Пайдаланған әдебиеттер:
1.Жоғары мектеп педагогикасы. Оқу құралы.2021.
2.Көкозева К.К.Арнайы педагогика. Оқу құралы. 2021.
Білім және ғылым. Энциклопедиялық сөзік./Ред.басқарған Ж.Қ. Туймебаев, ред.алқасы А. Е. Әбілқасымова, И. Б. Бекбаев, Н. Б.
Қалабаев, Е. Ә. Оңғарбаев, С. Ж. Пірәлиев, М. В. Рыжаков. - Алматы, 2009. - 400 б.
Ясницкий М.С. Ценностные ориентации личности как динамическая система. - Кемерово, 2000. - 236с.
Аристотель. Сочинения. -М.: Мысль, 1984. - 830 с.
Залесский Г.Е. Психология мировоззрения и убеждений личности. -
М., 1994. - 142 с..
Хекхаузен X. Мотивация и деятельность. - М.: Изд-во Педагогика, 1986. - 408 с.
Теориялық мәліметтер Жоспары:
Педагогикалық техника.Мұғалім іс-әрекетінің техникалық мәні.
Педагогикалық шеберліктегі басқару.
Мұғалімнің өзін-өзі басқарудың шеберлігі өзін-өзі қалыптастырудың негізінде.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық техника, басқару технологиясы.
1. Педагогикалық техника. Мұғалім іс-әрекетінің техникалық мәні.
Шебер педагогтардың жетістіктеріне үңілген сайын, біз педагогтардың бойындағы нәтижелі үлгі мен ситуациялық тапсырмаларды жан-жақты шеше білу өнерін көреміз. Мұнда жеке іскерлік басты рөл атқарады. Мысалы: оқушыларға сапалы білім беру, сұрақтар қою, топпен жұмыс жасай отырып, әрбір жеке тұлғамен жұмыс, бақылау жүргізу, топты ұйымдастыра білу, өз көңіл-күйіне иелік ете білу; дауыс ырғағы, мимика, қимыл әрекет. «Тәрбиеленуші сіздің жан дүниеңіз бен ақыл-ойыңызды сізді көру, тыңдау арқылы қабылдайды», - деген А. С. Макаренко.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жанжақты, әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы.Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс-тұрысы, қозғалысы, отырып-тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек. Егер ол сыныпқа күлімдеп кірмей, қабағын түйіп келсе, қол сілтеп, бей-берекет сөйлеп, өз-өзімен абыржып тұрса, жоқтан өзгеге ашуланып қалса, онда ол ұстаздың сабағын оқушылар тыңдамайды, оқушылар алдында сенімнен де, абыройдан да айрылады. Сондықтан, педагогикалық техника, әдеп, шек, сақтық, ұстамдылық қажет.
Педагогикалық техниканың өзі мұғалімнің ішкі жан-дүниесімен байланысты және ол мұғалімнің сырт келбетінен білінетін құрылым. Педагог шеберлігі-мұғалім жан дүниесінің мәдениеті мен сыртқы келбетінің көркемдігін көрсетеді.
Сонымен, техника - қабылдау болып табылады. Оның құрамына-сөйлеу және вербальды емес қарым-қатынас жатады.
А. П. Черняевская бойынша, педагогикалық техника – мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы мазмұнының үйлесімді бірлігіне әсер ететін тәсілдер жиынтығы.Педагогикалық техника – мұғалімнің өздерінің жеке психофизиологиялық жай-күйін, көңіл күйін, эмоциясын, денесін, сөзін және педагогикалық мақсатты қарым-қатынасын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жалпы педагогикалық және психологиялық білім кешені.
Педагогикалық техника, педагогтың ішкі және сыртқы құрылымына гармониялық себеп болады. Педагогикалық шеберлік– педагогтың ішкі мақсатының бейнелі, мәнерлілігі мен рухани мәдениетінің синтезі.
«Педагогикалық техника» түсінігі екі компоненттен тұрады:
Педагогтың ішкі дүниетанымын: өз денесін басқаруы (мимика, пантомимика), сезімді басқаруы (психикалық күш салу, шығармашылықты сезіну), әлеуметтік – перцептивті қабілеті (зейін, бақылау, ойлау), техникалық құрал (тыныс алу, дауыс ырғағы, дикция, темп) басқара білу қабілетімен байланысты.
Оқыту – тәрбиелеу процесінде тұлғаны, ұжымды техникалық жағынан, педагогикалық техникамен байланыстырып, дидактикалық, ұйымдастырушылық, коммуникативті қабілет, педагогикалық қарым – қатынасты бақылау, ұжымды шығармашылық істермен байланыстыру.
Педагогикалық техникадағы педагогикалық шеберлік төмендегідей критерийлерге бөлінеді:
-мақсаттылық (бағытталған)
-продуктивтілік (білім, тәрбие деңгейінің нәтижесі).
-оптималдық (таңдамалы)
-шығармашылық (құрамына байланысты)
Педагогикалық техника:
Дене қозғалысы - жест, поза, пантомимика;
Адам қозғалысының мәні туралы кинетика ғылым зерттейді; - Пантомимика –дене, қол, аяқ қозғалысы, ол ойдың негізгісін бөліп көрсетеді және бейне жасайды;
Жест – қол сермеуі, ол бейнелеуші және психологиялық жесттер болып бөлінеді;
Бейнелеуші жесттер – ойдың барысын бейнелейді, иллюстрациялайды;
Психологиялық жесттер – сезімді білдіреді;
Мимика - өз ойын, сезімін, көңіл-күйін, жағдайын беттің бұлшықет қозғалысымен білдіре алу өнері;
Жест және мимика ақпараттың эмоциональды мәнін арттырып, оның жақсы меңгерілуіне жағдай жасайды;
Дикция – бұл сөздерді, буындарды және дыбыстарды айтудағы ашықтық, нақтылық.
Педагогикалық техниканың құрамдас бөліктері:
Өзін-өзі басқару іскерліктері;
Ұжыммен, жеке тұлғамен өзара әрекеттесу іскерліктері жатады.
Өзін-өзі басқару іскерліктері:
өз денесін игере білу (физикалық денсаулық, төзімділік, мимика, понтомимиканы бақылай алу)
эмоциональды жағдайды бақылай әрі пайдалана білу (жағымды, жағымсыз эмоциональды көңіл-күй, эмоциялар және т.б.);
әлеуметтік перцепция (зейін, әлеуметтік сезімталдық – басқалардың көңіл-күйін сезіне алу және олардың себептерін білу және қабылдау); - сөйлеу техникасы (дауысты қою, дұрыс демалу, сөз темпі мен тембірін басқара алу, дикция)
Ұжыммен және жеке тұлғамен өзара әрекеттесу іскерліктері:
дидактикалық іскерліктер;
ұйымдастырушылық іскерліктер;
коммуникативті іскерліктер;
талап қою іскерліктері;
бағалау іскерліктері;
конструктивті скерліктері;
педагогикалық қарым-қатынасты басқару іскерліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |