10 12 жылдық оқытуға көшу экспериментіндегі сыныптарда оқу
үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері
«12 жылдық жалпы орта білім беру құрылымы мен мазмұнына жетілдіру
бойынша эксперимент өткізу туралы» Ережелер туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 1 тамыздағы № 593
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 132 бұйрығына сәйкес
2014-2015 оқу жылында эксперименталдық сыныптардағы оқушыларды
оқытудың одан арғы траекториясы анықталды.
2013-2014 оқу жылын аяқтағаннан кейін:
– 8-ші эксперименталды сыныптың оқушылары 11 жылдық мектептің
9-сыныбына көшіріледі;
– 9-шы эксперименталды сыныптың оқушылары негізгі орта білімі туралы
куәлік алу үшін 11 жылдық мектептің 10-эксперименталды сыныбына
көшіріледі;
– 10-шы эксперименталды сыныптың оқушылары 11 жылдық мектептің
11-сыныбына көшіріледі;
– 11-ші эксперименталды сыныптың оқушылары эксперименттің толық
аяқтау және аяқтайтын сыныптың жаңа білім мазмұнын апробациялау
мақсатында 12-сыныпқа көшіріледі.
8-ші және 10-шы эксперименталдық сыныптардың оқушылары 2014-2015
оқу жылында ата-аналарының өтініші және педагогикалық кеңестің шешімі
негізінде 11 жылдық мектептің 8- және 10-сыныптарына көшірілуі мүмкін.
Осыған байланысты, 12 жылдық білім беруге көшу жөніндегі эксперимент
ҚР жалпы білім беру ұйымдарының 10- және 12-сыныптарында жалғасатын
болады (2-қосымша).
Эксперименталдық және жалпы білім беретін мектептердің сыныптарының
мазмұнындағы айырмашылықты оқытылатын тақырыптың аясында пәннің
мазмұнын тереңдетіп оқыту, типтік оқу жоспарының вариативтік компоненті
есебінен қолданбалы курстар мен таңдауы бойынша курстар жүргізу есебінен
жою ұсынылады. Оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді формалары бағдарлама
материалдарын блок-модульдік әдіс арқылы оқыту қажет жеке-өзіндік
сипаттағы сабақтар болуы мүмкін (кеңес беру, өзіндік жұмыстар, рефераттар,
оқу конференциялары, коллоквиумдар, мектеп жобалары т.б.).
12-эксперименталдық
сыныптардағы
білім
мазмұны
11-ші эксперименталдық сыныптардағы білім мазмұнының тікелей жалғасы
болып табылады және ол ҚР БҒМ вице-министрі 2014 жылғы 30 қаңтарда
бекіткен оқу жоспарында іске асырылған.
12-сыныпқа арналған оқу жоспары:
– іргелі мектептік білімге қол жеткізу үшін қажетті жоғары мектепке
арналған базалық барлық жалпы білім беретін пәндерді зерделеуді қамтамасыз
етуге (1.1. т. Оқу жоспарының жалпы білім беретін пәндері);
– мектепті аяқтау кезеңінде білім беруді қоғамдық-гуманитарлық бағыты
мен жаратылыстану-математикалық бағытына қарай бейіндеу (1.2.т қараңыз.
160
Оқу жоспарының бейіндік пәндері);
– білім алушыларды жоғары білім беру жүйесіне бейімдеу мақсатында
12 жылдық мектеп мазмұнына жоғары оқу орнының компонентін кіріктіру;
– Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін тарату және жоғары сынып
оқушыларын кредиттік технология бойынша оқытуға дайындау және жобалау
әрекетінің дағдыларын қалыптастыруға (тілдік пәндердің, информатика пәнінің
мазмұнын жаңарту, «Қазақстан тарихы» пәні мазмұнына «Қазақстан қазіргі
әлемде» компонентін қосу, «Жобалау әрекетінің негіздері» қолданбалы курсын,
«Жобалау жұмысы» таңдау курсын, критериалды бағалау жүйесін енгізу)
бағытталған.
Тілдік пәндердің мазмұнын сұрыптауға жаңа тұрғыдан келу көптілдікті
дамыту мақсатында бірыңғай сөйлеу-тақырыптық негізде тілдерді оқытудың
(T1, Т2) коммуникативтік бағдарын күшейту арқылы жүзеге асырылады (тілді
меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне сәйкес В2 деңгейіне қол жеткізу).
12 жылдық мектептің мазмұнына ЖОО компоненттерін кіріктіру жаңа
пәндерді мынадай көлемде енгізу арқылы жүзеге асырылады: «Әлеуметтану» -
2 кредит, «Экология және тұрақты даму» - 2 кредит, «Алғашқы әскери
дайындық және ӨҚН» кіріктірілген курсы - 2 кредит; «Орсы тілі/ қазақ тілі
(Т2)» - 3 кредит, «Ағылшын тілі» - 3 кредит, «Қазақстан тарихы» - 3 кредит,
«Информатика» - 3 кредит. Осыған сәйкес, бір кредит 45 сағатқа тең, мектептегі
оқу үдерісінің ерекшелігін ескере отырып аудиториялық сабақтар 34 сағат
беріледі (оқу жылындағы 34 оқу аптасы), сабақтан тыс уақытта оқушылардың
өзіндік жұмысына 11 сағат беріледі (өзіндік жұмысқа үй жұмысы, зерттеу
сипатындағы жеке тапсырмаларда кіреді). Білім алушылардың өзіндік
жұмысына берілетн сағат мұғалімнің оқу жүктемесіне енгізілмейді.
12-сыныпқа арналған жаңа оқу пәндері мазмұнының ерекшеліктері:
1) «Технология, графика және жобалау» кіріктірілген пәні оқушыларда
графикалық
кескіндерді
белгілеудің,
көрген
ақпаратты
өзгертудің,
коммуникацияның, жобалаудың; құрастырудың; жобалау мен бұйымды
жасаудың, компьютерлік технологияларды кескіндемелік бейнелерді жасауға
қолданудың және жоба құжаттарын құрастырудың әмбебап құралы ретінде
қолданудың практикалық біліктерін қалыптастыруға арналған.
2) « Әлеуметтану» пәні оқушыларға әлеуметтік үдерістерді түсінуді,
зерттеудің ұқсас әдістерін таңдай білуді, тапсырмаларды құрастыру мен
шешуде сыни және тәуелсіз тұрғыдан келу қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Пәннің маңыздылығы – әртүрлі бағыттар бойынша жобалау-зерттеу
қызметіндеәлеуметтік статистикалық деректерді есепке алу үшін қажетті
алғашқы біліктерді қалыптастыру.
3) «Экология және тұрақты даму» пәні жоғарғы сынып оқушыларында
адамзат үшін қауіп тудырып отырған жаңа қиындықтар – Өмірлік экологиялық
негіздерінің бұзылу проблемалары және оны шешу жолдары, экологиялық
жағдаяттарды талдау және бағалау дағдыларын дамыту, сондай-ақ қоршаған
ортаға адамдардың әрекеті туралы жүйелі түсінік қалыптастыруға арналған.
4) «Қазіргі заманғы жаратылыстану» кіріктірілген курсы (ҚГБ үшін)
әлемді жаратылыстану ғылыми тұрғысынан өзара байланысқан нысандардың
161
жүйесі ретінде түсіну үшін енгізіледі және «Биология», «Химия», «Физика»,
«География» дәстүрлі пәндерінің мазмұны шеңберінде оқушылар білімінің
тұтастығын, жүйелілігін және іргелілігін қамтамасыз етуге арналған (бұл
пәндер ЖМБ бейіндік пәндері ретінде жеке оқытылады). Курс оқушыларда
мынадай біліктер қалыптастыруды көздейді: жаратылыстану ілімінің жекелеген
салаларының арасында тұрақты байланыс орнату; меңгерген біліміне сүйене
отырып, табиғатта болып жатқан үдерістер мен оқиғаларды тануы, түсіндіруі
және сипаттама беруі; адамзат қоғамының Жердің табиғатына жасаған ықпалы
мен оның салдарларына талдау жасау; қоршаған ортада өзін ұстау ережелерін
қолдану; құндылықтарды және «табиғат-қоғам-адам-техникалық сала»
мегажүйесін тұрақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету мақсаттарын
басшылыққа алу; Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы үшін
оларды қолдана білу тұрғысынан өндірістің неғұрлым белгілі технологияларын
түсіне білуі; адам және оның мәдениетін дамытудың өнімді қызметін
ұйымдастыру құралы ретінде жаратылыстану ілімін және заңдылықтарын
қолдана алу.
5) «Жобалау қызметінің негіздері» қолданбалы курсы мен «Жобалау
жұмысы» таңдау курсы НЗМ тәжірибесін тарату аясында енгізіледі, білімді
шығармашылықпен
түсіндіруді
білігін,
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдана отырып, процестерді жобалау мен үлгілеуді, ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жүргізуге деген уәждемені қамтамасыз етуге
бағытталады. Бұл курстар жоба жұмыстарын дайындау және көпшілік алдында
қорғау кезінде ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамын тартуға есептелген.
Жоба жұмыстарының тақырыптары әрбір оқушының сұраныстары мен жеке
қабілеттеріне сәйкес анықталатын болады.
6) «Алғашқы әскери дайындық және өмір қауіпсіздігі негіздері»
кіріктірілген пәніндегі өмір қауіпсіздігі негіздері компонентінің мазмұны
ЖОО-ның осы аттас пәнінің бағдарламасына сәйкес келеді және ол
оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына және насихаттауына керекті
қабілеттерді қалыптастыруға, табиғат өзгерісі, техногендік және басқа да
апатты жағдайларында оқушылардың қауіп-қатерді бағалауға және дұрыс
шешім қабылдауға, өз басының қауіпсіздігін қорғау ережелерін сақтауға
бағытталады.
Пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнында кредиттік оқыту
технологиясының ерекшеліктері ескерілген, тапсырмалар оқушылардың
функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға, пәнаралық байланыстар
барынша
айқындауға,
оқушылардың
әлемді
тұстастай
қабылдауын
қалыптастыру мақсатында жаратылыстану ғылыми пәндер мазмұнында
оқушылардың Қазақстанда экономика мен әлеуметтік өмірдің даму
перспективасына бағдарланған.
Бір тақырып бойынша немесе тұтас тақырыптық блок бойынша
сабақтарды (сабақ циклін) жоспарлау кезінде мұғалім 10-кестеде көрсетілген
мынадай тапсырмалар түрлерінің ара қатынасын басшылыққа алуды орынды
деп санаймыз.
162
10-кесте. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға
арналған тапсырмалар түлерінің пайыздық ара қатынасы
Білу мен түсіну 20%
Репродуктивтік
қолдану 20%
Продуктивтік
қолдану 45%
Жүйелеу және
топтастыру,
жаңадан ойлап
жасау 20%
Ұғымдарды меңгеруі
...
Ұғымдармен
операциялар жасауы
Ұғымдарды
салыстыру
негізінде талдау
Алған білімін сызба,
диаграмма,
карта,
кесте т.б. түрінде
көрсете алуы
Жіктеме жасау …
Теориялық
қағидаларға
үлгілерді іріктеуі
Өмірлік
жағдаяттарда
қолдану оқиғаларын
таба алуы
Тақырып
бойынша
реферат әзірлеу
Белгілер
мен
қасиеттері …
Нысанды жіктемеде
бар белгілі бір типке
жатқыза алуы
Жаңа жағдаяттарда
қолдану
мүмкіндіктерін
анықтау
Ғылыми мақала жазу
Ақпараттан басты ой
мен жанама ойды
анықтай алуы
Берілген
нысандардағы
белгілер
мен
қасиеттерді
қайта
толықтыру
Теориялық
тапсырмаларды
шешу үшін білімді
қолдана алуы
Лабораториялық
сынауларды сипаттап
жаза алуы
Түрлі
дерек
көздерінен алынған
ақпараттарды
белгілеу
(салыстыру,
ортақ
және
айрықша
белгілерін анықтау)
Негізгі
ақпаратты,
қайта
жаңғырту,
ақпаратты
толықтыру, кеңейту
Әртүрлі
тілдерде
монологтік
айтылымдарды
түрлі тілде қайта
туындату
(барлық
пәндер
бойынша
эссе жазу)
Өнімнің
макетін
әзірлеу
Баламалардан белгілі
бір нұсқаны таңдау
Таныстыру, көрсету
12-ші эксперименталдық сыныпқа кредиттік оқыту технологиясының
енгізілуіне байланысты ағымдағы және қорытынды бағалау жоғары оқу
орындарында да 100 балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады.
Нақты пәннің мазмұнын ескере отырып анықталған бағалаудың типтік
өлшемдеріне сәйкес күтілетін нәтижелер әр сабақта 100 балмен бағаланады.
Ең шекті 100 балл алдын ала білу мен түсінуге, репродуктивтік қолдануға,
продуктивтік қолдануға, жүйелеу мен топтастыруға, ойлап табуға бөлінеді
(таңдауы бойынша 2-3-і нақты сабақтың мақсаты мен міндеттеріне байланысты
болады).
Бағалау кезінде мұғалім кредиттік оқыту технологиясы бойынша
бағалаудың жалпы қабылданған шкаласын басшылыққа алады (11-кесте).
163
11-кесте. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде бағалау
Пайыздық
мазмұны
Балдардың
сандық
эквиваленті
Әріптік
жүйе
бойынша
бағалау
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
Емтихан, сараланған сынақ
Сынақ
95-100
4
A
Өте жақсы
Сынақ
90-94
3,67
A-
85-89
3,33
B+
Жақсы
80-84
3
B
75-79
2,67
B-
70-74
2,33
C+
қанағаттанарлық
65-69
2
C
60-64
1,67
C-
55-59
1,33
D+
50-54
1
D
0-49
0
F
қанағаттанарлықсыз
Сынақ емес
Мектептің үлгірім журналдарында әрбір сабақта бағалаудың 0-ден 100-ге
дейін балдары қойылатын болады. Үлгерім табелінде тоқсан үшін 100 балдық
шкала бойынша балдар санының эквиваленті болып табылатын 5 - «өте
жақсы», 4 - «жақсы», 3- «қанағаттанарлық», 2- «қанағаттанарлықсыз» дәстүрлі
бағалары қойылатын болады.
164
11 Пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік
қаржыландыруды іске асырудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – БДМБ) орта білім беру
ұйымдарын (шағын жиынтықты мектептерден басқа) жан басына нормативтік
қаржыландыруға көшіру көзделген.
Жан басына нормативтік қаржыландырудың міндеттері:
– республикадағы мектептерде білім беру процесін іске асыруға мемлекет
бюджетінің шығыстарын орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартының (МЖМБС) бірыңғай талаптарына сәйкес мөлшерлеу;
– Білім беру қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге
бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру.
Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру білім беру
процесіне (МЖМБС-ны іске асыруға) шығыстарды республикалық деңгейде
орталықтандыруға және пилоттық мектептерге бюджет қаражатын бір жылға 1
оқушыға шаққандағы есеппен бөлуге негізделеді.
Бөлінетін бюджет қаражатының көлемі мектептердегі оқушылар санына
байланысты.
Білім беру процесіне шығыстар мектеп қызметкерлеріне еңбекақы
төлеумен, оқу шығыстарымен байланысты шығындарды, сондай-ақ
мектептердің педагогикалық қызметкерлеріне олардың қызмет нәтижелері мен
білім беру қызметтерінің сапасы бойынша сыйлықақылар мен ынталандыратын
үстемеақыларды қамтиды.
Мектептердің білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша қызметтер
(коммуналдық қызметтер, ағымдағы жөндеу жұмыстары, ғимаратты күту,
оқушыларды тасымалдау және тамақтандыру, басқадай қызметтер) аймақтарда
орта білім беру ұйымдары желілерінің жағдайы мен дамуына, материалдық
базаны қолдау және мектептердің инфрақұрылымы үшін жауапкершілікті
сақтау мақсатында жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде қалады.
Жан басына нормативтік қаржыландыру еңбекақы төлеудің жаңа нысаны
емес, бұл білім беру процесін іске асыру үшін мектептерге бюджет қаражатын
бөлу тетігі болып табылады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеу
саласындағы барлық кепілдіктер сақталады. Мектеп қызметкерлеріне
еңбекақыны есептеу және төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік
бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне,
қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400
қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Білім беру процесін жан басына қаржыландыру нормативінің мөлшерін
(яғни 1 оқушыны оқыту құнын) ҚР Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі –
БҒМ) ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы №
440бұйрығымен бекітілген Орта білім беруді жан басына нормативтік
қаржыландыру әдістемесінің негізінде бір жылға есептейді.
165
1 оқушыны оқыту құны білім беру бағдарламасының түріне, деңгейіне
және іске асырылу орнына қарай ерекшеленеді.
Жан басына шаққандағы нормативті және мектептердегі білім беру
процесін қаржыландырудың жалпы көлемін есептеу кезінде БҒМ мыналарды
ескереді:
– мектеп қызметкерлеріне жұмыс жағдайлары үшін төленетін барлық
қосымша ақылар мен үстемеақылар;
– қалалық (24 адам) және ауылдық (20 адам) сыныптардың нормативтік
толымдылығы;
– сыныптардың шекті толымдылығы (25 адам). Сыныптардың шекті
толымдылығынан тыс оқушыларды оқыту құны азаяды.
Жан басына шаққандағы нормативтің мөлшері мен жергілікті атқарушы
органдарынан сыныптар бойынша оқушылар саны туралы ұсынылған деректер
негізінде БҒМ жан басына шаққандағы нормативті нақты мектептегі оқушылар
санына көбейту жолымен әрбір мектепте жан басына қаржыландыруды іске
асыруға (білім беру процесін қаржыландыруға) республикалық бюджет
қаражатының жалпы көлемін (білімнің деңгейіне, білім беру бағдарламасының
түріне байланысты) есептеуді жүргізеді.
Жан басына нормативтік қаржыландыру тетігі «ақша оқушының соңынан
жүреді» қағидасының негізінде құрылған. Мектептерде жан басына
нормативтік қаржыландыруды енгізудің нәтижесі мыналар болмақ:
– оқу орындары арасында бәсекелестік дамиды, өйткені оқушылар мен
олардың ата-аналары ең жақсы мектепті таңдау мүмкіндігіне ие болады, ал
мектепке ақша оқушымен бірге келеді;
– білім беру процесінің сапасы жоғарылайды, өйткені оқушылардың
мектептен кетіп қалу мүмкіндігі мектеп әкімшілігі мен жергілікті билік
органдарын мектептегі мұғалімдер құрамын, материалдық базаны және оқу
жағдайын жақсартуға ынталандырады.
– мектептер арасындағы оқушылар мен жақсы педагогтар үшін талас білім
беру сапасынжоғарлатуға маңызды талап болады. Жан басына нормативтік
қаржыландыру жағдайында мектеп білім берудің сапасын арттыру үшін
мыналарды ұсынады:
– педагогикалық қызметкерлерге: оқуға және өзінің біліктілігін арттыруға
мүмкіндік; қызметінің нәтижелері мен білім беру қызметтерінің сапа
көрсеткіштеріне қол жеткізуі бойынша сыйлықақы және үстемеақы алу;
– оқушыларға: әр түрлі, оның ішінде халықаралық деңгейдегі байқауларға
және жарыстарға қатысуға мүмкіндік; сапалы педагогикалық құраммен, оқу
материалдарымен, оқу құрал-жабдықтарымен және жаңартылған материалдық-
техникалық базамен қамтамасыз етілу.
Мектептер деңгейінде жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан
өткізуді ұйымдастыру және мониторингілеу «Қаржы орталығы» АҚ-ға
жүктелді.
2013 жылғы 1 қыркүйектен республиканың 4 (Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік
Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарындағы) облысындағы пилоттық 50
мектептің негізінде орта білім берудің жан басына нормативтік
166
қаржыландырылуын сынақтан өткізу басталды.
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап сынақ өткізілетін мектептер қатарына
Ақмола облысынан тағы 13 мектеп қосылды.
Пилоттық мектептердегі оқушылардың жалпы контингенті шамамен 50
мың адамды құрайды.
Сондай-ақ, пилоттық мектептерде мектептерді басқарудың жаңа
алқаластық органы ретінде қамқоршылық кеңестерінің жұмыс істеуін сынақтан
өткізу жүргізілуде (3-қосымша).
Орта білім берудің жан басына нормативтік қаржыландырылуын сынақтан
өткізуге және кейін оны іске асыруға дайындау мақсатында мынадай
нормативтік құқықтық актілер әзірленіп, бекітілді:
1) «Білім беру ұйымдарындағы қамқорлық кеңестердің жұмыс істеуін
сынақтан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 573 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің бұйрығы (2013 жылғы 19 тамыз № 350);
2) «Орта білім беруді жан басына қаржыландыру қағидаларын бекіту
туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2013
жылғы 30 қазан № 439);
3) «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін
бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
бұйрығы (2013 жылғы 30 қазан № 440);
4) «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландырудың сынағын
өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
бұйрығы (2013 жылғы 4 қараша № 447);
5) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен
ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың
қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамыр № 598
қаулысы;
6) «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан
өткізу мәселелері бойынша жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2014 жылғы 14 шілдеде
№ 279).
Пилоттық мектептерде білім беру процесін жан басына нормативтік
қаржыландыру ҚР БҒМ мен жергілікті атқарушы органдарының арасында
келісім жасасу арқылы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы
нысаналы трансферттердің есебінен іске асырылады.
2013-2014 оқу жылы сынақтан өткізудің нәтижесі бойынша, пилоттық
мектептердің директорлары педагогтардың әрбір оқушыға, оқыту сапасын
жоғарылатуға мүдделерінің едәуір артқанын, «ұйқыдағы» мұғалімдердің
жұмысқа ынта-ықыласы оянып, мұғалімдердің жеке және кәсіптік тұрғыда
өсуге ынтасы жоғарылағанын байқаған.
167
Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізудің
басты мақсаты орта білім берудің сапасын жоғарылату болып табылады.
Бір-ақ жылда сынақтан өткізудің нәтижелеріне және жан басына
нормативтік қаржыландырудың басты мақсатына жету деңгейіне дұрыс баға
беру қиын. Алайда, сынақтан өткізудің аралық нәтижелерін талдау мынадай
нәтижелер көрсетті.
Соңғы оқу жылы пилоттық мектептерде 13%-дан 21%-ға дейін өз
біліктілігін арттырған қызметкерлер қатары көбейді.
2013-2014
оқу
жылы
пилоттық
мектептердегі
педагогикалық
қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 72,0 мың теңгеден 105,0 мың теңгеге
дейін, немесе инфляция деңгейін есептемегенде 33,0 мың теңгеге өсті.
Пилоттық мектептердегі балаларды дамытуға арналған үйірмелер мен
секциялар 156 бірлікке көбейді. Мектеп үйірмелері мен секцияларының
жұмысына қатысатын оқушылардың қатары да оқушылардың жалпы санынан
57% құрады.
2013-2014 оқу жылы пилоттық мектептерде оқитын және түрлі байқаулар
мен жарыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері, лауреаттары атанған оқушылар
қатары 17%-дан 22%.-ға дейін артты.
Жыл сайынғы оқушылардың үлгерімін бақылаудың нәтижелері де
жақсарды: орташа алғанда, білімнің барлық деңгейлері бойынша орташа балл
54-тен 56-ға дейін. Ақмола облысында пилоттық мектептердегі оқушылар
үлгерімінің ең жоғарғы орташа балы – 72.
Соңғы оқу жылындағы ҰБТ-ның орташа балы 71-ден 76-ға дейін көбейді.
Оның ішінде, Ақмола облысындағы пилоттық мектептердің оқушылары бұл
оқу жылын әлдеқайда сәтті аяқтады. Олардың ҰБТ-дағы орташа балы – 84.
Жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асырудың негізгі
қиындықтары мыналар:
1) мектептердің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны («мемлекеттік
мекеме»), қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесінде мектеп қызметкерлерінің
лауазымдық еңбекақысының шекті мөлшері, мектептердің қаржыландырудың
айлық жоспарын сақтауға тәуелділігі;
2) оқу орындарының тапшылығы, мұның салдары еңбекақы төлеу
бойынша үнемдеуге әкеледі және пилоттық мектептердің ағымдағы нысаналы
трансферттерді игеруі кезінде қиындықтар тудырады;
3) пилоттық мектептердің ағымдағы нысаналытрансферттерді жоспарлауы
және жұмсауы барысында жан басына қаржыландыруды іске асыру
процестерін қосымша реттеу қажеттілігі;
4) пилоттық мектептердің білім беру процесіне шығыстар тізбесін
кеңейтужәнеоғанмектептердіңтолыққандыжұмысістеуі
мен
жабдықталуынқамтамасызетумен байланысты шығыстарды енгізу қажеттілігі;
5) мектеп директорларының басқару білімінің және іскерлік пен
дағдысының, мектеп бухгалтерлерінің бюджеттік заңнама бойынша білімінің
жетіспеушілігі;
6) мектептерде қамқоршылық кеңестерінің жұмысы, ағымдағы нысаналы
трансферттердің жұмсалу процесі жеткілікті деңгейде ашық емес;
168
7) жан басына нормативтік қаржыландыру шарттарының бұзылуы:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу, республика бюджетінің
қаражатын мақсатқа сай пайдаланылмаужағдайлары бар.
Жан басына нормативтік қаржыландыру тетігінің нәтижелілігін арттыру
бойынша мәселелерді қараумен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанынан
арнайы құрылған Жұмыс тобы айналысады.
2015
жылы
орта
білім
берудің
жан
басына
нормативтік
қаржыландырылуын сынақтан өткізу 63 пилоттық мектепте жалғастырылмақ.
169
Достарыңызбен бөлісу: |