95
Бекзат Ералиева,
Алматы қаласы Әуезов ауданы
Қ.А.Яссауи атындағы №123
мектеп-гимназиясының қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
САПАЛЫ БІЛІМ – САНАЛЫ ҦРПАҚ
Қазіргі таңда – бiлiм беру мaзмұнынa, оқyшы мен
педагог тұлғaсына және қызмeтіне деген кӛзқaрaстaрдың
түбeгeйлі ӛзгeріскe бет бұрып отырғaн кeзeң. Осыған орай,
қазіргі кезде бiлiм беру жүйeсіндe жaсaлып жaтқaн реформа
бaрлық
дeңгeйлeрдегі
білім
мaзмұнын
жaңaртyға
бaғыттaлғaн. Бүгiнгі күн талабы –
Қазақстанның білім беру
жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделуі.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың
негізгі бағыты – білім мазмұнын бағалау және оқулықтар мен
оқу-әдістемелік құралдарды сараптау арқылы білім беру
сапасын қамтамасыз ету.
Елімізде реформаға жиі ұшырайтын екі сала болса,
соның бірі – білім. Осы білім саласында ӛзгерістер жиі
болып тұрады. Осы мәселеге
байланысты білім беретін
мектептердің оқу бағдарламасы жаңа мазмұнға кӛше
бастағанда қоғамның пікірі екіге жарылды. Дегенмен білім
саласындағы мамандардың ӛз уәжі бар. Олардың пікірінше,
білім саласы да бір орнында тоқтап қалмай, әрі қарай дамуы
керек. Ғылым мен технологияның қарқынды дамуы оқыту
әдістемелеріне де түбегейлі ӛзгерістер енгізуді талап етіп
отыр. Осыған сәйкес білім берудің басты құралы –
оқулықтар да заман талабына сай ӛзгеруі тиіс. Жаңа
оқулықтарда теориялық материалдар мен мәтіндердің кӛлемі
азайтылып, оқып, жаттауға
лайықталған тапсырмалардың
орнына баланы ӛздігінен ойлануға және ізденуге жетелейтін
шығармашылық тапсырмалар, тәжірибелік дағдыларын
96
дамытуға бағытталған оқу материалдары кӛбейтілген.
Мысалыға 6-сыныптың «Қазақ тілі» пәні оқулығында
ережелер, ұғым-түсініктер кӛп болса, қазіргі оқулықта әр
түрлі тақырыптағы мәтін кӛп,
яғни оқушының жеке дара
шығармашылығын дамытатын жаттығуларға кӛбірек орын
берілген. Ол ӛте тиімді әдіс екенін құптаймын. Сонымен
қатар «Жаңартылған білім жүйесі санаға бағытталған
бағдарлама екені даусыз. Себебі, саналы білім беру ӛз
ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу,
тәжірибе
жасау жеке, жұппен, топпен жұмыс жасай білу
қабілеттерін дамытуға кӛмектеседі.
Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған
«Қазақ тілін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі ұсынған А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институтының сарапшыларымен келісілген оқулықпен
жұмыс жасап отырмыз. Авторлары: Б.А.Әрінова, Г.М.Раева,
Г.С.Кәрімова, Л.К.Жұмекенова. «Атамұра» баспасынан
шыққан. Оқулықтың мазмұны жағынан бағдарлама толықтай
қамтылған.
Материалды
іріктеуде
және
мәтіндік
тапсырмаларда оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген.
Балалардың
логикалық қабілетін дамытуға, зияткерлік
интеллектуалдық
қабілеттерін
дамытуға
арналған
тапсырмалар кӛбірек берілген. Ӛз бетінше, жұппен, топпен
орындауға арналған тапсырмалар жеткілікті. Бұл бізді
қанағаттандырады. 1,2,5,8-бӛлімдерге тоқталғым келіп отыр.
1-бӛлімде Қазақстандағы кӛрікті жерлер, 2-бӛлімде
ұлттық және отбасылық құндылықтар, 5-бӛлімде
тарихи
тұлғалар, 8-бӛлімде қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен
салт-дәстүрлері. Наурыз бӛлімдерінде 1 -ден 12-тапсырмаға
дейін берілген. Бұл тапсырмалар оқушылардың ойлау
қабілетін дамытады, қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін
үйретеді. Оқулықтағы осы тапсырмалар арқылы балаларға
дәстүрлі тәрбие бере аламыз. Алған білімдерін күнделікті
ӛмірде қолдана алуға мүмкіндік жасаймыз. Алайда, «Қазақ
тілі» оқулығында пәнаралық байланысқа келмейтін бӛлімдер
97
де бар. Спорт, ғылым мен технология сияқты бӛлімдердің
орнына балаларға ұлттық тәрбие бере алатын бӛлімдер
кӛбейсе. Себебі, ұлттық тәрбиемен сусындап ӛскен ұрпақ –
нағыз ұлтжанды азамат болып ӛсері сӛзсіз, оған кәміл
сенемін.
Ҧсыныс: Жаугершілік замандағы «ақ
найзаның
ұшымен, ақ білектің күшімен» елін қорғаған батырларымыз
жайлы аңыздарды кӛбірек оқытсақ елін, жерін қорғар нағыз
патриоттар тәрбиелер едік деген ойдамын.
Достарыңызбен бөлісу: