Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы


бетімен білім алуға талпыну керек,»



Pdf көрінісі
бет44/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
бетімен білім алуға талпыну керек- дейді Ахмет 
Байтұрсынұлы. Бұл бүгінгі заманның талабы. Оқулықты 
бала түсінетін тілмен жазу керек деп ойлаймын. Ахмет 
Байтұрсыновтың оқулық жазудағы тәжірибесі – бүгінгі таңда 
оқулық жазған ғалымдарға ғана емес, мұғалімдерге де үлкен 
мектеп.Осы жайды оқулыққа автор болып жүрген 
мұғалімдер де ескерсе екен...
Әрине, оқулық авторларының айтуы бойынша барлығы 
стандартқа сай болуы керек. Сол стандарт негізінде 
қабылданған бағдарламадан ауытқуға болмайды дегенді кӛп 
айтады. Осындай жоғарыда айтылған жағдайларды ескере 
келіп, «Даудың басы – Дайрабайдың кӛк сиыры» - деп 
ойлаймыз. 
Ұсыныстар: 
1. Стандартқа ӛзгерістер енгізу; 
2. Бағдарламаны қайта қарастыру; 
3. Бекітілген оқулықтардың мазмұнын заманауи 
бағытта беру; 
4. Қазақ әдебиетін жеке пән ретінде оқыту; 
5. Қазақ әдебиеті оқулығының мазмұнын оқу орыс 
тілінде жүргізілетін мектептерге бағыттап жазу. 
Қазіргі кездегі білім мазмұнының жаңаруы, жаңа 
технологиялық жаңалықтар – ақпараттандыру, оқытудың 
жаңаша 
әдіс-тәсілдері, 
заман 
талабына 
сай 
оқу 
бағдарламалары – барлығы заманауи талаптарға сай 
оқытудың маңызды құралдары. Білім саласындағы түбегейлі 
ӛзгерістер ұстаздан ӛз мамандығының майталманы бола 
отырып, жан-жақты тұлғаны тәрбиелеуде құзыретті 
маман,әрі кӛшбасшы болуды талап етеді. Олай болса, жаңа 
әлемдегі жаңа Қазақстанда ӛмір сүретін жас ұрпақты 
оқытып, тәрбиелеу – аса күрделі жауапты жұмыс. Мұндай 


117 
іске ұстаздардың психологиялық, педагогикалық, әдістемелік 
біліктілігі, жоғары адамгершілік қасиетімен бірге, кәсіби 
даярлығы болуы керек. 
Әдебиеттер: 
 
1 Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани 
жаңғыру» атты мақаласы// «Айқын» журналы, - № 3.2017 
жыл. 
2. Г.А.Рудик «Ойлау еңбегінің мәдениеті және оқытудың 
101 техникасы» - Қостанай 2010 жыл. 
3. Ж.Қалиева. Орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен 
әдебиетін оқытуды жетілдірудің ӛзекті мәселелері// Қазақ 
тілі мен орыс әдебиеті орыс мектебінде журналы.№ 3, 2003 
жыл. 
4.А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы. – Алматы: «Ана тілі» 
1992. – 416 бет 
5. М.Жұмабаев. Педагогика – Алматы: «Ана тілі» 1992. – 
160 бет 
6. Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы. – 
Алматы, 2007. – 184 бет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет