Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғылым комитеті ш. Ш. УƏлиханов атындағы тарих жəне этнология институты



Pdf көрінісі
бет21/61
Дата03.03.2017
өлшемі4,5 Mb.
#5474
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61

Əдебиеттер

1. Сборник трудов Орхонской экспедиции. ІІ Археологический дневник поездки вСреднюю Монголию в 1891 

году. Д.Клеменц. - Спб.,1895. - С.76.

2. Сибирь, ея современное состояние и ея нужды.–Сборник статей под редакциейИ.С.Мельника «Население 

Сибири: Д. Клеменца». -Спб., 1908. - С.41.

3. Козырев А.Раскопка кургана в урочище Кара Агач Акмолинского уезда.-(примерно Спб.,1905- Ғ.Қ.). -С.28-36.



133

4. //Сибирский Вестник, издаваемый Григорьем Спасским 1818 года. Часть первая. “Древности Сибири”. - 

Спб., 1818. - С.1-19. 

5. В сердце Азии. Памир-Тибет-Восточный Туркестан. Путешествие Свена Гедина в 1893-1897 годах. Перевод 

с шведского А и П Ганзень, разрешением автора. - Том-ІІ. - Спб., 1899. – 309 с.

МҰХАТОВА О.Х.

т.ғ.д., проф., 

əл-Фараби ат. ҚазҰУ

ОТАНДЫҚ ТАРИХ ТӨЛ АУЫЗША ТАРИХ АЙТУ 

ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША ЖАЗЫЛУЫ ТИІС

«Біз тарих əлемінде бұрын-соңды кездеспеген түрлі ұлттардан кескінсіз ұлтсыз дүбəра өсіруге шы-

нымен-ақ  əрекет  жасалған  қоғамнан  шықтық.  Біз  мемлекеттік  емес  ақпарат  құралдары  деген  ұғым 

халық жауы деген ұғымға барабар сналатын қоғамнан шықтық. Біз өкіметті сынаудың ақыры, айналып 

келгенде, абақтымен немесе ақылы ауысқандар үəімен аяқталатын қоғамнан шықтық. Біз ақиқатқа бір 

өзінің дара құқығы бар жалғыз ғана партия билік еткен қоғамнан шықтық. ... біздің осы уақыт ішінде 

ғасырға барабар жолдан өткеніміз анық, ендеше ертеңгі күні, дəннің қауызынан аршылып алынаты-

нына  еш  күмəн  жоқ», - деп  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 2000 жылдың 25 қазанындағы  Қазақстан 

халқына арналған Жолдауында айқан еді. Шын мəнінде де дəн қауызынан аршылып, Қазақстан «ортақ 

күш-жігер жұмсауымыздың арқасында ел танымастай өзгеріп, өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерек-

шеліктер мен өзіндік ұстанымдары бар табысты мемлекетке» айналды. Ең бастысы тəуелсіз елді əлем 

мойындап, ол «кеңестен кейінгі кезеңдегі күллі кеңістікте ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен, осы Ұйымның 

саммитін өткізген жəне ғаламдық ауқымдағы іс-шара ЭКСПО – 2017-ні өзінде өткізетін бірінші ел». 

Қазақстан ядролық қару таратпайтын жəне оны ұстамайтын елге айналды. Қазақстан Республикасы 

Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік, Азиялық, Еуропалық жəне Ислам даму банктері тəрізді бе-

делді мекемелер, ұйымдармен тығыз байланыс орнатып, оны жетілдіріп келеді. Осылайша Қазақстан 

Еуразия аймағындағы ең тұрақты жəне қауіпсіз мемлекет ретінде өмір сүріп келеді [1]. Алайда өз елінің 

тарихын жазуда енжарлық танылып келеді. Қазақстан тарихы кеңестік кезеңдегі тəрізді бес томдық 

көлемнен аспай отыр. Кеңестік кезеңде «аға ұлттың» тарихын жазуға басымдылық берілді деп, орын 

алған жағдайдың себебін түсіндіруге тырыссақ, тəуелсіздік тізгіні өз қолымызға тиіп, өз қолымыз өз 

ауызымызға жеткен тұста «пышақтың қырындай ғана жұқа» тарихымызды жуандатуға құлық таны-

тпай келеміз. Елбасы кемшін тұстарды айтып, алдағы тұрған белестерді көрсетпейінше өз бетімізше 

əрекет етуге жасқанамыз. Əлемнің өз ұлтының мүддесін жоғары қоятын елдері төл тарихтарын отыз, 

қырық том етіп ХІХ ғасырдың өзінде жазып, жариялап қойған. Ең жақын орыс елінің өзі тарихын мем-

лекеттік тұрғыда зерттеп, «История государства Российского» деп айдарлап, ХІХ ғасырда – ақ баршаға 

паш еткен. Кейбір елдер мəдени мұрасын сақтап, соның негізінде өткенін жазып, кемел келешекке ша-

шау шығармай қалдырып келеді. Ата-бабасынан қалған рухани мұраны көзінің қарашығындай сақтап, 

күтіп,  қажетіне  жаратып  отырған  елдің  мұратына  жететініне  тарих  куə. «Олжалы  жерде  үлестен 

қағылғанымыз,  ордалы  жерде  орыннан  қағылғанымыз,  жоралы  жерде  жолдан  қағылып» [2] жүрген 

жалғыз біз ғана. 

Жалпы қазақ халқының ата-бабасы барлық рухани мұрасын хатқа қондырып, ұрпағына тау-тау етіп, 

құжат жинап, мұрағат ашпаса да ауызша тарихтан мол деректерді қалдырды. Ауызша тарих айтудың де-

рек көздері болып табылатын көптеген аңыз əңгімелер, дастандар, эпостық жырлар, толағай толғаулар, 

ертегілер, т.б. қазақ арасына кең тарап кеткен. Шежіре қылып сыр шертетін деректер бүгінгі күні 100 

томдық «Бабалар сөзі» деген атаумен шетінен жарық көріп жатыр [3]. Мұның өзі барлық ауызша тарих 

айту деректерін бір жерге жинақтап қойдық деген сөз емес. Тəуелсіздікке қол жеткізген қазақ халқы 

өзінің  бары  мен  жоғын,  жоғалтқаны  мен  рухани  мұрасындағы  байлығын  түгендеуде  ауызша  тарих 

айту  дəстүрін – шежіреге  үлкен  мəн  беріп  келе  жатқаны  белгілі.  Осы  бағытта  көптеген  шежірелер 

жазылып, жарық көріп, ұрпақ өзінің жеті атасын тану үстінде. Бұл үрдістің орын алып жалғасқанына 

біраз  уақыт  болды,  ары  қарай  жалғаса  берері  сөзсіз.  Алайда,  біз  шежірені  жеті  атаны  тану,  бабала-

рымызды  тарқату  деп  түсінсек,  онда  тарихымызды  шектегеніміз.  Шежіре  тек  аталардың  аты-жөнін 

білу ғана емес сол тұлғалардың тарихтағы орнын, атқарған істерін, қоғамдағы рөлін айқындау денегді 

білдіреді. Ауызша тарих айтудың дəстүрі, яғни тарихи білім шежіре арқылы қалыптасты. Шежіренің 

тарихи дерек ретіндегі де маңызы зор. ХІХ ғасырдың екінші ширегінен бастап, орыс зерттеушілерінің 



134

ықпалымен  қазақ  шежіресінің  көптеген  нұсқалары  жинақталды.  Шежіренің  мəліметтерін  орыстың 

шығыстанушы ғалымдары этникалық тарихтың басты дерегі ретінде қарастырып, қазақ ру-тайпала-

рына, олардың таңбаларына, əлеуметтік құрылымдарына қатысты зерттеулерге кеңінен пайдаланған. 

Мəселен,  А.И.  Левшин  шежіре  аңыз-əңгімелерін  тарихи  дерек  ретінде  қолдана  отырып,  халықтың 

шығу тарихына көбірек пайдаланды. Н.Ф. Костылецкий бірнеше жылдар бойы қазақтың халық эпо-

сын зерттеумен шұғылданып, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасының ежелгі нұсқасын орыс тіліне 

аударды. Түркістан əскери округінің қолбасшысы Н.И. Гродеков «Сырдария облысының қырғыздары 

мен қара-қырғыздары» атты еңбегін этнографиялық мəліметтер, тарихи аңыздар, батырлық дастандар, 

халықтың ырым-жоралары, ертегілер мен жұмбақтар, мақал-мəтелдер негізінде жазып шыққан.

Ұлт  зиялылары  шежірені  жазба  түрінде  жинақтап,  кеңірек  зерттеулер  жүргізген.  Шəкəрім 

«Түрік, қырғыз-қазақ һəм хандар шежіресі» атты еңбегінде даланың ауызша тарих айту дəстүрінен, 

халқымыздың ғасырлар бойы ауызша айтылып келе жатқан аңыз-əңгімелерінен көптеген мəліметтер 

келтірілген [4]. Ш.  Құдайбердіұлы  бұл  еңбегінде  түркі  елдерінің  ата-тегін  əңгімелей  отырып,  қазақ 

халқының шежіресіне кеңінен тоқталып, тарих түкпірінен ой екшейді. Шəкəрімнің бұл еңбегінің ере-

кшелігі сол – шығарма өзіне дейін халқымыздың ата-тегі жайлы ауызша айтылып келген шежірелер-

ді бір жүйеге түсіріп, хронологиялық тəртіппен арнайы түрде баяндап берген. Мəшһүр Жүсіп өзінің 

еңбектерін жазуда дəстүрлі шежіреші қариялардың деректеріне сүйенген [5]. Ол жыр-дастандар, тари-

хи əңгімелер, айтыстар, шежірелер жинап, «Көрұғлы», «Ер Көкше», «Ер Сайын» дастандарын хатқа 

түсірген. Бұқар жырау, Үмбетей, Шернияз, Көтеш, Шөже ақындардың өлеңдерін, жыр-толғауларын ел 

аузынан жазып алып, Абылай хан, Төле би, Қаздауысты Қазыбек, Қабанбай, Бөгенбай, шанышқылы 

Бердіқожа, Ұлбике, Шернияз туралы тарихи тұлғалар туралы сөз қозғады. Ауызша тарих айту тура-

сында Мəшһүр Жүсіп өзінен кейін мол мұра қалдырды. Ер Көкше мен Ер Қосай жырын зерттегенде 

халық шежіресін кең пайдаланған Əлкей Марғұлан батырлардың арғы аталарына тоқталып, оларды 

уақ тайпасының түп аталары деп көрсетекен [6].

Бұндай деректер Қ. Халидтің «Тауарих хамса» еңбегінде де көптеп кездеседі [7].

ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақтың  ұлт-азаттық  қозғалысының  көсемі – Ə.  Бөкейханов  «Қазақ 

өлкесінің  тарихи  тағдырлары  жəне  оның  мəдени  жетістіктері»  атты  еңбегінде  Кенесары  Қасымұлы 

бастаған  ұлт-азаттық  қозғалыс  туралы  өз  пікірін  білдіретін  тұсында  ел  арасына  кеңінен  танымал 

«Кенесары-Наурызбай»  жырын  пайдаланғаны  анық  байқалады [8]. М.  Тынышпаев  өзінің  «Қырғыз 

қайсақ халқының тарихы жөніндегі материалдар» деген еңбегінде қазақ жүздерінің этникалық құрамы, 

қазақтардың шыққан тегі туралы аңыз-əңгімелерді, қазақ руларының таңбалары мен ұрандарын əрбір 

тайпаның тарихын сипаттау үшін тарихи материал ретінде іріктеп алған [9].

Е.  Бекмаханов  қазақ  фольклорын  тарихи  дерек  ретінде  пайдаланып,  оның  маңыздылығын  атап 

көрсетті [10.]. Дегенмен  кеңестік  тарихшы-зерттеушілер  шежірені  тікелей  тарихи  дереккөзі  ретінде 

талдап,  ғылыми  айналымға  түсіре  бермеді,  өйткені  халықтың  түп  тамыры  туралы  мəлімет  беретін 

дəйектер ұлтшылдықпен байланыстырылды, кеңестік билік оған феодалдық ақсүйектер тобының та-

рихы ретінде қарады. Нəтижесінде шежірені жəне өзге де ауызша тарих айту деректерін пайдаланып, 

ұлттық мүддеде тұжырым жасаған ғалымдар қудаланып, қысым жасалды. Мəселен, Е. Бекмаханов 25 

жылға темір торға тоғытылса, Ə. Марғұлан филология жəне этнография саласынан шеттетіліп, архе-

ологиямен айналысуға мəжбүр болды. 1950-1980 жылдары шежіретану мəселесімен Х.М. Əділгереев, 

М. Ақынжанов, В. Востров, М. Мұқанов, Х. Арғынбаев, С. Толыбеков шежіре мəліметтерін өз зертте-

улеріне негіз етіп алып, іргелі еңбектерімен отандық тарих ғылымының дамуына қомақты үлес қосты. 

Тарихшылардан  өзге  ауызша  тарих  айту  деректерін  əдебиетшілер  өз  еңбектеріне  негіз  етіп  алды. 

1967 жылы қазақстандық белгілі ғалым Сейіт Қасқабасов 85 жасар мұсылманша көп оқыған Əбдікерім 

Тышқанбаев  есімді  қариядан  сол  уақытқа  дейін  беймəлім  болған,  мазмұны  жағынан  Ескендір  тура-

лы аңыз-əңгімелердің үшінші нұсқасы деуге тұрарлық, хатқа түсірілмеген «Зұлқарнайын» деген ер-

тегіні  жазып  алып,  еш  өзгеріссіз  жариялаған [11]. Ескендір  жайында  көптеген  аңыз  əңгімелер,  дас-

тандар қазақ арасына кең тарап кеткен. Солардың арасында Ескендір-Зұлқарнайын туралы ертегілер 

көп. Алайда қазіргі кезде Əбдікерім тəрізді көкірегі хат қариялар жоқтың қасы. Кеңестік атеизм мен 

идеология қарияларды түп тамырынан ажыратып, ауызша тарих айту былай тұрсын өз тарихын өзіне 

бұрмалап баяндауға дағдыландырды. Бұл тарихи деректер ауыз əдебиеті деген атаумен қазақ əдебиеті 

ауқымында, ана тілінде білім алатын мектептерде ғана үстірт оқытылғаны баршаға аян. Шежірені тек 

тарихи дерек ретінде ғана емес, сонымен бірге халық ауыз əдебиеті саласының бір бөлігі ретінде зерт-

теу мəселесі де толық қолға алынбады. Бүгінде ертегі айтатын əжелер мен бата беретін аталар жоғалып 

кетті. Елдігіміз бен ерлігімізді ерен бай мұрамыз – ауызша тарих айту арқылы бекіте түскеніміз абзал.

Жаңа форматтағы, заманауи ғылыми жетістіктерді пайдаланып, дайындалатын көптомдық Қазақ-

стан  тарихы  ауызша  тарих  айту  деректерін  де  назардан  тыс  қалдырмауы  тиіс.  Ұлттық  дəстүрді 



135

басшылыққа алатын ғылыми зерттеудің өткеннен ғибрат алатын тұстары да, маңызы мен ұтымдылығы 

да басым болары сөзсіз. Себебі Ш. Уəлихановтың сөзімен айтсақ, ауызша тарих айтуда «сонау ерте 

кезден бері, халықтың есінде сақталмаған ұлы тұлғалар мен ірі оқиғалар жоқтың қасы» [12]. Ауызша 

тарих  айту  деректері  өздерінің  бойында  қазақ  халқының  дүниетанымының  жəне  тарихи  білімінің 

негізін  жинақтаған  көрсеткіш  болып  табылады,  өйткені  оларда  халықтың  күнделікті  өмірі,  тұрмыс-

салты,  əдет-ғұрыпы,  дүниетанымы,  көші-қоны,  көршілермен  қарым-қатынасы  жайлы  мəліметтерді 

сақталған.А.  Сейдімбеков: «Шежіре  құрғақ  хронология  немесе  адам  аттарының  жалаң  тізімі  емес» 

[13]  деп  атап  көрсеткен  болатын.  Ендеше  оларды  талдап,  мол  мəлімет  алып,  тарих  жазудың,  тари-

хи  шындықты  қалпына  келтірудің  өзегіне  айналдырғанымыз  жөн.  Осы  орайда  тарих  ғылымындағы 

методологиялық ұстанымдар мен əдіс-тəсілдерді, зерттеу бағыттарын пайдалана отырып, ауызша та-

рих айту деректерінің шынайылығын дəлелдей отырып, ғылыми айналымға көбірек түсіру көкейкесті 

мəселелердің бірінен саналады. Қазіргі Қазақстан тарихы, жазба деректер мен археология ғылымының 

нəтижесі  арқылы  жазылуда  үлкен  жетістіктерге  жетуде.  Десек  те  қазақ  ғылымында  жүйелі  түрде 

зерттеулер  жүргізетін  ауызша  тарих  айту  мектебінің,  оның  теориялық-методологиялық  негізінің 

қалыптаспағандығын  мойындағанамыз  жөн.  Ауызша  тарих  айту  мəселесі  көптеген  зерттеушілердің 

қызығушылығын  тудырғанымен,  оларды  ғылыми  тұрғыда  талдап,  еңбек  дайындауда  пайдала-

нып  отырғандары  саусақпен  санарлық.  Сондықтан  да  ең  алдымен  «жадты  жаңғырту»  əдісі  бойын-

ша  ұлттық  төлдеректерін  жүйелеп,  оларға  сипаттама  беріп,  əрқайсысының  мəнін  айқындау  қажет. 

Бұны пəнаралықты пайдаланып, əдебиет, философия, шешендік өнер, этнография, т.б. ғылымдардың 

көмегімен іске асыруға болады. Отан тарихын зерттеуде, жаңа тарихи зерттеу тұрғысынан келуде əлі 

күнге дейін ғылыми айналымға толықтай енгізіліп, өз бағасы мен талдауына ие бола алмай қолжазбалар 

қорында жатқан деректерге назар аудару қажет. Сол қолжазбалардағы алуан түрлі ауызша тарих айту 

деректерінің отандық тарих ғылымын дамытудағы рөлі айтарлықтай екендігі күмəн тудырмайды. Өзге 

елдер  ауызша  тарих  айту  деректері  бойынша  оларды  ауызша  тарихнама  деп  атап,  іргелі  еңбектерді 

дүниеге келтіруде. Татар тарих ғылымы да осы тұрғыда көш ілгері тұр. Мəселен, Ресейде фольклорды 

кеңінен қолдану ұлы ғалым М. В. Ломоносов кезінде бастау алған. М.В. Ломоносов фольклорды тари-

хи дерек ретінде санай отырып, одан тарихи фактіні алудың мүмкіндіктері туралы пікір танытқан. XX 

ғасырдың бас кезінде В. Ф. Миллер шежіре деректерін халықтың салт-дəстүрімен, мінез-құлқымен па-

ралель қойып, салыстыру негізінде айтулы еңбек жазған. Ауызша тарихнамалық дректерді талдаудың 

методологиясы  толық  қалыптастырылмағанмен  оларды  зерттеудің  мынадай  формуласы  орын  алған 

«ауызша тарих айту деректері - тарихи дерек - тарих- тарихшы». Аталмыш деректерді осындай бағытта 

зерттесе, олардан этимологиялық, антропологиялық, тотемдік, этногенетикалық, этногенездік, жеке-

леген тарихи тұлғалар, күнделікті тұрмыс-тіршілік, этнографиялық жəне т.б. мəліметтерді алуға бо-

лады. Сонымен қатар «тарихилық шама» категориясын зерттеу əдістерінің біріне айналдыру қажет. 

Бұл  əдіс  арқылы  ауызша  тарих  айту  деректерінің  хронологиясын  ғана  емес  шынайылық  дəрежесін 

де анықтауға мүмкіндік туады. Ауызша тарихнаманы тарихи дереккөзі ретінде талдап, оларды түрлік 

жағынан  жүйелеу  жəне  ғылыми  айналымға  ендіру  жолдарын  қарастыру  ғылым  үшін  тиімді.  Осы 

бағытта  ауызша  тарих  айту  деректерін  талдаудың  методологиясын  қалыптастыру  қажет.  Жекелеген 

елдердің тарихында ауызша тарих айту деректерінің алатын орны ерекше. Хатқа түсірген жазба дерек-

терінен гөрі ауызша тарихнамасына рухани мəдени мұра көзқарас қалыптастыратын уақыт əлдеқашан 

жетті демекпіз.



Əдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратеги-

ясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы// Егемен Қазақстан. 2012 

жыл, 15 желтоқсан.

2. Ахмет Байтұрсынов. - Ақ жол. - Алматы, 1989.

3. Бабалар сөзі. 100-томдық. - Алматы., 2009-2012.

4. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һəм хандар шежіресі. - Алматы, 1993.

5. Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы. Қазақ шежіресі. - Алматы, 1993.

6. Марғұлан Ə. Тамғалы тас жазуы // Жұлдыз. 1984. №1; Ежелгі жыр, аңыздар. - Алматы, 1964.

7. Халид Қ. Тауарих Хамса. - Алматы., 1992.

8. Бөкейханов Ə. Таңдамалышығармалары. - Алматы, 1996.

9. Тынышпаев М. Материалы по истории казакского народа. – Алматы, 1993.

10. Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. - Алматы., 1994.

11. Қасқабасов С. Ескендір туралы Абайдың “Ескендір” поэмасы // Қазақстан мектебі. - 1968. - №2. 

12. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в 5-томах. Т. 2. – А-Ата., 1985.

13. Сейдімбеков А. Шығармалары. - Астана, 2012.



136

ТҰРСҰН Х.

т.ғ.д., доцент, А. Ясауи ат. ХҚТУ

Түркістан қаласы

АЛАШ ҺƏМ ТҮРКІСТАН

Елімізде  іске  асырылған  саяси-əлеуметтік  реформалар  мəдени-рухани  өмірге  жаңа  сипат,  тың 

мазмұн  берді.  Сондай  түбірлі  өзгерістердің  отандық  тарихтағы  жасампаздық  істермен  сабақтасып 

жатқандығына көз жеткіземіз жəне ол өзгерістер бүгінгі тарих ғылымының əлеуметтік қызметіне де 

ықпал  жасай  бастады.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.  Назарбаевтың  «Тарих  дегеніміз 

өткеннің ғана сабағы емес, ол едəуір дəрежеде болашақтың да көрінісі», «қазақ тарихы фактілердің 

өлі қоймасы емес, бұл өзі орасан зор дəйектеуші жəне дəлелдеуші күш» [1, 237 б.] деген тұжырымы 

тарихи сананың жаңару үдерісінде ұлттық рухани құндылықтарымызды игерудегі түбірлі міндеттерді 

айқындайды. 

Отан тарихының мазмұнында осы кезге дейін қалыптасқан тұжырымдарды қайта қараудағы күрделі 

де түйінді зерттеу нысанының бірі - Түркістан тарихы. Бұл тақырып отандық тарихшылар тарапынан 

біршама зерттелгенімен геосаяси ерекшеліктерге сай, концептуалды тұрғыда байыпты қарастыруды 

қажет  етеді.  Ежелден  бір-бірімен  тығыз  əлеуметтік-экономикалық  ықпалдастықта  өмір  сүрген  туыс 

халықтардың жарты ғасырдан астам Түркістан генерал-губернаторлығы деген атпен Ресейдің отарлық 

билігінің саяси-əкімшілік құрылымында болуы қарама-қайшылықты мазмұнымен күрделі сипат алды. 

Қазіргі заманғы ғылыми зерттеу бағыттарының міндеттері осы күрделі тарихи құбылыстың себеп, сал-

дарлы байланыстарын, ортақ заңдылықтары мен ерекшеліктерін айқындауды қажет етеді. 

Түркістан генерал-губернаторлығы мен Түркістан кеңестік автономиялық республикасының тари-

хы  қазіргі  тəуелсіз  мемлекеттер  тарихының  құрамды  бөлігі  болғандықтан  да  мəселені  жеке  ұлттық 

мүдделер тұрғысында қарастырумен бірге оны тұтас құбылыс ретінде жалпы заңдылықтар шеңберінде 

зерттеудің  өз  артықшылықтары  бар.  Əкімшілік-территориялық  оқшаулық  жағдайында  өлкеде 

патшалық, кеңестік биліктер дəстүрлі қоғамды жаңалауымен бірге ұлттық ой-сананы бұғаулап, ұлттық 

болмысты  деформациялау  саясатын  қатар  жүргізді.  Бұл  саясат,  əсіресе,  өлкеде  мемлекеттік  билік 

құрылымдарының қалыптасуы мен ұлттық элита жүйесінің орнығуындағы кереғарлықтардан айқын 

байқалды. 

Осыған байланысты өлкеде ұлыдержавалық шовинизмге қарсы тұрған күш ретінде кең өріс алған 

түркілік  бірлік  идеясы  мен  кеңестік  тəртіптің  ұлттық-территориялық  межелеу  арқылы  ұлт  респуб-

ликаларын  құру  саясаты  да  тəуелсіздік  идеологиясы  талаптарына  сай  дəстүрлі  тұжырымдардың 

ықпалынан  арылып,  қазіргі  заманғы  əдістемелік  тұрғыда  қайта  бағалауды  қажет  етеді;  екіншіден, 

ХХ  ғасыр  басындағы  дүниежүзілік  ұлт-азаттық  қозғалыстың  аймақтық  көріністері  түрінде  пайда 

болып, даму барысында дербес саяси құбылыстарға айналған Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы мен 

Алаш қозғалыстары да қазіргі кезде тарихи ойдың қызығушылығын оятып отыр. Қазақстан мен Орта 

Азия республикалары тəуелсіздігінің бастауында тұрған бұл қозғалыстарды бірін-бірі толықтыратын 

біртұтас  ортақ  құндылықтарымен  бірге  саяси-рухани  ерекшеліктеріне  сай  дара  құбылыстар  ретінде 

қарастыру қажеттілігі айқын сезіледі. Мəселеге тың əдістемелік тəсілдер бойынша назар аударылар бол-

са тарихи танымның игілігіне айналатын соны нəтижелерге қол жеткен болар еді. Бұл қозғалыстардың 

идеялық сабақтастығы мен бағдарламалық мақсаттарының сəйкестігі үйлестіруші факторларымен бір-

ге басқарушы элита өкілдерінің саяси көзқарасы мен рухани-мəдени ұстанымдарының ортақтығынан 

туындап  жатты.  Осындай  ортақ  ұстанымдардың  негізділігі  қазіргі  кезде  Орта  Азиядағы  тəуелсіз 

мемлекеттердің интеграциялық ықпалдастығын одан əрі өрбітуге жаңа тыныс береді.

Түркістан  өлкесінде  іске  асырылған  кез-келген  модернизация  «жоғарыдан  төменге»  қарай 

бағытталғандығына  Орталықтың  эмиссарлық  органы – Түрккомиссияның  мүшесі,  алаштық 

қайраткерлерге  идеялық  қолдау  көрсеткен  Г.Сафаровтың  «Қазан  төңкерісі  Түркістанға  телеграф 

арқылы  келді»  деген  тұжырымы  мысал  болады.  Халықты  осындай  терең  əлеуметтік  күйзелістерге 

ұрындырған қоғамдық құбылыстың болмысын осының бəрін басынан өткізген басқарушы элитаның 

қызметі  арқылы  тану  қажет.  Түркістан  ұлт-азаттық  қозғалысындағы  түркілік,  мұсылмандық  бірлік 

аясында  күрес  жүргізген  ұлттық  элита  құрамындағы  қазақ,  өзбек,  қырғыз  зиялыларының  атқарған 

қызметтері əртүрлі болды. Г. Сафаров Түркістан мұхтарияты үкіметін құруда «қазан оқиғаларынан соң 

кеңеске қарсы автономиялық қозғалыстың басшылығы ұлттық буржуазиялық өзін-өзі басқару еркін 

білдірген  алдыңғы  қатарлы  зиялылардың  қолына  шоғырлануы  реакциялық-феодалдық  «Улемамен» 



137

байланысы жоқ қырғыз (қазақ деп оқыңыз - Х.Т) зиялыларының алдыңғы шепке шығуына» [2, С.119] 

алып келді деп жазды. 

Демек, өлкедегі қоғамдық-саяси үдерістерге талдау жасағанда шынайы болмысты қалпына келті-

ру үшін тың танымдық тəсілдер іздестірілуі қажет. Өйткені, тарих мазмұнын жаңалау мəселеге жаңа 

көзқарас, тың тəсіл арқылы іске асқанда ғана нəтижелі болмақ. Кеңестік қоғамда маркстік методология 

тарихи таным мен тарихи сананы өзінің табиғатынан таптық сипатта болып келеді, сондықтан да ол 

таптық тұрғыдағы дəйектілікті қажет етеді деп бағаланды. Осындай əдістемелік негізде қалыптасқан 

Алаш қозғалысының кеңестік тарихнамасын қайта қарап, осы құбылыс туралы тəуелсіз тарихи таным 

қалыптастыруда соңғы жылдары атқарылған жұмыстардың молдығына қарамастан кейбір зерттеулер-

де таптық көзқарастың ықпалынан шыға алмау сарыны байқалады. Атап айтқанда, тарихи танымда 

кері  ықпал  заңдылығы  үстемдік  алып,  кеңестік  қоғамда  ұлықталған  саяси,  əлеуметтік  құндылықтар 

тəуелсіз санада кері мазмұнда түсіндірілуде немесе бұрынғы таптық тұрғыда сынаржақ сынға алынған 

құбылыстар  əспеттеліп,  идеалға  айналдыруда.  Тарихи  зерттеулердегі  бұл  бағыт  жаңаланған  тарих 

мазмұнын біржақты сипат берері хақ. 

Түркістандағы  ұлт-азаттық  қозғалыс  тарихнамасы  мазмұны  жағынан  өте  күрделі  сипат  алуының 

себебі,  ол  өзінің  бағдарламалық  мақсаттары,  қызмет  аясы,  əлеуметтік-саяси  негізі,  тіпті  ұйымдық 

құрылымы бойынша қайталанбас ерекшеліктері мол тарихи құбылысқа айналып, аймақтық оқшаулау 

шеңберінен асып, əлемдік ұлт-азаттық қозғалыспен саяси-идеялық тұрғыда сабақтасып жатты.

Мəселенің шындығы - бұл ұлт-азаттық қозғалыстың Ресей империясы құрамында отарлық езгіге 

түскен Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тəуелсіздік жолындағы күресінің ең биік шыңы екен-

дігі. Осы мəселеге қатысты екінші бір ақиқат, бұл ұлт-азаттық қозғалыстың аймақтық сипатпен шек-

телмей, ХХ ғ. басында отарлық езгіге, империялық өктемдікке қарсы əлемдік қозғалыспен үндескен 

идеялас құбылысқа айналғандығы. 

Кеңестік  тарихнамада  осы  екі  ақиқат  бұрмаланып  келді.  Олай  болатыны,  таптық  көзқарас  ұлт-

азаттық қозғалыстың тəуелсіздік идеясына қосалқы деңгейде мəн беріп, оның əлеуметтік, таптық сипа-

тын əсіре дəріптеді. Осы себептен туындаған салдарлар екінші ақиқатты көлегейледі. Яғни, Түркістан 

ұлт-азаттық қозғалысындағы жастүріктер, жаспарсылар, жасбұхарлықтар, жəдитшілер сияқты ұлттық 

мазмұндағы идеялық ағымдар мен қозғалыстардың ықпал-əсері ресейлік саяси ағымдардың тасасында 

қалды, тіпті олар бір-біріне қарама-қарсы қойылды. 

Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы өлке халықтарының тəуелсіздік жолында ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. ба-

сында қазіргі заманғы саяси демократиялық құндылықтар мен ұстанымдар негізінде əрекет жасаған ұлт-

азаттық қозғалысының жиынтық атауы ретінде қолданылады. Қарулы жəне саяси күрес сипатындағы 

қозғалыс уақыт шегінде бірнеше кезеңдерді қамтиды:

*бірінші  кезең – ХІХ  ғ. 60 жылдарының  соңынан  ХХ  ғ.  бас  кезіне  дейінгі  аралық.  Бұл  кезеңнің 

шырқау биігі 1889 ж. Андижан көтерілісі болған тəуелсіздік үшін қарулы күрес кезеңі еді; 

*екінші кезең – 1917 ж. дейінгі аралықты қамтып, өлкеде жəдитшілік сияқты мəдени-ағартушылық 

ағымдардың  билікті  конституциялық  жолмен  өзгертуді  мақсат  етіп  қойған  саяси  күрес  тетіктерінің 

қалыптасып,  орнығуы.  Бұл  кезең 1916 ж.  Сырдария  облысындағы  ұлт-азаттық  көтеріліспен 

қортындыланады;

*үшінші кезең – 1917 ж. ақпан төңкерісінен 1918 ж. Түркістан мұхтариятының қуып, таратылуы 

жəне Түркістан кеңестік социалистік автономиясы құрылғанға дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңнің 

басты белгілері «Шурои Исламия», «Шурои Улема», «Иттифоқи муслимун» сияқты ұлттық саяси пар-

тиялар мен қозғалыстардың қоғамдық-саяси қызметі жəне Түркістан мұхтарияты (Қоқан автономиясы) 

атты ұлттық үкімет құрумен ерекшеленеді; 

1917  ж.  ақпан  төңкерісіне  дейін  Түркістан  ұлт-азаттық  қозғалысының  қалың  ортасында  жүрген 

М. Тынышбаев, М. Шоқай, С. Лапин, Ə. Оразаев, С. Ақаев, Қ. Қожықов сияқты этноэлита өкілдері 

европалық  білім  алған,  Ресейдің  демократиялық  қозғалыстарының  ықпалында  саяси  дайындықтан 

өткен тұлғалар еді. Олар 1917-1918 жж. Түркістандағы тарихи оқиғалардың алдыңғы сапында болды. 

*төртінші  кезең 1918-1924 жж.  аралығындағы  кеңестік  билікке  тартылған  ұлт  коммунистері 

Т.  Рысқұлов,  Н.  Төреқұлов,  С.  Қожанов,  С.  Асфендияров  жəне  т.б.  жергілікті  ұлт  қайраткерлерінің 

кеңестік билік құрылымының іске асырған өзгерістеріне ұлттық мазмұн беру бағытындағы күресімен 

ерекшеленеді. Бұл күрестің биігі 1920 ж. қаңтарында Ташкентте өткен Түркістан коммунистік парти-

ясы Мұсбюросының ІІІ төтенше конференциясында болашақ Түркі республикасының саяси ұйымын 

«Түркі халықтарының Коммунистік партиясы» деп атау туралы шешім қабылдау болды. 

*бесінші кезең кеңестік билікке қарсы қарулы күрес түрі ретінде мазмұндық, идеялық тұрғыда ба-



138

рынша қарама-қарсы сипат алғанымен ең бастысы ұлттық тəуелсіздікті бағдар етіп алған басмашылық 

қозғалыстың өршіп, рəміздік қана мəнге ие болған бірнеше ұлттық мемлекеттік құрылымдардың пайда 

болуымен ерекшеленеді. 

Осындай күрделі мазмұндағы Түркістан ұлт-азаттық қозғалысын Алаш қозғалысымен салыстыра 

қарастыру  барысында  оның  бірқатар  ерекшеліктеріне  көз  жеткіземіз.  Ол  ерекшеліктер,  біріншіден: 

өлке халқының полиэтникалық құрамынан туындаған саяси, рухани əралуандық түріндегі ішкі фак-

тордан,  екіншіден:  тарихи  Ресейдің  қоғамды  модернизациялауының  қарқынды  жүргізілуі  түріндегі 

сыртқы фактордан туындады. Алғашқы фактордың ықпалымен ұлт-азаттық қозғалысының идеологи-

ясын қалыптастыруда жəдитшілер басты рөл атқарды жəне тəуелсіздік идеясы төңірегінде халықтың 

мұсылмандық,  түркілік,  түркістандық  түрінде  бірігуіне  негізделді.  Ал  екінші  факторға  байланысты 

отарлық  биліктің  қоғамдық  өмірге,  экономикаға  жасаған  өзгерістері  өлке  тұрғындарының  тұрмысы 

мен санасына елеулі ықпал жасаған шовинистік сипаты арқылы ұлттық наразылықты өршіте түсті. 

Түркістан  өлкесіндегі  ұлт-азаттық  қозғалысты  Алаш  қозғалысымен  тарихи  сабақтастықта 

қарастырудың маңызы зор. Академик К.Нұрпейістің тұжырымы бойынша «Алаш» немесе «Алашор-

да» қозғалысы бірнеше құрамдас бөлімдерден тұратын күрделі ұғым. Олар, біріншіден, саяси партия 

ретіндегі Алаш, екіншіден, мемлекеттік құрылым түріндегі Алаш автономиясы, үшіншіден, осы авто-

номияны (Алаш атты қазақтың мемлекеттілігін) басқаруға тиісті болған Алаштың ордасы (Алашорда 

үкіметі)  туралы  мəселелер.  Осы  нақты  үш  мəсележиынтығы  Алаш  немесе  Алашорда  қозғалысы  де-

ген ұғымды білдіреді» [3, Б.5]. Дара құбылыс ретінде осылайша айқындалған қозғалысты Түркістан 

өлкесіндегі осыған ұқсас құбылыспен салыстырғанда оның мазмұны айқындала түседі. Түркістандағы 

ұлт-азаттық  қозғалыс  барынша  саяси  ала-құлалығымен  жəне  əлеуметтік  əртектілігімен  ерекшелен-

ді.  Түркістан  қозғалысын  өлкедегі  азаттық,  тəуелсіздік  жолындағы  күреске  ұлттық,  мұсылмандық, 

түркілік бірлік идеясы негізінде топтасқан саяси күштердің ұйымдасқан белсенді əрекеті деп бағаласақ 

керек. Мақсаты ортақ, сипаты бір Алашорда үкіметі мен Түркістан автономиясы (Туркистон мухтори-

яти) үкіметі ұлт-азаттық қозғалыста туыстас əрі ықпалдас құбылыстар болды. 

Отарлық билік Түркістан жəдитшілері бас болған интеллектуалдық, мəдени жəне адамгершілік өзегі 

қуатты жаңашыл ағыммен бетпе-бет келді. Түркістандық көпестер, зиялылар мен діндарлардың білімді 

жаңа буыны алғаш рет отарлық биліктің «легитимдігіне» күмəнмен қарады. Осы негізде қалыптасқан 

ұлттық  элита  өкілдерінің  қоғамдық-саяси  қызметі  Түркістан  ұлт-азаттық  қозғалысының  идеяларын 

іске асыруға сəт сайын жақындай түсті. 

Ислам құндылықтарына негіздеп, мұсылмандардың ұлттық бірлігін уағыздаған тұжырымның бас-

тауы Құранның «Хұжрат» сүресінде «Əй адам баласы! Шүбəсыз сендерді бір ер, бір əйелден (Адам, 

Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық» [4, Б.517] 

деген мазмұнда айтылған қағидадан туындаған еді. Отаршылыққа қарсы күрестің саяси тетігі ретінде 

исламның осындай құндылықтарына сүйеніп, кейбір саясаткерлердің исламдық бірлік мүмкіндіктеріне 

үміт артуы осы факторды əсіре дəріптеген саяси авантюризмнің көрінісі ғана еді. Мұсылмандардың 

рухани бірлігінің саяси сипат алуынан қауіптенген отарлық, кеңестік биліктер қозғалыстың идеялық 

бағыттарына панисламизм айдарын тағып, оны жалпымұсылмандық держава құруға бағытталған қауіпті 

ағым деп жариялады. Шын мəнінде ортаазиялық мұсылмандар үшін Ресейдегі жəне дүниежүзіндегі 

мұсылмандармен өздерінің рухани жəне мəдени біртұтастығын сезінуде ислам факторы – олардың са-

яси ой-санасының бағдары болған еді. Бұл тұжырым өлке халықтарын этникалық жəне конфессиялық 

негізде топтастыруға ұмтылған қозғалыс идеясының басты мəнін ашып көрсетеді.

1917  ж.  сəуір  айында  негізі  қаланған  өлкелік  «Шурои  Исламия» - Мұсылмандар  кеңесі  ұйымы 

Бүкілресейлік мұсылмандық қозғалыс ықпалымен құрылды. М. Шоқай, М. Бехбуди, М. Абдурашит-

хановтар басқарған «Шурои Исламиядан» жаңа саяси бірлестік «Шурои Улема» (Ғұламалар кеңесі) 

бөлініп  шықты.  Діни  ақсүйектер  тобына  сүйенген  С.  Лапин  бастаған  улемалықтар  тұрмыста  жəне 

қоғамдық өмірде шариғат заңдары мен дəстүрлі қоғамдық қатынастарды сақтап қалуды жақтауымен 

ерекшеленді. Ол ағымның ел ішінде қолдаушылары аз емес еді. 

Қозғалыстағы  саяси  топтардың  көздеген  мақсаттары  əртүрлі  болды.  Айталық,  түркістандық  фе-

дералистер  демократиялық  бағдар  ұстап,  қоғамдық  жəне  мемлекеттік  құрылыста  батыс  европалық 

либералдық-демократиялық  үлгіні  жақтады.  Осы  сияқты  саяси  қозғалыстардың  тұғырнамалары  да 

бөтен ел тəжірибесінің тікелей көшірмесі емес, олардың ұлттық мемлекеттілік концепциясында дəстүрлі 

əлеуметтік  мазмұн  құқықтық  норма  жəне  билік  институттары  сияқты  демократиялық  құндылықтар 

мен  исламдық  қағидалар  түрінде  көрініс  тапты.  Түркістанда  мемлекеттік  құрылым  бойынша  бала-

малы  бағдарламалардың  пайда  болуы  өлке  халқының  оянуы  мен  ұлттық  саяси  күштердің  ұйымдық 



139

кемелденуін танытты. Бұл əралуандық ұлт-азаттық қозғалыстың кейінгі тағдырын айқындаған саяси 

алауыздықтың да көрінісіне айналды. 

Ташкенттегі  большевиктік  өкімет  жеңісінен  соң  «Шурои  Исламия»  бастаған  Түркістан  ұлттық-

демократиялық күштері Бүкілтүркістан мұсылмандарының ІV съезінде (1917 ж. 26 қазан) Түркістан 

мұхтариятын  жариялады.  Ал  большевиктер  Түркістан  мұхтариятын  тығырыққа  тіреген  уақытта 

«Улема» ұйымы исламдық социализм идеясын ұсынған «Орыс социалистеріне» үндеуі арқылы «Шурои 

Исламиядан» іргесін аулақ салып, өлкенің болашағын большевиктік билікпен ынтымақтасумен бай-

ланыстырды.  Осындай  идеялық  қарама-қайшылықтың  соңы  ашық  теке-тіреске  ұласты. 1918 ж. 

18  ақпанында  Түркістан  мұхтарияты  үкіметінің  басшысы  Мұстафа  Шоқайды  улемашылар  «сарай 

төңкерісін» жасап, Ергеш құрбашымен алмастыруы арқылы саяси ахуалы шатқаяқтап тұрған ұлттық 

автономияны тағдырдың тəлкегіне тастады. 

ХХ  ғ.  алғашқы  ширегіндегі  əлемдік  ұлт-азаттық  қозғалыс  дүмпуі  Орта  Азия  халықтары  арасын-

да саяси ағымға айналған тұтас Түркістан идеясын дүниеге əкелді. Отаршылдыққа қарсы этникалық, 

аймақтың  бірлікті  мақсат  тұтқан  бұл  идея  Түркістан  мұхтарияты  үкіметінің  қызметінде  алғаш  рет 

көрініс берді. Бұл идея М. Шоқай бастаған ұлттық элитаны батыл саяси шешімдерге ынталандырған 

болатын. 

Түркістан  мұхтариятының  қару  күшімен  жойылуы,  М.  Шоқайдың  эмиграцияға  кетуі,  кеңестік 

үлгідегі  Түркістан  автономиясы  мемлекеттік  құрылымының  орнауы  да  аймақтық  тұтастықты 

қалыптастыру идеясын тұншықтыра алмады. Əйтсе де, ұлт-азаттық күрес барысында саяси қозғалыстар 

тұғырнамасының  идеялық  өзегіне  айналған  «ұлттық  автономия»  мəселесін  большевиктер 1918 ж. 

сəуір  айындағы  Бүкілтүркістан  кеңестерінің V съезінде  шовинистік  мақсатқа  сай  бұрмалап,  таптық 

ұстанымдарға сай шешті. 

Кеңестік билік жағдайында Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы солшыл қанатының өкілі Т.Рысқұлов 

бастаған саяси элита тұтас Түркістан идеясын большевиктердің саяси күрес тəсілдерін қолдана оты-

рып іске асыруды көздеді. Жаңа қоғамның билік институттары нығайған сайын кеңес өкіметіне қарсы 

ашық  күресу  өте  күрделі  сипат  алып,  күрестің  саяси  тиімділігін  азайта  бергендіктен  стратегиялық 

міндет  ретінде  Т.Рысқұловтың  сөздерінде  Түркістан  халықтарын  біртұтас  ұлтқа  біріктіру  идеясы 

тұжырымдалды [5, С.4]. 

Жалпы, Түркістан өлкесіндегі Алаш қозғалысының мазмұны мен сипатының ерекшелігін айқындау 

мақсатында танымдық шарттылықтарға сүйеніп, оның қызметі мен құрылымын «Алаш қозғалысының 

Оңтүстік  қанаты»  деп  негіздеген  орынды  болатындай.  Бұл  жерде  басын  ашып  айтатын  мəселе, 

ғылыми танымда «Шығыс Алашорда», «Батыс Алашорда» деген орныққан тарихи тұжырымдарға ба-

лама  құбылыс  іздестіру  емес,  қайта  ол  құбылыстардың  мазмұндық  құрылымына  жаңа  кеңістік  ашу 

басты мақсат екендігі. Бұндай тұжырым жасауға деректік жəне дəйектік негіздер жеткілікті. Алғаш 

рет бұл тұжырым Түркістандағы партия-кеңес органдарының ресми құжаттарында «Алаш Орданың» 

түркістандық бөлімі «Бірлік туы» газеті органымен аттас ұйым болды. «Бірлік туы» газеті 1917 ж. ма-

усымынан Ташкентте шыға бастады. Аталған газетті ұйымдастырушылардың тұғырнамасы дəлме-дəл 

алашордашылардың тұғырнамасындай еді» [6, л. 208] деген сипатта негізделді. Түркістандағы Алаш 

қозғалысының  тарихи  дерегін  қалыптастырғандығы  жəне  оның  тарихнамасына  негіз  қалағандығы 

үшін  отандық  тарих  ғылымы  Т.Рысқұловтың  тарихшылығына  қарыздар  болып  келгендігін  айтуы-

мыз керек. Өйткені, оның тарих ғылымына жасаған қызметі осы кезге дейін тарихшылар тарапынан 

лайықты бағасын алған жоқ. Оның Түркістандағы Алаш қозғалысының қызметі туралы ойлары мен 

тұжырымдары 1923 ж. маусымда «Советская степь», 1935 ж. 18 мамырда «Казахстанская правда» [7] 

газеттерінде жарияланған еңбектері мен соңғы кезде ғылыми айналымға ұсынылған түрлі сипаттағы 

жазбаларында одан əрі өрбітілді. 

Бұндай деректер Түркістандағы ұлт-азаттық күрес тəжірибелерін талдау арқылы Алаш қозғалысының 

Оңтүстік қанатын дербес тарихи таным нысаны ретінде қарастыруға негіз болады. Оңтүстік қанаттың 

нақты  ұйымдық  құрылымы  болмағанымен  оның  қызметінің  мазмұны  қазақ  жеріндегі  тарихи 

құбылыстың  құрамды  бөлігі  болып  саналады.  Сонымен  бірге  Түркістан  ұлт-азаттық  қозғалысының 

құрамында өлкедегі жергілікті ұлт зиялыларымен тығыз бірлікте жұмыс жасағандықтан Алаш қозғалысы 

Оңтүстік  қанаты  қызметінің  мазмұнында  аймақтық,  конфессиялық  жəне  идеялық  сипаттағы  ерек-

шеліктері болды. М. Тынышпаев, С. Лапин, М. Шоқайдың өлкедегі саяси қозғалыстың жəне Түркістан 

мұхтариятының басшылығында болуы олардың Алашорда үкіметімен байланыс жасауына мүмкіндік 

беріп, қазақ мемлекетінің тұтастығы мəселесін алғаш рет ұлттық идея ретінде күн тəртібіне қойды. Осы 

мəселе 1918 ж. 4-9 қаңтардында Түркістан қаласында өткен Сырдария облысы қазақтарының съезінде 



140

арнайы қарастырылды. Алаш Орда үкіметінің басшылары Б. Құлманов, Т. Құнанбаев, М. Дулатовтар 

арнайы  қатысқан  съезд  шын  мəнінде  Алаш  қозғалысы  ұйымдастырған  ірі  саяси  шаралардың  біріне 

айналды. Түркістан қазағын алашқа қосу мəселесін талқылаған съезд жөнінде «Сарыарқа» газетінде 

жарияланған «Алаш һəм Түркістан» мақаласында [8, 109-111 бб.] «Съезде Алашқа қосылмаймыз деген 

ешкім болған жоқ: кəрі-жас, қарасы-төресі, байы-кедейі бірауыз болды» деп ұлттық идеяның қолдау 

тапқандығы жазылды.

Түркістан жəне Алаш қозғалыстарындағы ислам факторының да ықпалы əртүрлі деңгейде болды. 

Ресейдің орталығында кең өріс алған мұсылмандық қозғалысқа қазақ элитасының кейбір өкілдері ғана 

белсене қатысты. Атап айтқанда, Ж.Досмұхамедов пен У.Танашев Бүкілресейлік мұсылмандар съез-

деріне қатысса, М. Шоқай ІV Мемлекеттік думаның мұсылмандар фракциясы бюросының хатшысы 

болып қызметке араласты. Ал Сералы Лапиннің діни бағытты ұстанған «Шурои-Улема» қоғамдық-са-

яси қозғалысының басшысы болуы да қазақтардың арасында діни ағымның басымдығын танытпайын 

еді.  Осыған  байланысты  Д.  Аманжолованың  «Слабость  позиции  ислама,  очевидно,  предопределила 

выдвижение именно казахской интеллигенции на авансцену политической арены всего Центрально-

Азиатского региона в период революции и гражданской войны и сохранение ее вляния в советском 

руководстве  Туркестана  в  начале 1920 –х  годов.  Вплоть  до 1924 г.  большевики-казахи  возглавляли 

ЦИК, ЦК Компартии и правительство Туркестанской АССР» [9, С.74] деген тұжырымын қуаттауға бо-

лады. Бұл тұжырым қазақ зиялыларының мұсылмандардың рухани бірлігі идеясына саяси маңыз беру-

ден тартынғандығын аңғартады. Осы саяси фактор жалпыадамзаттық құндылықтарды бағдарға алған 

қазіргі  заманғы  саяси  қозғалыстардың  қағидаларымен  үйлесім  тауып,  қазақ  зиялыларынң  алдыңғы 

орынға шығуында шешуші мəнге ие болды. 

Алашордашыларға  кешірім  жасалғаннан  соң  Түркістанда  билік  басындағы  ұлттық  саяси  элита 

өкілдері  Н.  Төреқұлов,  Т.  Рысқұлов,  С.  Қожанов,  С.  Асфендияровтар  алашшыл  қазақ  зиялыларын 

Ташкент қаласына түрлі қызметтерге тартты. Алаштық идеяның кеңестік билік жағдайында жалғасын 

тапқандығына  өлкедегі  қазақ  облыстарында  жер-су  реформасының  ұлттық  мүдде  тұрғысында  сəтті 

жүргізілуі жарқын мысал болады. Олардың басшылығымен Ташкент қаласына топтасқан қазақтың сая-

си, шығармашылық элитасы өкілдерінің қызметі мəдениет тарихындағы аса бір сəтті де шығармашылық 

тұрғыда жемісті кезең болды. А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, М. 

Жұмабаев, С. Асфендияров, Қ. Болғанбаев, Ғ. Бірімжанов, М. Əуезов, Ж. Аймауытов, Қ. Кемеңгеров 

т.б. қайраткерлердің 1924 ж. ұлттық-территориялық межелеуге дейінгі мəдени-ағартушылық қызметі 

кеңестік билік жағдайында Алаш қозғалысы көтерген ұлттық идеяларды батыл іске асыруымен ерек-

шеленді. 

К.Нұрпейіс тұжырымында 1917-1920 жж. қазақ жерінде нақты ұйымдық құрылыммен жария жұмыс 

жасаған  Алаш  қозғалысының  қызметі  Түркістан  жағдайында  біршама  өзгеше  сипат  алғандығы  ата-

лады.  Түркістандағы  Алаш  қозғалысының  ұйымдық  құрылым  ретінде  жария  жұмыс  істеген  мерзімі 

туралы «М. Тынышбаевтың Жетісуға қоныс аударуына жəне М.Шоқайұлының шетелдік эмиграцияға 

кетуінің (Грузия – Түркия – Германия – Франция) нəтижесінде Алаштың оңтүстік қанаты 1918 жылдың 

көктеміне қарай іс жүзінде тарқады. Оның мүшелерінің кейбіреуі белсенді саяси қызметтен кетсе, екін-

шілері большевиктер жағына шықты, ал Жетісудағы алаш ұйымының көрнекті мүшелері Ыбырайым 

Жайнақов, Отыншы Əлжанов, Төлебай Дүйсебаев, тб. Қытай ауып кетіп, сол жақтан қарулы қарсылық 

ұйымдастыру əрекетін жасады. Сонымен, алаштың оңтүстік қанаты үш ай бойы ғана Совет өкіметіне 

белсенді қарсылық көрсете алды» [3, Б.143] деген тұжырым жасайды. 

Бұл тұжырым өлкедегі Алаш қозғалысының ұйым ретінде жойылғандығын танытады. Дегенмен, 

ғылыми айналымға ұсынылған деректер Оңтүстік қанаттың 1924 ж. ұлттық-территориялық межеле-

уге  дейін  идеялық  тұрғыда  жартылай  жария,  жартылай  жасырын  жағдайда  жұмыс  жасағандығына 

көз жеткізеді. Бұл дəйек Алаш қозғалысы Оңтүстік қанатының қызметі арқылы Алаш қозғалысының 

географиялық ауқымы кеңейіп, оның уақыттық шегі ұзара түскендігін танытады. 

Өлкеде қазақ зиялыларының саяси күрестің алдыңғы сапына шығуының терең тарихи алғышарттары 

болды. Осыған байланысты «Түркістанда 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейін ұйымдасқан саяси ке-

мелдікке қазақ зиялылары қалай қол жеткізді?» деген сауалға жауап іздеп көрейік. 

Түркістандағы  Алаш  қозғалысының  тарихи  дерегін  қалыптастырушылардың  бірі  Дүйсенбай 

Нысанбаев  болды.  В.  Ленинмен  кездескендігі  туралы  естеліктер  жазған  оның  деректері  Түркістан 

өлкесінде 1917 ж. қоғамдық-саяси сілкіністерге дейін жұмыс жасаған қазақ зиялыларының «Кеңес» 

атты астыртын саяси үйірмесінің қызметіне ғылыми талдау жасауға мүмкіндік береді. 

Ташкент қаласындағы «Кеңес» үйірмесі жəне оның қызметі туралы Д. Нысанбаевтың 1925 ж. 31 



141

қаңтарында  РК(б)П  Қырғыз  облыстық  Бақылау  Комиссиясына  жасаған  мəлімдемесінен [10, Б.173-

185]  аса  құнды  мағлұматтарға  қанығамыз.  Бұл  құжаттың  деректік  құндылығы  жоғары  болаты-

ны,  онда  өлкелік  партиялық  басшылыққа,  ОГПУ  органдарына  Түркістандағы  алашордашылардың 

қызметіне  қатысты  айғақ  ретінде  түрлі  хаттамалар,  газет  тігінділері  сияқты  қомақты  құжаттық  де-

ректер  ұсынылған.  Құжатта  Д.Нысанбаев  үйірменің  төрағасы  генерал  Сейітжапар  Асфендияров 

болғандығын атайды. Түркістан генерал-губернаторлығының кеңсесінде, елшілік қызметте болған ге-

нерал С.Асфендияровтың танымалдығы жəне биік билік лауазым иеленуі, қазақ қоғамындағы дəстүрлі 

билеуші əулеттен шыққан харизмалық тұлғасы оны үйірменің басшылығына алып келген. 

Төрағаның  орынбасары  ретінде  аталатын  М.Шоқайдың  Ресейдің  ІV  Мемлекеттік  думасы 

мұсылмандар фракциясы хатшысы ретіндегі беделі өлкедегі 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің патша 

өкіметі  əскерлері  тарапынан  аяусыз  басып-жаншылуының  салдарын  тексеруге  келген  Мемлекеттік 

дума комиссиясының жұмысына араласуы арқылы кең танымалдыққа ұласқан. Оның үстіне осы ко-

миссия  төрағасы,  Мемлекеттік  думадағы  демократияшыл  күштердің  серкесі  А.Ф.  Керенскиймен 

жолдастығы  өлкедегі  билеуші  элитаның  арасында  М.Шоқайдың  «өз  адамы»  ретінде  қабылдануына 

қолайлы жағдай еді. 

Төрағаның  екінші  орынбасары  Садық  Өтегенов  ақпан  төңкерісінен  соң  Түркістан  қаласында, 

Сырдария  облысында  Уақытша  үкіметтің  уездік,  облыстық  комитеттерінде  жауапты  қызмет  істе-

ген, өлкедегі Алаш қозғалысының белді өкілдерінің бірі ретінде Алаш съездеріне қатысқан, өлкелік 

деңгейде танылған ұлт зиялылары арасындағы беделді тұлға. Ол 1918 ж. қаңтарда Түркістан қаласында 

Сырдария облысы қазақтарының съезін өткізуге бастамашыл болған. Билік құрылымдарында жоғары 

лауазым  атқармаған  С.Өтегеновке  Т.  Рысқұлов  мынадай  баға  береді: «Құрметті,  бірақ  айлакер, 

монархиялық бағытты жақтайтын шал. Алашорда мен Қоқан автономиялық үкіметтерінің қайраткері. 

1913 ж. Петербургке Романовтар отбасының тойына барған. Қожановтың барлық құпиясын біледі. Ол 

Өтегеновтың тəрбиесін алған. Өзі Қожановтың барлық тағайындаулар бойынша даладағы жаршысы. 

Болыс  болғысы  келетіндер  Өтегеновке  тəуелді.  Көптеген  коммунистер  тек  сол  арқылы  қызмет  ала-

ды. Өтегенов жанжалдасқан коммунистерді бітістіруші ақсақал қызметін атқарады. Ол менен қандай 

қызметті қалайтынымды айтуды сұрап, оны Қожанов арқылы орындайтындығын айтты» [11, л.248]. 

Бұл мінездеме С.Өтегеновтың Түркістан этноэлитасының жеке құрамында шешуші қызмет атқарған 

ықпалды тұлға болғандығын айғақтайды. 

«Кеңес» астыртын үйірмесін басқаратын басшылық органды үйірменің бюросы атқарған, үйірменің 

кең таралған желісі жəне көпсанды мүшелері (тілектестері) болған. Бюро мүшелерінің əрқайсына жеке-

леген жұмыс салалары бөлінген. Үйірменің бюро мүшесі Қоңырқожа Қожықов Түркістан мұғалімдер 

семинариясының түлегі, халық мұғалімі, мектеп, медреселерде дəріс берген. Оны өлкеге танымал еткен 

Романовтар əулетінің билік басына келуінің 300 жылдығына арналған еңбекті қазақ тілінде жариялауы 

болды.  Д.Нысанбаев  Қ.Қожықовтың  осы  еңбегі  үшін  қомақты  сыйақы  алғандығын  жазады. 1912 ж. 

Орынборда Карими баспасынан жарық көрген қазақ мектептеріне арналған алғашқы əліппені жазуы да 

оны өлке зиялыларына кеңінен танымал етті. Қ. Қожықовтың 1917 ж. ақпан төңкерісіне дейін қоғамдық-

саяси өмірге белсене араласқандығын 1916 ж. көтеріліске қатысушыларды жазалаудың ауыр зардапта-

рын тексеруге Мемлекеттік дума комиссиясының шақырылуына бастамашыл болғандығынан көреміз 

[12, 336-375 бб.]. Ол Түркістан мұхтарияты Уақытша үкіметінің құрамына енген. Бірнеше рет Түркатком 

мүшелігіне  сайланып,  жерге  орналастыру  басқармасының  басшыларының  бірі  ретінде  Жетісудағы 

жер-су  реформасына  басшылық  жасаған.  Өлкедегі  «Қосшы»  одағын  ұйымдастырушылардың  жəне 

басшыларының бірі. 

Бюро мүшелерінің бірі Санжар Асфендияровтың Ташкенттегі атқарған қызметі өз төңірегіне ұлт 

зиялыларын  топтастыра  алатындай  маңызды  еді.  Ресейдің  орталығында  саяси  күреспен  танысуы 

жəне  өлкедегі  европалық  демократиялық  қозғалыс  басшыларымен  араласуы  оны  жас  ұлттық  саяси 

күштердің  алдыңғы  легіне  шығарды. «Кеңес»  үйірмесі  С.Асфендияровтың  саяси  қайраткерлігінің 

ұлттық мүддеге сай қалыптасуының бастапқы негізі болды. Социалист-революционерлер партиясына 

мүше болуы, тылдың қара жұмысынан оралғандардың қозғалысына басшылық жасауы оның кеңестік 

билікте биік лауазымдар иеленуіне кедергі болған жоқ. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары ТАКСР 

Денсаулық сақтау, Жер істері халкомы, Түркатком төрағасы, ТКП ОК хатшысы қызметтерінде болған 

С.  Асфендияровтың  «Кеңес»  үйірмесімен  байланыстылығы  оның  таптық  мүддеден  ұлттық  мүддені 

жоғары қойған ұлтжандылығынан көрініс тапты.

Үйірменің  бюро  мүшелері  Серікбай  Ақаев  Түркістан  мұхтарияты  Халық  кеңесінің  мүшелігіне 

сайланған, офицер Мұзарап Қасымов алашордашылар жағында соғысып, Ақтөбе майданында қызыл 



142

əскердің  тұтқынына  түсіп,  атылған.  Ал  Əлимұхамед  Көтібаров  та  Санкт-Петербургте  Жоғарғы 

əскери-медицина  академиясын  бітірген,  өлкедегі  жоғары  білімді  қазақ  саяси  элитасының  бірі.  Ол 

М.  Шоқаймен  тығыз  жолдастық  байланыста  болған.  М.  Шоқай 1914 ж. 27 маусымда  Петербургтен 

Ташкенттегі округтік соттың аудармашысы Ə. Көтібаровқа 15-25 маусым аралығында өткен Бүкілресей 

мұсылмандарының  съезі  туралы  жазған  хатында  былай  дейді: «Съезд  постановил  о  желательнос-

ти  в  Туркестанском  крае  отдельного  муфтиата, ... в  числе  пожелании  о  предоставлении  киргизам 

Туркестанского края и степных областей права представительства в Государственной думе. Конечно, 

это пожелания имеет лишь академический характер» [9, С.102]. Бұл дерек Ə.Көтібаровтың өлкедегі 

қоғамдық-саяси үрдісте елеулі салмағы болғандығын айғақтайды. Бюро мүшесі Алдабек Мангелдин, 

үйірменің  хатшысы  Зұлқарнайын  Сейдалиндер  де  өлкедегі  ұлт-азаттық  қозғалысқа  араласқан  саяси 

тұлғалар еді. Д. Нысанбаев С. Қожановты да осы үйірме басшыларының қатарында атайды. Бұл дере-

кті С. Қожановтың өзі де жоққа шығармайды. Оған тағылған алашордашыл деген айып осы үйірменің 

қызметінен бастау алғандығын да атап айтуымыз керек.

Үйірме қызметінде М. Шоқайдың идеялық ықпалы айқын аңғарылды. Үйірменің саяси-ұйымдық 

тəжірибесінен өткен қайраткерлер 1917 ж. қарбалас оқиғаларға қызу араласып, өлкедегі ұлт-азаттық 

күрестің алдыңғы легіне шықты. Үйірме басшыларының саяси қызметі қазақ облыстарына да таны-

мал болды. 1917 ж. 15 наурызында майданның қара жұмысына алынған қазақ жастарының арасында 

жұмыс жүргізген Ə. Бөкейханов бастаған зиялылар Минск қаласынан «Қазақ» газеті арқылы елдегі игі 

жақсыларға  жеделхат  жолдаған [13]. Ұлт-азаттық  қозғалысқа  бағыт  сілтеген  жеделхат  Түркістанды 

да  қамтып, «Тынышпаевқа,  Перовскідегі  Бекқожаға,  Қожахмедке,  Юсуфбекке,  Түркістандағы 

Өтегеновке, Қоқандағы Ақаевқа, Скобелевтағы Ғабдолрахман Оразаевқа, Ташкендегі врач Көтібаровқа, 

Андижандағы Қожықовқа» жолданады. Жеделхат бағытталғандардың сол кездегі елдің аузына іліккен 

танымал ұлтжанды тұлғалар болуы ұлт бірлігі мен тəуелсіздігі сияқты саяси күрестің өзегіне айналған 

идеялардың ақпан буржуазиялық төңкерісінен əлдеқайда бұрын қалыптасқандығын танытады. 

Үйірме Ресейдің орталығындағы демократиялық күштердің қызметін ұйымдық тұрғыда үлгіге алған, 

үйірменің төрағасы, төрағаның орынбасарлары, бюро мүшелері болып қызмет бөлісуі осындай тұжырым 

жасауға жетелейді. Екіншіден, үйірменің жұмыс мазмұны оның отаршылыққа қарсы күреске бағытталған 

демократиялық  құндылықтарға  негізделгендігін  танытады.  Д.  Нысанбаев  үйірме  басшыларының 

көпшілігі дəстүрлі қоғамдағы билеуші ортадан шыққан əлеуметтік негізіне баса назар аударуы олардың 

таптық құндылықтардан алыс тұрғандығына дəлел болады. Үйірме жұмысының басты бағдары жергілік-

ті халықтың өзін-өзі билеуіне қол жеткізу болған. Үшіншіден, үйірме жұмысының басты бағдары жер-

гілікті халықтың өзін-өзі билеуіне қол жеткізу болған. Демократиялық құндылықтарды бағдар етіп алған 

астыртын үйірменің осындай сипатты белгілері оның қызметі «Шурои Исламия» ұйымына емес, Алаш 

партиясының ұстанған саяси бағытына етене жақын болғандығына көз жеткізеді. 

Қазақ  саяси  элитасының  бастамашылығымен  құрылып,  жұмыс  жасаған  «Кеңес»  астыртын 

үйірмесінің қызметі ұлт зиялыларының саяси күрестегі алғашқы тəжірбиесі болды. Оның басшылары 

1917  ж. «Шурои  Ислам»  жəне  Алаш  партияларының  ұйымдық  тұрғыда  қалыптасуына  белсене  ара-

ласып, өздерінің саяси күресін осы жылы мамырдан бастап жарық көре бастаған «Бірлік туы» газеті 

арқылы одан əрі жалғастырды. 

Большевиктік билік орныққанға дейін Алаш қозғалысының Оңтүстік қанатының өкілдері өлкедегі 

қоғамдық-саяси үдерістерге белсене араласып, кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы қазақ қоғамын 

жаңартуда ұлттық мүдде үшін күреске араласудың осындай үлкен дайындығынан өтті.

Түркістанда мемлекеттік құрылыстың, билік құрылымдарының қалыптасуы күрделі мазмұн алған. 

Бұл  жерде  дəстүр  сабақтастығының  іске  асу  қағидасы  талап  ететін  міндетті  түрде  сақталуы  тиіс 

қоғамдық шарттар бар. Соған сəйкес кеңес өкіметі ескі қоғамның билік институттарының мазмұнын 

мансұқтағанымен  əкімшілік  бірліктер,  басқару  құрылымдары  түрінде  олардың  сыртқы  формаларын 

сақтап қалды. Осы сияқты басқару элитасы орталық жəне жергілікті басқару органдары шенеуніктерінің 

орасан  зор  бөлігі  əкімшілік  басқару  дəстүрлерін  жалғастырып,  жаңа  қоғамда  мазмұндық,  түрлік 

жаңғыруды бастан өткізді. Кеңестік қоғамның басқару құрылымдарының негізін құраған ол мемлекет-

тік қызметкерлердің басты миссиясы екі қоғам арасындағы байланыстырушылық рөл еді. Өздерінің 

əлеуметтік жағдайы, қоғамдық-саяси көзқарастары, тіпті тарихи миссиясы бойынша ерекше маңызға 

ие  болған  бұл  категорияның  арасынан  кеңестік  қоғамда  көрнекті  қайраткерлерге  айналған  ұлттық 

элитаның Олардың қатарында М.Тынышпаев, С.Асфендияров, Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Н.Төреқұлов, 

А.Серғазиев,  Қ.Ибрагимов,  И.Тоқтыбаев,  Б.Аралбаев,  Қ.Сармолдаев,  С.Есқараев,  О.Жандосов, 

Т.Жүргенов,  Н.Рүстемов,  Ə.Палмұхамедов,  Ə.Құдабаев,  Н.Сатығұлов,  Қ.Болғанбаев,  Қ.Қожықов, 



143

Қ.Күлетов жəне т.б. мықты өкілдері өсіп шықты.көптеген тұлғаларды атауға болады. Олар Түркістан 

республикасының  жоғарғы  билік  құрылымдарында  басшылық  қызметтер  атқарып,  жаңа  қоғамда 

ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға елеулі ықпал жасады.

Елдегі қоғамдық-саяси өзгерістерді мұғажырлық жағдайда жіті қадағалап отырған М. Шоқай боль-

шевиктер партиясы қатарына енгенімен өздерінің шынайы ұлттық элитаға тəн азаматтық, отаншылдық 

биіктен  төмендемеген  қандастары  туралы  ризалық  сезімін  білдіреді: «Смағұл  Сəдуақас,  Қожанұлы 

Сұлтанбек жəне Меңдешұлы Кеңес дəуірі орнаған кезде кеңес үкіметін бірден жақтап шыққан адамдар 

болатын. Бірақ олар, өткен тəжірбиелері көрсетіп отырғандай, Кеңес үкіметіне тек қара басының қамы 

үшін қызмет етпегенін біз жақсы білетінбіз. Сұлтанбек Қожанұлы қара басының қамын ойламайтын, 

халқы үшін қам жеп, еңіреп туған азамат еді. Ол бұдан былай да осы қасиеттерінен айрылмайды деп 

сенеміз. Смағұл Сəдуақас та сондай тұлға. Ал Меңдешұлын өз басым білмейді екенмін. Бірақ оның да 

Сұлтанбек пен Смағұл тəрізді қайраткер екеніне шүбə келтірмеймін» [14, Б.60]. М. Шоқайдың саяси 

тұлғалар қызметін бағалауда олардың ұлтжандылық əрекетіне баса мəн берген бұл пікірін əдістемелік 

негіз етіп алуға болатын қағида деп қабылдауға болатындай. 

Мемлекеттік  басқарудың  барлық  салаларында  биліктің  бірыңғай  коммунистік  партия  қолына 

шоғырлануы  ресми  саясаттың  əмбебаптығын  қасаң  таптық  қағидалармен  шектеп  тастады.  Соған 

сəйкес қоғамдағы мемлекеттік, ұлттық идеялар төңірегіне топтасқан элита қызметі қатаң түрде таптық 

сүзгіден өткізу арқылы қалыптасқан партиялық-мемлекеттік номенклатурамен алмастырылды. Жабық 

үлгіге жататын кеңестік қоғамдағы элитаайналымының ашық сипаты өз қатарын толықтырудың тіке-

лей жабық тетіктерімен – таңдаудың «номенклатуралық» қағидасы, көп жыл еңбек сіңіруі, əлеуметтік 

тегі, партиялығы, жасы, жұмыс өтілі сияқты сүзгілер арқылы іске асырылды. «Бұндай оғаштық – дейді 

О.В. Гаман-Голутвина - элита қатарын толықтырудың жабық тетіктері басқару аппаратының барын-

ша тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында элитадан тыс жіктерге элиталық ортадан шыққандармен 

бəсекеде артықшылықтар беруге арналған» [15, С.12]. Өз қызметтерінің ерекшелігіне сай партноменк-

латура элитаайналымы үдерісін осылайша «басқарушыларды басқарудың» тетігіне айналдырғандығына 

кеңестік қоғамның саяси тарихынан шексіз мысалдар келтіре беруге болады. 

Партноменклатура жүйесі нығайған сайын өз қатарын «таптық жат элементтерден» тазарту түрінде 

саяси күрес күшейе түсті. Ал билік институттарындағы ұлттық элитаның жоғарыда аталған алғашқы 

буын өкілдерінің ықпалы азая берді. Отарлық билік оларды қуғындауды қолға алды. Осы топ өкілдерінің 

үстінен жүргізілген алғашқы сот үдерісі 1930 ж. наурызында Алаш қозғалысының өкілдеріне қатысты 

жүргізілді. А. Байтұрсынов, М. Дулатов жəне тағы басқа 44 адамды Айыптау қорытындысы (№78754-

іс) бойынша [16, 437-473 бб.] істі болғандардың көпшілігі түркістандықтар болды. 

Ұлттық элита өкілдерін қуғындаудың келесі толқыны 1932-1933 жж. «Бірыңғай жасырын орталық 

басқарған біртұтас контрреволюциялық құрылымдар» деген атпен ұзын саны оннан астам істі бірік-

тірді. Алаштық үлгідегі ескі элитаның жас ұрпақ тəрбиесіндегі ықпалын жоюға бағытталған бұл істер 

ҰҚК архивінде 04693 санды іске топтастырылған. Бір-біріне тізбектелген бұндай істердің бір күнде 

немесе бір жылда дайындала қоймағаны белгілі. Өз миссиясын атқарған алдыңғы толқын ұлттық элита 

өкілдерінің лайықты ізбасары болуы тиіс жас ұрпақты саяси, əкімшілік, құқықтық тəсілдермен кеңестік 

қоғамның тəртібіне иіп көндіруге ресми билік əбден мүдделі болатын. 

Қорыта  айтқанда,  Алаш  қозғалысы  көтерген  ұлттық  идеялардың  қатарында  Түркістан  мəселесі 

мемлекеттік  тұтастықты  қалыптастыру  түрінде  көрініс  тапты.  Қозғалыстың  саяси  қызметінде  қазақ 

қоғамын жаңалаудың демократиялық қағидаларын іске асырумен бірге ұлттық бірлікке қол жеткізу 

міндеттері ұлттық саяси элита қызметінің басты мақсатына айналды. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде 

олардың саясат сахнасына алып шыққан осындай өміршең идеялары еліміздің тəуелсіздігі жағдайында 

нақты іске асты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет