2. Қарым-қатынас құрылымы мен функциялары А. С. Макаренконың, В. А. Сухомлинскийдің және басқа да көрнекті совет педагогтарының қызметін үйрену, озат педагогикалық тәжірибелер мынаны көрсетеді: балалармен өте оңтайлы қарымқатынас жасай білу көп жағдайда оқу-тәрбие процесінің тиімділігін қамтамасыз етеді. А. С. Макаренконың педагогикалық тәрбие ықпалындағы тамаша үлгілері; В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық жұмысындағы адамдармен қарым-қатынас жасаудағы әдептілік пен нәзіктік.
Қарым-қатынас ұғымы пәнаралық ғылыми категория. Қарымқатынас ұғымын философия, әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылымдар қарастырады.
«Қарым-қатынас» ұғымын педагогика мен психологияға алғаш рет А.Ф. Лазурский енгізген. Ол тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, рухани байлыққа, материалдық дүниеге қатынасын білдіретін ұғым.
Психологияда ең алғаш рет А. Ф. Лазурский тұлғаның қарымқатынасын проблемасын адамның мінезімен байланыстырды. Ол қарым-қатынастың 15 тобын талқылап жіктеуі, яғни, қоғамға, табиғатқа, адамға, өзіне-өзі, т.б.
Қарым-қатынас барысында жеке адамның әлеуметтану процесі жүреді, соның нәтижесінде оның қоғамдық рухани және материалдық құндылықтарға жақындауы мен дәстүрлермен танысу жағдайы қалыптасады. Адам тек қарым-қатынас процесінде ғана жеке тұлға болып қалыптасады, өзі үздіксіз қатынас жасайтын қоғамға кіреді. Коммуникация процесінде әрбір адам өзара әрекеттің белсенді субъектісі бола отырып, олармен қатынасты дамытады, тереңдетеді. Ал коммуникативтік іс-әрекетте жеке адамның өзін- өзі тануы мен нақтылауы, ішкі мәдени дамуы жүреді.
Қарым-қатынас – адамдар арасындағы дыбыстық-белгілік (сөздік) өзара іс-әрекет; оның барысында және соның көмегімен ақпараттар алмасу, қатынастар орнату мен қалыптастыру, кімнің болса да іс-әрекетін басқару жүзеге асады.
Қарым-қатынастың жетекші түрлері – тұлғаның дамуының сол кезеңіне сәйкес, адамның негізгі тұлғалық қасиеттерініңқалыптасуына әкелетін, қандай да бір жас кезеңіндегі қарым-қатынастың басым түрі. Қарым-қатынастың кезеңдері:
1. Болашақта болатын қарым-қатынасты модельдеу (болжау кезеңі); 2. Қарым-қатынасты ұйымдастыру (қарым-қатынастың бастапқы кезеңі) – “коммуникативті шабуыл”
Педагогикалық процесте қарым-қатынасты басқару;
Өткен қарым-қатынасты талдау және келесі педагогикалық міндеттерді шешу үшін оны модельдеу.
Қарым-қатынасты модельдеу барысында мыналар жүзеге асады:
Өзара әрекеттесудің коммуникативті құрылымы жоспарланады;
Педагогикалық міндеттер коммуникативті міндеттерге ауыстырылады.
Қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адамдардың өзара әрекетінің үрдісі, оған қатысатын адамдар бірбірінің ұмтылысына, ойларына, күйлеріне әр түрлі дәрежедегі күштермен әсер етеді.
Қарым-қатынас педагогикалық іс-әрекеттің маңызды кәсіби құралы, педагогикалық қарым-қатынас бұл жағымды психологиялық ахуалды тудыруға бағытталған мұғалімнің оқушылармен кәсіби қарым-қатынасы. Педагогикалық қарым-қатынас әлеуметтік психологиялық процесс ретінде мыналармен сипатталады: тұлғаны тану, ақпарат алмасу, іс-әрекет, өзін-өзі бекіту т.б.
Қарым-қатынас - әлеуметтік-психологиялық құбылыс. Ол адамдардың өзара әрекетінің үрдісі, оған қатысатын адамдар бірбірінің ұмтылыстарына, ойларына, күйлер және сезімдеріне әр түрлі дәрежедегі күштермен әсер етеді.
Қарым-қатынаста өзара байланысты үш жағы бөлінеді:
коммуникативті /ақпарат алмасу/,
интерактивті /қарым-қатынасқа түсетін индивидтердің белсенді өзара әрекетін ұйымдастыру/,
перцептивті /қарым-қатынасқа түсушілердің бірін-бірі қабылдау үрдісі, осы негізде өзара түсінікті орнату/.
Біздің бәріміз де бір-бірімізбен қарым қатынас жасаймыз. Қарым-қатынас дегеніміз тіл арқылы пікір алысу. Адамның ең жарқын ерекшеліктерінің бірі - оның сөйлеу қабілеттілгі.
Сөз - адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды факторы. Қарым-қатынассыз қоғам ыдырап кетеді. Қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Қарымқатынас адам іс-әрекетінің таным және еңбекпен қатар жеке адамды қалыптастыратын аса маңызды түрі болып табылады. Лингвистер тілді қарым-қатынас құралы, қоғам жасаған білімдерді таратушы ретінде зерттеп келеді. Кибернетика мен информатика теориясы жасалғаннан бері ойды машиналық өңдеуге лайықтап, символдармен белгілеу мүмкіндігі туды. Осылайша машина тілі деген пайда болды. Оның көмегімен адам электрондық есептеу машинаның қызметін басқарады, компьютерлерді басқарады. Жануарлар арасындағы сигнал алмасу да тереңірек зерттеле бастады. Адамның қарымқатынасы ақпарат алмасудың жеке дара жағдайына айналды. Осы ұқсас құбылыстарды талдап қорыту қажеті туды. Олардың бәрін де коммуникацияның жеке дара жағдайы деп қарауға болады.
Сабақта сыныпты меңгеру үшін осындағыларды мұғалім түгел өзінің сөзіне тартып немесе тапсырманы орындауға жұмылдыра алуы шарт. Сабақ үстінде оқушыларға түгел ие болу, негізінде баяндалатын оқу материалын нендей тілмен жеткізуге байланысты келетініне, жеке балаға түрлі ескертулердің қалай жасалынуы керек екенінде үлкен маңызы бар. Өйткені, сабақ үстінде оқушының бірі тынышсыз отырғанда, мұғалім онымен айналысып кетсе, онда ол өзінің жоспарын орындай алмай, мақсатына жете алмайды. Сондықтан сабақты ойдағыдай жүргізуде ескертулерді дұрыс жасап, сыныптағылармен қатынас жасай алу шеберліктің белгісі. Сабақта мұғалім ескертейін дегенін өзінің тікелей сөз мағынасында айтпай, көңілімен жеткізе алуы – оқушылармен қатынас жасаудағы шеберліктің ең жақсы түрі. Мұндай тәсіл бір жағынан сыпайылықты сақтауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан әрі әсерлі, оқушының санасына қонымды келеді. Өйткені, оқушы ұстазының не себептен оның атын атамай тұрғанын бірден түсініп, көпшіліктің көзінше ұялтқысы келмей тұрғанын біліп алаңдауын тоқтата қояды. Сабақта оқушылармен қатынас жасаудағы шеберліктің өзге түрлері де кездеседі. Сабақта сыныппен байланыс жасаудың негізгі тәсілдердің бірі – мұғалім сөзінің нақты және оқушыларды сендіретіндей болып келуінде. Мұғалім сөзінің сенімділігі – айтылатын сөздердің айқын, бірінен соң бірі жүйемен келуін айтады.
Қарым-қатынас – педагогикалық іс-әрекеттің маңызды кәсіби құралы. Педагогикалык карым-қатынас - бұл жағымды психологиялық ахуалды тудыруға бағытталған мұғалімнің оқушылармен кәсіби қарым-қатынасы. Педагогикалық қарым-қатынас әлеуметтікпсихологиялық процесс ретінде мыналармен сипатталады: тұлғаны тану, ақпаратпен алмасу, іс-әрекетті ұйымдастыру, рольдік алмасу, ісәрекетті ұйымдастыру, өзін-өзі бекіту. Педагогтың міндеті – оқушыларға өзіндік «Менің» тануға жағдай жасау, өзінің тұлғалық мәнін терең сезінуі, тұлғаның болашағын және адекватты өзін-өзі бағалауын қалыптастыру.
Қарым-қатынас қажетті информация алмасуда, басқаруда көрініс беретін заттың іс-әрекеттің тиімділігін қамтамасыз ететін мәдениеттілік белгілері белсенділік, идеяшылдық, еркіндік, ерекшеліктің субъектісі ретінде танылады.
Екіншіден, қарым-қатынас жасау үшін адамға тән әлеуметтік сапаның пайда болуы адамның мәдени қауымдастыққа жету мүмкіндігін ашады.
Үшіншіден, субъектінің өз құндылықтарына қатынасы көрінеді.
Сонымен, қарым-қатынас адамды тәрбиелеу үшін, дүниені қабылдау және түсіну үшін, адамдарға және өзіне өзара әрекет субъектісі ретінде қатынасының мәдени құралы ретінде беріледі.
Адамдар өзара бірлесе отырып, ортақ нәтижеге жету үшін күш біріктіре келсуін қарым-қатынас деп түсінеміз. Гуманизм принциптеріне сәйкес қарым-қатынасқа түсуші әр адамға, қатынас жасайтын басқа адамдар бағалы болып табылады.
Қатынас гуманизмі дербестік рөлдік позицияны саналы түрде өзгерте алады. Қарым-қатынас серіктестікті қабылдауда аса маңызды. Егер педагог баланы әсер ететін нысана ретінде көретін болса, өзара қатынаста гуманистік, ізгілікті ештеңе болуы мүмкін емес. Психолог Я. И. Коломинский тұжырымдамасы бойынша қарым-қатынастың екі деңгейі болады: сыртқы деңгейі тәртіптілік, операциялы- техникалық және ішкі деңгей жеке-маңызды ішкі дүниесі.
В. А. Кан-Камен пікірінше адамдардың бір-бірінң мүмкіндіктерін бағалауы олардың бірлесе орындаған әрекетінің өту сипаты мен нәтижесіне байланысты.Қарым-қатынас жетістігі көп жағдайда әлеуметтік перцепция деңгейімен анықталады, яғни адамдардың бірін-бірі, топта, әлеуметтік бірлестікте, өзін-өзі түсінуі және бағалалауы қабылданады.Әлеуметтік перцепция адамдарды бірлестіріп, қарым-қатынас жасауға мәжбүр қылатын іс-әрекет.
Қоршаған ортада адамдарда жеке-тұлғаны бейнесін қалыптастыруда оның бет әлпеті, сыртқы келбеті басымдылық рөл атқарады. Адам бейнесін қабылдауда нақты айырмашылық бар. Қабылдаудың дәлдігі түрлі адамдарды ажыратуға мүмкіндік береді.
Егер өзара қарым-қатынасқа түсетін адамдар түсінушіліктің деңгейін анықтай алса және қарым-қатынас жасаған адамды түсінемін деп өзіне сенімді болса, олардың арасында қарым-қатынас пайда болады. Қарым-қатынасқа түсушілер өздерінің саналарында бірбірінің ішкі жан дүниесін ұғуға сезімдерін түсінуге, қылықтарының себебін анықтауға тырысады. Бөгде адамдарды тану ғана жеке адам қатынас деңгейін жоғары дәрежеде, анықтауға мүмкіндік береді. Қарым-қатынасқа түсушілер өзара бір-бірінің жан дүниесін түсініп, қабылдағанда ғана қатынас деңгейі соғұрлым жоғары болмақ. Қарымқатынастың дамуына аз дегенде екі адам қатынасады. Қатынасқа түсушілер бірін-бірі тануда қабылдауда маңызды қарым-қатынас механизмдерін меңгеруі тиіс, олар идентификация, рефлексия және стереотипизация.
Идентификация - бұл бөгде адамды саналы түрде оның мінезін түсініп, оның орнына өзін қойып көру ниетімен оның жан дүниесін, ойын, әрекетін, сезімін ойша құрастырады. Қарым-қатынас үшін тексырттай бөгде адам ретінде оны түсіну ғана емес, сондай-ақ онымен қарым-қатынасқа түскен жеке адам қалайша өзін қабылдап, түсініп тұрғанын назарына алу да маңызды. Қарым-қатынасқа түскендердің біреуі өзін қандай түрде қабылдап тұрғанын саналы ойласа, онда бұл қарым-қатынас рефлекция деп аталады.
Рефлекция - адамды түсіну негізіне жатады. Бөгде адамды түсіну - сол адамның қарым-қатынасын қабылдау тек қана өзіне арналғандығын құптау. Осылайша адамның адамды қабылдауы оның айналадағы бейнесі секілді.
Адам бөгде жеке адамды бейнелей отырып, өзін сол адамның қабылдау айнасында бейнелейді. Қарым-қатынас жүру барысында идентификация мен рефлекция бірлікте болады. Егер де әрбір жеке адам өзі қарым-қатынасқа түскен адамдар туралы әрқашан толық ғылыми негіздерінен хабардар болса, онда ол өзара қатынасты ешқандай кемшіліксіз құра алады. Бірақ күнделікті өмірде адам осы тәрізді дәл хабарға ие бола алмайды.
Стереотипизация – қылықтар түрлерінің формасы және кейде ешқандай негізсіз қылықтарды таныс немесе таныс сияқты көрінетін құбылыстарға жатқызу, яғни әлеуметтік стереотипке жауап беру. Стереотип бұ жерде өз бетінше қалыптастырған адам бейнесін әрдайым белгі ретінде ұстану. Стереотипизация – қарым-қатынас қорытындысы, жеке дара қабылдаудың тәжірибесін жинақтау, кітаптар мен кинофильмдер, таныстарының есте қалған сөздері арқылы қалыптасуы мүмкін. Бұл ретте осы жинақталған білімдердің өзі дұрыс қорытындылармен сәйкес келмей қате болуы мүмкін. Қалыптасқан жекедаралық қабылдау стереотипі бөгде адамдарды түсінудің таңдап алынған эталоны және салыстырмалы жағдайда тиімді болады.
Адамзат болмысының бөлінбес бөлшегі бола отырып, қарымқатынас жеке адам дамуының құралы мен басқаруы бола алады. Ол арқылы адам қоршаған орта, әлеуметтік ортамен әртүрлі контактіге түсіп, қоғамдық мәдени және адам құндылықтарына жақындасуы, өзін-өзі тануы, дүниемен өзара байланысы қалыптасады.
Жоғарыда атап өтілгендей қарым-қатынас жәй хабар алмастырумен шектелмейді. Қарым-қатынас жоғары деңгейде болуы үшін міндетті түрде өзара хабар алмастыру.Бөгде адамға бір нәрсені хабарлағанда, нұсқау бергенде немесе сұрақтар қойғанда, яғни онымен өзара байланыс жасағанда жеке адам өзінің қатынасының пайдалы екендігі жайында қажетті хабар алады.
Адам арасындағы қарым-қатынас және түсінушілкке жету басшы қолданатын әдіске байланысты. Сыйластық формасында басқару адам тұлғасы, оның белсенділігі, тәртіптілігі, әділдігінің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Сонау ерте заманның өзінде-ақ адам жалғыз жүріп мақсатмұратына жете алмайтынын, айналасындағылармен бірлесіп өмір сүру адамдардың табиғи қажеті екендігін, тіпті өмір сүрудің де мұнысыз мүмкін еместігін адамзат жақсы аңғарған. Шығыстың екінші Аристотель атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби өз еңбектерінде жақсы адамдармен бірлесіп тірлік етіп, бас қосу да бақытқа жетудің басты шарттарының бірі деген екен.