Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ



Pdf көрінісі
бет28/65
Дата28.01.2017
өлшемі5,87 Mb.
#2930
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65

 

Литература 

 

1.

 



Руководство для учителя. Третий базовый уровень. Третье издание. 

       АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2012 

 2. Активные формы преподавания и обучения  www.cpm.kz, 2012 

 3. Кайдасов  Ж. Геометрия для 8 класса.  



 

 

Сарсембаева А.Б., физика мұғалімі, Асубұлақ орта мектебі, ШҚО  

 

ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ 

ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ 

 

Дүниежүзілік  өзгерістерге  орта    білім  саласында  да  біршама  оңтайлы 

өзерістер  енгізілуде.  Ең  басты  жаңашылдық-  оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тәсілдерді 

пайдалану. Бағдарламаның құрылымында өзі бір модуль болып тұрған оқыту мен 

оқудағы  жаңа  тәсілдер  маңызды.  Соның  ішінде  «Ғылыми  зерттеулер  нәтижелері 

сабақта диалогтың маңызды роль  атқаратындығын көрсетті. Мерсер мен Литлтон 

(2007)  өз  еңбектерінде  диалог  сабақта  оқушылардың  қызғушылығын  артырумен 

қатар,  олардың  білім  деңгейінің    өсуіне  үлес  қосатындығын  атап  көрсетеді. 

Выготскийдің  оқыту  моделі  оқушы  диалог  құру  нәтижесінде  білім  алады  деп 

жорамалдайды.  Барнс  (1971)  сыныпта  қаншалықты  тіл  қаншалықты  қолданылса, 

оқушылардың  оқуына  соншалықты  әсер  ететінін  айтады.  Кейінірек  Мерсер  мен 

Ходжкинсон  (2008)  зерттеулері    Барнстің  ертеректегі  жұмысына  негізделе 

құрылып,  оқыту  барысындағы  диалог  атқаратын  негізгі  ролге  назар  аударуды 

мақсат  етеді»   Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен 

пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар: 

- оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді: 

-  басқа  адамдарда  түрлі  идеялардың  болатындығын  оқушылардың 

түсінулеріне көмектеседі; 



236 

 

- оқушылардың өз  идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі; 



-  мұғалімдерге  оқушыларды  оқыту  барысында  олардың  оқушылары  қандай 

деңгейде екендігін түсінуіне көмектеседі. 

Сабақ үрдісінде сыныптағы диалогтік оқыту мұғалімдер мен оқушылар үшін 

оқытудағы жаңа білім алудағы түсіну дәрежесін арттыруға, зерттеушілікке, өзара 

қарым-қатынастарының  жақсаруына,  шығармашылық  пен  табысты  нәтижеге 

жетуіне бағыттайды. 

Оқытудың  диалогтік    әдістерін,  оның  стратегияларын  іс-  тәжірбиеге  енгізу 

пеагогика  саласындағы  үлкен  жемістерге  әкелері  анық.  Ең  бастысы  диалогтік 

оқытудың  ерекшелігі  әр  оқушыны  жеке  тұлға  ретінде  қарастыру.  Мұғалімнің 

міндеті  алдындағы  оқушысына  білім  беріп,  оның  жетістікке  жетуіне,  жеке 

қабілеттерінің  дамуына  назар  аудару,  соған  байланысты  жұмыс  істеу  болып 

табылады.    

«Оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тәсілдер:  сыныптағы  диалогтың  маңыздылығы» 

оқушының  тек  қана  бірлескен  әрекетке  тартылуына  ғана  емес,  оқушының  ойлау 

қабілетінің  жоғарғы  деңгейге  өсуіне,  тіл  байлығы  мен  зияткерлік  қабілетінің 

дамуына  ықпалын  тигізеді.  Осы  кезде  топ  арасында  талқылау  жүзеге  асады.  Әр 

топ өз пікірін айтып, дәлелдеме жасайды. Сыныпта талқылауға қатысу оқушының 

бәсекеге  қабілеттігін  арттырады,  өз  дәлелін  қорғап,  мәселеге  сыни  тұрғыдан 

қарауға дағдыланады. Себебі физика пәнінен   оқушылар диалогқа аз түсетін, яғни 

сөйлеуді  көп  қажет  етпейді  де,  оқушылардың  тілін  дамыту  үшін  түрлі  әдіс-

тәсілдерді  қолданудың  қажеттілігі  туындайды.  Сондықтан  осы  модуль  көмекке 

келе алды.  

Мақсаты: оқушы-мұғалім оқу диалогын дамыту. 

Сабақ  беру  іс-тәжірбиесінде  негізінен  белсенді  оқыту  көп  қолданылады.  

Осы оқытудың түрі сабақ өткізудің  бөлшегі деп айтуға болады. Аралық белсенді 

оқыту  арқылы  оқу  материалын  қызықты  етіп  беріп,  олардың  мүмкіндіктеріне 

сәйкес тапсырманы таңдау, шешім және қорытынды шығарып, тығырықтан шыға 

білуге  үйрету,  сыни  тұрғыдан  ойлауға  дағдыландыру,  өзін-өзі  немесе  өзгелерді 

бағалай  білуге  жетелеуге,  кері  байланысқа  шығуға  жағдай  туғызу  жүзеге 

асырылады.     

Сабақта    сұрақ  қоюдың  маңызы  зор  роль  атқарады.  Сабақ  барысында 

оқушылардың білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюға түрткі болу, сынақтан өткізу, 

қайта  бағыттау  сияқты  тиімді  жолдары  пайдаланылады.  Мерсердің  зерттеуіне 

сәйкес  оқушылардың  білім  алуының  ажырамас  бөлігі  болып  табылады  деп  атап 

көрсеткен әңгімелесудің 3 түрі бар: 

1.

 



Зерттеушілік әңгіме 

2.

 



Әңгіме-дебат (пікірталастық әңгіме) 

3.

 



Топтық әңгіме 

Сабақ өткізу барысында жоғарыдағы үш түрлі диалогтың екіншісі қолайлы 

деп есептелінеді. Әңгімелесу- мұғалімге оқушылардың оқуға деген ынтасын оята 

алатын пәрменді  көмекші.  Ғалым Ф.Ш. Оразбаев сабақта тілдік қатынас үш түрлі 

жолмен  немесе қалыппен  іске  асырылады  деп, олардың  түрлерін  атап  көрсеткен. 

Олар жұптық, топтық, ұжымдық. Жұптық жұмысқа түсу осы диалогтерден тұрады. 

Диалогтың  өзі  сабақ  өту  кезінде  әр  түрлі  әдіс  тәсілдер  арқылы  жүзеге  асады. 


237 

 

Мысалы, сұрақ –жауап, ролдік, тапсырманы орындату, жұптық жұмыс, диалогтік 



мәтінді оқу. 

Сабақтың  тақырыбын  меңгеруде  және  талдауда  оқушылар  бірлесе  жұмыс 

істеп, бір-бірімен пікір алмасып, бірін-бірі үйретіп, ең маңыздысы – оқушылардың 

бойында  рефлексивтік  қабілет  қалыптасқандығы  көрінеді.  Зерттеушілік  әңгіме 

тапсырмасын  орындау  барысында  әр  оқушы  өз  ойларын  қағаз  бетіне  түсіріп 

толтырып  отырады.  Зерттеулерден  сыныпта  «диалогтық  стратегиялар»  ауқымын 

пайдаланудың жақсы нәтижелерге әкелетіні  белгілі болды, бұрын жәй әңгіме ғана 

туатын.  Деректер  бойынша,  мұғалімдер  келесі  тәсілдерді  қолданған  кезде 

оқушылардың белсенділігі артып және жақсара түсетіндігі анықталды.  

-

 



Оқушылардың  идеяларын  зерттеу  үшін  кейбір  «ашық»  сұрақтарды 

пайдалану

-

 

Олар  өздерінің  ойлары  мен  сөздері  арқылы  білімін  көрсететін  кезде 



оқушыларды  көтермелеуі  (сондай-ақ  мұғалімдер  жаңа  идеялар  ойлап  табу  үшін 

жаңа сөздік қорын ұсынады); 

-

 

Оқушылардың  материалды  өңдеуінде  және  өз  көзқарастарын 



білдіруіне  ұмтылуы,  мысалы  «Сіз  жарық  туралы  не  білдіңіз?»,  «Неліктен?», 

«Сіздің пікіріңіз қандай?» деген сұрақтарға жауап бере алуы; 

-

 

Оқушыларға  кезек  бойынша  өз  ойларын  білдіруге  және  жете 



түсінбеушілікті ашуға мүмкіндік беруі; 

-

 



Кейбір  оқушылардың  идеяларын  тыңдағанша,  сабақтың  материалын 

түсіндіруді бастамауы; 

-

 

Оқушылардың  олар  күманданатын  кезде  тез  қозғалудың  орнына 



сұраққа мағыналы жауапты құрастыруы үшін жеткілікті уақыт беруі; 

-

 



Тақырыпты  зерделеу  мәні  мен  мақсатын  оқушылардың  түсінуі  үшін, 

сынып ауқымында талқылауды пайдалану; 

-

 

Оқушыларға  түсіндірулер  өткізуге,  талқылау  бағытын  өзгертуге 



мүмкіндік беру; 

-

 



Оқушылар үлгілерден үйренуі үшін орынды даулар барысында қарым-

қатынасты және оны қолдаудың үлгілік тәсілдерін қолдануы. 

Диалогтық  қарым-қатынаста  ситуацияны  бірге  талқылап,  өзекті  мәселені 

бірге  шешуге  мүмкіндік  туады,  яғни  барлық  қатысушылардың  белсенділігін 

арттырады.        

Сонымен  қатар  Выгодский,  Мерсер  мен  Ходжкинсон  идеялары  сабақ 

барысында  өзінің  құндылықтарын  дәлелдеді.  Диалогтық  оқытуда  сыни 

тұрғысынан  ойлау  стратегияларын  қолдану  оқушы  білімін  жетелеп  қана  қоймай, 

топтық жұмыста тапсырмалар беруде қолдануда аса тиімді болып келеді.  

Сыныптағы сөйлесуге оқушылардың барынша белсенді қатысу мүмкіндігін 

беру  мұғалімдерге  олардың  оқуын  бейресми  бағалау  үшін  жақсы  мүмкіндік. 

Алайда, егер мұғалім көбірек ашық сұрақтар беруге немесе сыныпта өте дәстүрлі 

әңгімелесу  тәжірбиесі  ғана  болатын  сыныптан  кеңейтілен  жауаптар  күтуге 

тырысатын  болса,  онда  мүмкін,  күмәнді  үнсіздікті  еститін  еді.  Сыныпта 

әңгімелесу  үшін  дұрыс  жағдай  жасау  және  жаңа,  әртүрлі  «негізгі  ережелерді» 

анықтауға әртүрлі әңгімелесу пішіндерін қалыптастыратын мұғалімге байланысты 

болады. Мұнда уақыт,ептілік орын алады және кейбір табандылықты талап етеді. 

Онда  бірақ  оқушылар  бір-бірімен  әңгімелесу  арқылы  үйренуі  мүмкін  деген  ойға 



238 

 

келеді.  Олар  оқушылар  жаңа  өздерінің  алдан  ала  идеяларын  айта  бастайды  және 



жаңылысуға  әкелетін  мәселелер  туралы  айтуға    сенімді  болады.  Осылайша, 

оқушылар сыныпта көмек болатынына толық сенімді болады.  

Оқушылардың  мұғалім  ұсынысымен  қоса  өз  идеяларын  қабылдап  отыруы, 

алдағы  сабақ  жоспарына жақсы  ықпал  етеді.  Оқушылардың ұтқыр  идеялары  мен 

қызығушылықтары мұғалімнің келесі сабақ жоспарын құруға жігерлендіре түседі.   

Оқушылардың  қысқа  жауап  беретін,  бұрынғы  дәстүрлі  сабақпен  

салыстырғанда,  диалогтық  оқыту  оқушылар  үшін  өте  тиімді  деп  сесепетеуге 

болады.  Сыныпта  диалогті  қолдану  арқылы    балалардың  білім  сапасына  үлкен 

ықпал етуі мүмкін болғандықтан жекеленген оқушыларды сабаққа ынтасына қарай 

топтастырып,  олардың  бір-бірімен  сөйлесулеріне  мүмкіндік  жасап,  олардың 

ойлануына  уақыт  беріп,  тапсырмаларды  түрлендіріп  отыру  керек.  Сабақ 

барысында  диалогтік  әдіс  оқушылардың  тек  түсіну  дәрежесін  ғана  арттырып 

қоймай, сонымен қатар өзара қарым- қатынасты да жақсарта түседі. Оқушылардың 

жауабы  диалогтық  қарым-қатынаста ойын  арқылы  оқыту маңызды  рол  атқарады. 

Сыни  тұрғыдан  ойлауды  үйретуде  жүзеге  асады.  Бағалау  да  диалог  арқылы 

жүреді.  Осы  жүргізген  сабағым  диалог  әдісін  қолдана  отырып  талқылау, 

ынтымақтастық, білімді бірлесе құру арқылы білім алады.  Оқушылар  диалогтық 

сұхбаттасуда  білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс- қимылдың шын мәнінде   

тиімді екенін түсіндім. Оқушылардың білетін, білмейтіндігін анықтау үшін жақсы 

қарым-қатынас, тілдік дағдыларының болуын талап етеді. 

Әңгімелесу  пәрменді  құрал  болып  табылады,  оның  көмегімен  мұғалім 

оқушылардың  оқу  үдерісін  қолдай  және  дамыта  алады.  Сыныпта  диалогті 

пайдалану  арқылы  мұғалімдер  оқушылардың  білім  сапасына  ерекше  оң  әсер  ете 

алады.  Оқушылардың  білімі  мен  ойлау  қабілетін  зерттеуге  шынайы  ұмтылу  оқу 

үдерісіне барынша қызықтыру үшін ынталандыру болып табылады. 

Диалогтік идея тәсіліне сәйкес, сауалнама мен топтық жұмыс оқушылардың 

оқуын жақсартуға қабілетті. 

Сұрақ қою арқылы мұғалім: 

- оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады. 

- оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды. 

- білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады. 

- оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі. 

- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді. 

- оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі. 

-  оқушылардың  бір-бірінен  үйренуіне,  басқа  оқушылардың  идеяларын 

құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді. 

Мұғалімдер  сабақ  барысында  сауалнама  түріндегі  кері  байланыс  әдісін 

қолданады және сабақ барысында көптеген сұрақтар қояды. 

Сабақ  барысында  сынып  оқушыларының  өзара  білімін  дамыту  мақсатында 

бірлескен  сұхбатынан:  оқушылар  бірін  –  бірі  оқытады,  пікірлеседі,  ой  бөліседі, 

әңгімелеседі.Бұның  бәрі  де  диалогтық  оқыту  әдістері  негізінде  жүзеге  асып 

отырады.  Оқушылардың  тілдік  қорын  молайтуға,  білім  деңгейін  көрсете  алуына, 

білімін әділ бағалауына оң әсерін тигізетініне сенім мол.   

Қорытындылай  келе  диалогтық  оқыту  әдісі  оқушылардың  сөздік  қоры 

молайып,  қабілеті  төмен  оқушы  санының  азаюуына,  ойларын  еркін,  өз  сөзімен 


239 

 

жеткізуге  үйренуіне,  бір-біріне  сұрақ  қойған  кезде  ойланып  жоғары  мәртебелі 



сұрақтың  маңыздылығын  түсінуіне,  тақырып  бойынша  бір-бірімен  пікір 

таластырып отыруына, сабақ барысында «оқушы-оқушыға» сұрақ беру әдісін жиі 

қолдану мүмкіндіктерін аша түседі.  

Диалогтік  оқыту  әдісін  мұғалім  өз  іс-  тәжірбиесінде  нәтижелі  пайдаланса,  

сабақ беру үрдісінің әдісі болады деген айтуға болады.  

 

Әдебиеттер 

 

1.  Мұғалімге  арналған  нұсқаулық.  Үшінші  (негізгі)  деңгей  «Назарбаев 

Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012-39б. 

2.  Мектепте  тәжірбие  кезінде  орындауға  арналған  нұсқаулық.  Үшінші 

(негізгі) деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012-39б. 

3.  Физика және астрономия. Әдістемелік нұсқау 2010-91 б. 

4.  Жаңа жоба-жаңашылдық бастауы. - Алматы 2012. 

 

 

 

Султанова  Галия  Сагинтаевна,  аға  оқытушысы,  «Өрлеу»  «БАҰО»  АҚ, 

Атырау облысы бойынша ПҚ БАИ 

 

 

ТӘРБИЕ, БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 

 

Педагогикалық  ұжым  әрқашан  да  ізденіске,  жаңалыққа  ұмтылысымен 

ерекшеленеді.  Кәсіби-педагогикалық  қызмет  педагогтардан  жаңа  әдіс-тәсілдерді 

меңгеруді талап етеді. Бүгінгі күнгі инновациялық өзгерістер жүйелі түрді жүзеге 

асуда. 

Балалардың  психологиялық  қабылдауының  ерекшелігін  есептей  отырып, 



Н.А.Зайцевтің бірегей жүйесі тиімді жұмыс істейді. Н.Зайцевтің әдісімен оқытуда  

баланың  сезім    мүшелері  (есту,  көру,  сезу)  жетіледі,  яғни  тілі,  шығармашылық 

қабілеті дамиды,  айналадағы дүниені қабылдауы артады. 

Н.А.Зайцев  әдістемесінің  артықшылығы  ол  дербес  те  және  дәстүрлі 

оқытумен  де  үйлесім  таба  біледі.    «Жүз  есепшот»  оқу  материалының  мазмұны  

балаларға    дәстүрлі бағдарламаларда көзделген  мектепке  дейінгі  білім  стандарты 

талаптарына сәйкес келеді.  

Н.А.  Зайцевтың  «Жүз  есепшот»  әдістемесінің  тиімділігі  ол:  баланы 

мәжбүрлемей  оқыту,  денсаулық  сақтау  негізінде  жүргізу  және  баланың  жалпы 

зияткерлік дамуына мүмкіндік жасау. Балалардың бойында нақтылық,   айқындық, 

ықшамдық,    дәлме-дәлділік,  логикалық  ойлау  негізінде  ойдың  математикалық 

стилін  қалыптастырылады. 

Н.Зайцевтың математиканы оқытудағы мәні  балаға  барлық 0 ден 99 дейінгі 

сандарды  көру  ұсынылады,  яғни  жүзге  дейінгі  сандар.  Сандардың  барлығы 

тізілген түрде  қойылады. Балалар әрбір санның қанша бірліктер мен ондықтардан 

тұратынын көреді және сезінеді. 

Н.Зайцевтің кестесімен жұмыс: 

Тез есептеуге жетудің 10  қадам жолы 



240 

 

Бірінші  қадам-таныстық.  Кесте  бойынша  0  ден  99  дейін  санау.  Жәй,  қатты 



дауыспен  санауға,  Д.  Павленконың  «Мен  бәрінен  де  жақсы  санаймын» 

математикалық әнінің әуенімен сүйемелдеге болады. 

Екінші  қадам  –ондықтармен  санау.  Таблицадағы  сандарды  10,  20,  30...100 

санау, бұнда да әуенмен сүйемелдеуге болады. 

Үшінші  қадам-қайда  кездесеміз?  Бала  саусағымен  бірді    ал,  тәрбиеші  100 

санын  көрсетеді. Ойын: бір сан айтылады жауабы екінші бір санды қосқанда жүз 

болу  керек  1-99,  2-98,  3-97.  Балалар  50  санында  кездесіп  қуаныштарымен 

қуаныштарымен бөліседі. 

Төртінші  қадам-мен  сан  ойладым.  Сіз  бір  сан  ойлайсыз  сосын  баладан 

қандай сан екенін сұрайсыз. Баланы қызықтырып ол тақ сан немесе оннан көп. Сан 

тақ  не  жұп  болуы  мүмкін.  Үштіктермен,  ондықтармен  болуы  мүмкін.  Бұл  ойын-

жаттығулар балалар үшін өте пайдалы болып келеді. 

Бесінші  қадам  -  жасырынбақ.  Кіші  және  ересектер  тобы  балаларына 

арналған. Сандарды жасырып балалардың тауып беруін сұрау. 

Алтыншы қадам – қосу және алу. Н.Зайцевтың таблицасын тренажер бағаны 

деп  айтылуы  бекер  емес.  Біз  оның  көмегімен  балалардың  есеп  шығаруына 

көмектесе  аламыз.  Бұл  біздің  тірек  кестеміз  болып  саналады.  Мысалы  3+3  неше 

болады.    Тордағы  3  санының  тұсына  белгі  қоямыз  сосын  3  қадам  алға  жүреміз. 

Осылайша күніне он шақты жаттығулар жүргізуге болады. 

Жетінші  қадам  –  екі-екіден  санау.  Кестенің  ыңғайлылығы  Зайцев  түстерді 

қолданған.  Егер  төрт  жастағылар  екі-екіден  санаған  кезде  тек  «сары  торларға 

секіреміз» немесе «тек қара торларға секіреміз». 

Сегізінші  қадам  –  үштікпен,  төрттікпен  санау.  Ереже  алдыңғы  жаттығулар 

сияқты. Кез-келген сандардан бастап жүргізуге болады. Бірақ, алғашқыда санауды 

нөлден бастаған жөн. 

Тоғызыншы  қадам-жүргіш.  Бұл  ойынға  кубик  және  екі  тілім    пластилин 

қажет. Бір тілім өзіңізге, екінші тілім балаға. Кубикті лақтырып, кубиктен түскен 

нүктелер  санына  сәйкес  кесте  бойынша  жүріп  отырасыз.  Кім  бұрын  100  санына 

жетсе сол жеңімпаз болып саналады. 

Оныншы қадам- оңға барсаң. Бір ойыншы сан ойлайды, екіншісі қандай сан 

екенін  ойлап  табады.  Оны  тек  жай  ғана  емес  нұсқағыш  арқылы  жүргізушінің 

қайталауымен орындайды. Мысалы бұл алгоритм былай көрінеді:  

45 ← ← ↑ → ↑ 

 

Сандық  таспалар  мен  бағандар,  сандық  үлгілер,  сандық  карточкалармен 



әрекет етуді Н. Зайцев балалардың психологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып  

қимыл  іс-әрекет  меңгеру  кезеңінде  қарастырады.  Н.Зайцевтың  таспалары  сандар 

арасындағы  айырмашылықтар,  олардың  көбейіп  азаятындығын  көзбен  көруге 

мүмкіндік береді. 

Осының  барлығы  балалардың,  тұлғалық  қабілеттерін  жетілдірудегі 

математикалық дамуына өте тиімді әсер етеді. 

М.Монтессоридің  педагогикалық  жұмысы    «Өзін-өзі  еркін  тәрбиелеу  және 

өз бетінше білім алу» қағидасымен іске  асырылды.  

М.Монтессори жүйесінің мақсаты: 

-

 



баланың психофизиологиялық дамуына мүмкіндік жасау; 

-

 



барлық сыртқы сезімді дамыту

241 

 

-



 

жоғары  интеллектуалдық  көңіл-күйді,  сонымен  қатар  этикалық  және 

эстетикалық сезімді тәрбиелеу

-

 



тілді дамыту және сөздік  қорларын молайту

-

 



дағдыларды  дамыту,  жұмысты  өз  бетінше  орындауға  ынталандыру, 

өз-өзіне қызмет көрсетуді дамыту. 

М.Монтессори  әдісінің  негізі    балалар  іс-әрекетті  өз  бетінше  орындауға, 

әдейі  құрылған  дамытушы  ортада  өзін-өзі  дамытуға  мүмкіншілік  алады.  Ал 

ересектер дамытушы ортаны құрып, кез-келген затпен қалай әрекет ету керектігін 

бала қажет еткен жағдайда түсіндіреді. 

Монтессори  жүйесіндегі  сенсориканы  дамытуға  бағытталған  жаттығулар 

қарапайым,  қолдануға  ыңғайлы.  Монтессори-материалдары    балабақшада 

қолдануға    көп  қиыншылық  тудырмайды.  Монтессори  жүйесіндегі  сенсориканы 

дамытуға бағытталған жаттығулар күнделікті қолдануға өте ыңғайлы, себебі оның 

материалдары  әр  отбасында  табылатын  қарапайым  заттар  болып  табылады. 

Жаттығулар  жүйесі  баланың  бойында  белгілі  бір  іскерлік  пен  дағды 

қалыптастыруға, заттардың формасы, салмағы және түсі бойынша айыруға, алуан 

түрлі дыбыстар мен иістерді ажырата білуге бағытталған. 

Балаларды дамытудағы М.Монтессори системасының негізгі идеясы: 

 



Жұмыс  бөлмесінде  тек  қана  дидактикалық  материалдар  жинақталуы, 

ал басқа да заттар мен ойыншықтар ойын бұрышында тұрады.  

 

Бала  жұмыс  жасап  отырған  уақытта  педагог  бала  көңілін  бөлмеуі 



керек, өйткені бала қажеттенбесе, жөнсіз араласу бала қызығушылығын жояды. 

 



Тәрбиеші  тек  қана  көрсетуді,  айтуды,  тексеруді  қажет  ететін  балаға 

ғана назар аударып бағыт береді.  

 

Балалардың жас ерекшеліктері ескерілмейді.  



 

Суреттермен,  қарындаштармен  жұмыс  жасау  ерте  жастан  басталса, 



бояумен жұмыс істеу баланың қол қимылдары дамығанда  ғана беріледі.  

 



Жаттығуларды  орындауға  арнайы  уақыт  берілмейді.  Кейбір  балалар 

үзіліссіз  бір  жаттығудан  екіншісіне  көшсе,  ал  кейбірі  өзіне  ұнаған  жаттығуын 

үзіліссіз жасай беруіне болады.  

 



Бала  ұқыптылық  пен  тәртіптілікке  үйренеді.  Дидактикалық 

материалдар  салынған  барлық  ыдыстар  мен  қораптар  үнемі  өз  орындарында 

тұрады, себебі Монтессори методикасы өз бетінше әрекет етуге тәрбиелейді.  

ӨТШТ- мектепке дейінгі жастағы балалардың   шығармашылық    қабілетін 

дамыту құралы. 

Балалардың 

шығармашылық 

қабілетін 

дамытуда 

ойындар 


мен 

тапсырмаларды  пайдалана  отырып  балалардың  фантазиясын  дамытып  қана 

қоймай, ұжымдық әрекет қарым-қатынас жасай білуге үйрету, топтық әрекеттерді 

қалыптастыру,  дағдыландыру.    ӨТШТ  арқылы  мектепке  дейінгі  жастағы 

балалардың  шығармашылық  қабілетін  қалыптастыру.    Балаларды  ойландыру  ой-

санасын жетілдіру. 

ӨТШТ және оның принциптері – тек техникалық қана емес, сонымен қатар 

басқа да шығармашылық тапсырмаларды шешуге  қолайлы әдіс. 

Мақсатты  білім  беру  және  тәрбиелеу  жүйесі  қазіргі  заман  талабына  сай  

баланың  бойында  дағдылар  мен  іскерлікті  қалыптастыруды  көздейді.  Сондықтан 

бірінші  орынға  балалардың  бойында  белсенді  ойлау  қабілетін  жетілдіру  мақсаты 


242 

 

қойылады.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  шығармашылық  қабілетін 



жетілдіру  жолында  әртүрлі  тартымды,  еліктіретін  әдіс-тәсілдерді  пайдаланудың 

маңызы ерекше. Осындай әдіс- тәсілдердің біріне  ӨТШТ тәсілі жатады. 

ӨТШТ  дегеніміз  не?    Өнертапқыштық  тапсырмаларды    шешу  теориясы. 

Оның негізін салған Генрих Саулович Альтшуллер. 

1

 

ӨТШТ  мектепке  дейінгі  балалар  үшін  іс-әрекетке    қызығушылықтарын 



дамыта отырып, барлығын жұмылдыру жүйесі 

2

 



ӨТШТ логикалық ойлаудың негізіндегі шығармашылық тапсырмаларды 

шешудегі дәл ғылым болып саналады. 

3

 

ӨТШТ  күшті  ойлаудың  жалпы  теориясына   жетудің  жолындағы   бір 



кезең. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  білім  беру  үрдісінде  ӨТШТ  әдісінің 

түрлерін пайдалану мақсатында мынадай ережелерді  орындау керек: 

1)

 



Бала өз бетінше қажетті материалдарды тандап алатын болу керек.   

Қажетті  материалдар:  желім,  тас.  т.б.  Осы  материалдардың    бәрін    бала 

сабақта,  сабақтан  тыс  мезгілде,  күні  бойы    пайдалануы  керек  және  ол    бала  ала 

алатындай жерде орналасуы  қажет. 

2)

 

Материалды баланың таңдап алуына еркіндік беру керек. Ол ақ және 



түсті қағаз, мата, түсті, түссіз сурет пен картон, фанера, фальга, тас, шыны болуы 

мүмкін. 


3)

 

Балалардың  сабақтарда  сабақтан  тыс  уақытында  жеке  немесе 



комплексті т.б.  кезде   бейнелеу техникасын меңгеруін жетілдіру. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет