Рис.1. Условное распределение древнетюркского языка среди местных насельников и их
антропологические смешения по основным этноисторическим периодам на древней
Казахской земле (по данным мужских краниологических серий).
В целом в антропологическом типе современных казахов согласно осуществленным нами комплек-
сным соматологическим, серологическим, одонтологическим, дерматологическим и краниологичес-
ким исследованиям условная доля монголоидных элементов (УДМЭ) образует около 70%, а остальные
30% составляет древний европеоидный компонент, который был характерен для насельников эпохи
бронзы Казахстана.
Таким образом, метисационный процесс на территории Казахстана был медленным, постепенным
и занимал в общей сложности более 20 веков, завершившись формированием к XIV-XVвв. единого
гомогенного антропологического типа казахов на всей территории Казахстана [27]. При этом есть ос-
нования полагать, что за весь период антропологического развития местных насельников, начиная от
глубин древности до современности, их лингвистическая основа постоянно оставалась единой тюрко-
язычной, которая у современных казахов представлена на уровне говоров без каких-либо диалектов.
Итак, в антропологическом и этнокультурном отношении современные казахи являются единс-
твенным народом в Казахстане, имеющим глубокие этноисторические и лингвистические корни, кото-
рые уходят вглубь веков длиною в четыре тысячи лет. Популяционно-генетическая преемственность
между древними племенами, средневековым населением Казахстана и современными казахами четко
прослеживается по целому ряду антропологических данных, начиная от палеоантропологических и
палеогенетических материалов древнейших исторических периодов, и завершая антропологическими
показателями живых представителей современной казахской популяции. Именно эта этноисторичес-
кая общность в лингвистическом отношении от бронзового века до наших дней является перманент-
ным носителем тюркоязычного наречия на древней Казахской земле.
Динамика степени нарастания условной доли монголоидных элементов среди древнетюркских на-
сельников Казахстана от древности до современности представлена в графической схеме (рис.1), где,
с одной стороны, на основе достижений современных тюркологических и молекулярных (гаплогруп-
повых) изысканий в широком хронологическом масштабе представлено распространение агглютина-
тивного языка, т.е. древнетюркского (косые штрихи), а с другой стороны, начальный этап, и затем
дальнейшее возрастание процесса метисации местного европеоидного населения с пришлыми монго-
лоидными племенами. Этот антропологический процесс протекал именно на древней Казахской земле
и имел определяющий и постепенный характер, протяженный по своей длительности на несколько
тысячелетий, начавшись с V в. до н.э. и завершившись к XVв. н.э. окончательным сложением не толь-
32
ко расового типа, но и единой этнической консолидацией, тюркоязычной общностью и гомогенной
целостностью казахского народа [28].
Таким образом, среди многочисленных этнических групп, населяющих в настоящее время Респуб-
лику Казахстан, казахский народ согласно антропологическим и лингвистическим общностям является
исключительно местным этносом и с самыми древними на территории Казахстана этноантропологи-
ческими и этнолингвистическими корнями длиною в четыре тысячи лет.
Именно эти истоки составляют базовую основу антропологической, этнокультурной и тюркоязыч-
ной общности казахского народа. Поскольку их сущность включает в себя, прежде всего, историю
предков, их традиций, культуру, обычаи и язык родного народа, в результате чего казахская популяция
в физическом, этнокультурном и лингвистическом отношении представляет собой устойчивое социо-
биологическое образование и этнкультурную общность в виде состоявшейся нации [29].
Коль здесь мы заговорили о социобиологическим аспекте местных насельников в столь широком
масштабе, то следует в этом контексте хотя бы кратко рассмотреть, а именно условную панорамную
схему этноисторического развития на древней Казахской земле. С этой целью все историческое обоз-
реваемое время условно было подразделено на 12 схематических периодов историко-культурного раз-
вития древнего и современного населения Казахстана (рис.2). При этом в качестве типологической об-
щности были взяты лишь 5 групп (А, В, С, D, Е), т.е. общеисторическая, лингвистическая, этническая,
Рис.2. Условные панорамные аспекты основных естественно-исторических периодов, этнолингвис-
тических и антропологических явлений в становлении единой общности казахской популяции и ее
близких и дальних предковых форм на древней и современной земле казахского народа.
33
религиозная и антропологическая, перманентное развитие которых имело свои условные временные
рамки в масштабе единой территории, именуемой«древняя Казахская земля». Остальные раскладки
показателей в панорамной схеме довольно просты и, надеюсь, благожелательные читатели сами сво-
бодно разберутся в смысле представленной схемы.
Таковой представляется нам общая социобиологическая основа развития на протяжении ряда тыся-
челетий от предковых корней до современного суверенного казахского народа.
Литература
1. Смағұлов О. Қазақ халқының антропологиялық тарихы. - Алматы: «Алдонгар» мəдениет даму қоры. – 300 б.
2. История Казахстана в 4-х томах. - Т.1. - Алматы, 1996. - С.103-104.
3. Krause I., Good J., Viota B., Shunkov M., Derevianko A. The complete mitochondrial DNA genome of an unknown
hominin from Sauthern Siberia //Nature, 24 march, 2010. - Pp. 1-4.
4. Дроздов Ю.Н.Тюркоязычный период европейской истории. - М. 2011. – С.15.
5. Малов С.Е. Древние и новые тюркские языки // Известия АН СССР. Отдельные литературы и языки. - Т.XI.
- 1952. - Вып.2. – С.136.
6. Дроздов Ю.Н.Тюркоязычный период европейской истории. - М., 2011. – 559с.
7. Дроздов Ю.Н.Там же. - С.12.
8. Гасанов З. Царские скифы. Этноязыковая идентификация «Царских скиф» и древних огузов. -NewYork.
- 2002. –480c.
9. Закиев М.З. Происхождение тюрков и татар. - М., 2003. – С.79.
10. Закиев М.З. От морфологии к лингвоархеологии //Еуразиялық идеясы контексiндегiҚазақстан түркiтануы.
- Астана, 2009. – С.19.
11. Закиев М.З. Лингвоархеологические и этногенетические корни тюрков //Алтаистика жəне тюркология.
- Астана, 2011. - №1. – С.44.
12. Гумилев Л.Н.Древние тюрки. - М., 1993.
13. Сулейменов О. Шумер–наме. Часть II. //Аз и Я. Книга благонамеренного читателя. - Алма-Ата: Жазушы,
1975. - 192-297 б.
14. Мизиев И.М., Лайпанов К.Т.О происхождении тюркских народов. - Нальчик. - 1993.
15. Аманжолов А.С. «Шумеро»-тюркские соотношения и изобретательные логограммы //Spracha, Geschichte
andKulturderAltaisobenVolker, ProtokollbandderXII. Tagunader Permanent, international Altaistic Conference 1969 in
Berlin. Herausgegeben von G.Hazai and P.Sieme. – Berlin. 1974. – Pp.65-71.
16. Закиев М.З. Адекватная тюркология о глубине истории тюрков // Түркологиялық жинақ. – Астана, 2012.
– С.28.
17. Закиев М.З.Там же. – С.46.
18. Дроздов Ю.Н. Тюркский период европейской истории. – С.13.
19. Дроздов Ю.Н.Там же. – С.86.
20. Дроздов Ю.Н.Там же. – С.13.
21. Дроздов Ю.Н. Там же. – С. 21.
22. Клесов А. Обзор тюркской генетики // Журнал Российской Академии ДНК – генеологии. - 2010. - Vоl.3.
- №1. – C.3.
23. Клесов А.Там же. – C.20.
24. Клесов А.Там же. – C.50.
25. Дроздов Ю.Н. Тюркский период … - С.15.
26. Смағұлов О.Қазақ халқының антропологиялық тарихы. -155 б.
27. Исмагулов О. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности (палеоантропологическое иссле-
дование). - Алма-Ата, 1970. – С.170.
28. Исмагулов О. Там же. – С.153.
29. Исмагулов О. Этническая геногеография Казахстана (серологическое исседование). - Алма-Ата. 1977.
– С.87-96; его же. – Этническая антропология Казахстана (соматологическое исследование). - Алма-Ата, 1982.
– С.160.
30. Исмагулов О., Сихымбаева К., Исмагулова А., Этническая дерматоглифика казахов. - А., 2007. – 240 б.;
Смағұлов О. Қазақ халқының антропологиялық тарихы. – 300 б.
34
ОМАРБЕКОВ Т.
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің
Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор
ХАЛЫҚ ТАРИХЫН КЕЗЕҢДЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан тарихының күні бүгінге дейін саяси тұрғыдан жазылуынан жəне ежелгі, сондай-ақ орта
ғасырлар кезеңдерінің жан-жақты, терең зерттелмеуіне байланысты тарихымызды кезеңдеу мəселесі
күні бүгінге дейін бір жүйеге түсе қойған жоқ. Бұндай да «тайпа-халық-мемлекет» үштік принципі
əлі күнге дейін сақталмай отырғанын да айтпауға болмас. Нақтырақ болсақ, əлі күнге дейін Үйсіндер,
Қаңлылар жəне Хұндар елі мемлекет ретінде емес, тайпалық одақтар ретінде баяғы кеңестік жүйенің
ұстанымен зерттеліп келеді. Шын мəнінде қытай жылнамаларында көрсетілгендей, бұлар белгілі бір
елдің, яғни мемлекеттің нақты атаулары болып табылады. Тіптен, бүгінде бұлардың құрамына енген
əртүрлі тайпалық одақтар атаулары да белгілі бола бастады. Сонымен қатар бұл мемлекеттердің алғаш
рулық-тайпалық бірлестіктер ретінде бой көтеріп, қалыптасқандары, жəне біртіндеп «Үйсін елі»,
«Қаңлы елі» «Хұн елі» атанғандары тағы белгілі.
Сонымен қатар бұл мемлекеттер арғы түркі халықтарынан құралғанын соңғы зерттеулер дəлелдеп
отыр. Олай болса, Қазақстан территориясындағы Хұн, Үйсін, Қаңлы ерте мемлекеттік құрылымдарын
қытай жылнамаларын да айтылғандай «Ежелгі арғы түрік (прототүрік) мемлекеттері» деп
неге атамасқа?! Тарихымызда б.з.б. II ғасыр мен б.з. V ғасыры аралығындағы этно-саяси үрдістер
шын мəнінде назардан тыс қалып келеді. Зерттеушілердің де бұл кезеңнің тарихи бетбұрыстарына
назар аударғандары шамалы. Бүгінде тарихымызда сондықтан да, бос кеңістікке айналған бұл
аралықта Орталық Азияда, оның ішінде қазақ даласы да бар, түркітілдес халықтардың жəне олардың
мемлекеттерінің қалыптасуына шешуші ықпал жасаған мемлекеттік құрылымдардың пайда болып,
өмір сүргендері белгілі. Олар, атап айтар болсақ Телелердің тайпалық бірлестіктері, Йоебан (Юебань)
мемлекеті, Сыр-Енда (Се-Янто) қағанаты, Йада (Яде) елі жəне т.б. Бұлар туралы тарихымызда нақты
айтылуы керек еді. Өкінішке орай кеңестік кезеңдегі ескі сүрлеуден шыға алмаған кейбір зерттеушілер
мұндай мемлекеттік құрылымдар тарихына əлі мəн бермей келеді. Айтарымыз, осы аталмыш тарихи
кезеңді «Түркі елінің жəне оның мемлекеттігінің қалыптасуының алғышарттары» деген атаумен
қарастырған жөн. Тарихымызда кеңінен айтылатын кейініректе қазақ халқын құраған Дулу, Албан,
Суан, Қыпшақ, Қимақ, Алшын тəрізді тайпалардың тарихи тамырларының осы аталған мемлекеттік
құрылымдармен тығыз байланысты екендігін жекелеген зерттеушілер монографиялық зертеулерде жа-
зып жүрсе, біз мұндай маңызды мəселеге неге назар аудармаймыз?
Тағы бір көңіл бөлер нəрсе, «б.з. VI ғасырынан бастап Қазақстан аймағы түркі мемлекеттерінің
құрамында» деген атаумен Қазақстан тарихының бір үлкен тарауын оқу орындарында оқытып жүрміз.
Хронологиялық тұрғыдан алғанда бұл кезең VI-XI ғасырларды қамтиды. Бұнда біз Батыс түрік
қағанатының Шығыс түрік қағанатынан бөлініп жеке мемлекет болғанын баса көрсетуге тырысамыз,
жəне Қазақстан аумағына қатысы жоқ деген оймен Бірінші жəне Екінші Шығыс түрік қағанатын на-
зардан тыс қалдырып, тек Батыс түрік қағанатының тарихын күллі түркі дүниесінен бөліп алып, ар-
найы оқытамыз. Осылай бола тұрса да, шығыс түріктерінің Күлтегін, Білге қаған, Тұнықұқ (Тонкөк)
тəрізді тарихи тұлғаларын арғы бабаларымыз ретінде мақтаныш етеміз. Бүгінде осындай қайшылықты
ұстанымнан неге бас тартпаймыз? Мəселенің шындығына келсек, қытай жылнамалары көрсетіп
отырғандай, Түркі қағанаты мемлекеттік тұрғыдан нақты түрде екіге бөлінуге ешқашанда ұмтыла
қойған жоқ. Елді арандатып, батыс түркілеріне жəне шығыс түркілеріне бөлшектеушілер қағандар,
тегіндер жəне шорлар. Шын мəнінде түркі халқы əрқашан да бірге болып, бір қағанға бағынуды арман-
дады. Сондықтан да, тіптен, Батыс түріктегі кейінгі Түргеш қағанаты тұсында да Сары түркештердің,
шығыс түркілері тəрізді Ашына əулетінен хан (қаған) тағайындап отырғандары белгілі. Батыстағы
түріктердің билеушілерінің қара халықтан шығуы, қара түркештер билеген заманнан, дəлірек айтар
болсақ олардың көсемі Баға қағаннан бастап қана орын ала бастады.
Оның үстіне Батыс Түрік пен Шығыс Түрік бірлестіктерінің ара-жігін нақты ашатын шекаралық
өлшемдер дегеніңіз шын мəнінде ешқашанда болған жоқ. Сондықтан да Шығыс Түрік қағандары
əрқашанда Батыс Түрікті Темір қақпаға дейін қайта жаулап алуға күш салумен болды. Біздің Батыс Түрік
қағанаты деп жүргеніміз кеңестік кезеңде еуроцентристік пиғылдағы тарихшылардың ойдан шығарған
атауы. Шын мəнінде Батыс Түріктерінің мемлекеті «Он оқ елі» деп аталғаны белгілі. Қытайдың Таң
35
империясы мемлекетті осы атаумен таңыды. Біз əңгімелеп жүрген Түркеш қағанаты жəне оның орны-
на келген Қарлұқ қағанаты тіптен Қарахан хандығы шын мəнінде бұрынғы Он оқ елі еді. Сондықтан да
жоғарыдағыдай жаңа қағанат атаулары тарихи деректерде кездеспейді. Оларда əңгіме билікке келген
тайпа жəне əулет атымен аталатын ел туралы ғана болады. Олай болса, VI-IX ғасырлардағы Батыс
Түрік, Түркеш, Қарлұқ қағанттары тарихымызда «Он оқ еліндегі» этно-саяси өзгерістер» деген жаңа
атаумен тарихымызға енуі керек деп ойлаймыз. Мемлекет билігін уақытша басып алған Түркеш жəне
Қарлұқ тəрізді тайпалардың атымен мемлекеттік құрылымды атау тарихымыздың тайпалық жан-
жалдармен, тайпа одақтарының қайта қалыптасу үдерістері кезеңінде өмір сүргенін дəлелдеп, ерте
ортағасырларда Қазақстан аймағында «Он оқ елі» атты қуатты Түркі мемлекетінің өмір сүргенін шын
мəнінде жоққа шығарады.
Тарихымыздағы келесі кезең «Қазақстан аймағындағы IX-XII ғасырлардағы мемлекеттер» деген
атаумен оқытылып жүр. Бұнда Қарахан хандығы, Қимақ қағанаты, Қыпшақ хандығы, Қарақытайлар
мемлекеті қарастырылады. Шын мəнінде бұл кезең Қазақстан аумағына шығыс түркілерінің
(Наймандардың, Меркіттердің, Керейлердің, Жалайырлардың, Қоңыраттардың, Уақтардың,
Басмылдардың, Арағулардың, Оғыздардың жəне т.б.) қоныс аударған заманы. Бұл ақуал Қазақстан
аумағын ғаламат ауқымды этно-əлеуметтік өзгерістерге ұшыратты. Осының нəтижесінде Түркештер
билігі тұсында бой көтерген Алаш тайпалық бірлестігі тарихи географиялық жəне этно-əлеуметтік
тұрғыдан өрісін кеңейтіп, болашақ Алаш қауымдастығының іргесін орнықтыра бастады. Бұл бағытты
Шыңғысхан бастаған мооғолдардың жаулау əрекеті де тежей алмады. Жəне керісінше мұны жеделдетіп
жіберді. Монғолдар мен бірге қазақ жеріне қоныстанған мəнжұр жəне түркі тілдес тайпалар қазақ да-
ласында автохтонды түркілердің тілдік аясына тап болып, осы ортада ашықтан-ашық теке тіреске ба-
рып, нəтижесінде өзара сұрыпталып, алғаш монғол-түрік атанса, кейініректе «моғол», «жете» атанып,
ақырында түркілердің жаңа қауымдастығының жеңіп шығуына ықпалдар жасады.
Осылайша, б.з. XIV-XV ғасырларында қазақ даласында алғаш үш сан Алаштың (Жалайыр,
Қоңырат, Алшын), одан соң алты сан Алаштың (Жалайыр, Қоңырат, Алшын, Найман, Қаракесек,
Қыпшақ) ықпалымен түркілік ортада халықтардың жаңа этно-əлеуметтік қауымдастығы қалыптасты.
Өкінішке орай, осы, халық тарихындағы елеулі үдеріс тарихымызда əлі күнге дейін назардан тыс
қалып келеді. Десекте, соңғы жылдардағы зерттеулер тарихи шындықты қалпына келтіруге сұранып-
ақ тұр. Олай болса, тарихымыздағы арнайы тарауды «XIV-XV ғасырларда Қазақстан аймағында
Алаш қауымдастығының орнығуы жəне оның «Ақ Орда мемлекеті» деп неге атамасқа? Осындай
тақырыптан мемлекеттің құрылу тарихының ғана емес, оның негізін қалаған халық қауымдастығының
тарихының қамтылғанын да аңғаруға балады.
Мұндай да мынаны да ескермеуге болмас: Қазақ хандығының құрылуы «Алты сан Алаштың» ар-
насында пайда болып, «Он сан Алаш» қауымдастығы тұсында, яғни Абылай хан заманында өзінің
шарықтау шегіне жетті. Бұл тарихи кезеңде «Алты сан Алаш» атауы жаңадан тарих сахнасынан шыққан
«Қазақ» этнонимінен алғашқы кезеңде басым түсіп жатса да, біртіндеп онымен қатар қолданылып,
ақырында оның синониміне айналды. Осылайша, қазақ халқы алғаш қазақ атауымен қатар «Алты сан
Алаш» аталса, ал халықтың ұйысып ел болып қалыптасуының соңғы кезеңдерінде қоғамдағы нақты
қолданыста «Он сан Алаш» атауынан «Қазақ» этнонимі басым түсіп жатты. Тарихи үдеріс біртіндеп,
«Алаш» атауын ығыстырған, жəне «Қазақ» атауымен мойындалған, төңірегіне қырықтан астам ру-тай-
паларды біріктірген, жаңа халықтың тарих сахнасына шығуына жол ашты. Олай болса, тарихымыздағы
Қазақ хандығы дəуірін «Қазақ қауымдастығының жəне оның хандығының қалыптасу жəне өркендеу
дəуірі» деп атаған жөн болар.
Мұндағы айтпағымыз, халықтың қалыптасу тарихы мемлекеттің пайда болуынан əлқайда бұрын
орын алатын этно-əлеуметтік құбылыстардан тұрады. Сондықтан да кез-келген елдің, қағанаттың,
орданың жəне хандықтың тарихын зерттеуден бұрын сол мемлекеттерді құрушы халықтың тарихын
зерттеуге баса көңіл бөлуге тиіспіз. Өйткені мемлекеттің мəні мен мазмұны, оның қуаттылығы ең ал-
дымен мемлекет құрушы халықтың сапалық деңгейіне жəне саяси-əлеуметтік белсенділігіне тікелей
тəуелді. Осыны ескерер болсақ, ежелгі жəне ортағасырлардағы мемлекеттік құрылымдардың тарихын
зерттеуден бұрын ол мемлекетті ұйымдастыруға тікелей мұрындық болған халықтың тарихын ежелгі
рулық қауымдастық сатысынан бері қарай, оның халық жəне ұлт болып қалыптасуға дейінгі тарихына
жалғастыра нақты жəне тиянақты түрде жан-жақты зерттеуіміз керек.
Өкінішке орай, күні бүгінге дейін осындай логикалық ұстаным біздің тарихымызда берік орныға
қойған жоқ. Зерттеушілеріміз əлі күнге дейін мемлекет тарихын зерттеумен əуестеніп халықтың
36
шынайы тарихынан алыстап кетті. Сондықтан да біздің тарих əсіресе ежелгі жəне ортағасырларды
баяндағанда тамыры жоқ ағашты көз алдыңызға елестетеді. Жəне сондықтан да ол, көбіне шынайлықтан
гөрі қисынсыздыққа жəне аңызға ұқсап кетеді. Ежелгі жəне ортағасырлардағы қағанаттарды, ордалар-
ды, хандық құрылымдарды өзпара оқшаулау, мəселені олардың дамуындағы тарихи сабақтастықты
ескермей, көрші туысқан халықтардың тағдырына байланыстырмай баяндау, əрбір мемлекеттік
құрылым аясынан мүлде жаңа тайпалық, рулық немесе халықтық бірлестіктерді «ойлап» табу бүгінгі
тарихымыздағы шатасуларды қысқаша айтар болсақ, міне осындай.
Тарихымызды, этникалық мəселелерді айпағанда, саяси тұрғыдан да жүйесіздікке ұрындырып,
тарихтағы саяси сабақтастық пен мемлекеттік жалғастықты жоғалтып алдық. Сондықтан да ежелгі
дəуірден бері қарайғы барлық мемлекеттік құрылымдарды негіздеушілер қазіргі Қазақстанның
қожасы болып отырған қазақ халқының ата-бабалары болып табылады деген қисынды логикалық
қағида тарих ғылымында əлі күнге дейін ғылыми тұрғыдан дəлелденбей отыр. Оның басты себебі,
ежелгі үйсіндермен, қаңлылармен жəне ғұндармен кейінгі түркі халықтарының этникалық байла-
ныстары бар ма? Бар болса қандай тайпалық одақтан қандай түркі халықтары бастау алады? Олардың
Он оқ еліндегі, Түркештердегі, Қарлұқтардағы, жəне т.б. ежелгі ру-тайпалармен тарихи тамырын-
да этникалық жалғастық бар ма? Қазақстан аумағындағы қағанат құрушы халықтар мəнжұр тілдес
қидандардың жəне монғолдардың билігін неліктен мойындады? Бұл мемлекеттердің өзара тарихи
сабақтастығын қалыптастыруға қандай халықтар шешуші еңбек сіңірді? - деген сауалдарға тарихшы
ғалымдарымыздың зерттеулері əлі күнге дейін тиянақты да, мəнді жауап бере алған жоқ.
Күні бүгінге дейін Қазақстан тарихынан жазылатын еңбектердің біріншіден, географиялық
аумағының дұрыс болмауы; екіншіден, мемлекет құрушы халықтың ата-бабаларының жəне кейінгі
ұрпақтарының кімдер болып табылатының салыстырмалы түрде қарастырылмауы, сондай-ақ, объек-
тивті жəне субъективті себептерге байланысты көшпелі, бірақ автохтонды халықтың ғасырлар тезінен
өткенде қандай этно-əлеуметтік өзгерістерге ұшырағанының ескерілмеуі, ғылым еңбектер жазғанда
олардың құрылымында халықтың емес, мемлекеттік жүйенің тарихының бірінші кезекте баянда-
луы жəне тағы басқалар толыққанды шынайы тарихты қалыптастыруға үлкен кедергі жасап келеді.
Сондықтан да біздің тарихымызда «прототүркі», «протоалаш», «алаш қауымдастығы», «прото қазақ»
деген атаулардың əлі күнге дейін сабақтастық негізде орнықпай келе жатқаны ешкімге құпия емес.
Сонымен бірге халықтың қалыптасу тарихында шешуші рөл атқарған демонимдердің (халықтың атау-
лары), этнонимдердің (рулық-тайпалық құрымдардынң атаулары), патронимдердің (рулық тармақтардың
атаулары), когнонимдердің (ата тегтік жəне əулеттік атаулар), апеллятив-антропонимдердің (арғы
бабаның аты) еліміздің тарихын зерттеуде нақты жəне жүйелі түрде қарастырылмай келе жатқаны жəне
белгілі. Бүгінгі Қазақстан тарихынан жарық көрген көп томдық еңбектердің сүреңсіздігі, жəне тілдік,
логикалық тұрғыдан қасаңдығы оқиғаларды баяндаудағы тартымсыздығы, бəрінен бұрын дəстүрлі
тарихтан мүлде алыстығы жоғарыдағы мəселелерді ескермеуден орын алып отырғаны бəрімізге бел-
гілі. Сондықтан да халық бүгінде ғылыми делінетін шын мəнінде нағыз қасаң тарихтан гөрі шежірелік
тарихқа қызығушылық жəне ынта танытуда, жəне кəсіби тарихшылардан гөрі кəсіби емес тарихшы-
ларды оқуға құмар. Мұның əрине, əртүрлі себептері бар. Олардың бəрін санамалап жатпай бастыла-
рына тоқталатын болсақ, негізінен еуропалық зерттеушілер жетегімен ғылыми тарих халықтың шы-
найы тарихынан едəуір алшақ кетіп қалған. Халқымыз шежірелік деректердегі өзінің ата-бабасының,
дəлірек айтар болсақ, билердің, батырлардың, рубасшыларының, мемлекеттік тұлғалардың қазақ тари-
хында қандай орын алғанын жəне рөл атқарғанын білгісі келеді. Сонымен қатар халқымыз өзі шыққан
ру мен тайпаның арғы тамырын этно-əлеуметтік қалыптасу тарихын жəне бүгінгі күнге қалай келіп
жеткенін білгісі келеді. Міне, осы мəселелер қазақ халқын ұрпақтар жалғастыру барысында тарихшы
халық ретінде, ауызша тарихтың маманы түрінде, жəне ататек шежіресін жатқа айтатын деректанушы
азамат ретінде қалыптастырды. Олай болса, бүгінгі ғылыми тарих халықтың дəстүрлі тарихына бет
бұрып қана қоймай, дəстүрлі тарих қайнарынан сусындап, одан тікелей бастау алу керек. Қазақ тəрізді
екіжақты, көшпелі жəне отырықшы өркениеттің үздік жетістіктерінің аясында тарихи сипаттағы тар-
тымды аңыздар мен шежірелерді нақты өмірден туындатқан, өзіндік ерекше тарихы бар халықтың
өткенін жазғанда жəне зерттегенде бүгінгі кəсіби тарихшылар осы айтылғандарды ескеруі тиіс. Онсыз
Қазақстан тарихы кеңестік кезеңдегідей еуроцентристік ғылыми құрылымға жəне көзқарастарға
сүйенген біржақты, ескі форматты тарих болып қала береді.
|