Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата22.12.2016
өлшемі1,64 Mb.
#205
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

Биология 
Ғылыми-жаратылыстану  жүйесінде  «Биология»  әлемнің  ғылыми-
жаратылыстану  сипатын  қалыптастыруда,  оның  қоршаған  ортадағы  орнын 
адамның танып-білуінде, оның тұлғалық қасиеттері мен азаматтық көзқарасын 
қалыптастыруда түйінді рөл атқарады.  
Биология пәнін оқытудың мақсаты – табиғат заңдылықтары мен адамның 
табиғатпен  тиімді  қарым-қатынасы  туралы  білім  негіздерін  қалыптастыру, 
оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  және  шығармалық  қабілеттерін 
дамыту. 
Осы  мақсатқа  қол  жеткізу  келесі  міндеттерді  шешу  арқылы  қамтамасыз 
етіледі: 

 
оқушылардың  органикалық  табиғатты  оқып  білуге  деген  танымдық 
қызығушылығын дамыту; органикалық әлемнің біртұтас бейнесі туралы түсінік 
қалыптастыру;  оқушылардың  тірі  табиғат  пен  өмірлік  құбылыстардың,  себеп-
салдар  байланыстарының  заңдылықтары  туралы  білімін  жүйелі    меңгеруі; 
оқушылардың биология аясындағы танымдық тәсілдерді меңгеруі; 

 
оқушылардың  ғылыми-жаратылыстану  жүйесіндегі  басқа  пәндердің 
мазмұнымен кіріктіру арқылы білімдерін қалыптастыру; 

 
оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын,  табиғатты  үнемді 
пайдалану  және  қорғау,  медицина,  ауыл  шаруашылығы,  биотехнология 
аумағында еңбек ету дағдыларын қалыптастыру;  

 
зерттеу  дағдыларын,  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту,  сыни 
тұрғысынан  ойлау,  өздігінен  іздену  және  ақпаратты  терең  талдау  дағдыларын 
қалыптастыру; 

 
биологияның  гуманистік  рөлін,  оның  тұрақты  дамудағы,  жасыл 
экономиканы  жүзеге  асырудағы  маңыздылығын,  адамзаттың  экологиялық, 
ауыл-шаруашылықтық,  өндірістік,  энергетикалық  проблемаларын  шешудегі 
рөлін ашып көрсету; 

 
тұлғаны табиғатты сүюге тәрбиелеу, олардың патриоттық сезімдері мен 
азаматтық көзқарастарын қалыптастыру. 
6-9-сыныптарда  «Биология»  пәнін  оқыту  орта  мектептерге  арналған  оқу 
бағдарламасына  сәйкес  (ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  3 
сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген)  жүргізілуі  тиіс.  Практикалық  және 
лабораториялық жұмыстарға, функционалдық сауаттылық пен шығармашылық 
қабілеттерін  қалыптастыру  мақсатында,  әсіресе,  ғылыми  жобаларға  ерекше 
көңіл бөлу қажет. 
6-сыныпта биологияны оқудың ерекшелігі «Өсімдіктер» бөлімін оқып білу 
болып  табылады.  Оқу  материалы  «Өсімдіктер»  дүниесінің  маңызы  және  Жер 
бетіндегі өсімдіктер әлемінің көптүрлілігі, өсімдіктердің табиғаттағы және адам 

88 
 
өміріндегі  маңызы,  олардың  жасушалық  құрылысы  туралы  түсініктер 
қалыптастыруға  бағытталған.  Оқушылар  ауылшаруашылығы  өсімдіктерінің 
көптүрлілігімен,  олардың  экологияға  әсерімен,  сонымен  қатар  өсімдіктердің 
жүйелеуімен  және  жер  бетіндегі  органикалық  дүниенің  көптүрлілігімен  – 
вирустар,  бактериялар,  саңырауқұлақтар,  қыналармен  танысады.  Оқу 
материалын  игеру  барысында  өсімдіктерді  зерттеу  бойынша  бақылау  және 
практикалық, зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың зияткерлік, 
шығармашылық қабілеттері дамиды.  
Биологиялық  танымдылықтың  теориясын,  заңдары  мен  заңдылықтарын, 
түсініктерін,  ғылыми  және  логикалық  әдістерін  меңгерген,  салауатты  өмір 
салты,  экожүйелер  мен  түрлердің  көптүрлілігін  қорғау,  сақтау  туралы 
білімдерін  тиімді  пайдалана  білетін  жеке  тұлғаны  дайындау  және  тәрбиелеуді 
жетілдіру көзделеді. 
7-сыныпта
 
биологияны  оқудың  ерекшелігі  жануарлар  дүниесін, 
жануарлардың  көптүрлілігі,  олардың  Жер  бетінде  таралуы;  жануарлардың 
құрылысы  және  жүйеленуі;  табиғаттағы  және  адам  өміріндегі  жануарлардың 
маңызы оқылатын «Жануарлар» бөлімін оқып білу болып табылады. Оқушылар 
жабайы  және  үй  жануарларын,  олардың  табиғаттағы  өзара  байланысын, 
жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны мен рөлін оқып біледі. Жануарлар 
тіршілігінің  адамға  тәуелділігін  анықтайды.  Жануарларға  жағымсыз  және 
жағымды  қамқорлық  жасаумен,  жануарлар  әлемін  қорғаумен  танысады. 
Қазақстан  табиғатының  ерекшеліктеріне  сәйкес  нақты  жануар  түрлеріне 
байланысты  ақпарат  қарастырылады.  Оқушылар  сонымен  қатар  өздерінің 
теориялық  білімдерін  практикада  және  зертханалық  жұмыстар  орындауда 
пайдалана алады. 
8-сыныпта биологияны оқудың ерекшелігі «Адам және оның денсаулығы» 
бөлімін  оқып  білу  болып  табылады.  Алдымен  ұлпа  жасушасының,  мүшелер 
және  мүшелер  жүйесінің,  тұтас  организмнің  құрылысы  туралы  білімдерді 
қамтитын  жалпы  мәселелер  қарастырылады,  одан  кейін  организм  қызметінің 
жүйкелік және гуморальдық реттелуі оқылады. Адамның биологиясын барлық 
қырынан  қарап  зерттеу  анатомия,  морфология,  физиология,  адам  гигиенасы, 
салыстырмалы цитология және гистология арқылы жүзеге асырылады.  
Оқушылар  қоршаған  ортада  және  адамның  тіршілігінде  жүріп  жатқан 
заңдылықтар  мен  процесстер  (зат  және  энергия  алмасу,  онтогенез)  туралы 
білімді  меңгеру,  күрделі  емес  тәжірибе-эксперименттік  мәселелер  шешу; 
салауатты  өмір  салты  түсінігін  меңгеру,  оқыған  материалына  талдау  жасап, 
жіктеп,  кесте  құрып,  сызбанұсқалар  құрастырып  үйрену;  ақпаратпен  жұмыс 
істеудің  түрлі  тәсілдерін  оқып  үйрену,  алғашқы  медициналық  көмек  көрсету 
әдістерін  игеру  және  адамның  жасушасы,  мүшелер  және  мүшелер  жүйесі 
туралы білімдерін қалыптастыру. 
9-сыныпта  биологияны  оқудың  ерекшелігі  «Жалпы  биология  негіздері» 
бөлімін  оқып  білу  болып  табылады.  Биологияны  оқытудың  негізі  –  тірі 
организмдердің  жалпы  құрылымдық  ұстанымдарын  меңгеру,  «Жердегі 
тіршіліктің  пайда  болуы»  туралы  түсінік  қалыптастыру;  «эволюция  ілімі, 
генетика  және  селекция  негіздері,  организмдер  мен  ортаның  арақатынасы» 

89 
 
туралы  білім  беру,  сонымен  қатар  тірі  организмдердің  негізгі  құрам  бөліктері 
және  қасиеттері  туралы  біліктіліктерін  қалыптастыру,  тірі  организмдер 
жасушасының  құрылысы  мен  қызметі,  реттелуі  және  гомеостаз,  көбейуі  мен 
дамуы ұғымдары бойынша Жалпы биология білімдерін оқушылар меңгереді.  
Биология  пәнін  оқыту  арнайы  кабинетте,  оқу-көрнекілік  құралдар  мен 
жабдықтар,  көрсетілімдік  және  зертханалық  аспаптар,  ғаламтор,  техникалық 
оқыту құралдармен жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.  
Білім  берудің  негізгі  орта  деңгейінде  оқушылардың  жеке  дамуы 
жалғасады,  игерген  білімдерін  табиғатты  тиімді  пайдалануға  және  табиғатты 
қорғауға  медицина,  ауыл  шаруашылығы,  биотехнология  салаларында 
пайдалануы іске асырылады. Оқушылар тәжірибе жүзінде салауатты өмір салты 
және  адам  гигиенасы  бойынша  білімдерін  пайдаланады;  тіршіліктің  мәнін  ең 
жоғарғы құндылық ретінде түсінгенін көрсетеді. 
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  мақсатында 
келесі бағыттағы жұмыстарды орындау ұсынылады:  

 
оқытуды 
оқу 
материалын 
дидактикалық 
материалдар 
мен 
мультимедиялық ресурстарды пайдаланып игеруге бағыттап ұйымдастыру;  

 
түрлі  ақпарат  көздерімен:  қосымша  оқу  және  анықтамалық 
әдебиеттермен,  мәліметтердің  электрондық  базасымен  өздігінен  жұмыс  істеп 
үйренуді дамыту; 

 
диаграммалар, сызбанұсқалар, талдап жинақталған қорытынды кестелер 
құрастырып, оқу материалын суреттеп, сипаттап, салыстырып, талдап үйренуді 
қалыптастыру; 

 
оқытуды 
өмірмен, 
биологиялық 
процестермен, 
экологиялық 
аспектілермен байланыстыру және салауатты өмір салтын сақтау

 
зертханалық  тәжірибелерді,  практикалық  жұмыстарды  және  зерттеу 
жобаларын, 
шығармашылық 
тапсырмаларды 
өздігінен 
орындауды 
ұйымдастыру; 

 
оқыту  процесінде  аймақтық  құрамдас  бөліктерді  пайдалану,  жергілікті 
флора мен фаунаны сақтау;  

 
оқушылардың сөздік және терминологиялық қорын байыту үшін жүйелі 
жұмыстар жүргізу, қажетті дәлелдемелер жүргізу, қорытынды және жалпылама 
қорытынды жасау. 
Сонымен  қатар,  оқушылардың  ғылыми-жаратылыстану  сауаттылығын 
дамыту аясында биологиялық білімді өмірлік тәжірибеде, оқу және оқудан тыс 
әртүрлі  жағдаяттарда  қолдана  білу  біліктілігін  қалыптастыруға  бағытталған 
практикалық 
тапсырмаларды 
сабақта 
пайдалану 
ұсынылады. 
Бұл 
тапсырмаларды  әзірлеу  және  сабақта  пайдалану  барысында  PISA,  TIMSS 
халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің тапсырмаларына сүйену қажет. 
Осы  тұрғыда  мұғалімдерге  көмекші  ретінде  «PISA,  TIMSS  зерттеулерінің 
тапсырмалары 
негізінде 
оқушылардың 
ғылыми 
жаратылыстану 
сауаттылықтарын дамыту»,  «Халықаралық  зерттеулер  тапсырмаларын  шығару 
бойынша  әдістемелік  ұсыныстар  және  нұсқаулар:  халықаралық  зерттеулер 
тапсырмаларын  шығару  бойынша  практикум»,  «PISA-2015  халықаралық 

90 
 
зерттеуге  дайындықты  әдістемелік  және
 
ғылыми-әдістемелік
 
қамтамасыз  ету» 
әдістемелік  құралы  әзірленіп,  Академия  сайтында  орналастырылған 
(
www.nao.kz
).  Әдістемелік  құралда  PISA,  TIMSS  зерттеулерінің  тапсырмалары 
негізінде  оқушылардың  ғылыми  жаратылыстану  сауаттылығын  дамыту 
бойынша  әдістемелік  ұсыныстар  берілген.  Оқушылардың  білім  жетістіктерін 
зерттеуде қолданылған тапсырмалардың және олардың нұсқаларының үлгілері 
көрсетілген. 
Ескерту.  6-9-сыныптарда  зертханалық  жұмыстар  оқылатын  тақырыппен 
бірге  жұмыс  дәптеріне  орындалады.  Оқушылардың  зертханалық  жұмысты 
орындауын  бағалау  мұғалімнің  шешімі  бойынша  бағаланады  және  сынып 
журналына қойылады.  
6-сыныптың  оқу  материалын  оқып-үйрену  үшін  2015  жылы  басылып 
шыққан 6-сыныпқа арналған оқулықты пайдалану қажет. 
7-сыныптың  оқу  материалын  оқып-үйрену  үшін  бірінші  жартыжылдықта 
6-сыныпқа  арналған  2011  жылғы  оқулықтың  «Жануарлар»  бөлімін,  екінші 
жартыжылдықта  7-сыныпқа  арналған  2012  жылғы  оқулықтың  «Жануарлар» 
бөлімін пайдалану қажет. 
Бұл  биологиялық  заңдылықтарды  зерттеудің  бұзылған  бірізділігін, 
түсініктілігін  түзетуге,  бағдарламалық  материалдың  бірізді  жоспарлануын 
ескере  отырып  қарапайым  биологиялық  ақиқаттылықтан  күрделіге  ауысуға 
мүмкіндік береді. 
Сонымен  қатар  заманауи  қоғамның  ақпараттандырылған  жағдайында  пән 
мұғалімі  қосымша  материалдарды  (қосымша  эвристикалық  әдебиеттерді, 
электрондық  ресурстарды,  арнайы  әдебиеттерді,  анықтамаларды  және  өзінің 
шығармашылығын) 
пайдалануы 
және 
оқушылардың 
пән 
бойынша 
ақпараттарды табу, өңдеу біліктерін қалыптастыруы қажет. 
«Биология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
6-сыныпта аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат; 
7-сыныпта аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат; 
8-сыныпта аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат; 
9-сыныпта аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат. 
 
Физика  
«Физика»  пәнін  7-9-сыныптарда  оқытудың  мақсаты  –  функционалдық 
сауаттылықты дамыту негiзінде оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін, 
танымдық  қызығушылығын,  сын  тұрғысынан  ойлауын,  зияткерлік  және 
шығармашылық қабілетін қалыптастыру. 
Осы мақсатқа жету келесі міндеттерді шешу арқылы қамтамасыз етіледi: 

 
қазіргі  заманғы  әлемнің  физикалық  бейнесінің  негізін  беретін 
физикалық  құбылыстар,  ұғымдар,  заңдылықтар  және  теориялық  қорытынды 
туралы  білімдерді,  табиғаттың  ғылыми  таным  әдістері  туралы  білімдерді, 
құбылыстарды бақылау, эксперименттік тапсырмаларды орындау, болжау және 
жобалауды жүзеге асыру біліктілігін меңгерту

 
 физикалық  экспериментті  орындау  дағдысын,  зерттеушілік  қабiлетін, 
өмірлік  тәжірибеде  мәні  бар  есептерді  шешу  үшін  игерген  білім  және  білігін 

91 
 
қолдану 
үдерісінде 
танымдық 
қызығушылығын, 
зияткерлік 
және 
шығармашылық қабілеттерін дамыту; 

 
оқу және зерттеу жұмысына жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны 
қорғау  және  табиғат  құндылықтарын  тиімді  пайдалану,  қоғам  және  адам 
өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

 
базалық  білім  негізінде  экономикалық  және  саяси,  әлеуметтік,  мәдени 
қызметтерге ат салысу дағдысын тәрбиелеу.  
«Физика» пәнін 7-9-сыныптарда оқытқанда Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген 
оқу бағдарламасындағы
 
талаптардың ерекшелiктеріне, яғни оқушылардың өздік 
жұмыстары  практикалық  және  жобалық  жұмыстардың  орындалуына  назар 
аударылады. Функционалдық сауаттылықты жобалық және iздену, зерттеушiлік 
іс-әрекетті  ұйымдастыру  арқылы  қалыптастыру  ұсынылады.  Жобалық 
жұмыстарды  орындау  үшiн  оқушының  зерттеу  қызметiн  ұйымдастыруға 
арналған (7-8-сынып) жұмыс дәптерiн (С.В. Ударцева, М. Ударцев дайындаған) 
пайдалану  керек.  Мұғалiм  өзі  дайындап  қарапайым  физикалық  құралдарды 
жасауға  негізделген  практикалық  жұмыстарды  қолдануына  болады.  Сонымен 
бірге теориялық мәліметтерді және білім алушылардың практикалық дағдысын 
қалыптастыруға уақытты тиімді бөлу маңызды.  
7-9-сыныптарға  арналған  «Физика»  пәнінің  базалық  оқу  материалының 
мазмұны  оқушылардың  негізгі  игерген  білімдерін  тәжірибеде  көбірек 
қолдануға  бағыттап  және  қазіргі  қоғамда  өмірлік  жағдаяттарға  бейімделуге 
негізделеді.  
7- сыныптар үшін ұсынылатын жобалық жұмыстардың тақырыбы: «Қазіргі 
әлемдегі  нанотехнология»;  «Су  құбыры»;  «Су  көлiгi»;  «Ауада  ұшу»;  «Ең 
қуатты машиналар»; «Тiрi табиғаттағы қуат және жұмыс». 
8-сыныптың  оқу  бағдарламасына  енген  жаңа  тақырыптар:  «Электр 
тогының жылулық әсері», «Электр тогының химиялық әсерi», «Электр тогының 
магниттік әсері» В.М. Ударцева және С.В. Ударцевтың авторлығымен шыққан 
«Физика  және  астрономия»  жұмыс  дәптерін  қолданып  тереңірек  қарастыруды 
ұсынамыз. 
8-сыныптар 
үшін  ұсынылатын  жобалық  жұмыстың  тақырыбы: 
«Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу»; «Жылу берудегі конвекцияның 
орны»;  «Жылу  құбылысының  тірі  организмдегі  рөлі»;  «Суық  кездегі  адам»; 
«Жылу  қозғалтқыштарының  энергетиканың  дамуындағы  рөлi»;  «Жылу 
қозғалтқыштары  және  оның  адам  өміріндегі  маңызы»;  «Жылу  машиналары 
және  табиғатты  қорғау»;  «Жылу  машиналарын  пайдаланудағы  экологиялық 
мәселелер»; «Айдағы, Марстағы, Шолпандағы термодинамикалық жағдайлар»; 
«Көз – оптикалық жүйе»; «Көздiң көру кемістігі және олардың түзету әдiстері»; 
«Оптикалық аспаптар». 
9-сыныптар  үшін  жобалық  жұмыстың  тақырыбы:  «К.Э.  Циолковскийдің 
ғылыми  еңбектерінің  маңызы»;  «Зымырандар»;  «Ғарыш  саласының  қазіргі 
жетістіг»і;  «Күн  мен  жұлдыздардың  энергиясы»;  «Радиактивтi  изотоптар»; 
«Радиактивтi изотоптарды қолдану»; «адиактивті сәулелерден қорғану». 

92 
 
7-9-сыныпта  мұғалiм  физика  кабинетіндегі  оқу  жабдықтары,  құрылғылар 
және электрондық оқу құралдарының мүмкіндігіне қарай өзі практикалық және 
зертханалық  жұмыстарды,  физикалық  практикумды  таңдауға  құқығы  бар. 
Лабораториялық  жұмыстар  мен  физикалық  практикум  жұмыстарын 
(зертханалық  жұмыстарға  арналған  дәптерлерде)  өткізу  барысында  сыныптың 
барлық оқушыларын бағалау міндетті болып табылады. Практикалық жұмыстар 
өткізу  барысында  (жұмыс  дәптерлерінде)  сыныптың  барлық  оқушыларын 
бағалау міндетті емес. 
TIMSS, 
PISA 
халықаралық  салыстырмалы  зерттеуіне  қатысатын 
Қазақстандық  жалпы  білім  беретін  мектеп  оқушыларының  ғылыми 
жаратылыстану  сауаттылығының  нәтижесін  жақсарту  және  физика  пәнінен 
білім  сапасын  арттыру  мақсатында  физика  сабағында  меңгерген  білім, 
біліктілігін  тәжірибеде  және  күнделiктi  өмiрде  пайдалана  білуге  негізделген 
практикаға бағдарланған тапсырмаларды пайдалану ұсынылады. 
Бұл  тапсырмаларды  әзiрлеу  және  қолдану  кезінде  PISA,  TIMSS 
халықаралық  салыстырмалы  зерттеулердiң  тапсырмаларының  жүйесіне 
негіздеу  керек.  Осы  тұрғыда  мұғалімдерге  көмек  ретінде  «PISA,  TIMSS 
зерттеулерінің  тапсырмалары  негізінде  оқушылардың  ғылыми  жаратылыстану 
сауаттылықтарын  дамыту»,  «PISA-2015  халықаралық  зерттеуге  дайындықты 
әдістемелік  және  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  ету»  әдістемелік  құралы 
әзірленіп,  Академия  сайтында  орналастырылған  (www.nao.kz).  Бұл  әдістемелік 
құралда  PISA,  TIMSS  зерттеулерінің  тапсырмалары  негізінде  оқушылардың 
ғылыми  жаратылыстану  сауаттылығын  дамыту  бойынша  әдістемелік 
ұсыныстар берілген. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеуде қолданылған 
тапсырмалардың үлгілері көрсетілген. 
«Физика» пәнінен үй жұмысы – оқу үдерісінің қажетті элементтердің бірі. 
Дұрыс  ұйымдастырылған  жағдайда  ол  сабақ  кезінде  алынған  білімді  бекітуге 
және тереңдетуге ықпал етеді. 
Үй жұмысын ұйымдастыруда төмендегілер ескерілуі қажет: 
1)
 
«Физика»  пәнінен  үй  жұмысын  тек  оқулық  параграфтарын  жаттау  мен 
есептерді 
орындау 
арқылы 
шектеуге 
болмайды. 
Шығармашылық, 
эксперименттік  сипаттағы  және  проблемалық  элементтері  бар  тапсырмаларды 
көбірек қолдану қажет; 
2)
 
үй жұмысына оқушыларды өз іс-әрекетінің нәтижелерін өздері талдауға 
бағыттайтын элементтерді қосу қажет; 
3)
 
мазмұны 
мен 
орындау 
формасы 
бойынша 
көптүрлілігімен 
ерекшеленетін үй жұмыстарын қолдану қажет; 
4)
 
үй  жұмысының  мазмұны  мен  көлемін  анықтауда  оқушылардың  жас 
ерекшеліктеріне байланысты жекелей ерекшеліктерін ескеру қажет. 
«Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
7-сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 
8-сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 
9-сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағат. 
 
 

93 
 
Химия  
 «Химия»  оқу  пәні  ретінде  оқушыларды  күнделікті  өмірге,  өндірістік  іс-
әрекеттерге, білім алуды жалғастыруға, қоршаған ортада мінез-құлық ережелері 
тәртібін ұстауына қажетті химиялық білімдермен қаруландыруға міндетті. 
Химиялық  білім  беруді  жүзеге  асыруда  келесі  қағидаларды  пайдалану 
ескерілген: 

 
химиялық  білім  беруді  ізгілендіру,  экоцентрлік  білім  беруді,  оның 
тәрбиелік және әлеуметтендіргіш әлеуетін күшейту; 

 
химиялық  білім  беру  мазмұнының  жаратылыстану  ғылымының  басқа 
пәндерімен мазмұндық тұтастығы және сабақтастығы; 

 
оқытудың 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларын, 
мультимедиалық  және  сандық  білім  беру  ресурстарын  пайдалана  отырып, 
оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін,  функционалдық  сауаттылығын 
және өздігінен білім алу дағдыларын дамыту; 

 
білім  беруді  саралау  және  даралау,  бағдарлы  оқыту  жүйесінде 
оқушылардың өзіндік білім алу траекторияларын қалыптастыру; 

 
химиялық  білім  беру  мазмұнының  практикалық  және  қолданбалы 
бағыттылығын  арттыру  арқылы  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 
дамыту; 

 
іргелі  білімдердің  ғылымилық,  көрнекілік,  қолжетімділік,  жүйелілік 
дидактикалық  қағидаларының  практикалық-бейімделген  және  қолданбалы 
аспектісімен тиімді арақатынасын сақтау. 
8-9-сыныптарда  химияны  оқытудың  мақсаты  қоршаған  әлем  туралы 
химиялық  білім  және  ғылыми-жаратылыстану  түсініктерінің  біртұтас  жүйесін 
қалыптастыру,  химиялық  технология  саласында  жүйелі-шығармашылықпен 
ойлауға  және практикалық  қабілетті,  сондай-ақ  қоршаған жанды  және жансыз 
табиғатқа экологиялық-гуманистік көзқарасы бар функционалдық сауатты және 
шығармашыл тұлғаны дамыту болып табылады. 
Оқыту міндеттері: 

 
әлемнің  химиялық  ғылыми-жаратылыстану  сипатының  түсініктері, 
заңдары  туралы  білімді  меңгеру  және  олардың  функцияларын  (танымдық, 
кіріктірілген, түсіндірмелі, болжамдық) қолдану; 

 
заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері және қолданылуы арасындағы 
себеп-салдар байланыстарын оқушылардың түсінуі; 

 
химиялық  терминологияны,  химиялық  элементтердің  таңбаларын, 
заттардың формулаларын сауатты пайдалануды қалыптастыру; 

 
заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру

 
заттардың сандық және сапалық құрамын және қасиеттерін оқып-үйрену 
бойынша  химиялық  тәжірибелер  жүргізу  кезінде  қауіпсіздік  техникасының 
талаптарын  сақтай  отырып,  әмбебап  дағдылары  мен  зерттеушілік  біліктерін 
дамыту;  

 
адамзаттың  экологиялық,  азық-түліктік,  өндірістік,  энергетикалық 
мәселелерін  шешуде  химияның  гуманистік  рөлі  мен  өскелең  мәнін  ашып 
көрсету; 

94 
 

 
өмірлік және экологиялық мәселелерді шешу кезінде білім мен дағдыны 
қолдану арқылы функционалдық қабілеттіліктерін дамыту; 

 
мультимедиалық 
сандық 
білім 
беру 
ресурстарын 
қолдануда 
коммуникативті-ақпараттық білік пен дағдыларын дамыту

 
бұдан былайғы оқу бағдарын жауаптылықпен таңдауында негізгі мектеп 
түлегінің оқу уәжі мен дайындығын қалыптастыру; 
«Химия»  пәні  бойынша  дамушы  білім  беру  процесі  оқушылардың 
қоршаған  әлем  туралы  базалық  ғылыми-жаратылыстану  білімінің  дамуын, 
қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  жаңғыруындағы  химиялық  ғылым  мен 
технологияның рөлін түсінуін және оқу мен практикалық іс-әрекетте химиялық 
білімді  қолдану  бойынша  функционалдық  сауаттылығын  дамытуды,  біртұтас 
экологиялық-гуманистік 
дүниетанымға 
тәрбиелеуді 
қамтамасыз  етуге 
негізделген.  
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруға,  олардың 
өздігінен оқу-танымдық іс-әрекеттерін  ұйымдастыруға,  оқудағы  және өмірдегі 
әр-түрлі  жағдайларда  алған  білімдері  мен  меңгерген  іс-әрекет    тәсілдерін 
пайдалана  білу  дағдыларын  дамытуға  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Осыған 
байланысты  зертханалық  және  практикалық  жұмыстарды,  химиялық 
эксперименттерді  жүргізу,  ғылыми  жобаларды  орындау  оқушылардың  жаңа 
білім алуларына, танымдық мәселелерді шешуде және практикалық дағдыларға 
ие  болуда,  химияны  оқыту  уәжін  дамытуда  кеңінен  қолданылуы  тиіс. 
Оқушылардың  дербестігін,  белсенділігін,  ой  өрісін  және  практикалық 
дағдыларын,  олардың  химияға  қызығушылықтарын  дамытатын  оқытудың 
проблемалық-ізденушілік,  интерактивтік,  коммуникативтік,  ойын  әдістерін, 
жобалау  әдістерін  қолдану  ұсынылады.  Өздігінен  орындалған  оқушылардың 
жобаларын  таныстыру,  оқу  жетістіктерін  әрбір  тоқсан  аяғында  бағалау  түрі 
ретінде өткізіп тұру ұсынылады.  
Химия  пәнінен  білім  беру  үрдісін  ұйымдастыруда  төмендегі  әдістемелік 
амалдарды қолданған тиімді:  

 
оқытудың жүйелі-іс-әрекеттік, практикалық-бейімделген амалдары;  

 
химиялық  эксперименттің,  жобалау-зерттеушілік  іс-әрекеттің  рөлі  мен 
алатын орнын күшейту;  

 
қазақстандық және аймақтық компоненттерді ұлғайту;  

 
оқыту-іс-әрекетінің  репродуктивті  формаларынан  өзіндік,  ізденушілік-
зерттеушілік  жұмыс  түрлеріне,  талдаушылық  іс-әрекеттерге  басымдықты 
аударуға,  осыған  байланысты  оқушылардың  бойында  талдаушылық 
қабілеттерді, түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу;  

 
оқытудың интерактивті түрлерін, заманауи ақпараттық-коммуникативтік 
технологияларды пайдалану.  
Оқу үдерісі қышқылдар, сілтілер, органикалық заттар, жылыту құралдары, 
шыны,  сонымен  қатар  химиялық  реактивтер  (сақтау  топтары  бойынша), 
зертханалық  және  тәжірибелік  құралдар,  баспа  құралдары,  мультимедиалық 
құралдар,  электрондық  оқулықтар  және  басқа  да  оқыту  құралдарымен  жұмыс 
істеуге  арналған  нұсқаулық  үлестірмелердің,  «Кабинет  паспортының», 

95 
 
«Қауіпсіздік  техникасының  ережелерінің»,  «Қауіпсіздік  техникасының 
журналының»  болуымен  жабдықталған  кабинетте  жүзеге  асырылады. 
«Прекурсорлар  тізбесіне»  (калий  перманганаты,  күкірт  және  тұз  қышқылдары 
және т.б.) енген заттарды қолдануға тыйым салу қажет.  
Химия  бойынша  үйрету  мақсатындағы  жазбаша  орындалатын  жұмыс 
түрлеріне тапсырмалар, тестер, есептер, презентациялар, конспект- жоспарлар, 
тірек  сызбалар,  талдау  және  қорытындылау  кестелері,  зертханалық 
тәжірибелер, практикалық және бақылау жұмыстары жатады.  
Оқытатын жұмыстардың түрлерін, мазмұнын және көлемін, сонымен қатар 
оқулықтар 
мен 
оқу-әдістемелік 
құралдарының 
тапсырмаларын 
оқу 
бағдарламасының  негізінде  және  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 
стандартының талаптарын есепке ала отырып мұғалім анықтайды.  
Оқушыларда  3  дәптер  болуы  тиіс  (сынып,  үй  жұмыстары  және 
зертханалық  тәжірибелерге  арналған  дәптер;  практикалық  жұмысқа  арналған 
дәптер; бақылау жұмыстарына арналған дәптер). 
Сынып журналына барлық демонстрациялар мен зертханалық тәжірибелер 
оқылатын тақырыппен бірге жазылады (Оттекті алу, №3 демонст., №4 зерт.т.) 
және  мұғалім  таңдауы  бойынша  оқушылардың  жұмыстарын  тексеріп, 
бағалайды.  Практикалық  жұмыстар  (№_  пр.  ж.  «Тақырып»)  және  бақылау 
жұмыстары  (№_  бақылау  жұмысы)  барлық  оқушылардың  жұмыстарын  толық 
бағалау арқылы журналға жазылады. 
Практикалық  және  бақылау  жұмыстарына  арналған  дәптерлер  оқу  жылы 
бойы  сақталады  және  тиісті  жұмыстарды  орындау  үшін  оқушыларға  беріліп 
отырады. 
Бақылау  жұмыстарын  талдауды  оқушылар  бақылау  жұмысынан  кейін 
(сынып  журналына  жазылмайды)  сабақта  орындайды,  сонымен  қатар 
практикалық  жұмыстарды  талдау  мұғалімнің  қалауы  бойынша  және  қажет 
болған жағдайда тиісті дәптерде оқыту жұмыстарынан кейін орындалады.  
Білім  алушылардың  зерттеушілік  мәдениеті  мен  танымдық-ойлау 
белсенділігін  дамыту  мақсатында  белгілі  бір  бөлімді  оқып-үйренуді 
аяқтағаннан  кейін,  шағын  жобаларды  қорғау,  шығармашылық  жұмыс 
байқауларын  өткізу  формасында  дәстүрлі  емес  қорытынды  сабақтарды  іске 
асыру ұсынылады. 
Зертханалық  тәжірибелер  мен  демонстрацияларды  орындау  кезінде  
білімді  қолданудың  практикалық  дағдыларын  дамыту  үшін  видео- 
тәжірибелермен қоса мультимедиалық құралдарды қолдану ұсынылады.  
8,  9-сыныптардағы  алғашқы  химия  сабағында  сынып  журналында  тіркей 
отырып, «Техникалық қауіпсіздік ережесі бойынша кіріспе нұсқау беру» сабағы 
өткізіледі.  
Типтік  оқу  жоспарының  вариативтік  компоненті  арқылы  қолданбалы 
курстар,факультатив сабақтары өткізу ұсынылады.  
Сабақтан тыс жұмыстарды келесідей формалар арқылы ұсынуға болады: 

 
зерттеу жобаларын дайындау және қорғау; 

 
олимпиадалар, байқаулар, тақырыптық кештерді өткізу; 

 
он-лайн  және  қашықтықтан  оқыту  сабақтарын,  олимпиадаларын,  және 

96 
 
байқауларын ұйымдастыру және қатысу; 

 
химиялық  ғылым  мен  өндіріс  нысандарына  таным-жорықтар 
ұйымдастыру. 
Сонымен  қатар,  оқушылардың  ғылыми-жаратылыстану  сауаттылығын 
дамыту аясында химиялық білімді өмірлік тәжірибеде, оқуда және оқудан тыс 
әртүрлі  жағдайларда  қолдана  білу  біліктілігін  қалыптастыруға  бағытталған 
практикалық 
тапсырмаларды 
сабақта 
пайдалану 
ұсынылады. 
Бұл 
тапсырмаларды  әзірлеу  және  сабақта  пайдалану  барысында  PISA,  TIMSS 
халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің тапсырмаларына сүйену қажет. 
Осы  тұрғыда  мұғалімдерге  көмекші  ретінде  «PISA,  TIMSS  зерттеулерінің 
тапсырмалары 
негізінде 
оқушылардың 
ғылыми 
жаратылыстану 
сауаттылықтарын дамыту», « Халықаралық зерттеулер тапсырмаларын шығару 
бойынша  әдістемелік  ұсыныстар  және  нұсқаулар:  халықаралық  зерттеулер 
тапсырмаларын  шығару  бойынша  практикум»,  «PISA-2015  халықаралық 
зерттеуге дайындықты әдістемелік және
 
ғылыми- әдістемелік
 
қамтамасыз  ету» 
әдістемелік  құралы  әзірленіп,  Академия  сайтында  орналастырылған 
(www.nao.kz).  Әдістемелік  құралда  PISA,  TIMSS  зерттеулерінің  тапсырмалары 
негізінде  оқушылардың  ғылыми  жаратылыстану  сауаттылығын  дамыту 
бойынша  әдістемелік  ұсыныстар  берілген  және  оқушылардың  білім 
жетістіктерін  зерттеуде  қолданылған  тапсырмалардың  және  олардың 
нұсқаларының үлгілері көрсетілген.  
«Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  
8-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағат;  
9-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағат.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет