10
1.1.3 Электрлік сынақтар
1.1.3.1 Үлгілердің жалпы жəне меншікті кедергілерін анықтау
Сыналатын материалдар үлгілерінің нысаны мен өлшемдері өлшенетін
шамаға байланысты. Көлемді жəне беттік кедергілерді
анықтауға арналған
үлгілер жазық (дөңгелек немесе шаршы) немесе түтікше үлгілерде жасалады.
Ішкі кедергі екі тесігі бар жазық үлгілерде анықталады (1-сурет).
Оқшаулама кедергісі тегіс, түтікше немесе өзекті үлгілерде өлшенеді.
Сыналатын үлгілердің саны кемінде үш болуы тиіс.
1-сурет. Екі тесігі бар үлгілер
Қатты диэлектриктерді сынауға арналған электродтар келесі
шарттарды қанағаттандыруы тиіс: жоғары өткізгіштікке ие болу жəне
үлгімен жанасудың барлық беті бойынша
жақсы электр байланысын
қамтамасыз ету, үлгіге əсер етпеу (деформацияламау, химиялық əсер етпеу).
Металл қысқыш электродтар көлемді жəне беттік меншікті
кедергілерді өлшеу үшін қолданылады.
Фольгалық электродтар меншікті кедергіні жəне оқшаулау кедергісін
анықтау үшін қолданылады.
Шөгінді металдардан жасалған электродтар бағалы немесе түсті
металдардың тығыз жанасатын пленкалары болып табылады. Жағу мынадай
операциялардың көмегімен жүргізіледі: вакуумда бүрку, шооппен жағу,
қылқаламмен жағу(түрлі пасталар).
Графитті электродтар лактағы сұйық суспензия түрінде
немесе
графит ұнтағы түрінде қолданылады.
Аталғандардан
басқа
электродтардың
келесі
түрлері
қолданылады:
штифті, ленталы, пышақты, қырлы, сынапты жəне ток
өткізетін резеңке негізінде.
Достарыңызбен бөлісу: