ғ.Қ.) Сібірдің əр жерлеріне орналасқан. Үлкен бөлігі сызбалар мен жа-

зулардан, қорғандардан, молалардан, құрылыстары қираған əскери қамалдардың қалдықтарынан, “чуд 

қазындылары” деп аталатын тау жұмыстарының орындарынан тұрады. Алайда олардың ішіндегі ең 

маңыздысы – өзен  жағалауындағы  таулы  жартастарға,  мола  тастарына,  тағы  да  басқа  жерлерге  сол 

халықтың жоғары дəрежедегі мəдениетін көрсететін бояумен жазылған жазулар болып табылады.

“... Томск қаласының жоғары жағындағы Томи өзені жағалауындағы жазба тас осындай маңызға ие 

болады. Аталған тас немесе жартас жасыл түсті сланецтен тұрады, биіктігі 10 қадамға дейін cозылған. 

Жазу оның жайпақ жазық жағында, төменгі жағынан 6 қадамға дейінгі жерге орналасқан”.[4.6-7] 

“Өзге  тасқа  ойылып  жазылған  бейнелер  молаларға  қойылған.  Олар  атап  айтқанда: 1. Енисей 

өзенінің солтүстік немесе батыс жағалауындағы Саян острогынан 8 шақырым жерде. 2. Үйбет өзені 

аңғарының 15 шақырым жерінде. ... 5. Енисей өзеніне Туба өзені құятын жерінде; 6-Қамысты өзенінің 

оң жағалауында. ... Профессор Герхард Тихсеннің пікірі бойынша оның барлығы бір халыққа тиесілі, 

сонымен бірге цельт немесе готикалық жазуларға ұқсас. [4.12]

“...Қабылданған  ереже  бойынша  Сібір  жазбаларының  маңызын  олардың  қарапайымдылығымен 

бағалайды. (Осындай  жазбалардың  бірі,-Ғ.Қ.)  Өскемен  қамалынан 45 шақырым  жердегі  Ертіске 

құятын Смолянка өзеніне дейінгі 1 шақырым жартастағы ... жазбалар қызыл бояумен жазылған. Оның 

ешқандай əріптермен ұқсастығы жоқ”[4.14-15]. 

(Жазбалардың  келесі  түрі,-Ғ.Қ.)  Бұқтырма  қамалынан 12 шақырым  жердегі  Бұқтырма  өзенінің 

Ертіске құяр жеріндегі оң жағалауындағы үңгірде. Осындағы барлық жазулар жоғарыдан төмен жəне 

монғол жəне маньчжур жазулары сияқты оңнан солға қарай жазылған, 2-ден əріптері дөрекі жазылып, 

монғол  жəне  татарлардікімен  аралас. ... 4-тен  ең  шебер  аудармашылардың  тұжырымынша  олардың 

үлкен бөлігі татар тілінде жазылған. 

Бұқтырма үңгіріндегі жазулардың көшірмесі 1805 жылы алынып, одан кейін қаскөйдің əрекетінен 

бұзылған” [4.3-4,6-7,11-12, 15,16,17,18], - деген анықтамалар бар. 

Орталық  Монғолия  даласындағы  көне  жазбалар  туралы  мəліметтерді  осы  өңірде  ХІХ  ғасырдың 

соңында болған швед зерттеушісі С. Гедин де баяндайды. Оның жазуынша: «30 қыркүйек. ... Асудан 

шығысқа қарай шөп молынан өскен едəуір ауқымды, ортасынан өзен ағып өтетін аңғар басталады. 

Өзеннің сол жағалауында алыстан қара зат көрінді. ... Біз оған жақындап, осындай тағы далада ... 

қасиетті орынды бейнелейтін (тастарға,-Ғ.Қ.) кездестік. Аталған тастар бір-біріне сүйендірілген, жазу-

лармен толтырылған жалпақ тастар тобынан тұрды” [5. 309].

Жоғарыдағы  баяндалған  мəліметтерден  шығатын  қорытынды - Қазақстанның  шығысынан 

Монғолияның  орталығына  дейінгі  кең  аймақтарда  орта  ғасырларда  негізделген  əртүрлі  қорғандар, 

құрылыс орындарының қалдықтары, тасқа жазылған жазулар, безендіру заттары мол жерлеу орында-

ры осы өңірлерде сол уақытта өзара байланысты бай, біртұтас мəдениеттің бол ғандығын дəлелдейді. 

Яғни бұл ескерткіштер аталған өңірлерде өмір сүріп, шаруашылықтың барлық түрлерімен айналыса 

отыра осындай бай мұра қалдырған ерте тайпа бірлестіктері мен олардың ұрпақтары түріктердің билік 

заманына сай екендігіне ешқандай күмəн келтірмейді. 

Осы тұрғыдан алғанда халқымыздың ерте жəне орта ғасырлық кезеңінің тарихын нақты деректер 

арқылы  жариялаған  жоғарыдағы  сараланған  шығармалардың  ғылыми  маңызының  зор  екендігі  бел-

гілі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет