118
«Орта білім берудің жаңартылған мазмҧны аясында
қазақ әдебиетін
оқытудың ӛзекті мәселелері» атты
республикалық ғылыми-практикалық
конференцияның
Қ А Р А Р Ы
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың
халыққа арнаған Жолдауында айтылған білім сапасына
қатысты сындарлы ойларын жүзеге асыруға байланысты
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.
Аймағамбетовтың
оқулықтардың
сапасын
жақсартуға
байланысты 10 қадамын қолдай отырып, бүгінгі баяндамалар
мен ұсыныстардың негізінде
конференция мынандай қарар
қабылдайды.
Конференцияға қатысушылар жалпы білім беретін
мектептерде жаңартылған мазмұндағы қазақ әдебиетін
оқытуда мұғалімдер оқушылардың ӛзіндік таным әрекетін
ұйымдастырудың жаңа түрлерін, тәсілдері мен әдістерін,
технологияларын меңгеру үстінде екендігі атап кӛрсетілсін.
Қазақ әдебиеті курсының жас ұрпақтың әдеби
танымының
қалыптасуында, бойында рухани құндылықтар
мен ұлттық рухани кодтың қалыптасуында, ұлттық
бірегейліктің сақталуындағы басты ролін ескере отырып, ҚР
БҒ министрлігіне мынадай пәрменді шараларды қолға алу
ұсынылсын:
1. Орта мектептердегі қазақ әдебиеті курсының жалпыға
міндетті білім стандарты мен оқу бағдарламалары аталған
пәннің ұлттық ерекшеліктері мен қалыптасқан дәстүрін
ескере отырып, мазмұндық, тілдік тұрғыдан отандық, ұлттық
әдебиеттанушы
ғалымдардан, әдіскер ғалымдардан және
шығармашыл мұғалімдерден жұмыс тобын құрып қайта
дайындау;
2. Оқу басқа тілде жүретін мектептердегі қазақ тілі мен
қазақ әдебиетін жеке пәндер ретінде қайта қарау;
119
3. Қайта дайындалған жалпыға міндетті білім стандарты
мен оқу бағдарламалары бұқаралық ақпарат құралдарында
жарияланып, кең қоғамдық талқылауға салынсын.
Сонан
кейін ғана ҚР Білім және ғылым министрлігінің тарапынан
бекітіліп, қолданысқа енгізу;
4. Оқулық
авторлығына
үміткер
әдебиеттанушы
ғалымдарға, әдіскер ғалымдарға және шығармашыл
мұғалімдерге арнайы біліктілік курстарын ӛткізу;
5. Осы
жетілдірілген
стандарт
пен
оқу
бағдарламаларына сәйкес қазақ әдебиеті оқулығының
материалдары оқушылардың
жас ерекшеліктеріне сәйкес
іріктелген, ғалым-мамандардың сараптамасынан ӛткен
материалдармен қайта жазуды кезең-кезеңімен жүзеге
асырудың кестесін жасау;
6. Қазақ
әдебиеті
курсының
стандартын,
оқу
бағдарламаларын және оқулықтарды дайындауда ҚР Білім
және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М.О. Әуезов
атындағы әдебиет және ӛнер институтын, Абай атындағы
Қазақ ұлттық
педагогикалық университетін, Ы.Алтынсарин
атындағы ұлттық білім академиясын жауапты ұйымдар
ретінде белгілеу;
7. Қазақ әдебиеті курсы бойынша хрестоматиялық
шығармалардың ғылыми базасын жасақтау;
8. Оқу бағдарламалары мен оқулықтарды талдау және
сараптамалық бағалау мамандарын арнайы даярлау, жабық
сараптама арқылы бағалау жүйесін қалыптастыру;
9. Мектеп оқулықтарын
басып шығаруға маманданған,
редакторлар мен корректорлар институты қалыптасқан
мемлекеттік
қазыналық
кәсіпорын
түріндегі
баспа
қалыптастыру;
10. Білім
стандартын,
оқу
бағдарламаларын,
оқулықтарды пайдаланушылар ретінде ҚР БҒМ және
Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы жанынан
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің республикалық
ассоциациясын құру;
120
11. Жаңартылған
білім
беру мазмұны бойынша
мұғалімдердің білімін кӛтеру және біліктілігін арттыру
жұмысын қолға алу;
12. Білім және ғылым министрлігі құрылымында қазақ
тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытылу ісін үйлестіріп,
қадағалап жүзеге асыратын мамандандырылған құрылым
жасақтау;
13. Жалпы білім беретін мектептерде оқу үдерісіне
енгізу мақсатында білім мен ғылым интеграциясы аясында
«Қазақ балалар әдебиетін зерттеу мен оқытудың ӛзекті
мәселелері» атты ғылыми-педагогикалық бағыттағы жоба
әзірлеу;
14. Жалпы білім беретін
мектептер мен жоғары оқу
орындарында оқытылатын бірыңғай әдеби минимум
бағдарламасын әзірлеу және қолданысқа енгізу.
Осы қарар конференцияға қатысушылардың ұсы-
ныстарына сәйкес, негізінен, бір ауыздан қабылданып, Білім
және ғылым министрлігіне және басқа да тиісті орындарға
жолдансын! Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын!
Достарыңызбен бөлісу: