Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



Pdf көрінісі
бет10/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   111
мониторинг жүйесін əзірлеп, көрсеткіштер 
тізімін, ақпаратты жинау, өңдеу жəне талдау тəртібін бекіту қажет. 
Мониторинг: 
– ел жəне аймақ халқының ғылыми негізделген нормалармен 
салыстырғандағы азық-түлікті тұтыну деңгейі;
– АӨК салалары жəне импорттың азық-түлік жəне өндірістік 
ресурстарының негізгі түрлері бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету 
қатынасы;
– азық-түлікті тұтыну деңгейі бойынша аймақтар жəне халықтың 
əлеуметтік топтарын ажырату деңгейлері;


17
– агроөнеркəсіптік кешен жəне ауылшаруашылық кешенінің 
өндірістік потенциалының жағдайы (топырақтың құнарлығы
техниканың, жабдықтың, өндірістік ғимараттардың, мал басының 
болуы жəне оның жағдайы жəне т.б.);
– бағаның – ауылшаруашылық жəне өнеркəсіп өнімдері, АӨК 
кəсіпорындарына берілетін мемлекеттік қолдау деңгейіне қатынасы;
– азық-түлік нарығының дамуы жəне нарықтың халықтың азық-
түлікпен қамтамасыз етуіне əсер етуі;
– өнімді өндіру үшін азық-түлік жəне шикізаттың тауарлық 
қорларының, АӨК салаларының материалдық-техникалық ресур-
старының болуы сияқты мəліметтерден тұруы тиіс.
Қорыта келе, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігінің қалып-
тасқан жəне болжанатын деңгейін жоғарыда келтірілген критери-
лерге сəйкестігін бағалау үшін, аймақ бойынша, халықтың кəсіби 
топтарына, жасы жəне жынысына байланысты жіктелген қажетті 
параметрлерді əзірлеу керек.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік 
іс-шаралардың жүйесі қажет, ол үшін шаруашылықтың нарық 
жағдайына бейімделген агроөнеркəсіп кешені салаларының
кəсіпорындарының жəне шаруашылықтарының ішкі қорларын 
(резервтерін) қолдану қажет.
1.5. Салауатты тамақтану саласындағы мемлекеттік 
саясаттың концепциясы
Салауатты тамақтану саласындағы мемлекеттік саясат-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет