Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы



бет40/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   91
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Абдуллина О.А.Общепедагогическая подготовка учителя в система высшего педагогического образования.-М.:Просвящение, 1990.
2 .Берікқұлы . Н.Педагогика. Алматы .,2004.
3.Синица И.Е.Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік . Алматы, 1987.
4.Елеусізова С.Қарым қатынас психологиясы ,Алматы,1995
5.Зязюн .Основы педагогического мастерстваМ,. 1989.
6.Құрманалина Ш.Х.,Мұқанова Б.Ж.Педагогика: Астана, 2007.

Тақырып №8. КӘСІПТІК ШЕБЕРЛІКТІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС


Теориялық мәліметтер Жоспары:
1. Педагогикалық қарым-қатынастың мәні
2.Қарым-қатынас құрылымы мен функциялары

  1. Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы

  2. Қарым-қатынас стилі және педагогикалық жетекші стиль

Негізгі ұғымдар: қарым-қатынас, педагогикалық қарым-қатынас, қарым-қатынас стилі.
1. Педагогикалық қарым-қатынастың мәні
Өмір, тіршілік адамдардың бір-бірімен араласуынан, қарымқатынастан тұрады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас дегенді қалай түсінеміз? Қарым-қатынас ұғымы - адамның ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі, олардың күнделікті өмір тіршілігіндегі бейнесін жасаудағы іс-әрекеті.
Өмірдегі әр түрлі тіршілік жағдайына, өмірлік, қоғамдық қажеттілікке қарай адамдар арасындағы қарым-қатынасты бөліп қарауға болады. Жеке тұлғаның қалыптасуындағы мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың орны ерекше. Қандай адам болсын, мейлі оқымысты, мейлі қарапайым жұмысшы болсын, мектеп өмірі туралы аса бір жылылықпен еске түсіндіруі жиі кездеседі. Бұл қарым-қатынас оқушының жеке қасиеттерінің қалыптасуына зор ықпал етеді.
Мұғалім мен оқушы - әр түрлі екі субъект. Мәселенің негізгісі осы әр түрлі рухани дүниені біріктіру. Педагог міндетті түрде ықпал ету нысанын көріп қана қоймай, жасалған ықпалдың нәтижесінде көру керек. Мұғалім көп жағдайда өзінің сәтті ұйымдастырылған ісәрекеттің тәрбиеленушіге сәтті ықпал ететіні сөзсіз сенеді. Алайда баланың бағынуы, келісімі, эмоциясы, іс-әрекеті міндетті түрде ескерілуі керек. Мұғалім үшін кері байланысты түсініп, қабылдауы өте маңызды. Мұғалімдер қалыптасқан әдет бойынша өзімен әңгімелескен оқушыға өз сырларын айта бермейді. Өзінің оқушылары, жұмысы туралы бәріне әңгімелеп өз сырларын айта бермейді. Өзінің оқушылары, жұмысы туралы бәріне әңгімелеп бергісі келіп тұрса да, ол басқа әңгімелесушінің жан дүниесіне саңырау болады. Оқушылармен қарым-қатынаста да осы «мамандақ қасиеті» айқын көрінеді, көп жағдайда мұғалімнің оқушымен әңгімесі өзінің монологын, ал мазмұны ескертумен толы болады.
Қарым-қатынас басқа біреудің жан дүниесіне «мен» ұғымын ендіру. Бұл оңай емес, өйткені өзіңе ұқсамайтын басқаның жан дүниесіне ену үшін психологиялық дайындық қажет. Сондықтан қарым-қатынасты ұйымдастырғанда субъектінің психологиялық жағдайын ескеру өте маңызды. Кез-келген адам баласымен қарымқатынаста оның психологиялық ерекшелігін ескеріп, оған уақыт беру қажет.
Мұғалім мен мұғалімнің, мұғалім мен басшының қарымқатынасы қарама-қарсы нақтылық пен сөз мәдениетін талап етеді. Сөз жүйесі, сөйлемдер айтылуы тез әрі түсінікті болуы шарт. Оқыған адамдар тез түсініп, дәл қабылдай алатын болу керек. Ең бастысы - іскерлік қарым-қатынаста екі жақты пікірдің келісім табуы. Білімділіктің, кәсіби шеберліктің жемісі ең басты нәтиже болмақ. Ол үшін:

  1. сөз өте жинақы, тұжырымды болып құрылуы;

  2. уақытты шебер пайдалану;

  3. істің жоспары, шарты, заңдылығы болуы;

  4. мұғалім білім, білік, кәсіби шеберліктің шебері болуы;

  5. құқықтық білімнің болуы;

  6. сөз мәдениетін меңгеруі;

  7. азаматтық, адамгершілік тәртіптерді қатаң сақтау;

  8. әдеп нормаларына сай жүріс-тұрыс, киім кие білу мәдениетіне мән беру.

Сыныппен алғаш кездескен жас педагогтар, жаңадан үйретіп жүрген тәрбиешілер, практикадағы студенттер сыныппен қарымқатынас жасаудың қиын екенін айтады. Педагогикалық практика кезінде мынадай сұрақтарды жиі естуге болады? «Балалармен қалай сөйлесу керек?», «Әзіл айтуға бола ма?», «Балалар неге тыңдамайды?», «Бұйығылық пен ұялшақтықты қалай жеңуге болады?» т.б. Осы сұрақтардың барлығы - педагогикалық қарым-қатынасты меңгере білмеудің нәтижесі. А. С. Макаренко былай деп жазған болатын: «Мен үшін менің тәжірибемде, сондай-ақ сіздер үшін, көптеген тәжірибелі мұғалімдер үшін мұндай «түкке тұрмайтындар» қалай тұру, үстөл қасындағы орындыққа қалай дұрысотырып, қалай дұрыс көтеру, күлу, қарау өте мәнді бола бастады. Бізді бұған ешкім үйретпеді, ал мұны үйренуге болады және үйрену қажет те, ең үлкен шеберліктің мәні осы және осы болуы тиіс».
Балалармен педагогикалық өзара әрекетте ұсақ-түйек жоқ барлығы да, көзқарас, көз жанарының қозғалысы, дене қимылы және т.б. жұмыс істейді. Өйткені біз жай қарым-қатынас емес, кәсіптік іскерлік пен қарым-қатынас жасаймыз.
Өз тобыңда мынадай жаттығу өткізіп көр: екеуара жұптасып, әр нәрсе туралы әңгіме-дүкен құр (фильм, кітап, заттар т.б.). Ал енді сонда отырғанның біреуі аудиторияға шығып, барлығының алдында жаңағы айтқан сөздерін қайталап көрсін. Сонда қарым-қатынас жүйесінде қандай өзгеріс болғанын сіз бірден сезінесіз.
Көпшілік алдында сөйлеушіде байқалатын ең негізгі сезім түсініктері мынадай:

  1. Әңгімені қалай бастауды білушілік.

  2. Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын-ау деген қобалжу.

  3. Қарым-қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер.

  4. Бұрын пайдаланылған қарым-қатынас амалдарын өзгерту қажеттігі жайлы түсінік.

  5. Қарым-қатынас жүйесіндегі бір нәрсені өзгерту қажет деген түсінік,бірақ не екені-онша айқын еместік.

  6. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық.

  7. Бұрын табиғи болып келген дене қимылының, қозғалыстың, жалпы мінез-құлқының ерсілеу сияқты болып сезілуі.

  8. Қарым-қатынастың өзгерген формадағы, мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі.

  9. Өзіңізді дұрыс түсіну үшін жоспарланған информацияны неғұрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық.

  10. Таңдаушыны қызықтыруға тырысу.

  11. Информацияны сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет