Байсалдылық- адамға тән жағымды қасиет; синонимдері - төзімділік,шыдамдылық, табандылық.
Бақылау әдісі - белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өтуерекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің,алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркепотыру.
Бейімделу (адаптация) - организмнің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайынабейімделу қабілеттілігі.
Бейімділік - адамның бір іске икемділігін байқататын қасиет, қабілеттілікнышаны. Бейімділік әрекетті игеру барысында қабілеттің қалыптасуына қарайдами түседі.
Белсенділік - адамның әсер еткен заттарға белсенді қатынасының нәтижесі. Белсенділік адамның күнделікті іс-әрекетте (ойын, оқу, еңбек)кездесетін міндеттерді шығармашылдықпен орындай алу қабілеті. Қажырлылықты, ынталылықты, жігерлілікті, тынымсыздықты білдіреді.
Білуге құмарлық - адамның санасы мен іс-әрекетіне, көңілкүйіне ізқалдыратын тұрақты, әсерлі сезім. Оған адамның өмір сүрген қоғамы, оныңқоғамдағы орны, нақтылы іс-әрекеті зор әсерін тигізеді. Білуге құмарлық -ұнамды қасиет.
Біліктілік - қызметкердің іс-әрекеттің нақты бір түрінде күрделілігібелгілі бір дережедегі еңбек функцияларын орындауға мүмкіндік беретіндейқабілеттерінің даму деңгейі.
Гуманистік педагогика– педагогиканың ең басты пәні бірегей біртұтасжүйе болып табылатын тұлға болуға тиіс деп есептейтін бағыт.
Дағды - алғашқыда саналы орындауды қажет ететін әрекеттің жаттығаберу нәтижесінде автоматты қалыптасуы.
Дарындылық – үлкен нышаннан туындайтын қабілеттіліктің түрі.Дарындылық адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қабілетілігі, өнердің бір түріне туа бейімділігі.
Ерік - адамның өз қызметін және әртүрлі психикалық процестерді өзідетерминациялауынан және өзі реттеуінен көрінетін қабілеті. Еріктің негізгіфункциялары: түрткілер мен мақсаттарды таңдау, іс-әрекет мотивациясыжеткіліксіз не басы артық болғанда ісәрекетке деген ниет, ынтаны реттеу,психикалық процестерді адам атқаратын іс-әрекетке барабар жүйе етіпұйымдастыру, қойылған мақсаттарға жетуде кедергілерден өтетіндей жағдаяттафизикалық және психикалық мүмкіндіктерді жұмылдыру.