Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет155/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   196
    Қабыспалы  оралымдар  дегеніміз  -  үйірлі  мүшелі  сөйлемдер. 
Мұндағы  конструкция  өзінен  кейінгі  бөлшекпен  тығыз  жымдасып 
кетеді де, соның негізгі обьектілі сөзіне меңгеріліп, сіңісе айтылады. 
Көбінесе  -ған  формалы  есімшенің  қатысуы  арқылы  жасалады. 
Мысалы, Баласы жақсы оқыған Асан көңілді отыр. 
      Жанаспалы  оралым  дегеніміз  -  осы  күнге  дейін  танылып  келген 
ортақ бастауышты бағыныңқы сөйлемдер  алшақ түрде жанаса келіп,  
оқиға желісі бір бастауышқа негізделе айтылады. Жанаспалы оралым 
есімше,  көсемше,  шартты  рай  тұлғалары  негізінде  жасалады. 
Сөйлемнің  табиғатын  анықтауға    бастауыш  меже  болады.  Мысалы, 
Мұғалім  шәкірттің  сабаққа  ынта  қойып  келе  жатқанын  аңғарып, 
іштей риза болып қалған. (С.М.). Егер адамдық атымды сақтаймын 
десең,  ең  алдымен  арыңды  қорға  (Ә.Әбішев).  Шын  жыласаң,  мың 
сұрасаң, жетерсің бір мұратқа (С.Дөнентаев).  
     Шартты оралымды сөйлемдер әр уақытта осындай шартты мәнде 
қолданыла  бермейді,  ол  тұлғалар  арқылы  қарсылықты,  мезгіл, 


 
234 
кезектес,  салыстырмалы  мағыналар  да  беріледі.  Мысалы,  Есепке 
жүйрік  болса  да,  сөзге  шабан,  орысша  жақсы  киінсе  де,  оқымаған 
кісі (Ғ.М.). Өзім бақытсыз болсам да, өзгелердің бақытты болғанын 
көргім келеді (Т.Ахтанов). 
     Бұрын-енді,  бір  кезде-қазір,  тәріздес  сөздермен  кезектес  мәнді 
шартты  райлы  оралым  жасалса,  қандай-сондай  жұп  қатыстық  сөздер 
арқылы салыстырмалық мәндегі күрделі ойлар жасалады. 
     Қимыл  есімді  оралымды  сөйлемдер  –ысымен  тұлғасы  арқылы, 
тұйық райлы сөзбен бұрын көмекші сөздің, үшін шылауының тіркесуі 
арқылы  жасалады.  Мысалы,  Соғысты  жеңіспен  аяқтап,  тезірек 
үйіме  қайту  үшін,  мен  тезірек  жазылуым  керек  (Ғ.М.).  Аздап 
вагондағы 
хәлді 
айтудан 
бұрын, 
Қызылжар 
қаласының 
тұтқындарды  қамайтын  лагері  туралы  айтып  берейін  (С.С.). 
Ғалымдардың  кейбірі осындай конструкцияны сабақтас құрмаластың 
ықшамдалған  түрінен  таныса,  енді  біреулері  оны  бірыңғай  мүшелі 
жай  сөйлемге  жатқызады.  Ал  енді  қайсы  бірлері  мұндай  құбылыста 
жұмсалған  сөйлемдерді  не  бірыңғай  жай  сөйлемге,  не  құрмаласқа 
жатқызбай, өз алдына ерекше бір түрдегі сөйлем деп қарайды. 
                    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1. А.Байтұрсынов. Тіл тағлымы. Алматы,  1992 ж. 
2. М.Балақаев. Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис). А., 1974 ж. 
3. Қ.Есенов. Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер. А. 1974                   
4.  Т.Сайрамбаев.  Сөз  тіркесі  мен  жай  сөйлем  синтаксисі.  Алматы, 
1991 ж.  
5.  С.Аманжолов.  Қазақ  әдеби  тілі  синтаксисінің  қысқаша  курсы.А., 
1994 ж 
6. Қ.Есенов.  «Құрмалас  сөйлем  синтаксисі». Алматы,  1995 ж. 
7. Т. Қордабаев. «Қазақ  тіліндегі  құрмалас  сөйлемдер  синтаксисі». 
1996 
8. Қ. Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы., 1999ж. 
9. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002ж. 
10.  Б.  Сағындықұлы.    «Құрмалас    сөйлем    түрлерінің    теориялық  
негіздері»  Алматы,  2003. 
11.  М.Балақаев. Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004ж. 
12. К.Аханов  Грамматика  теориясының  негіздері. Алматы,  2004 ж. 
13. Б.Шалабаев Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі синтаксистік тұтастық. 
Қазақ филологиясы. Екінші кітап. 1975.                                                                                    
14. М.Серғалиев Б.Мүсірепова Күрделі синтаксистік тұтастық. – 
Алматы: ҚазМУ баспасы, 1989. 
                           
 
 


 
235 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет