Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы



бет14/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   91
Байланысты:
пед

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Ж.А.Жүсіпова.Педагогикалық шеберлік: Оқулық. Алматы:
Экономика, 2011. -2016б.
2. Құндықова Алтынбибі. Педагогикалық шеберлік негіздері: Оқу құралы. -Алматы: 20147. -216 б.

  1. Ш. Х. Құрманалина, Б. Ж. Мұқанова. Педагогика: Астана, 2007.

  2. Н. Берікұлы. Педагогика. Оқу құралы, 2004 3. Ж. Б. Қоянбаев, Р. М.

Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2002

  1. Зязюн. Основы педагогического мастрества М., 1989

  2. Сластенин В.А. Формирование личности учителя советской школы в процессе профессиональной подготовки. М., Просвящение, 1976 6. Қ. Сейталиев. Педагогиканың жалпы негіздері. Ақтөбе, 2004. 7. Б. А. Молдағалиев. Мектеп мұғалімінің анықтамалығы. Орал, 2005.

8. Ж. Әбиев Педагогика. Алматы., 2004.
Тақырып №3. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ

НЕГІЗГІ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ


Теориялық мәліметтер Жоспар:

  1. Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде

  2. Жалпы педагогикалық қызмет және кәсіби педагогикалық қызмет

  3. Кәсіби қызметтің мәні мен құрылымы

Негізгі ұғымдар: педагогикалық қызмет, кәсіби педагогикалық қызмет, кәсіби шеберлік, кәсіби қызмет құрылымы.
1. Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде
Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі қарым-қатынаста болуымен және рухани араласуымен сипатталады. Сол себепті мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы оның интеллектуалдық мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы ұстаздық қызметті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.
Баланың тұңғыш ұстазы оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалімі. Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен жүзеге асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен абстрактылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндет - оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мағынада оқушының бойына шынайы білім, білік, дағдыларын дарытып, зердесіне ғылыми негіздерін тоқыта алған, үйренген нәрселерін өмірде, іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыра алған сөйлеген сөзі, істеген ісі, парасат пайымы, инабаты, білімінің тереңдігі мен жан-жақтылығы арқылы шәкірттеріне ең беделді үлгі бола алған адам ұстазға саналады. Бір сөзбен айтқанда, ұстаз - адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім, тәрбие нұрын шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға. Ол жеке адамдардың өмірінің дұрыс бағытта дамып, көркеюіне із қалдыратын өмір тәжірибесі мол дана адам болып табылады.
Сондықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары ұстаздық шеберлік, шыныққандық, моральдық таза, табанды, ерік жігерлі, парасатты мінез-құлық талап етіледі.
Мұғалім – мәдениеттің қайнар көзі, жастарды қалыптастыратын мүсінші, адамтану мамандығының иесі. Мұғалімдік қызметтің басқа мамандықтан ерекшелігі оның сауаттылығында, көрегендігінде және баланы сауаттандырып, Отанын, ұлтын сүюге тәрбиелеуде. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы – ең алдымен оның жұмысында да, үйде де білімін ұлғайтып, тереңдетуге айырықша қабілетті болуы талап етіледі. Ғылыми материалмен жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге тырысып, оқушылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды.
Мұғалім мамандығы тек әлеуметтік тәжірибені алмастырушы ғана мамандық емес, ол тұлға қалыптастырушы, адамды адам ретінде тәрбиелейтін мамандық.
Сондықтан мұғалім тұлғасында мынадай қасиеттер болуы керек:

  • жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік;

  • балаға деген сүйіспеншілік, оларға өз жүрек жылуын сыйлауға деген қажеттілігі мен қабілетінің болуы;

  • шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға деген ұмтылысының және іскерлігінің болуы;

  • жоғары кәсіби шеберлік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилі, жаңа құндылықтар тудыруға және шығармашылық шешімдер қабылдауға дайындық;

  • үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілігі мен дайындығының болуы;

  • психикалық және физикалық денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға қабілеттілігі және т.б.

Педагогикалық қызметтің мақсатын жүзеге асыру тәрбиелік ортаны қалыптастыру, тәрбиеленушілердің әрекетін ұйымдастыру, тәрбиеленуші ұжымды тудыру. Тұлғаның даралығын дамыту сияқты міндеттерді шешумен байланысты. Педагогикалық қызметтің барлық қасиеттерін анықтайтын негізгі функцияналды бірлігі ретінде педагогикалық іс-әрекеттің танымы. Мұғалімнің педагогикалық ісәрекеті ең алдымен танымдық формасында көрінеді. Өзіндегі бар білімге сүйене отырып, ол теория жүзінде өз әрекетінің құралдарын, пәнін және нәтижесін салыстырады. Танымдық міндеттерді психологиялық тұрғыдан өз шешімін тауып практикалық өзгерістерге айналады. Мұғалімнің іс-әрекеті түрлі деңгейлердегі міндеттерді шешу процесі. Педагогикалық міндеттердің ерекшелігі олардың шешімін табуда. Педагогикалық қызметтің объектісі - адам.
Педагогикалық қызмет бұл тәрбиешінің тәрбиеленушіге жасайтын тәрбиелік және оқыту ықпалы. Бұл оның тұлғалық интеллектуалды дамуына бағытталады. Педагогикалық қызметтің мақсаты тұлғаны жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу. Сондай-ақ, қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау. Педагогикалық қызметтің мазмұны - оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру үрдісі. Педагогикалық қызметтің құралдары – білім оқулықтарымен, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, компьютерлік, графикалық және техникалық құралдар. Педагогикалық қызметтің әдістері сөздік көрнекілік және практикалық әдістер тобы, педагогикалық қызметтің нәтижесі оқушы тұлғасының интеллектуалдық дене дамуы және оның қоғамда бағалануы.
Педагог деп бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлерді атаймыз.
Педагогикалық қызмет бұл білім алу барысында пайда болатын білім, іскерлік, дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі.
Педагогикалық қызметтің негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты болып табылады. Педагогтар әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін атқарады, яғни адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа беруге бағытталады, оларды қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рөлдерді меңгеруге дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет