Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы


Семинар сабақтарға арналған тапсырмалар



бет44/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   91
Семинар сабақтарға арналған тапсырмалар 1. Қарым-қатынастың мәні неде?

  1. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынастағы коммуникативті міндеттер дегеніміз не?

  2. «Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас» ұғымына сипаттама бере отырып, педагогикалық қарым-қатынастағы іскерліктерді атаңыз.

  3. Педагогикалық қарым-қатынаста кездесетін қиындықтардың туындау себебі неде деп ойлайсыз.

5.Шебер педагог осындай қиындықтарды қалай шеше білуі керек?

  1. Педагогикалық іс-тәжірибе барысында оқушы мен сіздің араңыздағы қарым-қатынаста қиындықтар кездесті ме? Оны қалай шеше білдіңіз? Мысал келтіріңіз.

  2. «Просемика» ұғымы нені білдіреді?

8.Жаңа буын оқулықтарының ерекшелігіне талдау жасаңыз.
9. Мектеп аралық жарыс жүріп жатыр еді. Әділ қазылар алқасы сіздің сыныбыңыздың командасына орынсыз ескерту жасады. Команда мүшелері сізге әділдікке шақырыңыз дегендей карады. Сұрақ. Сіз әділ қазылар алқасына ескерту айтасыз ба? Неге? Егер ескерту айтар болсаңыз қандай дауыс ырғағын, сөз өнерін қолданған болар едіңіз?
9. Музыкалық білімі бар анасы баласын алты жастан рояльды ойнауға үйретті. Бастапқыда баланың музыкаға деген қызығушылығы басым болды. Сегіз жасынан бастап музыка мектебіне қабылданды.
Осындай мүмкіндігіне қарамастан оның музыкаға деген ынтасы біртебірте төмендеп кетті. Бірақ анасы оны көндіруге тырысты, оқуға мәжбүр етті, жазалады. Анасы дұрыс істеді ме?
10.Сынып бөлмесін тазарту жұмысын аяқтаған соң, алтыншы сынып оқушылары түгел киноға баруды ұйғарады. Мектеп директоры келіп, коридорды жинауға көмектесу керек екенін айтты. Балалармен қалай әңгіме жүргізесіз?
Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

  1. Жаңадан келген мүғалім оқушылармен тез тіл табысып кетті. Бірақ оны күлімдеп қарсы алып, көзін тез тайдырып, қоңырау соғылғанда шығып кетуге асығатындар да бар еді. Осыны байқаған мұғалім анкета беруді ұйғарды. Онда жалғыз ғана сұрақ бар еді: «Қазіргі мұғалім сенің ойыңша қандай болуы керек?» Мұғалім неге мұндай шешім қабылдады?

  2. Бастауыш сынып оқушыларынан жиі: «Майра, дұрыс жазбай отыр, оған Кәусар дұрысын айтқан жоқ», немесе «Мөлдір дәптерін бүлдіріп тастады» - деген дауыстарды естиміз. Сұрақ: 1. Бастауыш сынып оқушыларының осындай қылықтарын қалай түсінуге болады? 2. Бұл балалардың жеке басының дұрыс қалыптасуы, ұжымдағы, қарым-қатынасының сәтті болуы үшін мұғалім қандай әрекет етуі қажет?

  3. Әрбір адам денесінің бітімі сымбатты, жан дүниесінің сергек болуына ұмтылады. Бұл орайда ұлттық ойындардың да рөлі зор. Республиканың барлық мектептері үшін дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына бәйге, жорға жарыс, қыз қуу, теңге қазақша күрес т.б. ұлттық ойындарының түрлері ұсыныстарға сіздің пікіріңіз, оны немен дәлелдейсіз? Мектептерде жүзеге асырудың қандай тәжірибелерін білесіз? Дене тәрбиесі пәнінде қолданылатын әдістерді түсіндіріңіз. Дене тәрбиесіне байланысты қандай қиындықтар туындап отыр.

  4. Екі баланың аналары өзара сөйлесіп отыр. - Сіздің Серігіңіз суретті қандай жақсы салады, ал менің Даниярымның салғаны тек шимай-шатпақ. Қанша таза, ұқыпты салуды ескертсем де, бәрі бір нашар салады. - Ал, сіз, балаңызды үйретуге тырыстыңыз ба? - Мен, баламды сурет салуға жиі отырғызамын. Бірақ сурет салуға қабілеті мүлдем жоқ па деймін. Сұрақ: Даниярдың анасының пікірі дұрыс па? Балалардың бейнелеу өнеріне деген ықылас-ынтасын тудыру үшін ата-аналарға қалай көмектесуге болады?

  5. Мұғалім: Балалар, бүгін біз мамандықтар туралы әңгімелесеміз. Әжелерің, аталарың, әке шешелерің кайда жұмыс жасайды ? - Менің әкем құрылысшы. - Өте жақсы. - Менің анам тігінші. - Өте жақсы. - Ал, менің анам - мұғалім. - Балалар, Айманның анасының мамандығы өте ауыр, өте қажет, қызықты және сыйлы мамандық. - Айман «Олай емес. Әкем айтады: ол ең қиын мамандық, себебі анамның бос уақытын кұрытып, әкемнің жүйкесін тоздырып, мені бақылаусыз қалдырады». - Мұғалім: ?

  6. Технология сабағында оқушылардың бәрі тегіс жұмыс жасауда. Тек жалғыз Арман жұмысты орындамай отыр. Сіздің әрекетіңіз?

  7. Жаңа педагогикалық технологиялар тізімін жасаңыз.

  8. Үзіліс кезінде Мөлдір коридордан әдемі қалам тауып алып, үнтүнсіз қалтасына салып алды. Сіз онымен қалай сөйлесер едіңіз?

  9. Автобусқа отырған оқушы баланың қасындағы бос орынға жас әйел келіп отырды. Келесі аялдамадан қарт әже автобусқа зорға мініп, бұлардың қасына келді. Жас әйел оқушы бала орын беретін болар деген оймен балаға қарап еді, ол терезеге қарап, әжейге көз салмады. Әйел өзі тұрып орын берді. Оған жалт қараған бала қызарып кетіп, әйелге өз орнын ұсынады. Бала неліктен қызарды? Әйел балаға ықпал ету үшін қандай әдіс қолданды.

  10. 4-сынып оқушысының анасы мұғалімге келіп баласының өзін әркезде алдап істейтіні туралы айтты, мұғалім мұндай хабарға елең етті, себебі ол мұғалімді немесе қасындағы жолдастарын алдап көрген емес. 1. Не себепті мектепте алдау дегенді білмейді, ал мамасын алдауы мүмкін. 2. Мұғалім баланың анасына қандай кеңес беруі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет