3. Шығармашылық – оқушылардың дербестігін дамыту негізі. Шығармашылық – адамға тән әрекет болғандықтан осы мәселені зерттеген ғалымдар шығармашылық әрекетке тән белгілерді мына төмендегідей топтастырады: шығармашылық тапсырма мен проблемалық мәселе арасындағы қарама-қайшылықтың болуы, әрекеттің әлеуметтік және жеке адам үшін мәнділігі, прогрессивтілігі, шығармашылық үшін объективті алғы шарттар болуы (материалдық, әлеуметтік), шығармашылық үшін субъективті алғышарттардың болуы (тұлғаның жекелік қасиеттері, білімі, білігі, мотиві, қабілеттері), үрдістің және нәтиженің жаңалығы.
Мұғалімнің шығармашылық әрекеті нақты педагогикалық жағдайдағы қарама – қайшылықты көре алу, оның шешімін өз бетінше іздеу, идеялар туындату, оларды өнертапқыштықпен құрастыру, жаңа идеяның “жарқ” етуі (инсайт), оны іске асыру, нәтижені талдап, қайта ой елегінен өткізу, жетілдіру кезеңдерінен тұрады.
Мұғалімнің шығармашылық әлеуеті – кәсіби әрекеті жаңашылдықпен жүзеге асыруға негіз болатын оның кіріккен кешенді сапасы.
Акмеологиялық бағыттылық
Рухани сапалары: ізгілік, азаматтық белсенділік, бәсекеге қабілеттілік
Кәсіби мәнді сапалары: кәсіби кұзырлылық, шеберлік, болжай алушылық, зерттеушілік, импровизациялай алушылық, тапқырлық, рефлексиялық мәдениет, әртістік
Арнайы білімдер: философиялық, психологиялық-педагогикалық, шығармашылықтың теориясы жайлы, әдіснамалық, әдістемелік, технологиялық, жалпы эрудиция.
Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы.
Шығармашылық:
қоғамның көпқырлы қажеттілігінқанағаттандыратын, жаңа сападағы мтаериалдық және руханиқұндылықтарды жасайтын адам әрекеті процесі;
туындаған міндетті шешуде бұған дейінгі белгілі болған шешу жолдарынан басқаша ойлаудың жоғары түрі.
Педагогикалық іс-әрекет сапалық мәнге ие мамандықтың бір түрі болып табылады. Мұғалім еңбегінің ұйымдастырылуы мен мазмұны оның өз іс-әрекетіне деген шығармашылық қатынас деңгейі арқылы анықталады. Педагогтың іс-әрекетіндегі шығармашылық деңгей алдына қойған мақсаттарды шешудегі мүмкіндіктерін пайдалану деңгейі арқылы анықталады. Сондықтан мұғалім мамандығының басты ерекшеліктерінің бірі шығармашылық сипат болып табылады. Мысалы, басқа да мамандық иелері (ғылым, техника, өнер т.б.) шығармашылық сипатқа ие болғанымен, олар жаңалық ашуға бағытталса, мұғалім мамандығы адамды дамытуға бағытталады.
Мұғалімінің шығармашылық мүмкінідігі жинақталған әлеуметтік тәжірибе, психологиялық-педагогикалық және пәндік білімдері, жаңа идеялар, дағды, іскерліктер арқылы анықталады.
Мұғалім шығармашылығы деп өзгермелі жағдайларда педагогикалық міндеттерді шеше алу процесін атауға болады.
Шығармашыл тұлғаның ерекше жеке іскерлік қасиеттерін ерекшелендіріп тұратын қасиеттерін креативтілік деп атаймыз.
Зерттеушілер Е. С. Громов және В. А. Мояко креативті іскерліктің ерекшелілік, эвристикалық, фантазия, белсенділік, анықтылық-нақтылық, сезімталдық және т.б. сияқты белгілерін көрсетеді.
Шығармашылық педагогқа бастамашылдық, дербестік, ойлау, сезіну, танымға деген құштарлық сияқты қасиеттерді меңгеруді қажет етеді.
Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.