Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
Қазақстан халқына жолдауы.
2. Бейсенбаева А.А. Мектептегі білімнің теория және
тәжірибесін ізгілендіру. –Алматы: Ғылым,1998.
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Педагогикалық
шеберлік орталығы, «НЗМ» ДББҰ, Астана, 2017. – 12-13б.
98
Аманғали Мҧхтаров,
«Ӛрлеу» БАҰО»АҚ филиалы,
Алматы облысы бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру
институты «Білім беру процесін психологиялық-
педагогикалық тұрғыдан қолдау»
кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.к.
МАХАМБЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫНДА
ҚОЛДАНЫЛҒАН КӚРКЕМДІК ТІЛДІК ҚҦРАЛДАРДЫ
ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ
«Әдебиет – ардың ісі» деген сӛз академик Зейнолла
Қабдоловтың аузынан шыққанда ауырлау, салмақтылау
естілетін.
Сол
сӛзімен-ақ
филология
факультетінің
студенттеріне зіл-батпан ар жүгін артып, әдебиетке салғырт
қарамау керегін санасына құйып жіберетіндей кӛрінуші еді.
Осыдан кейін-ақ қазақ әдебиеті пәні мұғалімінің қандай ауыр
міндет арқалап жүргенін түсіне беріңіз. Ал мұны түсінбеген
адам балаға қазақ әдебиетін оқыта алмайды. Тіпті оқытуға
ұждандық құқы жоқ деуге де болатын шығар. Қазіргі
балалардың кӛркем шығарма оқымайтыны үлкенді-кішілі
басқосуларда, тіпті биік мінбелерден де айтылып қалып жүр.
2012-2014 жылдар аралығында Қайнар университетінде
жұмыс істеп жүрген кезімде бір студенттің «Филология
факультетінен басқа бірде бір адам оқымайтын кітаптарды
қинап оқыттыңыз-ау» дегенін естігенмін. Солар қазір
мектептерде қазақ әдебиетінен сабақ беріп жүргенін
ескерсек, кӛркем әдебиетке деген құлшыныстың тӛмендеуіне
ӛзіміз, жоғары буын ӛкілдері кінәлі емеспіз бе деген ой
келеді. Мектептерде қазақ әдебиеті ӛз деңгейінде оқытылса,
сӛз ӛнерінің бағы мұншалық тӛмендемес еді. Енді осы
мәселеге, яғни, жаңартылған білім беру бағдарламасы
аясында қазақ әдебиетін оқыту мәселесіне тоқталсақ...
99
Қазақ әдебиеті сабағында бұрынғыдай кӛркем
шығарманың
мазмұнын
айтумен
немесе
поэзиялық
шығармаларды жатқа айтумен шектеліп қалмаймыз. Бұл
ойлау деңгейінің ең тӛменгі «білу», «түсіну» деңгейі ғана, ал
біз баланы «қолдану», «талдау», «жинақтау», «бағалау»
деңгейіне жеткізуге міндеттіміз. Сонда оқушы сабақтағы іс-
әрекет немесе тапсырма орындау барысында кӛркем
шығарманы оқып, мазмұндап қана қоймай, онда кӛтерілген
негізгі мәселені анықтап, оған анализ жасайды. Оны ӛз
сӛзімен баяндап, баға береді. Басқа шығармалармен немесе
ӛмірлік жағдаяттармен салыстыра қарастырады. Оқушы ӛз
ойын ӛзгелердің пікірімен сабақтастыра сипаттайды немесе
қарама-қарсы пікір айтып, ойын дәлелдеуге тырысады.
Жалпы кӛркем шығарманың кӛтеретін жүгі оқырманын
жамандықтан
жирендіріп,
жақсылыққа
ұмтылдыру,
эстетикалық талғамын қалыптастыру. Шығарманы оқу
барысында ӛзіңе ұнаған кейіпкерге еліктеу бар да, оны жан-
жақты талдап, ақиқатты анықтау бар. Жаңартылған білім
беру жүйесінде осы екінші мәселеге басымдық берілген.
Оқушы дебатқа қатысып, пікірталасқа түседі. Шығармадағы
қанатты сӛздер, мақал-мәтелдер, айшықты тіркестерді
қолданады. Ол ең алдымен осындай мәселелерді меңгеруі
тиіс. Баланы мұндай деңгейге жеткізу тек кәсіби
құзіреттілікті игерген мұғалімнің ғана қолынан келеді.
Жалпы қазақ әдебиетін оқытуға орта буын
сыныптарында сағат саны тӛмендегідей бӛлінген:
5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102
сағат;
9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102
сағат.
Қазақ әдебиетін оқытуда баланың түсіну және жауап
беру, анализ және интерпретациялау, бағалау және
100
салыстыру дағдыларын қалыптастыру кӛзделген. Біз арнайы
әңгіме еткелі отырған Махамбет ӛлеңдері бұрын мектеп
бағдарламасында V, VІІ сыныптарда бірді-екілі берілсе,
ХІХ
ғасырдың
бірінші
жартысындағы
әдебиеттің
демократтық бағыттағы ақыны ретінде 9 - сыныптың
әдебиетінде жан-жақты, жүйелі берілетін. Ал қазір тӛменгі
сыныптардан алып тасталған, тек 9-сыныпта ғана
оқытылады. Осы сыныптағы «Қазақ әдебиеті» пәнінің
базалық білім мазмұны:
Түсіну және
жауап беру
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-
композициялық талдау жасау;
9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді
анықтау;
9.1.3.1 кӛркем шығарманың идеясына сай
кейіпкерлер жүйесін анықтау;
9.1.4.1 кӛркем шығармалардан алған үзінділерді
шығармашылық жұмыстарда қолдану
Анализ және
интерпретация
9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық
мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау;
9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық
тұтастырушы ретіндегі рӛліне талдау жасау;
9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен
айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай
отырып, автор стиліне баға беру;
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып,
шығармашылық жұмыс жазу
Бағалау және
салыстыру
9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы
кӛрінісін заманауи тұрғыда салыстырып,
жаңашылдығына баға беру;
9.3.3.1 шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан
талдап, әдеби эссе жазу;
9.3.4.1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен
әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап,
шағын сын мақала жазу
101
2-тоқсанда
Нысанбай жыраудың «Кенесары –
Наурызбайы», Махамбет Ӛтемісұлының «Махамбеттің
Баймағамбетке айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Бағаналы
терек»,
Ш.Уәлихановтың
«Ыстықкӛл
күнделігі»
шығармалары оқытылады. Осы шығармалардың арасынан
тақырыбымызға орай Махамбет Ӛтемісұлының ӛлеңдерін
бӛліп қарастырсақ... Махамбет шығармаларын оқытуға
шамамен 10-12 сағат беруге толық мүмкіндік бар. Ақынның
бағдарламада берілген үш ӛлеңін мұғалім қалай оқытуы
керек? Жоғарыдағы мақсаттарды қалай таңдаймыз? Оның
тілдік ерекшелігін қалай түсіндіреміз? Жалпы Махамбет
ӛлеңдерін түсініп оқыған адамның құйқасы шымырлап,
жанарынан от ұшқындап кететіні даусыз. Егер бала сондай
сезімге бӛленбесе, тұщынып оқыды деу қиын.
Жоғарыда келтірілген оқу мақсаттарына қарап
отырсақ, бала шығарма мазмұнымен шектелмей немесе
жаттап қана қоймай оны жан-жақты талдап, шығармашылық
жұмыстарына пайдалануына толық мүмкіндігі бар. Осының
ішінен бір мақсатқа тоқталып ӛтсем деймін. «9.2.3.1.
шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп
пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға
беру».
Оқулықта ақынның ӛмірбаяны, саяси күрес жолы, сол
кездегі тарихи жағдай, ақын шығармаларының аударылуы,
күйлері жайында қысқа ғана мәлімет берілген. Сонымен
қатар кӛне сӛздердің түсіндірмесі, қайталау түрлерінің /жәй
қайталау, еспе қайталау, анафора, эпифора/ анықтамасы
берілген. Әрине, Махамбетті таныту үшін бағдарламадағы
үш ӛлең оқулықтағы шағын ақпаратпен шектеліп қалуға
болмайды. Оның басқа ӛлеңдерінде оқыту керек. Мақсатта
берілген құбылту мен айшықтау түрлерін талдау үшін де
жоғарыдағы ӛлеңдер аздық етеді.
Махамбет ӛзі туралы айтқанда «Мен кескекті ердің
сойымын» дейтін жері бар. Осындағы «кескекті» деген
сӛздің мағынасы қандай? Академик З. Қабдолов «айбарлы,
102
айдынды» деген синонимдерін береді. Бәріміз түсінетін
сияқтымыз, алайда дәл мағынасын бала да сұрамайды,
мұғалім де түсіндіруге тырыспайды. Ӛйткені осыны ӛзіміз де
білмейтін сияқтымыз. Тағы бір ӛлеңінде ақын
...Мен тауда ойнаған қарт марал
Табаным тасқа тиер деп,
Сақсынып шыққан қиядан, -
деген метафора қолданады. Нарынқұмда ӛскен Махамбет
Алтайды мекендейтін маралды қайдан білген деп
таңғаламыз. Демек білген, біліп қана қоймай, оның тауда
жүретінін, табанын тасқа тигізбеуге тырысып, сақсынып
жүретініне дейін білген?! Артынша
...Мен бір шарға ұстаған
қара балта едім.
Шабуын таппай кетілдім,
Қайрасаң тағы жетілдім... – дейді.
Осындағы «қара балтаны» қаланың баласына түсіндірмесең
тағы болмайды. Исатай батырды суреттегенде:
Құландай ащы дауыстым!
Құлжадай айбар мүйіздім!
Қырмызыдай ажарлым!
Хиуадай базарлым!
Теңіздей терең ақылдым!
дейтін
жерлері
бар.
Осындағы
теңеулерді бала жетік түсіне ме? Мұғалім соны түсіндіруге
жете кӛңіл бӛле ме? Құланның даусы ащы болатынын ӛз
басым Махамбеттен білдім. Шынымды айтсам, тірі
құланның даусын әлі күнге естіген емеспін. Исатай жауға
шапқанда «ақырған» даусының ӛзі оның қаншалық айбарлы
екенін кӛрсетіп тұрғандай. Келесі жолда «Құлжадай айбар
мүйіздім» дейді. Мұны қалай түсіндіресің?! Ары қарай
батырдың, алып күштің иесі емес, «ажарлы, базарлы»
адамның образы кетеді. Ажарлы деген сӛзге қарап
«қырмызыны» түсінуге болатын шығар. Алайда «Хиуадай
базарлым» деген теңеу тағы тұр. Әрі-беріден соң «Исатайға
103
Хиуаның базарының қандай қатысы бар?» деген ой келеді.
Жоқ, оның қатысы бар екен. Халел Досмұхаметов «Аламан»
еңбегінде Исатай батырдың үйінен қонақ арылмайтынын,
сол қонақтарға арнап күніне бір тай немесе бір құлын
сойылып қонақасы берілетінін жазады. Демек, құжынаған
Хиуаның базарын кӛрген Махамбет Исатайдың кӛпшіл адам
болғанын осылай суреттеп отыр деп ой түюге болады.
Осының бәрін бүге-шігесіне дейін талдап тұрып түсіндірмесе
баланың кӛз алдына Исатай мен Махамбеттің кесек образы
келмейді. Оның бәрін баланың ӛзі түсіне алмайды. Бұл –
тропқа қатысты әңгіме. Мақсатта берілген фигураны да
осылай түсіндіруге тура келеді. Біз сонда ғана шығарманың
кӛркемдік ерекшелігін түсіндіріп, балаға талдау жұмысын
жасауға мүмкіндік береміз. Бала осының бәрін жете
түсінгенде ғана автор стиліне баға бере алады. Сонда ғана
жоғарыдағы мақсатқа жетеміз.
Әр сабақта әрбір мақсатқа осылай кӛңіл бӛліп, ерінбей
еңбек еткен мұғалімнің ғана жұмысы нәтижелі болады.
Жаңартылған бағдарламаның талабы осы.
Достарыңызбен бөлісу: |