Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ



Pdf көрінісі
бет11/65
Дата28.01.2017
өлшемі5,87 Mb.
#2930
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65

 

Әдебиеттер 

 

1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті-Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың 

Қазақстан  халқына  Жолдауы  Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан 

дамуының басты бағыты. 2012ж.  

2.«Мектепке  дейінгі  тәрбие  және  оқыту»  Қазақстан  Республикасының 

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты - Астана, 2008 ж. 



 

 

Алпыспаева  Майгуль  Кенесбековна,  аға  оқытушы,  «Өрлеу»  БАҰО»  АҚ 

филиалы, «ШҚО бойынша ПҚ БАИ»   



 

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ 

 

XXI ғасыр мұғалімі қандай болу керек? Бұл жайлы аз жазылып жүрген жоқ. 



Үздіксіз  оқуға  көшудің  обьективті  қажеттілігі  дәлелденген  қазіргі  кезеңдегі  

ақиқат    «өмір  бойына  білім»  формуласын  «өмір  бойы  білім  алу»  формуласымен 



91 

 

алмастырудың қажеттілігі мойындалды. Сәйкесінше барлық деңгейде бейімделген 



орта қалыптастыру қажеттігі туындайды.  

Үздіксіз  білім  алудың  маңызы  даму  үстіндегі  тұлғаның  және  қоғам 

мүмкіндік  беру,  қажеттілігін  қанағатттандыру  және  әркімнің  білім  алудағы  өз 

жүйесін  қалыптастыруға    мүмкіндік  беру.  Білім  беру  ұйымдарындағы  балалар 

үшін  басты  тұлға-педагог.  Өзгеріс  шын  мәнінде  өнімді  болу  үшін  мұғалімнің 

ғылыми-әдістемелік  ойлауын  қалыптастыру  бағытында  жұмыс  істеу  педагогтың 

мамандық құзырлылығын қалыптастырудың бір жолы.  

Педагогтың  біліктілігін  арттыру  проблемасы  педагогикалық  үрдістің 

субьектісі  ретінде  соңғы  кездері  ғалымдар  мен  практиктердің  үлкен 

қызығушылығын тудыруда. Педагогтардың  біліктілікті арттыру институттарында  

дәрістік  білім  алатын  академиялық  курстарды  өткізудің  тиімсіз  екендігі  қазір 

белгілі  болды.  Бүгінде  білім  беру  жүйелеріне  басқару  менеджментінің  қазіргі 

ұстанымдарын  есепке  алу  кезеңі  келді:  «Қызметкерлердің  инициативалары  мен 

өздік  түрткісін  дамытуға  арналған  мәдени  және  ұйымдастырылған  оқу  ортасын 

қалыптастыру керек». 

Білім  берудегі  кадрлармен    әдістемелік  жұмыс  –  білім  берудегі  маңызды 

міндеттердің  бірі.  Педагогтарды    басқару  аспектісіне  тартуда  әдістемелік  қызмет 

көрсету  мекемелері  шешетін  мәселелер  туындайды.  Сол  себепті  педагогтарды 

үздіксіз  мамандыққа  үйретудегі  атқарылып  жатқан  жұмыстардың  тиімділігін 

анықтау болып табылады. 

Оның барысында келесі міндеттер шешіледі: 

-педагогтың  мамандық  шеберлігін  шыңдауда  біліктілікті  арттырудың 

маңызын айқындау  

- біліктілікті арттырудың неғұрлым тиімді тәсілдерін анықтау 

Мекеменің  мамандық  шеберлікті  арттырудағы  әдістемелік  жұмыстарын 

көрсету. 

Ересектерді  оқыту  мемлекеттік  маңызға  ие  екені    мәлім.  «Қазіргі  әлемде 

ересектерге  білім  беруге  адамға  халықтың  өміріне  халықтар  мен  ұлттардың 

өміріне  толықтай  араласуы,  өзінің  жеке  тұлға  екенін,  нақтылауға,  саяси  және 

экономикалық,  интеллектуалдық  қабілеттерін  және  дағдыларын  дамыту 

мүмкіндігін тудырады». 

Адамдардың білім алуға деген мүмкіндігі бірдей емес. Жылдан жылға артып 

жатқан    ғылыми  ақпаратты  меңгеру  мүмкін  еместігі  және  бар.  Уақыт  өте  келе 

білім  ұмытылуы мүмкін,бірақ ол мүлде жойылып кетпейді, уақыт өте келе қайта 

жаңғырады  және  осы  білім  келесідей  жеке  мінездемелерді  қалыптастырады: 

талдау  мәдениеті,,дәлелдей  алу,  эмоция,  эстетикалық  талғам,сөйлеу,  өзін  ұстауы. 

Бұл  жеке  қасиеттер  тікелей  оқушыларға  беру  үшін  мұғалімге  аса  қажет.  Тек 

педагогтардың жаңа құзыреттіліктеді меңгеруі білім мекемелерінде білімдегі жаңа  

сапаға  қол  жеткізуге,  ал  оқушыларға  білімдегі  жаңа  жетістіктерге  жетуге 

мүмкіндік  береді.  Тек  осы  педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін  артыру 

моделін  анықтайды.  Ғалымдар  біліктілікті  арттырудың  проблемаларын  әртүрлі   

аспектілерде қарастырады: 

-  біліктілікті  арттырудың  кадрлардың  психологиялық  қайта  құрудың  әсері 

(И.В. Блауберг, А.Ю. Панасюк, Э.Г. Юдин); 



92 

 

-  мамандық  құзырлылықтарды  қалыптастыру  (Т.Г.  Браже,  Н.В.  Кузмина, 



Г.Н. Сериков); 

- педагог кадрлармен жұмыс (В.И. Зверева, Т.И. Шамова); 

-  педагогтардың  біліктілігін  арттырудағы  тәжірибе  және  оның  Батыстағы 

даму тенденциясы (Е.Б. Лысова). 

В.В.  Краевский  біліктілікті  арттыру–  бұл  базалық  мамандығы  бойынша 

қосымша  білім  алу  және  білім  алу  негізінде  өз  әрекетіне  ой  жүгірту  және 

мамандық дағдыларын дамыту. 

Білім беруді модернизациялау жағдайында біліктілікті  арттыруда жаңа әдіс 

тәсілдерді қолдану барлық педагогтарды белсенді педагогикалық әрекетке тартуға 

мүмкіндік  береді.Тіпті  мақсатты  нақты  анықтау  да  педагогтардың  біліктілігін 

арттырудағы проблеманы шешпейді.    Мұнда педагогтардың қызығушылығы мен 

қажеттілігін қанағаттандыруға не қажет екенін анықтаудың маңызы зор.  

Білім  мекемелерінде  мақсатты  бағытталған,  пәндік  және  мазмұндық 

әдістемелік  жұмыс  біртұтас  жүйеге  айналғанда    ғана  педагогтың  мамандық  өсуі 

жүзеге асады. Біліктілікті артыруда мұғалімнің өзіндік дамуының маңызы зор. 

Өздік білім көтерудің төрт түрін ажыратуға болады: 

- мамандық; 

- тұрмыстық; 

- танымдық; 

-өздік білім көтеру  – өзін жүзеге асыру  

Педагогтардың  инновациялық  әрекеті  педагогтың  жеке  педагогикалық 

жүйесінің міндетті құрамдасы болып табылады және зерттеу жұмысына ұласады. 

Бұл  педагогтың  өз  жұмысын  қайта  қарауға  және  дәстүрлі  орындаушылық 

әрекеттен  шығып,  оның  орнына  проблемалық    іздену  рефлексивтік 

аналитикалық  сипатқа көшуіне ,қоғамның сұранысына сай болатындай және жеке 

бастың  дамуына  ықпал  ететіндей  болады.  Педагогикалық  ұжымда  жаңа 

педагогикалық  білімге,  педагогтың      білім  және  әлеуметтік  функцияларын 

өзгертуге  әкеледі.  Мамандық  педагогикалық  құзырлылықты  басқару–  білімді 

модернизациялау 

жағдайында 

инновациялық 

үдерісті 

басқару 

ретінде 


қарастырылады.   

Педагог білім беру үдерісіндегі басты тұлға болып табылатындықтан, оның 

біліктілігі,  жеке  бас  қасиеттері  және  мамандық  сапасы  көптеген  проблемаларды 

шешуде маңызды рөл атқарады. 

Біліктілікті  арттырудағы  басым  бағыт    міндеті:  мұғалімдердің  жекелей 

ресурстарын  дамыту,  мұғалімдердің  танымы  мен  өзін-өзі  өзгертуге  бағытталған 

оқытуды енгізу. Оны жүзеге асыру үшін жекелей жетекшілік,  коучинг,мамандық-

модельдеуші  тренингтер,  арқылы  және  мұғалімдердің  сабақтарына  қатысуға, 

олардың жаңа идеяларын жүзеге асыруға көмектесе алатын мамандар командасын 

ұйымдастыру.Бұл  «мұғалімдердің  шығармашылық  зертханасын»  ұйымдастыру 

қызметін атқарады. Бұл ұсыныстың мәні белгілі бір уақыт аралығында мұғалімдер, 

әдіскерлер 

жиналып 

мұғалімдердің 

мамандық 

дамуының 

мазмұндық-

ұйымдастырушылық  аспектілерімен  танысады.Осылай  мұғалімдерді  біліктілікті 

арттыру  курстарына  тартуға  болады.  Коучинг-«мұғалім-нұсқаушы»  әрекетіндегі 

үдеріс.  Коучер  (нұсқаушы)  мұғалімге  курста  алған  білімін  сыныпта  оқушыларға 

қолдануына көмектеседі.  


93 

 

Шебер  мұғалім-педагогикалық  технологияларды  жете  меңгерген,  жоғары 



моральдік,  интеллектуалдық,  әлеуметтік-маңызды  қасиеттер  иесі  болуы  тиіс.Бұл 

орайда  отандық  біліктілікті  арттыру  курстары  педагоггтарға  тек  қосымша  білім 

беріп  қана  қоймай  олардың  таным  белсенділіктерін  арттыруға,  шығармашылық 

ізденуге, жекелей өсуге бағыттауда.  

 

Әдебиеттер 

 

1.  Қазақстан  Республикасының  2011-2020  жылдарға  дейінгі  білім  беруді 

дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.- Астана, 2010. 

2.Захарова  И.  М.  Обоснование  направлений  совершенствования  систем 

дополнительного  образования  в  условиях  экономики  знаний  [Электронный 

ресурс]. Режим доступа: http://www.ogbus.ru/authors/Zhaha rova/Zhaharova_1.pdf  

3.  Фрумина  Е.  Л.  Непрерывное  образование  для  педагогов:  модели  и 

особенности  //  Непрерывное  образование  в  политическом  и  экономическом 

контекстах / Под ред. Г. А. Ключарев. М.: ИС РАН, 2008. С. 274-292. 

 

 

Альмагамбетов Қ.С., аға оқытушы, «Өрлеу» БАҰО АҚ, Павлодар облысы 

бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы   



 

ЖАҢА БІЛІМГЕ ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС 

 

“Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның  



күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол 

 рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық  

шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты 

 жүрекпен ұға білу болып табылады”  

Сухомлинский   В.А.   

ХХІ  ғасыр–білім  ғасыры.  Ендеше,  Қазақстан  мұғалімдеріне  де  үлкен 

жауапкершілік    жүктеліп  отыр.  Болашақ  ұрпаққа  әлемдік  деңгейде  бәсекеге 

қабілетті  білім  беру  мақсатына  орай  «ХХІ  ғасырда  нені  оқыту  керек?», 

«Мұғалімдер  оқушыларды  ХХІ  ғасырға  қалай  дайындайды?»,  «Мұғалім  өзі  не 

үшін өзгеру керек?» деген маңызды сұрақтар білім сапасын арттырудың бір жолы 

болмақ.  Сол себептен 

білім жүйесі де мазмұндық түбегейлі өзгеруде. «Назарбаев 

Зияткерлік  мектептері» 

Педагогикалық  шеберлік 

орталығы 

Кембридж 

университетінің  Білім  беру  факультетімен  бірлесіп  әзірлеген  деңгейлі 

бағдарламасы  бойынша  Қазақстан  Республикасы  педагог  кадрлардың  біліктілігін 

арттыру  курстардың  негізгі  идеясы  осының  дәлелі.  Осы  деңгейлік 

бағдарламалардың  мұғалімдер  қауымына  берері,  үйретері  көп.  Кембридж 

бағдарламасының  басқа  технологиялардан  ерекшелігі  -  жеті  модуль  арқылы  іске 

асатындығында.  Бағдарламасының  негізгі  мақсаты  –  оқытудағы  басқару  және 

көшбасшылық  модулiн  педагогикалық  көрегендiк  пен  педагогтiк  қиял, 

мамандығына  лайықты  жұмысқа  қабiлеттiлiк,  өз  бiлiмiңдi  көтеруге  дайын  болу 

және  жаңашылдық  сынды  қасиеттердi  дамытып,  ұштай  түсу  керектігін 

меңгертеді. 

 


94 

 

Оқу  сияқты,  көшбасшылық  та  адамның  басты,  бірақ,  аса  күрделі 



әлеуеттерінің  бірі  болып  табылады.  Адамзат  баласының  өз  ұрпағын  оқыту  мен 

тәрбиелеудегі  ең  озық  тиімді  ізденістерін,  тәжірибелерін  жалғастырып,  тың 

жолдар  іздеу  педагогиканың  озық  үлгілерін  жаңашылдықпен  дамыту  жалғаса 

бермек... 

Мұғалімнің  көшбасшылығын  дамыту  да  басты  рөл  атқарады.  Сондықтан, 

мектепте  мұғалімдер  көшбасшылығын  белгілеудің  негізгі  өлшемдерін  ұғына 

білудің  маңызы  зор.  Оқушыларының  білім  алуына  басты  назар  аударуды 

басымдық  ететін  көшбасшы-мұғалімдер  өздерінің  әріптестері  мен  басқа 

қызметкерлерге үлгі бола біледі. Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы 

білім берілуіне қол жеткізу мақсатында оқу үдерісіне және оқушылардың, сондай-

ақ,  мұғалімдердің,  қызметкерлердің  нәтижелеріне  бағдарланған.  Көшбасшы-

мұғалімдер  оқыту  мен  оқу  үдерісін  бақылау,  нәтижелерді  пайдалану, 

мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар 

топтары  мен  мектептің  құрылымдық  бөлімшелері  үшін  басымдықтарды  белгілеу 

арқылы  сыныптардың  және  бүкіл  мектептің  ішінде  не  болып  жатқанын  біліп 

отырады.Мұғалімнің  кәсіби  дамуын  қамтамасыз  ету  моделінің  бірі  –  мектепте 

және  мектептер  арасында  желілік  қоғамдастық  құру.  Желілік  қоғамдастық 

виртуалды  түрде  және  ресурстық  орталықтар  арқылы  құрылуы  мүмкін. 

Мұғалімнің  желілік  қоғамдастықтағы  қызметін  ұсынылған  бөлімдер  бойынша 

бағалауға  болады.  Олар  –  тіркелгені,  ресурстық  қорға  үлесі,  ресурстардың 

мүмкіндіктерін пайдалану, қарым-қатынас мәдениеті деңгейі және тақырыпқа сай 

жұмыстану  белсенділігі. Мұғалім  бірінші  кезекте  өзін-өзі  бағалайды,  ол  өз 

кезегінде  мұғалімнің  кәсіби  өсу  деңгейіне  жүйелі  түрде  мониторинг  жүргізіп 

отыруға мүмкіндіктер береді. Желілік қоғамдастықтардың пәндік бірлестіктерден 

гөрі  атқаратын  қызметі  ауқымды,  қамтитын  көлемі  кең.  Желілік  қоғамдастық 

алдыңғы  кезекте  мұғалімдердің  кәсіби  өсіп,  қалыптасуын  қамтамасыз  етеді  және 

қоғамдастық жұмыс аясын кеңейте отырып басқа мектептермен байланысқа шыға 

алады.  Педагог  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институтының  да  алға 

қойған мақсаты  қысқа мерзімді курстан кейінде тыңдаушылар өз ішінде желілік 

қауымдастықты  құра  отырып,  бірлесе  жұмыс  атқарып,  нәтижеге  жету.  Қазіргі 

заман  талабына  сай  мұғалім  болу  ең  жауапты,  ең  күрделі,  ең  зиялы  мамандық 

болып  табылады.  Себебі,  ол  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  бағытталған  зор 

жауапкершілікті қажет ететін мамандық. Қазіргі мектептің міндеттері: 

-  Алдыңғы  ұрпақтың  соңғы  ұрпаққа  жинаған,  қалыптастырған  мәдени 

құндылықтарын жеткізу; 

- Баланың тұлғасын дамыту; 

- Баланың, мектептің әлеуметтік бейімделуі

Қандай  бір  әдістермен  педагогикалық  технологияны  пайдаланбасын, 

баланың рухани жан дүниесіне әсер етуде мұғалімнің өз тұлғасының әсері ерекше. 

Оқушылардың  мұғалім  бойындағы  ең  бағалы  деп  есептейтін  қасиеттері:  баланы 

жақсы  көруі,  мейірімділік,  сезімталдық,  әділеттілік,  талап  қойғыштық,  әзіл  айта 

білуі,  келешекке  сенімділік,  іске  шығармашылықпен  қарау  болып  табылады.  Ал, 

мұндай  қасиеттерге  ие  болу  үшін  мұғалім  рухани  бай,  зиялы  және  шығармашыл 

тұлға  болуы  қажет.  К.  Д.  Ушинский:  «Оқу  орнының  талабына  көп  нәрсе 

байланысты,  ең  бастысы  тәрбиешінің  тұлғасының  рөлі  ерекше,  жас  ұрпаққа 


95 

 

беретін  әсерін  оқулықпен,  жазалау  және  мадақтаумен  алмастыруға  болмайды»,  - 



деп жазған. Әрқайсымыз, студент не жас мұғалім болайық «мұғалім» деген сөзді 

естігенде  өзінің  ең  сүйікті  мұғалімдерін  кәсіби  шеберліктермен  қоса,  тұтастай 

тұлға  ретінде  есіне  алады.  Мұғалімнің  тұлғасын  тұтастай  алып  қарау, 

әрқайсысының  жеке  ерекшеліктерін  де  қоса  қарастырады.  Сонымен  ХХІ  ғасыр 

мұғалімнің тұлғасы қандай болу керек деген сұрақтың төңірегінде ой толғау. 

Педагог  –  зиялы  тұлға.  Өзін  жинақы,  сүйкімді  ұстайды.  Прогрессивті 

көзқарастарды  алға  тартады.  Сыни  көзқарасы  қалыптасқан,  ұстамды,  өзгелердің 

пікіріне  сыйластықпен  қарайды.  Жүйелі  түрде  өзіне  -  өзі  баға  беріп,  рефлекция 

жасап  отырады:  мәдениеті,  эрудициясы  жоғары,  эстетикалық,  көркемдік  талғамы 

бар.  Саясатқа,  білімге,  өнердегі  жаңалықтарға  қызығушылық  танытады. 

Шығармашылықпен  өзін  -  өзі  үздіксіз  дамытып  отырады.Педагог  –  рухани  бай 

тұлға.  Оның  рухани  байлығы  балаға  деген  махаббатынан,  жоғары  адамгершілік 

және  ұят  сезімінен  көрінеді.  Ол  өзінің  оқушылары  және  әріптестерінің  пікірімен 

санасады.  Тұлғаның  рухани  байлығы  өмірдің  мәнін  және  өмір  сүру  мақсатын, 

өзінің  кәсіби  шеберлігін  айқындауына  ұмтылуында  болып  табылады.  Педагог 

адамдардың  қарым  -  қатынасына,  әлем  сұлулығына  ерекше  мән  береді.  Онда 

эмпатия  мен  рефлексия  жоғары  дамыған.  Ол  жаңа  өсіп  келе  жатқан  баланың 

рухани әлемінің байлығын түсінуге тырысады, сондықтан да өзінің планетарлық, 

тіпті  космостық  ойлау  үрдісін  дамытады.  Педагог  –  шығармашыл  тұлға.  Ол 

бірсарындылықты ұнатпайды, сондықтан үздіксіз ізденіс үстінде, жаңашыл. Ойлап 

шығару, жүзеге асыру – оның қалыпты кәсіби үлгісі. Мұғалім – еркін тұлға. Оның 

еркіндігі  өмірде  және  кәсіби  қызметте  мәдениет  әлемінде  өз  орнын  табуынан 

көрінеді.  Оның  еркін  ой  -  пікірі  және  кәсіби  жауапкершілікті  сезінуімен 

тұтастықта.  Өзін  -  өзі  бағалай  алады,  алайда  менмендікке  жол  бермейді.  Ол 

материалдық және рухани құндылықтар әлемінде өз бағытын еркін айыра алады. 

Ол  батыл  шешім  қабылдайды,  өзінің  өмірлік  позициясы  бар,  яғни  айналадағы 

ортаға, адамдарға, өзіне деген қарым - қатынастың берік жүйесі бар. 

Педагог  –  адамгершілігі  мол,  мейірімді  тұлға.  Бүкіл  тіршілік  атаулыға, 

әсіресе  балаға  үлкен  сүйіспеншілікпен  қарайды.  Өзімен  көз  қарасы  сәйкес 

келмейтін адамдарға төзімділік танытады.  Әр ұлт өкілдеріне және халықтың салт 

- дәстүрлеріне сыйластықпен қарайды. 

Педагог  –  бәсекелестікті  тұлға.  Жоғары  кәсіби  шеберлікті  меңгеру  үшін 

рынок жағдайында өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін біліп, мықты жақтарына 

сүйене  отырып,  әлсіз  жақтарын  жетілдіріп  отыру  керек.  Озық  педогогикалық 

тәжірибелерді  оқып,  танып  өз  ой  елегінен  өткізе  отырып,  шығармашылықпен 

қолдана  білу  керек.  Кәсіби  мәні  бар  басылымдарды  қадағалап,  үздіксіз  білім 

жетілдіру  курстарынан  өтіп  отырған  жөн.  Бәсекелестікті  тұлға  болу  үшін  тек  өз 

елімізде  емес,  білім  кеңістігінде  болып  жатқан  жаңалықтардан  хабардар  болады, 

жоғары еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылады. 

Педагог  мәдениет  адамы.  Ол  белгілі  бір  мәдени  кеңістік  пен  әлеуметтік  - 

мәдени ситуацияларды ескере отырып, ең жаңа ғылым, өнер жетістіктерін бойына 

сіңіреді. Өз халқының әдет - ғұрпы мен салт – дәстүрін бағалайды, біледі. Көркем 

және  кәсіби  әдебиеттерге  қызығушылық  танытады,  өнердің  алуан  түріне  мән 

береді, ең бастысы өзінің шәкірттеріне қызықтыра біледі. 



96 

 

Педагог  тәрбиеші.  Педагог  қандай  бір  бағытты  қаламасын,  қандай 



міндеттерді  шешпесін,  негізгі  қызметі  –  тәрбиешілік.  Тәрбие  үрдісі 

тәрбиеленушілердің  алуан  түрлі  іс  -  әрекеттерін  (ойын,  оқу,  еңбек,  жеке, 

ұжымдық) педагогикалық басқару негізінде жүзеге асады.Қазіргі кезеңде тәрбиеші 

– педагогтың тәрбие жұмысын ұйымдастырушы ретінде нақты тәрбие міндеттерін 

шешуге  бағытталған  білім,  білік  қабілеттеріне  талдау  жасау  керек.  Мұғалім  – 

тәрбиеші  үшін  ең  маңызды,  ең  шешуші  құндылықтарға  назар  аударған  жөн. 

Құндылықтар жүйесі қазіргі мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің мазмұнын 

айқындайды.  Негізгі  құндылықтардың  ең  бастысы  –  бала,  оның  рухани  – 

адамгершілік  әлемі.  Мұғалім  үшін  ең  маңыздысы,  оның  іскерлігі  болып 

есептеледі,  сонымен  қатар,  психологиялық  мәдениеттің  де  рөлі  ерекше.  Бала 

психологиясының  дамуындағы  қайшылықтар  мен  қиындықтарды  түсіну  үшін 

қажет.  П.  П.  Блонский  мұғалімдерді  «практикалық  психолог»  болуға  шақырады. 

Тәрбиеленушілердің  жан  -  дүниесін  түсініп,  сезініп,  олардың  жеке  - 

психологиялық қасиеттерін бағалаған жағдайда ғана табысқа жете алады. Педагог 

тәрбиеленушінің  сеніміне,  сүйіспеншілігіне  әділетті  болғанда  ғана  бөлене  алады. 

Сондықтан ұжымдағы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы адамгершілік – 

психологиялық ахуал шешуші рөл атқарады. Балаларды қызықтыру, білім алудың 

қажет екенін сезіндірудің маңыздылығына нақты іс - шараға қатысуын қамтамасыз 

ету арқылы көз жеткізеді, бұл табысқа жетудің алғашқы қадамы болып саналады. 

Жұмыстың  келесі  кезеңі  –  тәрбие  ісін  жүзеге  асыру  барысында  балаларды 

ұйымдастырып,  топтық  ұжымдық,  ұжымдық  ынтымақтасуы  мен  шығармашылық 

іс - әрекетін жүзеге асыру. Педагог тәрбиеші жобалай, болжай білу керек. Бір күн, 

бір  апта,  бір  ай,  бір  жылды  жобалап,  болжай  білген  жөн.  Сонымен  бірге, 

тәрбиешінің  тәрбиеленушімен  белсенді  қарым-қатынас  құра  білу  тыңдай  да, 

тыңдата  да  білу  керек.  Дер  кезінде  батыл  шешім  қабылдай  алуы  да  маңызды. 

Жоғары рухани деңгейі, зиялылық, жұмсақ жымиыс, жайлы дауыс, жеңіл әзіл ең 

кішкентай  балалардан  бастап,  ересектерге  де  ұнайды.  Жеңіл  әзіл  арқылы 

шиеленісті  жағдайдың  бетін  қайтаруға  болады.  Педагог  –  тәрбиеші  үздіксіз  даңқ 

пен  табысқа  кенеле  бермейді.  Қиын  жағдайларда  тығырықтан  шығу  үшін  жеңіл 

әзіл (юмор) керек  - ақ. Педагог - тәрбиеші өзін - өзі бақылап, педагогикалық іс  - 

әрекетін  дер  кезінде  түзете  білген  жөн.  Педагог  тәрбиеші  оқушы  тұлғасына 

тәрбиелік ықпал етуді біріктіре, кіріктіре білгені дұрыс. Отбасы, мектеп, достарын 

қамтып, мезгілінде көмекке келе білу керек. Педагог кейбір шиеленісті жағдайдан 

өзінің  интуициясы  және  шығармашылығы  арқылы  ғана  шыға  алады.  Психолог, 

педагог  П.  П  Блонский  «Нағыз  мұғалім  энциклопедиялық  сөздік  емес,  алайда  ол 

Сократ»-  деп  жазған  еді.  Нағыз  педагог  ең  алдымен  шығармашыл  және  кәсіби 

ойлайтын  адам  екені  анық.  Бақытты  педагог  қана  оқушыларын  бақытқа  кенелте 

алады.  Тек  мейірімді  мұғалім  ғана  оқушыға  мейірім  дәнін  себе  алады.  Өзін  -  өзі 

дамыта  алатын  педагог  оқушыларын  өзін  -  өзі  дамытуға  ынталандыра  алады. 

Сондықтан  біз  оқушыларымыз  күткендей  мұғалім  болуымыз  өте  қажетті. 

Тақырыптық  жоспар,  сабақ  жоспарын  жасағанда  оқытушы  тек  өзінің  жұмысын 

ғана емес, оқушылардың іс - әрекетінің сол пәнге деген жеке көз қарасымен білім 

деңгейін, қызығуы мен қабілетін ескерте отыру қажет. Оқушылардың алуан түрлі 

іс  -  әрекеттерін  жобалаған  кезде  оқытушы  ұжымдық  және  жекелік  шешім 

қабылдау  үшін  жан  -  жақты  міндеттер  мен  тапсырмаларды  іріктеу  керек: 


97 

 

репродуктивті  және  шығармашылық,  оқытушылық,  дамытушылық  және 



жаттығушылықты ескерген жөн. Қазіргі оқытушылар оқу материалын проблемалы 

түсіндіру,  эвристикалық  әңгіме  жүргізе  білу,  дискуссиялық  жағдай  жасай  алуы, 

интеллектуалды  -  шығармашыл  ахуал  жасау,  студенттердің  оқу  -  зерттеушілік 

қызметін  ұйымдастыруы  қажет.  Шәкірт  тұлғасын  өз  пәнін  жетік  білуге  оқыту 

арқылы  тәрбиеленеді.  Концепция  мен  технологияларды  оқыту  мен  тәрбиелеу, 

жұмыс  түрлерін  жинақтау  педагогикалық  қызметті  тиімді  етеді.  Әрбір 

оқытушының  өзінің  шығармашылық  лабораториясы  болу  керек,  дидактикалық 

материалдар  комплексі,  аудио,  видео,  техникалық  құралдар,  компьютерлік 

техниканы меңгеру және пайдалану ғана қалыпты жағдайы болуы тиіс. Оқытушы 

бүкіл әдіс - тәсілдерін біріктіріп, кіріктіріп пайдаланғанда жоғары көрсеткіштерге 

жетеді. 

Педагог  -  әдіскер.  Қазіргі  жағдайда  педагог  қызметінің  ауқымы  кең  және 

алуан  түрлі.  Оның  негізгі  бағыттарының  бірі  –  әдіскерлік  мәдениетін  өзін  -  өзі 

дамытуы,  кәсіби  шеберлігін  үздіксіз  арттырып  отыруы.  Әдіскер  –  педагог  өзінің 

жұмысын  жоғары  деңгейде  жүргізіп  қана  қоймай,  басқаларға  өз  тәжірибелерді 

тауып, танып, тарата білу керек; б) оқу - әдіскерлік проблемаларды танып, талдама 

жасайды;  в)  алуан  түрлі  әдіскерлік  жұмыстарды  тиімді  тұтастыра  білуі  керек;  г) 

жас  педагогтардың  өзін  -  өзі  дамытуға  көмек  береді.  Өзін  -  өзі  дамытуға 

бағдарлама  құрғанда  жалпы  -  мәдени,  философиялық  -  әдістемелік,  тәрбиелік, 

дидактикалық,  педагогикалық,  психологиялық,  техникалық  дайындықтарға  назар 

аударады.  Әдістемелік  жұмыстың  өз  мәнінде  жүруіне  «ашық  сабақтардың»  рөлі 

зор.  Педагог  өз  оқу  орнының  көлемінде  шектеліп  қалмай,  семинарларға, 

конференцияларда  қатысу  белсенділік  танытады.  Білім  жетілдіру  курстарына 

қатысады. 

Педагог  –  зерттеуші.  Педагог  зерттеуші  ретінде  өзінің  педагогикалық 

қызметінде  қайшылықтар  мен  қиындықтарға  кездеседі,  оны  шешуге  деген 

қажеттілік  туындайды.  Жұмысқа  шығармашылықпен  қарау,  шабыттану  – 

зерттеушіліктің  қозғаушы  күші  болып  табылады.  Педагогикалық  инновацияның 

дамуына  байланысты,  педагогикалық  эксперимент  жүргізе  отырып  тіпті  жас 

педагогтар  да  өзінің  зерттеушілік  қабілетін  дәлелдей  алады.  Сондықтан 

педагогикалық негізгі міндеттерінің бірі методикалық мәдениет арқылы өзін  - өзі 

дамыту болып табылады. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі — білім 

берудің  жаңа  жүйесінің  жасалуы.  Бұл  педагогикадағы,  тұтас  педагогикалық 

үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты. Білім беру саласының барлық жағына 

жаңаша 

көзқарас, 



жаңаша 

қарым-қатынас 

жаңаша 

ойлауды 


қалыптастырады.Жастарға  білім  мен  тәрбие  берудің  негізі  болып  саналатын 

жалпы  білім  беретін  мектептердің  педагогикалық  үрдісін  жақсарту  бірінші 

кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп – мұның түп қазығы, бастауыш білімнің 

мемлекеттік  стандарты  және  оны  мектеп  тәжірибесіне  енгізуде  шешуші  орынды 

мұғалім қызметі алатыны анық. 

Қорыта  келгенде,  кез  келген  мұғалім  оқытудың  дәстүрлі  формасынан 

арылып,  жаңа  замандағы  жаңа  инновациялық  технологияларды  оқу  үдерісінде 

молынан  қолдана  білу.  Оқушыны  сабаққа  қызықтыра  отырып,  жетелеудің 

жолдарын тиімді пайдалану. Мұғалім сабақта тек бағыт беруші қызметін атқарып, 

оқушыларды  топта,  ұжымда    ынтымақтастықты  ұйымдастыра  алса,  нәтижеге 



98 

 

жететіні  айдан  аңық.  Сондықтан  жаңашылдықпен  іздену  арқылы  оқытудағы 



басқару мен көшбасшылық-қазіргі оқыту үрдісінің басты мақсаты.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет