Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет29/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47
Мейрамгҥл Нҥсіпбекова, 
Алматы қаласы Түрксіб ауданы
 «Д. Бабаев атындағы №115 жалпы
білім беретін мектеп» КММ-нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
жоғары санатты, шебер-педагог 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҦНЫ БОЙЫНША 
МЕКТЕПТЕ «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІН
5-10 СЫНЫПТАРДА ОҚЫТУДЫҢ ӚЗЕКТІ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Қазақ әдебиетін мектепте оқытудың әдістемесі 
жасалған. ЖОО-дағы болашақ педагогтар онымен толық 
танысып, терең білім игеріп шығады. Ұлттың жаны болатын 
қазақ әдебиетін оқыту теорияға қарағанда тәжірибелік 
жағынан алғанда басқа қырынан танылатыны да рас. «Қазақ 
әдебиеті» пәні жалпы білім беретін мектептерде білім 
«
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 
тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім 


70 
берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сай Қазақстан 
Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 
наурызда № 18382 болып тіркелді) бекітілген үлгілік оқу 
бағдарламалары негізінде тақырыптық күнтізбелік жоспар 
жасалынып оқытылады. 
Әдебиет – сӛз ӛнері. Адам жүрегін 
тербетіп, ақылын таразылап, тілін кестелеп айтқан сӛз 
орнында тұрса ғана әдебиет деген ӛнер пайда болады. 
Сол ӛнерді қалай оқытып жүрміз? 
Оқыту процесінде 
мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – 
мұғалім оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Әдебиетті 
оқытуда әдіс-тәсілдер мол-ақ, бұрыннан келе жатқан 
дәстүрлі зерттеу әдісі, ӛзіндік жұмыс әдісі, мәтінді 
кӛркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше. Заман талабына 
сай жаңартылған білім мазмұнына сай жүзден астам тәсіл 
сабақтарда кеңінен қолданылады. Мектепте «Қазақ әдебиеті» 
пәні кӛркем әдебиетті, әдебиет тарихын, әдебиет теориясын, 
әдебиет сынын қамтиды. Жағартылған білім мазмұны 
бағдарламасы да осыған негізделген. (1-сурет) 
 
Жоғарыда айтылған «Стандарт» пен «Бағдарламаға» 
сәйкес оқулықтар жасалған. Сӛзім нақты болу үшін 5-
сыныптың «Қазақ әдебиеті» оқулығынан мысал келтірейін, 
5-сыныпта аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат оқытылады.
1. 
«Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны 
бӛлімдерге бӛлінген: түсіну және жауап беру, анализ 
және интерпретация, бағалау және салыстырмалы 
анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын 


71 
бӛлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бӛлімі пән 
бойынша оқу мақсаттарынан тұрады: 
1) Тҥсіну және жауап беру: әдеби шығармаға 
сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық 
мазмұнын түсіну, әдеби шығарманың жанрлық табиғатын 
тану, кӛркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау 
мен даралау, кӛркем шығармалардан алған үзінділерді 
шығармашылық жұмыстарда қолдану, ұлттық құндылық-
тардың маңыздылығын контекстермен үндестіру; 
2) Анализ және интерпретация: әдеби шығар-
маның әртүрлі композиция лық ерекшеліктерін талдау, автор 
бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы кӛрінісі, 
шығармадағы кӛркемдегіш құралдардың орны мен қызметін 
ашу, кӛркем шығармада кӛтерілген мәселелерге талдау жасау 
арқылы шығармашылық жұмыс жазу, қазақ әдебиеті мен 
әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау; 
3) Бағалау және салыстыру: шығарманың тарихи 
және кӛркемдік құндылығын анықтап, бағалау, кӛркем 
шығармадағы кӛтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға 
беру, шығарманың идеясын адамгершілік құндылық 
тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу, ғылыми еңбектерді 
негізге ала отырып, әдеби сын жазу. 
Бұл сыныпта оқуға қамтылған шығармалар «Таза, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет