Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы



бет4/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
пед

3. Педагогикалық шеберлік жүйелері
Педагогикалық кәсіптік әрекеттерге өзін-өзі бағыттап, ұйымдастыратын педагогикалық білгірлік қасиеттер педагогикалық шеберліктер жүйесіне жатады.Педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді Педагогтық іс-әрекетіндегі гуманистік бағыттылық, педагогтық кәсіптік білгірлік, педагогтық іс-әрекетіне бейімділік, педагогтық техника. Бұл аталған педагогтық шеберлік жүйелері бір бірімен байланысты жүзеге асырылады.
а) Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық
Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық тәрбиешілерлің, мұғалімдердің балаларға адамгершілік-ізгілік қарым-қатынас орнату жағынан жетіле түсуін қажет етеді. Гуманистік бағыттылық жүйесі - педагогтардың балалармен ынтымақтастық, демократтық бағыттағы ізгілі-адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас орнату стратегиясы мен тактикасының болуын қажет етеді.Л.Н.Толстой былай деген болатын: «Егер мұғалім өзінің балаларға деген сүйіспеншілігін, педагогикалықіс-әрекетпен жалғастыра білсе, ол жетілген мұғалім». Педагогтық іс-әрекетіндегі гуманистік бағыттылық әр жақты бағалы. Олар мыналар:

  1. өзін шебер педагог ретінде танып білу.

  2. педагогикалық әсер ете білу ықпалының болуы.

  3. балаларға, балалар коллективіне деген сүйіспеншілі ынтымақтастық бейімділігінің болуы.

  4. педагогикалық іс-әрекет мақсатының, гуманистік стратегиясының, тактикасының болуы.

ә) Кәсіптік білім, білгірлік
Педагогикалық кәсіптік шеберліктің негізі – кәсіптік білім. Мұғалімнің кәсіптік білгірлігі: біріншіден, оқытатын пәнін терең, негіздей білу, екіншіден, сол пәнді оқып тани білетін оқушыларға арналады.
Кәсіптік білімнің ерекшеліп оның кешенділігінде; білім мазмұны, оны оқыту әдісі, оны ұйымдастыру принциптері жатады. Кәсіптік білімнің кешенділігі ол кәсіптік білімді, саналы ереже принцип тәртіпті қалыптастырады. Кәсіптік білім - теориялық, технологиялық, методикалық жағынан тұтасады. Оны әрбір педагогтар өз тәжірибесіне құрады, ғылыми білімі негізінде оның заңдылықтарын қолданады.
б) Педагогикалық іс-әрекетке бейімділік
Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір маңызды түрі – педагогикалық іс-әрекетке бейімділік. Психологиялық жағынан танып білуімізге байланысты бейімділік дегеніміз өзі белгілі бір затқа, объектіге, іс әрекетке адамның сезімдік талғамының арта түсуі, соған де құлшынысының арта түсуі деп білеміз. Сол педагогикалық ісәрекетке бейімділікті танытатын төмендегідей түрлі сезім құлшынысын, жетекші бейімділікті атауға болады.

  • Адамдармен ыңғайласа білуге құлшыныс көрсету, тіл табыса білу, адамдармен коммуникативтік қатынаста болуға бейімділік көрсету.

  • Кәсіптік көргендік, бейімділік, байқағыштық. Адамдарда болатын күрделі сапалық қасиеттерді, ажыратып тани білу қабілеттілігі (эмпатия, педагогикалық интуиция).

  • Жеке бас динамизмі - эмоциялық тұрақтылықты байқата білу, ішкі әсер ету сезімін, ерікке әсер ету сезімін байқату, логикалық көз жеткізу. (жаңашыл педагогтартәжірибесінен байқалады).

  • Эмоциялық тұрақтылық өзін-өзі меңгеру, өз бейімділігін реттеп басқара білу. Ситуацияларды бағдарлай біліп дұрыс шешім қабылдай білу.

  • Оптимистік болжай білушілік алға үмітпен қара, оқушыларды келешекке үміт , сенімге бағдарлап тәрбиелеу.

в) Педагогтік іс-әрекеттің техникасы
Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір түрі – педагогикалық, техника. Педагогикалық техника дегеніміз - педагогтық ісәрекетті ұйымдастыра білу іскерлік.
Педагогикалық техникалық іскерліктің түрлері: біріншісі, педагогтың өзін-өзі басқара білуі; екіншісі - педагогтық міндетті жүзеге асыру үшін өзара әсер ете білуді меңгеру.
Біріншісі бойынша - педагог өз денесін, эмоциялық сезім дүниесін, сөйлеу техникасын меңгеріп басқара білу.Екіншісі бойынша - педагогтың дидактикалық өзін-өзі ұйымдастыра білу, өзара үйлесімділік жүзеге асыру. Біз жоғарыда атап көрсеткен педагогикалық шеберлік жүйелері оның функцияларын атап көрсете отырып, мынадай қортындыға келеміз: педагогикалық шеберлік - жүйелі процесс. Педагогикалық іс-әрекетте нәтижелі табысқа жеткізеді. Жұмысқа жаңа сапалық мазмұн береді. Педагогтық кәсіптік позицияны қалыптастырады.
Педагогикалық шеберлік жүйелері педагогикалық бағыттылықты, бейімділікті, білімділікті; іскерлікті білдіретін процесс.
Педагогикалық шеберлік өлшемі.

  • Педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық.

  • Тәрбие беру, білім беру ісінің нәтижелігі.

  • Әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімдік. - Іс әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.

Жоғарыда көрсетілген әрбір шеберлік жүйелерінің өздамуының белгілі өлшемі, даму деңгейі болады.
Жоғарғы оқу орындарының. міндеті студенттерге алғашқы мамандық деңгейін меңгерту қажет. Яғни кәсіптік мамандық беруде: Кәсіптік бағыттылықты, кәсіптік білімді, бейімділікті, іскерлік техниканы жетілдіру керек. Одан кейін ол тәжірибеде шындалып өзінін, жоғарғы деңгейіне бірте-бірте жетуге тиіс. Өз заманында А.С.Макаренко педагогикалық кәсіптік шеберлік деңгейі қазірге дейін әлі жоғары дәрежеге жете қойған жоқ деген болатын. Әлеуметтік қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейі де дамуға тиіс.
Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттері – педагогикалық білім білгірлігі, педагогикалық кәсіпке бейімдігі, ситуацияларды меңгеру, балалардың психологиялық жағдайын меңгеру болып табылады.
Педагогикалық міндеттер педагогикалық шеберліктің ең түйінді мәселесі, өйткені педагогакалық міндеттер, педагогикалық ситуацияны ойлау, оны жаңа жағдайға келтіріп шешу. Мысалы, сабақ басталды, оқушылар сабаққа отырды. Одан кейін бір оқушы кешігіп келді, – бұл ситуация; мұғалім үйге берген тапсырманы тексеріп еді, екі оқушы тапсырманы орындамаған – бұл ситуация; сабақ үстінде оқушылар жазған қағазын лақтырып отырды – бұл ситуация.Бұл ситуацияларды бағдарлаған мұғалім өз алдына міндеттер қояды. Ол балаларды саналы әрекетке тарту, сөйтіп қатынасты педагогикалық мақсатқа жақындастыру.
Сөйтіп мұғалімнің шеберлігі, проблеманы түсіну, ситуацияны саралау, оны дұрыс шешуден басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет