Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы



бет89/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
Байланысты:
пед

0-ден 4-ке дейін. Сіз ешқашан иілуді білмейтін, тік адамсыз. Жүрген жерлердің бәрінде өз пікіріңізді басқа адамға мойындатқысы келетін ой қалдырасыз және өз мақсатыңызға жету үшін дауыс көтеруге де барасыз. Сіздің айтқаныңыз бен ісіңізге келіспейтін адамдармен қалыпты жағдайда араласа алмайсыз.
5-тен 13-ке дейін. Сіз өз көзқарасыңызды нақты қолдай аласыз. Бірақ қажет болған жағдайда өз пікіріңізді өзгертіп, адамдармен жақсы сөйлесе аласыз. Кей кездері сөйлесіп тұрған адамыңызға деген құрметіңізді көрсете алмай қаласыз. Ақылмен шешілетін жағдайда, «біреудің алқымынан алудың» қажеті бар ма, ойланыңыз!
14 пен 18 балл аралығында. Ақылдылығыңызға байланысты өз пікіріңіз нақты болып келеді. Сіз барлық жаңа ойларды түсініп, қабылдай аласыз. Өзіңіздің пікіріңізге сынмен қарайсыз және әңгіме кезінде көзқарасыңыз қате болып қалса, одан бас тарта аласыз.
Педагогика саласында жұмыс істейтін адамдар өзіне ашықтық, кеңпейілділік және басқа адамдардың көзқарасымен санаса алу қасиеттерін дамытқаны дұрыс.
«Сіздің қатынас стиліңіз жүйкенің жұқаруына әкеліп соғады ма?» әдістемесі
Бұл туралы білгіңіз келсе ұсынылған тестің сұрақтарына жауап беріңіз. Таңдаған жауап нұсқасының баллын шеңберге алыңыз.
1. Сізге біреуден көмек сұрап, өтінген қиындық тудырады ма?
ия,әрқашан (3ұпай), өте жиі (4), кейде (0), өте сирек (0), ешуақытта (0) 2. Сізді толғантатын көкейкесті мәселе бос уақытта да мазалайды ма?
өте жиі (5), жиі (4), кейде (2), өте сирек (0), ешқашан (0)

  1. Бір адамның қолынан келмеген істі, оның орнына істеп тастағыңыз келеді ме?

ия,әрқашан (5ұпай), өте жиі (4), кейде (2), өте сирек (0), ешқашан (0)

  1. Келеңсіз жайтқа көп уақытқа дейін уайымдайсыз ба?

ия,әрқашан (5ұпай), жиі (4), кейде (2), өте сирек (0), ешқашан (0)

  1. Өзіңізге кешке қанша уақытыңызды бөлесіз?

Үш сағаттан көп (0), екі-үш сағат (0), 1-2 сағат (0), бір сағаттан аз (2) , бір минутта бөлмеймін (0)

  1. Сізге бір нәрсені тәппіштеп түсіндіріп жатса, оны аяғына дейін тыңдамай, сөзін бөлесіз бе?

Ия, әрқашан (4), жиі (3), жағдайға қарап (2), сирек (1), жоқ (0)

  1. Сіз туралы айналадағылардың пікірі: ол әрқашан асығып жүреді... ия (4), жиі (3), жағдайға қарай (2), кейде (1), бір кездерде ғана (0), жоқ, ондай емес (0)

  2. Сізге дәмді астан бас тарту қиын ба?

ия, әрқашан (3), жиі (2), кейде (0), сирек (0), ешқашан (0) 9. Сізге бірнеше жұмысты бірге алып жүруге тура келеді ме?
ия, әрқашан (5), жиі (4), кейде (3), сирек (1), ешқашан (0)

  1. Әңгіме үстінде сіздің ойларыңыз тіпті басқа жақта қалықтап жүруі кездеседі ме?

өте жиі (5), жиі (4), кейде (3), сирек (0), ешуақытта (0)

  1. Кейде адамдар бос, жалықтыратын нәрселер туралы сөйлейді деп ойлайсыз ба?

өте жиі (5), жиі (4), кейде (1), сирек (0), ешқашан (0) 12. Кезекте тұрғанда жүйкеңіз жұқара ма?
өте жиі (4), жиі (3), кейде (2), сирек (1), ешқашан (0)

  1. Біреуге кеңес беруді ұнатасыз ба?

ия, әрқашан (4), өте жиі (3), кейде (1),өте сирек (0), ешқашан (0)

  1. Шешім қабылдар кезде көп ойланасыз ба?

әрқашан (3), өте жиі (2), жиі (1),өте сирек (3), ешқашан (0)

  1. Сіз қалай сөйлейсіз?

Асығып тез (3), жылдам (2), бірқалыпты (0), ақырын (0), маңғазданып
(0)
Нәтижелерді өңдеу.
45-63 ұпайға дейін. Жүйкеңіздің жұқарғаны рас. Қан қысымыңыз және қандағы холестерин мөлшерін тексертіңіз. Өмір сүру дағдыңызды өзгертіңіз.
22-44 ұпайға дейін. Өмірге бір қалыпты қарап, ішкі ширығуды азайтып үйреніңіз.
19 ұпайға дейін. Сіздің бірқалыпты және салмақты күйді сақтау қолыңыздан келеді.
0-ұпай.Егер сіз шын және ашық түрде жауап берген болсаңыз, сізге төнген қатер - бұл шектен тыс салмақтылығыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет