Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет156/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   196
Бекіту тапсырмалары
      1-тапсырма.  Сөйлемдерді  құрылысына  қарай  талдаңыз. 
Күрделенген 
жай 
сөйлемдерді 
тауып, 
олардың 
сабақтас 
сөйлемдерден айырмашылығын  көрсетіңіз. 
        1.Адамның  өз өмірі өз  қолында,  өзіңнен  қалғаның  да,  озғаның  
да.  2.Досын    сатқан    жандардың    отанын    да  ондайлар    сата  алар. 
3.Түзде  бұзауы  жамырағанның  үйде  айраны  төгіледі.(Мақал.) 
4.Сөзімді    не    кек    дерсің,  не  жұп  дерсің.  Ойыңды  теріс  дейді  Баян 
айың.(Жұлдыз.) 5.Шаңқылдап бірде аспанда   тау қыраны, Күрпілдеп 
бірде бие саудырады. Майдалап бірде қоңыр самал соғып, Бұрқ-сарқ 
бірде нөсер жаудырады. (І.Жансүгіров.) 6.Ашпаса көрмейсің, айтпаса 
білмейсің.    7.  Жаман    еркек    той    бұзар,    жаман    әйел    үй    бұзар. 
(Мақал.)  8.Мәңгілік  баққытты  алшы,  Анам,  Күн  келді  кеше  сен 
аңсаған.  (М.Мақатаев.)  9.  Қазақтар  шешен  келеді,  олар  мақалдап 
сөйлейді, жәй сөзінің өзі өлең боп құлазып жатады. (В.В.Радлов.) 10. 
Өнімді  еңбек    атқарам    десең,  көпке    сүйен.  (Мақал.)  11.Ауырып  ем 
іздегенше, ауырмайтын ем ізде. (Мақал.) 12.Жасарған  жаратылыстың  
құшағында  жасыл  жібек  кілем  жайғандай    жап    жасыл    ала,  жас  исі  
аңқыған    кең    байтақта      жұмыстан      тынығып,  жер  қазғандардың  
көшпелі қаласы  жаты. (С.С. «Жер  қазғандар».) 13. Жақсының  ашуы  
жібек    орамал    кепкенше,    жаманның    ашуы    өзі    өліп    кеткенше. 
(Мақал.)14.Ертең    жұмыс    қылатын    күні  болғандықтан,    жұмыскер   
әдетінше  кешке  ертерек    жатты.  (С.Сейфуллин.  «Жер    қазғандар») 
15.Кітапты оқудың үш түрі бар: біріншіден, оқып шыққаныңнан кейін 
ешнәрсеге  түсінбеу;  екіншіден,  оқып  шыққан  нәрсеңді  түсіну; 
үшіншіден,  оқып  шыққаннан  кейін  тіпті  кітапты  жазылмаған  сырды 
да ұғыну.  (Я.Б.Княжнин.) 16.Өзінің  жазба  сөзін  саналы  түрде  және  
еркін    пайдалану    үшін,  алдымен  басқалардың  жазба  сөзіне  түсіне 
білу    өте    қажет.(Т.Тәжібаев.)  17.Қанша    бас    болса,    сонша    ақыл 
болатыны  сияқты, қанша жүрек болса, махаббаттың  да  осынша  түрі  
болады. (Л.Толстой.) 18. Құм–қайраң  күміс  көлдер кемерін кере,  кең  
толқып, толып  жатқан  әңгіме   шертетіндей  сезіледі.(Ғ.Мүсірепов.) 
19. Өмір үшін  тамақ  қандай  қажет  болса, денсаулық  үщін  еңбекте  
соншалық    керек,    ал  дырдумен    күн    кешіру  түбінде    адамға    ауру 
болып  жабысады.    (Л.Толстой.)  20.  Өзің  опық    жеп,  өкініп    жүрмеу  
үшін,  өзгенің  жанына  жазықсыздан  жара  түсірмеу    ушін,  бағамдап  
сөйлеудің    мәні  ерекше  зор.  (Дж.Беллерс.)  21.Көңілге    көктем  
толмаса,  Шалқу  да  болмас    онда  аса.  Атағың    даңқың  медеу  ме, 
Бақытың  бүтін  болмаса.    (Ф.Оңғарсынова.)  22.Еш    нәрсе    оқымаған, 
еш  нәрсе  тоқымайды  да.  (Д.Дидро)  23.Мен  барша  оқыған  
кітаптарымнан  үзінділер  жазып  алып,  жол  жөнекей    қағазға  ой 
толғауларымды түсіріп  отыруға  әдеттендім. (К.Маркс.)                       


 
236 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет