3. Сөйлеу техникасы мен оқудағы дауыс маңызын меңгеру. Мұғалім сөзі – тәрбие беру ісіндегі ең басты құралдардың бірі. Егер мұғалім қандайда болмасын тәрбие мәселесін ұстамдылық пен шындыққа сүйеніп дәлелдей білсе, оқушы оның мәдениеттілігін, қамқорлығын, сөзінің әсерлілігін бірден сезе бастайды. Оқушы өзінің қателігін мойындап,ойланбай істеген қылығын өзі талдап қорытынды шығаруға мәжбүр болады. Тәрбие беру ісіндегі аса маңызды жайттардың бірі – педагогикалық такты. Педагогикалық тактдеп мұғалім бойындағы мақсатқа сай жоғары адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды.
Ықпал – оқушылар арасындағы мұғалімнің беделі мен өнегесі. Мұғалім қайда болмасын тек оқушылар үшін ғана емес, бүкіл жұртшылық үшін үлгі – өнеге. Өзін-өзі үйлесімді ұстай білетін, ілтипатты, қарапайым, әділетті болуы да тактыға жатады. Әділетті ұстазды бала әр кезде бағалап сыйлайды, үлгі тұтады. Ол бала жүрегіне жол тапқан үнемі ұмытылмайтын, педагогикалық істің шебері. Шебер педагог ызаны қашан басып, қашан ызалану керек екенін біледі.
Мұғалім – шынайы адамгершіліктің үлгісі,ол өзінің ана тілінің әдеби және ғылыми сөз байлығын жете меңгерген, өз ұлтының, әрі дүние жүзінің рухани игіліктерін бойына молынан сіңірген зиялы адам болуы керек.
Байқағыштық – мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеті. Қай заманның мұғалімі болсын алдымен ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» дегендей тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын шығармашылығы мол, еңбекшіл, парасатты адам болуы тиіс. Өйткені баланы өзіне тарта алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие болады. «Оқытушы этикасы» тақырыбында республиканың барлық аймақтарында ата-аналар қауымдастығымен және педагогтардың қатысуымен педагогикалық кеңестер өткізу, педагогикалық мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және қайта даярлау қажеттілігі туындайды. Республиканың білім жетілдіру институттарында мұғалімнің этикасы, кәсіби мен мәдениеті пәндері бойынша оқыту курстарын енгізу тоқсан сайын жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірлескен жоспарлар ұйымдастыру, аймақтардың білім басқармалары жастар органымен қылмысты азайту, бос уақыттарын текке өткізбеуге бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспарларын ұйымдастыруды жүктейді.
Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл-күйін тыңдаушыға бағыттап отырады.
Дауыстың естілуі – тию – физиологиялық әрекеттің нәтижесі.
Адам сөйлеуге ыңғайланғанда тыныс алу мүшесі арқылы ауа жұтады. Осы кезде өкпе кеңейіп, сөйлей бастасымен, өкпедегі ауа сыртқа қарай шығуға бағытталады. Өкпеден қайтқан ауа тамақтағы дауыс шымылдығының аз-кем тосқауылына кездеседі. Себебі дауыс шымылдығы дегеніміз тамақтың ішкі жағында кеңірдектің екі жағынан бір-біріне қарсы біткен жиырмалы ет. Ол бірде керіліп, бірде жымдасып тұрады. Өкпеден ауа қайтқанда осы дауыс шымылдығы керіліп тұрса, діріл пайда болып үн шығады.
Мәнерлеп оқу дегеніміз – дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.
Мәнерлеп оқу дауыстың өзіне де қатысты. Дауыс неғұрлым таза, күшті шықса, оқу да мәнерлі болады. Ол үшін әр оқушы даусын күте білу қажет. Дауыс желбезегіне онша күш келтірмеу, суық күндерде далада азырақ сөйлеу, суыққа шалдықпау – дауыс күшті мен оның тазалығын, үнін сақтаудың басты шарты.
Мұғалімнің өз ойын, оқыған материалын дауыс ырғағы анық,дәл сөзбен айта алу, жарқын мимика мен пантомимикамен, ұнамды эмоциямен бере білу қабілеті-сөйлеу қабілеті. Мұғалімдік мамандықтың ең маңыздысы - сөйлеу қабілеті. Өйткені мұғалім мағлұматтардың барлығын оқушыларға жеткізу, жүйелі білім беру үшін негізінен екінші сигнальды (сөйлеу сипатында) қолданады. Мұғалімнің сөзі өзінің нанымдылығымен, әсерлігімен ерекше мәнді болуға тиіс. Мұғалім өз шешендігімен оқушыларды баурап алуы керек. Ол ұзын фразалардан аулақтап, сөйлемді қиындатпай, өз ойын оқушыларға қарапайым және түсінікті бере алуы керек. Әзіл, көңілге тимейтін ирония (сықақ) болса, сөйлеу ажарын келтіреді, мақалмәтелдерді қолдану ойды ажарлайды. «Мақал-сөздің мәйегі» -деген қазақ данылығы.
Мұғалімнің сөзі өткір, жалынды, бейнелі, жарқын интонациялы, көркем, эмоциялы, дауыс (дикция) ырғағы жағымды, стилистикалық, грамматикалық, фонетикалық ақауларды таза болуы шарт. Бірсарынды, жалаң көңілсіз сөздер оқушыларды зеріктіреді, жалықтырады, ұйқысын келтіреді, оларда сабаққа немқұрайлылық пен қалай болса, слай қарауды туғызады.
Тез асығыс айтылған ойлар, сөздер ұғынып алуға қиындық келтіреді және тез шаршатады. Дауыстың қаттылығы да психикаға әсер етеді. Орынсыз айқайлаңқырап айту балалардың жүйкесіне тиеді, ал әлсіз жай дауысты мұғалімді де тыңдау қиын. Қол сермеп сөйлеу сөзді жандандырады, бірақ көбірек, бірыңғай, ылғи, қол сермей беру, орынсыз қозғалыстар тітіркендіреді. «Біз үшін біздің әдебиетшіні тыңдағаннан басқа рахат жоқ, ол әдемі сөйлейді. Қоңырау соғылуы рахаттан айырғандай әсер етеді». Шешендік өнерін меңгерген мұғалімге арналған пікір осындай.