Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата22.12.2016
өлшемі1,64 Mb.
#205
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

Биология  
10-11-сыныптарда  «Биология»  пәнін  оқудың  мақсаты  6-9-сыныптарда 
игерілген материалдарды тереңдетіп қарастыру негізінде органикалық әлемнің 
тұтас  көрінісін  қалыптастыру  және  білік  пен  дағдыларды  одан  әрі  дамыту 
болып табылады. 
Бұл мақсатқа жету келесі міндеттерді шешу арқылы қамтамасыз етіледі: 
-
 
органикалық әлемнің тұтастығы мен әр түрлілігі, өмірдегі үдерістер мен 
құбылыстар,  себеп-салдарлы  байланыстар  туралы  ғылыми  түсініктердің 
қалыптасуы; оқушылардың ғылыми таным әдістерін меңгеруі; 

 
оқушылардың  ғылыми-жаратылыстану  жүйесіндегі  басқа  пәндердің 
мазмұнымен кіріктіру арқылы білімдерін қалыптастыру; 

 
оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

 
сын тұрғысынан ойлауды зерттеу дағдыларын дамыту; 

 
биологияның тұрақты дамудағы, жасыл экономиканы жүзеге асырудағы 
маңыздылығын, адамзаттың проблемаларын шешудегі рөлін ашып көрсету; 

 
тұлғаны табиғатты сүюге тәрбиелеу, олардың патриоттық сезімдері мен 
азаматтық көзқарастарын қалыптастыру;
 
-  органикалық  әлемнің  тұтастығы  мен  әр  алуандығы,  өмірдегі  үдерістер 
мен  құбылыстар,  себеп-салдарлы  байланыстар  туралы  ғылыми  түсініктердің 
қалыптасуы; оқушылардың ғылыми таным әдістерін меңгеруі.
 
10-11 сыныптарда «Биология» пәнін оқыту орта мектептерге арналған оқу 
бағдарламасына  сәйкес  (ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  3 
сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген)  жүргізілуі  тиіс.  Практикалық  және 
лабораториялық 
жұмыстарға, 
функционалдық 
сауаттылығы 
мен 
шығармашылық  қабілеттерін  қалыптастыру  мақсатында,  әсіресе,  ғылыми 
жобаларға ерекше көңіл бөлу қажет. 
Жалпы  білім  беретін  мектептің  қоғамдық-гуманитарлық  бағытындағы  
10-11-сыныптарда  «Биология»  курсын  оқу  пәні  ретінде  оқып  білудің  мақсаты 
жоғары  мектепте  одан  әрі  оқуы  үшін  биология  саласында  биологиялық 
дайындықтың  қажетті  деңгейімен  барлық  оқушыларды  қамтамасыз  ету  болып 
табылады: тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізге 
алынатын түсініктерді қалыптастыру;  оқушылардың өлі және тірі материяның 
жалпы  белгілерін  ұғынуы;  жасушалық  теорияның  негізгі  қағидалары  туралы 
білім қалытастыру. 
Қоғамдық-гуманитарлық  бағытында  пәнді  оқытудың міндеттері  келесідей 
анықталған:  органикалық  табиғат  туралы,  оның  өзгергіштігі  және  тұқым 
қуалаушылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру; жасушадағы органикалық 
және бейорганикалық заттардың рөлі туралы білім қалыптастыру, биологиялық 
заңдылықтардың 
білімін 
қалыптастыруда 
өзбетінше 
жұмыс 
істеуге 
дағдылануды  дамыту;  организмдердің  жеке  даму  заңдылықтары  туралы 
көзқарастарын  кеңейту;  генетикалық  есептерді,  молекулалық  биологияның 
есептерін,  экологиялық  есептерді  шығаруда  ептілік  пен  дағдыны  дамыту;  түр 

143 
 
және оның критерийлері түсініктерінің мәнін ашып көрсету, эволюциялық ілім 
негіздері туралы білімдерін қалыптастыру. 
Жалпы  білім  беретін  мектептің  жаратылыстану-математика  бағытындағы     
10-11-сыныптарда  «Биология»  курсын  оқу  пәні  ретінде  оқып  білудің  мақсаты 
барлық  оқушыларды  келесі,  жоғары  мектепте  оқуы  үшін  биология  саласында 
биологиялық  дайындықтың  қажетті деңгейімен қамтамасыз  ету:  тереңдетілген 
деңгейде  тірі  материя,  оның  биологиялық  құрылым  деңгейлері  туралы  негізгі 
түсініктерді  қалыптастыру;  оқушылардың  өлі  және  тірі  материяның  жалпы 
белгілерін  ұғынуы;  органикалық  дүниедегі  көбейу  тәсілдерінің  және 
жасушалардың  бөліну  типтері  туралы  білімдерін  қалыптастыру;  жасушалық 
теорияның  негізгі  қағидаларының  білімін  қалытастыру;  табиғатты  қорғау 
бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының білімін қалыптастыру.  
Жаратылыстану-математика  бағытында  пәнді  оқытудың  міндеттері 
келесідей  болып  анықталады:  органикалық  табиғат  туралы  оның  өзгергіштігі 
және тұқым қуалаушылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру; биологиялық 
заңдылықтардың  білімін  қалыптастыруда  өз  бетінше  жұмыс  істеуге 
дағдылануды  дамыту;  органикалық  дүниенің  дамуына  негізі  болатын 
генетикалық  заңдылықтар  туралы  түсініктерін  кеңейту;  қоршаған  ортаны 
қорғау жұмыстарында және генетикалық есептерді, молекулалық биологияның 
есептерін,  экологиялық  есептерді  шығаруда  ептілік  пен  дағдыны  дамыту; 
пәннің  және  экологиялық  факторлардың  рөлін  ашып  көрсету;  экожүйе, 
биоценоз, биосфера түсініктерінің мәнін ашып көрсету; адам әрекетінің әсерін 
және  осы  әсердің  нәтижесін  ашып  көрсету;  табиғатты  қорғау  бойынша  қазақ 
халқының  салт-дәстүрлерін  ашып  көрсету;  эволюциялық  ілім  негіздерінің 
білімін  қалыптастыру;  тұқымқуалаушылықтың  негізгі  заңдылықтарын  ашып 
көрсету;  өзгергіштіктің  негізгі  заңдылықтарын  ашып  көрсету;  селекцияның 
және  биотехнологияның  негіздерін  сипаттау;  биосферадағы  тұрақты  тепе-
теңдікті сақтауға қажетті адамның антропогендік әрекетінің нәтижесін бағалау 
үшін  биологиялық  білімді  қолдана  білуді  қалыптастыру,  өздігінен  білім  алу 
уәжін қамтамасыз ету.  
10-11-сыныптарда  биологияны  оқудың  ерекшелігі  «Жалпы  биология» 
бөлімін оқып білу болады.  
Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  сыныптар  үшін  оқу  материалының 
мазмұны  болашақ  ұрпақтың  биологиялық  сауаттылығын  жетілдіруге 
бағытталған.  
Жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы 
сыныптар 
үшін 
оқу 
материалының  мазмұны  оқушылардың  биологиялық  мәдениетін  дамытуға, 
алдыңғы сыныптарда меңгерген білімдерін тереңдетуге бағытталған.  
Жалпы  биологияны  жаратылыстану-математикалық  бағыт  аясында  оқыту 
бүгінгі  күнде  биологиялық  ғылым  дамуының  негізгі  бағыттарын  бейнелейтін 
жуйелі  оқытуды  ұйымдастыруды  ойластырады.  Сонымен  қатар  биология 
сабақтарында өзекті экологиялық проблемаларды шешу де қарастырылуы тиіс.  
Биология 
пәнінің 
мазмұны 
оқытудың 
бағытына 
байланыссыз 
оқушылардың  дүниетанымдық  принципін  дамытуды  және  олардың  өздігінен 
кәсіби бағытын таңдай білуін дамытуды көздейді.  

144 
 
Биологияны  оқыту  арнайы  жабдықталған  сынып  бөлмесінде  және  жалпы 
қолданылатын  оқу-көрнекілік  құралдар  мен  жабдықтар,  көрнекілік  және 
зертханалық аспаптар мен құрылғылар, интернет ресурстар, техникалық оқыту 
құралдармен дұрыс жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.  
Биология пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11- сыныптарда – аптасына  1 сағат, 
оқу жылында – 34 сағат;  
жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  10-11-сыныптарда  –  аптасына  
2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.  
 
Физика  
Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы 10-11-сыныптарға  арналған  «Физика» 
пәнін  оқытудың  басты  мақсаты  –  білім,  білік  және  дағдыларды  меңгеру 
негізінде  әлемнің  жаратылыстанымдық  бейнесін  біртұтас  қабылдай  алуды 
қалыптастыру.  
Бұл мақсатқа жету келесі міндеттерді жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі:  

 
қазіргі жаратылыстанудағы физиканың маңызын түсіндіру және физика 
ғылымының  әдістерін  меңгерту  негізінде  ғылыми  дүниетаным  білімдерін 
меңгерту;  

 
оқушылардың  ғылыми  түсініктер  жүйесі  негізінде  сын  тұрғысынан 
ойлауын дамыту;  

 
оқуға  жауапкершілікпен  қарауға,  қоршаған  ортаны  қорғау  және  табиғи 
қорларын ұтымды пайдаланауға дағдыландыруға;  

 
қоғам  және  адам  өмірінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін  дағдыларды 
қалыптастыруға;  

 
базалық  білім  негізінде  экономикалық,  саяси,  әлеуметтік  және  мәдени 
қызметтерге ат салысу дағдысына тәрбиелеу.  
Қазіргі  қоғамға  бейімделу  үшін  базалық  деңгей  негізіндегі  физикалық 
ұғымдар мен мен заңдарды меңгеру әрбір адамның тәжірибесіне қажетті.  
«Физика»  пәнін  оқытқанда  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 
министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген  оқу 
бағдарламасындағы
 
талаптардың ерекшелiктері, яғни оқушылардың өз бетінше 
жасайтын  практикалық  және  жобалық  жұмыстардың  орындалуына  мән 
беріледі.  Пәнішілік  және  пәнаралық  байланыстар,  оқу  процесінің  логикасы, 
оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып  бөлімдерді және тақырыптарды 
оқытудың сабақтастығы сақталуы қажет. 
«Физика»  пәнінің  қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  бiлiм  беру 
мазмұнында  тарихи  материалдар  мен  айғақтарға  айтарлықтай  назар 
аударылады.  
Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  жобалық  және  iздену, 
зерттеушiлік іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы ұсынылады. 
 
Физикаға  және  оның  қолданбалы  аспектілеріне  қызығушылық  білдірген 
оқушыларға  келесі  қолданбалы  курстар  ұсынылады:  «Физика  және  техника», 
«Медициналық  техника»,  «Ғарыш  физикасы»,  «Физика  және  экология», 
««Биофизика», «Физика және Қазақстан энергетикасы», және т.б.  

145 
 
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сынып физика курсының 
мақсаты  оқушылардың  әлемді  диалектика-материалистiк  тұрғыдан  тану 
көзқарасын қалыптастыру.  
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу қамтамасыз етіледi:  

 
қазіргі  әлемнің  бiртұтас  физикалық  бейнесін  ұсыну;  физикалық 
құбылыстарды әр жағынан және әртүрлі жағдайда қарастыру дағдысы;  

 
физикалық жүйені анықтау және олардың арасындағы байланыс орнату;  

 
физикалық  құбылыс  немесе  пән  туралы  білімін  салыстыру  және 
ақиқатын ашу дағдысын қалыптастыру;  

 
физикалық  құбылысты  танудың  теориялық  және  эксперименттік  әдісін 
қолдану; физиканың заңдарын практикада қолдану;  

 
 әр  түрлі  қиындық  деңгейіндегі  сапалық  есептер  мен  қатар,  мазмұнды 
физиканың есептерін шығару дағдысын дамыту;  

 
физиканың жетiстiгін адами өркениеттiң даму игiлiгіне пайдалану және 
табиғаттың  заңдарын  тану  мүмкiндiгiне  сену;  қазіргі  жаратылыстану 
ғылымының  мазмұнының  мәселелерiн  талқылау  кезінде  оппоненттiң  пiкiрiне 
орынды  қатынас  және  тапсырмаларды  бірлесе  орындау  үдерісінде 
ынтымақтастықтың тiлегi;  

 
қоршаған  ортаны  қорғауға  жауапкершілік  сезімі,  жаратылыстану 
ғылымының  жетiстiктерін  пайдалануды  бағалауға  дайындық;  ақпараттық 
мәдениетке тәрбиелеу.  
Физиканы  оқығанда  пәнішілік  және  пәнаралық  байланыстарды,  оқу 
үдерісінің логикасын, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып бөлімдерді 
және тақырыптарды оқытудың сабақтастығы сақталуы қажет.  
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бiлiм беру мазмұнында адамзат 
қызметінің әр түрлі саласында қолдана алуы үшін теориялық және практикалық 
білімдерді  органикалық  үйлестіру,  физикалық  тәжiрибелерді  орындағанда 
оқушылардың  дағдыларын  дамыту  және  қазiргi  заманғы  техникада 
қолданылатын  физиканың  ең  маңызды  жетiстiктерін  таныстыру  ескерілуі 
қажет.  Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  жобалық  және  iздену, 
зерттеушiлік іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы ұсынылады. Пән -оқушылардың 
ғылыми-зерттеу  жұмысын  жасау  қабiлеттiлiктерiн  дамытуға,  бақылау  жүргізу 
және  эксперименттік  тапсырмаларды  орындау,  жобалау  жұмысын  жасау 
дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.  
Физикаға  және  оның  қолданбалы  аспектілеріне  қызығушылық  білдірген 
оқушыларға  келесі  қолданбалы  курстар  ұсынылады:  «Физика  және  техника», 
«Медициналық техника», «Физикалық есептерді компьютер көмегімен шешу», 
«Ғарыш физикасы», «Физика және экология», «Радиотехника және электроника 
негіздері», «Биофизика», «Физика және Қазақстан энергетикасы», «Физикалық 
процестерді  компьютерлік  модельдеу  технологиясы»,  «Физикадан  қиындығы 
жоғары  есептерді  шешу  әдістері»,  «Физикадан  эксперименттік  есептер  шешу» 
және т.б.  
Мұғалімдерге  көмек  үшін  дайындалған  ««Жаратылыстану»  білім  саласы 
аймағы  бойынша  қолданбалы  курстар  мазмұнын  жобалау  және  жүргізу»  атты 

146 
 
(Академияның  сайтында  орналастырылған  (www.nao.kz))  әдістемелік  құрал 
ұсынылады.  
10-11-сыныпта 
мұғалiм  физика  кабинетіндегі  оқу  жабдықтары, 
құрылғылар  және  электрондық  оқу  құралдарының  мүмкіндігіне  қарай  өзі 
практикалық және зертханалық жұмыстарды, физикалық практикумды таңдауға 
құқығы бар.  
Лабораториялық  жұмыстар  мен  физикалық  практикум  жұмыстарын 
(зертханалық  жұмыстарға  арналған  дәптерлерде)  өткізу  барысында  сыныптың 
барлық оқушыларын бағалау міндетті болып табылады. Практикалық жұмыстар 
өткізу  барысында  (жұмыс  дәптерлерінде)  сыныптың  барлық  оқушыларын 
бағалау міндетті емес.   
«Физика»  пәнінен  оқушылардың  үй  жұмысы  –  оқу  үдерісіндегі  қажетті 
элементтердің  бірі.  Дұрыс  ұйымдастырылған  жағдайда  ол  сабақ  кезінде 
алынған білімді бекітуге және тереңдетуге ықпал етеді. 
Үй жұмысын ұйымдастыруда төмендегілер ескерілуі қажет: 
1)
 
«Физика»  пәнінен  үй  жұмысын  тек  оқулық  параграфтарын  жаттау, 
есептерді  орындаумен  шектеуге  болмайды.  Шығармашылық,  эксперименттік 
сипаттағы және проблемалық элементтері бар тапсырмаларды көбірек қолдану 
қажет; 
2)
 
үй жұмысына оқушыларды өз іс-әрекетінің нәтижелерін өздері талдауға 
бағыттайтын элементтерді қосу қажет; 
3)
 
мазмұны мен орындау формасы бойынша сантүрлілігімен ерекшеленетін 
үй жұмыстарын қолдану қажет; 
4)
 
үй  жұмысының  мазмұны  мен  көлемін  анықтауда  оқушылардың  жас 
ерекшеліктеріне байланысты жекелей ерекшеліктерін ескеру қажет. 
«Физика» пәні бойынша оқу жүктемесі:  
қоғамдық-гуманитарлық бағыт:  
10-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;  
11-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат.  
жаратылыстану-математикалық бағыт:  
10-сынып - аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат;  
11-сынып - аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат. 
 
 
Химия 
Жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  10-11  сыныптарға  арналған 
«Химия» пәнін оқытудың мақсаты - оқушылардың химия бойынша теориялық 
білімін  білік  пен  дағдыларын  дамыту  арқылы  әрі  қарай  тереңдету,  оларды 
оқуды  жалғастырғанда  және  болашақ    кәсіптік  іс-әрекеттерінде  қолдану, 
заманауи  химиялық  технология  мен  өндіріс  саласында  білім  мен  дағдысын 
дамыту, экологиялық мәдениетін дамыту.  
Оқыту міндеттері: 

 
химия  ғылымы  және  технологиясы  саласындағы  оқушылардың  іргелі 
және қолданбалы білімін, практикалық біліктігін дамыту; 

 
табиғатта,  лабораторияда,  өндірісте  және  күнделікті  өмірде  жүретін 
химиялық құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіру дағдыларын игеру; 

147 
 

 
химиялық  тәжірибелерді  жасау  кезінде  қауіпсіздік  техникасын  сақтай 
отырып, химиялық заттар мен зертханалық құралдарды қолдана білу дағдысын 
жетілдіру; 

 
эксперименттік  жұмысты  жүргізу  барысында  оқушылардың  танымдық 
қызығушылығын және зияткерлік қабілетін дамыту, химиялық білімді өздігінен 
игеру қажеттілігіне дағдыландыру; 

 
химияға  ғылыми-жаратылыстанудың  іргелі  компоненттерінің  бірі 
ретінде  және  жалпы  адамзат  мәдениетінің  негізгі  құрамдас  бөлігі  ретінде 
көзқарастарын дамыту; 

 
химияның  қоғамдық  мәнін,  гуманистік  бағыттылығын,  оның  адамзат 
алдында тұрған проблемаларды шешудегі өскелең рөлін ашып көрсету; 

 
химиялық  құбылыстар  мен  заттардың  қасиеттерін,  оларды  тұрмыста, 
ауыл  шаруашылығында  және  өндірісте  қауіпсіз  қолдануды,  адам  денсаулығы 
мен қоршаған ортаға зиянын тигізетін құбылыстарды ескертуді түсіндіру үшін 
химиядан алған теориялық білімді қолдану. 
Химия  пәнінің  мұғалімі  жаратылыстану-математикалық  сыныбындағы 
сабаққа  дайындалу  кезінде  химиялық  материалдың  мазмұнының  физикалық-
математикалық  аспектісін,  сондай-ақ  оқушылардың  кеңістіктік  қиялын, 
ойлаудың  талдаушылық  сапасын,  таңбалар  мен  сандарды  абстракциялау  және 
пайдалану 
қабілеттерін 
дамытатын 
оқу-танымдық 
әрекеттерін 
ұйымдастырудың  тәсілдерін  ойластырған  жөн.  Сонымен  бірге,  нақты  ғылым 
ретінде химияның математикалық аппаратын күшейту маңызды. 
Химиялық  білім  мазмұнының  физикалық  компоненті  химиялық 
материалды  түсіндірген  кезде  физикалық  заңдар  мен  теорияларды 
пайдалануды;  физикалық  шамаларды  қолдануды  және  олардың  арасындағы 
функционалдық тәуелділікті анықтауды; зерттеудің физикалық және химиялық 
әдістері арасындағы өзара байланысты орнатуды талап етеді. 
Химиялық  білім  мазмұнындағы  математикалық  компонент  химиялық 
заңдар  мен  теорияларды  негіздеуде  математикалық  дәлелдеу  әдістерін; 
химиялық  заңдылықтарды  бейнелеп  көрсету  үшін  графиктерді;  заттардың 
қасиеттеріне  молекулалардың  кеңістіктік  пішінінің  әсерін  негіздеу  үшін 
геомериялық  ережелерді;  химиялық  есептерді  шешу  үшін  математикалық 
теңдеулер  мен  теңсіздіктер  жүйесін  және  т.б.  пайдалану  арқылы  жүзеге 
асырылады. 
Химия курсы мазмұнының биологиялық компоненті  заттардың химиялық 
қасиеттерін  және  олардың  биологиялық  функцияларын  түсіндіру  үшін  химия 
және  биология  бойынша  білімдердің  кіріктіру;  биологиялық  заңдылықтарды 
түсіндіру  кезінде  химиялық  теорияларды  пайдалану;  табиғатта  және  адамның 
ағзасындағы  биологиялық  үдерістерді  модельдеуші  химиялық  экспериментті 
жүргізу;  пән  аралық  (химиялық-биологиялық)  мазмұнды  химиялық  есептерді 
пайдалану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. 
Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  10-11-сыныптарға  арналған  «Химия» 
пәнін  оқытудың  мақсаты  оқушылардың  химия  бойынша  білімдерін  және 
қоршаған  болмыстың    ғылыми-жаратылыстану  сипаты  туралы  түсініктерін 

148 
 
жетілдіру, 
шығармашылық 
және 
зияткерлік 
қабілеттерін, 
әмбебап 
коммуникативтік  дағдылары  мен  функционалдық  сауаттылықтарын  дамыту, 
денсаулыққа және қоршаған табиғатты қорғауға деген экологиялық-гуманистік 
қатынасқа тәрбиелеу болып табылады.  
Теориялық  және  практикалық  мәселелерді  қарастыруда  оқушылардың 
өзіндік  іс-әрекеттеріне,  алған  білімдері  мен  дағдыларын  қолдана  алуларына 
басымдылық  беріледі.  Химиялық  эксперимент  оқушылардың  функционалдық 
сауаттылықтарын  дамытуға  және  қолданбалық  сипаттағы  жаңа  білімді  алуға, 
танымдық есептерді шешуге, жоспарлау және жобалау дағдыларын меңгеруге, 
химияны оқуға деген қызушылықтарын арттыруға пайдаланылады. 
Қоғамдық-гуманитарлық 
бағыттағы 
сыныптар 
үшін 
химиялық 
экспериментті 
таңдауда 
гуманитарий 
оқушылардың 
танымдық 
қызығушылығы  мен  психологиялық-физиологиялық  ерекшеліктерін  ескеру 
қажет.  Осыған  байланысты  гуманитарий-оқушылар  үшін  химиялық 
эксперимент: 

 
оқылатын  материалға  қызығушылықты  қалыптастыру  үшін  тиімді 
болуы;  

 
оқылатын  заттар  мен  химиялық  үдерістердің  практикалық  мәнін 
көрсетуі;  

 
табиғатта  болып  жатқан  үдерістерді  модельдеу  (фотосинтез  кезінде 
оттектің бөлінуі және оны табу) немесе экологиялық зілзалалардың салдарынан 
болатын зардаптарға имитация жасауы;  

 
тарихи материал негізінде химиялық экспериментті қайта жасауы қажет. 
Химияны  оқыту  үдерісі  арнайы  жабдықталған  кабинетте  –  химиялық 
реактивтер,  зертханалық  және  демонстрациялық  құралдар,  баспа  құралдары, 
мультимедиалық  құралдар  мен  электрондық  оқулықтар,  диа-,  кино-  және 
бейнефильмдер, басқа да оқыту құралдарымен жабдықталған кабинетте жүзеге 
асырылады.  
Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрде болуы мүмкін: 

 
зерттеу жобаларын ұсыну және қорғау; 

 
олимпиада, байқау, тақырыптық кештер өткізу

 
қолданбалы курстар, таңдау бойынша курстар; 

 
химия  ғылымы  мен  өндірісі  орындарына  танымдық  саяхаттарды 
ұйымдастыру; 

 
қашықтықтан 
оқыту, 
он-лайн 
сабақтарына, 
олимпиадаларға, 
тестілеулерге қатысу. 
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында ұсынылады: 

 
дидактикалық  және  мультимедиалық  ресурстарды  пайдалана  отырып, 
оқу материалын меңгеруге бағыттап оқытуды ұйымдастыру; 

 
әртүрлі ақпарат көздерімен қосымша оқу және анықтамалық әдебиетпен, 
мәліметтердің  электрондық  базасымен,  каталогтармен  және  картотекалармен 
өздігінен жұмыс істей білуді дамыту

 
диаграммалар,  сызбалар,  талдау  және  қорытындылау  кестелерін  жасау, 
оқу материалын суреттеу, сипаттау, салыстыру, талдай білуді қалыптастыру; 

149 
 

 
денсаулық  сақтау  мен  экологиялық  аспектілерін  ескере  отырып, 
оқытудың  өмірмен,  химиялық  өндіріспен  және  технологиялық  үдерістермен 
байланысын күшейту; 

 
зертханалық  тәжірибелерді,  тәжірибелік  және  зерттеу  жобаларын, 
шығармашылық 
тапсырмаларды 
өздігінен 
орындауды 
ұйымдастыру. 
Оқушылардың  өздігінен  орындаған  презентацияларын  таныстыруды,  оқу 
жетістіктерін  бағалау  түрі  ретінде,  әрбір  тоқсан  аяғында  өткізіп  тұру 
ұсынылады. 

 
химиялық  өнеркәсіп  пен  өндірістің  аймақтық  дамуы  және  химиялық 
ластанудан  жергілікті  табиғат  ландшафтын  қорғау  мәселелерін  оқыту 
процесінде пайдалану;  

 
оқушылардың  сөздік  және  терминологиялық  қорын  байыту  бойынша 
жүйелі  түрде  жұмыс  жүргізу,  қажетті  дәлелдемелер  жүргізу,  қорытындылау 
және жинақтау жасау.  
10-11-сыныптардағы  алғашқы  сабақ  «Қауіпсіздік  техникасы  бойынша 
алғашқы  нұсқаулықтар»  тақырыбында,  сынып  журналына  жазу  арқылы 
өткізіледі (ҚТ б-ша алғ.нұсқау.,Сабақ тақырыбы).  
Мұғалімдерге көмекші ретінде оқушылардың зерттеу дағдыларын, сондай-
ақ сыни ойлау мен өздігінен іздену дағдыларын дамыту көлемінде «Математика 
және  информатика»  білім  саласы  бойынша  қолданбалы  курстар  мазмұнын 
жобалау  және  жүргізу»  атты  әдістемелік  құралы,  10-11  сынып  оқушыларына 
арналған  дидактикалық  материалдар 
әзірленіп,  Академия  сайтында 
орналастырылған (
www.nao.kz
). 
Мұғалімдерге  көмекші  құрал  ретінде  дайындалған  ««Жаратылыстану» 
білім  саласы  аймағы  бойынша  қолданбалы  курстар  мазмұнын  жобалау  және 
жүргізу»  атты  әдістемелік  құрал  ұсынылады  және  ол  Академияның  сайтында 
орналастырылған (www.nao.kz). 
«Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  
жаратылыстану-математикалық бағытында: 
10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағаттан; 
11-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағаттан. 
қоғамдық-гуманитарлық бағытында: 
10-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағаттан; 
11-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағаттан. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет