Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ



Pdf көрінісі
бет26/65
Дата28.01.2017
өлшемі5,87 Mb.
#2930
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65

 

Әдебиеттер 

 

1.

 



Буслаев    Ф.Н.  О  преподовании  отечественного  языка,  -  Л.  Учпедгиз. 

1941г. 51с. 

2.

 

Жолымбетов Қ. Қазақ орфографиясын игерудің негіздері. А, 1975ж. 52 



бет. 

3.

 



С.И.Ожегов. Русский язык, 1982, №1. 5 бет. 

4.

 



 С.И.Ожегов. Русский язык, 1982, №1. 8 бет.  

5.

 



Жанабілова  А.  Пәнаралық  байланысқа  негізделген  шығармашылық 

жұмыстар арқылы тіл дамыту технологиясы. А, 2006.  

6.

 

М.Әуезов. Абай жолы.- А: Жазушы, 2003. 



 

 

Нурбекова Р.К., т.ғ.к.,  аға оқытушы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, ШҚО 

бойынша ПҚ БАИ  



 

ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ 

 

Қай  заманда,  қандай  реформа  болмасын  білім  беретін  мекеменің  басты 



тұлғасы – мұғалім. Мемлекеттік білім беру саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге 

аспақ.  Жалпы  білім  беретін  мектептердің  алдына  қойып  отырған  мақсаты  –  оқу 

мен  тәрбие  жұмысын  дамыту  және  рухани  бай,  жан-жақты  дамыған  тұлғаны 

қалыптастыру.  



217 

 

Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің 



басты  міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен 

тәжірибенің  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби 

шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа 

технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 

коммуникациялық  желілерге  шығу»  -  еп  білім  беру  жүйесін  одан  әрі  дамыту 

міндеттерін көздейді. 

Қазіргі  заман  ағымына  байланысты  оқушылардың  білімге  қызығуын 

арттыру  үшін  мұғалімдерге  жаңа  талаптар  қойылуда.  Сол  себепті  оқытудың 

әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. 

Халықты  халықтан  бөліп  тұратын  оның  ұлттық  ерекшеліктері.  Ұлттық 

ерекшеліктер дегеніміз  не? Ол  алдымен  неден  көрінеді? Оның  ең  бірінші  және 

өте қасиетті  белгісі  ұлттық  тіл,  оның  өте  бай сөздік  қоры,салт –дәстүр, әдет – 

ғұрып,    рухани    мәдениет,  туған    елінің    тарихына    деген    құрмет,  еліне    деген  

мақтаныш.    Сондықтан    тарихты    оқытқанда    жаңа    технологияларды    қолдану  

арқылы  оқушылардың  ұлттық  дүниетанымын  қалыптастыруымыз керек.  Және  

бұған қоғам  болып  ат  салысуымыз керек деп  ойлаймын.  Оқушылар  тарихты  

білу  арқылы    қазақ  халқының  өткен    тарихымен    таныса  отырып,  ірі  мемлекет  

қайраткерлерімен,    жер  -    судың    тарихи    атауларымен    танысады,    сол    арқылы  

отансүйгіштік    қасиеттері    оянады.    Халқымызда  дарынды    адамдардың    аз  

еместігін, қазақтың  өте  қабілетті,  еңбексүйгіш, әдет – ғұрпының  нақты өмірмен  

тікелей    байланысты    екендігіне,    рухани    мәдениетіміздің,  дініміздің    адам  

табиғатына өте  жақын  келетін,  таза  әрі  өміршең  екенін  жүрегімен  түсінген  

жас  ұрпақ  ешқашан  ұлттық  қасиетін  жоғалтпайды. Бұл  қазыналар  ғасырлардан  

бері    жоғалмай    бүгінгі    күнге    жетті.    Енді    сол    қазыналар    қазіргідей  

ақпараттардың  тасқыны өте  жылдам  өзгеріп  жатқан  уақытта, қандай  қиындық 

болса  да    ұлттық    ерекшеліктер    сақталуы    тиіс.  Ол  үшін  жаңаны    ұлттық  

ерекшелігімізге    нұқсан    келтірмейтіндей    етіп    пайдалана    білуіміз    керек. 

Халықтың  рухани  байлығын  жас  жүрекке  жеткізе  білуіміз  қажет.  Жас ұрпақ – 

біздің    өміріміздің    тікелей    жалғастырушы    өкілі    ғана    емес,    еліміздің    тірегі,  

мызғымас    болашағы.  Ұлттық    рухта    тәрбиелеу    -  жастарды    ерлікке,    Отан  

сүйгіштікке,  ар- намысты  қорғауға,  адамгершілікке  баулиды.  

Өз  мәдениеті  арқылы  өзге  мәдениеттерге  бағыт  ұстаған  адам  жан-жақты 

мәдениетті  тұлға  деп  ұғынылады.  Төл  мәдениетті  терең  білу  ол  үшін  -  басқа 

мәдениеттерге  қызығушылықтың  іргетасын  қаласа,  көп  мәдениетпен  танысу 

рухани баю мен дамудың негізі болады. Жан-жақты мәдениетті тұлға, ең алдымен, 

тұтас дүниетанымға ие болуы қажет. Бұл мұндай тұлғаның дүниедегі, әлеуметтік 

орта  мен  мәдениеттегі  байланыстары  мен  қатынастарының  күрделі,  өзара 

байланысты және өзара астарлас сипатын көрсетуге мүмкіндік беретін білімі мен 

білігінің жүйеге қалыптасқанын білдіреді. Тұтастық - жоғары дамыған және тиімді 

оңтайланған дүниетанымның өлшемі. Оған  тек білім  арқылы  жетуге болады. 

Тарихты  оқытудың  басты  міндеттердің  бірі -  өткен  тарихты  сын  көзімен  

талдай    отырып,    жаңа    технологияларды    қолдану    арқылы,    келешекті  

бағдарлайтын,    шығармашылықпен    іздене    отырып,    дұрыс    қорытынды  жасай  

алатын,  тарихи    деректермен    өздігінше  жұмыс    істей    білетін    азаматты  

тәрбиелеу,  тарихи    дүниетанымын    қалыптастыру.  Әрбір  жеке    тұлғаның  


218 

 

дүниетанымын    қалыптастыру  –  ұзақ    әрі    күрделі    үрдіс.    Дүниетанымды  



қалыптастыруға  әр түрлі факторлар  әсер  етеді.  Олардың  ішінде адамның  өмір  

сүру  ортасы, материалдық  жағдайлары,  көпшілік хабарларды тарату  құралдары,  

оқыту  және    тәрбиелеу  бар.  Сонымен    бірге  дүниеге    көзқарас    адамзат  

санасының, дүниетанымының қажетті  бөлігі  болып  табылады. Қазақтың атақты  

психолог    ғалымы  Қ.  Жарықбаев    дүниетаным    мен    сенімді,    мотивтер    мен  

қажеттерді,  бейімділік  пен    қызығуларды,  мұрат  пен    талғамды  жеке  тұлғаның  

өмірлік    бағытын  көрсететін    бөліктер  екенін    атап    өтеді.  Ол    дүниетанымға  

адамның  табиғат, қоғамдық  өмір  туралы  білімдерінің  жүйесі  деген анықтама  

береді. Сондықтан  оқушылардың   ұлттық  дүниетанымын  қалыптастыруда  жаңа  

технологиялардың  алатын  орны  ерекше. 

Педагогикалық  психология  бойынша  оқушының  мәдениетін  білім,  білік, 

дағды арқылы дамыту керек. Әр оқушының жеке жұмыс қабілетін ескеру, сынып 

тапсырмаларын, үй жұмысын баланың ерекшеліктерін ескере отырып беру қажет. 

Мектептің  оқу  үрдісіне  енгізіліп  жүрген  технологиялар  теориялық  тұрғыдан 

дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр.  

Жаңаша  әдіс-тәсілдер  арқылы  оқушының  нені  білетінін,  нені  меңгергені, 

нені меңгермегенін білуге болады. Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі әлемнің он 

сегіз  елінде сынақтан  өткен  «оқу  мен  жазуды  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту» 

бағдарламасының стратегияларын сабаққа қолдану барысында көрсеткен нәтиже: 

оқушының  оқуға  қызығуы  артады,  іскерлік  дағдысы,  ойлау  белсенділігі, 

тапқырлығы, өзіне деген сенім қалыптасады. Осы әдістерді пайдаланып 5, 6, 7, 10 

сыныптарда пайдалануға болады.  Мысалы, 5-сыныптың тарих пәнінен оқытудың 

негізі оқулық мәтіні мен жұмысқа байланысты. Сызба толтыру, картамен жұмыс, 

Венн  диаграммасы,  дөңгелек  стол  стратегиялары  оқушылардың  жан-жақты 

ойлануларына  мүмкіндік  береді.  5-сыныптың  «Картадағы  тарих»  сабағында 

картаның    жасалу  тарихын  айтпас  бұрын  «карта»  деген  сөздің  мағынасына 

тоқталу:  Картаны  білесіңдер  ме?  Картаны  күнделікті  өмірде  қолданылуы, 

картаның  түрлері  жайлы  қарастыра  келіп,  «Дүние  жүзінің  картасын»,  Птоломей 

картасын,  Әл-Идриси  қолжазбасындағы  дүние  жүзі  картасын  интерактивті 

тақтадан көрсете отырып, картаның жасалу тарихына тоқталу қажет. 

Электронды  оқулықтар  арқылы  оқыту  –  заман  талаптарының  бірі. 

Электронды  оқулықтарды  сабақта  пайдалану  кезінде  оқушылар  алған  білімін 

кеңейтіп өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Электронды оқулық 

арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге 

болады.  Меңгерілуі  қиын  сабақтарды  компьютердің  көмегімен  оқушыларға 

ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.  

Тесттік тапсырмалар арқылы оқушы білімін тексеру оқушыны нақтылыққа, 

өзіне  сенімділікке,  іскерлікке  үйретеді.  Тест  әдісі  –  оқушылардың  логикалық 

ойлауын,  есте  сақтау  қабілеттерін  дамытады.  Әр  оқушы  өз  білім  дәрежесін  өзі 

бекітеді,  өз  бетімен  жұмыс  істейді,  уақытты  тиімді  пайдаланады.  Тестті  әбден 

ойластырып жүйелі түрде құру қажет.  

Тарих  логикалық  есептер  шығару  –  логикалық  ойлауды  қалыптастырудың 

тиімді  формаларының  бірі.  Тарих  сабақтарында  логикалық  есептер  шығару 

оқушының ойлау қабілеттерін арттыра түседі.  



219 

 

Тарих  сабағында  жүргізілетін  ойын  өткен  шаққа  үлгіленетін  оқытудың 



белсенді түрі болып табылады.  

Ойындар  оқушының  тақырыпты  толық  меңгеруін,  өз  ойын  жеткізе  білуін, 

ақыл-ойын,  логикалық  ойлауын,  топта  жұмыс  істеу  қабілетін  қалыптастырады. 

Сондықтан  әрбір  ұстаз  өз  шәкіртіне  ұзаққа  дейін  ұмытылмайтын  білім  беремін 

десе, әрбір өткізген сабағына ойын элементтерін енгізуі қажет.  

Ойын  арқылы  оқушы  өздігінен  жұмыс  істеуге  үйренеді,  ойлау  қабілеті 

дамиды,  сөздік  қоры  байиды.  Ойынның  негізгі  мақсаты  –  баланы  қызықтыра 

отырып,  материалды  берік  меңгерту.  Сондай-ақ  ойын  үстінде  балалардың  ойлау 

қабілеті,  назары,  байқампаздық  әрекеті,  зейіні  жетіледі.  Ойын  элементтерін 

пайдалану.  

Ойын  -  төзімділікті,  алғырттықты,  тапқырлықты,  ұқыптылықты, 

ізденпаздықты, іскерлікті,  көп  білуді,  ұлттық дүниетаным  өрісінің көлемділігін 

қалыптастыруға  үлкен  мүмкіндігі  бар  педогогикалық  тиімді  әдістерінің  бірі. 

Ойын  баланың  алдынан  өмірдің  есігін  ашып,  оның  шығармашылық  қабілетін  

оятып,    танымдық  қасиеттерін    дамытады.  Ойын    -    адамның  өміртанымының  

алғашқы  қадамы  деп те  айтуға  болады. В.А. Сухомолинскийдің сөзімен  айтар  

болсақ,    «Ойынсыз    ақыл-  ойдың  қалыпты    дамуы    да    жоқ,    және    болуы    да 

мүмкін  емес.  Ойын    дүниеге    қарай    ашылған    үлкен    жарық  терезе    іспетті,  ол  

арқылы    баланың    рухани    сезімі    жасампаз  өмірмен    ұштасып,    өзін    қоршаған  

дүние    туралы    түсінік    алады»  Мысалы:    «Тарихи    шынжыр»,  «Саяхат»,  « 

Проблемалық  полемика»,  «  Жас    деректанушы»,  «Қарлы    кесек»,  «XXI  ғасыр  

көшбасшысы»    тағы  басқа    тарихи    сахналық  қойылымдар  оқушылардың    тарих  

сабағына    деген  қызығушылығын    арттыра    отырып,    тарихи    дүниетанымын 

қалыптастырады. 

Сабақ барысында, сабақтан тыс мезгілде оқушының тарихи ойлау қабілетін 

дамыту  үшін  ойын  элементтерін  пайдалануға  болады.  Оқушылардың 

психологиялық  жас  ерекшеліктеріне  қарай  әр  түрлі  ойындар  ойнату  қажет. 

Мысалы:  «Арқан  тарту»,  «Хан  талапай»,  «Кім  көп  біледі»,  «Сиқырлы  сөз», 

«Жұлдызды сағат», «ХХІ ғасыр лидері», «Не? Қайда? Қашан?» т.б. 

Ой  талқы  әдісі  белгілі  бір  жағдайды  шешудің  жолын  табуда  қиыншылық 

тудырған сәтте қолданылады. Қысқа уақыттың ішінде бірнеше идеяларды жазуға 

болады.  

Оқулықта барлық сабақтар тақырыбына ой талқы өткізуге болады.  

Егер мұғалім сабақты қызықты, тартымды өткізіп, үнемі баланың ойлауына 

мүмкіндік  жасаса  міндетті  деңгей  алгоритмдікке,  алгоритмдік  деңгей 

эвристикалыққа,  эвристикалық  деңгей  шығармашылыққа  ауысады.  Сондықтан 

А.Урбанский айтқандай біз баланың ойлауына мүмкіндік беріп, оқушының дербес 

ойлауына  көп  көңіл  бөлсек,  оқушының  ойлау  қабілеті  жоғары  деңгейде  дамиды, 

шығармашылығы  артады, іздену  жұмыстарына кең  жол  ашылады. Бұл  жұмыстар 

арқылы  біз,  мұғалімдер  басты  міндетіміз  –  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғаны 

қалыптастырып, дамытамыз.  

Оқыту  технологиясы    оқу    мазмұнын    өңдеуге,    көлемі  мен    мақсатын  

тұжырымдауға    арналған    әдістер  мен    құралдардың    жиынтығы    болса,    екінші  

жағынан,    оқушының    оқыту    үрдісінде    қажетті    ақпараттық,    техникалық  

құралдарды    пайдаланып,    оқушыға    оң    әсер    етіп,    оқушылардың    ұлттық  


220 

 

дүниетанымын    қалыптастырады.  Демек,    оқыту    технологиясы-педогогикалық  



әрекеттерді    ғылыми-    әдістемелік,    іс  –  тәжірбиелік      негізде    нәтижелі  

болатындай   етіп,  жоспарлы  түрде ұйымдастыру  қажет.  

Әрбір    технология    өзіндік    жаңа    әдіс  –  тәсілдермен,    қол    жеткізер  

мақсаттармен  ерекшеленеді. 

Ғылыми-қолданбалы    бағытта    нақты      педогогикалық    идеялар  мен  

тұжырымдарға    негізделген    жаңа    педогогикалық    технологиялар    жобаланып,  

мұғалімдерге    педогогикалық    технологияларды    оқытудың    бірнеше    түрлерін  

бөліп    көрсетуге    мүмкіндік    береді.  Қазіргі    әдістемеде    технологиялардың  

бірнеше  түрлері  бар. Солардың  ішінде    оқу  үрдісінде  қолдануға  ұсынылатын  

бірқатар    технологиялар  бар.  Солардың    бірі    оқушылардың    шығармашылық 

қабілетін,    ұшқыр    қиялын    дамытуға    бағытталған  деңгейлеп    -    саралап  оқыту  

технологиясы (СТО).  Бұл  мәселені   Қазақстанда  алғаш   Ж. Қараев  зерттеген  

екен.    Бұл    технология    дамыта    оқыту    идеясын    жүзеге    асыруға    көмектеседі, 

өйткені    оқушының  ойлау  қабілетін,  ынтасын,  белсенділігін    көрсетеді.    СДО  

технологиясының    негізгі    ерекшелігі    тапсырмаларды    орындау    кезінде  

«деңгейлік»    және    «дербес»    оқыту    принциптерімен    қатар    «ізгілендіру» 

принципі    сақталады.  Оқушыларды    «қабілетті»  және  «қабілетсіз»  деп    бөлмей, 

барлығына    бірдей  талап    қойып,    деңгейлік    тапсырмаларды    орындауда  

оқушыларға  ешқандай  қысым  көрсетілмейді, әр  оқушы  өз  еңбегін өзі  бағалап,  

бағалау  мониторингін  де өзі  жасайды. Төмен деңгейлі  оқушылар  тек  оқулық  

материалымен    шектелсе,    жоғарғы    деңгейдегілер  шығармашылық    жұмыспен 

айналысады.  Мысалы:  әр  тақырыптан    рефераттар    қорғау,  эссе    жазу,  қосымша  

дерек    көздерінен    дайындалып    келу.  СТО    технологиясы    оқушының    да, 

мұғалімнің де  белсенді  шығармашылық  қызметін  дамытуға  бағытталған.   

Инновациялық    технологиялардың    бірі  -    ақпараттық    технологиясы. Ол  – 

ақпаратпен  жұмыс  жасау  үшін  қолданылатын  арнайы  тәсілдер, бағдарламалық  

және    техникалық  құралдар.  Ақпараттандыру    технологиясы    арқылы    заман  

талабына  сай  сабақ берудің  тиімділігі  өте  көп. Күнделікті  сабаққа  видео, аудио  

қондырғылары  мен  теледидарды,    компьютерді,  интерактивтік    тақта    мен  

мультимедиялық    проекторларды    пайдалану      оқушылардың    дүниетанымын  

қалыптастыруға  жақсы нәтиже  береді.  

Сын тұрғысынан  ойлау  стратегияларын  сабақта  қолдану  барысында  қол  

жеткен    нәтиже:    оқушының  оқуға    қызығушылығы  артады,  іскерлік  дағдысы, 

ойлау    белсенділігі,    тапқырлығы,    өзіне  деген    сенімі    қалыптасады,  пікір  

таластыра    білуді,  ойын    жүйелі  түрде    жеткізе    отырып    өз    дүниетанымын  

қалыптастырады. Сабақта тірек  технологиясын   қолдану  арқылы оқушылардың  

білімін    нақтылауға,    қайталау    және    тестік    тапсырмалардың    жауаптарын  

толықтыруға    негізделеді  .  Кластер    кестесі,  Венн  диаграммасы,  дискуссиялық 

өрнек,  Ти    кестесі,  семантикалық    карталармен    тиімді    жұмыс    істеу    арқылы  

нәтижелі  білімге  қол  жеткізудемін. 

   

Құрғақ  баяндау  мен    жаттандылыққа    қарағанда    түсінуге    негізделген  



білімнің    пайдасы    зор    екенін    өмір    тәжірбиесінің    өзі  көрсетіп    отыр.  Түсіну  

дегеніміз  -  оқушылар    алынған    мәліметтерді    саралап,  маңызды,  маңызсызын 

бөлек- бөлек  сұрыптап, өзіне  қандай  ақпарат  керек  екенін  түсініп, баға беру. 


221 

 

Қазіргі    таңда    қайта    даярлау    курстарының    берері    көп,    себебі    жаңа  



педагогикалық    технологиялардың    енгізілуі,  оқытудың    оңтайлы    әдістерін  

қолдану,ғылыми  жаңалықтардың    енгізілуі    мұғалімнің    шеберлігін    шыңдай  

түсуге    көмегін    тигізеді.  Білім  берудегі    Кембридждік  оқыту  –  сындарлы  оқыту  

болып    табылады. Сындарлы   оқыту    дегеніміз- оқушылардың  ойлауын    дамыту, 

олардың    бұрынғы    алған    білімдері    мен    сыныптағы  түрлі  дерек    көздерінен,  

мұғалімнен,  оқулықтан  және  достарынан алған білімдерімен  өзара  әрекеттесу  

арқылы  жүзеге  асады. Сындарлы  оқытуға негізделген  сабақтар  оқушыларға  өз  

білімдері    мен    сенімдері    жайлы  ойланып,    бір-біріне  сұрақтар    қойып,    бір  – 

бірімен    пікір  алмасу    арқылы    өз  білімін    толықтыруға    мүмкіндік    береді.  

Сонымен  қатар  оқушылардың қалай  оқу  керектігін  үйретіп,  соның  әтижесінде  

еркін,  өзіндік  дәлел-уәждерін  нанымды  жеткізе  білетін,  ынталы,  сенімді,  сыни  

пікір-көзқарастары  жүйелі  амыған,  қазақ, орыс, ағылшын тілдерін  өз  деңгейінде 

меңгерумен    қатар,  сандық    технологияларда    құзырлылық    танытатын  оқушы  

ретінде  қалыптасуын  қамтиды.  

Халқымыздың    рухани    көсемі    А.  Байтұрсынов    «  Мұғалім    әдісті    көп  

білуге    тырысу    керек.    Оларды    өзіне    сүйеніш,  қолғабыс    нәрсе    есебінде  

қолданыу  керек»    деп    айтқанындай,    ғылым  мен    техниканың    жедел    дамыған,  

ақпараттар  ағыны  күшейген  заманда жеткіншек ұрпақтың ақыл- ой  мүмкіндігін,  

қабілетін,  талантын    дамыта    отырып      ұлттық    дүниетанымын    қалыптастыру  

мектептің  басты  міндеті  болып тұр.  Сол  мақсатқа  жету  үшін  бүгінгі  білім 

кеңістігінде  мұғалімнің  қажымас  іздемпаздыққа,  шығармашылыққа  тәрбиелеуді  

жүзеге  асыратын  жаңартылған  педогогикалық  технологияны  меңгеруге  үлкен  

бетбұрыс  жасалуы  қажет. Себебі,  мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейінде  оқу  

үрдісін ұйымдастыру  жаңа  педогогикалық  технологияны  енгізуді  міндеттейді. 

 Сонымен қатар, тарих  сабағында  ұлттық  құндылықтарды  танытуда   жаңа  

технология    әдістерін    қолдану    нәтижесінде   оқушының   оқуға    деген    қызығуы  

мен  өзіне  деген  сенімі  артады, оқушы  мен  мұғалім арасында  ынтымақтастық  

қарым  –  қатынас    орнайды,    өздігінен    оқып,  түйінді    мәселелерді    іріктейді, 

мақсатқа  өз  бетімен  ұмтылады,  ойлау  қабілеті мен  белсенділігі,  тапқырлығы,  

шешім    қабылдау    әрекеті    қалыптасады,  өз    білімін  бағалай    біледі,    іскерлік  

дағдысы    дамиды.  Осы  арқылы  өз    дүниетанымы    қалыптасып,заман  жүгін 

арқалауға қабілетті  тұлға  ретінде  қалыптасуға  көмектеседі.  

Оқушылардың  ойлау  қабілетін  қалыптастыруда  өтілгелі  отырған  жаңа 

тақырыпты  даяр  күйінде  түсіндірмей,  олардың  алдын  ала  мәселе  қою  арқылы 

жүргізудің  ықпалы  өте  зор.  Сол    ішінде  танымдық  ойын  түрлерінің  маңызы  бар. 

Ойындар  сабақтың  тиімділігін,  сапасын  арттырумен  бірге  оқушының  оқу 

белсенділігін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ол ешқашанда жаттанды болмайды. 

Сонымен,  А.Урбанский  айтқандай  баланың  ойлауына  мүмкіндік  беріп, 

оқушының дербес ойлауына көп көңіл бөлсек, оқушының ойлау қабілеті  жоғары 

деңгейде  дамиды,  шығармашылығы  артады,  іздену  жұмыстарына    кең  жол 

ашылады.    Бұл  жұмыстар  арқылы,  мұғалімдердің  басты  міндеті  –  жан  жақты 

дамыған жеке тұлғаны  қалыптастырып, дамыту. 



 

Әдебиеттер 

 

222 

 

1.



 

Қазақстан  Республикасының  «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007 

2.

 

 Бұзаубақова Қ.Ж. «Жаңа педагогикалық технология». – Алматы, 2006.  



3.

 

Иманбекова А. Ойын сабағы //Қазақстан мектебі». – 2001. - №3. 74-75б.  



4.

 

Жүнісова К.  Дүниетану  оқыту  әдістемесі.  – Алматы, 1999.  



5.

 

 Қалиева  М.    Білім  беру    технологиялары    және   оларды   оқу  –  тәрбие  



үрдісіне  ендіру  жолдары. – Алматы, «Рауан». - 2002 . 

 

 

Оразбаева А.К., ст.преподаватель, ФАО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по ВКО  

 

ЗДОРОВЬЕСБЕРЕГАЮЩИЕ ТЕХНОЛОГИИ В УЧЕБНО-

ВОСПИТАТЕЛЬНОМ ПРОЦЕССЕ 

 

Современное  состояние  общества,  высочайшие  темпы  его  развития 

предъявляют  все  новые,  более  высокие  требования  к  человеку  и  его  здоровью.  

Исследования позволяют проранжировать школьные факторы риска по убыванию 

значимости и силы влияния на здоровье учащихся: 

1. Стрессовая педагогическая тактика; 

2.  Несоответствие  методик  и  технологий  обучения  возрастным  и 

функциональным возможностям школьников; 

3.  Несоблюдение  элементарных  физиологических  и  гигиенических 

требований к организации учебного процесса; 

4.  Недостаточная  грамотность  родителей  в  вопросах  сохранения  здоровья 

детей; 


5. Провалы в существующей системе физического воспитания; 

6. Интенсификация учебного процесса; 

7. Функциональная неграмотность педагога в вопросах охраны и укрепления 

здоровья; 

8. Частичное разрушение служб школьного медицинского контроля; 

9.  Отсутствие  системной  работы  по  формированию  ценности  здоровья  и 

здорового образа жизни. [1, с. 52-78]  

Таким  образом,  традиционная  организация  образовательного  процесса 

создает  у  школьников  постоянные  стрессовые  перегрузки,  которые  приводят  к 

поломке  механизмов  саморегуляции  физиологических  функций  и  способствуют 

развитию хронических болезней. В результате существующая система школьного 

образования имеет здоровье затратный характер.  

Анализ  школьных  факторов  риска  показывает,  что  большинство  проблем 

здоровья учащихся создается и решается в ходе ежедневной практической работы 

учителей,  т.е.  связано  с  их  профессиональной  деятельностью.  Поэтому  учителю 

необходимо найти резервы собственной деятельности в сохранении и укреплении 

здоровья  учащихся.  [2,с.75-78].Как  следствие  одной  из  приоритетных  задач    

системы  образования  становится  сбережение  и  укрепление  нравственного, 

психического  и  физического  здоровья  учащихся,  формирования  у  них  ценности 

здоровья,  здорового  образа  жизни,  выбора  образовательных  технологий,  

устраняющих перегрузки и сохраняющих здоровье школьников.   Сегодня  перед 

учителем  встаёт  проблема:  как  при  отсутствии  физической  нагрузки  и  при 



223 

 

увеличивающейся  психической  нагрузке  во  время  урока  способствовать 



сохранению здоровья ученика, какие методики и технологии применять? 

 Обновление  и  совершенствование    методики  и  технологий  обучения  в 

настоящее  время  невозможно  без  использования  здоровьесберегающих 

технологий.      Внедрение      здоровьесберегающих  технологий  в  учебный  процесс   

окажет  существенное  влияние  на  повышения  качества  обучения,  развития 

жизненных  компетенций  и  создания  комфортной  здоровьесберегающей  системы 

школы.  

Типы технологий: 

Здоровьесберегающие 

(профилактические 

прививки, 

обеспечение 

двигательной активности, витаминизация, организация здорового питания) 

Оздоровительные  (физическая  подготовка,  физиотерапия,  аромотерапия, 

закаливание, гимнастика, массаж, фитотерапия, арттерапия) 

Технологии  обучения  здоровью  (включение  соответствующих  тем  в 

предметы общеобразовательного цикла) 

Воспитание  культуры  здоровья  (факультативные  занятия  по  развитию 

личности  учащихся,  внеклассные  и  внешкольные  мероприятия,  фестивали, 

конкурсы и т.д.) 

 Здоровьесберегающая  система  школы  -  это  модель  образовательного 

пространства,  включающего  комплекс  мер  по  коррекции  и  укреплению  здоровья 

учащихся  немедикаментозными  методами  на  всех  этапах  педагогической 

деятельности.[3, с. 34-41]  

  Основные условия внедрения здоровьесберегающих технологий в учебный 

процесс: 

1.организация медико-социальных условий, которые включают в  

себя оказание дополнительных медицинских и оздоровительных услуг; 

2.    приобретение нового современного медицинского оборудования 

3.  оказание консультативной помощи (врач, психолог, мед.сестра) 

4.  профессиональный уровень педагогов.  

Здоровьесберегающие  технологии  –  это  образовательные  технологии, 

удовлетворяющие основным критериям: 

• 

Почему  и  для  чего?  -  однозначное  и  строгое  определение  целей 



обучения 

• 

Что? – отбор и структура содержания 



• 

Как? – оптимальная организация учебного процесса 

• 

С помощь чего? – методы, приемы и средства обучения 



• 

Кто? – реальный уровень квалификации учителя 

• 

Так ли это? – объективные методы оценки результатов обучения 



Цель  здоровьесберегающих  образовательных  технологий  обучения  - 

обеспечить  школьнику  возможность  сохранения  здоровья  за  период  обучения  в 

школе, сформировать у него необходимые знания, умения и навыки по здоровому 

образу жизни, научить использовать полученные знания в повседневной жизни. 

Здоровьесберегающие  технологии    должны  стать    неотъемлемой    частью 

современного урока. Для достижения цели были поставлены следующие задачи:  

-  рассмотреть  основные  образовательные  технологии  с  точки  зрения 

зоровьесбережения; 



224 

 

-     рассмотреть требования к здоровьесберегающему уроку; 



-  представить  различные  виды  физкультминуток  (подвижные  зарядки, 

гимнастики для глаз, расслабляющие упражнения, самомассаж); 

как решить проблему внимания на уроке; 

-  рассмотреть  педагогическое  общение  как  часть  здоровьесберегающей 

технологии. 

Здоровьесберегающие образовательные технологии обучения, основаны на: 

• 

обучении на оптимальном уровне трудности, 



• 

 вариативности методов и форм обучения, 

• 

 оптимальном сочетании двигательных и статических нагрузок, 



• 

 обучении в малых группах,  

• 

использовании наглядности,  



• 

сочетании различных форм предоставления информации,  

• 

создании эмоционально благоприятной атмосферы,  



• 

формировании положительной мотивации к учебе,  

• 

культивировании у учащихся знаний по вопросам здоровья. 



Преимущества: 

• 

осуществлять  личностную  направленность  обучения,  создавать 



комфортные условия для школьников с учётом индивидуальных психологических 

особенностей (восприятие, мышление, память) и индивидуального темпа работы; 

• 

достигать прогнозируемого результата, осуществлять в определённые 



сроки  с  определённым  уровнем  затрат  ресурсов,  физического  и  психического 

здоровья учителя и ученика; 

• 

осуществлять  неразрывную  связь  с  теорией  деятельного  подхода  в 



обучении; 

• 

организовать самостоятельную работу учащихся, научить их работать 



со справочным материалом.[4, с. 219] 

Педагогам  для    результативной  реализации  здоровьесберегающих 

технологий  в  педагогической  деятельности,    следует  учесть  некоторые 

образовательные  технологии  по  их  здоровьесберегающей  направленности.  



Например: 

-  личностно-ориентированные,  где  в  центр  образовательной  системы 

ставится  личность  ребёнка,  обеспечиваются  комфортные  условия  её  развития  и 

реализации природных возможностей.  

- педагогика сотрудничества  – её можно рассматривать как создающую все 

условия  для  реализации  задач  сохранения  и  укрепления  здоровья  учащихся  и 

педагогов.  Один  из  способов  работы  по  данной  технологии  -  групповая  работа.  

При  формировании  групп  учитывается  личностное  отношение  детей    к  учебе, 

степень  обученности,  интерес  к  изучению  предмета.  Для  каждой  группы 

разрабатываются  задания  разной  сложности,  различающиеся  по  объему  и  

приемам выполнения. Уроки строятся с учетом индивидуальных возможностей и 

способностей  учащегося.  Появляется  возможность  дифференцированно  помогать 

слабому  ученику  и  уделять  внимание  сильному,  более  эффективно  работать  с 

трудными детьми. Сильные учащиеся активно реализуют своё стремление быстрее 

продвигаться вперёд и вглубь, слабые – меньше.  


225 

 

 В  целом    в  учебном  процессе  проявление  гуманного отношения  к  детям,  а 



также   оптимистичная вера в них и  отсутствие прямого принуждения, приоритет 

положительного стимулирования, терпимости к детским недостаткам в сочетании 

с  проявлениями  демократизации      оказывают  благоприятное  воздействие  на 

психику  учащихся  и  способствуют  формированию  здоровой  психики  и,  как 

следствие, высокого уровня психологического здоровья.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет