Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата22.12.2016
өлшемі1,64 Mb.
#205
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

 
 
4.5 «Өнер» білім саласы  
 
Музыка  
5-6 сыныптарда «Музыка» оқу пәнін  оқытудың мақсаты – оқушылардың 
музыкалық мәдениетін қалыптастыру, әлемдік музыкалық бейнелерді меңгеру, 
тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту және музыкалық біліктерін, өмірде 

108 
 
қолдана  білуге  негізделген.  Музыка  баланың  бойындағы  асыл  қасиеттерін 
оятып, елін, жерін, Қазақстан Республикасы – Отанын сүюге тәрбиелейді.  
Пәнді оқытудың міндеттері:  
– дәстүрлі қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы адам өмірімен 
байланысы  және  оның  композиторлық  шығармашылығындағы  рөлі  туралы 
білім беру; 

 
оқушылардың  музыка  өнері  жайында  көзқарасын  кеңейту,  музыкалық 
құбылыстарға қызығушылығын дамытып, көркемдік талғамын қалыптастырып, 
музыкалық шығармаларды бағалай білу;  
– музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу; 
–  музыкалық  өнер  арқылы  оқушыларды  адамгершілік  қасиеттерге 
тәрбиелеу; 
–музыка  өнерінің  әртүрлі  әрекеттерінде  оқушылардың  шығармашылық 
қабілетін дамыту.  
Бағдарлама  мазмұны  қазақ  және  түркі халықтарының  дәстүрлі  мәдениеті, 
шығыс  және  батыс  классикалық  музыканың  ең  озық  үлгілері,  қазіргі  таңдағы 
Қазақстан музыка өнері болып табылады.  
«Музыка»  пәні  бойынша  бағдарлама  пәнаралық  интеграция  принципін 
ұстана  отырып,  тіл  және  әдебиет,  тарих  және  бейнелеу  өнерімен  байланыста 
оқытуды көздейді. 
Оқытудың  әдістемелік  жүйесі  үздіксіздік  принципін  ұстана  отырып, 
бастауыш  пен  орта  сынып  арасындағы  сабақтастық,  жүйелілік  пен  бірізділік 
айқындалады. Дербестік принципін ұстана отырып, оқушы музыкалық өнердің 
жан-жақты  дамуы  мен  түрлі  құбылыстарына  жеке  көзқарасын  қалыптастыра 
отыра, мұғалім мен оқушы арасында еркін пікір-таласқа түсіп, өз пікірін ашық 
білдіре алады. Тәжірибелік әрекет ұстанымы музыкалық ұғымдарды игеріп, ән 
айту  және  аспапта  орындау  тәсілін  бойына  сіңірудегі  басты  әдіс  болып 
табылады. 
«Музыка» пәні бойынша 5-6-сыныптарда сағат саны аптасына 1 сағаттан, 
жылына барлығы 34 сағаттан құрайды. 
 
Бейнелеу өнерi  
Оқыту мақсаттары: 

 
эстетикалық  сезімдерді,  бейнелеу  өнеріне  қызығушылығын  тәрбиелеу; 
өнегелі  тәжірибесін  байыту,  ізгілік  пен  зұлымдық  туралы  ойларын  дамыту; 
адамгершілік  сезімдерін  тәрбиелеу,  Қазақстан  және  басқа  елдердегі 
халықтардың мәдениетін құрметтеу;  

 
қиялын,  кез  келген  іске  шығармашылық  тұрғыдан  қарау  ниеті  мен 
икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте 
бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;  

 
өнер  құралдарының  көмегімен  оқушылардың  шынайы  өмірге  деген 
эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу және өмірлік түйсігін қалыптастыру; 

 
халық  шығармашылығына  деген  қызығушылығы  мен  сүйіспеншілігін 
тәрбиелеу;  

109 
 

 
аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту; 

 
оқушылар  көркем  композиция  жасау  кезінде,  сондай-ақ,  орындалған 
жұмыстарды  сыныпта  қарап,  талқылау  процесінде  олардың  көркемдік 
талғамын, талдау қабілеттері мен эстетикалық уәждемелерін дамыту.  
Оқыту  міндеттері:  өзінің  қоршаған  әлемге  көзқарасын  шығармашылық 
жұмыстарында  көрсете  білу  қабілетін  дамыту;сурет,  кескіндеме,  композиция 
бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру;жылы және суық түстермен 
таныстыру  және  оларды  айыра  білуге  үйрету;  бейнелеу  өнерінің  түрлерімен 
(графика,  кескіндеме,  сәндік-қолданбалы  өнер,  мүсін,  дизайн,  сәулет  өнері) 
және  жанрларымен  (пейзаж,  портрет,  натюрморт,  анималистика  және  т.б.) 
таныстыру;көркемдік  дағдыларды  меңгеру  (әртүрлі  материалдармен  жұмыс 
істеу  және  әртүрлі  бейнелеу  техникасын  игеру);  шынайы  өмірде  көркем 
мәдениеттің  көрінісін  байқай  білу  қабілетін  дамыту  (мұражайлар,  сәулет, 
дизайн,  мүсін  және  т.б.);балаларда  сезімдік-эмоциялық  белгілерді  дамыту: 
зейін,  есте  сақтау,  қиял,  елестету;оқушылардың  қолдарының  моторикасын, 
иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту;өзінің көлемді 
композицияларын  жасау  немесе  жазық  және  көлемді-кеңістіктік  тәсілдер 
үйлесімдіктерін  пайдалану  арқылы  көркемдік  құрастыру  элементтерімен 
таныстыру. 
«Бейнелеу  өнері»  пәні бастауыш  мектеп  бағдарламасымен  сабақтастығын 
сақтайды және өнерді мәдениеттің өзара байланысты халықтық және кәсіби екі 
түрін біртұтас ретінде қарастырады. Бағдарлама гуманитарлық пәндердің басқа 
базалық  курстарымен  тығыз  ықпалдастыруға  бағытталған.  Ол  негізгі  мектеп 
оқушыларын  пластикалық  өнердің  әртүрлі  материалдар  мен  техникаларды 
қолданып  көркем  бейне  жасауға  бағытталған  көркем-шығармашылық 
қызметтің  алуан  түрлеріндегі  бейнелі  тілін  меңгеруді  көздейді:  «Өнер 
туындыларын  қабылдау»,  «Кескіндеме»,  «Графика»,  «Мүсін  өнері», 
«Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер».  
Білім беру тәжірибесінде «бейнелеу өнері» деп кескіндеме, графика, мүсін 
сияқты  бейнелеу  өнерлерімен  қатар  сәулет  және  сәндік-қолданбалы  өнерді 
қамтитын барлық пластикалық өнерлерді түсінеміз. 
Мектеп  оқушыларының  бейнелеу  өнеріне  қызығушылығы,  картинада 
немесе  мүсінде  нақтылы  түрде  көрсетілген  суретші  шығармасының  ойын 
түсіну және өзінше бағалай білуі, қазақ және әлемдік өнердің негізгі стильдері 
мен бағыттарын айыра білуі; өнер тарихында елеулі рөл атқарған шеберлердің 
шығармашылығымен танысуы; әйгілі шығармаларды білуі - сабақтың маңызды 
нәтижесі  болып  табылады.  Бейнелеу  өнеріне  оқыту  жеке  тұлғаның  өз  ойын 
білдіруіне  және  дамуына,  одан  кейін  әлемдік  көркем  мәдениет  үлгілерімен 
танысуына  бағытталған.  Сабақта  оқу  қызметінің  кез  келген  түрі өзіндік  мәнге 
ие,  оқушылардың  мүдделерімен  келісіледі,  оларды  оқушы  өмірінде  нақты 
пайдалануға  бағдарланады.  Өнерге  деген  қызығушылығы  мен  көркемдік 
талғамын  дамыту  қалыптасқан  шығармашылық  іс-әрекеттің  жеке  тұлғалық 
тәжірибесі, өзіндік эстетикалық эталондары, өнер тілін меңгеруі негізге алынып 
қалыптасады. Бейнелеу өнеріне оқыту барысында оқушыларға шығармашылық 
жұмыстың  арқауын  жасауда,  қызмет  түрлерін,  көркем  материалдарды,  жеке 

110 
 
немесе  топтық  жұмыстарды,  шығармашылық  тапсырмаларды  орындау 
күрделілігін,  үй  тапсырмасының  формаларын  және  т.б.  таңдауда  көбірек 
еркіндік беріледі. 
Оқу  материалы  көркемдік  білімнің  іскерлік  сипаты  мен  адамгершілік 
болмысын көрсететін блоктармен ұсынылған: «Өнер мен көркемдік қызметтің 
адам  және  қоғам  өміріндегі  рөлі»,  «Өмір  мен  өнердің  рухани-адамгершілік 
проблемалары»,  «Әсем  өнерлер  тілі  және  көркем  бейне»,  «Әсем  өнер  түрлері 
мен жанрлары». 
Осылайша  блоктарға  бөлу  ерекшелігі  мынада,  бірінші  блок  оқу 
материалының  мазмұнын  ашады,  екінші  блок  оны  іс  жүзінде  іске  асырудың 
құралдарын  береді,  үшінші  тапсырма  тақырыбының  рухани-адамгершілік, 
эмоциялық-құндылық  бағыттылығын  болжамдайды,  төртінші,  олардан  бала 
көркемдік-шығармашылық  тәжірибе  алып  шығатын  қызмет  түрлері  мен 
шарттарынан  тұрады.  Барлық  блоктар  өнердің  әртүрлі:  типологиялық,  тілдік, 
құндылыққа  бағдарланған,  қызметтік  қырларын  ашады.  Олар  (барлығы  бірге) 
әр  сабақта  әртүрлі  шамада  оқытылады.  Барлық  блоктар  кешенді  түрде  жалпы 
көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.  
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  
5-сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат;  
6-сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат. 
 
 
4.6 «Технология» білім саласы  
 
Технология  
«Технология» 
пәнін 
оқыту 
бағыты 
оқушыларды 
материалдық 
құндылықтардың  заманауи  өндірісінің  негізгі  технологиялық  үрдістерімен 
таныстыруға,  кейінгі  кәсіптік  білім  алуға  және  еңбек  етуге  қажетті 
дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.  
Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның 
қажеттіліктерін,  қазіргі  заманғы  педагогикалық  ғылымының  жетістіктерін 
ескере отырып белгіленген.  
Пәнді  оқытудың  мақсаты  техника  мен  технология  саласында 
оқушылардың  заманауи  өндірісінде  алған  білім  жүйесінің  нәтижелігіне 
бағытталған  функционалдық  сауаттылығын  қамсыздандыру,  сонымен  қатар, 
технологиялық  ойлау  қабілетін,  болмысқа  деген  шығармашылық  көзқарасын 
дамыту болып табылады. 
Оқыту міндеттері: 

 
техника,  технология  және  заманауи  өндіріс  негіздерінен  жүйеленген 
білімді қалыптастыру; 

 
құрылымдық  материалдарды  өңдеу  технологиясы,  жобалау  іс-
әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы 
икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру; 

 
технологиялық  ойлау  қабілетін  және  еңбекке  деген  шығармашылық 
көзқарасын дамыту; 

111 
 

 
оқып  жүрген  технологиялармен  байланысты  мамандықтар  әлемі,  еңбек 
нарығындағы  олардың  талап  етілуі  туралы  түсініктерін  қалыптастыру,  өзінің 
өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету; 

 
еңбек  ету  және  кәсіби  іс-әрекеті  үрдісінде  эстетикалық,  адамгершілік, 
экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру; 

 
оқушылардың  Қазақстан  халықтарының  ұлттық  мәдениетіне,  салт-
дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру. 
Оқушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптарды  оқыту 
барысындағы  нәтижелері,  оқушылардың  үлгерімдерін  бағалауын,  негізгі 
мектепті аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын 
көрсетеді. 
Оқушылардың  дайындық  деңгейі  үш  түрлі  аспекті  ескеріле  отырып: 
пәндік,  тұлғалық,  жүйелі  іс-әрекет  нәтижелеріне  қарай  бағаланады.  Осыған 
байланысты  5-9  сынып  оқушыларына  (ер  балалар)  келесі  бөлімдер  бойынша 
тақырыптар беріледі (5-кесте). 
 
5-кесте. 5-9-сыныптарда ер балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары  
 
Ауыл мектептерінде 
Қала мектептерінде 
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті 
қорғау. 
2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі 
техника және технология.  
3. Ағашты және ағаш материалдарды 
қолмен және механикалық өңдеу 
технологиясы.  
4. Металды қолмен және механикалық 
өңдеу технологиясы.  
5. Сәндік қолданбалы өнерінің 
элементерімен көркем 
материалдардыөңдеу технологиясы.  
6. Электротехника және электроника 
негіздері.  
7. Үй мәдениеті. Үй 
шаруашылығындағы жөндеу 
жұмыстары.  
8. Шығармашылық жобалау саласы.  
9. Қазіргі заман өндірісі және 
техникалық кәсіби білім.  
1. Қауіпсіздік техникасы және 
еңбекті қорғау.  
2. Ағашты және ағаш 
материалдарды қолмен және 
механикалық өңдеу технологиясы.  
3. Металды қолмен және 
механикалық өңдеу технологиясы.  
4. Сәндік қолданбалы өнерінің 
элементерімен көркем 
материалдарды өңдеу технологиясы. 
5. Электротехника және электроника 
негіздері.  
6. Үй мәдениеті. Үй 
шаруашылығындағы жөндеу 
жұмыстары.  
7. Шығармашылық жобалау саласы. 
8. Қазіргі заман өндірісі және 
техникалық кәсіби білім.  
 
Білім  берудің  негізгі  түрлері  оқушылардың  оқу-тәжірибелік,  жобалау  іс 
әрекеті  болып  табылады.  Жаттығулар,  оқу-тәжірибелік  жұмыстар,  жобалау 
әдісі  басым  әдістері  болып  отыр.  Бағдарламада  қарастырылған  барлық 
тәжірибелік жұмыс түрлері материалдарды өңдеудің әртүрлі технологияларын, 

112 
 
электромонтажды,  құрылыс-әрлеу  және  жөндеу  санитарлық-техникалық 
жұмыстарын, тағам әзірлеу, жеңіл тігін өнеркәсібінің негіздерін, есептеу және 
жобалау операцияларын меңгеруге бағытталған.  
Мұғалім 
бар 
мүмкіндіктеріне 
сәйкес 
бағдарламада 
ұсынылған 
технологиялық операциялар топтамасын қамтамасыз ететін еңбек нысандарын 
таңдай  алады.  Сонымен  қатар  оқушы  жасының  шамасына  сәйкес  еңбек 
нысанын таңдап, оның қоғамдық және жеке құндылығы ескеріледі. Оқушылдар 
орындайтын  практикалық  жұмыстардың  түрлері  түсінікті,  ұтымды, 
экологиялық  талаптарға  сәйкес  болуы  тиіс.  Мұғалім  жергілікті  және  жеке 
эстетикалық  қызығушылықтарына  сәйкес  өзі  тапсырмаларының  варианттарын 
қосуға құқысы бар. 
«Қазіргі  заман  өндірісі,  техникалық  және  кәсіби  білім  беру»  (9-сынып) 
жаңа бөлім техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түрлері, кәсіби 
іс  әрекетке  қойылатын  жаңа  талаптар,  кәсіп  туралы  түсінік,  мамандық  және 
жұмыскердің кәсіби дәрежесі, мамандық таңдауға тұлғалық қасиеттердің әсері, 
аймақтық  еңбек  нарығы  және  білім  саласында  қызмет  көрсету  туралы 
мәселелер қарастырылады. 
Сабақтар  ағаш,  металл  өңдеу  шеберханасында  немесе  құрамдастырылған 
шеберхана  базасында  өткізіледі.  Технологиялық  операцияларын  орындау 
барысында оқушылардың  еңбек  қауіпсіздігін  қамтамасыз етілуіне  үлкен  назар 
аударылуы  керек.  Электр  қауіпсіздігі,  санитария  мен  жеке  гигиенасын 
сақталуына ерекше назар аударылуы тиіс. 
Сабақта 
қолдан 
жасалған 
электромеханикалық 
құралдар 
мен 
технологиялық  машиналар  қолдануға  тыйым  салынады.  Кіріктірілген 
сипаттағы  «Технология»  пәні  пәнаралық  байланыстарды  қолдану  негіздерінде 
құрылуын  көздейді.  Есептеу  операциялары  және  өлшем  алуда  алгебра  мен 
геометриямен,  материалдардың  қасиеттерінің  сипаттамасында  химиямен, 
машина  мен  механизмдердің  жұмыс  принциптерін  және  құрылымын  оқытуда 
физикамен,  сәндік  қолданбалы  өнер  технологияларын  оқытуда  тарих  пен 
өнермен байланыстырылады. 
Қала,  ауыл  және  шағын  жинақты  мектептерде  ұлдар  мен  қыздар  тобына 
бөлу сыныптың толымдылығына қарамастан бөлінуі жүзеге асырылады. 
Осыған  байланысты  5-9-сынып  оқушыларына  (қыз  балалар)  келесі 
бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (6-кесте). 
Қолөнермен шұғылданушылық әрбір халықтың мәдениетінің материалдық 
қолданушысы  болып  табылады.  Сондықтан  оқушылардың  білімі  мен  еңбек 
дағдыларын  қалыптастыру  мақсатында  технология  сабағында  көпғасырлық 
халықтық және ұлттық қолөнерлерді міндетті түрде оқыту мен қолдануға назар 
аударуды ұсынамыз.   
«Технология»  пәні  бойынша  5-9-сыныптарда  оқу  жүктемесінің  көлемі 
аптасына 1 сағатты, оқу жылы ішінде 34 сағатты құрайды. 
 
 
 
 

113 
 
6-кесте. 5-9-сыныптарда қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары  
 
Ауыл мектептерінде  
Қала мектептерінде  
1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, 
қауіпсіздік техникасы ережелері, 
санитарлық-гигиеналық талаптар және 
еңбек қауіпсіздігі.  
2. Тағам әзірлеу технологиясы.  
3. Маталармен танысу. Мата өңдеу 
технология-сы. Тігін машинасымен 
жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайындау 
және көркем әшекейлеу (белдемше, 
шалбар). Мата түрлерімен танысу. Киімді 
күту. Машинатану элементтері.  
4. Сәндік қолданбалы өнерінің 
элементерімен көркем материалдарды 
өңдеу технологиясы.  
5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.  
6. Тұрғын үй ішкі көрінісі.  
7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас 
гигиенасы.  
8. Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру. 
технологиясы.  
9. Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар. 
Көкө-ніс өсіру – өсімдік 
шаруашылығының бір саласы.  
10. Жоба.  
11. Кәсіби қызмет ету саласының 
технологиясы.  
1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, 
қауіпсіздік техникасы ережелері, 
санитарлық-гигиеналық талаптар 
және еңбек қауіпсіздігі.  
2. Тағам әзірлеу технологиясы.  
3. Маталармен танысу. Мата 
өңдеу технологиясы. Тігін 
машинасымен жұмыс жасау. 
Киімді жобалау, дайын-дау және 
көркем әшекейлеу (белдемше, 
шалбар). Мата түрлерімен танысу. 
Киімді күту. Машинатану 
элементтері.  
4. Сәндік қолданбалы өнерінің 
элементерімен көркем 
материалдарды өңдеу 
технологиясы.  
5. Отбасы экономикасы. 
Кәсіпкерлік.  
6. Тұрғын үй ішкі көрінісі.  
7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке 
бас гигиенасы.  
8. Жоба.  
9. Кәсіби қызмет ету саласының 
технологиясы.  
 
 
Сызу  
«Сызу»  пәні  негізгі  орта  білім  беру  деңгейіндегі  9-сыныпта  оқытылады. 
Курс  ойдың  аналитикалық  және  жасампаз  компоненттерін  қалыптастырып, 
білім  алушының  кеңістіктік  ой  қабілетін  дамытатын  негізгі  түпнұсқа  болып 
табылады. 
Пәнді оқыту мақсаттары: 

 
логикалық және кеңістіктік ойын дамыту;  

 
геометриялық  білімді  негізге  алып  тәжірибелік  жұмыс  дағдыларын 
дамыту; 

 
еңбектену  іс-әрекеті  дағдыларын  дамыту:  ұзақ  күш  салуға  және 
интеллектуалдық  жүктемеге  қабілеттілікті,  дербестікті  және  шыдамдылықты, 
бастаған ісін аяғына дейін жеткізу; 

 
функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту; 

114 
 

 
шығармашылық әлеуетін және эстетикалық талғамдарын дамыту. 
Оқыту міндеттері: 

 
бір,  екі  және  үш  проекция  жазықтығына  тік  бұрыштап  проекциялау 
негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар 
мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру; 

 
әртүрлі  арнауы  бар  тетікбөлшектердің  және  модельдердің  қарапайым 
сызбалары  мен  эскиздерін,  аксонометриялық  проекциялары  мен  техникалық 
суреттерін орындауды және оқуды үйрету; 

 
нәрсенің  пішінін  және  оның  құрылымдық  ерекшеліктерін  талдау 
арқылы,  онымен  қоса  кеңістіктік  бейнені  проекциялық  кескіндерінен  және 
ауызша  суреттеу  арқылы  ойша  қайтадан  жасау  әдістерін  пайдаланып, 
статикалық және динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту; 

 
оқулық  және  анықтамалық  материалмен  өздігінше  жұмыс  істеуді, 
Интернет-ресурстардан білім алуды үйрету; 

 
кескіні  бойынша  нәрсені  ойша  өзгерту  жалпы  интеллектуалдық 
қабілетін қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту;  

 
графикалық  білімдерін  жаңа  ситуацияларда  қолдана  білу,  графикалық 
компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету.  
«Сызу» пәні негізгі орта білім деңгейінде 9-сыныпта оқытылады. 
Бағдарлама міндетті графикалық жұмыстардың тізімін қамтиды, ол негізгі 
білік, дағдыларды анықтауға бағдар береді. 
Нәрсенің  пішінін  талдау  дағдыларын  қалыптастыруға,  яғни  проекция 
жазықтықтарына кескіндеуге, пайда болған кескіндерді талдауға, геометриялық 
денелерді,  тетік  бөлшектерді  тануды  қамтамасыз  ететін  жеке  белгілерін 
анықтауға алғашқы сабақтан бастап ерекше назар аудару қерек. 
Графикалық  жұмыстың  өнімсіз  элементтерін  болғызбауға  тырысу  керек 
(мысалы, есеп шартын және дайын сызбаларды көшіріп сызу). Тапсырмаларды 
орындау үшін пішімі А4 (торкөз) жұмыс дәптерін пайдаланған дұрыс. 
Құрылымдарды  орындауда  білім  алушылардың  белгілі  бір  іс-әрекет 
алгоритмін  қалыптастыруын  көздеу  қажет.  Бұл  сызбаны  тексеру  кезінде  де 
өзекті мәселе болып табылады.  
Оқу  уақытының  көбі  тәжірибелік  жұмыс  орындауға  бөлінуі  қажет. 
Міндетті  графикалық  жұмыстардан  тыс  сызу  пәні  сабақтарында  түрлі 
графикалық  есептерді  қолданған  дұрыс.  Білім  алушылардың  танымдық 
қызметін  жандандыру  оқытудың  түрлі  әдіс-тәсілдерін  қолдануымен  және 
сабақтың әдістемелік қамтылуымен жүзеге асады. 
Сызуға  оқыту  барысында  әр  білім  алушының  өзіне  тән  ерекшеліктерін 
(дарындылығын,  ойлау  қабілетін,  жеке  мүддесін)  есепке  алып,  оқушылардың 
интеллектуалдық  даму  деңгейін  біртіндеп  көтеруге  болады.  Түрлі  оқу 
құралдарын 
кеңінен 
пайдалану 
ұсынылады 
(карточка-тапсырмалар, 
анықтамалықтар,  плакаттар,  кестелер,  модельдер,  тетік  бөлшектер  жиынтығы 
және ақпараттық технологиялық құралдар).  
Қазіргі  қоғамның  ақпараттандырылу  жағдайына  сай  «Сызу»  пәнінің  аса 
маңызды  бағыты  ол  білім  алушылардың  компьютерлік  графикалық 

115 
 
сауаттылығын  қалыптастыру  болып  табылады  (мектептің  мүмкіндігіне  қарай, 
жергілікті жағдайға лайықты компьютерлік бағдарламаны оқытуға болады). 
«Сызу»  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің  жалпы  көлемі  аптасына  
2 сағат, оқу жылына 68 сағатты құрайды. 
 
 
4.7 «Дене шынықтыру» білім саласы  
 
Дене шынықтыру  
«Дене  шынықтыру»  оқу  пәні  –  бұл  дене  шынықтыру  қызметі, 
оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі. 
Пәнді  оқыту  тұлғаны  қалыптастыру,  адамның  танымдық  белсенділігінің 
дамуына бағытталған. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя 
сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды.  
Оқыту мақсаты:  

 
өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін және қимыл-
қозғалыс  негіздерін  игеру  арқылы  оқушылардың  дене  мәдениетін 
қалыптастыру; 

 
физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын; 

 
салауатты  өмір  салтын  ұйымдастыруда  дене  тәрбиесі  құралдарын 
шығармашылық жолмен қолдану. 
Оқыту міндеттері: 

 
денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және 
негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту

 
дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт 
түрлерінің  іс-қимыл  әдістері  мен  техникасы  арқылы  қимылдық  тәжірибені 
байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру; 

 
дене  шынықтыру  және  спорт  туралы,  олардың  тарихы,  қазіргі  дамуы 
және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру; 

 
өз  денсаулықтарына  ықтиярлықпен  қарау,  денсаулықты  сақтау  мен 
нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу; 

 
тұлғаны  оң  қасиеттерге  тәрбиелеу,  оқу  және  жарыс  әрекеттерінде 
ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау. 
Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» 
(ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент). 
«Дене  шынықтыру  туралы  білім»  бөлімінің  мазмұны  адамның  таным 
белсенділігінің  дамуы  туралы  негізгі  түсініктері  және  қауіпсіздік  техникасын 
қадағалау  мен  талап  етудің  ережелері  берілсе,  «Денені  жетілдіру»  бөлімінде 
оқушылардың  дене  дайындығын  арттыруға  бағытталған  және  жалпы  дене 
шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер берілген. 
Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға 
айқындалған  маңызы  бар базалық  спорт  түрлерінен  (жүзу,  шаңғымен жарысу, 
спорттық  ойындар,  жеңіл  атлетика,  акробатика  элементтерімен  гимнастика) 
дене  шынықтыру  жаттығулары  мен  қозғалыс  әрекеттері  және  Қазақстандағы 

116 
 
дене  шынықтыру  туралы  тарихи  ерекшеліктерді  ашатын  «Ұлттық  ойындар» 
тақырыбы берілген.  
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:  

 
мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс 
дағдысына байланысты ұсынылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің 
материалдарымен толықтыруға (немесе түзетулер енгізуге) құқылы; 

 
«Гимнастика»  тарауын  («Жалпы  дамытатын  жаттығулар»  және 
«Ырғақты гимнастика» бөлімдерін) меңгертуде қайсыбір қатаң тәртіпті сақтау 
міндетті емес; 

 
мұғалім  қай  сыныпта  болмасын  балалардың  даярлығы  мен  сабақтың 
нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады; 

 
оқушылардың  тактикалық  ойлауын  дамытуға,  дене  қасиеттерін 
тәрбиелеуге  әсерін  ескере  отырып,  ең  оңтайлы  қозғалыс  ойындарының 
мазмұны болуы қажет; 

 
оқушылардың  қозғалыс  ойындарын  игеруін  тексеру  мақсатында 
бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс; 

 
дене  шынықтыру  сабақтарының  тиімділігі  екі  параметр  бойынша 
бағаланады: а) бақылау оқу нормативтерінің нәтижелері; ә) мұғалімнің таңдауы 
бойынша бақылау оқу нормативтерінің нәтижелері. 
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық 
мәнінде  жүргізуге  мүмкіндігі  жоқ  республиканың  аймақтарындаоларды 
алмастыру  ұсынылады.  Мектеп  ұжымының  педагогикалық  кеңесінің  шешімі 
бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және 
гимнастикамен  (ырғақты,  атлетикалық,  кәсіби-қолданбалы)  алмастырылуы 
мүмкін. 
«Денсаулық  күні»  оқу  жылы  ішінде  3-4  рет  каникул  кезінде 
ұйымдастырылады.  
«Дене  шынықтыру»  пәнін  оқыту  барысында  оқушыларды  топқа  бөлу 
медициналық  тексерістің  нәтижесі  көрсетілген  анықтаманың  негізінде  іске 
асырылады.  
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері 
бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-
практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың 
сайтына орналастырған (www.nnpcfk.kz). 
«ҚР  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  берудің  үлгілік  оқу 
жоспарларын  бекіту  туралы»  ҚР  БҒМ  2012  жылғы  8  қарашадағы  
№500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 25 шілдедегі 
№296 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Дене шынықтыру» 
пәні бойынша 5-9-сыныптарда оқу жүктемесінің көлемі: 
5-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;  
6-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;  
7-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;  
8-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;  
9-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды. 

117 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет