Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



Pdf көрінісі
бет27/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   111
аматоксиндер жəне циклдық гептапептидтер тобына жа-
татын
 фаллотоксиндер бар. Аматоксиндер фаллатоксиндерге 
қарағанда уыттылығы жоғары, бірақ олардың уытты əсері ағзаға 
түскен уақыттан кейін едəуір кеш байқалады. Адам улануды 10 
сағат аралығында сезбеуі мүмкін. Салмағы 50 г-ға жуық бір улы 
саңырауқұлақпен улануы адамды өлімге алып келуге жеткілікті 
екендігін ескеру қажет.


49
2.2.6. Теңіз токсиндері
Жануар текті өнімдер ішінде теңіз токсиндері кеңінен таралған.
Мұхит – тағам көзінің бай жəне арзан көзі емес екендігі 
дəлелденген. Жер халқының үздіксіз өсуі балық жəне су жануарлары, 
моллюска жəне шаян тəрізділерді белок көзі ретінде барынша көп 
қолдануды талап етеді. Бірақ балықтың жəне теңіз жануарларының 
көптеген түрлері зиян жəне адамның өлімін тудыруы мүмкін. Осы 
өнімдерді қолданумен байланысты уланулар адамзат тарихының 
барлық кезеңдерінде байқалған.
Уланудың:
– моллюска жəне шаян тəрізділер етінің токсиндерімен 
паралитикалық улану;
– тетродотоксиндермен улану;
– галлюциногендермен улану
– ихтиотоксиндер, ихтиокринотоксиндер жəне ихтиохемотоксин-
дермен улану;
– сигуатера интоксикациясы;
– скомброидті улану;
– альготоксиндермен улану түрлері жиі кездеседі.
Көрсетілген улану түрлерінің əрқайсысы көптеген жылдар бойы 
белгілі болған, бірақ адам денсаулығына үлкен қауіп төндіруді 
жалғастыруда.
Моллюска жəне шаян тəрізділер етінің токсиндерімен 
паралитикалық улану. Кей жағдайларда моллюскалар жəне шаян 
тəрізділер уытты болатыны көптеген ғасырлар бойы белгілі. XVII 
ғасыр басында Порт-Ройяла жəне Нова – Скотиа үндістері тағам 
рационының негізгі компоненті – мидийдің көптігіне қарамастан 
өздерінің иттерімен жəне ағаш түбірлерімен қоректенген. Жылдың 
белгілі бір кезеңінде, көктем соңынан күзге дейін, мұхитта био-
люминесценция пайда болғанда үндістер моллюскаларды жеме-
ген. Солтүстік Америка үндістері моллюскалардың уыттылығын 
«қызыл тасқынмен» байланыстырған. Тарихта уытты моллюскалар-
ды осы кезеңде тұтынумен байланысты қауіпті аурулар жəне өлім 
жағдайлары тіркелген. Моллюскалар жəне шаян тəрізділер бенто-
спен, жекелеп алғанда тас қабықты қыл аяқтылар – динофлагел-
ляттармен қоректенгенде уытты болатыны кейінірек анықталған. 
Осы ағзалар, сонымен қатар басқа фитопланктон – теңіз тағам 
тізбегінің негізін құрайды. Дамудың нақты бір жағдайында бұл 


50
ағзалар көрнекі түрде «Қызыл тасқын» деп аталатын жылдам өсу 
(гүлдену) кезеңінен өтеді. Ағзалар концентрациясы көп болса (1 мл-
де 1 млн-ға жуық) су қызыл түстің əртүрлі реңктеріне боялады. Кон-
центрациясы төмен болса, күндізгі уақытта теңіз суының «гүлденуі» 
байқалмауы да мүмкін. Бірақ, түнде осы ағзаларға тəн люминисцен-
ция нəтижесінде олардың жинақталуы толқындардың жотасында 
тұтанатын от түрінде анық көрінеді.
Паралитикалық у құрамында токсині бар динофлагелляттармен 
қоректенетін кез келген теңіз ағзаларында шоғырланады. Токсин-
дер ағзаларына əсер етеді. Сондықтан, егер жағалауда өлген балық, 
крабтар жəне басқа ағзалардың саны көп болса, «қызыл тасқынның» 
барын болжай беруге болады. Динофлагелляттардың концентра-
циясы судың 1 мл-де 200 жасушаға дейін болса, қос қақпалы мол-
люскалар өте улы болатыны анықталған. Уыттылығының себебі 
динофлагелляттардан бөлініп шығатын күшті əсер ететін нейроток-
синдер – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет