Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ



Pdf көрінісі
бет62/65
Дата28.01.2017
өлшемі5,87 Mb.
#2930
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65

 

Литература 

 

1.   Асмолов А.Г. Психология индивидуальности.- М., 1986.  

2.  Белухин  Д.А.  Основы  личностно-ориентированной  педагогики.- 

М.Воронеж, 1996.- С.318. 

 3.  Божович  Л.И.  Личность  и    формирование  в  детском  возрасте: 

Психологическое исследование. - М., 1984. 

 4.  Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения.- М., 1986. 

 5.   Маслоу А. Самоактуализирующаяся личность // Психология личности / 

Под ред. Ю.Б.Гиппенрейтера, А.А.Пузырея.- М., 1985.  

 6.    Гленн Доман «Гармоничное развитие ребёнка». 

 

 

Сейтахметова  Жанат  Маратовна,  ғылыми-әдістемелік  жұмысы  бойынша  



директордың  орынбасары,  химия  биология  бағытындағы  Назарбаев  Зияткерлік 

мектебі, Өскемен  қаласы  



 

ЖАҢА ОҚУЛЫҚ - СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУДЫҢ  ЖАҢА 

ҚҰРАЛЫ 

 

Бүгінгі  таңда  Қазақстанның  білім  жүйесіндегі  өзекті  мәселелердің  бірі 

оқулықтардың  сапасы  болып  табылады.  Республикалық  ғылыми-  практикалық 


537 

 

«Оқулық»  орталығы  әрекеттерінің  талдауы  көрсеткендей  отандық  білім  жүйесін 



салмақты  түрде  жетілдіру  үшін  жаңа  оқу-  әдістемелік  кешендер  дайындалып 

жасалуы  тиіс.  Бұл  мәселелерді  шешу  барысында  мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев Жоғарғы қамқорлық кеңесі отырысында ерекше тапсырмалар 

беріп:  "Біз  оқулықтардың  сапасына  қатысты  мәселелердің  бар  екенін  білеміз, 

сондықтан да осы мәселелерді шешу жолындағы жұмыстарға басшылық жасауды 

мектептерге  (Назарбаев  Зияткерлік  мектептері)  тапсырамын.  Кіріктірілген  білім 

бағдарламасын  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  ететін  оқулықтарды,  оқу 

материалдарын,  сандық  білім  ресурстарын  жасауды  ұйымдастыру  керек"  деген 

болатын [1].    

Бұл  берілген  тапсырмаға  сәйкес  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінің 

мұғалім-практиктері 

өздерінің 

стратегиялық 

серіктестері 

CAMBRIDGE 

UNIVERSITY  PRESS  –пен  бірлесіп  Кіріктірілген  білім  бағдарламасы  бойынша 

бастауыш  мектептің  оқу-  әдістемелік  кешенін  жасауды  бастады.  Оқулықтарды 

жасаудың  жоспары  негізінде  бір  жыл  көлемінде  халықаралық  деңгейдегі  тренер- 

үйретушілердің қатысуымен алдыңғы қатарлы озық тәжірибелер оқып талданды.  

«Әлемтану» 

пәні 

бойынша 


оқу-әдістемелік 

кешенін 


жасауға 

қатысушылардың  бірі  ретінде  оқулықтың  ең  негізгі  тірегі  контент  арқылы  сыни 

ойлау  дағдыларын  дамыту  жүйелі  жүріп  отыратыны  біз  үшін  маңызды 

мәселелердің  бірі  болып  табылды.  Қазіргі  таңда  бірінші  сыныптың  контенті 

бойынша жұмыс аяқталды. Сондықтан да  оқытудың негізгі мақсаттарының бірі- 

сыни ойлауды дамытуды жүзеге асыру оқулық мазмұнында қаншалықты  көрініс 

тапқандығы туралы ой бөлісуге болады.    

Сыни  ойлауды  дамыту  мәселелері  бойынша  әдебиеттерді  оқып 

зерделегенде,  барлық  ғылыми  жұмыстар  Дэвид  Клаустердің  «сыни  ойлау» 

түсінігінен  негіз  алғанын  байқауға  болады  [2].    Ғалым  күрделі    терминге  түсінік 

бере отырып, оның негізгі белгілерін ашып көрсетеді:   

 



ойлаудың дербестігі – өз идеяларын тұжырымдау және басқаларынан 

тәуелсіз екендігіне сенімді болу. «Біз үшін ешкім сыни ойлай алмайды, біз бұны ол 



жеке  сипат  алғанда  ғана  жасаймыз.  Оқушыладың  өз  бастарымен  ойлауы  үшін 

және  тіпті  ең  қиын  сұрақтарды  өз  бетімен  шешуі  үшін  жеткілікті  түрде 

еркіндігі болу керек». 

 



 ақпарат  (бұл  жағдайда  оқулықтың  контенті)-  сыни  ойлауды 

дамытудың құралы ретінде. Адамның негізін нақты білім қалайды, ал онсыз адам 

баласы сыни ойлай алмайды. «Ақылсыз баспен ойлану қиын». «Ауыр ойды келтіру 

үшін  бірнеше  «шикі»  өнімді  -  фактілерді,  идеяларды,  мәтіндерді,  теорияларды, 

берілген мәліметтер мен тұжырымдамаларды өңдеу керек».  

 



мәселенің  қойылуы  және  өзекті  мәселені  шешу  –  бұл  оқушының 

мәселені  шешуге  тырысуы  және  оның  жеке  бас  қызығушылықтары  мен 

талаптарынан туған сауалдарға жауап беру. «Сыни ойлауға оқытудың қиындығы- 

оқушыға бізді қоршаған ортаның бітпейтін әртүрлі мәселелерін шешуде оқушыға 

көмектесу». Джон Бин. 

 



дәлелді  ойлау  -    мәселені  шешу  жолдарын  жеке  өзің  табу  және  оны 

аргументтермен негіздеп саналы түрде бекіту.  «Оқып отырған адам сол мәселені 



басқа  да  жолмен  шешу  мүмкіндігі  бар  екендігін  сезінеді  және  ол  қабылдаған 

538 

 

шешім  логикалық  тұрғыда  басқаларға  қарағанда  ұтымды  шешім  екендігін 



дәлелдеуге тырысады». 

 



 ойлаудың  әлеуметтік 

сипаты–  өзіндік  ұстанымын  талқылау, 

пікірталастыру, көзқарастары арқылы тәжірибе алмасу барысында нақтылау және 

тереңдету.  «Барлық  ойлар  оны  басқалармен  бөліскен  кезде  тексеріліп,  ұштала 



түседі».  «Ойды  жетілдіруге  қол  жеткізу  мүмкіндігі  тек  біреудің  қатысуы 

арқылы жүзеге асады». Ханна Арендт  [3].  

 

   



Бұл  белгілер  арқылы  оқу-  әдістемелік  кешенінің  контентінде  оқушының 

сыни  ойлауын  дамытуды  ынталандыруға  ықпал  ету  үшін  қажетті  талаптарды 

білуімізге болады. Берілген талаптарға жауап беру үшін «Әлемтану» оқулығының 

бірнеше парақтарына талдау жасап көрейік (кесте 1). 

 

Кесте 1 «Әлемтану» оқулығы мазмұнына сараптама 



Сыни 

ойлаудың 

белгілері 

Не 


арқылы? 

(тапсырма 

түрлері 

мен айдарлар) 

Қалай? (тапсырманың нақты үлгілері) 

Ойлаудың 

өзіндік 

дербестігі  

Ой  толғау  кезеңіндегі 

тапсырмалар 

Оқулықтағы  «Ойлан» 

«Кел,    анықтайық» 

айдары 

 Жұмыс  дәптеріндегі 



тапсырма  

 



Сыныптағы  тәртіп  ережесінің 

бірнеше  үлгісін  құра.    Өзің  үшін  ең 

маңызды ережелерді таңдап ал  

 



Өзіңнің  оқу  күніңді  еске  түсіре 

отырып, 


мектеп 

ішіндегі 

қозғалысыңның  схемасын  сыз.    Қандай 

мақсатпен  қозғалыстар  жасағаныңды 

ойлан. 



 



Жаяу  жүргіншінің  жолын  неге 

зебра    деп  атайды?  Оны  не  үшін  ала  

қылып істеген? 

Ақпарат 


сыни 


ойлауды 

дамытудың 

құралы 

ретінде  



Мағынаны 

ажырату  

кезеңі: 

ақпаратты 

беру   

Оқулықтың 



негізгі 

фактілі мәтіні; 

«Сен  білесің  бе?» 

айдары  


 

Сыни  ойлауға  контекстен  тыс 



оқытуға  болмайды.  Сондықтан,  ақпарат 

оқытудың  мақсаты  емес,  сыни  ойлауды 

дамытудың құралы болып табылады. 

 



Мәтіндер 

үлгісі: 


«Ғалымдар 

зерттеу жүргізген. Олар барлық тіршілік 

атаулының  ішінде  тек  адам  ғана  күле 

алатынын анықтаған!» 

Мәселенің 

қойылуы 


және 

оны 


шешу 

Қарсы 


шығу 

кезеңіндегі 

тапсырмалар  

Оқулықтағы  стартер 

тапсрымасы  

 



 

Сіз  қалай  ойлайсыз,  адам  жер 

бетінде  жалғыз  өзі  ғана  өмір  сүре  алуы 

мүмкін бе?  

 

Ертедегі 



адамдардың 

қозғалысының себебі неде?   

 

Адамда үнемі көтеріңкі көңіл- күй 



бола бермейді. Не істеуге болады? 

Ойды  


дәлелдеу  

Мағынаны 

ажырату  

кезеңіндегі 

тапсырмалар  

 



Біз  неге  бір-  біріміздің  сөзімізді 

бөлмей  тыңдап,  кезектесіп  сөйлеуіміз 

керек екенін дәлелде   


539 

 

Дәлелде, не... 



«Кел, 

анықтайық» 

айдары 



 



Қандай  адаммен  тілдескен  жеңіл 

әрі жағымды? Дәлелде.  

 

Қандай 



әрекет 

түрлері 


тапқырлықты дамытады? Дәлелде. 

Ойлаудың 

әлеуметтік 

сипаты 


Практикалық 

тапсырмалар 

Топтық жұмыс 

Жұппен жұмыс 

«Мен кім?» айдары 

Белсенді-әрекетті  

ойындар  

 



Жұпта талқыла: 

Тәртіп ережесі дегеніміз не? 

Олар не үшін қажет? 

Егер  оларды  сақтамаған  жағдайда  не 

болуы мүмкін?  

 



Топта жұмыс істе: 

Кітапханаға  кіріңдер  және  бақылау 

жүргізіңдер:  

-Бұл бөлмеде не болып жатыр?  

-Кітапханашы не істеп жүр? 

-Кітапханадан  кітапты  қалай  алуға 

болатынан байқа 

 

Оқу-әдістемелік  кешеніндегі  маңызды  компонент-  мұғалімге  арналған 



басшылық құрал (әдістемелік- нұсқаулық). Оқушыға оқулықтағы ақпаратты дұрыс 

жеткізу ақпараттың өзінен де әлдеқайда маңыздырақ. Осы ұстаныммен мұғалімге 

арналған  басшылықта  біз  ұсынып  отырған  сабақтар  құрылымы  үш  кезеңді 

қамтиды: қызығушылық ояту, мағынаны ажырату және ой толғау. Оқушылардың 

таным үрдістерінің дамуына, соның ішінде сыни ойлауды жетілдіруге бағытталған   

саралап-даралап  оқытуға,    пәнаралық  байланысты  орнатуға    арналған  

тапсырмалар  мен  белсенді  ойындардың  кең  таңдауы  ұсынылды.  Әр  тапсырманы 

беру    «Не?  Не  үшін?  Қашан?  Қайда?  Қалай?»  деген  сұрақтар  арқылы  

түсіндіріледі.  Сыни  ойлауды  дамытудың  белсенді  стратегияларын  қолдана 

отырып,  әр  сабақта  топтық,  жұптық,  жеке  жұмыстардың  нәтижелі  үйлесімділігі 

көрініс береді, бақылау және шағын зерттеу әдістері, практикалық жұмыстар іске 

асырылады. 

Оқулық  әзірлеудің бұл кезеңінде Оқу-әдістемелік кешенінің контенті жаңа 

кіріктірілген  бағдарлама  бойынша  оқушыларға  ойлануға,  рефлексия  жасауға, 

әртүрлі идеялармен, көзқарастармен танысуға, өз көзқарасын білдіруге, сұрақ қоя 

білуге,  өзгелердің  пікірін  тыңдай  білуге,  бірлесе  әрекет  ете  отырып  мәселелерді 

шешуге және талдауға мүмкіндіктер беретінін батыл түрде айтуға болады.    

Біздің  еліміздің  ұстаздар  қауымы  заман  талабы  мен  хылқаралық 

стандарттарға сай жаңа форматтағы оқулықтарды жылы қабылдап,  жұмыс істеуге 

дайын деп үміттенемін.   



Әдебиеттер 

1.

 



«Назарбаев интеллектуальные школы»  усовершенствуют 

отечественные учебники - See more at: 

http://kazetu.kz/news/show/id/131.html#sthash.U32XKza1.dpuf

 (17.05.2014)  

2.

 

Ирина Низовская. За и против  



http://lib.1september.ru/2003/16/1.htm

 

(12.06.2014) 



3.

 

Стил Дж.Л., Мередит К.С., Тэмпл С. Методы развития критического 



мышления. М.:Пособие ІІ, 1997. 

540 

 

Сыдыкова Айнагуль Оразынбаевна, бастауыш сынып мұғалімі, дарынды 

балаларға  арналған  Жамбыл  атындағы  мамандандырылған  мектеп-гимназия-

интернаты, Өскемен қ. 



 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ 

БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ: САБАҚТАСТЫҚ  МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Бастауыш  сыныпта  балалардың  сөйлеу  дағдысы-қазақ  тілі  мен  әдебиеті, 

шешендік өнер сабақтары арқылы дамытылады. Қазақстан Республикасының «Тіл 

туралы»  заңында:  «Ұлт  тілінде  жұмыс  істейтін  балалар  мекемелерін  құру 

қамтамасыз  етіледі»  -  делініп,  оқу-тәрбие  жұмысын  ана  тілінде  жүргізүді 

балабақшадан  бастау  керектігін  атап  көрсеткен  болатын.  Мемлекетіміздің 

ілгерілеу  саясатының  бірі-жас  ұрпаққа  білім  беруді  әлемдік  деңгейге  жеткізу 

болып отыр. Қазіргі қоғам талабына сай баланың ой-өрісін дамыту, біліктіліктері 

мен  шеберліктерін  қалыптастырып,  оны  өз  тәжірибесінде  кез-келген  жағдайда 

қолдана  білетін  тұлға  дайындаудың  бірден-бір  жолы  –балаларға  балабақшадан 

бастап сапалы білім беру. 

Бүгінгі 


таңда 

қоғамда 


коммуникативті-сөйлеу 

құзіреттілігі-адам 

білімділігінің  көрсеткіші  және  өмір  мәнінің  (сабақта,  мәнсапқа  жету,қарым-

қатынас)  бір  шарты  ретінде  қаралады.  Бірақ,  барлық  білім  беру  құжатттарында 

(стандарт,  тұжырымдама,  бағдарлама  т.б)  адамның  коммуникативті-сөйлеу 

құзіреттілігінің  қалыптасуына  мән  беріліп,  бала  жастағы  сөйлеу  дағдыны 

дамытұға  жасалған  әдістер  мен  технологияларға  қарамастан,  тәжірибелер  мен 

зерттеулер  нәтижесі  балалардың  коммуникативті-сөйлеу  құзіреттілігі  әрдайым 

қоғам мен педагогтар көңілінен шыға бермейтінін дәлелдеп отыр. 

Бастауыш сынып ұстаздары балалардың мектеп табалдырығын аттаған тұста 

өз  жастарына  сәйкес  сөйлеу  дағдысын  меңгере  бермейтіндігін  айтады.  Мұның 

себебі  көп,  солрдың  бірі-мектепке  дейінгі  және  бастауыш  мектеп  жасындағы 

балалардың сөйлеу дағдысын дамытудағы сабақтастық мәселесі:бүгінгі күні білім 

беру  сатылары  арасындағы  байланыс  тек  сөз  жүзінде  ғана  немесе  бірізділік 

балалардың мектепке дайындығына алып келетін үстіртін әдіспен алмастырылады. 

Мектепке 

дейінгі 

білім 


беру 

мекемелері, 

бастауыш 

мектеп 


бағдарламаларының  сөйлеуді  дамыту  бойынша міндеттерінде-балалардың  сөйлеу 

дағдысын дамыту ізділігі бақылауға алынған. 

Балабақшада  бұл-дыбыстық  тіл  мәдениетіне  тәрбиелеу.Оған  мыналар 

жатады:  тілдік  естуді  дамыту,  дұрыс  дыбыстауға  үйрету,  орфоэпиялық 

дұрыстыққа  тәрбиелеу,  интонациялық  қабілетті  қалыптастыру,  анық  сөйлеуге: 

сөздікті  дамыту,  қарапайым  түсініктер  бойынша  сөз  мағынасын  менгерту,сөзді 

контексте  сай  қолдану,  лексикалық  мәнерлі  сөздерді  пайдалану  ;сөйлеу 

грамматикасын қалыптастыру, осы міндеттерді шешуде сөз құрамы, синтаксистік 

құрылымдар  түрлілігіне  байланысты  барлық  морфологиялық  бірлікті  меңгертуге 

көңіл  бөлінеді;  сөз  байланысын  дамыту  (диалогтік  және  монологтік)  -  диалог 

жүргізуге  үйрету  ,  әңгімелесушіні  тыңдап,  түсіну,  онымен  сөйлесіп,  қолдау 

көрсету,  сұрақтарына  жауап  беріп,  өзі  сұрақ  қойып,  түсіндіру,  сөйлеу  этикеті 

формуласын  пайдалану;  мәтіндерді  тыңдап,  түсіну,  мазмұндау,  түрлі  типте  пікір 

айту (мәтін мен оның құрылымдық байланысы туралы қарапайым білім негізінде); 



541 

 

тіл мен сөйлеу көріністерін қарапайым түсінуді қалаптастыру; көркем әдебиет пен 



таныстыра отырып, балалардың көркемсөзге деген қызығушылығын ояту. 

Бастауыш  сыныпта  балалардың  сөйлеу  дағдысы-қазақ  тілі  мен  әдебиеті, 

шешендік  өнер  сабақтары  арқылы  дамытылады.  Дыбыстау  деңгейі:  сөйлеу 

техникасын  дамыту  (дикцияны  жөндеу,  сөйлеу  демін  дамыту),  интонациялық 

дағдыны  дамыту,  орфоэпиялық  дұрыс  дыбыстауды  жетілдіру;  лексикалық 

деңгейде:сөздік  қорды  байыту,  сөздің  лексикалық  мағынасын  анықтау,  сөздікті 

жанданыру;  синоним,  антоним,  көп  мағыналық  сөздер,  фразеологизмдермен 

жұмыс  істеу;  грамматикалық  деңгейде:  синтаксистік  құрылысты  дұрыс  құруға 

үйрету  (сөз  тіркесі  және  сөйлеммен  жұмыс);  мәтіндік  деңгейде:  жазба  және 

ауызша  сөз  байланысын  дамыту  (әңгімелеу  және  мазмұның  айтуға  үйрету; 

коммуникативті дағдысын дамыту). 

Мектепалды  және  бастауыш  сыныптағы  басты  міндеттің  бірі-сөз 

байланысын  дамытуболып  табылады.  Ол  арқылы  тілдің  негізгі  қызметі-

коммуникативтілік жетіліп, сөз байланысы баланың ойлау қабілетіне әсер етеді. 

Л.А.  Венгер  оқыту  орталығының  зерттеулері  бойынша,  мектепке  дейінгі 

бағдарламада  сөйлеуді  дамыту  жұмысының  қорытындысы  екі  бағытты  ашып 

көрсетті:  біріншісі-тілді  түсінік,  коммуникация  және  шығармашылық  бағытта 

меңгеру, 

екіншісі-сөйлеудің 

фонетикалық, 

лексикалық, 

грамматикалық, 

синтиксистік жағын меңгеру. Осы екі бағыт бастауыш сынып оқушылары үшін де 

өзекті. 


Осылайша,  балабақша  мен  бастауыш  сынып  арасындағы  тілдік  дамытуда 

теориялық  сабақтастықтың  бар  екендігі  байқалады.  Алайда  ол  неге  тәжірибеде 

жүзеге аса бермейді? 

Бір  жағынан,  балабақшада  баланың  сөйлеу  қабілетін  дамытуға  көңіл 

бөлінсе,  бастауыш  сыныптарда  О.С.Ушаковтың  пікірінше,  тілді  оқу  пәні  ретінде 

қарастырады.  Яғни,  бастауыш  сыныпта  баланың  балабақшада  алған  тілдік  білімі 

қажеттілік  тудырмайды.  Екінші  жағынан,  балабақшадан  бірінші  сыныпқа  келген 

балалардың барлығы тілді жақсы меңгеріп келмейді. Мектепке дейінгі мекеме мен 

бастауыш  сынып  педпгогтері  6-7  жастағы  балалардың  тілдік  даму  нормаларын 

жақсы  біледі,  дегенмен,  бастауыш  сыныпқа  аяқ  басқалытұрған  баланың  тілдік 

даму  дағдысы  деңгейі  жоғары  деп  танылғанымен,  мектеп  психологі  (педагог) 

диагностикалық  зерттеу  нәтижесінде  оны  жеткіліксіз  немесе  орташа  деп  таниды. 

Бұндай  қарама-қайшылықтар  тілді  даму  көрсеткіші  мен  түсініктемесіне  назар 

аударуға алып келеді. 

Тілдік  даму-тілді  жан-жақты  меңгеруді  көздейді,  кей  тілдік  топтар  ерте, 

екіншілері  кеш меңгеріледі. Соңдықтан, бала тілінің  түрлі  кезендерінде қайсыбір 

элементтер толық, ал кейбірі шала меңгеріледі. 

И.А.  Зимний  жұмыстарында,  бала  тілін  дамытудың  жаңа  әдістері 

қарастырылған, онда ғылыми парадигма заманауи лингвистикамен ұласып, басты 

назарда  тілдің  ішкі  құрылысын  меңгеру  емес  (әрине,  бұл  да  маңызды),  тіл 

тасымалдаушыны тұлға ретінде қалыптастыру көзделеді. 

Тілдік онтогенез зерттеулерінің барлығында, кез-келген жастағы субъектінің 

тілдік өнім сапасы критерийі - өз ойын тындаушысына дұрыс, жетік жеткізе білу. 

Басқаша  айтсақ,  мәселе  баланың  қанша  сөзді  пайдаланғаныңда  емес,  оның 



542 

 

тындаушысы  көнілінен  шығып,  вербалдық  талапқа  сай  болуында,  яғни  тіл 



дамуының қарым-қатынас контекстіне, коммуникативтілікке жауап беруінде. 

Бала  тілінің  дамуы  оның  тек  өз  тілдік  сөз  байлығын  дамытуымен 

шектелмейді, сонымен бірге, ол айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасай 

білуі  тиіс.  Онтогенездік  тіл  басқа  адамдармен  қарым-қатынас  жасау  арқылы 

қалыптасады.  Л.С.  Выготскиймен  анықталған  әлеуметтік  сөйлеу  дағдысы  өз 

құндылығын жоймайды. Басқаша айтқанда, адам сөйлеуі, оның тілдік әрекеті-өзге 

адамдармен қарым-қатынас жасау барысында дамиды. 

Сонымен,  адамның  тілдік  дамуы-тіл  жүйесін  меңгеру  және  тілдік  қарым-

қатынас барысында тілдік құралды пайдалану деңгейімен анықталады. 

Алайда,  мектепке  дейінгі  білім  беру  тәжірибесінде  сабақтастыру  аясында 

балалардың  сөйлеу  дағдысын  анықтауда  олардың  оқи  және  жаза  алуы 

қарастырылады.  Бұл  мынадай  мәселеге  алып  келеді-мектепке  дейінгі  білім  беру 

мекемелерінде  бастауыш  сыныпта  қарастырылатын  оқу,  жазу  бағдарламалары 

қайта оқытылады. 

Барлық  тілдік  дағдыларды  дамыту  мәселесі  сияқты  бұл  бағыттағы 

сабақтастықты де жүзеге асыру қажет, алайда мынаны есте сақтау қажет, оқу мен 

жазу-бұл  жазба  тілінің  формалары,  ол  бастауыш  сынып  оқушысы  үшін  тіл 

дамуының  жаңа  түрі;  сондықтан  біз  мектепке  дейінгі  балаларға  мұны  бере 

алмаймыз. 

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде оқу мен жазуға үйрету бірізділігі – 

мәтін  өзгерту  бойынша  жаттығу  турлерімен  емес,  балаларды  сауаттылық  пен 

жазуға  үйрету  мен  ерекшеленіп,  даярлық  тобында  емес,  балабақшаға  келген 

шақтан  бастап  жұмы  істейді.  Бұл  орайда  баланың  қолын  жазуға  дағдыландыру, 

соның ішінде саусақ ойындары, саусақ уқалау, моншақ, тастар, мозайкамен ойнау, 

өзіндік әрекет (түйме түймелеу, бау байлау) және көркем-сурет (жабыстыру, сурет 

салу, аппликация т.б) арқылы ұсақ моториканы дамыту.  

Ары қарай жазыуға үйрету сабақтастығы мыналардан тұрады: 

баланы  қағаз  қарындашпен  (қаламсап)  жұмыс  істеу  барысында  үстелге 



дұрыс отыруға ұйрету; 

қарындашты дұрыс ұстауға үйрету; 



бет,  жолдарды  дұрыс  бағдарлауға  бейімдеу  (оңға,  солға  ,  жоғары  ,  төмен 

т.б.); 



жазу ережесімен танысу: солдан оңға қарай жазыу, аралықты сақтау, бетті 



толтыру: 

басып отырып сызуға үйрету (түзу, қисық, жаттық, бүгілме); 



балаға  белгілі  кескін  бойынша  шектеу  қоятын  арнайы  графикалық 

жаттығулар  (сызықпен  түрлеу,  бояу,  пішін  бойынша  сызу,  заттар,  әріп 

элементтерін, ою салу), бұл орайда көз мөлшері, көріп қабылдау, қозғалмалы және 

көзбен  көру  арқылы  есте  сақтау,  ұқыптылық  жазыудың  гигиеналық  ережесін 

сақтауға баса назар аударылады. 

Алайда,  көп  жағдайда  бұл  жұмыс  бастауыш  сынып  педагогтерімен 

жүргізіледі, яғыни тым кеш. 

Графикалық дағды - бұл тек сенсомоторлық дағды ғана емес, сонымен бірге 

дыбыс пен әріп сәйкестігін талап ететын акустикалық бірлікті графикалық белгіге 

ауыстыру.  Сондықтан  мектепке  дейінгі  бүлдіршіндерді  жазуға  әзірлеу  оқуға 


543 

 

әзірлікпен бірге басталып, баланың өз айтып тұрған сөзін түсінуге, айтып тұрған 



дүниесын  жазыр,  оны  қайта  оқуға  болатындығын  менгерту.  Әрине,  мұның 

барлығы ойын түрінде жүзеге асады. 

Балаларды  оқыуға  үйрету  бірізділігін  қамтамасыз  ететін  мектепке  дейінгі 

білім  беру  мекемелері  жұмысында  мына  бағыттарды  атап  айтуға  болады.  Сөз, 

буын, әріп және дыбыстан тұратын дамыту ойын тапсырмалары. Бұл жерде әріпті 

дыбыстың  графикалық  кескіні  ретінде  таныстыруға  болады.  Алайда  мектепке 

дейінгі бала әріппен тек негізгі мағынада ғана, дыбыстық мағына мен  - егер әріп 

дыбысты басым позицияда көрсетіп, фонема көп өзгеріске ұшырамаған жағдайда 

ғана танысады. 

Фонематикалық  естуді  дамыту,  фонематикалық  есту  баланың  жекелеген 

дыбыстарды ажырата біліуін анықтайды. Фонематикалық естуді дамыту жұмысы 

ересек  мектепке  дейінгі  балаларды  оқыту  барысындағы  өзге  дыбыстық  талдау 

жасаудан емес, одан әлде қайда ерте табиғи және тұрмыстық дыбыстарды (судың, 

желдің  сыбдыры,  көл  дауысы,  есік  сыбдыры,  музыкалық  дыбыс,  адам  мен 

жануарлардың дыбысы) есту кезінен бастау алыу тиіс. 

Кітап, көркем сөзге деген махаббатын ояту. Мектепке дейінгі балалық шақ-

ұқыпты, зерек оқырманды, өзіне қоршаған ортаны танып біліуге мүмкіндік беретін 

кітапты  сүюге  тәрбиелейтін  маңызды  кезең.  Дәл  осы  шақта  баланың  ой-өрісін 

анықтайтын  білгірлігі  қалыптасады.  Кітап  баланың  әдеби  тілін  қалыптастырып, 

сөйлеу тілінің дамуына ықпал етіп, тілдің мәнерлігін менгеруге үйретеді. Кітапқа 

құлшынысы арқылы баланың оқуға деген ынтасын оятады. 

Мектеп жасына дейінгі балаларды туған тіліне оқытуды жалпы факторлары 

ішінде мыналарды атап өтуге болады. 

Баланың  ой-өрісі  мен  білім  құмарлығын  дамыту.  К.В.  Бардиннің  жазуы 

бойынша  «...баламен  кунделікті  қарым  -  қатынас  жасауға  үлкен  көңіл  бөлетін 

отбасы мүшелері өте дұрыс жасайды. Олар балаға қызықты әңгіме айтып, балалар 

кітәбін оқып, бірге сурет салу, ертегі құрастырады. Далада көргендерін үйге келіп 

бірге  талқылайды.  Бала  ересектермен  бірге  оқыу  барысында  қалыптасатын 

әнгімелесу үшін оқудың қйындығына да қарамайды». 

Баланың  шығармашылық  қиялын  дамыту.  Баланың  шығармашылық  қиялы 

және оның салдарынан пайда болатын шығармашылық қаблетті арнайы мектепке 

дейінгі  жұмыстар-ойын,  ертегі  жылдам  қабылдау,  көркем  шығармашылық  т.б 

арқылы  жүзеге  асады.  Білім  беріу  үрдісінің  мұндай  шығармашылық  дамыту 

формасымен 

қамтылыуы, 

бастауыш 

білімнің 

психологиялық 

негізін 

қалыптастырады. 

Зерттеушілердің мыныдай есте сақтайтын дәлелдері бар: 

калиграфияға  үйренудің  алғашқы  баспалдағын  аттаған  бірінші  сынып 

оқушыларының есте сақтау қаблеті төмен болады, керісінше, бұл дағдыны жеттік 

меңгерген  балалардың  есте  сақтау  қаблеті  де  қалыптасқан.  Мұны  қалай  түсінуге 

болады?  бала  өз  жазғанына  сын  көзбен  қарай  алмайды.  Баланың  есте  сақтау 

қаблетіне  негізделген  өзіне  деген  «интегралды  көзқарасы»  жоқ,  бұл  «көз  қарас» 

қалыпты  жағдайда  мектепке  дейінгі  іс-шара  барысында  (ойын  арқылы) 

қалыптасады. Яғни, бұл балада тым ерте қалыптасады. 

В.Т.  Кудрявцевтің  пікірінше,  бастауыш  сыныпта  психологиялық 

проблемаларға ұшыраған бала, мектепке дейінгі кезеңде өз есте сақтау қабілетіне 



544 

 

сай  материалды  таппаған.  Ойыны  қанбаған  баланың  жақсы  оқып  кетуі  екіталай: 



Мектепалды  мекемесінде  арнайы  жаттығу  жұмыстары  арқылы  жасалған  әзірлік 

мектепке деген дайындықтың таптырмас кезеңі болып табылады. Бұл көзғарасты 

Е.Е.  Кравцова  да  құптайды:  «...мектепке  деген  психологиялық  әзірлік  баланың 

есте сақтау қабілетіне тікелей қатысты, баланы қандайда бір мектеп дағдыларына 

күштеп оқытуға болмайды, оның есте сақтау қабілетін дамыту қажет, ал ол үшін 

онымен ойнау керек». 

Мектепке  дейінгі  мекемеде  алған  шығармашылық  тәжірибе  бастауыш 

сыныптарда жалғасын табуы тиіс. 

Оқу мен жазу бірізділігін қалыптастыруда ата - ананың алатын орны ерекше, 

өйткені баланың жетістігі отбасындағы жұмысына байланысты. Мектепке дейінгі 

мекеме педагогының міндеті - ата-анаға осыны мойындату. 

О.С.  Ушакова  туған  тілді  үйретудің  бірізділігі  мен  келешегін  қамтамасыз 

ететін, жоғарыдағы ұсыныстарды қамтамасыз ететін мынадай ұсыныстар жасайды: 

балалық  шақта  сөйлеу  дағдыны  дамыту  мәселесін  оқытудың  бырыңғай 



теориялық принсптері мен жолдары; 

бастауыш  сынып  мұғалымдеріне  мектепке  дейінгі  мекеменің  сөйлеу 



дағдысына арналған әдістеме мен бағдарламасын білу; 

мектепке дейінгі білім беру мекемелері тәрбиешілерін бастауыш сыныптың 



сөйлеу мен сауаттақ бағдарламасы мен таныстыру; 

дамыта оқыту принцпын сақтау; 



мектепке  дейінгі  және  бастауыш  сынып  оқушыларының  өзіндік  және 

танымдық белсенділігін дамыту; 

сөйлеу  дамыуын  дамытудың  фонетикалық  ,  лексикалық,  граматикалық 



жағын, 

біріңғай 

талаптағы 

контекісте 

монологтык 

сөйлеуді 

дамыту 

басымдықтарын арыттыру; 



коммуникативты білім мен дағдыны қалыптастыру; 

сонымен  бірге,  бастауыш  сынып  пен  бала  бақша  тарапынын  мектепке 



дейінгі білім беру мекемесі түлегінің сөйлеу дағдысы дамыуына біріңғай талаптар 

қойылуы тиіс және алты - жеті жас шамасындағы балалардың жан - жақты дамыу 

деңгейін анықтайтын диагностикалық материялдар жасалыу керек. 

Сөйлеу  деңгейі  жағынан  әртүрлі  балалар,  мектеп  қабырғасында  терең 

дифференциялды жұмысты талап етеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет