Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы


Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жолдары



бет5/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
пед

4. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жолдары.
Мұғалімдік шеберлікке баулу, тәрбиелеу жоғарғы педагогикалық оқу орындарында ең алдымен жекелеген мамандыққа байланысты пәндері: педагогиканы, психологиян, методиканы оқуға байланысты жүзеге асырылады. Сондықтанда бұл пәндердің негізінде студенттерге жоғарғы кәсіптік мамандықты игеруді мақсат ете қоюмен бірге студенттердің бұл пәнді оқып үйренуге деген ынтасын арттыру керек. Мұғалімдік шеберлікке баулу – жалпы мұғалімдік мамандыққа баулып тәрбиелеудін орталық біріктіру аспектісі болуға тиіс. Студенттер төменгі курстардың өзінде «Педагогикалық шеберлік негізі» курстарын оқып үйренуге байланысты орталық бағдар беретін пәндер ретінде зейін аудара отырып, ықылас қойып педагогика, психология пәндерін терең оқып үйренуі керек және педагогика тарихын және пәндерді оқыту әдістемесін үйренуді қажет етеді.
Педагогикалық шеберлік негіздері курсын оқып үйренуде төмендегідей принциптерді негізге, басшылыққа алып оқытса, солғұрлым нәтиже береді:

  • Тұтастық қатынас жасау принципін басшылыққа алу. Демек, теориялық мәселелерді практикамен ұштастырып таныту. Оған материалды дискуссия ретінде талқылау, жаттықтыру, ойлау операциясын белсендіру, схема, конспекті,тезис құру т.б.

  • Белсенді қатынас жасау принципі (коммуникация) түрлі ойындар ұйымдастыру, демонстрация, жарыс, фрагменттеу. Сабақ ұйымдастыру барысына студенттердің өздерін тарту.

  • Студенттер педагогикалық іс-әрекетті меңгеруді, кезеңкезеңімен үйреніп жаттыға білуі қажет. Студенттерөздерінің сыртқы келбетін игеру, киім қию, сөйлеумәдениетін игеру, қарым-қатынас жасау тәсілдерін үйрену, т.б.

  • Жеке пәндерді оқытудағы үйрену барысында шығармашылықты меңгеру.

  • Аспектілік қатынас - мамандыққа бағыттау, педагогикалық шеберлік негізіне бағыттау.

  • Білім және дағды байланысы принципі. Практикалық тапсырыс. Базалық мектептермен жиі байланыс.

  • Педагогикалық оқу орындарын педагогизациялау принципі - оқу - тәрбие процесін педагогикалық шеберліктімеңгеруге қарай бағыттау және студенттерді түрлі үйірмелерге, клубтарға, студияларға тартып отыру қажет.Мұғалім күндерін өткізуге, педагогикалық оқу, конференция ұйымдастыруға, жаңашыл педагогтардың тәжірибесін насихаттау шараларына қатыстыру. Кештер өткізуге түрлі тақырыптарды таңдау: мысалы, «Келешек мектебі бүгінен басталады», «Мен неге мүғалім болғым келеді», «Заманауи мектеп мұғалімі қандай болу керек» және т.б.

Жоғарғы оқу орны, мектеп, студенттердің өзі бірлескен дәрежеде ғана шебер педагогті дайындап шығаруда нәтижелі іс шығады.
Эстетикалық сезім – педагогикалық шеберліктің негізгі компоненті. Жай ғана хабарлама түрінде ешбір әсер, сезім тудырмайтын құрғақ оқыту, жалаң сөйлеп, тәрбие жөнінде, насихат айту – оқу процесінде де ешбір нәтиже бермейді. Сондықтан оқытудың, тәрбие берудің әсерлігін, оқушының сезімін өзіне тартымдылықты тудыра білу керек. Мұны біз эстетикалық сезім дейміз.
Мұңдай эстетикалық сезім тудыру жолдары оның көзін жеткізу процесімен байланысты. Сезімнің өзі жағымды және жағымсыз болатындығы бізге белгілі. Жағымды сезімдер түрлі психофизиологиялық жағдаймен байланысты. Олар оймен, ерікпен адамгершілікпен, біліммен, мәдениетпен көзқараспен байланысты.
Сезімді бірінші және екінші деп бөлуге болады. Бірінші сезім биологиялық сезім - ол барлық жан-жануарларда болатын сезім. Екінші сезім адамдарға тән сезімдер. Олар әлеуметтік өмір жағдайына байланысты туындап қалыптасатын сезімдер.
Педагогика психология ғылымдары негізінде адам сезімдерін пәндер бойынша дифференциялау мәселесін қойып отыр. Яғни моральдық сезім, еңбек интеллектуалдық, практикалық, эстетикалық сезім. Бұлардың бәрін мазмұнға байланысты біріктіріп, эстетикалық сезім деп айтуға болады, өйткені эстетикалық сезімнің пайда болу кездері: еңбек, ойын, өнер, дін, адамдар арасындағы қарым-катынас.
Сондықтан негізгі міндет сезімдердің мәнін айырып түсіне білу, жас ұрпақтардың эстетикалық сезімін тәрбиелеу, жас ұрпақтардың жағымды сезімдерін тудыра білу кажет.
Мұғалімнің шеберлігі – алдындағы оқушының даму деңгейін, оның әрбір кезеңде өсуін бақылап отыру керек. Сол оқушының даму кезеңдерін ескеріп, оның әрі өсу, даму жағдайларына бағыттап отырғанжөн. Оқушының дамуын, сезім талғамын екі деңгейде тануға болады. Бірінші кезеңінде неге бейім, оның сол бағыттағы әрекетін білу керек. Екінші кезеңі –әлеуеттік даму мүмкіндіктерін білу.
Тәрбиелеуде қоғамдық бағыттылық және адамға әсер ету, оны «қос ықпал» дәрежесінде қолданған уақытта өнімді нәтиже береді. Оның моральдық, эстетикалық әсер ету сезімі күшті болады. Осы бағытта өндіріс пен мектептің байланысын жақсарту – оқу мен еңбекте тәрбие жұмысын ұштастыра түсуде өте маңызды. Оқуды еңбекпен ұштастыруды оны дұрыс үйлестіріп отыру оқушыларда қанағаттанарлық сезім, яғни, эстетикалық сезім туғызады.
Педагогикалық ықпал етіп, эстетикалық сезім тудыратын құралдардың ішінде халық мұралары, ұлттық салт-сана, ұлттық мәдениет, өлең, жыр, сурет, өрнек-ою өнерлері т.б. оқушыларға эстетикалық сезім тудырудың негізгі көздері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет