Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



Pdf көрінісі
бет28/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   111
сакситоксин жəне сакситоксинды аналогтардың (го-
наутоксиндер) əсерінен болады. Ауырлықтың орташа деңгейімен 
уланғанда паралитикалық у ерін, бет жəне мойын айналасында 
шаншып ауыру немесе тіл байлануын, бас ауруы, бас айналу жəне 
жүрек айнуын тудырады. Уланудың қиын жағдайларында аяқ-
қолдың қозғалмай қалуы немесе жансыздануы жəне біруақытта 
жалпы əлсіздік, пульстың жиілеуі жəне тыныс алудың қиындауы 
байқалады. Бұлшықеттік салданудың ауыр түрлерінде жəне тыныс 
алу қиындағанда 24 сағат аралығында адам өліп қалуы мүмкін. Жиі 
жағдайда ауруға дұрыс диагноз қойылмайды, себебі оның симптомы 
мастық күй белгілерімен ұқсас болады. Адам осы уға шектелген им-
мунитет өндіруі мүмкін деген пікір бар, бірақ уға қарсы дəрі белгісіз.
Моллюскалар дəстүрлі тағам рационына кіретін елдер үшін бұл 
проблема маңызды эпидемиологиялық мəнге ие.
Тетродотоксинмен улану. Тікен бауыр балықтарының токсині – 
тетродотоксинмен улану – уытты балықты қолданумен байланысты 
уланудың тағы бір түрі.
Океания аралдарында тікен бауыр балықтарының улылығы жайын-
да деректер ежелден (шамамен, біздің эраға дейін 2500 жыл) белгілі. 
Еуропалықтар арасында бірінші деректі белгілі теңіз жүзушісі Т. Кук 
берген, ол өзінің 1774 жылы жер шарын айналған екінші саяхатында 
16 жолсеріктерімен бірге тікен бауыр балықтарымен уланған. Жапони-
яда тікен бауыр балықтар – фугу деликатес болып саналатындықтан, 
тетродондық улану түйінді проблема болып табылады. Өткен жүз 


51
жылдықтың 60-жылдарынан бастап Жапонияда фугу балығымен 
уланған 50-100-ге дейін жағдайлар тіркелді, мұндай уланулардың 
нəтижесінде өлім барлық тағамдық уланулардың 60-70%-ын құраған. 
Фуганың ұрық безі, уылдырығы, бауыры өте улы, ал терісі жəне ішегі аз 
деңгейде уланған. Жапонияның денсаулық сақтау органдары балықтан 
өте уытты бөліктерін алып тастау əдісін меңгерген адамдарға куəлік 
беру арқылы, осы проблеманы шешуге тырысқан.
Тетродондық улануды тудыратын – тетродотоксин суда ерімейтін 
термотұрақты зат, тыныс алудың салдануы нəтижесінде 1,5-8 сағат 
аралығында адамдардың сіңірі тартылып, өлімге алып келуі мүмкін. 
Қайнау барысында токсин залалсызданбайды. Уға қарсы дəрі 
белгісіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет