Пайдаланған әдебиеттер: 1.Основы педагогического мастерства (под., ред. И.А.Зязюна) Москва: Просвещение, 1989.
Ж. А. Жүсіпова. Педагогикалық шеберлік, Оқулық. Алматы,
2011.-316б
Құндықова Алтынбибі.Педагогикалық шеберлік негіздері. Оқу құралы.
Білім және ғылым. Энциклопедиялық сөзік./Ред.басқарған Ж.Қ. Туймебаев, ред.алқасы А. Е. Әбілқасымова, И. Б. Бекбаев, Н. Б. Қалабаев, Е. Ә. Оңғарбаев, С. Ж. Пірәлиев, М. В. Рыжаков. - Алматы, 2009. - 400 б.
Құрманалина Ш. Х, Мұқанова Б. Ж.. Педагогика: Оқу құралы.Астана.-2007.
Теориялық мәліметтер Жоспар: Педагог мамандығындағы жеке шығармашылық қабілетті іске асыру.
Педагог мамандығындағы актерлік және режиссерлік шеберлік элементтері.
К.С.Станиславскийдің педагог дайындауда театрлық жүйесінің принциптері.
Негізгі ұғымдар:педагогикалық шығармашылық, педагогикалық мәдениет, актерлік шеберлік.
1. Педагог мамандығындағы жеке шығармашылық қабілет- ті іске асыру Қазіргі заман мұғалімінің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Заманауи оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры – шәкіртпен қарым-қатынастың, шәкірттің ісәрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.
Педагогикалық шеберлік – мұғалімге оқу-әрбие процесін ұйымдастыруда қажетті кәсіби білім, білік және дағдылардың жиынтығы. Педагогикалық шеберліктің негізі жоғары оқу орнында қалыптасады. Оның мазмұнына:
Кәсіби педагогикалық білім;
Мысалы, педагогикалық тәжірибе – біріншіден, мұғалімнің нақты жағдайларды, балалардың, балалар ұжымының ерекшеліктерін және өзінің жеке ерекшелігін есепке ала отырып, педагогиканың практикадағы заңдарын және принциптерін шығармашылықпен, белсенді меңгеру мен іске асыруы.
Ал, педагогикалық шеберлікті меңгеру екі деңгейде жүргізіледі:
Кәсіби педагогикалық қызметке дайындық кезінде алынған білім, білік, дағды.
Кәсіби педагогикалық қызмет барысында алынған білім, білік, дағды.
Педагогикалық шеберліктің нәтижесі ретінде мұғалімнің шығармашылығы, жеке тәжірибесі және оның жариялылығы болып табылады. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби қабілеттілігінің өзара байланысын А. С. Макаренко:педагогикалық шеберліктің туа біткен ерекшеліктері, қасиеттері арқылы белгіленетінін жоққа шығара отырып, ол оның кәсіби қабілеттілік деңгейіне байланысты екендігін көрсетті. Оның айтуынша, іскерлікке, педагогикалық квалификацияға негізделетін педагогикалық шеберлік – бұл тәрбие процесін білу, оны құру, қозғалысқа түсіру. Педагогикалық шеберлікті меңгеруге әрбір педагогтың жеке практикалық тәжірибесі мен еңбектенуі нәтижесінде қол жеткізуіне болады.
Шебер педагог – бұл жоғары мәдениетті, өз ісінің шебері, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін білетін, психологиялық білімі бар, сонымен қатар әртүрлі ғылым саласынан хабардар маман.
Педагогикалық шеберлік – балаларды сүйетін, жүрек қалауымен жұмыс істейтін, әрбір педагогтың қолы жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріліп отырылатын өнер.
Педагогикалық үрдістің ерекшелігі, оның кұрылымы және мазмұны дамыту, оқыту, тәрбиелеу функцияларын тәжірибе барысында тарататын шеберліктің ашылу себептері болып табылады.
Педагогикалык шеберлік педагогикалық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, мынадай төрт күрделі кұрылымды қамтиды:
Педагогикалық технология (сөйлеу мәнерінің техникасы, ойлау логикасы мен нақтылығы, бейнелі көрсетілімдері, қажетті құралдарды таңдай білу дағдысы, формалары мен тәсілдері);
Педагогикалық шығармашылық (шығармашылық талдау, стандартты емес ойлау, жаңа ақпараттар іздестірудегі қажеттілік, экспериментке ұмтылыс);
Пәндік білім (кәсіптік құзырлылық, арнайы кәсіби даярлығы, оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибесі, ғылыми біліктілігі);
Педагогикалық стиль (педагогикалық нақтылық, өзінің және өзгенің әрекетін қабылдай және бағалай білу дағдысы, педагогикалық бағыттағы тіл табысу мен әрекетшілдік, педагогикалық тактика мен этика, тыңдай және тыңдата білу дағдысы, адамдардың ішкі дүниесін тануға қызығушылық).
Оқыту пәнін толық меңгеру, оның тарихын, теориясын, тәсілдерін, казіргі заманға сай тәжірибесін білу педагогикалық шеберліктің негізін құрайды.
Педагогикалық шеберлік – бұл оқытумен тәрбиелеу әрекетін кәсіби меңгеру,тұлғаны жанжақты дамыту, көзқарасы мен қабілетін қалыптастыру мүмкіндігі.
Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің педагогикалық шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Педагогикалық шығармашылық – педагогтің жеке даралығының, оның тәжірибесінің, дарындылығының, қабілеттілігінің және тұлғалығының, қиялы мен түйсігінің жоғары көрінісі. Кәсібилігі мен шеберлігінің жоғары өлшемі; мұғалімнің оқу-тәрбие процесіне тиімді және стандартты емес педагогикалық шешімдер әзірлеу мен орындауы, тәрбие мен оқытудың теориясы мен іс-тәжірбиесін байытуы. Педагогикалық шығармашылық алдыңғы қатарлы инновациялық тәжірибеге, ғылым жетістіктеріне, педагогикалық шешім табудағы өз тапқырлығына сүйене отырып, мақсаттардың, құралдардың және нәтиженің тиімді арақатынасын іздеу түйсігі мен сипатының ықтималдығына негізделген. Интегралды сипаттары:
педагогте терең, жан-жақты білімнің болуы және оларды сыни өңдеу мен пайымдауы;
теориялық және әдістемелік ережелерді педагогикалық
әрекетке аудара алу білігі;
өзіндік жетілуі мен өз бетінше білім алу қабілеті;
жаңа әдістер, формалар, амалдар мен құралдар әзірлеу және олардың бірегейлі үйлесімділігі;
іс-әрекет жүйесінің диалектикалығы, вариативтілігі,
өзінің жеке іс-әрекетін және оның нәтижесін рефлексивті бағалай білуі, педагог тұлғасының эталондық және жеке қайталанбас сипаттарын үйлестіру мен әзірлеуге негізделген кәсіби іс-әрекет стилін қалыптастыруға қабілеттілігі;
білім мен түйсікке негізделген импровизацияға қабілеттілік. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек.
Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет. Сонымен, педагогикалық шеберлік дегеніміз өзінің мамандығына сай игеруі тиіс барлық ерекшеліктердің жоғары деңгейін, тұлғаның кәсіби қызметті өзінше ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін ерекшеліктерінің жинағын, сондай-ақ кейбір педагогикалық ерекшеліктердің дамуының жоғары деңгейінің салдарын білдіреді, ал педагогтың жалпы мәдениеті, оның теориялық білімі және педагогикалық техниканы меңгеруі осы шеберліктің іргетасы болып табылады.
Жалпы айтқанда, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету – мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен, тығыз байланысты. Өз мамандығына жан жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.