Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов


Мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі бағыттары



Pdf көрінісі
бет12/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   111
Мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі бағыттары кон-
цепцияда келесідей мазмұндалған.
Заң шығарушы, нормативтік жəне ақпарттық базаны қалыптас-
тыру саласында:
1) өндірушінің тағам өнімдерінің сапасы жəне қауіпсіздігі үшін 
жауапкершілігін жоғарылату бағытында азық-түлік шикізаты жəне 
тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін, өндірісін, сақтау, тасымал-
дау жəне сатылуын реттейтін заң шығарушы актілер жүйесін құру;
2) салауатты тамақтану саласында мемлекеттік саясаттың 
заңнамасын бекіту, соның ішінде приоритетті бағыттарды, іс-
шараларды қаржыландыру көздерін анықтау, мақсатқа бағытталған 
мемлекеттік жəне аймақтық бағдарламаларды қалыптастыруды жəне 
басқаруды құқықтық қамтамасыз ету;
3) тағам өнімдерімен қоспаларды мемлекеттік қадағалау 
ұйымдарының тиісті тексерулерінен өтпеген тұтынушы нарығына 
шығу барысында болуы мүмкін зиянды зардаптарға сенімді тосқауыл 
қоятын азық-түлік жəне тағам өнімдерінің (экологиялық) тазалығын 
анықтаудың құқықтық негіздерін əзірлеу.
Азық-түлік шикізатын өндіру саласында:
1) тағам өнімдерінің негізгі топтары бойынша азық-түлік 
қауіпсіздігін толық қамтамасыз ететін ауылшаруашылық өнімдері 
өндірісін дамыту;


21
2) жоғары сапалы ауылшаруашылық шикізатын келесі жолдар 
арқылы өндіру:
– ірі ауыспалы егіске, монодақыл, генетикалық біртекті дақыл 
құрамына жəне топырақты қалыпты өңдеуге негізделген техноло-
гиядан жəне көлемі өсіп жатқан синтетикалық тыңайтқыштар жəне 
пестицидтерді қолданудан, өсімдікті қорғау мақсатында пестицидсіз 
технологияға, ауылшаруашылықты кеңінен биологияландыру жəне 
экологияландыруға біртіндеп көшу;
– тірі жүйелер технологиясы негізінде экологиялық таза егін 
шаруашылығын енгізу үшін микробты препараттарды құру;
– өсімдіктер жəне жануарлардың трансгенді түрлерін алу, 
солардың негізінде адамға қажетті жоғары сапалы шикізаттың 
тұрақты өндірілуін қамтамасыз ететін, ортаның экстремалды 
жағдайларына тұрақтылығы жоғары жаңа сорттар, гибридтер, 
тұқымдар жəне желілер құру;
-ауылшаруашылық жануарларының кеңінен таралған (соның 
ішінде вирустекті) ауруларымен күресетін диагностикалық жəне 
емдік препараттардың (негізінен биологиялық негіздегі) жаңа 
түрлерін əзірлеу, диагностиктерді, емдік препараттарды қолдану 
регламенттері, сонымен қатар жемдік қоспалардың регламенттері 
алынатын малшаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз 
етуі тиіс;
– өнімділігі жоғары жəне экологиялық үйлестірілген агро-
экожүйелерді – адам тіршілік ететін жəне тағам өнімдерін өндіретін 
салауатты ортаны құру;
– өнеркəсіп негізінде тұқым шаруашылығының вируссыз жүйесін 
меңгеру;
– соя, рапс, дəнді-бұршақты дақылдар жəне басқа да ауыл-
шаруашылық шикізаттарынан белок қосылған азық өндіруді 
ұлғайтатын жаңа технологиялар жəне техникалық құралдарды 
əзірлеу;
– балаларға арналған тағам өнімдерін өндіретін кəсіпорындар-
ды шикізатпен қамтамасыз ететін таза экологиялық зоналарды құру.
Тағам өнімдерін өндіру саласында:
1) инженерлік энзимология, техникалық микробиология 
жəне биоорганикалық химияның жаңа əдістері қолданылған 
белгілі бір қасиетке ие белокты препараттарды, сонымен қатар 
əртүрлі функционалдық жəне медико-биологиялық қасиеттері 
бар, дəстүрлі тағамдық жүйелермен құрылымы үйлесетін жəне 


22
емдік-профилактикалық қасиеттері бар өнімдерді түзетін белокты 
композиттерді өндіру, осыған қоса:
– шикізатты озық əдіспен фракциялау арқылы құрамында бе-
локтан басқа өнімге емдік-профилактикалық қасиет беретін 
биологиялық белсенді заттары бар препараттар алу;
– функционалды қасиеттердің қажетті кешеніне жету үшін, 
шикізаттың өз ферменттерін қолдану арқылы жəне тағы басқа жол-
дармен белокты препараттарды модификациялау;
2) ауылшаруашылық шикізатын биотехнологиялық процестер-
мен өңдеу, оған қоса:
– ферменттік препараттарды, соның ішінде иммобилизден-
ген ферменттер жəне жасушаларды кеңінен қолдану, тағамдық 
технологияның жаңа түрлерін құру мақсатында молекулярлы био-
логия жəне гендік инженерияның жетістіктерін қолдану;
– жалпыға, арнайы жəне емдік-профилактикалық мақсатқа 
арналған тағам өнімдерінің жаңа түрлерін, тағамдық жəне жемдік 
гидролизаттар, хош иістендіргіш синтезін, тағамдық бояғыштар 
жəне биологиялық белсенді заттарды алу;
– тағам өнеркəсібінің қосымша өнімдерін толық құнды тағам 
өнімдері жəне жоғары сапалы мал азығына өңдеу;
– алмастырылмайтын аминқышқылдарды синтездеу жəне солардың 
негізінде өнімді байытуға арналған үйлесімді аминқышқылды қоспа алу;
– биологиялық белсенділігі жоғары объектілерден тағам 
өнімдерін жəне емдік препараттарды əзірлеу.
Тағам өнімдерін алмастырылмайтын факторлармен байыту сала-
сында:
1) халықтың қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын көлемде 
тұтынатын тауарларды байыту мақсатында дəрумендер, минералды 
заттар, микроэлементтер жəне басқа тағамдық заттардың отандық 
өндірісін құру;
2) тағамға қосылатын биологиялық белсенді заттардың өндірісін құру.
Алиментарлы-тəуелді жағдайлардың жəне ауруларды алдын 
алу саласында – кешенді бағдарламаларды əзірлеу жəне іске асыру 
қажет, бұл:
– микронутриенттердің (дəрумен, темір, кальций, йод, фтор, се-
лен жəне т.б.) тапшылығын жоюды; 
– кеңінен таралған жұқпалы емес аурулардың, артық дене салмағы 
жəне семіздікті алдын алуды (зат алмасу патологиясы, онкологиялық 
аурулар, гипертониялық аурулар жəне т.б.);


23
– жоғары сапалы, отандық бейімделген қоспаларды жəне қо-
сымша тамақтандыруға, сонымен қатар емдік тамақтануға арналған 
өнімдерді шығаруды;
– тағам туралы ғылым саласында мамандардың білім деңгейін 
жоғарылатуды, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарын 
кеңінен тарту арқылы халықтың салауатты тағам жөніндегі білім 
деңгейін жоғарылатуды;
– азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерін, сонымен қатар био-
технология жəне гендік инженерия көмегімен алынған өнімдердің 
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Халықтың кедей тобына тағам өнімдерінің қолжетімді болуын 
қамтамасыз ету саласында:
1) адресті көмекке мұқтаж адамдарды анықтау жүйесін құру;
2) мұқтаж халыққа азық-түлікпен адресті көмек көрсетудің 
механизмдерін жəне түрлерін əзірлеу.
Тағам өнімдері жəне азық-түлік шикізатының қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету саласында:
1) өндіру кезеңі, тасымалдау, сақтау жəне өткізу барысын-
да іс-жүзіндегі заңнамаға сəйкес азық-түлік шикізаты жəне тағам 
өнімдерінің сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу;
2) тағам өнімдері жəне азық-түлік шикізатының сапасын 
(қауіпсіздік) мемлекеттік қадағалау жүйесінің нормативтік жəне 
əдістемелік базасын жетілдіру.
Халыққа салауатты тамақтану қағидаларын жəне дағдыларын 
қалыптастыру саласында:
1) тағам жəне тамақтану сұрақтары бойынша ақпараттың 
тапшылығын жою, медицина, білім, қоғамдық тамақтандыру, тағам 
өнімдерін өндіру жəне өңдеу саласында жұмыс істейтін мамандар 
жəне халықты оқытудың бағдарламаларын əзірлеу;
2) ақпараттық-баспаға шығару бағдарламаларын құру.
Балаларды тиімді тамақтандыру саласында:
1) ана сүтімен қоректендіруді қолдаудың кешенді бағдарламасын 
əзірлеу жəне іске асыру;
2) ерте жастағы балаларды арнайы өнімдермен қамтамасыз ету;
3) науқас балаларды емдік тағам түріндегі арнайы өнімдермен 
қамтамасыз ету;
4) мектеп жасындағы балаларға ыстық тағам ұйымдастыру.
Салауатты тамақтану саясаты жəне оны түзетудің медициналық 
мақсатын қалыптастыру саласында:


24
1) Қазақстан Республикасының барлық аймақтарындағы 
халықтың түрлі топтарының денсаулыған, тамақтану жағдайын, 
тағамдық статусын, алиментарлы-тəуелді аурулардың халық ара-
сында таралуын тұрақты бақылау;
2) халықтың түрлі топтарының тағамдық заттармен энергияға 
қажеттілігін анықтау жəне анықтау негізінде балалар жəне ересек 
адамдардың тамақтануы бойынша ұсыныстар əзірлеу.
Салауатты тамақтану концепциясын мемлекеттік жəне аймақтық 
деңгейде іске асыру механизмі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет